GRL 250 HV Professional - Лазерлік деңгей BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GRL 250 HV Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік деңгей PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GRL 250 HV Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GRL 250 HV Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GRL 250 HV Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек 1 609 92A 5S1 | (09.09.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 211 – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5шарт) құжатын оқыңыз. Ротациялық лазерге және қашықтан басқару құралына арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары Қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Берілген нұсқаулар орындалмаған жағдайда, кіріктірілген қорғаныс құрылғыларына теріс әсер етілуі мүмкін. Ескерту тақтайшаларын еш жағдайда оқылмайтын күйге жеткізбеңіз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ ЖӘНЕ ӨНІМДІ БАСҚАЛАРҒА ТАБЫС ЕТКЕНДЕ ҚОСА
u Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі
u Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген). u Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз. u Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. u Өнімді тек білікті маманға және түпнұсқа бөліктермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Осылайша қауіпсіздіктің сақталуына кепіл беріледі. u Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдаланбасын. Олар білмей адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. u Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң болатын жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істемеңіз. Ұшқын пайда болып, шаңды немесе буды тұдандыруы мүмкін. Қосымша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары - GRL250HV: Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. u Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек. Қосымша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары - GRL300HV, GRL300HVG: u Өлшеу құралындағы лазер шығару саңылаулары ескерту тақтайшасымен белгіленген. Өлшеу құралын пайдаланған кезде олардың күйіне назар
u Егер тиісті ескерту тақтайшасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет пайдаланудан бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз. u 3R лазер сыныбындағы лазерді пайдалануда мемлекеттік заңдарды ескеріңіз. Сол заңдарды ескерместік жарақаттануларға алып келуі мүмкін. u Өлшеу құралын тек лазер аспаптарын пайдалануды білетін адамдар пайдалануы мүмкін. EN60825‑1 бойынша бұл лазердің көз бен денеге биологиялық әсері және қауіптерді болдырмау үшін лазер қорғауын дұрыс пайдалану туралы білімдерді да
u Тиісті лазер ескерту тақталарымен өлшеу құралын пайдалану аймағын белгілеңіз. Осылай бөгде адамдар қауіпіті аймақта тұруына жол бермейсіз. u Өлшеу құралын бөгде адамдар кіре алатын жайларда қалдырмаңыз. Өлшеу құралын пайдалануды білмеген адамдар өздері мен басқаларды жарақаттауы мүмкін. Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл өлшеу құралы EN60825‑1 бойынша 3R лазер класындағы лазер сәулелерін шығарады. Лазер сәулесіне ұзақ қашықтықтан да тікелей қарау көзге зақым келтіруі мүмкін. u Лазермен сәулелену аймағының бақылануына немесе тасалануына көз жеткізіңіз. Лазер сәулелерінің бақыланатын аймақтарға шектеу бөгде адамдардың көздерінің зақымдануының алдын алады. u Өлшеу құралын лазер сәулелері көз деңгейінен төмен өтетін етіп орнатыңыз. Осылай көз зақымдануына жол бермейсіз. Bosch Power Tools 1 609 92A 5S1 | (09.09.2020)212 | Қазақ u Терезе немесе айна сияқты тегіс беттерден лазер сәулесінің қайтарылуына жол бермеңіз. Қайтарылған лазер сәулесі да көзге зиянды болуы
Қосымша қауіпсіздік техникасының
u Сәулелену көзін көру үшін дүрбі немесе лупа сияқты ешқандай оптикалық жинағыш құралдарды пайдаланбаңыз. Олар көзіңізге зақым келтіруі
Магниттік керек-жарақтарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Керек-жарақтардың магниттері имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс
u Магнитті аксессуарды магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Аксессуарлар магниттерінің әсері қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін. u Аккумуляторларды немесе батареяларды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін. u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. u Bosch аккумуляторын тек өндіруші ұсынған өнімдерде пайдаланыңыз. Осылайша ғана аккумулятор қауіпті артық жүктемеден қорғалады. u Bosch аккумуляторын тек жинақтағы зарядтағыш құрылғымен зарядтаңыз. Аккумуляторларды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
Зарядтау құралдары үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. u Бұл зарядтау құралы балалардың, дене немесе ой қабілеттері шектелген, тәжирібесі және білімі аз адамдардың пайдалануына арналмаған. Осы зарядтау құралымен 8 жастан асқан балалардың және дене, сезім, ойлау қабілеттері шектелген не тәжірибесі мен білімі аз адамдардың жүйені қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаусыз және жауапты адамның бақылауынсыз пайдалануы аса қауіпті. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақаттанулар қаупі пайда болады. u Пайдалану, тазалау және қызмет көрсету кезінде балаларға мұқият болыңыз. Балалардың зарядтау құралымен ойнамауына көз жеткізіңіз. u Тек Bosch NiCd/NiMH аккумуляторларын (қуаттылығы 9 А-сағ (2 аккумулятор ұяшығы) құрайтын) зарядтаңыз. 1 609 92A 5S1 | (09.09.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 213 Аккумулятор кернеуі зарядтағыш құрылғының аккумуляторды зарядтау кернеуіне сәйкес келуі қажет. Қайта зарядталмайтын аккумуляторларды зарядтамаңыз. Кері жағдайда өрт немесе жарылу қаупі пайда
Зарядтау құралын жаңбырдан немесе ылғалдықтан қорғаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады. u Өлшеу құралын тек жинақтағы зарядтау құралымен зарядтаңыз. u Зарядтау құралын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы тоқ соғуы қауіпін туындатады. u Әр пайдаланудан алдын зарядтау құралын, кабельді және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз зарядтау құралын пайдаланбаңыз. Зарядтау құралын өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған зарядтау құралы, кабель және айыр электр тоғының соғу қаупін арттырады. u Зарядтау құралын қосулы күйде оңай жанатын беттердің (мысалы, қағаз, мата және т.б.) үстіне қоймаңыз немесе жанғыш заттардың жанында пайдаланбаңыз. Зарядтау кезінде зарядтау құралының қызуы себебінен өрт қаупі пайда болады. Өнім және қуат сипаттамасы Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Тағайындалу бойынша қолдану Ротациялық лазер Өлшеу құралы дәл көлденең, тік сызықтарды, нысаналау сызықтары мен перпендикуляр нүктелерді өлшеуге және тексеруге арналған. Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға
Қашықтан басқару құралы Қашықтан басқару құралыBosch ротациялық лазерлерін инфрақызыл сәуле арқылы басқаруға арналған. Қашықтан басқару пульті іште және сыртта пайдалануға
Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдас бөлшектердің нөмірлері графикалық беттердегі өлшеу құралы мен қашықтан басқару құралының көрсетіліміне негізделген. Ротациялық лазер/зарядтағыш құрылғы (1) Соққы туралы ескерту функциясының
(2) Соққы туралы ескерту түймесі (3) Күй индикаторы (4) Қосу/өшіру түймесі (5) Ротациялық режим түймесі (6) Айнымалы лазер сәулесі (7) Қашықтан басқару датчигі (8) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы (9) Жоғары қаратылған перпендикуляр табаны (10) Ротациялық бастиек (11) Сызықтық режим түймесі (12) Батарея туралы ескерту (13) Аккумулятор
(14) Батарея бөлімі (15) Батарея бөлімінің ысырмасы (16) Аккумулятор ысырмасы
(18) Зарядтағыш құрылғы
(19) Зарядтағыш құрылғының желілік ашасы
(21) Штатив бекіткіші, 5/8 дюйм (22) Сериялық нөмір (23) Лазер ескерту тақтасы (24) Лазер шығару саңылауының ескерту тақтасы (GRL300HV/GRL300HVG)
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Қашықтан басқару құралы (25) Қашықтан басқару құралы (26) Ротациялық режим түймесі (27) Сызықтық режим түймесі (28) Соққы туралы ескертуді бастапқы күйге қайтару
(29) Сағат тілінің бағытымен бұрау түймесі (30) Сағат тілінің бағытына қарсы бұрау түймесі (31) Сигнал жіберу индикаторы (32) Инфрақызыл сәуле шығару саңылауы (33) Сериялық нөмір (34) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші (35) Батарея бөлімінің қақпағы Bosch Power Tools 1 609 92A 5S1 | (09.09.2020)214 | Қазақ Керек-жарақтар/қосалқы бөлшектер (36) Лазер қабылдағышы
(39) Қабырға бекіткішінің бекіткіш бұрандасы
(40) Қабырға бекіткішінің бекіткіш саңылаулары
(41) Қабырға бекіткішінің 5/8 дюймдік штатив
(42) Қабырға бекіткіші/туралау блогы
(43) Туралау блогындағы бұранда
(44) Қабырға бекіткішінің 5/8 дюймдік бұрандасы
(46) Лазер көру көзілдірігі
(47) Лазер нысандық тақтасы
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Ротациялық лазер GRL 250 HV GRL 300 HV GRL 300 HVG Өнім нөмірі 3601K616.. 3601K615.. 3601K617.. Жұмыс аймағы (радиус) A)B) – лазер қабылдағышынсыз шам. 30м 30м 50м – лазер қабылдағышымен шам. 0,5−125м 0,5−150м 0,5−150м Нивелирлеу дәлдігі A)C) ±3мм (30м
Әдеттегі өздігінен нивелирлеу диапазоны ±8% (±4,6°) ±8% (±4,6°) ±8% (±4,6°) Әдеттегі нивелирлеу уақыты 15 с 15 с 15 с Айналу жылдамдығы 150/300/600мин
Сызықтық режимдегі саңылау бұрышы 10/25/50° 10/25/50° 10/25/50° Жұмыс температурасы −10°C…+50°C −10°C…+50°C 0°C…+40°C Сақтау температурасы −20°C…+70°C −20°C…+70°C −20°C…+70°C Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000м 2000м 2000м Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. 90% 90% 90% Ластану дәрежесі IEC61010-1 стандарты
Лазер класы 2 3R 3R Лазер түрі 635нм, <1мВт 635нм, <5мВт 532нм, <5мВт Айырмашылық 0,4мрад (толық
Көлденең штатив бекіткіші 5/8"–11 5/8"–11 5/8"–11 Аккумуляторлар (NiMH) 2×1,2В HR20(D) (9А-сағ) 2×1,2В HR20(D) (9А-сағ) 2×1,2В HR20(D) (9А-сағ) Батареялар (сілтілі марганец) 2×1,5В LR20(D) 2×1,5В LR20(D) 2×1,5В LR20(D) Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай 1,8кг 1,8кг 1,8кг Өлшемдері (ұзындығы× ені× биіктігі) 190× 180× 170мм 190× 180× 170мм 190× 180× 170мм Қорғаныс дәрежесі IP 54 (шаң мен шашыранды судан
IP 54 (шаң мен шашыранды судан
IP 54 (шаң мен шашыранды судан
25°C B) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы тікелей күн сәулелерінде) қысқарту мүмкін. C) ось бойымен D) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (22) оны дұрыс анықтауға көмектеседі. 1 609 92A 5S1 | (09.09.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 215 Зарядтағыш құрылғы CHNM1 Өнім нөмірі 2610A15290 Кіріс кернеу B~ 100−240 Кіріс айнымалы ток жиілігі Гц 50/60 Шығыс кернеу B= 3 Шығыс ток А 1,0 Зарядтау кезіндегі рұқсат етілген аккумулятор температурасы °C 0…+40 Зарядтау уақыты сағ 14 Аккумулятор ұяшықтарының саны 2 Номиналды кернеу (әр аккумулятор ұяшығында) B= 1,2 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 0,12 Қорғаныс класы /II Қашықтан басқару құралы RC 1 Өнім нөмірі 3601K699.. Жұмыс диапазоны
30 м Жұмыс температурасы −10°C…+50°C Сақтау температурасы −20°C…+70°C Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000м Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. 90% Ластану дәрежесі IEC61010-1 стандарты бойынша 2
Батарея 1×1,5В LR6(AA) Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай 0,07 A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы тікелей күн сәулелерінде) қысқарту мүмкін. B) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. Қашықтан басқару құралын бірмағыналы сәйкестендіру үшін фирмалық тақтайшадағы сериялық нөмір(33) қолданылады.
Қашықтан басқару құралының қуат көзі Қашықтан басқару құралы үшін сілтілі марганец батареяларын пайдалануға кеңес беріледі. Батарея бөлімінің қақпағын(35) ашу үшін ысырманы(34) көрсеткі бағытымен басып, батарея бөлімінің қақпағын алып тастаңыз. Батареяны енгізіңіз. Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз. u Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, одан батареяны шығарып алыңыз. Қашықтан басқару құралында ұзақ уақыт сақтауда жатқан батареяны тот басуы және оның заряды өздігінен таусылуы мүмкін. Өлшеу құралын энергиямен жабдықтау Өлшеу құралын стандартты батареялармен немесе аккумуляторлармен немесеBosch аккумуляторымен бірге пайдалануға болады. Аккумулятормен жұмыс істеу u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты зарядтау құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. Аккумуляторды(13) алғаш рет пайдаланудан бұрын зарядтаңыз. Аккумуляторды тек арнайы зарядтағыш құрылғының(18) көмегімен зарядтауға болады. Ток желісі үшін жарамды желілік ашаны(19) зарядтағыш құрылғыға(18) енгізіп тіркеңіз. Зарядтағыш құрылғының зарядтау штекерін(20) аккумулятордағы(13) зарядтау ұясына(17) енгізіңіз. Зарядтағыш құрылғыны ток желісіне жалғаңыз. Заряды жоқ аккумуляторды зарядтау үшін шамамен14сағат қажет. Зарядтағыш құрылғы мен аккумулятор артық жүктемеден қорғалған. Жаңа немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған аккумулятор толық қуаттылығына шамамен 5зарядтау және заряд шығару циклінен кейін қол жеткізеді. Аккумуляторды(13) әр пайдаланғаннан кейін зарядтамаңыз, әйтпесе қуаттылығы төмендейді. Аккумуляторды тек батарея туралы ескерту(12) үздіксіз жанғанып немесе жыпылықтап тұрғанда зарядтаңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 5S1 | (09.09.2020)216 | Қазақ Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятор жинағының ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді. Аккумулятор заряды жоқ болғанда, өлшеу құралын ток желісіне жалғанған зарядтағыш құрылғының(18) көмегімен де пайдалануға болады. Өлшеу құралын өшіріп, аккумуляторды шамамен 10минут зарядтаңыз да, өлшеу құралын жалғанған зарядтағыш құрылғымен қайта қосыңыз. Аккумуляторды(13) алмастыру үшін ысырманы(16) күйіне бұрап, аккумуляторды өлшеу құралынан тартып шығарыңыз. Жаңа аккумуляторды өлшеу құралына кіргізіп, ысырманы(16) күйіне бұраңыз. u Аккумуляторды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, оны өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Өлшеу құралында ұзақ жатқан аккумуляторларды тот басуы немесе олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін. Батареяларды/аккумуляторларды пайдалану Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын немесе аккумуляторын пайдалану ұсынылады. Батарея бөлімін(14) шығару үшін ысырманы(15) күйіне бұраңыз. Батарея бөлімін өлшеу құралынан тартып, батареяларды немесе аккумуляторларды
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз. Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өңдірушінің және қуаты бірдей батареялар немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз. Батарея бөлімін(14) өлшеу құралына кіргізіп, ысырманы(15) күйіне бұраңыз. u Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды немесе аккумуляторларды өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Өлшеу құралындағы батареялар мен аккумуляторлар ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, оларды тот басуы және заряды өздігінен таусылуы мүмкін. Заряд деңгейінің индикаторы Егер батарея туралы ескерту(12) алғаш рет қызыл түспен жыпылықтаса, өлшеу құралын тағы 2сағат пайдалануға болады. Батарея туралы ескерту(12) үздіксіз қызыл түспен жанып тұрса, ешқандай өлшеу әрекеттерін орындай алмайсыз. Өлшеу құралы 1минуттан кейін автоматты түрде өшіп қалады.
u Өлшеу құралы мен қашықтан басқару пультін ылғалдан және тікелей күн сәулелерінен қорғаңыз. u Өлшеу құралы мен қашықтан басқару құралына айрықша температуралардың немесе температура өзгерістерінің әсерін тигізбеңіз. Оны, мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Өлшеу құралы мен қашықтан басқару құралын температура шұғыл өзгерген жағдайда температурасын реттегеннен кейін ғана пайдаланыңыз. Өлшеу құралымен жұмыс істеуді жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет219). Айрықша температура немесе температура өзгерістері орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін. u Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет219). Қашықтан басқару құралын қолданысқа
Басқару түймелерін басқан кезде, өлшеу құралын нивелирлеу режимінен шығаруға болады, сонда айналу қысқа уақытқа тоқтап қалады. Қашықтан басқару құралын пайдалану арқылы бұл әсерге жол берілмейді. Батареядағы кернеу жеткілікті болса, қашықтан басқару құралы жұмыс істеп тұрады. Өлшеу құралын қашықтан басқару құралының сигналдары датчиктердің(7) біріне тікелей бағытта жететіндей етіп орналастырыңыз. Егер қашықтан басқару құралын датчикке тікелей бағыттау мүмкін болмаса, жұмыс диапазоны қысқарады. Сигнал қайтарымдары (мысалы, қабырғаларда) арқылы жанама сигнал жағдайында да қол жеткізу қашықтығын жақсартуға
Қашықтан басқару құралындағы түймені басқаннан кейін, сигнал жіберу индикаторының (31) жануы сигналдың жіберілгенін көрсетеді. Өлшеу құралын қашықтан басқару құралымен қосу/өшіру мүмкін емес. Ротациялық лазерді қолданысқа енгізу u Жұмыс аймағын лазер сәулесін қайтаруы немесе оған кедергі келтіруі мүмкін бөгеттерден таза ұстаңыз. Мысалы, қайтарғыш немесе жылтыр беттердің үстін жауып қойыңыз. Шыны әйнектер немесе ұқсас материалдар арқылы өлшемеңіз. Лазер сәулесі қайтарылған немесе оған кедергі келтірілген жағдайда, өлшеу нәтижелері қате болуы
Өлшеу құралын орнату Көлденең күй Тік күй Өлшеу құралын көлденең немесе тік күйде тұрақты бетке орналастырып, штативке (38) немесе қабырға бекіткішіне (42) туралау блогымен орнатыңыз. 1 609 92A 5S1 | (09.09.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 217 Жоғары нивелирлеу дәлдігіне байланысты өлшеу құралы дірілге және күй өзгерістеріне өте сезімтал жауап қайтарады. Сондықтан қосымша нивелирлеу себебінен болатын жұмыс үзілістерінің алдын алу үшін өлшеу құралының тұрақты күйіне көз жеткізіңіз.
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін(4) басыңыз. Барлық индикаторлар қысқа уақытқа жанады. Өлшеу құралы айнымалы лазер сәулесін(6) және жоғары қаратылған перпендикуляр табанын(9) шығару саңылауларынан(8) жібереді. u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Өлшеу құралы автоматты түрде нивелирдеу әрекетін бірден бастайды. Нивелирлеу кезінде күй индикаторы(3) жасыл түспен жыпылықтап, лазер айналмай жыпылықтайды. Күй индикаторы(3) үздіксіз жасыл түспен жанып, лазер үздіксіз жанып тұрғанда, бұл өлшеу құралының нивелирленгенін білдіреді. Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, өлшеу құралы автоматты түрде ротациялық жұмыс режимінде іске қосылады. u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. Ротациялық режим түймесінің(5) немесе сызықтық режим түймесінің(11) көмегімен нивелирлеу барысында жұмыс режимін алдын ала белгілеуге болады. Бұл жағдайда нивелирлеу аяқталғаннан кейін, өлшеу құралы таңдалған жұмыс режимінде іске қосылады. Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (4) қайтадан басыңыз. Өлшеу құралы 2сағаттан ұзақ өздігінен нивелирлеу аймағынан тыс болса немесе соққы туралы ескерту 2сағаттан ұзақ жұмыс істеп тұрса, өлшеу құралы батареяларды немесе аккумуляторларды қорғау үшін автоматты түрде өшіп қалады. Өлшеу құралын жаңадан орналастырып, қайта қосыңыз. Пайдалану түрлері Жұмыс режимдеріне шолу Барлық 3 жұмыс режимі өлшеу құралының көлденең және тік күйінде жұмыс істейді. Ротациялық режим Ротациялық режим әсіресе лазер қабылдағышын пайдаланған кезде ұсынылады. Әртүрлі айналу жылдамдықтарының арасында таңдауға
Сызықтық режим Бұл режимде айнымалы лазер сәулесі шектелген саңылау бұрышында қозғалады. Осылайша лазер сәулесінің көрерлігі ротациялық режимге қарағанда артық болады. Әртүрлі саңылау бұрыштарының арасында таңдауға болады. Нүктелі режим Бұл режимде айнымалы лазер сәулесінің үздік көрерлігіне қол жеткізіледі. Ол, мысалы, биіктіктерді оңай көшіру немесе өзіктестікті тексеру үшін пайдаланылады. Сызықтық және нүктелі режимдер лазер қабылдағышымен (36) бірге пайдалануға арналмаған. Ротациялық жұмыс режимі Өлшеу құралы әр қосылғаннан кейін стандартты айналу жылдамдығымен (300 мин
) ротациялық режимде
Сызықтық режимнен ротациялық режимге ауысу үшін ротациялық режим түймесін(5) немесе қашықтан басқару құралының ротациялық режим түймесін(26)
Айналу жылдамдығын өзгерту үшін ротациялық режим түймесін(5) немесе қашықтан басқару құралының ротациялық режим түймесін(26) қажетті жылдамдыққа қол жеткізгенше басыңыз. Лазер қабылдағышымен жұмыс істеген кезде ең жоғары айналу жылдамдығын таңдау керек. Лазер қабылдағышынсыз жұмыс істегенде лазер сәулесінің көрерлігін жақсарту үшін айналу жылдамдығын төмендетіңіз және лазер көру көзілдірігін (46) пайдаланыңыз. Сызықтық режим/нүктелі режим Сызықтық немесе нүктелі жұмыс режиміне ауысу үшін сызықтық режим түймесін (11) немесе қашықтан басқару құралының сызықтық режим түймесін (27) басыңыз. Өлшеу құралы сызықтық режимге ең кіші аралық бұрышында ауысады. Саңылау бұрышын өзгерту үшін сызықтық режим түймесін(11) немесе қашықтан басқару құралының сызықтық режим түймесін(27) қажетті жұмыс режиміне жеткенше басыңыз. Саңылау бұрышы әр басқан сайын деңгей бойынша үлкейіп, дәл сол уақытта айналу жылдамдығы әр деңгейде көтеріледі. Үлкен саңылау бұрышында өлшеу құралы қысқа қосымша дірілден кейін нүктелі режимге ауысады. Сызықтық режим түймесі(11) қайта басылғанда, ең кіші саңылау бұрышына ие сызықтық режимге қайтасыз. Нұсқау: инерцияға байланысты лазер сызығының ақырғы нүктесінен азғантай лазер шығып қалуы мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 5S1 | (09.09.2020)218 | Қазақ
Айналу жазықтығының ішінде сызықты/ нүктені бұрау (Aсуретінқараңыз) Өлшеу құралының көлденең күйінде лазер сәулесін немесе лазер нүктесін лазердің айналу жазықтығының ішінде орналастыруға болады. 360° шамасына бұрауға
Ол үшін ротациялық бастиекті(10) қолмен қажетті күйге бұраңыз немесе қашықтан басқару құралын пайдаланыңыз: сағыт тілінің бағытымен бұрау үшін қашықтан басқару құралының сағыт тілінің бағытымен бұрау түймесін(29), ал сағат тілінің бағытына қарсы бұрау үшін қашықтан басқару құралының сағат тілінің бағытына қарсы бұрау түймесін(30) басыңыз. Ротациялық режимде түймелердің басылуы еш әсер
Айналу жазықтығын тік күйде бұрау (B суретінқараңыз) Өлшеу құралының тік күйінде лазер нүктесін, лазер сызығын немесе айналу жазықтығын оңай теңестіру немесе параллельді туралау үшін ±8% шамасындағы диапазонда тік ось бойынша бұрауға болады. Сағыт тілінің бағытымен бұрау үшін қашықтан басқару құралының сағыт тілінің бағытымен бұрау түймесін(29)
Сағыт тілінің бағытына қарсы бұрау үшін қашықтан басқару құралының сағыт тілінің бағытына қарсы бұрау түймесін(30) басыңыз. Нивелирлеу автоматикасы
Өлшеу құралы көлденең және тік күйді автоматты түрде анықтайды. Көлденең және тік күйлердің арасында ауысу үшін өлшеу құралын өшіріп, жаңадан орналастырыңыз және қайта қосыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін көлденең немесе тік күйді тексеріп, шамамен ±8% (±4,6°) өздігінен нивелирлеу диапазонының аясында бұдырлылықты автоматты түрде түзетеді. Нивелирлеу кезінде күй индикаторы(3) жасыл түспен жыпылықтап, лазер айналмай жыпылықтайды. Күй индикаторы(3) үздіксіз жасыл түспен жанып, лазер үздіксіз жанып тұрғанда, бұл өлшеу құралының нивелирленгенін білдіреді. Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, өлшеу құралы автоматты түрде ротациялық жұмыс режимінде іске қосылады. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін немесе күйді өзгерткеннен кейін8% шамасынан артық қисық тұрса, ниверлирлеу әрекетін бұдан былай орындау мүмкін болмайды. Бұл жағдайда ротор тоқтап, лазер жыпылықтайды да, күй индикаторы(3) үздіксіз қызыл түспен жанып тұрады. Өлшеу құралын жаңадан орналастырып, нивелирлеу орындалғанша күте тұрыңыз. Жаңадан орналастыру орындалмаса, 2минуттан кейін лазер, ал 2сағаттан кейін өлшеу құралы автоматты түрде өшіп қалады. Өлшеу құралы нивелирленгеннен кейін жүйелі түрде көлденең және тік күйді тексереді. Күй өзгергенде, қосымша нивелирлеу автоматты түрде орындалады. Қате өлшеу әрекетінің алдын алу үшін, нивелирлеу барысында ротор тоқтап, лазер жыпылықтайды да, күй индикаторы(3) жасыл түспен жыпылықтайды. Соққы туралы ескерту функциясы Өлшеу құралында соққы туралы ескерту функциясы бар. Бұл функция өлшеу құралында күй өзгерістері немесе тербелу орын алғанда немесе астыңғы бет дірілдеген жағдайда өзгертілген позицияда нивелирлеуге жол бермейді және осылайша өлшеу құралының жылжып кетуінен болатын қателердің алдын алады. Соққы туралы ескертуді қосу/белсендіру: соққы туралы ескерту түймесін(2) басыңыз. Соққы туралы ескерту индикаторы(1) үздіксіз жасыл түспен жанып тұрады. Соққы туралы ескерту соққы туралы ескерту функциясын қосқаннан кейін 30 секундтай жұмыс істеп
Соққы туралы ескерту іске қосылды: өлшеу құралының күйін өзгерткен кезде, нивелирлеу дәлдігінің диапазонынан асырған немесе қатты діріл тіркелген жағдайда, соққы туралы ескерту іске қосылады: лазердің айналуы тоқтап, лазер сәулесі жыпылықтайды да, күй индикаторы(3) сөнеді және соққы туралы ескерту индикаторы(1) қызыл түспен жыпылықтайды. Ағымдағы жұмыс режимі жадқа сақталады. Соққы туралы ескерту іске қосылған жағдайда, өлшеу құралындағы соққы туралы ескерту түймесін(2) немесе қашықтан басқару құралындағы соққы туралы ескертуді бастапқы күйге қайтару түймесін(28) басыңыз. Соққы туралы ескерту функциясы қайтадан іске қосылып, өлшеу құралы жұмысын нивелирлеу әрекетінен бастайды. Өлшеу құралы нивелирленгеннен кейін (күй индикаторы(3) үздіксіз жасыл түспен жанып тұрады), ол сақталған жұмыс режимінде іске қосылады. Енді лазер сәулесінің позициясын анықтамалық нүктеде тексеріп, өлшеу құралының биіктігін немесе туралануын қажетінше түзетіңіз. Егер соққы туралы ескерту іске қосылған жағдайда, функция өлшеу құралындағы соққы туралы ескерту түймесін(2) немесе қашықтан басқару құралындағы соққы туралы ескертуді бастапқы күйге қайтару түймесін(28) басу арқылы қайта іске қосылмаса, 2минуттан кейін лазер және және 2сағаттан кейін өлшеу құралы автоматты түрде өшеді. Соққы туралы ескерту функциясын өшіру: соққы туралы ескерту түймесін(2) бір рет немесе соққы туралы ескерту іске қосылғанда (соққы туралы ескерту индикаторы(1) қызыл түспен жыпылықтайды) екі рет басыңыз. Соққы туралы ескерту өшірулі болғанда, соққы туралы ескерту индикаторы сөнеді. 1 609 92A 5S1 | (09.09.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 219 Нұсқау: қашықтан басқару құралымен соққы туралы ескерту функциясын қосу немесе өшіру мүмкін емес, тек іске қосылғаннан кейін қайта іске қосуға болады. Өлшеу құралының дәлдігін тексеру Дәлдік әсерлері Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін ауытқуы мүмкін. Еден жағынында температура өзгерістері қатты болғаны үшін өлшеу құралын 20 м қашықтықтан бастап штативке орнату керек. Өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша жұмыс аймағының ортасына қойыңыз. Ауытқулар шамамен 20м қашықтықтан бастап маңызды болып, 100м қашықтықта 20м ауытқудан екі еседен төрт есеге дейін үлкен болуы мүмкін. Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз. Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз. Көлденең күйдегі нивелирлеу дәлдігін тексеру Тиісті және дәл нәтижеге қол жеткізу үшін, берік бетте қабырғадан 30м шамасындағы еркін өлшеу қашықтығында тексеруге кеңес беріледі. Осьтердің екеуін де толық өлшеу процедурасынан өткізіңіз. – Өлшеу құралын көлденең күйде қабырғадан 30м шамасындағы арақашықтықта штативке монтаждаңыз немесе оны берік әрі тегіс бетке қойыңыз. Өлшеу құралын қосыңыз. 30 m – Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, лазер сәулесінің ортасын қабырғада (Ⅰнүкте) белгілеңіз. 180°
– Өлшеу құралын позициясын өзгертпей 180° шамасына бұраңыз. Нивелирлеуді орындап, қабырғадағы (Ⅱ нүкте) лазер сәулесінің ортасын белгілеңіз. Ⅱ нүктенің Ⅰ нүктенің үстінен немесе астынан барынша тік орналасқанына көз жеткізіңіз. Қабырғадағы белгіленген екі Ⅰ және Ⅱ нүктенің d айырмашылығы өлшенетін ось үшін өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді. Өлшеу әрекетін басқа ось үшін қайталаңыз. Ол үшін өлшеу әрекетін бастамас бұрын өлшеу құралын 90°-қа
30м өлшеу қашықтығында рұқсат етілген максималды
30м×±0,1мм/м= ±3мм. Осылайша Ⅰ мен Ⅱ нүктелер арасындағы d айырмашылығы екі өлшеу әрекетінің әрқайсысында ең көбі 6 мм болуы керек. Пайдалану нұсқаулары u Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің немесе лазерлік сызықтың ортасын пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді. Лазер нысандық тақтасын пайдалану (мына суретті қараңыз:C) Лазер нысандық тақтасы (47) қолайсыз жағдайда және ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін жақсартады. Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы(47) лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының артынан да көрінеді. Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ) Штатив биіктігін реттеуге болатын, тұрақты өлшеу тірегін ұсынады. Өлшеу құралын 5/8 дюймдік штатив бекіткішімен(21) штативтің(38) ирек оймасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі бекіткіш бұрандамен бұрап бекітіңіз. Шығысында өлшем шкаласы бар штативте биіктік өзгерісін тікелей реттеуге болады. Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз. WM4 қабырға бекіткішімен (керек-жарақ) жұмыс істеу (D суретінқараңыз) Өлшеу құралын қабырға бекіткішіне де туралау блогымен(42) монтаждауға болады. Ол үшін қабырға бекіткішінің 5/8 дюймдік бұрандасын(44) өлшеу құралындағы штатив бекіткішіне(21) бұрап кіргізіңіз. Қабырғаға монтаждау: қабырғаға монтаждау, мысалы, штатив шығатын биіктігінен жоғары немесе тұрақты емес бетте және штативсіз жұмыс істегенде ұсынылады. Қабырға бекіткішін (42) бұрандалардың көмегімен бекіткіш саңылаулар (40) арқылы қабырғаға немесе бекіткіш бұранданың (39) көмегімен рейкаға бұрап бекітіңіз. Қабырға бекіткішін қабырғаға мүмкіндігінше тігінен монтаждап, тұрақты бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Bosch Power Tools 1 609 92A 5S1 | (09.09.2020)220 | Қазақ Штативке монтаждау: қабырға бекіткішін(42) дәл осындай жолмен артқы жақтағы штатив бекіткішімен(41) штативке бұрап орнатуға болады. Мұндай бекіту тәсілі әсіресе айналу жазықтығы анықтамалық сызыққа бағытталған кезде ұсынылады. Туралау блогының көмегімен монтаждалған өлшеу құралын шамамен 16см диапазонда тігінен (қабырғаға монтаждаған кезде) немесе көлденеңінен (штативке монтаждаған кезде) жылжытуға болады. Ол үшін туралау блогындағы бұранданы(43) босатып, өлшеу құралын қажетті күйге жылжытыңыз да, бұранданы(43) қайтадан бұрап бекітіңіз. Лазер қабылдағышымен (керек-жарақ) жұмыс істеу Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршау, тікелей күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер сызықтарын жақсырақ анықтау үшін лазер қабылдағышын(36) пайдаланыңыз. Бірнеше жұмыс режимі бар ротациялық лазерлерде ең жоғары айналу жылдамдығымен көлденең немесе тік жұмыс режимін таңдаңыз. Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу үшін оның пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып орындаңыз. Қашықтан басқару құралымен жұмыс істеу Басқару түймелерін басқан кезде, өлшеу құралын нивелирлеу режимінен шығаруға болады, сонда айналу қысқа уақытқа тоқтап қалады. Қашықтан басқару құралын пайдалану арқылы бұл әсерге жол берілмейді. Қашықтан басқару құралына арналған датчиктер(7) өлшеу құралының үш жағында, мысалы, алдыңғы жақтағы басқару панелінің үстінде орналасқан. Өлшегіш рейкамен (керек-жарақ) жұмыс істеу (E суретін қараңыз) Тегістіктерді тексеру немесе құлама жерлерді белгілеу үшін лазер қабылдағышымен бірге өлшегіш рейканы (37) пайдалануға кеңес беріледі. Өлшегіш рейканың (37) үстінде салыстырмалы өлшем шкаласы белгіленген. Оның нөлдік биіктігін шығыстың астыңғы жағында таңдауға болады. Осылайша мақсатты биіктік ауытқуларын тікелей көруге болады. Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ) Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. Пайдалану мысалдары Биіктік мәндерін көшіру/тексеру (F суретін қараңыз) Өлшеу құралын көлденең күйде берік бетке қойыңыз немесе штативке (38) (керек-жарақ) монтаждаңыз. Штативпен жұмыс істеу: лазер сәулесін қажетті биіктікке дейін туралаңыз. Мақсатты жердегі биіктік мәнін көшіріңіз немесе тексеріңіз. Штативсіз жұмыс істеу: лазер сәулесі мен анықтамалық нүкте биіктігінің айырмашылығын лазер нысандық тақтасының (47) көмегімен анықтаңыз. Мақсатты жердегі өлшенген биіктік айырмашылығын көшіріңіз немесе тексеріңіз. Жоғары қаратылған перпендикуляр табанын параллель етіп туралау/тік бұрышты белгілеу
суретінқараңыз) Тік бұрышты белгілеу немесе аралық қабырғаларды туралау қажет болса, жоғары қаратылған перпендикуляр табанын (9) параллель етіп, яғни негізгі сызықтан (мысалы, қабырғадан) бірдей арақашықтықта туралаңыз. Ол үшін өлшеу құралын тік күйге орнатып, оны жоғары қаратылған перпендикуляр табаны негізгі сызыққа параллель болатындай етіп орналастырыңыз. Дәл орналастыру үшін жоғары қаратылған перпендикуляр табаны мен негізгі сызық аралығын тікелей өлшеу құралында лазер нысандық тақтасының (47) көмегімен өлшеңіз. Жоғары қаратылған перпендикуляр табаны мен негізгі сызық аралығын өлшеу құралынан мүмкіндігінше алшақ тұрып өлшеңіз. Жоғары қаратылған перпендикуляр табанын негізгі сызыққа дейінгі қашықтығы тікелей өлшеу құралында өлшегендей болатындай етіп туралаңыз. Жоғары қаратылған перпендикуляр табанына (9) тік бұрыш айнымалы лазер сәулесімен (6) көрсетіледі. Перпендикуляр/тік жазықтықты көрсету (H суретін
Перпендикуляр немесе тік жазықтықты көрсету үшін өлшеу құралын тік күйде орнатыңыз. Тік жазықтық негізгі сызыққа (мысалы, қабырғаға) тік бұрышта өтуі қажет болса, жоғары қаратылған перпендикуляр табанын (9) осы негізгі сызықпен туралаңыз. Перпендикуляр айнымалы сәулемен (6) көрсетіледі. Перпендикуляр/тік жазықтықты туралау (I суретінқараңыз) Тік лазер сызығын немесе айналу жазықтығын қабырғадағы анықтамалық нүктемен туралау үшін өлшеу құралын тік күйде орнатып, лазер сызығын немесе айналу жазықтығын анықтамалық нүктемен шамамен туралаңыз. Анықтамалық нүктені дәлме-дәл туралау үшін айналу жазықтығын тік ось бойынша бұраңыз (қараңыз
Айналу жазықтығын тік күйде бұрау (B суретінқараңыз)“, Бет218). 1 609 92A 5S1 | (09.09.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 221 Лазер қабылдағышынсыз жұмыс істеу (J суретінқараңыз) Қолайлы жарықтық жағдайында (қараңғы қоршаған орта) және қысқа қашықтықтарда лазер қабылдағышынсыз жұмыс істеуге болады. Лазер сәулесінің жақсы көрінуі үшін, сызықтық немесе нүктелі жұмыс режимін таңдап, лазер сәулесін мақсатты жерге бұраңыз. Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу (K суретінқараңыз) Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршаған орта, тікелей күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер сәулесінің анықталуын жақсарту үшін лазер қабылдағышын (36) пайдаланыңыз. Лазер қабылдағышымен жұмыс істеген кезде ең жоғары айналу жылдамдығымен ротациялық жұмыс режимін таңдаңыз. Үлкен қашықтықтарда өлшеу (L суретінқараңыз) Үлкен қашықтықтарда өлшеген кезде лазер сәулесін анықтау үшін лазер қабылдағышын(36) пайдалану қажет. Кедергі әсерлерін азайту үшін өлшеу құралын әрдайым жұмыс бетінің ортасына қойып, штативке орнату қажет. Сыртқы аймақта жұмыс істеу (E суретін қараңыз) Сыртқы аймақта әрдайым лазер қабылдағышын (36) пайдалану қажет. Тұрақты емес бетте жұмыс істеген кезде өлшеу құралын штативке (38) монтаждаңыз. Жер қозғалыстарының жағдайында немесе өлшеу құралы тербелген кезде, өлшеу қателерінің алдын алу үшін іске қосылған соққы туралы ескерту функциясымен жұмыс істеңіз. Ротациялық лазер индикаторларына шолу
жасыл қызыл жасыл қызыл қызыл Өлшеу құралын қосу (1секундтық өзіндік
Нивелирлеу немесе қосымша нивелирлеу 2×/с ○ 2×/с Өлшеу құралы нивелирленген/жұмыс істеуге
Өздігінен нивелирлеу аймағынан асырылды 2×/с ○ ● Соққы туралы ескерту белсенді ● Соққы туралы ескерту іске қосылды 2×/с ○ 2×/с ≤2сағ жұмысқа арналған батарея/ аккумулятор кернеуі 2×/с Батареялардың/аккумуляторлардың заряды
●:үздіксіз жұмыс режимі 2×/с: жыпылықтау жиілігі (мысалы, бір секундта екі рет) ○:функция тоқтатылды Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Өлшеу құралын, зарядтағыш құрылғыны және қашықтан басқару құралын әрдайым таза ұстаңыз. Өлшеу құралын, зарядтағыш құрылғыны және қашықтан басқару құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Өлшеу құралында әсіресе лазердің шығыс саңылауындағы беттерді жүйелі түрде тазалап тұрыңыз және талшықтарға назар аударыңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету Bosch Power Tools 1 609 92A 5S1 | (09.09.2020)222 | Română барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: *
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: *
басқару құралы Өнім нөмірі
Notice-Facile