GLM 50 Professional - Лазерлік көрсеткіш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GLM 50 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік көрсеткіш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GLM 50 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GLM 50 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLM 50 Professional BOSCH
Причина Що робити OBJ_BUCH-1444-007.book Page 114 Thursday, June 9, 2016 1:34 PMҚaзақша | 115 Bosch Power Tools 1 609 92A 1YM | (9.6.16) Қaзақша Сәйкестікті растау жөніндегі ақпарат қаптаманың қосымшасында беріледі. Шығарылған елi туралы ақпарат өнiмнiң корпусында және қосымша пайдалану нұсқаулығынада көрсетiлген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер не месе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
–құрғақ жерде сақтау керек
ғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек –егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Өлшеу құралын қауіпсіз және сенімді пайдалану үшін барлық нұсқауларды мұқият оқып, жұмыс барысында ескеріңіз. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз.
НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ. Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі
Өлшеу құралы ескерту тақтасымен жабдықтал
(өлшеу құралының суретінде графика бетінде 15 нөмірімен белгіленген). Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіз тіліде болмаса, алғашқы пайдаланудан алдын оның орнына сіздің еліңіз тілінде болған жапсырманы жабыстрыңыз. Лазер сәулесін адам немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылған лазер сәулесі не қарамаңыз. Осылай адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға алып келуі және көзді зақымдауы мүмкін. Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек. Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол лазер сәулесінен қорғамайды. Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық қорғамай рең көру қабилетін азайтады. Лазер құрылығысында ешқандай өзгертуды орындамаңыз. Өлшеу құралын тек білікті маманғ а және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдаланбасын. Олар білмей адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
OBJ_BUCH-1444-007.book Page 115 Thursday, June 9, 2016 1:34 PM116 | Қaзақша 1 609 92A 1YM | (9.6.16) Bosch Power Tools Өнім және қызмет сипаттамасы Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз. Тағайындалу бойынша қолдану Өлшеу құралы қашықтықтарды, ұзындықтарды, биіктіктерді, аралықтарды өлшеуге және аудан мен аумақтарды есептеуге арналған. Өлшеу құралы ішкі және сыртқы аймақтарды өлшеуге арналған. Техникалық мәліметтер Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты. 1 Дисплей 2 Өлшеу пернесі 3 Аймақ, аумақ және биіктікті өлшеу пернесі (Пифагор) 4 Жою пернесі / қосу-өшіру пернесі ** 5 Минус пернесі 6 Негізгі жазықтықты таңдау пернесі 7 Тасымалдау ілмегі қысқышы 8 Плюс пернесі 9 Ұзындық пен ұзақтық өлшеу пернесі 10 Батарея бөлімі қақпағы 11 Лазер сәулесінің шығысы 12 Қабылдау линзасы 13 Сериялық нөмір 14 1/4"-бұрандасы 15 Лазер ескерту тақтасы
Батарея бөлімі қақпағының құлпы 17 Қорғайтын қалта 18 Таған* 19 Лазер көру көзілдірігі* 20 Лазер нысандық тақтасы*
- Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. ** Қосымша функцияларды шақыру үшін түймені басып
Индикаторлық элементтер a Өлшеу көлемдері жолағы b Нәтижелер жолағы c Өлшеу функциялары Сандық лазер қашықтық
GLM 50 Өнім нөмірі 3 601 K72 2.. Өлшеу аймағы 0,05–50 м
Өлшеу анықтығы (әдеттегі) 1,5 мм±0,05 мм/м
Өлшеу дәлдігі (әдеттегі, қолайсыз жағдайда) 1,5 мм±0,15 мм/м
Ең кіші көрсетілетін элемент 1мм Жұмыс температурасы –10°C...+50°C
Сақтау температурасы –20°C...+70°C Салыстырмалы ауа ылғалдығы макс. 90 % Лазер сыныпы
635 нм, <1 мВт Лазер сәулесінің диаметрі (25 °C те) шамамен. –қашықтығы 10 болғанда –қашықтығы 50 болғанда 6мм
Өшіру автоматикасы шамамен төмендегіден соң.
– Өлшеу құралы (өлшеусіз) 20 с 5мин
Аккумуляторлық элементтер 2x1,5VLR03(AAA) 2x1,2VHR03(AAA) Батарея жүмыс істеу мерзімі
–Бөлек өлшемдер – Үздіксіз өлшеу
EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай салмағы 0,14 кг
53 x 114 x 30 мм Қорғаныс түрі IP 54 (шаң және шашырайтын судан
A) Лазер жарығы беттен жақсы қайтарылса (шашыраңқы,тікелей емес) және лазер нүктесі өлшенетін орта жарығында анық болса (ішкі бөлме, ақшамда) соғұрлым өлшеу диапазоны көлемді болады. Жағдай қолайсыз болса (мысалы, қатты күн сәулеленетін сыртқы аймақтарды өлшеу) нысандық тақтаны падалану керек болуы мүмкін. B) Өлшеу құралының артқы қырынан бастап өлшеген жағдайда. Қолайсыз жағдайда, мысалы, ыстық күні немесе шағылыспайтын бетте ±0,15 мм/м әсерін ескеріңіз. Қолайсыз жағдайларда ±0,05 мм/м әсерін ескеру керек. C) Ұзын өлшеу режимінде макс. жұмыс температурасы +40 °C болады. D) Лазер сызығының ені беттің сапасына және қоршау шарттарына байланысты. E) 1,2 вольттық аккумулятормен 1,5 вольттық батареяларға салыстырғанда кемірек өлшеулерді орындау мүмкін. Берілген батареяны пайдалану мерзімі дисплей жарықтандырусыз өлшеуге негізделген. Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі 13 оны дұрыс анықтауға көмектеседі. Ұзындықты өлшеу Үздіксіз өлшеу Ауданды өлшеу Көлемді өлшеу OBJ_BUCH-1444-007.book Page 116 Thursday, June 9, 2016 1:34 PMҚaзақша | 117 Bosch Power Tools 1 609 92A 1YM | (9.6.16) d Лазер қосулы e Өлшеу негізгі жазықтығы f Температура ескертуі g Батарея ескертуі h “ERROR” қателік көрсеткіші
Батареяларды салу/алмастыру Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын немесе аккумуляторын пайдалану ұсынылады. 1,2 вольттық аккумулятормен 1,5 вольттық батареяларға салыстырғанда кемірек өлшеулерді орындау мүмкін. Батарея бөлімінің қақпағын 10 ашу үшін 16 ысырмасын басып, қақпақты ашыңыз. Батареяны немесе аккумуляторды салыңыз. Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз. Батарея немесе аккумуляторларды салғанда полюстері батарея бөліміндегі суретке сай ретте дұрыс тұрғанына көз жеткізі
Батарея белгісі алдымен дисплейде пайда болғаннан соң кемінде 100 бөлек өлшемдерді орындауға болады. Ұзақтық өлшеу функциясы өшірілген. Егер батарея белігісі жыпылықтаса батареяларды немесе аккумуляторды алмастырыңыз. Өлшеулерді орындау мүмкін емес. Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өңдірушінің және қуаты бірдей батареялар немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз. Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны немесе
уляторларды өлшеу құралынан алып қойыңыз. Ұзақ уақыт жатқан батареялар немесе аккумуляторлар тот басуы және зарядын жоғалтуы
Пайдалануға ендіру Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температура тербелулері жағдайында алдымен
құралын температурасын дұрыстап соң пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін. Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан алдын әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек (“Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру”, 119 бетін қараңыз).
Өлшеу құралын қосу үшін төмендегі мүмкіндіктер бар: –Қосу-өшіру түймесіне 4 басыңыз: өлшеу құралы қосылып ұзындық өлшеу функциясында болады. Лазер қосылмайды. – Өлшеу пернесіне басыңыз 2: өлшеу құралы мен лазер қосылады. Өлшеу құралы ұзындық өлшеу функциясында тұрады. Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаң
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру түймесіне 4 ұзақ уақыт басыңыз. Егер шам. 5 мин соң өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы батерея зарядын сақтау үшін автоматты өшеді. Өлшеу әдісі Өлшеу 2 пернесін басқаннан соң өлшеу құралы ұзындықты өлшеу функциясында болады. Басқа өлшеу функцияларын функциялық пернесін басып реттеуге болады (“Өлшеу функциялары”, 118 бетін қараңыз). Өлшеудің негізгі жазықтығы қосудан соң өлшеу құралының артқы қыры таңдалады. Негізгі жазықтық 6 түймесін басып негізгі түймені өзгерту мүмкін (“Негізгі жазықтықты таңдау (А суретін қараңыз)”, 118 бетін
Өлшеу құралын та ңдалған негізгі жазықтықпен керекті өлшеуді бастау нүктесіне қойыңыз (мысалы қабырға). Лазер сәулесін қосудан соң өлшеу 2 түймесін қысқа
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Лазер сәулесімен өлшенетін аймақты белгілеңіз. Өлшеуді бастау үшін өлшеу түймесіне 2 қайта қысқа
Ұзақтықты өлшеу функциясында өлшеу функциясы қосылғанда бірден өлшеу басталады. Өлшеу көлемі әдетте 0,5 сек пен ең ұзағы 4 сек ішінде пайда болады. Өлшеу ұзақтығы қашықтықтан, жарықтық жағдайы мен нысандық аймақтың қайтару қасиеттеріне байланысты. Өлшеуді аяқтағаннан соң лазер сәулесі автоматты ретте өшеді. Нысанаға алудан соң шам. 20 сек өлшеу орындалмаса, лазер сәулесі батареялар зарядын сақтау үшін автоматты
Бірлік Пифагор өлшемі OBJ_BUCH-1444-007.book Page 117 Thursday, June 9, 2016 1:34 PM118 | Қaзақша 1 609 92A 1YM | (9.6.16) Bosch Power Tools Негізгі жазықтықты таңдау (А суретін қараңыз) Өлшеу үшін үш түрлі негізгі жазықтықтардың арасынан таңдау мүмкін: – өлшеу құралының артқы қыры (мысалы, қабырғаларға
– өлшеу құралының алғы қыры (мысалы үстел қырынан
– бұранда ортасы 14 (мысалы, тағанбен өлшеуде). Негізгі жазықтықты таңдау үшін 6 түймесін дисплейде керекті негізгі жазықтық көрсетлігенше басыңыз. Өлшеу құралының әрбір қосылуында өлшеу құралының артқы қыры негізгі жазықтық ретінде алдынан реттелген болады. Дисплей жарығы Дисплей жарықтығы қоршаған жарықтыққа байланысты автоматты белсендіріледі. Дисплей жарықтығын қосқаннан соң перне қозғалмаса, батареялар зарядын үнемдеу үшін жарықтығы төмендейді. Өлшеу функциялары Жай ұзындықты өлшеу (В суретін қараңыз) Ұзындықты өлшеуде 9 пернесін дисплейде ұзындықты өлшеу индикаторы пайда болғанша басыңыз. Лазерді қосу үшін және өлшеуді орындау үшін өлшеу 2 түймесін қысқа
Өлшеу көлемі нәтижелер жолағында b көрсетіледі. Бірнеше ұзындық өлшеулерде соңғы өлшеулер нәтижелері өлшеулер көлемі жолағында a көрсетіледі.
лшеу (C суретін қараңыз) Ауданды өлшеуде 3 пернесін дисплейде ауданды өлшеу индикаторы пайда болғанша басыңыз. Сосын ұзындық пен енін дәйекті түрде ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Екі өлшеулер арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. Екінші өлшеу аяқталғаннан соң аудан автоматты ретте есептеліп нәтижелер жолағында b көрсетіледі. Өлшеу көлемдері өлшеу көлемі жолақтарында көрсетіледі a. Көлемді өлшеу (D суретін қараңыз) Аумақты өлшеуде 3 пернесін дисплейде аумақты өлшеу индикаторы пайда болғанша басыңыз. Сосын ұзындығын, енін және биіктігін дәйекті түрде ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Үш өлшеулер арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. Үшінші өлшеуді орындағаннан соң көлем мәні автоматты есептеледі және нәтиже жолында b көрсетіледі. Өлшеу көлемдері өлшеу көлемі жолақтарында көрсетіледі a. 999999 м
көп болған көлемдер көрсетілмейді, дисплейде “ERROR” көрсеткіші пайда болады. Өлшенетін көлемді бөлек өлшеулерге бөліп көлемдерін жеке есептеп сосын қосыңыз. Үздіксіз өлшеу (E суретін қараңыз) Үздіксіз өлшеуде өлшеу құралын нысанға жылжытуға болады, онда өлшеу көлемі шам. әр 0,5 секунд сайын жаңарады. Мысалы, қабырғадан керекті қашықтыққа өтуіңіз мүмкін, қашықтықты әрдайым көруге болады. Ұзақтықты өлшеуде 9 пернесін ұ зақтықты өлшеу индикаторы пайда болғанша басыңыз. Үздіксіз өлшеуді бастау үшін өлшеу 2 түймесін басыңыз. Ағымдық өлшеу көлемі нәтижелер жолағында көрсетіледі b аккумулятор мен нивелирлеу ескеруінің жыпылықтауы арқылы көрсетіледі. Үздіксіз өлшеуді аяқтау үшін өлшеу 2 түймесін басыңыз. Соңғы өлшеу көлемі нәтижелер жолағында b көрсетіледі. Өлшеу 2 түймесін қайта басу үздіксіз өлшеуді қайта бастайды. Үздіксіз өлшеу 5 мин соң автоматты өшеді. Соңғы өлшеу көлемі нәтижелер жолағында b көрсетіледі. Жанама биіктікті өлшеу / Бірлік Пифагор өлшемі (F суретін қараңыз) Жанама биіктікті өлшеу сәуле жолында кедергі тұруы немесе нысандық аймақ қайтаратын жер ретінде қолжетімді болмауы себебінен тікелей өлшенбейтін қашықтықтарды өлшеуге қызмет етеді. Дұрыс нәтиж
тек өлшеуге талап етілетін тік бұрыш дәл сақталғанда жетілуі мүмкін (Пифагор теоремасы). Өлшеу негізгі нүктесі (мысалы, өлшеу құралының артқы қыры) барлық өлшеулердегідей өлшеу әдісінде бір жайда
Өлшеулер арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. 3 пернесін дисплейде бірлік Пифагор өлшемі пайда болғанша баса беріңіз. “1” мен “2” қашықтықтардың ұзындығын өлшегендей осы реттілікте өлшеңіз. “1” қашықтығы мен ізделген “X” қашықтығының арасында тік бұрыш болуын ескері
Соңғы өлшеуді орындағаннан соң ізделген “X” қашықтығының нәтижесі b нәтижелер жолағында көрсетіледі. Бөлек өлшемдер a өлшем жолақтарында тұр. Өлшеу нәтижелерін жою 4 түймесін қысқа басып, барлық өлшеу функцияларында соңғы есептелген өлшеу көлемін жойыңыз. Түйме бірнеше рет қысқа басылғанда бөлек өлшеу көлемдері кері дәйекте жойылады.
өлемдерін қосу Өлшемдерді қосу үшін алдымен кез келген өлшеуді орындаңыз. Сосын 8 плюс пернесін басыңыз. Дисплейде растау үшін “+” пайда болады. Аумақ немесе аудандарды қосу үшін алғашқы аяқталған өлшеу әдісінен соң 8 плюс пернесін басыңыз. Дисплейде OBJ_BUCH-1444-007.book Page 118 Thursday, June 9, 2016 1:34 PMҚaзақша | 119 Bosch Power Tools 1 609 92A 1YM | (9.6.16) растау үшін “+” белгісі аумақ-/аудан таңбасының қасында пайда болады. Сосын екінші өлшеуді орындаңыз. Екі өлшеудің сомасын сұрау үшін 8 плюс пернесін қайта басыңыз. Есеп a өлшемдер жолағында көрсетіледі, сома b нәтижелер жолағында тұрады. Сома есептелгеннен соң осы нәтижеге басқа өлшемдерді қосуға болады, егер өлшеуден алдын 8 плюс пернесін бассаңыз. Қосу үшін нұсқаулар: – Ұзындық, аудан мен көлем өлшемдерін араластырып
үмкін емес. Егер, мысалы, аумақ пен аудан мәндері қосылса, 8 плюс пернесін басқанда дисплейде “ERROR” қысқа жанады. Сосын өлшеу аспабы соңғы белсенді болған өлшеу функциясына ауысады. –Бір өлшеу нәтижесі (мысалы көлем өлшемі) қосылады, үздіксіз өлшеулерде нәтижелер жолағында b көрсетілген өлшеу нәтижесі. a өлшеу көлемі жолағындағы өлшеу көлемдерін қосу мүмкін емес. Өлшеу көлемдерін алу Өлшеу құралдарын алу үшін минус түймесін 5 басыңыз, дисплейде растау “–” пайда болады. Алдағы әрекеттер “Өлшеу көлемдерін қосу” әдісіне ұқсас. Пайдалану нұсқаулары Жалпы нұсқаулықтар Қабылдау линзасы 12 мен лазер 11 шығысын өлшеуде жабуға болмайды. Өлшеу кезінде өлшеу құралын жылжыту мүмкін емес (ұзақтықты өлшеу функцияларының ерекшеліктері). Сол үшін өлшеу құралын тұрақты тірек аймағына қойыңыз. Өлшеу аймағына әсерлер Өлшеу аймағы жарықтық жағдайы мен нысандық аймақтың қайтару қасиеттеріне байланысты. Сыртта жұмыс істеу кезінде лазер сәулесін жақсы көру үшін және қатты күн нұ рында лазер көру көзілдірігі 19 (жабдықтар) мен лазер нысандық тақтаны 20 (жабдық) киіңіз, немесе нысандық аймақты қарайтыңыз. Өлшеу нәтижесіне әсер ету Физикалық әсерлерден түрлі беттердегі өлшеулер дұрыс орындалмауы мүмкін. Мұндай беттерге жатады: –мөлдір беттер (мысалы әйнек, су), –шағылысатын беттер (мысалы жылтыраған метал,
– борқылдақ беттер (мысалы, оқшаулау материалдары), –құрылымдық беттер (мысалы, сылақ, табиғи тас). Осы беттерде лазер нысандық тақтаны 20 (жабдық) пайдаланыңыз. Қате өлшеулерді қисық кө зделген насандық аймақтарда да орындау мүмкін. Температурасы әр түрлі ауа қабаттары немесе көлбеу шағылысулар өлшеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін. Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру Қашықтықты өлшеудің дәлдігін төмендегідей тексеріңіз: – Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, ұзақ уақыт өзгермейтін шам. 1–10м өлшеу қашықтығын таңдаңыз, (мысалы, бөлме ені, есік ойығы). Өлшеу қашықтығы бөлме ішінде болуы керек, өлшеудің нысандық аймағы тегіс жә
жақсы қайтаратын болуы керек. – Қашықтықты 10 рет өлшеңіз. Бөлек өлшеулердің орташа көлемнен ауытқуы максималды ±2 мм болуы керек. Өлшеулерді жазып, дәлдігін тексеріңіз. Тағанмен пайдалану (керек-жарақтар) Тағанды әсіресе үлкен қашықтарды өлшеуде пайдалану керек. Өлшеу құралын 1/4" бұрандамен 14 тағандың 18 жылдам алмастыру табанына немесе стандартты фото тағанына орнатыңыз. Бекіту бұрандасымен жылдам алмастыру табанын бекітіңіз. Тағанмен өлшеулердің негізгі жазықтығын 6 түймесін басып тиісті ретте орнатыңыз (негізгі жазықтық бұранда). Ақаулар – Себептері және шешімдері Себебі Шешімі Температура ескертуі (f) жыпылықтайды, өлшеу мүмкін емес Өлшеу құралы –10 °C ден +50 °C шейін болған жұмыс температурасынан тыс (үздіксіз өлшеу функциясында +40 °C
Өлшеу құралы жұмыс температурасына жеткенге дейін күтіңіз. Дисплейдегі “ERROR” көрсеткіші Түрлі өлшеу бірліктік көлемдерді қосу/алу Тек бірдей өлшеу бірліктік көлемдерді қосу/алу мүмкін Лазер сәулесімен нысан арасындағы бұрыш өте сүйір. Лазер сәулесімен нысан арасындағы бұрышты үлкейтіңіз Нысандық аймақ өте қатты (мысалы айна) немесе нашар (мысалы қара заттек) қайтарып тұр, немесе қоршау тізімі өте
Лазер нысандық тақтасын 20 (жабдық) пайдаланыңыз Лазер шығысы 11 немесе қабылдау линзасы 12 терлеген (мысалы температураның күрт өзгеруінен). Лазер шығысын 11 немесе қабылдау линзасын 12 сүртіп
-ден үлкен. Өлшеуді аралық басқыштарға бөліңіз Өлшеу нәтижесі түсініксіз Өлшеу аймағы анық емес (мысалы су, әйнек). Өлшеу аймағын
Лазер шығысы 11 немесе қыбылдау линзасы 12 жабық. Лазер шығысы 11 немесе қыбылдау линзасын 12 ашыңыз. Қате негізгі жазықтық
Өлшеуге сәйкес негізгі жазықтықты таңдаңыз OBJ_BUCH-1444-007.book Page 119 Thursday, June 9, 2016 1:34 PM120 | Қaзақша 1 609 92A 1YM | (9.6.16) Bosch Power Tools Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Қате айқындалса дисплейде тек жан белгі көрсетіледі. Бұл жағдайда жоғарыда сипатталған көмек шаралары қатені түземесе, өлшеу құралын сатушы арқылы Bosch сервистік қызметіне
Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында сақтаңыз немесе тасымалдаңыз. Өлшеу құралын таза ұстаңыз. Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Қабылдау линзасын 12 көзілдірік немесе фотоаппарат линзасы күтіміндей күтіңіз. Өндіру және бақылау әдістерінің мұқияттылығына қарамастан, өлшеу құралы бір рет жұмыс істемесе, Bosch
ұралдарының өкілетті сервистік орталықтарының бірінде жөндеу өткізу керек. Өлшеу құралын өзіңіз
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында 17
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз: www.bosch-pt.com Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді. Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
ЖШС “Роберт Бош” Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы Алматы қаласы
Райымбек данғылы Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Notice-Facile