GMS 10023 Professional - детектор BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GMS 10023 Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сандық детектор |
| Marque | Bosch |
| Modèle | GMS 10023 Professional |
| Référence | 3 601 K81 800 |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 186 x 86 x 33 мм |
| Салмағы | 0,28 кг (батареялармен) / 0,26 кг (Li-Ion батареясымен) |
| Қуат көзі | 2 x 1,5 V LR6 (AA) сілтілі немесе 2 x 1,2 V HR6 (AA) NiMH немесе Li-Ion батареясы 3,7 V (керек-жарақ) |
| Автономдылық | Шамамен 9 сағ (сілтілі/NiMH), 7 сағ (Li-Ion) |
| Максималды анықтау тереңдігі | 100 мм (түсті емес металдар), 80 мм (қара металдар), 50 мм (кернеу астындағы кабельдер) |
| Негізгі функциялар | Қара/түсті емес металдарды, кернеу астындағы электр кабельдерін (50-60 Гц) анықтау, дыбыстық және көрнекі сигнал (жарық сақинасы), 5 минуттан кейін автоматты түрде өшіру |
| Жұмыс температурасының диапазоны | -10 °C ... +50 °C |
| Сақтау температурасының диапазоны | -20 °C ... +70 °C |
| Қорғаныс дәрежесі | IP54 |
| Жұмыс жиілігі | 50 ± 2 кГц |
| Пайдаланудың максималды биіктігі | 2 000 м |
| Максималды салыстырмалы ылғалдылық | 90 % (нысандарды анықтау), 50 % (кернеу астындағы кабельдерді жіктеу) |
| Күтім және тазалау | Жұмсақ құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді қолданбаңыз. Суға батырмаңыз. |
| Қауіпсіздік | Жарылыс қаупі бар атмосферада қолданбаңыз. Бұрғылау алдында әрқашан басқа көздермен тексеріңіз. Тек білікті жөндеушіге жөндетіңіз. |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Түпнұсқа Bosch қосалқы бөлшектері. Bosch сатудан кейінгі қызметі. Уәкілетті орталықта жөндеу мүмкін. |
| Жинақтағы керек-жарақтар | Қорғаныс қабы |
Жиі қойылатын сұрақтар - GMS 10023 Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GMS 10023 Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз детектор PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GMS 10023 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GMS 10023 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GMS 10023 Professional BOSCH
Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы
Түпнұсқа нұсқаулық
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
212 | Қазақ
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз; – жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз; – корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз.
Шекті күй белгілері
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик қапта жеткізілсе, оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті тиеу-түсіру машиналарын пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық нұсқаулықтарды оқып, орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ ТОЛЫҚ ОРЫНДАҢЫЗ.
▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
▶ Өлшеу құралы технологияға байланысты жүз пайыздық қауіпсіздікке кепіл бермейді. Қауіпті жағдайларды есептен шығару үшін әр қабырға, төбе немесе еденді бұрғылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын құрылыс жоспары, құрылыс фазасындағы фотосуреттер және т.б. ақпарат көздерін пайдаланыңыз. Ауа ылғалдылығы сияқты қоршаған орта әсерлері немесе қатты электрлік, магниттік немесе электрмагниттік өрістер шығаратын басқа электрлік құрылғылардың жақын болуы, ылғал, құрамында металл бар құрылыс материалдары, алюминиймен қапталған тығыздауыш материал, сондай-ақ ток өткізгіш тұсқағаз немесе плитка өлшеу құралының дәлдігіне әсер етуі мүмкін. Нысандардың саны, түрі, өлшемі мен күйі өлшеу нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін. ▶ Егер ғимаратта газ құбырлары бар болса, қабырғаларда, төбелерде немесе едендерде кез келген жұмыстарды өткізгеннен кейін газ құбырларының зақымдалмағанын тексеріңіз. Заттарды гипсокартон қабырғаларына бекіткен кезде, әсіресе астыңғы конструкцияны бекіткенде қабырғаның немесе бекіткіш материалдардың жеткілікті тұрақтылығын тексеріңіз.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы қабырғалар, төбелер мен едендерде металдарды (қара және түрлі-түсті металдар, мысалы, арматура) және кернеу өткізгіш сымдарды іздеуге арналған.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
(1) Нысан ортасының индикаторы (2) Жарық сақинасы (3) Белгілеу саңылауы (4) Кернеу өткізгіш сымдардың индикаторы (5) Металл нысан индикаторы (6) Дыбыстық сигнал түймесі
(7) Қосу/өшіру түймесі (8) Тұтқа беті (9) Қорғаныш қалта (10) Жылжыма (11) Датчик аймағы (12) Батарея бөлімінің қақпағы (13) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші (14) Сериялық нөмір
Техникалық мәліметтер
| Сандык локатор GMS 100-23 | |
| Өнім нөмірі | 3 601 K81 800 |
| Макс. анықтау терендігіA) | |
| – Турлі-түсті металдар (мыс) 100 мм | B) |
| – Қара металдар 80 мм | C) |
| – кернеулі сымдар 100–230 В (кернеу қолданылғанда) 50 мм | D) |
| Жұмыс температурасы –10°C ... +50°C | |
| Сақтау температурасы –20°C ... +70°C | |
| Қызметтік жиіліктер диапазоны 50 ± 2 кГц | |
| Макс. магниттік өріс қүші (10 м шамасында) 42 дБмкА/м | |
| Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000 м | |
| Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. | |
| – нысандарды анықтау үшін 90% | |
| – кернеулі сымдарды жіктеу үшін 50% | |
| Ластану дәрежесі IEC 61010-1 стандарты бойынша 2 | E) |
| Қуатпен жабдықтау | |
| – Батареялар (сілтілі-марганец) 2 × 1,5 В LR6 (AA) | |
| – Аккумуляторлар (NiMH) 2 × 1,2 В HR6 (AA) | |
| – Литий-иондық аккумулятор блогы (керек-жарак) 3,7 В | |
| Жұмыс ұзактығы шам. | |
| – батареялармен (сілтілі марганец) 9 сағ | |
| – аккумуляторлармен (NiMH) 9 сағ | |
| – литий-иондық аккумулятор блогымен (керек-жарак) 7 сағ | |
| Салмағы | |
| – батареялармен (сілтілі-марганец)/аккумулятормен (NiMH) | 0,28 кг |
| – литий-иондық аккумулятор блогымен (керек-жарак) 0,26 кг | |
| Өлшемдері (ұзындығы × ені × биіктігі) 186 × 86 × 33 мм | |
| Қорғаныс дәрежесі IP54 | |
Литий-иондық аккумулятор блогы (керек-жарақ) ВА 3.7V 1.0Ah A
| Өнім нөмірі | 1 607 A35 0N8 |
| 1 607 A35 17H |
A) нысанның материалы мен өлшеміне және астыңғы беттің материалы мен күйіне байланысты B) диаметрі 15 мм мыс құбырға арналған C) диаметрі 12 мм арматуралық болатқа арналған D) кернеу өткізбейтін сымдарда анықтау тереңдігі азырақ болады E) Тек қана ток өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде ток өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі.
Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (14) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.
▶ Табан күйі дұрыс болмаса, өлшеу және анықтау тереңдігі дұрыс болмайды.
Өлшеу құралын энергиямен жабдықтау
Өлшеу құралын стандартты батареялармен, стандартты NiMH аккумуляторларымен немесе керек-жарақ ретінде қолжетімді Bosch литий-иондық аккумулятор блогымен бірге пайдалануға болады. Литий-иондық аккумулятор блогымен бірге пайдалану үшін литий-иондық аккумулятор блогының пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз.
Нұсқау: өлшеу құралын батарея бөлімінің қақпағынсыз (12) немесе литий-иондық аккумулятор блогынсыз пайдаланбаңыз (әсіресе шаң немесе ылғал жерде).
Батареяларды енгізу/алмастыру
Өлшеу құралы үшін сілтілі-марганец батареяларын немесе NiMH аккумуляторларын пайдалануға кеңес беріледі.
Батарея бөлімінің қақпағын (12) ашу үшін бекіткішті (13) басыңыз. Батарея бөлімінің қақпағын алып тастаңыз.
Батареяларды немесе аккумуляторларды салыңыз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батарея бөлімінің қақпағын (12) енгізіп, ойыққа кіргізіңіз.
Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және куаты бірдей батареялар немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.
Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды немесе аккумуляторларды өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Өлшеу құралындағы батареялар мен аккумуляторлар ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, оларды тот басуы және заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Пайдалану
Өлшеу құралын суықтан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура айырмашылықтары әсер етпеуі тиіс. Температура айырмашылықтары үлкен болса, оны қосу алдында температурасын теңестіріңіз. Айрықша температура немесе температура айырмашылықтары орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін. Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан қорғаңыз. Қатты сыртқы әсерлерден кейін және функциялық қабілетінде ақаулар орын алса, өлшеу құралын өкілетті Bosch сервистік қызмет көрсету орталығында тексертіңіз. Өлшеуге әсер етпеу үшін өлшеу құралын тек ұстауға арналған беттерінен (8) ұстаңыз. Өлшеу құралының артқы жағындағы сенсор аймағына (11) ешқандай жапсырмалар немесе тақтайшалар орнатпаңыз. Әсіресе металды тақтайшалар өлшеу нәтижелеріне әсер етеді.

Өлшеу барысында қолғап киіп жүрмеңіз және жеткілікті жерге тұйықтаудың бар болуын қадағалаңыз. Жерге тұйықтау жеткіліксіз болса, кернеу өткізгіш сымдарды анықтау функциясы бұзылуы мүмкін.

Өлшеу барысында мобильді телефондар, ноутбуктер немесе планшеттер сияқты қатты электрлік, магниттік немесе электрмагниттік өрістерді шығаратын құрылғылардың жанында тұрмаңыз. Мүмкіндік болса, сәулеленуі өлшеу әрекетіне кедергі келтіре
алатын барлық құрылғыларда тиісті функцияларды ажыратыңыз немесе құрылғыларды өшіріңіз.
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
▶ Өлшеу құралын қосудан алдын сенсор аймағының (11) ылғал болмауына көз жеткізіңіз. Қажет болса, өлшеу құралын шүберекпен құрғатып сүртіңіз. ▶ Егер өлшеу құралы қатты температура өзгерісінде болса, оны қосудан алдын температурасын теңестіріңіз.
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (7) басыңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (7) қайтадан басыңыз.
Шамамен 5 минут ішінде өлшеу құралындағы ешбір түйме басылмаса және ешқандай нысан анықталмаса, өлшеу құралы автоматты түрде өшіріледі.
Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
Дыбыстық сигнал түймесі (6) дыбыстық сигналды қосып өшіруге мүмкіндік береді.
Жұмыс істеу қағидасы (А суретін қараңыз)
Өлшеу құралы арқылы датчик аймағының (11) астыңғы беті А өлшеу бағытымен максимальды анықтау тереңдігіне дейін зерттеледі.
Әр өлшеу процесі кезінде металл заттар (мысалы, мыс құбыр немесе арматуралық болат) және кернеулі сымдар (50–60 Гц) автоматты түрде ізделеді.
Өлшеу процесі (В суретін қараңыз)
Өлшеу құралын зерттелетін бетке қойыңыз. Жарық сақинасы (2) өлшеуге дайындықты көрсету мақсатында жанады.
Өлшеу құралын тұтқа бетінен (8) біркелкі берік ұстап тұрыңыз. Тұтқаны өлшеу барысында өзгертпеңіз, әсіресе датчик аймағына (11) жанаспаңыз.
Өлшеу құралын әрдайым көтермей немесе қысу күшін өзгертпей, сәл басу арқылы астыңғы беттің үстінен В бағыты бойынша тігінен жылжытыңыз. Өлшеу құралының қозғалысы негізінен ізделетін нысанға көлденең болуы керек. Егер қабырғадағы нысанның бағытын білмесеңіз, онда көлденең айқас өлшем жасаңыз (В суретін қараңыз).
Орналасу индикаторлары:
– Датчик аймағында ешқандай нысан анықталмаса, жарық сақинасы (2) жасыл түспен жанады және ешқандай дыбыстық сигнал берілмейді.
– Өлшеу құралы нысанға жақындаған жағдайда, жарық сақинасы (2) қызыл түспен жанады. Әрі қарай жақындаған сайын, дыбыстық сигнал ырғағы жылдамдай түседі. – Нысан ортасының үстінде нысан ортасының индикаторлары (1) жанып, ұзақ сигнал беріледі. Жарық сақинасы (2) қызыл түспен жанып тұрады. – Өлшеу құралы нысаннан алыстаса, нысан ортасының индикаторлары (1) сөніп, дыбыстық сигнал ырғағы баяулайды.
Алғашқы жылжыту кезінде нысанның ортасы мен жиектері шамамен көрсетіледі. Нысанның ортасын нақты анықтау үшін, өлшеу құралын нысан қайта көрсетілгенше нысан бағытына қарай жылжытыңыз (нысан ортасының индикаторлары (1) жанады).
Нақты нысан жиектері үшін өлшеу құралын нысан ортасынан Жарық сақинасының (2) қызыл түспен жануы тоқтағанша тігінен жылжытыңыз.

Кернеу өткізгіш сым табылса, кернеу өткізгіш сымдардың индикаторы (4) жанады.

Белгілеу саңылауы (3) өлшеу ортасының үстіңгі жағында орналасқан. Бұл жерде нысанның ортасын немесе жиектерін қажетінше белгілеуге болады.
Нұсқау: нысанды белгілеу саңылауы (3) арқылы белгілегеннен кейін (мысалы, қарындашпен) жаңа өлшеуді бастау қажет, себебі қарындаш өлшемге әсер етуі мүмкін.
Кернеулі сымдардың орны туралы ақпарат
– Сым кернеу астында болуы тиіс. Сондықтан қуат тұтынушыларын (мысалы, шамдар, құрылғылар) іздеу өткізілетін қуат сымына жалғаңыз. Қуат сымының кернеу астында болғанына көз жеткізу үшін қуат тұтынушыларын қосыңыз. – Ток сымының 50–60 Гц сигналы өлшеу құралына жетуі қажет. Егер сым ылғалды қабырғаларда (мысалы, ауа ылғалдылығы > 50%), металл үлдірлердің (мысалы, жылу оқшаулағыштар) артында немесе металл қорғаныш құбырда орналасса, сигналы өлшеу құралына жетпейді және сымды анықтау мүмкін болмайды. – Өлшеу құралы жақсы жерге тұйықталған болуы тиіс. Ол үшін тұтқа бетінен (8) (қолғапсыз) берік ұстаңыз. Жермен жақсы байланыстың бар болғанына көз жеткізіңіз. Оқшауланған аяқ киім, саты немесе платформалар байланысқа кедергі келтіре алады. Еденнің өзі жерге тұйықталған болуы тиіс, әйтпесе сымның орнын анықтау мүмкін болмайды.
– Ток сымының 50–60 Гц сигналы сым арқылы тікелей қоршаған ортадан күшті болуы тиіс. Егер қабырға тым дымқыл немесе нашар жерге тұйықталған болса, сигнал бүкіл қабырға бойынша бірдей күшке ие болады. Сонда өлшеу құралы үлкен аймақ бойынша сигналдың табылғанын көрсетеді, алайда сымның орнын дәл анықтау мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда сигналды қабырғадан ығыстыру үшін бос қолыңызды қабырғадағы өлшеу құралынан 20–30 см аралықта ұстау көмектесуі мүмкін. Дегенмен өлшеу процесі кезінде бос қолдың орнын өзгертуге болмайды. – Әртүрлі фазалардың сигналы бірін-бірі бейтараптандыратындықтан, көпфазалы ток сымдары (айнымалы ток немесе жоғары кернеулі ток ретінде белгілі) кернеу өткізгіш сым ретінде анықталмайды. Көпфазалы ток сымдарын таяз тереңдікте, бірақ металл зат ретінде табуға болады. – Белгілі бір тақтайлар сияқты ток өткізгіш қабырға үсті ток сымдарының көрсетілмеуіне және Жарық сақинасының (2) үлкен аймақта қызыл түспен жануына әкелуі мүмкін. – Көлденең жатқан ток сымдарын (ең көбі 2–3 см тереңдікке дейін) металл зат ретінде көрсетуге болады. Дегенмен бұл шыршықталған кабельге қатысты емес. ▶ Қабырғаларда, төбелерде немесе едендерде бұрғылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын ток тұтынушыларын өшіріп, ток өткізгіш сымдарды ажыратыңыз. Барлық жұмыстардан кейін астыңғы бетте тұрған заттар кернеу көзіне қосылмағанын тексеріңіз.
Нысанды көрсету бойынша нұсқау
– Жалпақ нысандарды Жарық сақинасының (2) кең аймақта жануынан анықтауға болады. Жалпақ нысандар толық көлемде көрсетілмейді. ▶ Қабырғаны бұрғылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын басқа ақпарат көздері арқылы қауіптерден сақтануыңыз қажет. Өлшеу нәтижелеріне қоршаған орта әсерлері немесе қабырға сипаты ықпал етуі мүмкін болғандықтан, ешқандай дыбыстық сигнал берілмесе де және жарық сақинасы (2) жасыл түспен жанып тұрса да, қауіп туындауы мүмкін.
Ақаулар – Себептері және шешімдері
Себебі Шешімі
Өлшеу мүмкін емес, нысан ортасының екі индикаторы (1) да кезектесіп жыпылықтап тұр және ...
... металл нысан индикаторы (5) және кернеу өткізгіш сымдардың индикаторы (4) жанып тұрған жоқ.
220 | Қазақ
Себебі Шешімі
| Өлшеуге электрлік, магниттік немесе электрмагниттік өрістер әсер етеді (мысалы, өлшеу құралының жанында орналасқан ұялы телефондар, ноутбуктер немесе планшеттер). | Мүмкіндік болса, сәулеленуі өлшеу әрекетіне кедергі келтіре алатын барлық құрылғыларда тиісті функцияларды ажыратыңыз немесе құрылғыларды өшіріңіз. |
... металл нысан индикаторы (5) жыпылықтап тұр.
| Өлшеу құралы жұмыс температурасынан тыс немесе температура ауытқулары орын алды. | Өлшеу құралын өшіріп, оны қайта қоспас бұрын температурасын қалпына келтіріңіз. Дәл өлшеу әрекеттері өлшеу құралының ішіндегі температура тұрақты болған жағдайда ғана мүмкін болады. |
... металл нысан индикаторы (5) және кернеу өткізгіш сымдардың индикаторы (4) жыпылықтап тұр.
| Өлшеу құралында ақау орын алды және ол бұдан былай жұмыс істемейді. | Өлшеу құралын өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз. |
Өлшеу құралының жанында ешқандай металл нысан жоқ болса да, жарық сақинасы (2) тұрақты қызыл түспен жанып тұр және металл нысан индикаторы (5) тұрақты жанып тұр.
| Зауыттық қалибрлеу енді жарамсыз (мысалы, биіктен қулау салдарынан). | Өлшеу құралын қолмен қосымша қалибрлеңіз (қараңыз „Өлшеу құралын қайта қалибрлеу“, Бет 221). |
Жарық сақинасы (2) астыңғы бетке орналастырылған кезде жанбайды.
| Датчик аймағы (11) лас болса,астыңғы бетті анықтау мүмкінемес. | Өлшеу құралын құрғақ, жұмсақ шүберекпентазалап шығыңыз да, өлшеуді қайта бастаңыз. |
| Қабырғаның ерекшеліктерінебайланысты (мысалы, құңгіртбет) қабырғамен немесеастыңғы бетпен жанасудыанықтау мүмкін емес. | Өлшеу құралын астыңғы бетке тігінен орнатыпқойыңыз. Қабырғаны қолмен анықтау үшіндыбыстық сигнал түймесін (6), жарықсақинасы (2) жанып, дыбыстық сигнал берілгенше (шамамен 5 секунд) басыңыз. Соданкейін әдеттегідей өлшеңіз.Нұсқау: келесі өлшеу процедурасын басқа беттеорындамас бұрын қабырғаны қолмен анықтау |
Себебі Шешімі
функциясын бастапқы күйге қайтару қажет.
Өлшеу құралын өшіріп, оны қайта қосыңыз.
Өлшеу құралын қайта калибрлеу
Өлшеу құралының жанында металдан жасалған ешқандай нысан болмағанына қарамастан жарық сақинасы (2) тұрақты қызыл түспен жанып тұрса және металл нысан индикаторы (5) тұрақты жанып тұрса, өлшеу құралын қолмен қосымша калибрлеуге болады.
– Батареялардың немесе аккумуляторлардың заряды төмен болмағанына немесе таусылмағанына көз жеткізіңіз. - Өлшеу құралын өшіріңіз. – Өлшеу құралының айналасынан көрсетілуі мүмкін барлық нысандарды (сондай-ақ қол сағатын немесе металл сақиналарды) алып тастаңыз. Өлшеу құралын, оның артқы жағы жерге қарап тұратындай, көлденеңінен көтеріп ұстаңыз. – Калибрлеу режиміне өту үшін қосу/өшіру түймесін (7) және дыбыстық сигнал түймесін (6) бір уақытта басыңыз. Екі түймені де, жарық сақинасы (2) қызыл түспен жыпылықтағанша (шамамен 5–10 секунд) басып тұрыңыз. – Жаңадан калибрлеуді бастау үшін дыбыстық сигнал түймесін (6), жарық сақинасы (2) қызыл түспен жанғанша (шамамен 5–10 секунд) басып тұрыңыз. – Егер калибрлеу сәтті аяқталса, өлшеу құралы бірнеше секундтан кейін автоматты түрде іске қосылып, жұмыс істеуге дайын болады.
Нұсқау: өлшеу құралы автоматты түрде іске қосылмаса, қосымша калибрлеу әрекетін қайталаңыз. Өлшеу құралы сонда да іске қосылмаса, оны өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
▶ Өлшеу құралын әр пайдаланудан бұрын тексеріңіз. Өлшеу құралының ішінде зақымдар немесе бос бөлшектер көрінетін болса, оның жұмысы сенімді болмайды.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін өлшеу құралын таза және құрғақ ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
222 | Қазақ
Ластануларды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Жылжыманы (10) өлшеу құралының артқы жағынан алып тастамаңыз.
Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ!
Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:
Өлшеу құралын, аккумуляторын/батареяларын, оның жабдықтары мен орамасын қоршаған ортаны қорғайтын ретте кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Өлшеу құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз өлшеу құралдарын және 2006/66/EC еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу қажет.
Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.