SF 6H22 - бурғы HILTI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SF 6H22 HILTI PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бурғы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SF 6H22 - HILTI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SF 6H22 брендінің HILTI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SF 6H22 HILTI
1.1 Осы пайдалану бойынша нұсқаулық туралы
Импорттауыш және өндірушінің өкілетті ұйымы
- (RU) Ресей Федерациясы "Хилти Дистрибьюшн ЛТД" АҚ, 141402, Мәскеу облысы, Химки қ., Ленинградская к-сі, 25-бет, 15.26-құрылымы
- (BY) Беларусь Республикасы "Хилти БиУай" ЖШС, 222750, Минск облысы, Дзержин ауданы, Р-1, 18 км, 2 (Слободка ауылының жанында), 1-34 құрылымы
- (KZ) Қазақстан Республикасы "Хилти Қазақстан" ЖШС, 050057, Алматы қ., Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі, 42/15 үй, литер 012 (15 корпус)
- (KG) Қырғыз Республикасы "T AND T" ЖШҚ, 720021, Қырғызстан, Бішкек қ., Ибраимов көш., 29 А үйі
- (AM) Армения Республикасы "ЭЙЧ-КОН" ЖШҚ, 0070, Ереван қ., Ерманда Кочар к-сі, 19/28 Өндірілген елі: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз. Өндірілген күні: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз. Тиісті сертификатты мына мекенжай бойынша табуға болады: www.hilti.ru Сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарына пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленгеннен басқа арнайы талаптар қойылмайды. Өнімнің қызмет ету мерзімі 5 жыл.
- Ескерту! Өнімді пайдаланбас бұрын өніммен бірге берілген пайдалану бойынша нұсқаулықты, соның ішінде нұсқаулар, қауіпсіздік және ескерту нұсқаулары, суреттер мен спецификацияларды міндетті түрде оқып шығыңыз және түсініп алыңыз. Барлық нұсқаулар, қауіпсіздік және ескерту нұсқаулары, суреттер, спецификациялар, сондай-ақ құрамдас бөлшектер және функциялармен танысыпшығыңыз. Бұлнұсқауорындалмағанжағдайда,ток соғу, өрт және/немесеауыр жарақат алу қаупі туындайды. Пайдалану бойынша нұсқаулықты, соның ішінде барлық нұсқауларды, қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын кейін пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқау алуыкерек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
- Берілген пайдалану бойынша нұсқаулық басып шығарылған мезетте техниканың ағымдағы жағдайына сәйкес келеді. Ағымдағы нұсқа әрдайым Hilti өнімдерінің веб-сайтында қолжетімді. Ол үшін осы пайдалану бойынша нұсқаулықтағы деп белгіленген сілтемеге өтіңіз немесе QR кодын сканерлеңіз.
- Өнімді басқа тұлғаларға тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықпен бірге беріңіз.
1.2 Шартты белгілердің анықтамасы
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер пайдаланылады:
▶ Ауыр жарақаттарға әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін тікелей қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.*2275225* 2275225 Қазақ 311
▶ Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.
АБАЙЛАҢЫЗ ! ▶ Жарақат алуға немесе мүліктің зақымдалуына әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.
1.2.2 Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы белгілер
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулықта төмендегі белгілер пайдаланылады: Пайдалану бойынша нұсқаулықты ұстану Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат Қайта пайдалануға болатын материалдармен жұмыс істеу Электр аспаптарды және аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз Hilti LiIon аккумуляторы Hilti зарядтағыш құрылғысы
1.2.3 Суреттердегі белгілер
Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады: Бұл сандар осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың басындағы тиісті суретке сәйкес келеді. Нөмірлеу суреттегі жұмыс қадамдарының реттілігін білдіреді және мәтіндегі жұмыс қадамдарынан өзгешеленуі мүмкін. Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты белгілердің нөмірлеріне сілтейді. Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
1.3 Өнімге қатысты белгілер
1.3.1 Өнімдегі белгілер
Өнімде төмендегі белгілер пайдаланылуы мүмкін: Өнім iOS және Android платформаларымен үйлесімді NFC технологиясын қолдайды. Қос оқшаулау Тек бөлмелердің ішінде қолдануға арналған Тұрақты ток Айнымалы ток Өнім бар болған жағдайда, өнім АҚШ пен канадалық нарықтар үшін осы сертификаттау органдарында қолданыстағы стандарттарға сәйкес сертификатталады. Өнім бар болған жағдайда, өнім АҚШ пен канадалық нарықтар үшін осы сертификаттау органдарында қолданыстағы стандарттарға сәйкес сертификатталады.312 Қазақ 2275225 *2275225* 2 Қауіпсіздік
2.1 Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Бұл электр құралына арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды, суреттердіжәне техникалықдеректердіоқып шығыңыз. Төмендеберілгеннұсқаулардыорындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін. Қауіпсіздік бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін
▶ Аталмыш өнімді дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдарға (соның ішінде балаларға) пайдалануға тыйым салынады. ▶ Балаларға өніммен ойнауға рұқсат бермеңіз. ▶ Зарядтағыш құрылғыны оның ішіне салынған аккумулятор жерге түспейтіндей етіп монтаждаңыз.
2.2 Зарядтағыш құрылғыларға күтіммен қарау және оларды дұрыс пайдалану
▶ Жарақаттардың алдын алу үшін зарядтағыш құрылғымен тек рұқсат етілген Hilti Li-Ion аккумуляторларын зарядтаңыз. ▶ Зарядтағыш құрылғы үшін таза, салқын, құрғақ әрі қыраусыз орынды таңдаңыз. ▶ Аккумуляторды зарядтау кезінде зарядтағыш құрылғыдан жылуды кетіру үшін желдету саңылаулары бос болуы керек. Таза ауа ағыны жоқ жерде зарядтамаңыз. ▶ Өнімге мұқият күтім көрсетіңіз. Бөліктердің, өнім ары қарай жұмыс істемейтіндей етіп сынбағанына немесе зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Бөліктер зақымдалған немесе сынған жағдайда, өнімді ары қарай пайдаланбас бұрын жөндетіңіз. ▶ Аспапты және сәйкес аккумуляторларды осы нұсқауларға сай және осы арнайы аспап түрі үшін жазылғандай қолданыңыз. Зарядтағыш құрылғыларды басқа мақсаттармен қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін. ▶ Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз. Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы
▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контактілердің тұйықталуының себебі болуы мүмкін скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, бұрандалардан және басқа металл заттардан ары ұстаңыз. Аккумулятор мен зарядтағыш контактілері арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе тұтануға әкелуі мүмкін. ▶ Аккумуляторды зарядтағыш құрылғының ішінде сақтамаңыз. Аккумуляторды зарядтағаннан кейін әрдайым зарядтағыш құрылғыдан шығарыңыз.
2.3 Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Литий-иондық аккумуляторларды пайдалану және күту бойынша төмендегі қауіпсіздік шараларын орындаңыз. Нұсқауларды орындамау тері тітіркенуіне, ауыр тот басқыш жарақаттарға, химиялық күйіктерге, өртенуге және/немесе жарылысқа апарып соғуы мүмкін. ▶ Аккумуляторларды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз. ▶ Зақымдалуды болдырмау және денсаулыққа қатты зиян келтіре алатын сұйықтықтардың шығуына жол бермеу үшін аккумуляторларды абайлап қолданыңыз! ▶ Аккумуляторларды ешбір жағдайда модификациялауға немесе құрылымына өзгеріс енгізуге
▶ Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) шамасынан жоғары температураға дейін қыздыруға және жағуға тыйым салынады. ▶ Соққы тиген немесе басқаша зақымдалған аккумуляторларды пайдаланбаңыз немесе зарядтамаңыз. Аккумуляторларда зақымдалу белгілерінің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп
▶ Еш жағдайда қайта өңделген немесе жөнделген аккумуляторларды пайдаланбаңыз. ▶ Ешқашан аккумуляторды немесе аккумуляторлық электр құралын соқпа құрал ретінде пайдаланбаңыз. ▶ Аккумуляторларға ешқашан тікелей күн сәулесі, жоғары температура, ұшқын немесе ашық жалын әсерін тигізбеңіз. Бұл жарылысқа апарып соғуы мүмкін. ▶ Батарея полюсіне саусақпен, құралдармен, әшекеймен немесе басқа да электр тогын өткізетін бөгде заттармен тимеңіз. Бұл аккумуляторға зақым келтіруі, сондай-ақ мүлікке залал келтіруі және жарақат алуға әкелуі мүмкін.*2275225* 2275225 Қазақ 313 ▶ Аккумуляторларды жаңбыр, ылғал мен сұйықтықтарда алшақ ұстаңыз. Еніп кеткен ылғал қысқа тұйықталу, ток соғу, күйіп қалу, өртену және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін. ▶ Тек осы аккумулятор түрі үшін көзделген зарядтағыш құрылғылар мен электр құралдарын пайда- ланыңыз. Бұл ретте тиісті пайдалану бойынша нұсқаулықтардағы мәліметтерге назар аударыңыз. ▶ Аккумуляторды жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. ▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды тұтанғыш материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, тұтанбайтын жерге қойыңыз. Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін әлі де қолға ыстық болып тұрса, бұл оның ақаулы екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз немесе «Қауіпсіздік және Hilti Li-Ion аккумуляторын пайдалану бойынша нұсқаулар» атты құжатты оқып шығыңыз. Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау, сақтау және пайдалану үшін қолданылатын арнайы директиваларды ескеріңіз. Аталмыш пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы QR кодын сканерлеу арқылы табуға болатын Hilti Li-Ion аккумуляторларына арналған қауіпсіздік және пайдалану бойынша нұс- қауларды оқып шығыңыз. 3 Сипаттама
Зарядтағыш құрылғы жұмыс күйінің
Қабырғаға монтаждау саңылаулары
Аккумуляторға арналған ұяшық
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім 21,6 В шамасындағы номиналды кернеуге ие Hilti Li-Ion аккумуляторларына арналған портативті зарядтағыш құрылғы болып табылады. Ол ұлттық шығарылым нұсқасына қарай 100 - 127 В немесе 220 - 240 В айналмалы кернеумен розеткаларға жалғауға арналған. Зарядтағыш құрылғыны жалпақ беттерге қоюға немесе қабырғаға монтаждауға болады.
- Аталмыш өнім үшін рұқсат етілген Hilti Li-Ion аккумуляторларын берілген тізімнен қараңыз.
- Белгілі бір нарықтарда кейбір аккумуляторлар қолжетімді емес. Өнім туралы мәліметтер Зарядтағыш құрылғы C 622 | C 822 Буын 01 Сериялық нөмір 1 - 99999999999
3.3 Зарядтағыш құрылғы жұмыс күйінің индикаторы
Құралдың бөлшектерi Сипаттамасы Жарық диоды жасыл түспен жанады. Зарядтағыш құрылғы жұмысқа дайын. Жарық диоды жанбайды. Зарядтағыш құрылғы жұмысқа дайын емес.314 Қазақ 2275225 *2275225*
3.4 Зарядтау процесінің барысындағы Li-Ion аккумуляторларының индикаторлары
Егер Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторы Hilti зарядтағыш құрылғысына жалғанған болса, аккумулятордың күй индикаторы заряд деңгейін және ықтимал қате туралы хабарларды көрсетеді. Құралдың бөлшектерi Сипаттамасы Бір (1) жарық диоды жасыл түспен баяу жыпылықтайды Аккумулятор зарядталуда, заряд деңгейі: ≤ 20% Бір (1) жарық диоды жасыл түспен жанып тұр, бір (1) жарық диоды жасыл түспен баяу жыпылықтап тұр Аккумулятор зарядталуда, заряд деңгейі: 21% және 40% аралығында Екі (2) жарық диоды жасыл түспен жанып тұр, бір (1) жарық диоды жасыл түспен баяу жыпылықтап тұр Аккумулятор зарядталуда, заряд деңгейі: 41% және 60% аралығында Үш (3) жарық диоды жасыл түспен жанып тұр, бір (1) жарық диоды жасыл түспен баяу жыпылықтап тұр Аккумулятор зарядталуда, заряд деңгейі: 61% және 80% аралығында Төрт (4) жарық диоды жасыл түспен жанып тұр Аккумулятор зарядталуда, заряд деңгейі: ≥ 80% Ешбір жарық диоды жанбай тұр Аккумулятор толық зарядталған, зарядтау процесі аяқталады. Бір (1) жарық диоды сары түспен жылдам жыпылықтап тұр, содан кейін бір немесе бірнеше жарық диоды жасыл түспен жанады Зарядтау процесі тоқтатылған. Аккумулятор рұқсат етілген температура диапазонынан тыс болуы ықтимал. Зарядтау процесі қажетті параметрлер қайтадан реттелгеннен кейін автоматты түрде жалғасады. Қажет болса, аккумуляторды ұсынылған заряд- тау температурасына жеткізіңіз. Бір (1) жарық диоды қызыл түспен жылдам жыпылықтайды Li-Ion аккумуляторы құлыптаулы және оны бұдан былай пайдалану мүмкін емес. Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
3.5 Li-Ion аккумуляторы күйінің индикаторлары
Hilti компаниясы Li-Ion аккумуляторының күйін әр зарядтау процесінің алдында біліп алуға кеңес береді. Аккумулятордың күйін шақыру үшін аккумулятордың құлыптан босату түймесін үш секундтан артық басып тұрыңыз. Жүйе құлату, тесу, сыртқы жылудан зақым келтіру және т.с.с. қате қолданудан туындаған батареяның ақаулығын анықтамайды. Құралдың бөлшектерi Сипаттамасы Барлық жарық диодтары жұмыс шамы ретінде жанады, содан кейін бір (1) жарық диоды жасыл түспен тұрақты жанады. Аккумуляторды ары қарай пайдалануға болады. Барлық жарық диодтары жұмыс шамы ретінде жанады, содан кейін бір (1) жарық диоды сары түспен жылдам жыпылықтайды. Аккумулятор күйі туралы сұрауды орындау мүмкін болмады. Әрекетті қайталаңыз немесе Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз. Барлық жарық диодтары жұмыс шамы ретінде жанады, содан кейін бір (1) жарық диоды қызыл түспен тұрақты жанады. Жалғанған өнімді ары қарай пайдалану мүмкін болса, бұл қалған аккумулятор қуатының 50% шамасынан төмен болғанын білдіреді. Жалғанған өнімді ары қарай пайдалану мүмкін болмаса, бұл аккумулятордың қызмет ету мерзімі аяқталғанын және оны алмастыру керек екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
3.6 Жеткізілім жинағы
Зарядтағыш құрылғы, пайдалану бойынша нұсқаулық. Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-сайттан табуға болады: www.hilti.group*2275225* 2275225 Қазақ 315 4 Техникалық сипаттамалар C 6-22 C 8-22 EPTA Procedure 01 бойынша салмағы 0,84 кг (1,852 фунт) 1,45 кг (3,197 фунт) Номиналды шығыс кернеу 10,8 В … 21,6 В 10,8 В … 21,6 В Максималды шығыс қуат 240 Вт 450 Вт Сақтау температурасы −20 ℃ … 70 ℃ (−4,0 ℉ … 158,0 ℉) −20 ℃ … 70 ℃ (−4,0 ℉ … 158,0 ℉) Жұмыс кезіндегі қоршаған орта температурасы −17 ℃ … 60 ℃ (1,4 ℉ … 140,0 ℉) −17 ℃ … 60 ℃ (1,4 ℉ … 140,0 ℉) 5 Қызмет көрсету
Зақымдалған кабельден қауіп бар! Егер жұмыс барысында желілік немесе ұзартқыш кабельге зақым тисе, өнім мен кабельді дереу желіден ажыратыңыз. Бүлінген жерлерге тимеңіз! ▶ Барлық жалғағыш сымдарды жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. ▶ Бүлінген ұзартқыш кабельді алмастырыңыз. ▶ Кері жағдайда Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Әдетте макс. өшіру тогы 30 мА шамасында болған кезде жылыстау тогынан қорғау автоматын (RCD) қолдану ұсынылады.
5.1 Зарядтағыш құрылғыны қосу және аккумуляторды зарядтау
Мақұлданбаған батареяларды зарядтау кезінде туындайтын жарылыс қаупі. Нәтижесінде пайдаланушы жарақат алуы және зарядтағыш құрылғы зақымдалуы мүмкін. ▶ Қайта зарядтауға болмайтын батареяларды зарядтамаңыз. ▶ Бұл зарядтағыш құрылғы үшін тек Hilti мақұлдаған аккумуляторларды пайдаланыңыз.
Ылғалдан немесе дымқылдан қысқа тұйықталу Нәтижесінде өнімге зақым тиеді. ▶ Өнімді тек жабық жайларда пайдаланыңыз. ▶ Өнімді ылғал мен дымқылдан алшақ жерде сақтаңыз.
1. Желілік кабель ашасын розеткаға салыңыз.
▶ Жарық диоды жасыл түспен жанады.
2. Аккумуляторды аккумулятор интерфейсіне жалғаңыз.
▶ Аккумулятор зарядталуда.
3. Аккумулятор зарядталғаннан кейін, оны зарядтағыш құрылғыдан шығарыңыз.
6 Күтім және техникалық қызмет көрсету
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін. ▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны әрдайым суырып алыңыз! Аспапты күту
- Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
- Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
- Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.316 Қазақ 2275225 *2275225* Техникалық қызмет көрсету
- Барлықкөзгекөрінетінбөлшектердезақымдардыңбар-жоғынжәнебасқаруэлементтерінің ақаусыз жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
- Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
- Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды орнатып, жұмысын тексеріңіз. Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды қолда- ныңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған керек- жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
6.1 Желілік кабельді ауыстыру 2
Жарақат алу қаупі бар! Ток соғу қаупі. ▶ Өнімді тек өкілетті, білікті қызметкерлер күтуі және жөндеуі мүмкін! Қызметкерлер қауіпсіздк техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы тиіс. Желілік кабель зақымдалған болса, оны ауыстыру керек. Электрлік қауіпсіздік бойынша жергілікті талаптарды орындаңыз.
1. Зарядтағыш құрылғының желілік кабель ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Резеңке тіректі қақпақтан тартып шығарыңыз және ішіндегі бекіткіш бұранданы бөлшектеңіз.
4. Желілік кабельдің қалай өткізілгенін есте сақтау үшін фотосурет немесе сызба жасаңыз.
5. Сымды босату үшін қысқыштардың бірін оймакілтекті гайка бұрауышымен абайлап қысыңыз. Сымды
қысқыштан тартып алыңыз. Әрекетті екінші сымға қайталаңыз және содан кейін бұзылған желілік кабельді алып тастаңыз.*2275225* 2275225 Қазақ 317
6. Жаңа желілік кабельді орнатыңыз. Бір қысқышты оймакілтекті гайка бұрауышымен қысып, сымды
қысқышқа кіргізіңіз. Қысқышты босатып, сымның берік орнатылғанын тексеріңіз. Әрекетті екінші сымға қайталаңыз.
Желілік кабель C 622 2289588 (EU, 220240V) 2289589 (US, 110120V) 2289910 (GB, 220240V) 2300624 (GB, 100120V) 2289911 (KR, 220240V) 2289912 (RU, 220240V) 2289914 (JP, 100120V) 2289915 (AUS 220240V) 2289916 (TW, 100120V) 2300625 (CH, 220240V) Желілік кабель C 822 2289589 (US, 110120V) 2289910 (GB, 220240V) 2300624 (GB, 100120V) 2289912 (EU, KR, RU, 220240V) 2289913 (BR, 220240V) 2289914 (JP, 100120V) 2289915 (AUS 220240V) 2289916 (TW, 100120V) 2289917 (ARG, 220240V) 2300625 (CH, 220240V) Зарядтағыш құрылғыңыз үшін жарамды желілік кабельді осы кестеден таңдаңыз немесе Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.
7. Желілік кабельді алмастыру алдында кабель бағыттауышында өткізілгендей өткізіңіз. Алдын ала
жасалған фотосуретті немесе сызбаны анықтама ретінде қолданыңыз.
8. Қақпақты жауып, бекіткіш бұранданы қайта бекітіңіз.
9. Резеңке тіректі қайтадан қақпаққа енгізіңіз.
10. Желілік кабель ашасын қайтадан розеткаға салып, зарядтағыш құрылғының ақаусыз жұмыс істеп
тұрғанын тексеріңіз. ▶ Жарық диоды жанып тұр: Зарядтағыш құрылғы ақаусыз жұмыс істеп тұр. ▶ Жарық диоды жанбай тұр: Зарядтағыш құрылғы ақаусыз жұмыс істемей тұр. ▶ Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. 7 Тасымалдау және сақтау
▶ Тасымалдау кезінде өнімнің берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз. ▶ Әр тасымалдағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп тұрыңыз.
▶ Аталмыш өнімді әрдайым желілік ашасын ажыратып сақтаңыз. ▶ Аталмыш өнімді құрғақ күйінде және балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
▶ Ұзақ уақыт сақтағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп шығыңыз. 8 Ақаулықтардағы көмек Бұл кестедекелтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.318 Қазақ 2275225 *2275225* Ақаулық Ықтимал себеп Шешім Жарық диоды жанбайды. Желілік аша жалғанбаған. ▶ Желілік кабель ашасын розеткаға салыңыз. Өнімдегі ақаулық. ▶ Өнімді ажыратып, қайта қосыңыз. Жарық диоды кейін әрдайым өшірулі болса, Hilti қызмет көрсету орталығына
Желілік кабель бұзылған. ▶ Желілік кабельді ауыстыры- ңыз. → Бет 316 Зарядтау құралы зақымдалған. ▶ Өнімді Hilti қызмет көрсету орталығында жөндеңіз. 9 Кәдеге жарату Hilti аспаптары қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санын қамтиды. Кәдеге жарату алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспабыңызды қайта өңдеу үшін қайта қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилеріңізден сұраңыз. ▶ Электр құралдарды, электрондық құрылғылар мен аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз! 10 FCC / IC декларациясы Аталмыш аспап FCC ережелерінің 15-бөліміне және IC ережелерінің RSS-210 бөліміне сәйкес келеді. Жұмыс істеу үшін төмендегі екі шарт орындалуы тиіс:
1. Аталмыш аспап ешқандай зиянды кедергілер тудырмайды.
2. Аталмыш аспап кез келген кедергілерді, әсіресе, қалаулы жұмысқа кедергі келтіре алатын
кедергілерді қабылдауы тиіс. 11 Өндіруші кепілдігі ▶ Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне жолығыңыз. 12 Қосымша ақпарат C 6-22 (01)*2275225* 2275225 Қазақ 319 RoHS (зиянды заттектердің пайдаланылуын шектеу директивасы) Бұл кесте Қытай нарығына қолданылады.320 Қазақ 2275225 *2275225* Бұл кесте Тайвань нарығына қолданылады. C 8-22 (01)*2275225* 2275225 Қазақ 321 RoHS (зиянды заттектердің пайдаланылуын шектеу директивасы) Бұл кесте Қытай нарығына қолданылады.322 Қазақ 2275225 *2275225* Бұл кесте Тайвань нарығына қолданылады. 13 Hilti литий-иондық аккумуляторлары Қауіпсіздік және қолдану бойынша нұсқаулар Осы құжаттамада «аккумулятор» термині бірнеше Li-Ion элементтерін байланыстыратын қайта зарядтауға болатын Hilti Li-Ion аккумуляторларына қолданылады. Олар Hilti электр құралдарына арналған және тек осы құралдармен бірге пайдаланылуы тиіс. Тек түпнұсқа Hilti аккумуляторларын қолданыңыз!
Hilti аккумуляторлары элементтерді басқару және элементтерді қорғау жүйелерімен жабдықталған. Аккумуляторлар арнайы жоғары энергия тығыздығын мүмкін ететін литий-иондық жинаушы материалдарды қамтитын элементтерден тұрады. Литий-иондық элементтер өте төмен жад әсеріне ие, алайда күш әсеріне, қатты заряд таусылуына немесе жоғары температураларға өте сезімтал болып табылады. Hilti аккумуляторлары үшін рұқсат етілген өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына сайтта табуға болады: www.hilti.group Қауіпсіздік ▶ Литий-иондық аккумуляторларды пайдалану және күту бойынша төмендегі қауіпсіздік шараларын орындаңыз. Нұсқауларды орындамау тері тітіркенуіне, ауыр тот басқыш жарақаттарға, химиялық күйіктерге, өртенуге және/немесе жарылысқа апарып соғуы мүмкін. ▶ Зақымдалуды болдырмау және денсаулыққа қатты зиян келтіре алатын сұйықтықтардың шығуына жол бермеу үшін аккумуляторларды абайлап қолданыңыз! ▶ Аккумуляторларды ешбір жағдайда модификациялауға немесе құрылымына өзгеріс енгізуге болмайды!*2275225* 2275225 Қазақ 323 ▶ Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C-тан жоғары температураға дейін қыздыруға және жағуға тыйым салынады. ▶ Соққы тиген немесе басқаша зақымдалған аккумуляторларды пайдаланбаңыз немесе зарядтамаңыз. Аккумуляторларда зақымдалу белгілерінің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп
▶ Еш жағдайда қайта өңделген немесе жөнделген аккумуляторларды пайдаланбаңыз. ▶ Ешқашан аккумуляторды немесе аккумуляторлық электр құралын соқпа құрал ретінде пайдаланбаңыз. ▶ Аккумуляторларға ешқашан тікелей күн сәулесі, жоғары температура, ұшқын немесе ашық жалын әсерін тигізбеңіз. Бұл жарылысқа апарып соғуы мүмкін. ▶ Батарея полюсіне саусақпен, құралдармен, әшекеймен немесе басқа да электр тогын өткізетін бөгде заттармен тимеңіз. Бұл аккумуляторға зақым келтіруі, сондай-ақ мүлікке залал келтіруі және жарақат алуға әкелуі мүмкін. ▶ Аккумуляторларды жаңбыр, ылғал мен сұйықтықтарда алшақ ұстаңыз. Еніп кеткен ылғал қысқа тұйықталу, ток соғу, күйіп қалу, өртену және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін. ▶ Тек осы аккумулятор түрі үшін көзделген зарядтағыш құрылғылар мен электр құралдарын пайда- ланыңыз. Бұл ретте тиісті пайдалану бойынша нұсқаулықтардағы мәліметтерге назар аударыңыз. ▶ Аккумуляторды жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. ▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды тұтанғыш материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, тұтанбайтын жерге қойыңыз. Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін әлі де қолға ыстық болып тұрса, бұл оның ақаулы екендігін білдіреді. Аккумулятор өртенген жағдайдағы шаралар бөліміндегі нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз. Аккумуляторлар зақымдалған жағдайдағы әрекеттер ▶ Аккумулятор зақымдалған жағдайда, әрдайым Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. ▶ Сұйықтық шығатын аккумуляторды пайдаланбаңыз. ▶ Сұйықтық шыққан жағдайда, көзге және/немесе теріге тікелей тиюін болдырмаңыз. Батарея сұйықтығымен жұмыс істеген кезде әрдайым қорғауыш қолғапты және көз қорғанысын киіп жүріңіз. ▶ Шығып жатқан батарея сұйықтығын кетіру үшін арнайы рұқсат етілген химиялық тазалағыш құралды пайдаланыңыз. Батарея сұйықтығына арналған жергілікті тазалау ережелерін сақтаңыз. ▶ Ақаулы аккумуляторды жанғыш емес контейнерге салыңыз және құрғақ құммен, борлы ұнтақпен (CaCO3) немесе силикатпен (вермикулит) жауып қойыңыз. Содан кейін қақпағын тығыз жауып, контейнерді жанғыш газдар, сұйықтықтар немесе бөгде заттардан алшақ сақтаңыз. ▶ Контейнерді Hilti Store дүкенінде кәдеге жаратыңыз немесе жергілікті кәдеге жарату кәсіпорнына хабарласыңыз. Зақымдалған аккумуляторларға арналған жергілікті тасымалдау ережелерін
Аккумулятор бұдан былай жұмыс істемеген жағдайдағы әрекеттер ▶ Әдеттегіден тыс зарядталу, шамадан артық зарядтау уақыты, көзге анық қуат төмендеуі, жарық диодының әдеттегіден тыс әрекет етуі немесе шығып кеткен сұйықтық сияқты аккумулятордың қалаусыз әрекеттеріне назар аударыңыз. Бұлар ішкі ақаулықты білдіреді. ▶ Аккумуляторда ішкі ақаулықтар анықталған жағдайда, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. ▶ Аккумулятор бұдан былай қызмет етпеген, аккумулятор зарядталмай қалған немесе сұйықтық аққан жағдайда, оны кәдеге жаратуыңыз керек. Техникалық қызмет көрсету және кәдеге жарату бөлімін қараңыз. Аккумулятор өртенген жағдайдағы шаралар
Аккумулятордың өртенуінен қауіп бар! Жанғыш аккумулятор тот басқыш жарақаттар, күйіктер немесе жарылыстарды тудыруы мүмкін қауіпті және жарылғыш сұйықтықтар мен буды шығарады. ▶ Аккумулятор өртенуін сөндірген кезде жеке қорғаныш жабдықты тағып жүріңіз. ▶ Қауіпті және жарылғыш буларды шығару үшін жеткілікті желдетуді қамтамасыз етіңіз. ▶ Түтіннің пайда болуы қарқынды болғанда дереу бөлмеден шығыңыз. ▶ Тыныс жолдары тітіркенген жағдайда дәрігермен кеңесіңіз. ▶ Өрт сөндіру әрекетін бастамас бұрын өрт сөндіру қызметін шақырыңыз.
Аккумулятор өртенуін барынша үлкен арақашықтықтан сумен ғана сөндіріңіз. Ұнтақты өрт сөндіргіштер мен өрт сөндіргіш жапқыштар Li-Ion аккумуляторлары үшін пайдалы емес. Қоршаған ортадағы өртті дәстүрлі сөндіргіш құралдармен сөндіруге болады.324 Български 2275225 *2275225* ▶ Өртенген аккумуляторлардың үлкен мөлшерін жылжытуға әрекеттенбеңіз. Әсер тиген аккумуляторларды оқшаулау үшін айналадағы ортадан әсер тимеген кез келген материалдарды шығарып алыңыз. Суымаған, түтін шығатын немесе жанып тұрған аккумуляторлар жағдайында: ▶ Оны күрекпен алып, суға толы ожауға лақтырыңыз. Судың салқындату әсерінен жанудың шектік температурасына әлі жетпеген аккумулятор элементтеріне өрттің таралуы азаяды. ▶ Аккумуляторды, ол толықтай суығанша, кем дегенде 24 сағатқа шелек ішінде қалдырыңыз. ▶ Аккумуляторлар зақымдалған жағдайдағы әрекеттер бөлімін қараңыз. Тасымалдау және сақтау бойынша нұсқаулар ▶ Қоршаған орта температурасы -17°C және +60°C / 1°F және 140°F аралығында. ▶ Сақтау температурасы -20°C және +40°C / -4°F және 104°F аралығында. ▶ Аккумуляторларды зарядтағыш құрылғының ішінде сақтамаңыз. Аккумуляторды зарядтағаннан кейін әрдайым зарядтағыш құрылғыдан шығарыңыз. ▶ Аккумуляторларды мүмкіндігінше салқын және құрғақ жерде сақтаңыз. Салқын жерде сақтау аккумулятордың қызмет ету мерзімін арттырады. Аккумуляторларды еш жағдайда күн, жылу көздерінің астында немесе шыны әйнек артында сақтамаңыз. ▶ Аккумуляторларды поштаменжіберугеболмайды. Зақымдалмағанаккумуляторларды жіберу қажет болғанда, жеткізуші кәсіпорындарға хабарласыңыз. ▶ Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз. Тасымалдау барысында аккумуляторларды шамадан артық соққы мен дірілден қорғау және олардың басқа батарея полюстерімен жанасуына және қысқа тұйықталудың туындауына жол бермеу үшін кез келген ток өткізгіш материалдардан немесе басқа аккумуляторлардан оқшаулау керек. Аккумуляторларға арналған жергілікті тасымалдау ережелерін сақтаңыз. Техникалық қызмет көрсету және кәдеге жарату ▶ Аккумуляторды таза күйде және май мен жағармайдан бос ұстаңыз. Аккумуляторда қажетсіз шаң не кірдің жиналуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылқаламмен немесе таза, құрғақ шүберекпен тазалаңыз. ▶ Желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолдануға болмайды. Желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз. ▶ Ішкі бөлігіне бөгде заттардың кіруін болдырмаңыз. ▶ Аккумуляторға ешқандай сұйықтықтардың кіруіне жол бермеңіз. Аккумуляторға ылғал тиген жағдайда, оған зақымдалған аккумуляторға секілді шара қолданып, оны өртенбейтін контейнерге салып оқшаулаңыз. ▶ Аккумуляторлар зақымдалған жағдайдағы әрекеттер бөлімін қараңыз. ▶ Нұсқаулардан тыс кәдеге жарату нәтижесінде газ не сұйықтықтың босатылуы денсаулыққа қау- іп төндіруі мүмкін. Аккумуляторды Hilti Store дүкенінде кәдеге жаратыңыз немесе жергілікті кәдеге жарату кәсіпорнына хабарласыңыз. Зақымдалған аккумуляторларға арналған жергілікті тасымалдау ережелерін сақтаңыз! ▶ Аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа лақтырмаңыз. ▶ Аккумуляторларды балалардың қолына жетпейтіндей етіп кәдеге жаратыңыз. Қысқа тұйықталуға жол бермеу үшін, қосылымдарды ток өткізбейтін материалмен жауып қойыңыз. Оригинално Ръководство за експлоатация 1 Данни за Ръководството за експлоатация
Notice-Facile