GLL 2-10 G Professional - Лазерлік деңгей BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GLL 2-10 G Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Айқас сызықты лазерлік деңгей |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GLL 2-10 G Professional |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 124 x 64 x 100 мм |
| Салмағы | 0,38 кг (батареялармен) |
| Қоректену | 2 AA сілтілі батарея 1,5 В |
| Типтік автономдылық | 12 сағат (сілтілі батареялармен) |
| Қашықтық | 10 м-ге дейін (қабылдағышсыз) |
| Лазер класы | 2 (EN 60825-1) |
| Толқын ұзындығы | 635 нм, қызыл |
| Дәлдік | ± 0,5 мм/м |
| Функциялар | Көлденең және тік сызықтар, автоматты теңестіру, маятник режимі |
| Автоматты теңестіру диапазоны | ± 4° |
| Қорғау дәрежесі | IP54 (шаң мен шашырандыдан қорғау) |
| Жұмыс температурасы | -10 °C-тан +45 °C-қа дейін |
| Сақтау температурасы | -20 °C-тан +70 °C-қа дейін |
| Күтім және тазалау | Жұмсақ құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Абразивті өнімдерді қолданбаңыз. |
| Қауіпсіздік | Лазер сәулесіне тікелей қарамаңыз. Қажет болса, қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз. |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Стандартты AA батареялары. Bosch уәкілетті орталығында жөндеу. Қосымша опция ретінде желілік адаптер қолжетімді. |
| Жалпы ақпарат | Ішкі және сыртқы қолдану (қабылдағышпен). Бекіту тірегі 1/4". |
Жиі қойылатын сұрақтар - GLL 2-10 G Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GLL 2-10 G Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік деңгей PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GLL 2-10 G Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GLL 2-10 G Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLL 2-10 G Professional BOSCH
Пайдалану нұсқаулығының
ТҮПНҰСҚАСЫ
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында
қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтаған соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
- өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик қапта жеткізілсе, оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады
- Сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. - тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары

Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ.
Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса, бұл қауіпті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген). ▶ Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе, көздерді жұмып, басты сәуледен ары қарату керек. ▶ Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. ▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. ▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. ▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиналған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.

Өлшеу құралын және магниттік керек-жарақтарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз.
Өлшеу құралы мен керек-жарақтардың магниттері имплантаттардың және медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.
▶ Өлшеу құралы мен магнитті аксессуарды магниттік дерек тасығыштар мен магнитке сезімтал құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Өлшеу құралы мен аксессуар магниттерінің әсері деректердің қайтымсыз жойылуына әкелуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды өлшеу және тексеруге арналған.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.
126|Қазақ
Бұл өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады.
Көрсетілген құрамдас бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
(1) Лазер ескерту тақтасы (2) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы (3) Ажыратқыш (4) Штатив бекіткіші, 5/8 дюйм (5) Штатив бекіткіші, 1/4 дюйм (6) Тік жұмыс режимі түймесі (7) Көлденең жұмыс режимі түймесі (8) Күй индикаторы (9) Маятникті бұғаттау индикаторы
(10) Сериялық нөмір
(11) Батарея бөлімінің қақпағы
(12) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші
(13) Айналмалы ұстағыш (RM 1) a)
(14) Бағыттауыш шина a)
(15) Магнит a)
(17) Бағыттауыш ойық
(18) Төбе қапсырмасы (ВМ 3) a)
(19) Эмбебап ұстағыш (ВМ 1) a)
(22) Лазер көру көзілдірігі a)
a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз.
Техникалық мәліметтер
| Сызықтық лазер GLL 2-10 G | |
| Өнім нөмірі | 3 601 K63 P.. |
| Жұмыс диапазоныA) | 10 м |
| Нивелирлеу дәлдігіB)C) | ±0,3 мм/м |
| Өздігінен нивелирлеудиапазоны | ±4° |
| Нивелирлеу уақыты < 4 с | |
| Жұмыс температурасы -10 °C ... +50 °C | |
| Сақтау температурасы -20 °C ... +70 °C | |
| Негізгі биіктіктің үстіндегімакс. пайдалану биіктігі | 2000 м |
| Салыстырмалы ауабылғалдылығы, макс. | 90 % |
| Ластану дәрежесіIEC 61010-1 стандартыбойынша | 2 1) |
| Лазер класы 2 | |
| Лазер түрі 500–540 нм, < 10 мВт | |
| С 6 | 10 |
| Айырмашылық 50 × 10 мрад (толық бұрыш) | |
| Штатив бекіткіші 1/4 дюйм; 5/8 дюйм | |
| Батареялар 3 × 1,5 В LR6 (AA) | |
| Жұмыс режимі бойынша жұмыс ұзактығы 1) | |
| – Киылысу режимі 6 сағ | |
| – Сызықтық жұмыс режимі 12 сағ | |
| СалмағыEPTA-Procedure 01:2014кұжатына сай | 0,49 кг |
| Өлшемдері (ұзындығы × ені × биіктігі) | 112 × 55 × 106 мм |
| Қорғаныс дәрежесі IP 54 (шаң меншашыранды судан қорғалған) | |
A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы тікелей күн сәулелерінде) қысқарту мүмкін. B) 20-25℃ C) Көрсетілген мәндер қалыпты және жағымды қоршаған орта шарттарын (мысалы, дірілсіз, тұмансыз, түтінсіз, тікелей күн сәулесінсіз) талап етеді. Температура шұғыл өзгерген жағдайда, дәлдік ауытқуы мүмкін. D) Тек қана ток өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде ток өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі.
Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (10) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.
Жинау
Батареяларды салу/алмастыру
Өлшеу құралы үшін алкалинді марганец батареясын пайдалану ұсынылады.
Батарея бөлімінің қақпағын (11) ашу үшін ысырманы (12) басып, қақпақты алып тастаңыз. Батареяларды енгізіңіз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Егер батареялардың заряды төмендеп кетсе, лазер сызықтарының жарықтығы баяу төмендейді.
Егер батареялардың заряды таусылған дерлік болса, күй индикаторы (8) жасыл түспен жыпылықтайды. Өлшеу құралы алғаш рет жыпылықтағаннан кейін шамамен 1 сағат жұмыс істей алады.
Оған қоса лазер сызықтары әр 10 минут сайын шамамен 5 секундқа жанады.
Батареялардың заряды таусылған болса, лазер сызықтары, өлшеу құралы өшпес бұрын, тағы бір рет жыпылықтайды.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және куаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
▶ Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
RM 1 бұрама ұстағышымен жұмыс істеу (А-В суреттерін қараңыз)
Бұрама ұстағыштың (13) көмегімен өлшеу құралын 360°-қа бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары дәл бағытталады да, өлшеу құралының орналасуы өзгермейді.
Өлшеу құралын бағыттауыш ойығын (17) бұрама ұстағыштың (13) бағыттауыш рейкасына (14) қаратып орнатыңыз және өлшеу құралын платформаға тірелгенше кіргізіңіз.
Ажырату үшін өлшеу құралын кері бағытта бұрама ұстағыштан шығарыңыз.
Бұрама ұстағыштың орналастыру мүмкіндіктері:
- тегіс аймақта тұруда,
- тік аймаққа бұрап бекітілгенде, – төбе қапсырмалары (18) көмегімен металл төбе рейкаларында,
- магниттердің (15) көмегімен метал беттерде. ▶ Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
▶ Өлшеу құралын ылғалдан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. ▶ Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура өзгерістерінің әсерін тигізуге
болмайды. Оны, мысалы, автомобиль ішінде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты температурасын сақтаңыз және жұмысты жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет 128).
Айрықша температура немесе температура өзгерістері орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін.
▶ Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет 128).
▶ Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (3) "Он" күйіне (маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін) немесе "Он" күйіне (нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін) жылжытыңыз. Күй индикаторы (8) жанады. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден шығыс саңылаулардан (2) лазер сызықтарын жібереді.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) "Off" күйіне жылжытыңыз. Күй индикаторы (8) сөнеді. Өшіру кезінде тербелу блогы бұғатталады.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
50 °C шамасындағы рұқсат етілген макс. жұмыс температурасынан асырған жағдайда лазер диоды қорғаныс үшін өшеді. Суығаннан соң өлшеу құралы қайта қосылуы мүмкін.
Өшіру автоматикасы
Егер шам. 120 минут ішінде өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшіп қалады.
Өлшеу құралын автоматты түрде өшірілгеннен кейін қайта қосу үшін ажыратқышты (3) алдымен "Off" күйіне жылжытып, соан соң өлшеу құралын қайта қосыңыз немесе тік жұмыс режимі түймесін (6) немесе көлденең жұмыс режимі түймесін (7) бір рет басыңыз.
Өшіру автоматикасын ажырату үшін (өлшеу құралы қосулы болғанда) көлденең жұмыс режимі түймесін (7) кемінде 3 секунд басып ұстаңыз. Өшіру автоматикасы ажыратылған соң, лазер сызықтары растау үшін қыска уақыт жыпылықтайды.
Нұсқау: жұмыс температурасы 45 °C шамасынан жоғары болса, өшу автоматикасын бұдан былай өшіруге болмайды.
Автоматты өшуді белсендіру үшін өлшеу құралын өшіріп, қайта қосыңыз.
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды әркез ауыстыруға болады:
– Қиылысу режимі (С суретін қараңыз): бір көлденең және бір тік лазер сызығын шығарады, - Көлденең режим (D суретін қараңыз): көлденең лазер сызығын шығарады, - Тік режим (Е суретін қараңыз): тік лазер сызығын шығарады.
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін қиылысу режимінде болады. Көлденең жұмыс режимі (7) және тік жұмыс режимі (6) түймелерінің көмегімен көлденең және тік лазер сызықтарын бір-бірінен тәуелсіз қосып өшіруге болады.
Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де таңдауға болады.
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, бұрама ұстағышқа (13) немесе штативке (23) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/өшіргішті (3) "pn" күйіне жылжытыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан әрі қозғалмаса, нивелирлеу аяқталады.
Автоматты түрде нивелирлеу мүмкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы тұрған бет көлденең сызықтан 4° шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сәулелері жылдам жыпылықтайды.
Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса, лазер сәулелері үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе, өлшеу құралы автоматты түрде өзін нивелирлейді. Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік сызықтардың күйін негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін ажыратқышты (3) "on" күйіне жылжытыңыз. Маятникті бұғаттау индикаторы (9) қызыл түспен жанып тұрады және лазер сызықтары бояу жыпылықтайды.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде нивелирлеу автоматикасы өшіріледі. Өлшеу құралын еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады. Лазер сәулелері бұдан былай нивелирленбейді және бір-біріне тігінен өтпейді.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденнен жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін ауытқуы мүмкін.
Жерден көтерілген жылудан температуралық әсерлерді барынша азайту үшін, өлшеу құралын штативте пайдалануға кеңес беріледі. Оған қоса өлшеу құралын мүмкіндігінше жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазерлік сызықтың биіктік пен нивелирлеу дәлдігін және тік лазерлік сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеріп шығыңыз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максимальды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз.
Көлденең сызықтың биіктік дәлдігін тексеру
Тексеру үшін 5 м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде А мен В екі қабырғаның арасында керек болады.
Өлшеу құралын А қабырғасының жанында ұстағышқа немесе штативке монтаждаңыз немесе оны берік, тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеу автоматикасымен жұмыс режимінде іске қосып, қиылысу режимін таңдаңыз.

Лазерді жақын А қабырғасына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз (І нүктесі).

Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер сызықтарының арғы В қабырғасындағы айқыш-ұйқыш нүктесін белгілеңіз (II нүктесі).
Өлшеу құралын бұрамай В қабырғасының қасында қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.

Өлшеу құралының биіктігін (штативтер немесе бар болса тіреуіш көмегімен) лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесі В қабырғасында алдымен белгіленген нүктеге II сәйкес болатындай бағыттаңыз.

Өлшеу құралын 180° бұрап биіктігін өзгертпейсіз. Оны А қабырғасына тік лазер сызығы белгіленген І нүктесінен өтетін етіп бағыттаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесін А қабырғасында (III нүктесі) белгілеңіз.
А қабырғасындағы I мен III екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.
2 × 5 м = 10 м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілген максималды ауытқу:
10 м × ±0,3 мм/м = ±3 мм. I мен III нүктелері арасындағы d айырмашылығы ең көбі 3 мм құрауы тиіс.
Көлденең сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тексеру үшін шамамен 5 × 5 м бос кеңістік керек.
Өлшеу құралын А мен В қабырғаларының арасындағы ортада ұстағышқа немесе штативке монтаждаңыз немесе берік, тегіс бетке қойыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеу автоматикасымен жұмыс режимінде іске қосып, көлденең жұмыс режимін таңдаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеңіз.

Өлшеу құралынан 2,5 м қашықтықта екі қабырғада лазерлік сызық ортасын белгілеңіз (А қабырғасында І нүкте, В қабырғасында ІІ нүкте).

- Өлшеу құралын 180°-қа бұрап, 5 м қашықтықта орнатыңыз және нивелирлеңіз.
- Өлшеу құралының биіктігін (штатив немесе қажет болса, тіреуіш көмегімен) лазерлік сызық ортасы В қабырғасында алдын ала белгіленген II нүктеге сәйкес болатындай етіп туралаңыз.
- А қабырғасында лазерлік сызық ортасын III нүкте ретінде белгілеңіз (І нүктенің үстінде немесе астында тігінен).
- А қабырғасындағы екі белгіленген І мен ІІІ нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының көлденең сызықтан дәл ауытқуын көрсетеді.
2 × 5 м = 10 м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілген максималды ауытқу:
10 м × ±0,3 мм/м = ±3 мм. I мен III нүктелер арасындағы d айырмашылығы ең көбі 3 мм құрауы тиіс.
Тік сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тексеру үшін (қатты табанда) есіктің әр жағынан кемінде 2,5 м жай болатын есік тесігі керек.
– Өлшеу құралын есік саңылауынан 2,5 м қашықтықта, берік әрі тегіс бетке орналастырыңыз (штативке емес). Өлшеу құралын нивелирлеу автоматикасымен жұмыс режимінде іске қосыңыз. Тік жұмыс режимін таңдап, өлшеу құралын нивелирлеңіз.

– Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде (І нүктесі), 5 м қашықтықта есік тесігінің басқа жағында (ІІ нүктесі) және есік тесігінің жоғарғы шетінде (ІІІ нүктесі) белгілеңіз.

– Өлшеу құралын есік тесігінің басқа жағында, тікелей II нүктенің артында қойыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, тік лазер сызығын орталығы тура I мен II нүктелерден өтетіндей етіп туралаңыз. – Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғы шетінде IV нүктесі ретінде белгілеңіз. – А қабырғасындағы III мен IV екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді. – Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.
Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей есептеледі:
есік тесігінің қос биіктігі × 0,3 мм/м
Мысал: есік тесігінің 2 м биіктігіндегі максималды ауытқу:
2 × 2 м × ±0,3 мм/м = ±1,2 мм. Сондықтан III мен IV
Нүктелердің аралығы ең көбі 1,2 мм болуы керек.
▶ Әрдайым тек лазер сызығының орталығын пайдаланыңыз. Лазер сызығының ені қашықтыққа байланысты өзгереді.
Лазер нысандық тақтасы (20) қолайсыз жағдайда және ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (20) лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4"-штатив патронымен (5) штативіне немесе (23) стандартты фотоштативіне орнатыңыз. Стандартты құрылыс штативінде бекіту үшін 5/8"-штатив патронын (4) пайдаланыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз. Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақ) (F суретін қараңыз)
Әмбебап ұстағыштың (19) көмегімен өлшеу құралын, мысалы, тік аймақтарға немесе магнитті материалдарға бекітуге болады. Әмбебап ұстағыш едендік штатив ретінде де пайдаланылады және өлшеу құралының биіктік бойынша туралануын оңтайландырады.
▶ Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (19) дөрекі бағыттаңыз.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынырақ болады.
▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.
Жұмыс мысалдары (F–H суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары суреттер беттерінде берілген.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын қылшықтарға назар аударыңыз.
Өлшеу құралын тек қорғайтын қабында (21) сақтаңыз және тасымалдаңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында (21) жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы, 050012
Мұратбаев к-сі, 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз www.bosch-professional.kz ресми сайтынан ала аласыз.
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:
Өлшеу құралын, оның жабдықтары мен қаптамасын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Өлшеу құралдарын немесе батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз өлшеу құралдарын және 2006/66/EC еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу қажет.
Кате жолмен кадеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті тааттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.