GLM 20 Professional - Лазерлік көрсеткіш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GLM 20 Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Лазерлік қашықтық өлшегіш |
| Моделі | GLM 20 Professional |
| Бренд | Bosch |
| Өлшеу диапазоны | 0.15 – 20 м |
| Өлшеу дәлдігі | ±2.0 мм |
| Лазер класы | 2-сынып (635 нм, <1 мВт) |
| Қуат көзі | 2 x 1.5 В AAA батареялары |
| Батарея қызметінің мерзімі | Шамамен 20 000 өлшеу |
| Автоматты өшіру | 5 минут әрекетсіздіктен кейін |
| Дисплей | Жарықтандырылған артқы жарығы бар LCD |
| Өлшеу функциялары | Ұзындық, үздіксіз өлшеу |
| Өлшемдері | 101 x 52 x 28 мм |
| Салмағы | Шамамен 100 г (батареялармен) |
| Жұмыс температурасы | -10°C-тан +50°C-қа дейін |
| Сақтау температурасы | -20°C-тан +70°C-қа дейін |
| Максималды ылғалдылық | 90% (конденсациясыз) |
| Қауіпсіздік шаралары | Лазер сәулесіне тіке қарамаңыз. 2-сыныпты лазер өнімі. |
| Техникалық қызмет көрсету | Линзаны жұмсақ шүберекпен тазалаңыз; еріткіштерден аулақ болыңыз. |
| Жөндеу мүмкіндігі | Пайдаланушы қызмет көрсететін бөлшектер жоқ. Bosch қызметіне хабарласыңыз. |
| Кепілдік | 2 жыл (шарттарға байланысты) |
Жиі қойылатын сұрақтар - GLM 20 Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GLM 20 Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік көрсеткіш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GLM 20 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GLM 20 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLM 20 Professional BOSCH
Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
54 | Қазақ
- жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе, оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті көтеретін машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары

Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу
құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҚОСЫҢЫЗ.
▶ Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа
жұмыс әдістері орындалса, бұл қауіпті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін.
Өлшеу құралы ескерту тақтасымен жабдықталған (өлшеу құралының суретінде графика бетінде (6) нөмірімен белгіленген).

IEC 60825-1:2014
<1mW @635 nm
▶ Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіздің тілінде болмаса, алғашқы пайдаланудан алдын оның орнына сіздің еліңіздің тілінде болған жапсырманы жабыстырыңыз.

Лазер сәулесін адам немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылған лазер сәулесіне қарамаңыз. Осылай адамдардың көзін шағылыстыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға алып келуі және көзді зақымдауы мүмкін.
▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе, көздерді жұмып, басты сәуледен ары қарату керек. ▶ Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол лазер сәулесінен қорғамайды. Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық қорғамайды және түс көру қабілетін азайтады. ▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдаланбасын. Олар білмей адамдардың көзін шағылыстыруы мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиналған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. ▶ Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз.
Өнім және қуат сипаттамасы
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы қашықтықтарды, ұзындықтарды, биіктіктер мен аралықтарды өлшеуге арналған.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
(1) Қосу-өшіру түймесі ("Hold" түймесі) (2) Дисплей (3) Батарея бөлімі қақпағы (4) Батарея бөлімі қақпағының құлпы (5) Сериялық нөмір (6) Лазер ескерту тақтасы (7) Қабылдау линзасы (8) Лазер сәулесінің шығысы
Индикатор элементтері
(a) Батарея ескертуі (b) Температура ескертуі (c) Лазер қосулы (d) Өлшеу тоқтатылды (e) Алдыңғы өлшеу көлемдері (f) Өлшеу бірлігі (g) Ағымдық өлшеу көлемі
Техникалық мәліметтер
Сандық лазер қашықтық өлшегіші GLM 20
| Өнім нөмірі 3 601 K72 E.. |
| Өлшеу аймағы (әдеттері) 0,15 -20 |
Сандық лазер қашықтық өлшегіші GLM 20
| Өлшеу анықтығы (әдеттегі) ±3,0 мм | В) |
| Ең кіші көрсетілетін элемент 1 мм | |
| Өлшеу уақыты | |
| – әдеттегі 0,5 с | |
| – максималдық 4 с | |
| Жұмыс температурасы –10 °C ... +40 °C | |
| Сақтау температурасы –20 °C ... +70 °C | |
| Салыстырмалы ауа ылғалдығы макс. 90 % | |
| Негізгі биқтіктің үстіндегі макс. пайдалану биқтігі | 2000 м дейін |
| Ластану дәрежесі IEC 61010-1 бойынша 2 | с) |
| Лазер сыныпы 2 | |
| Лазер түрі 635 нм, <1 мВт | |
| Лазер сәулесінің диаметрі (25 °C-та) шамамен. | |
| – 10 м қашықтықта 9 мм | |
| – 20 м қашықтықта 18 мм | |
| Батареялар 2 x 1,5 B LR03 (AAA) | |
| Өлшеу жұмысындағы батарея пайдалану мерзімі шам. | 5 сағ |
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай | 0,13 кг |
Сандық лазер қашықтық өлшегіші GLM 20
Көлемдері 100 x 36 x 23 мм
A) Лазер жарығы беттен жақсы қайтарылса (шашыраңқы, тікелей емес) және лазер нүктесі өлшенетін орта жарығында анық болса (ішкі бөлме, ымыртта) соғұрлым өлшеу диапазоны көлемді болады. Қолайсыз жағдайларда, мысалы ішкі жарықтандыру күшті немесе өлшенетін беттен нашар қайтарылса, өлшеу аймағы шектеулі болуы мүмкін. B) Ішкі жарықтандыру аса күшті немесе нашар қайтарылуы немесе 25 °C бөлме температурасының ауытқуы сияқты қолайсыздықтарда да максималдық ауытқу 15 м-де ±7 мм болуы мүмкін. Қолайлы жағдайларда ±0,05 мм/м әсерін ескеру керек. C) Ток өткізетін ластар үшін емес, бірақ кейде еру арқылы пайда болатын ток өткізу қабілеті күтіледі. Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (5) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.
Жинау
Батареяларды салу/алмастыру
Өлшеу құралы үшін алкалинді марганец батареясын пайдалану ұсынылады.
Батарея бөлімінің қақпағын (3) ашу үшін (4) ысырмасын көрсеткі бағытында басып, қақпақты ашыңыз. Батареяны салыңыз. Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Егер батарея белгісі дисплейде алғашқы рет көрсетілсе, онда шамамен 15 минут өлшеуге болады. Батарея белгісі жыпылықтаса, батареяларды алмастыру қажет, өлшеулерді орындау мүмкін емес. Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
▶ Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу құралынан алып қойыңыз. Ұзақ уақыт жатқан батареяларды тот басуы және зарядын жоғалтуы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
▶ Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. ▶ Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. ▶ Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулар жағдайында алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін электр құралының жұмысын жалғастырудан алдын әрдайым тексеруді орындау керек. (қараңыз „Өлшеу құралын тексеру“, Бет 63).
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін қосу-өшіру түймешесін (1) басыңыз. Өлшеу құралын қосуда лазер сәулесі қосылады. Лазер белгісі дисплейде жыпылықтайды.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру пернесін (1) кемінде 3 секунд басып тұрыңыз.
Егер шамамен 5 минут бойы өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшеді.
Өлшеу әдісі
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін үздіксіз өлшеу орындалады. Лазер сәулесімен өлшенетін аймақты белгілеңіз. Ағымдағы өлшеу мәні (g) дисплейдің астыңғы қатарында көрсетіледі (А суретін қараңыз). Үздіксіз өлшеуде өлшеу құралын нысан бойымен жылжытуға болады, онда ағымдағы өлшеу мәні (g) шамамен әр 0,5 секунд сайын дисплейдің төменгі қатарында жаңартылады (В суретін қараңыз). Мысалы, қабырғадан қажетті қашықтыққа өтуіңіз мүмкін, қашықтықты әрдайым көруге болады. Лазер белгісі дисплейде жыпылықтайды.
Өлшеудің негізгі деңгейі өлшеу құралының артқы қыры болады. Қабырғадан қабырғаға дейінгі аралықты өлшеу үшін өлшеу құралын артқы қырымен шығу камерасына қойыңыз.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
HOLD функциясы (В суретін қараңыз)

Қосу-өшіру пернесін (1) өлшеу әдісін тоқтату үшін басыңыз. Лазер сәулесі өшіп, дисплейде HOLD индикаторы жанады. Ағымдағы өлшеу мәні дисплейдің төменгі қатарында көрсетіледі, бірақ жаңартылмайды.

Қосу-өшіру түймесін (1) қайта басып, лазерді қайта қосыңыз. Лазер белгісі дисплейде жыпылықтайды. Жоғарғы қатарда алдыңғы өлшеу мәні көрсетіледі. Төменгі қатарда жаңартылған/ағымдағы өлшеу мәні үздіксіз көрсетіледі.

Қосу-өшіру пернесін (1) өлшеу әдісін қайта тоқтату үшін қайта басыңыз. Лазер сәулесі өшіп, дисплейде HOLD индикаторы жанады. Жоғарғы қатарда алдыңғы өлшеу мәні көрсетіледі. Ағымдағы өлшеу мәні дисплейдің төменгі қатарында көрсетіледі, бірақ басқа
жаңартылмайды.
Егер шамамен 5 минут бойы өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшеді.
Егер өлшеу функциясы HOLD функциясымен тоқтатылса, ол автоматты өшіруде қалады. Өлшеу құралын қосу-өшіру түймесін (1) қайта қосқаннан кейін алдыңғы өлшеу мәні (е) дисплейдің жоғарғы қатарында көрсетіледі.
Өлшеу бірлігін алмастыру
Өлшеу құралын өшіріңіз.

Қосу-өшіру пернесін (1) ұзақ басыңыз. Егер керекті өлшеу бірлігі көрсетілсе, қосу-өшіру пернесін (1) жіберіңіз. Жібергеннен соң өлшеу құралы таңдалған параметрде қосылады.
Қабылдау линзасын (7) және лазер (8) шығысын өлшеу кезінде жабуға болмайды.
Өлшеу лазер сәулесінің орталығымен орындалады, қиғаш тұрған нысандарда да.
Өлшеу аймағына әсерлер
Өлшеу аймағы жарықтық жағдайы мен нысандық аймақтың қайтару қасиеттеріне байланысты.
Өлшеу нәтижесіне әсер ету
Физикалық әсерлерден түрлі беттердегі өлшеулер дұрыс орындалмауы мүмкін. Мұндай беттерге жатады:
– мөлдір беттер (мысалы, әйнек, су), – шағылыстыратын беттер (мысалы, жылтыраған металл, әйнек), – борпылдақ беттер (мысалы, оқшаулау материалдары), – құрылымдық беттер (мысалы, сылақ, табиғи тас).
Температурасы әр түрлі ауа қабаттары немесе көлбеу шағылысулар өлшеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін.
Ақаулар - Себептері және шешімдері
Себебі Шешімі Температура ескертуі (b) жыпылықтайды, өлшеуге болмайды
| Өлшеу құралы -10 °C -тан +40 °C дейінгі аралықта жұмыс температурасынан тыс. | Өлшеу құралы жұмыс температурасына жеткенге дейін күтіңіз |
Батарея ескертуі (а) пайда болады
| Батарея кернеуі төменделеді(өлшеу мүмкін емес). | Батареяны алмастырыңыз |
Батарея ескертуі (а) жыпылықтайды, өлшеу мүмкін емес
| Батарея кернеуі өте төмен Батареяны алмастырыңыз |
Дисплейде "----" индикаторы пайда болады
| Өлшеу құралы жылдам жылжытылды. | Өлшеу құрылғы ақырын жылжытыңыз. |
| Өлшеу нысаны лазер сәулесі жететін аймақтан тыс. | Өлшеу нысанына жақынырақ тұрыңыз. |
Дисплейде барлық индикаторлар жыпылықтап жатыр
| Өлшеу құралы бұзылған. Сервистік қызметке хабарласыңыз | |
| Лазер шығысы (8) немесе қабылдау линзасы (7) терлеген (мысалы температураның күрт өзгерүінен). | Лазер шығысын (8) немесе қабылдау линзасын (7) сүртіп кептіріңіз |
"Err" индикаторы қосу-өшіру түймесін басқаннан соң пайда болады
Өлшеу нәтижесі сенімді емес
| Өлшеу аймағы анық емес (мысалы су, әйнек). | Өлшеу аймағын жабыңыз |
| Лазер шығысы (8) немесе қыбылдау линзасы (7) жабық. | Лазер шығысы (8) немесе қыбылдау линзасын (7) ашыңыз |
Өлшеу нәтижесі түсініксіз
Себебі Шешімі
Лазер жолында кедергі бар. Лазер нүктесі толықтай өлшеу аймағында болуы керек.
Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Қате анықталса, индикаторлар жыпылықтайды. Бұл жағдайда жоғарыда сипатталған көмек шаралары қатені түземесе, өлшеу құралын сатушы арқылы Bosch сервистік қызметіне жіберіңіз.
Өлшеу құралын тексеру
Өлшеу құралының дәлдігін төмендегідей тексеріңіз:
– Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, ұзақ уақыт өзгермейтін шама. 1 - 10 м өлшеу қашықтығын таңдаңыз, (мысалы, бөлме ені, есік ойығы). Өлшеу қашықтығы бөлме ішінде болуы керек, өлшеудің нысандық аймағы тегіс және жақсы қайтаратын болуы керек.
- Қашықтықты 10 рет өлшеңіз.
Жеке өлшемдердің ауытқуы орташа көлемнен максималды ±1,6 мм аспауы керек, толық өлшеу ортасы қолайлы жағдайда өтуі керек. Өлшеулерді жазып, дәлдігін тексеріңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Кызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Қабылдау линзасын (7) көзілдірік немесе фотоаппарат линзасы күтіміндей күтіңіз.
Жөндеу қажет болса, өлшеу құралын мамандандырылған орталыққа тапсырыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com
64 | Қазақ
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы: "Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев көшесі, 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты www.bosch-professional.kz ресми сайтынан ала аласыз
Кәдеге жарату
Өлшеу құралын, оның жабдықтары мен қаптамасын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Өлшеу құралдарын немесе батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша жарамсыз өлшеу құралдары және Еуропа 2006/66/EC ережесі бойынша зақымдалған немесе ескі аккумулятор/батареялар бөлек жиналып кәдеге жаратылуы қажет.