HILTI EXO-T-22 - бурғы

EXO-T-22 - бурғы HILTI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EXO-T-22 HILTI PDF форматында.

📄 472 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice HILTI EXO-T-22 - page 322
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы EXO-T-22 HILTI

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бурғы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EXO-T-22 - HILTI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EXO-T-22 брендінің HILTI.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EXO-T-22 HILTI

Тупнуска пайдалану бойынша нускаулык

1 Пайдалану бойынша нүсқаулық туралы мәліметтер

Импорттауыш және өндірушінің өкілетті үйымы

• (RU) Ресей Федерациясы
"Хилти Дистрибьюшн ЛТД" АК, 141402, Мәскеу облысы, Химки к., Ленинградская к-сі, 25-бет, 15.26-құрылымы
• (BY) Беларусь Республикасы
"Хилти БиУай" ЖШС, 222750, Минск облысы, Дзержин ауданы, Р-1, 18 км, 2 (Слободка ауылының жанында), 1-34 кұрылымы
• (KZ) Казақстан Республикасы
"Хилти Казақстан" ЖШС, 050057, Алматы к., Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі, 42/15 үй, литер 012 (15 корпус)
• (KG) Кырғыз Республикасы
"T AND T" ЖШК, 720021, Кырғызстан, Бішкек к., Ибраимов көш., 29 А үйі
• (АМ) Армения Республикасы
"ЭЙЧ-КОН" ЖШК, 0070, Ереван к., Ерманда Кочар к-сі, 19/28

Өндірілген елі: жабдықтағы белгілеу тактайшасын караңыз.

Өндірілген күні: жабдықтағы белгілеу тактайшасын қараңыз.

Тиісті сертификатты мына мекенжай бойынша табуға болады: www.hilti.ru

Сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарына пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленгеннен басқа арнайы талаптар қойылмайды.

Өнімнің қызмет ету мерзімі 5 жыл.

  • Іске қосу алдында осы пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз. Бүл қауіпсіз жұмыс пен ақаусыз басқару үшін алғышарт болып табылады.
  • Осы пайдалану бойынша нүсқаулықтағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нүсқауларын орынданыз.
  • Пайдалану бойынша нүсқаулықты өрдайым өнімде сақтаңыз және өнімді басқа түлғаларға тек осы пайдалану бойынша нүсқаулықпен бірге тапсырыңыз.

1.2 Шартты белгілердің анықтамасы

1.2.1 Ескерту

Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауінтер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер пайдаланылады:

ΚΑΥΙΠΤΙ

ΚΑΥΙΠΤΙ !

▶ Ауыр жаракаттарға әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін тікелей қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.

ECKEPTY

ECKEPTY !

▶ Ауыр жаракаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ыктимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.

! АБАЙЛАНЫЗ

АБАЙЛАНЫЗ !

Жаракат алуға немесе мүліктің зақымдалуына әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.

1.2.2 Пайдалану бойынша нускаулықтағы белгілер

Бүл пайдалану бойынша нүсқаулықта төмендегі белгілер пайдаланылады:

HILTI EXO-T-22 - Пайдалану бойынша нускаулықтағы белгілер - 1Пайдалану бойынша нүсқаулықты ұстану
HILTI EXO-T-22 - Пайдалану бойынша нускаулықтағы белгілер - 2Аспапты пайдалану бойынша нүсқаулар және басқа пайдалы акқпарат
HILTI EXO-T-22 - Пайдалану бойынша нускаулықтағы белгілер - 3Қайта пайдалануға болатын материалдармен жұмыс істеу
HILTI EXO-T-22 - Пайдалану бойынша нускаулықтағы белгілер - 4Электр аспаптарды және аккумуляторларды тұрмыстық қоқыска тастамаңыз
HILTI EXO-T-22 - Пайдалану бойынша нускаулықтағы белгілер - 5Hilti Li-Ion аккумуляторы
HILTI EXO-T-22 - Пайдалану бойынша нускаулықтағы белгілер - 6Hilti зарядтағыш құрылғысы

1.2.3 Суреттердегі белгілер

Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады:

[W50Y]Бул сандар осы пайдалану бойынша нүсқаулықтың басындағы тиісті суретке сәйкес келеді.
HILTI EXO-T-22 - Суреттердегі белгілер - 1Нөмірлеу суреттегі жұмыс қадамдарының реттілігін білдіреді және мәтіндегі жұмыс қадамдарынан өзгешеленуі мүмкін.
HILTI EXO-T-22 - Суреттердегі белгілер - 2Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты белгілердің нөмірлеріне сілтейді.
HILTI EXO-T-22 - Суреттердегі белгілер - 3Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.

1.3 Өнімге қатысты белгілер

1.3.1 Өнімдегі белгілер

Өнімде төмендегі белгілер пайдаланылуы мүмкін:

HILTI EXO-T-22 - Өнімдегі белгілер - 1Өнім iOS және Android платформаларымен үйлесімді NFC технологиясын қолдайды.
[5SWK]¥стағыш EXO-T-22 L-shaped
HILTI EXO-T-22 - Өнімдегі белгілер - 2¥стағыш EXO-T-22 I-shaped
HILTI EXO-T-22 - Өнімдегі белгілер - 3Литий-иондық аккумулятор
HILTI EXO-T-22 - Өнімдегі белгілер - 4Аккумуляторды еш жағдайда сокпа құрал ретінде пайдаланбаңыз.
HILTI EXO-T-22 - Өнімдегі белгілер - 5Аккумуляторды құлатып жіберменіз. Сокқы тиген немесе басқа жолмен зақымдалған аккумуляторды пайдаланбаңыз.

1.4 Өнім туралы ақпарат

HILTI өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.

Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.

Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.

Өнім туралы мәліметтер

Көтеру механизмі EXO-T-22
Буын 01
Сериялық нөмір

1.5 Сэйкестілік декларациясы

Өндіруші осы нүсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы заңнамаға және қолданыстағы стандарттарға сәйкес екендігін толық жауапкершілікпен жариялайды. Сәйкестілік декларациясының суреті осы кужаттаманың соңында орналасқан.

Техникалық кужаттама мына жерде сақталған:

2.1 Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар

⚠️ ЕСКЕРТУ Бүл өнімге арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды, суреттерді және техникалық деректерді оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жаракаттарды тудыруы мүмкін.

Қауіпсіздік бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін сақтап қойыңыз.

Кез келген жағдайда бекітілген электр құралының қызмет көрсету бойынша нұсқаулығын орынданыз.

Жумыс орны

Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Тутанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылғыш аймақта өніммен жұмыс істемеңіз. Жұмыс кезінде электр құралдары ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе буларды түтандыруы мүмкін.
Балаларды және бөгде адамдарды жұмыс істеп түрган өнімнен алшақ ұстаңыз. Назарыңыз басқа нөрсеге ауса, өнімді басқару мүмкіндігін жоғалтуыңыз мүмкін.
- Өнімді кино кезінде қоршаған ортаға назар аударыңыз және айналаңызда адамдар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Консольді зақымдап, адамдарды жаракаттауыңыз мүмкін.

Адамдардың қауіпсіздігі

  • ¥қыпты болыңыз, әрекеттеріңізге кеңіл бөліңіз және электр құралымен жұмыс істеуге дұрыс қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң электр құралын қолданбаңыз. Электр құралын қолданған кездегі зейінсіздік ауыр жаракаттарға апарып соғуы мүмкін.
    Электр құралының кездейсок қосылуын болдырмаңыз. Аккумуляторды қосу, ұстау немесе тасымалдау алдында, өнімнің өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. Сақтамау жазатайым окифаларға әкелуі мүмкін.
    Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға түрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе- тендікті сақтаңыз. Бүл күтпеген жағдайларда электр құралын жақсырақ басқаруға мүмкіндік berеді.
    ▶ Берілген электр құралын пайдалану кезінде тұрақты беріктікті қамтамасыз етіңіз. Кенет жарылу нәтижесінде тепе-тендігіңіз бұзылуы мүмкін!
    ▶ Кез келген уақытта бекітілген электр құралының салмағын көтере алатын күйде болыңыз. Қолайсыз жағдайларда сымарқан үзілуі немесе қозғалтқыш / тежегіш істен шығуы мүмкін, бул тепе-тендігіңізді жоғалтуға әекеледі.
  • Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және қолғапты электр құралының айналатын түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер және ұзын шаш оларға ілінуі мүмкін.
  • Өнімді пайдаланған кезде әрдайым құрғауыш аяқ қиімді, дулығаны киіңіз және көзді қорғау құралдарын тағыңыз. Жеке қорғаныс құралыңызды бекітілген электр құралына қажет барлық элементпен толықтырыңыз (мысалы, шуылға қарсы құлаққап, шаңнан қорғайтын маска).
  • Өнімді дұрыс кию әдісі туралы нұсқауларды орынданыз. Барлық қолданыстағы белдікті жабыңыз. Белдіктерді дұрыс такпаған жағдайда, тасымалданатын салмақ, дұрыс үлестірілмей, нәтижесінден жаракат алуға әкелуі мүмкін.
  • Өз мойныңызға қате қауіпсіздік сезімін алмаңыз және электр құралына арналған қауіпсіздік ережелерін бүзбаңыз, тіпті электр құралын жиі қолданатын тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз. Мұқиятсыз қолдану бірнеше секундта ауыр жаракаттануға апарып соғуы мүмкін.
  • Өнімді қолданбаған немесе үзіліс жасаған жағдайда қойып қойыңыз. Қажеттілікке сай кимеу жазатайым оқигалар мен жаракаттануға әкелуі мүмкін.

  • Аркаңызда қатты ауырлықты сезінсеңіз, өнімді түсіріп қойыңыз. Шамадан тыс кию дене жаракатына әкелуі мүмкін.
    ▶ Өнімді қауіпсіздік бөлдігімен бірге пайдаланбаңыз.
    ▶ Өніммен түңғыыққа жақын жерде жұмыс істемеңіз.

Өнімді пайдалану және оған қызмет көрсету

Бекітілген электр құралын әрдайым екі қолмен арнайы түтқаларынан мықтап ұстаңыз. Қолыңызды кері сокқы күшін теңестіруге мүмкіндік беретін күйге келтіріңіз.
Ажыратқыш ақаулы болса, өнімді пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге келмейтін өнім қауіпті және оны жәндеу керек.
- Өнімге муқият күтім көрсетіңіз. Жылжымалы бөліктердің ақаусыз қызмет ететінін және қысылмайтынын, бөліктердің сынбағанына немесе өнімнің жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Зақымдалған бөліктерді өнімді іске қосудан бурын жөндеп алыңыз. Нашар жөнделген өнімдер көптеген жазатайым оқифаларға себепкер болады.
Реттеулерді орындау, кұрамдас бөлшектерді ауыстыру немесе өнімді алып тастау алдында, аккумуляторды шығарыңыз. Бүл сақтық шарасы электр кұралының кездейсок қосылуын болдырмайды.
- Өнімді және керек-жарактарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
- Өнімде немесе керек-жарактарда ешкандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
Кулап қалған құралдардан және/немесе керек-жарактардан жаракат алу қаупі бар. Жұмысты бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарактың берік бекітілгеніне кез жеткізіңіз.
Электр құралының құлауынан жаракат алу қаупі бар. Жұмысты бастамас бұрын бекітілген электр құралының мыктап бекітілгенін тексеріңіз.
Бекітілген электр құралдары үшін рүқсат етілген салмақтан аспаңыз (техникалық деректерді қараңыз).
Сымрканды консольден жерге карай таркатпаңыз. Егер сымарканды таркатуды тоқтатпасаңыз, ол ақырында кері бағытта қайта оралады. Электр құралы осы қүйде бекітілген болса, EXO-Т-22 оны ұстап тұра алмайды.
Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Бүл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын ескеріңіз. Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Өнімді жуктерді көтеру үшін пайдаланбаңыз.
▶ Өнімге ешкандай зат ілмеңіз. Өнімді тек электр құрылғысына көмекші көтеру құрылғысы ретінде пайдаланыңыз.
"Максатты пайдалану" бөлімінде көрсетілмеген электр құралдарын өнімге бекітпеніз.
▶ Өнімді жаңбарды пайдаланбаңыз.
- Тығыз кеңістіктерде жұмыс істемеңіз. Кедергілермен немесе қабырғалармен жанасуын болдыр- маңыз.
- Өнімді кернеуі жоғары аймақтарға немесе жарылыс қаупі бар аймақтарға жақын орналастырмаңыз.

Аккумуляторлық аспапты пайдалану және оған қарау

  • Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз. Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы мүмкін.
    Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жақақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мұмкін.
    Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың түйықталуының себебі болуы мүмкін скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының түйықталуы күйіктерге немесе түтануға әкелуі мүмкін.
  • Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мұмкін. Оған тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді тудыруы мұмкін.
  • Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жаракаттану қаупін тудырады.
  • Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130 °C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.

HILTI

Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық құралды ешкашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін артыруы мүмкін.

Кызмет

Электр құралын жөндеуді тек түпнуска қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бүл электр құралын қауіпсіз қүйде сақтауды қамтамасыз етеді.
Закымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Аккумулятордың толық күтімін тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.

2.2 Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану

▶ Литий-иондық аккумуляторларды пайдалану және күту бойынша төмендегі қауіпсіздік шараларын орынданыз. Нұсқауларды орындамау тері тітіркенуіне, ауыр тот басқыш жақақаттарға, химиялық күйіктерге, өртенуге және/немесе жарылыска апарып соғуы мүмкін.
- Аккумуляторларды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
Закымдалуды болдырмау және денсаулыққа қатты зиян келтіре алатын сүйықтықтардың шығуына жол бермеу үшін аккумуляторларды абайлап қолданыңыз!
- Аккумуляторларды ешбір жағдайда модификациялауға немесе құрылымына өзгеріс енгізуге болмайды!
- Аккумуляторларды бөлшектеуге, кысуға, 80°C (176°F) шамасынан жоғары температураға дейін кыздыруға және жағуға тыйым салынады.
Соккы тиген немесе баскаша зақымдалған аккумуляторларды пайдаланбаңыз немесе зарядтамаңыз. Аккумуляторларда зақымдалу белгілерінің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
▶ Еш жағдайда қайта өңделген немесе жөнделген аккумуляторларды пайдаланбаңыз.
Ешкашан аккумуляторды немесе аккумуляторлық электр құралын сокпа құрал ретінде пайдаланбаңыз.
- Аккумуляторларға ешкашан тікелей күн сәулесі, жоғары температура, ұшқын немесе ашық жалын әсерін тигізбеніз. Бүл жарылыска апарып соғуы мүмкін.
Батарея полюсіне саусакпен, куралдармен, өшекеймен немесе баска да электр тогын өткізетін бөгде заттармен тимеңіз. Бүл аккумуляторға зақым келтіруі, сондай-ақ, мүлікке залал келтіруі және жаракат алуға әкелуі мүмкін.
- Аккумуляторларды жаңбыр, ылғал мен сүйықтықтарда алшақ ұстаңыз. Еніп кеткен ылғал қысқа түйықталу, ток соғу, күйіп қалу, өртену және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
▶ Тек осы аккумулятор түрі үшін кезделген зарядтағыш құрылғылар мен электр құралдарын пайдаланыңыз. Бүл ретте тиісті пайдалану бойынша нұсқаулықтардағы мәліметтерге назар аударыңыз.
- Аккумуляторды жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды түтанғыш материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, түтанбайтын жерге қойыңыз. Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін өлі де қолға ыстық болып түрса, бұл оның ақаулы екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз немесе «Қауіпсіздік және Hilti Li-lon аккумуляторын пайдалану бойынша нұсқаулар» атты құжатты оқып шығыңыз.

HILTI EXO-T-22 - Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану - 1

Литий-иондык, аккумуляторларды тасымалдау, сақтау және пайдалану үшін қолданылатын арнайы директиваларды ескеріңіз. → Бет 329

Аталмыш пайдалану бойынша нүсқаулықтың соңындағы QR кодын сканерлеу арқылы табуға болатын Hilti Li-Ion аккумуляторларына арналған қауіпсіздік және пайдалану бойынша нүс-қауларды оқып шығыңыз.

3.1 Өнімге шолу

HILTI EXO-T-22 - Өнімге шолу - 1

① Консольді бекіту күйі
② Консольді буғаттан шығару түймесі
③ Консоль
④ Соккы бэсендеткіші
⑤ Көтергіш сымаркан
⑥ IJMEK
⑦ Кашыктан баскару күралына арналған кабель
⑧ Иык белдігі
⑨ Кеуде белдігі
⑩ Кашыктан баскару күралы
⑪ Тіреу бағаны
⑫ Белдік ¥зындығын реттеу
⑬ Бел буатын белдік
⑭ Аккумулятор
⑮ Биіктікті реттеу
⑯ Аккумуляторды күлыптан босату түймесі
⑰ Аккумулятордың күй индикаторы
⑱ Косу/өшіру түймесі
⑲ Жарык диодты жұмыс индикаторы (жасыл)
⑳ Жоғары түймесі
⑳ Төмен түймесі
②2 Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

3.2 Маçсатына сай қолдану

Сипатталған өнім аккумулятормен жұмыс істейтін белсенді көмекші көтеру құрылғысы. Ол Hilti SDS- мах балғаларын, сондай-ақ кескіш пен кен балғасын ұстан тұруға арналған.

  • Бул өнім үшін тек В 22 сериялы Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторларын пайдаланыңыз. Hilti компаниясы бул өнім үшін оңтайлы құатқа қол жеткізу мақсатында осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы кестеде көрсетілген аккумуляторларды пайдалануға кеңес береді.
  • Бул аккумуляторлар үшін тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы кестеде белгіленген серияларға жататын Hilti зарядтағыш құрылғыларын қолданыңыз.

3.3 Жеткізілім жинағы

Кетеру механизмі, электр күралына арналған ұстағыш, қызмет көрсету бойынша нұсқаулық Оған қоса өніміңіз үшін рүқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-сайттан табуға болады: www.hilti.group

Куралдың бөлшектері Сипаттамасы
Жарыкдиодты жұмыс индикаторы тұрақты түрде жасыл түспен жанадыӨнім қосулы.Көтергіш сымарқан бұғаттан босатылған.
Жарыкдиодты жұмыс индикаторы жасыл түспен жыпылықтайдыӨнім қосулы.Көтергіш сымарқан бұғатталған.
Жарыкдиодты жұмыс индикаторы тұрақты түрде қызыл түспен жанадыӨнімде уақытша ақаулық орын алды.Өнімді өшіріп қайта қосыңыз.
Жарыкдиодты жұмыс индикаторы жанбайды Өнім өшірілген.
Заряд деңгейінің индикаторы тұрақты түрде сарыл қайдаланылған аккумулятордың заряд деңгейі түспен жанадыПайдаланылған аккумулятордың заряд деңгейі 25% шамасынан төмен.

3.5 Li-Ion аккумуляторының индикаторлары

Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторлары аккумуляторлардың заряд деңгейін, ақаулық туралы хабарларын және күйін көрсете алады.

3.5.1 Заряд деңгейінің және ақаулық туралы хабарлардың индикаторлары

HILTI EXO-T-22 - Заряд деңгейінің және ақаулық туралы хабарлардың индикаторлары - 1

ECKEPTY

Жаракат алу каупі аккумулятордың кулауынан!

- Аккумулятор енгізілген кезде, құлыптан босату түймесін басқаннан кейін аккумулятордың пайдаланылатын өнімге тиісінше бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

Төмендегіндикациякөрсеткіштерініңбірінеқол жеткізу үшін аккумулятордың құлыптан босату түймесін қыскажа басыңыз.

Заряд деңгейі және ыктимал ақаулықтар жалғанған өнім қосылып түрған кезде үздіксіз көрсетіледі.

Құралдың бөлшектері Сипаттамасы
Төрт (4) жарық диоды жасыл түспен тұрақты жанып түрЗаряд деңгейі: 100% және 71% аралығында
Үш (3) жарық диоды жасыл түспен тұрақты жанып түрЗаряд деңгейі: 70% және 51% аралығында
Екі (2) жарық диоды жасыл түспен тұрақты жанып түрЗаряд деңгейі: 50% және 26% аралығында
Бір (1) жарық диоды жасыл түспен тұрақты жанып түрЗаряд деңгейі: 25% және 10% аралығында
Бір (1) жарық диоды жасыл түспен баяу жыпылықтайдыЗарядтау күйі: < 10%
Бір (1) жарық диоды жасыл түспен жылдам жыпылықтайдыLi-Ion аккумуляторының заряды толықтай таусылды. Аккумуляторды зарядтаңыз.Жарық диоды аккумуляторды зарядтағаннан кейін сонда да жылдам жыпылықтаса, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бір (1) жарық диоды сары түспен жылдам жыпылықтайдыLi-Ion аккумуляторы немесе оған байланысты өнімге артық жүктеме түсті, қатты қызып кетті немесе басқа ақаулық орын алды.Өнім мен аккумуляторды ұсынылған жұмыс температурасына жеткізіңіз және өнімді пайдаланған кезде оған артық жүктеме түсірменіз.Хабар көрсетіле берсе, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бір (1) жарық диоды сары түспен жанып түрLi-Ion аккумуляторы және оған қосылған өнім үйлесімді емес. Hilti қызмет көрсету орталығын хабарласыңыз.
Бір (1) жарық диоды қызыл түспен жылдам жыпылықтайдыLi-Ion аккумуляторы құлыптаулы және оны бұда былай пайдалану мүмкін емес. Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

3.5.2 Аккумулятор күйін көрсететін индикаторлар

Аккумулятордың күйін шақыру үшін құлыптан босату түймесін үш секундтан артық басып тұрыңыз. Жүйе құлату, тесу, сыртқы жылудан зақым келтіру және т.с.с. қате қолданудан туындаған батареяның ақаулығын анықтамайды.

Құралдың бөлшектері Сипаттамасы
Барлық жарық диодтары жұмыс шамы ретінде жанады, содан кейін бір (1) жарық диоды жасыл түспен тұрақты жанады.Аккумуляторды ары қарай пайдалануға болады.
Барлық жарық диодтары жұмыс шамы ретінде жанады, содан кейін бір (1) жарық диоды сарымүмкін болмады. Әрекетті қайталаңыз немесе түспен жылдам жыпылықтайды.Аккумулятор қүйі туралы сұрауды орындау мүмкін болмады. Әрекетті қайталаңыз немесе Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.
Барлық жарық диодтары жұмыс шамы ретінде жанады, содан кейін бір (1) жарық диоды қызы түспен тұрақты жанады.Жалғанған өнімді ары қарай пайдалану мүмкін болса, бұл қалған аккумулятор қуатының 50% шамасынан төмен болғанын білдіреді. Жалғанған өнімді ары қарай пайдалану мүмкін болмаса, бұл аккумулятордың қызмет ету мерзімі аяқталғанын және оны алмастыру керек екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

4 Техникалық деректер

Аккумуляторсыз салмағы7,75 кг
Керек-жарактарды қоса алғанда, бекітілген электр құралының қүқсат етілген салмағықг ... 17 кг
Жұмыс кезіндегі қоршаған орта температурасы-17 °C ... 60 °C
Сақтау температурасы-20 °C ... 70 °C

4.1 Аккумулятор

Аккумулятордың жұмыс кернеуі21,6 В
Аккумулятор салмағыОсы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңында қараңыз
Жұмыс кезіндегі қоршаған орта температурасы-17 °C ... 60 °C
Сақтау температурасы-20 °C ... 40 °C
Зарядтаудың басындағы аккумулятор температурасы-10 °C ... 45 °C

4.2 EN 62841-1:2015, AC:2015 сэйкес шуыл туралы акпарат

Осы нүсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мәндері стандартты өлшеу әдістеріне сәйкес өлшенген және басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Сонымен бірге, ол экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды.

Берілген деректер электр құралының негізгі жұмысын көрсетеді. Алайда, егер электр құралы басқа мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса немесе орган қанағаттандырмайтын техникалық қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мұмкін. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мұмкін.

Экспозицияны дэл анықтау үшін электр құралы сөндірілген күй немесе бос жұмыс істейтін уақыт аралықтарын да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай азаюы мүмкін.

Операторды пайда болатын шуылдан қорғау үшін қосымша сақтық шараларын қолданыңыз, мысалы: электр құралына және алмалы-салмалы аспаптарға техникалық қызмет көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.

Шуыл туралы акпарат

Дыбыс күшінің деңгейі (А)83 дБ(А)
Дыбыс күшінің деңгейі бойынша дәлсіздік _w (К3 дБ(А)
Дыбыс қысымының деңгейі (Д)72 дБ(А)
Дәлсіздік, дыбыс қысымының деңгейі (Ж3 дБ(А)

HILTI EXO-T-22 - Шуыл туралы акпарат - 1

ECKEPTY

  • Аккумуляторды орнату алдында оған қатысты өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
  • Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында аккумуляторды шығарыңыз.

Осы кожаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орынданыз.

  1. Зарядтау алдында зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
  2. Аккумулятордағы және зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің таза әрі құрғақ екендігіне кез жеткізіңіз.
  3. Аккумуляторды рүқсат етілген зарядтағыш құрылғы ішінде зарядтаңыз. → Бет 321

Жаракат алу каупі кыска түйыкталудан немесе аккумулятордың құлауынан!

  • Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және әнімдегі контактілерде бөгде заттардың жоктығына көз жеткізіңіз.
  • Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

  • Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.

  • Аккумуляторды өнімге шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
  • Аккумулятордың аспапка берік бекітілгенін тексеріңіз.

5.3 Аккумуляторды шығару

  1. Аккумулятордың кұлыптан босату түймесін басыңыз.
  2. Аккумуляторды өнімнен шығарыңыз.

5.4 Электр куралына арналған ұстағышты орнату

HILTI EXO-T-22 - Электр куралына арналған ұстағышты орнату - 1

АБАЙЛАНЫЗ

Жабык булыктардан туындайтынқауіп. Жабык булыктардың салдарынан электр құралы қатты қызып кетеді, бүл күйік шалуға және электр құралының зақымдалуына әкелуі мүмкін.

Hilti компаниясы бекітулі электр құралдары үшін әртүрлі ұстағыш ұсынады. Электр құралының пішініне сәйкес келетін жарамды ұстағышты пайдаланыңыз.

HILTI EXO-T-22 - АБАЙЛАНЫЗ - 1

Устағыштың қызмет көрсету бойынша нұсқаулығын оқыңыз!

  1. Кара таспаны электр күралының кара түткасына ораңыз.
    ▶ Кажет болса, электр құралының басқару кілтін бұғаттамау үшін аралықты сақтау құралын пайдаланыңыз.
  2. Белдіктің ілгегін ұстағыштың ілмегіне іліп, белдікті қатайтыңыз.
  3. Содан кейін белдіктің бос ұшын тартылған белдіктің айналасына ораңыз, бүл белдік ұшының жұмыс барысында кедергі келтірмеуіне мүмкіндік береді.
  4. Кызыл белдікті электр күралының қызыл қозғалтқыш корпусына ораңыз.
  5. Белдіктің ілгегін ұстағыштың ілмегіне іліп, белдікті қатайтыңыз.
  6. Содан кейін белдіктің бос ұшын тартылған белдіктің айналасына ораңыз, бүл белдік ұшының жұмыс барысында кедергі келтірмеуіне немесе енгізілмелі құралға түсіп, шырмалып қалмауына мүмкіндік береді.

5.5 Консольді жаю

HILTI EXO-T-22 - Консольді жаю - 1

ECKEPTY

Консольді жинау барысында жаракат алу кауп бар. Саусағыңызды консоль немесе сымарқанды соңғы күйге кетеру арқылы қысып алу каупі бар.

  • Консольді жинау кезінде қорғаныс қолғабын киіңіз.
    ▶ Консольді жинамас бұрын өнімді өшіріңіз.
  • Консольді жинамас бұрын электр күралын және/немесе оның ұстағғышын босатыңыз.
  • Консольді жинамас бурын қоршаған ортада жеткілікті орын бар екеніне кез жеткізіңіз.

HILTI EXO-T-22 - ECKEPTY - 1

ECKEPTY

Консоль бугатталмаған жағдайда жақақат алу қаупі бар. Консоль мен бекітілген электр құралының бақыланбайтын қозғалысы.

  • Өнімді қосып, оны пайдаланбас бұрын консольдің дұрыс бұғатталғанына көз жеткізіңіз.
  • Консоль тиісінше буғатталмаса, өнімді пайдалануға болмайды.

  • Консольдің буғаттан шығару түймелерін екі жағынан да басыңыз.

  • Консольді 270° алға қарай бұрыңыз.
  • Консольдің екі жағынан да бекіту күйінде мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

6 Кызмет көрсету

Осы кужаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орынданыз.

6.1 Кию

6.1.1 Биіктікті реттеу 3

HILTI EXO-T-22 - Биіктікті реттеу 3 - 1

Биіктікті реттеу үшін EXO-T-22 алып тастау қажет.

  1. Биіктікті реттеуге арналған құлақты бұрандаларды бұрап кіргізіңіз.
  2. Кажетті биіктікті орнатыңыз.
  3. Биіктікті реттеуге арналған құлақты бұрандаларды бұрап бекітіңіз.

▶ Биіктігі екі жағынан бірдей реттелгеніне көз жеткізіңіз.

  1. Өнімді рюкзак секілді шешіп киіп алыңыз. Қолыңызды иық бөлдіктері арқылы әткізіп, иық бөлдіктерін иығыңызға орналастырыңыз.
  2. Бел буатын белдіктің қыскышын жабыңыз.
  3. Белдікті орналастырыңыз.

▶ Бел буатын белдік бел биіктігіндегі бөкселіктің үстінде орналасуы тиіс.
▶ Бел буатын белдік пайдалану барысында сырғымауы керек.

  1. Белдік енін реттеңіз.

▶ Белдікті босату үшін сатылы тоғаларды еңкейтіңіз.
▶ Бел буатын белдікті керу үшін оның әр ұшын алға тартыңыз.

  1. Бел буатын белдіктің үштарын белдік ұстағыштарында орналастырыңыз.
  2. Keуде белдігінің қыскышын жабыңыз.
  3. Keуде белдігінің биіктігі мен енін реттеп шығыңыз.
  4. Иык белдіктерін реттеп шығыңз. Иык белдіктерін керу үшін белдік үштарын төмен тартыңз. Иык белдіктерін босату үшін сатылы тоганы еңкейтіңз.

- Кол көтерген кезде, бел буатын белдік жоғары тартылмауы тиіс. Бел буатын белдік позициясы өзгерген жағдайда, иық белдіктерін босату қажет.

6.2 Косу/өшіру

  1. Өнімді қосу үшін қашықтан басқару құралының "Қосу/Өшіру" түймесін басыңыз.

Жарыкдиодты жұмыс индикаторы тұрақты түрде жасыл түспен жанады.

HILTI EXO-T-22 - Косу/өшіру - 1

Көтергіш сымарқан сонғы күйде болмаса, ол қуат қосылғаннан кейін толығымен оралады. Бекітілген электр құралында жүктеме анықталған жағдайда, бүл процесс тоқтатылып, көтергіш сымарқан қыска қозғалыстан кейін әрекетін тоқтатады.

  1. Өнімді өшіру үшін қашыктан басқару құралының "Қосу/Өшіру" түймесін қайта басыңыз.

Жарык диодты жұмыс индикаторы сөнеді.

6.3 Электр құралын ілу

  1. Электр куралына арналған устағышты орнатыңыз. → Бет 324

  2. Өнімді қосыңыз. → Бет 326

  3. Төмендегі шарт орындалғанда, бүл әрекетті қосымша орынданыз:

Шарттар: Бекітілетін электр құралы жерде немесе баска қатты бетте жатыр.

Электр құралын көтермей бекіту үшін EXO-T-22 құрылғысынан жеткілікті түрде көтергіш сымарқанды тартқату мақсатында Төмен түймесін пайдаланыңыз. Көтергіш сымарқанды тарқату үшін балама консольді баяу төмен қарай тартыңыз.

HILTI EXO-T-22 - Электр құралын ілу - 1

Көтергіш сымарканның максимальды ұзындығына назар аударыңыз.

EXO-T-22 ілгегін ұстағыштың екі ілмегінің біріне іліңіз.
Жоғары түймесін басыңыз. Көтеру әрекетін қолмен орындамаңыз.

▶ Бекітілген электр құралы көтеріледі.

Бекітілген электр құралын қалаған биіктікке шамамен 2 секундтай еркін күйде іліп қойыңыз.

▶ Бекітілген электр құралының салмағы автоматты түрде анықталып, инициализацияланады.
▶ Егер пайдаланушы тарту немесе кетеру әрекеттері арқылы тым ерте араласса, салмақ дұрыс инициализацияланбайды және бекітілген электр құралы автоматты түрде түсіріледі немесе көтеріледі.

HILTI EXO-T-22 - Электр құралын ілу - 2

Электр құралы барлық керек-жарак және енгізілмелі құралмен мүмкіндігінше көлденен құйде ілінуі керек. Егер бекітілген электр құралы бір жаққа тым кисайып кетсе, ұстағыштың басқа ілмегін пайдаланыңыз. Содан кейін электр құралының салмаған жаңадан инициализациялау қажет.

  1. Төмендегі шарт орындалғанда, бүл әрекетті қосымша орынданыз:

Шарттар: Бекітілген электр құралын еркін аспалы күйде ілу қажет.

▶ Төмен түймесі арқылы көтергіш сымарқанның қалаған ұзындығын тарқатыңыз.

HILTI EXO-T-22 - Электр құралын ілу - 3

Бекітілген электр құралынан кемінде 15 см төмен жеткілікті еркін құлау траекториясын сақтаңыз.

EXO-T-22 ілгегін ұстағыштың екі ілмегінің біріне іліңіз.

Электр құралының кенет төмендеуіне мүмкіндік беріңіз. EXO-T-22 құрт үдеуді анықтайды және еркін құлау траекториясының бірнеше сантиметрінен кейін бекітілген электр құралын токқтатады. Бекітілген электр құралын қалаған біжктікке шамамен 2 секундтай еркін қүйде іліп қойыңыз.

▶ Бекітілген электр құралының салмағы автоматты түрде анықталып, инициализацияланады.
▶ Егер пайдаланушы тарту немесе кетеру өрекеттері арқылы тым ерте араласса, салмақ дұрыс инициализацияланбайды және бекітілген электр құралы автоматты түрде түсіріледі немесе кетеріледі.
Бекітілген электр құралы түсірілгеннен кейін дұрыс инициализацияланбаған жағдайда, Жоғары немесе Төмен түймесін басыңыз.

Сондай-ак электр құралын ілмес бұрын сымарқанды бекітуге болады. Содан кейін электр құралы тұрақты біктікте ілулі күйінде қалады. Содан кейін Жоғары немесе Төмен түймесін басыңыз. Нәтижесінде бүл электр құралын жылжытылып, бір уақытта оның салмағын анықтайды және инициализациялайды.

Электр құралы барлық керек-жарак және енгізілмелі құралмен мүмкіндігінше көлденен қуйде ілінуі керек. Егер бекітілген электр құралы бір жаққа тым қисайып кетсе, ұстағыштың басқа ілмегін пайдаланыңыз. Содан кейін электр құралының салмаған жаңадан инициализациялау қажет.

6.4 EXO-T-22 бірге жұмыс істеу

EXO-T-22 құрылғысы бекітілген электр құралының салмағын анықтап, инициализациялағаннан кейін, электр құралы өрдайым электр құралын жылжытқан биіктікте бекітіледі.

  1. Бекітілген электр құралын жоғары қарай жылжыту үшін оны сәл көтеріңіз.
    EXO-T-22 кұрылғысы салмақтың азаюйын анықтайды және көтергіш сымарқанды электр кұралымен бірге жоғары қарай тартады.
  2. Бекітілген электр құралын төмен қарай жылжыту үшін оны жай ғана төмен басыңыз.
    EXO-T-22 кұрылғысы салмақтың артуын анықтайды және көтергіш сымарқанды баяу карқынмен тарқатады.
  3. Козгалысты токтату үшін бекітілген электр куралына тігінен күш колданбаныз.
  4. Көтергіш сымарканнын оралуын немесе тарқатылуын болдырмау үшін Жогары және Төмен түймелерін бір уақытта басып тұрыңыз.

Жарыкдиодты жумыс индикаторы жасыл туспен жыпылыктайды.
▶ Көтергіш сымаркан буғатталады.

  1. Көтергіш сымарканды буғаттан босату үшін Жоғары немесе Төмен түймесін басыңыз.

Жарыкдиодты жумыс индикаторы туракты түрде жасыл түспен жанады.
▶ Көтергіш сымаркан бүғаттан босатылады.

Егер бекітілген электр құралы тек жоғары кедергімен жоғары және төмен қозғала алса, бекітілген электр құралының салмағын қайта инициализациялау қажет. Бүл үшін бекітілген электр құралын Жоғары немесе Төмен түймесі арқылы жоғары немесе төмен қарай қысқа жылжытып, электр құралын 2 секундқа еркін қүйде іліп қойыңыз. Салмақ жаңадан инициализацияланады және қозғалысқа кедергі қайта төмендетіледі.

6.5 Электр куралын ажырату

АБАЙЛАНЫЗ

Көтергіш сымарканның кенет қозғалысынан жаракат алу қаупі бар. Бекітілген электр ққұралын көтеру немесе түсіру салдарынан жаракат алу және/немесе закымдау.

▶ Бекітілген электр құралын ажыратпас бұрын кетергіш сым арқанды әрдайым бекітіңіз.

  1. Бекітілген электр құралын жерге немесе басқа тұрақты бетке түскенше төмендетіңіз.

Сондай-ак электр күралын еркін аспалы күйде алуға болады.

HILTI

  1. Көтергіш сымарканның қозғалысын сақтау үшін Жоғары және Төмен түймелерін бір уақытта басып тұрыныз.

Жарыкдиодты жұмыс индикаторы жасыл түспен жыпылыктайды.
▶ Көтергіш сымаркан буғатталады.

  1. Бекітілген электр құралын ілгектен шешіңіз.

6.6 Шешу

  1. Жоғары түймесін басу арқылы көтергіш сымарқанды толығымен ораңыз.
  2. Өнімді өшіріңіз.
  3. Иык белдігінің сатылы тоғаларын босату үшін оларды еңкейтіңіз.
  4. Keуде белдігінің қыскышын ашыңыз.
  5. Бел буатын белдіктің қыскышын ашыңыз.
  6. Өнімді рюкзак секілді шешіп қойыңыз.

7 Кутім және техникалық қызмет көрсету

HILTI EXO-T-22 - Кутім және техникалық қызмет көрсету - 1

ECKEPTY

Аккумулятор енгізілген кезде жаракат алу қаупі бар !

▶ Кутім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!

Өнімге қызмет көрсету

  • Катты жабысып калған кірді абайлап кетіріңіз.
  • Бр болса, желдету саңылауларын күргак, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
  • Корпусты сөл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
  • Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.

Литий-иондык аккумуляторга қызмет көрсету

  • Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын кұрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
  • Аккумуляторға шаңның немесе кірдің кажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың тиюіне ешкашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).

Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны түтанбайтын контейнерге окшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

- Аккумулятордыбөгде майменмайлағыштантазаустаңыз. Аккумулятордашаң не кірдің қажетсіз жи- налуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Ешкандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.

Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден кетіріңіз.

- Корпусты сөл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.

Техникалық қызмет көрсету

  • Көзгекөрінетін барлық бөлшектердезақымдардыңбар-жоғынжәне басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
  • Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді міндетті түрде Hilti қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
  • Кутім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.

HILTI EXO-T-22 - Техникалық қызмет көрсету - 1

Қауінсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын қолданыңыз. Hilti мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен әнімге арналған керек-жарактар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group

8 Аккумуляторлық құралдар мен аккумуляторларды тасымалдау және сақтау

Тасымалдау

HILTI EXO-T-22 - Тасымалдау - 1

АБАЙЛАНЫЗ

Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !

▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалданыз!

  • Аккумулятор(лар)ды шығарыңыз.
  • Аккумуляторларды ешкашан ўймеде тасымалдамаңыз. Тасымалдау барысында аккумуляторларды шамадан артық соққы мен дірілден қорғау және олардың басқа батарея полюстерімен жанасуына және қысқа түйықталудың түындауына жол бермеу үшін кез келген ток өткізгіш материалдардан немесе басқа аккумуляторлардан окшаулау керек. Аккумуляторларға арналған жергілікті тасымалдау ережелерін сақтаңыз.
  • Аккумуляторларды поштамен жіберуге болмайды. Зақымдалмаған аккумуляторларды жіберу қажет болғанда, жеткізуші кәсіпорындарға хабарласыңыз.
  • Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзак, уақыт бойы тасымалдағаннан кейін зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.

Сақтау

HILTI EXO-T-22 - Сақтау - 1

ECKEPTY

Бүлінген немесе заряды таусылған аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу !

▶ Онімінізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып сақтаңыз!

▶ Өнім мен аккумуляторларды салқын және құрғақ жерде сақтаңыз. Техникалық деректерде көрсетілген температураның шектік мәндерін ескеріңіз.
- Аккумуляторларды зарядтағыш құрылғыда сақтамаңыз. Аккумуляторды зарядтағаннан кейін әрдайым зарядтағыш құрылғыдан шығарыңыз.
- Аккумуляторларды еш жағдайда күн мен жылу көздерінің астында немесе шыны әйнек артында сақтамаңыз.
- Өнім мен аккумуляторларды балалар мен рүксаты жок адамдардың қолы жетпейтін жерде сақта- ңыз.
- Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзак ұақыт бойы сақтағаннан кейін зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.

8.1 Консольді жинау

HILTI EXO-T-22 - Консольді жинау - 1

ECKEPTY

Консольді жинау барысында жаракат алу кауп бар. Саусағыңызды консоль немесе сымарқанды соңғы күйге көтеру арқылы қысып алу каупі бар.

▶ Консольді жинау кезінде қорғаныс қолғабын киіңіз.
- Консольді жинамас бұрын өнімді өшіріңіз.
- Консольді жинамас бұрын электр құралын және/немесе оның ұстағғышын босатыңыз.
- Консольді жинамас бұрын қоршаған ортада жеткілікті орын бар екеніне көз жеткізіңіз.

Консольді тасымалдау және сақтау үшін жинаңыз.

  1. Консольдің бұғаттан шығару түймелерін екі жағынан да басыңыз.
  2. Консольді 270° кері бурыңыз.
  3. Консольдің екі жағынан да бекіту күйінде мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

9 Акаулардағы көмек

Кез келген ақау орын алған жағдайда, аккумулятордың күй индикаторына назар аударыңыз. Li-Ion аккумуляторының индикаторлары бөлімін қараңыз.

Бул кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

АкаулықЫқтимал себепШешім
Бекітілген электрқұралы баяутөмендетіледі/ұсталмайдыАккумулятор зарядын босатыңыз▸ Аккумуляторды зарядтаңыз.→ Бет 324
Ақаулық ықтимал себеп Шешім
Бекітілген электр құралы баяу төмендетіледі/усталмайдыБекітілген электр құралының салмағы тым жоғары▸ Бекітілген электр құралының максимальды салмағын сақта-ңыз, техникалық деректерді қараңыз. → Бет 323
Аккумулятор жұмыс барысында алынып тасталынды.▸ Аккумуляторды орнатыңыз.
▸ Өнімді қосыңыз. → Бет 326
▸ Бекітілген электр құралын жаңадан инициализациялау үшін Жоғары түймесін басыңыз. Электр құралын 2 секундқа еркін күйде іліп қойыңыз. → Бет 326
Бекітілген электр құралының салмағы дұрыс инициализацияланбаған немесе электр құралы инициализация барысында қолмен жылжытылған.▸ Бекітілген электр құралын жаңадан инициализациялау үшін Жоғары түймесін басыңыз. Электр құралын 2 секундқа еркін күйде іліп қойыңыз. → Бет 326
Көтергіш сымарқан бекітілген электр құралын көтеру кезінде кідірісіпен жауап береді.Бекітілген электр құралының салмағы дұрыс инициализацияланбаған немесе электр құралы инициализация барысында қолмен жылжытылған.▸ Бекітілген электр құралын жаңадан инициализиялау үшін Жоғары түймесін басыңыз. Электр құралын 2 секундқа еркін күйде іліп қойыңыз. → Бет 326
Бекітілген электр құралының салмағы тым төмен▸ Бекітілген электр құралының минималды салмағын сақта-ңыз, техникалық деректерді қараңыз. → Бет 323
Бекітілген электр құралын қозғалту мұмкін емес.Көтергіш сымарқан бұғатталған.▸ Көтергіш сымарқанды бұғаттан босату үшін Жоғары немесе Төмен түймесін басыңыз.
Аккумулятор естілетін «шырт ету» дыбысымен бекітілмейді.Аккумулятордағы құлып шокысы кірленген.▸ Тіреуіш шығыңқы жерді та-заланыз және аккумуляторды салыңыз.
Жарықдиодты жұмыс индикаторы тұрақты түрде қызыл түспен жанады.Өнімде уақытша ақаулық орын алды.▸ Өнімді өшіріп қайта қосыңыз.
Аккумулятордың жарық диодтары өшіруліАккумулятор бүлінген▸ Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.

10

Кәдеге жарату

HILTI EXO-T-22 - Кәдеге жарату - 1

ECKEPTY

Кате жолмен көдеге жаратудан жаракат алу қаупі бар! Газдардың немесе сүйықтықтардың шығуынан денсаулыққа зиян келтіру қаупі бар.

  • Зақымдалған аккумуляторларды жіберуге немесе жәнелтуге болмайды!
    ▶ Кыска туйыкталуға жол бермеу үшін, қосылымдарды ток өткізбейтін материалмен жауып қойыңыз.
  • Аккумуляторларды балалардың қолына жетпейтіндей етіп көдеге жаратыңыз.
  • Аккумуляторды Hilti Store дүкенінде көдеге жаратыңыз немесе жергілікті көдеге жарату көсіпорнына хабарласыңыз.

HILTI EXO-T-22 - ECKEPTY - 1

Hilti өнімдері қайта өндеу үшін жарамды көптеген материалдардың санынан тұрады. Кәдеге жарату дында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспаптарды деге жарату үшін қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилерден сұраңыз.

HILTI EXO-T-22 - ECKEPTY - 2

Электр құралдарды, электрондық құрылғылар мен аккумуляторларды түрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз!

11 Өндіруші кепілдігі

- Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне жолығыңыз.

12 Косымша акпарат

Баскару, техника, коршаған орта және қайта өндеу туралы қосымша ақпаратты мына сілтеме бойынша қараңыз: qr.hilti.com/manual/?id=2375781

Бүл сілтеме пайдалану бойынша нүсқаулықтың соңында QR коды ретінде қолжетімді.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : HILTI

Модель : EXO-T-22

Санат : бурғы