BOSCH GMS 120 Professional - Электр құралдары

GMS 120 Professional - Электр құралдары BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GMS 120 Professional BOSCH PDF форматында.

📄 457 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GMS 120 Professional - page 235
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Сандық детектор (құрылыс мультиметрі)
Бренд Bosch
Модель GMS 120 Professional
Салмағы (EPTA 01:2014 бойынша) 0,27 кг
Қуат көзі 1 9 В батарейка (6LR61)
Автономдылық Шамамен 5 сағат
Қорғаныс индексі IP 54 (шаң мен су шашырауынан қорғау)
Жұмыс температурасының диапазоны –10 °C бастап +50 °C дейін
Сақтау температурасының диапазоны –20 °C бастап +70 °C дейін
Макс. анықтау тереңдігі (ферромагниттік металдар) 120 мм
Макс. анықтау тереңдігі (бейферромагниттік металдар) 80 мм
Макс. анықтау тереңдігі (кернеулі электр кабельдері 110-230 В) 50 мм
Макс. анықтау тереңдігі (ағаш) 38 мм
Жұмыс режимдері Құрғақ қабырғалар, Металл, Электр кабельдері
Дисплей Жарығы бар экран, жарық сақинасы (жасыл/сары/қызыл), заряд көрсеткіші
Дыбыстық сигнал Қосу/өшіру мүмкін
Арнайы функциялар Температура бақылауы, ескерту функциясы, қолмен калибрлеу, нысандарды белгілеу
Күтім және тазалау Жұмсақ құрғақ шүберекпен тазалау; суға батырмау; қорғаныс қабында сақтау
Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі Уәкілетті Bosch қызмет көрсету орталығында жөндеу; қосалқы бөлшектер www.bosch-pt.com сайтында қолжетімді
Маңызды қауіпсіздік ережелері Жарылғыш атмосферада қолданбау; бұрғылау алдында әрқашан басқа көздерді тексеру; жеткілікті жерге тұйықтауды қамтамасыз ету

Жиі қойылатын сұрақтар - GMS 120 Professional BOSCH

Bosch GMS 120 Professional үшін қандай батарейка қолдану керек?
9 В (6LR61) сілтілі батарейка пайдаланыңыз. Батарейка бөлігін (15) бекітуді (16) итеру арқылы ашыңыз. Көрсетілген полярлықты сақтаңыз.
GMS 120 детекторін қалай калибрлеуге болады?
Егер өлшеу индикаторы (i) нысансыз тұрақты күшті сигнал көрсетсе, құрылғыны өшіріп, оны ауада ұстаңыз (артқы жағы жерге қарай), содан кейін Қосу/Өшіру түймесін (5) және Дыбыстық сигнал түймесін (7) бір уақытта жарық сақинасы (1) қызыл болып жанғанша басыңыз. Жіберіңіз, құрылғы автоматты түрде қайта іске қосылады.
Неліктен жарық сақинасы дыбыстық сигналсыз сары болып қалады?
Бұл кішкентай немесе терең нысанды көрсетеді. Жарық сақинасы (1) дыбыстық сигналсыз сары болып жануы мүмкін. Дәл орналасу үшін құрылғыны нысанның үстінде бірнеше рет жылжытыңыз.
GMS 120 көмегімен кернеулі электр кабелін қалай анықтауға болады?
Электр кабельдері режимін (9) түймесімен іске қосыңыз. Анықтауды жеңілдету үшін тұтынушыларды кернеуге қосыңыз. Экранда (f) таңбасы көрсетіледі. Жақындаңыз; жарық сақинасы (1) қызылға айналады және дыбыстық сигнал жиілейді.
Егер дабыл көрсеткіші (b) жанса, не істеу керек?
Егер дабыл көрсеткіші (b) Құрғақ қабырғалар режимінің жарық диодымен жанса, құрылғыны қабырғадан алып, басқа жерге қолданыңыз. Егер (b) жыпылықтаса, құрылғыны қабына (19) салып, уәкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.
GMS 120 қандай материалдарды анықтай алады?
Ол ферромагниттік металдарды (120 мм-ге дейін), бейферромагниттік металдарды (мыс, 80 мм), кернеулі электр кабельдерін (50 мм) және ағаш қаңқаларды (38 мм) анықтайды. Құрғақ қабырғалар режимінде ол сумен толтырылған пластик түтіктерді де анықтайды.
Құрылғы өздігінен өшеді: бұл қалыпты ма?
Иә, батарейканы үнемдеу үшін құрылғы түймелерге әрекет етпеген және нысан анықталмағаннан кейін шамамен 5 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.
GMS 120 детекторіне қалай күтім жасау керек?
Тек жұмсақ құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Тазартқыштар немесе еріткіштерді қолданбаңыз. Жастықшаларды (12) алып тастамаңыз. Оны әрқашан берілген қорғаныс қабында (19) сақтаңыз.
GMS 120-ны сыртта қолдануға бола ма?
Иә, құрылғы ішкі және сыртқы қолдануға арналған. Дегенмен, оны шамадан тыс ылғалдан және тікелей күн сәулесінен қорғаңыз. IP 54 индексі оны шаң мен су шашырауынан қорғайды.
Бұрғылау алдында қандай қауіпсіздік шаралары маңызды?
Әрқашан басқа көздермен (құрылыс жоспарлары, фотосуреттер) тексеріңіз. Жеткілікті жерге тұйықтауды қамтамасыз етіңіз (оқшаулағыш қолғапсыз). Жұмыстан кейін газ құбырларының жоқтығын тексеріңіз. Күмән болса, басқа анықтау әдістерін қолданыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GMS 120 Professional BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Электр құралдары PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GMS 120 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GMS 120 Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GMS 120 Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.

Сәйкестікті растау жайлы акпарат қосымшада бар.

Өнімді өндірген мемлекет туралы акпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.

Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.

Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.

236 | Казак

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастан (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.

Кызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі

– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
- жауын -шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаныз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз

Шекті күй белгілері

– өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жилігі

Эр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сактау

– күрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқұынан қорғау керек
– егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады
– сактау шарттары туралы косымша акпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) кужатын караңыз

Тасымалдау

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жуктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рүқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын MEMCT 15150-69 (5 шарт) кужатын оқыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулары

BOSCH GMS 120 Professional - Қауіпсіздік нұсқаулары - 1

Барлық күсқаулықтарды оқып, орындау керек. Өлшеу құралын осы нүсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. ОСЫ НУСҚАУЛЫҚТАРДЫ ТОЛЫҚ ОРЫНДАНЫЗ.

▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
Жанатын суйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы үшқын шығарып, шанды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
▶ Өлшеу құралы технологияға байланысты жүз пайыздық қауіпсіздікке кепілдік бермейді. Қауіпті жағдайларды есептен шығару үшін әр қабырға, төбе немесе еденді бұргылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын құрылыс жоспары, құрылыс фазасындағы фотосуреттер және т.б. ақпарат көздерін пайдаланыңыз. Ауаның ылғалдығы немесе электр аспаптарына жақын болу сияқты қоршаған орта әсерлері өлшеу құралының дәлдігіне әсер етуі мүмкін. Қабырғалардың сипаты мен қүйі (мысалы, ылғал, металл қамтитын құрылыс заттары, ток өткізетін кілемдер, окшаулау материалдары, плиткалар) және нысандардың саны, түрі, өлшемі мен қүйі өлшеу нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін.
▶ Өлшеу кезінде жерге түйықталудың жеткілікті болғанына көз жеткізіңіз. Жерге түйықталу жеткіліксіз болса (мысалы, окшауланған аяқ киімнен немесе сатыда түрғаннан), кернеу өткізгіш сымдардың орналасқан жерін анықтау мүмкін болмайды.
▶ Егер ғимаратта газ кұбырлары бар болса, қабырғаларда, төбелерде немесе едендерде кез келген жұмыстарды өткізгеннен кейін газ кұбырларының зақымдалмағанын тексеріңіз.
Ток түтынушылары (мысалы, шамдар, құрылғылар) ізделетін сымға жалғанған және қосылған жағдайда, кернеу өткізгіш сымдарды оңай табуға болады. Қабырғаларда, төбелерде немесе едендерде бұрғылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын ток түтынушыларын өшіріп, кернеу өткізгіш сымдарды ажыратыңыз. Барлық жұмыстардан кейін астыңғы бетте түрған нысандар кернеу көзіне қосылмағанын тексеріңіз.
Заттарды гипскартон қабырғаларына бекіткен кезде, әсіресе астыңғы конструкцияны бекіткенде қабырғаның немесе бекіткіш материалдардың жеткілікті тұрақтылығын тексеріңіз.

Өнім және куат сипаттамасы

Пайдалану нүсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.

Тағайындалу бойынша қолдану

Өлшеу құралы қабырғалар, төбелер мен едендерде металдарды (қара және түрлі- түсті металдар, мысалы, арматура), ағаш арқалықтарды және кернеу өткізгіш сымдарды іздеуге арналған.

Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.

Бейнеленген курамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.

(1) Жарык сақинасы
(2) Белгілеу саңылауы
(3) Дисплей
(4) Жұмыс режимінің индикаторы
(5) Косу/өшіру түймесі
(6) Дисплей жарығының түймесі
(7) Дыбыстык сигнал түймесі
(8) Түтка беті
(9) "Ток кабелі" жұмыс режимінің түймесі
(10) "Металл" жұмыс режимінің түймесі
(12) Жылжыма
(13) Датчик диапазоны
(14) Сериялық нөмір
(15) Батарея бөлімінің қақпағы
(16) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші
(17) Тасымалдау ілмегінің бекіткіші
(18) Тасымалдау ілмегі
(19) Корғаныш қалта

(11) "Гипскартон" жұмыс режимінің түймесі

Индикация элементтері (А суретін караңыз)

(a) Дыбыстык сигнал индикаторы
(b) Ескерту индикаторы
(c) Металдан жасалмаған нысандардың индикаторы

(d) Магниттік емес металдардың индикаторы
(e) Магниттік металдардың индикаторы
(f) Кернеу өткізгіш сымдардың индикаторы
(g) Температураны бақылау индикаторы
(h) Батарея индикаторы
(i) Элшеу индикаторы
(j) Дэлдік шкаласы
(k) Нысан ортасының индикаторы CENTER

Техникалық мәліметтер

Сандык локатор GMS 120
Өнім нөмірі3 601 К81 0..
Макс. анықтау тереңдігі ^A)
– Қара металдар 120 мм
– Түрлі-түсті металдар (мыс) 80 мм
– кернеу өткізгіш сымдар 110–230 В (кернеуколданылғанда) ^B) 50 мм
– Ағаш 38 мм
Жұмыс температурасы –10°C ... +50°C
Сақтау температурасы –20°C ... +70°C
Индуктивті датчик
– Қызметтік жиіліктер диапазоны 5 ± 0,2 кГц
– Макс. магниттік өріс күші (10 м шамасында) 72 дБмкА/м
Қуатты датчик
– Қызметтік жиіліктер диапазоны 20 ± 1 кГц
– Макс. электрлік өріс күші (10 м шамасында) 24 дБмкВ/м
Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000 м
Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. 90%
Ластану дәрежесі IEC 61010-1 стандарты бойынша 2с)
Батарея 1 × 9 В 6LR61
Жұмыс ұзақтығы шам. 5 сағ

240 | Казак

Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 күжатына сай 0,27 кг

Корғаныс дәрежесі IP 54 (шаң мен шашыранды

судан корғалған)

A) жумыс режиміне, материалға және нысанның өлшеміне, сондай-ақ астыңғы беттің материалы мен куйіне байланысты
В) кернеу өткізбейтін сымдарда аныктау терендігі азырақ болады
С) Тек қана ток өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі.
Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (14) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.

▶ Табан күйі дұрыс болмаса, өлшеу және анықтау терендігі дұрыс болмайды.

Жинау

Батареяны енгізу/алмастыру

Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын пайдалану ұсынылады.

Батарея бөлімінің қакпағын (15) ашу үшін ысырманы (16) көрсеткі бағытымен басып, батарея бөлімінің қакпағын ашыңыз. Батареяны енгізіңіз.

Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.

▶ Узак уакыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу күралынан шығарып алыңыз. Өлшеу күралында узак уакыт сақтауда жатқан батареяны тот басуы және оның заряды таусылуы мүмкін.

Батарея индикаторы

Дисплейдегі батарея индикаторы (h) әрдайым ағымдағы батарея зарядының деңгейін көрсетеді:

▶ Ölшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
▶ Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Температура айырмашылықтары үлкен болса, оны қосу алдында температурасын теңестіріңіз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралыныңдәлдігі мен дисплей көрсеткіші төменделуі мүмкін.
▶ Өлшеу құралын қатты сокқыдан немесе құлаудан қөрғаңыз. Қатты сыртқы әсерлерден кейін және функциялық қабілетінде ақаулар орын алса, өлшеу құралын өкілетті Bosch сервистік қызмет көрсету орталығында тексертіңіз.
▶ Өлшеу нәтижелерінің сапасы арнайы қоршау жағдайында төмендеуі ықтимал. Бұларға, мысалы, қушті электр, магнит немесе электромагнит өрісін тудыратын құралдардың жақындығын, ылғалды, металды қамтитын құрылыс, фольгамен оралған тежеу материалдарының және ток өткізетін түскағаздардың немесе плиткалардың болуы жатады. Сол үшін қабырға, төбе немесе еденде бұрғылау, аралау немесе фрезамен өңдеуден алдын басқа мәлімет көздеріне де назар аударыңыз (мысалы, құрылыс жоспарлары).
▶ Ölшеуге әсер етпеу үшін өлшеу құралын тек ұстауға арналған беттерінен (8) ұстаңыз.
▶ Өлшеу құралының артқы жағындағы сенсор аймағына (13) ешқайндай жапсырмалар немесе тақтайшалар орнатпаңыз. Әсіресе металды тақтайшалар өлшеу нәтижелеріне әсер етеді.

BOSCH GMS 120 Professional - Батарея индикаторы - 1

Өлшеу барысында қолғап киіп жүрменіз және жеткілікті жерге түйықтаудың бар болуын қадағалаңыз. Жерге түйықтау жеткіліксіз болса, кернеу өткізгіш сымдарды анықтау функциясы бұзылуы мүмкін.

BOSCH GMS 120 Professional - Батарея индикаторы - 2

Өлшеу барысында қатты электрлік, магниттік немесе электрмагниттік өрістерді шығаратын құрылғылардың жанында түрмаңыз. Мүмкіндік болса, сәулеленуі өлшеу әрекетіне кедергі келтіре алатын барлық құрылғыларда тиісті функцияларды ажыратыңыз немесе құрылғыларды өшіріңіз.

Пайдалануға ендіру

Косу/өшіру

▶ Өлшеу құралын қосудан алдын сенсор аймағының (13) ылғал болмауына көз жеткізіңіз. Қажет болса, өлшеу құралын шуберекпен құрғатып сүртіңіз.

242 | Казак

▶ Егер өлшеу құралы қатты температура өзгерісінде болса оны қосудан алдын температурасын теңестіріңіз.

Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (5) басыңыз.

Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (5) қайтадан басыңыз.

Егер шамамен 5 минут ішінде өлшеу құралында ешқандай түйме басылмаса және ешбір нысан анықталмаса, өлшеу құралы батарея зарядын үнемдеу үшін автоматты түрде өшіп қалады.

Дисплей жарығын қосу/өшіру

Дисплей жарығының түймесі (6) арқылы дисплей жарығын қосып өшіруге болады.

Дыбыстық сигналды қосу/өшіру

Дыбыстық сигнал түймесі (7) дыбыстық сигналды қосып өшіруге мүмкіндік береді. Дыбыстық сигнал өшіп түрғанда, дисплейде дыбыстық сигнал индикаторы (а) жанады.

Жұмыс істеу қағидасы (В суретін қараңыз)

Өлшеу құралы арқылы датчик аймағының (13) астыңғы беті А өлшеу бағытымен максимальды анықтау тереңдігіне дейін зерттеледі. Қабырға материалынан айымрашылығы бар нысандар анықталады.

Өлшеу құралын қабырға үстінен В бағытымен тік сызық бойынша жылжытыңыз.

Өлшеу құралын әрдайым көтермеу немесе қысу қүшін өзгертпей, сәл басу арқылы астыңғы беттің үстінен жылжытыңыз.

Өлшеу кезінде жылжымалар (12) астыңғы бетке әрдайым тиіп тұруы керек.

Өлшеу процесі

Өлшеу құралын тексерілетін бетке қойып, В бағытымен жылжытыңыз.

– Егер өлшеу құралы нысанға жақындаса, өлшеу құралындағы (i) амплитуда көтеріліп, жарық сақинасы (1) сары түспен жанады.

– Өлшеу құралы нысаннан алыстаса, амплитуда төмендейді.

– Нысан ортасының үстінде өлшеу индикаторы максимальды амплитуданы көрсетеді; жарық сақинасы (1) қызыл түспен жанып, дыбыстық сигнал беріледі.

Нысандар кіші болған немесе терең жатқан жағдайда, жарық сақинасы (1) сары түспен жанып тұрады және дыбыстық сигнал берілмейді.

▶ Кеңірек нысандар жарық сақинасы немесе дыбыстық сигнал арқылы букіл ені бойынша көрсетілмейді.

Нысанның орналасқан жерін дәлірек анықтау үшін өлшеу құралын бірнеше рет (3×) нысан үстінен ары-berі жылжытыңыз. Барлық жұмыс режимдерінде дәлдік

шкаласы (j) автоматты түрде іске қосылады. Дэлдік шкаласы, нысан датчик ортасының астында болғанда немесе өлшеу индикаторы (i) максималды амплитудаға жеткенде, толық амплитуданы көрсетеді. Оған қоса "Гипскартон" және "Металл" жұмыс режимдерінде нысан ортасының индикаторы CENTER (k) да жанады.

Астыңғы беттегі кеңірек нысандарды өлшеу индикаторының (i) және дәлдік шкаласының (j) үздіксіз жоғары амплитудасы арқылы анықтауға болады. Жарық сақинасы (1) сары түспен жанады. Жоғары амплитуданың үзақтығы шамамен нысан еніне сәйкес келеді.

Егер өте кішкентай немесе терең жатқан нысандар ізделсе және өлшеу индикаторы (i) азғантай ғана ығысса, өлшеу құралын нысан үстінен көлденеңінен және тігінен қайта-қайта жылжытыңыз. Дәлдік шкаласының (j) амплитудасына және "Гипскартон" және "Металл" жұмыс режимдерінде орынды дәл анықтауға мүмкіндік beretін нысан ортасының индикаторына CENTER (k) да назар аударыңыз.

▶ Кабырғаны бұргылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын басқа акпарат көздері арқылы қауінтерден сақтануыңыз қажет. Өлшеу нәтижелеріне қоршаған орта әсерлері немесе қабырға сипаты әсер ете алатындықтан, өлшеу индикаторы (і) датчик аймағында ешбір нысанды көрсетпеуі, дыбыстық сигнал берілмеуі және жарық сақинасы (1) жасыл түспен жанып тұруы мүмкін.

Жумыс режимдері

Жұмыс режимін тиісінше таңдау арқылы үздік өлшеу нәтижелеріне қол жеткізуге болады. Металл нысандардың максималды анықтау терендігіне "Металл" жұмыс режимінде қол жеткізуге болады. Кернеу өткізгіш сымдардың максималды анықтау терендігіне "Ток кабелі" жұмыс режимінде қол жеткізуге болады.

Тандалған жұмыс режимін кез келген уақытта жасыл түспен жанып түрған жұмыс режимінің индикаторы (4) арқылы анықтауға болады.

"Гипскартон" жұмыс режимі

"Гипскартон" жұмыс режимі гипскартон қабырғаларында ағаш пен металл нысандарды табуға арналған.

"Гипскартон" жұмыс режимін іске қосу үшін "Гипскартон" жұмыс режимінің түймесін (11) басыңыз. "Гипскартон" жұмыс режимі түймесінің устіндегі жұмыс режимінің индикаторы (4) жасыл түспен жанып түрады.

Өлшеу құралын зерттелетін бетке қойғаннан кейін, жарық сақинасы (1) жасыл түспен жанып, құралдың өлшеуге дайын болғаны туралы хабарлайды.

"Гипскартон" жұмыс режимінде қолжетімді барлық нысан түрлері табылып, көрсетіледі:

244 | Казак

BOSCH GMS 120 Professional - | Казак - 1

(c) металдан жасалмаған, мысалы, ағаш арқалықтар

BOSCH GMS 120 Professional - | Казак - 2

(d) магниттік емес, бірақ металл, мысалы, мыс кұбыры

BOSCH GMS 120 Professional - | Казак - 3

(f) кернеу өткізгіш, мысалы, ток сымы

Нускау: "Гипскартон" жұмыс режимінде ағаш пен металл нысандарға және кернеу өткізгіш сымдарға қоса басқа да нысандар, мысалы, сумен толтырылған пластик кұбырлар көрсетіледі. Дисплейде осы нысандар үшін металдан жасалмаған нысандардың индикаторы (с) пайда болады.

Табандағы шегелер мен бұрандалар ағаштар метал нысан ретінде көрсетілуіне алып келуі мүмкін.

Егер дисплейде өлшеу индикаторы (i) мен дәлдік шкаласының (j) үздіксіз жоғары амплитудасы көрсетілсе, өлшеу құралын астыңғы беттегі басқа бір жерге қою арқылы жаңа өлшеу процесін іске қосыңыз.

Егер жарык сақинасы (1) өлшеу құралының зерттелетін бетке қою кезінде дайын болғанын көрсетпесе, өлшеу құралы бетті дұрыс анықтай алмауы мүмкін.

- "Гипскартон" жұмыс режимінің түймесін (11), жарық сақинасы (1) жасыл түспен жанғанша, басыңыз. Содан кейін өлшеу әрекетін қалауыңызша орынданыз. Осы өлшеу әрекетін аяқтағаннан кейін басқа қабырғада жаңа өлшеу әрекетін бастағыңыз келсе, өлшеу құралын бастапқы күйге қайтару үшін "Гипскартон" жұмыс режимінің түймесін (11) қыскажа басыңыз.

– Кейбір жағдайларда өлшеу құралы датчик аймағымен артқы жағының (13) ластануына байланысты астыңғы бетті анықтай алмауы мүмкін. Өлшеу құралын құрғақ, жұмсақ шүберекпен тазалап шығыңыз да, өлшеу процесін қайтадан іске қосыңыз.

"Металл" жұмыс режимі

"Металл" жұмыс режимі магниттік және магниттік емес нысандарды қабырға сипатына қарамастан табуға арналған.

"Металл" жұмыс режимін іске қосу үшін "Металл" жұмыс режимінің түймесін (10) басыңыз. Жарық сақинасы (1) және "Металл" жұмыс режимі түймесінің үстіндегі жұмыс режимінің индикаторы (4) жасыл түспен жанып тұрады.

Егер өлшеу құралы металл нысанның үстінде орналасса (жарық сақинасы (1) қызыл түспен жанып тұрады), дисплейде металдың түрі көрсетіледі: магниттік металдар (мысалы, темір) үшін магниттік металдар индикаторы (e), ал магниттік емес металдар (мысалы, мыс) үшін магниттік емес металдар индикаторы (d) пайда болады.

Нускау: зерттелетін беттегі болат торлар мен арматуралар жағдайында өлшеу индикаторында (i) бүкіл аудан бойынша бірдей амплитуда болады. Әдетте болат торлар жағдайында тікелей арматуралық өзектердің үстінде магниттік металдар индикаторы (e), ал арматуралық өзектердің арасында магниттік емес металдар индикаторы (d) көрсетіледі.

"Ток кабелі" жұмыс режимі

"Ток кабелі" жұмыс режимі тек желілік кернеу өткізгіш сымдарды (110–230 В) табуға арналған.

"Ток кабелі" жұмыс режимін іске қосу үшін "Ток кабелі" жұмыс режимінің түймесін (9) басыңыз. Жарық сақинасы (1) және "Ток кабелі" жұмыс режимі түймесінің үстіндегі жұмыс режимінің индикаторы (4) жасыл түспен жанып тұрады. Егер кернеу өткізгіш сым табылса, дисплейде кернеу өткізгіш сымдардың индикаторы (f) пайда болады. Кернеу өткізгіш сымның орналасқан жерін дәлірек анықтау үшін өлшеу құралын бет үстінен қайта-қайта жылжытыңыз. Бірнеше рет үстінен жылжытқаннан кейін, кернеу өткізгіш сым өте анық көрсетілуі мүмкін. Егер өлшеу құралы сымға тым жақын орналасса, жарық сақинасы (1) қызыл түспен жыпылықтап, дыбыстық сигнал жылдам ырғакпен беріледі.

Нускаулар:

– Кернеу өткізгіш сымдар әр жұмыс режимінде көрсетіледі.
– Ток тұтынушылары (мысалы, шамдар, құрылғылар) ізделетін сымға жалғанған және қосылған жағдайда, кернеу өткізгіш сымдарды оңай табуға болады. Қабырғаны бұрғалаудан, аралаудан немесе фрезерлеуден бұрын ток тұтынушыларын өшіріңіз.
– Белгілі бір жағдайларда (мысалы, металл беттердің артында немесе су мөлшері үлкен беттердің артында) кернеу өткізгіш сымдарды сенімді түрде табу мүмкін болмайды. Кереу өткізгіш сымның сигнал куші кабель күйіне байланысты. Сондыктан жақын ортада басқа өлшеу әрекеттерін орындау арқылы немесе басқа акпарат көздері арқылы кернеу өткізгіш сымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
– Кернеу өткізбейтін сымдарды "Металл" жұмыс режимінде металл нысандар ретінде табуға болады. Бүл ретте бұрама кабельдер көрсетілмейді (толық материалды кабельдерге қарама-қарсы).
– Статикалык электр куаты сымдардыңдәл емес көрсетілуіне (мысалы, үлкен диапазонда) немесе мүлде көрсетілмеуіне әкелуі мүмкін. Индикацияны жаксарту үшін бос қолыңызды өлшеу құралының жанында алақанмен қабырғаға қойып, статикалык электр куатын кетіріңіз.

Пайдалану бойынша нускаулар

Нысандарды белгілеу

Қажет болса, табылған нысандарды белгілеуге болады. Әдеттегідей өлшеңіз.

Егер нысанның шектерін немесе ортасын тапсаңыз, ізделген жерді белгілеу саңылауы (2) арқылы белгілеңіз.

Температураны бақылау

Өлшеу құралы температураны бақылау тетігімен жабдықталған, себебі дәл өлшеу, өлшеу құралының ішінде температура тұрақты болғанда ғана орындалуы мүмкін.

Температураны бақылау индикаторы (g) жанса, бұл өлшеу құралының жұмыс температурасынан тыс болғанын немесе шұғыл температура өзгерістері орын алғанын білдіреді.

Өлшеу құралын өшіріп, қайта қоспас бұрын температурасын қалпына келтіріңіз.

Ескерту функциясы

Дисплейде ескерту индикаторы (b) жанып, "Гипскартон" жұмыс режимі түймесінің (11) үстіндегі жұмыс режимінің индикаторы (4) жыпылықтаса, өлшеуді кайтадан бастау қажет. Өлшеу құралын қабырғадан алып, беттегі басқа жерге қойыңыз.

Дисплейде ескерту индикаторы (b) жыпылықтаса, өлшеу құралын қорғаныш қалтасында (19) өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.

Косымша калибрлеу

"Металл" жұмыс режимінде, өлшеу құралының жанында ешкандай металдан жасалған нысан болмаса да, өлшеу индикаторы (i) тұрақты ығысса, өлшеу құралын қолмен қосымша калибрлеуге болады.

  • Батарея индикаторы (h) кемінде 1/3 куатты көрсеткендігіне көз жеткізіңіз.
  • Өлшеу құралын өшіріңіз.
    – Өлшеу құралының айналасынан көрсетілуі мүмкін барлық нысандарды (сондай-ақ қол сағатын немесе металл сақиналарды) алып тастаңыз.

Өлшеу құралын, оның артқы жағы жерге қарап тұратындай, көлденеңінен көтеріп ұстаңыз.

Ашык жарык көздерінің немесе тікелей күн сәулесінің өлшеу құралының жабылмаған артқы жағына тиюіне жол берменіз.

- Косу/өшіру түймесін (5) және дыбыстық сигнал түймесін (7) бір уақытта басып, жарық сақинасы (1) қызыл түспен жанғанша басып тұрыңыз. Екі түймені де жіберіңіз.

– Егер калибрлеу сәтті аякталса, өлшеу құралы бірнеше секундтан кейін автоматты түрде іске қосылып, жұмыс істеуге дайын болады.

Нускау: өлшеу күралы автоматты түрде іске қосылмаса, қосымша калибрлеу әрекетін қайталаныз. Өлшеу күралы сонда да іске қосылмаса, оны қорғаныш қалтасында (19) өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.

Техникалық күтім және қызмет

Кызмет көрсету және тазалау

▶ Өлшеу құралын әр пайдаланудан бұрын тексеріңіз. Өлшеу құралының ішінде зақымдар немесе бос бөлшектер көрінетін болса, оның жұмысы сенімді болмайды.

Жаксы әрі сенімді жұмыс істеу үшін өлшеу құралын таза және құрғак ұстаңыз. Өлшеу құралын суға немесе басқа сүйықтықтарға батырмаңыз.

Ластануларды күрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.

Жылжыманы (12) өлшеу құралының артқы жағынан алып тастамаңыз.

Өлшеу құралын тек жеткізілген қөрғайтын қабында сақтаңыз немесе тасымалдаңыз. Жәндеу үшін өлшеу құралын қөрғау қалтасында жіберіңіз.

Тутынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету орталығы өнімді жәндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төменdegі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com

Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарактары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.

Сурактар кою және косалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндettі түрде өнімнің фирмалық тактайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

248 | Казак

Қазақстан

Тутынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:

"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС

Алматы к.,

Қазақстан Республикасы

050012

Муратбаев к., 180 үй

"Гермес" БО, 7 кабат

Тел.: +7 (727) 331 31 00

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы

туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз

Кызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:

Өлшеу құралын, оның жабдықтары мен қаптамасын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

BOSCH GMS 120 Professional - Кызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: - 1

Клшеу күралдарын не батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның үлтық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз өлшеу құралдарын және 2006/66/EC еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өндеуге жіберу қажет.

Кате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.

Română

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GMS 120 Professional

Санат : Электр құралдары