BOSCH GCL 250 CG Professional - Лазерлік көрсеткіш

GCL 250 CG Professional - Лазерлік көрсеткіш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GCL 250 CG Professional BOSCH PDF форматында.

📄 417 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice BOSCH GCL 250 CG Professional - page 213
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GCL 250 CG Professional

Санат : Лазерлік көрсеткіш

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік көрсеткіш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GCL 250 CG Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GCL 250 CG Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GCL 250 CG Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау

– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ. u Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі

u Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген). u Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз. Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. u Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек. u Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. u Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. u Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы

u Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі

Bosch Power Tools 1 609 92A 7LS | (11.05.2022)214 | Қазақ u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін. u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. u Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады. Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі

Өлшеу құралын және магниттік керек- жарақтарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Өлшеу құралы мен керек-жарақтардың магниттері имплантаттардың және медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады. u Өлшеу құралы мен магнитті аксессуарды магниттік дерек тасығыштар мен магнитке сезімтал құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Өлшеу құралы мен аксессуар магниттерінің әсері деректердің қайтымсыз жойылуына әкелуі мүмкін. u Аккумуляторды немесе батареяларды өлшеу құралымен барлық жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, өлшеу құралын тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады. u Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын Bluetooth® бен медициналық құралдар,жанар май бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын Bluetooth® бен ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз. Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады. Өнім және қуат сипаттамасы Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Тағайындалу бойынша қолдану Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды және перпендикуляр негіздерін есептеп тексеруге арналған. Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға

RM 2 бұрама ұстағышыныңкөмегімен өлшеу құралын 360°-қа әрдайым көрінетін орталық перпендикуляр негізінің айналасында бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары дәл тураланады да, өлшеу құралының орналасуы өзгермейді. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты. (1) Бағыттауыш ойық (2)

(3) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы (4) Аккумулятор/батареялар зарядының деңгейі (5) Маятникті бұғаттау индикаторы (6) Қабылдағыш режим түймесі (7) Қабылдағыш режим индикаторы (8) Лазер жұмыс режиміне арналған түйме (9) Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (10) Bluetooth® түймесі (11) Аккумулятор бөлімі (12) Аккумулятор

(13) Батарея адаптерінің қабы

1 609 92A 7LS | (11.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 215 (15) Аккумулятор/батарея адаптерінің босату

(16) Батарея адаптерінің жапқышы

(17) Лазер ескерту тақтасы (18) Штатив бекіткіші, 1/4 дюйм (19) Сериялық нөмір (20) Бағыттауыш шина

(22) Бойлық бекіткіш саңылау

(24) Бұрама ұстағыштың дәлдеп реттеу бұрандасы

(25) Төбе қапсырмасы

(26) Әмбебап ұстағыш

(28) Қашықтан басқару пульті

(29) Лазер қабылдағышы

(30) Лазер көру көзілдірігі

(31) Лазер нысандық тақтасы

(33) Телескоптық қарнақ

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Нүктелі және сызықтық лазер GCL 2-50 C GCL 2-50 CG Өнім нөмірі 3 601 K66 G.. 3 601 K66 H.. Жұмыс аймағы

– Стандартты лазер сызықтары 20м 20м – Лазер қабылдағышымен 5–50м 5–50м – Жоғары қаратылған лазер нүктесі 10м 10м – Төмен қаратылған лазер нүктесі 10м 10м Нивелирлеу дәлдігі B)C) – Лазер сызықтары ±0,3мм/м ±0,3мм/м – Лазер нүктелері ±0,7мм/м ±0,7мм/м Әдеттегі өздігінен нивелирлеу

±4° ±4° Әдеттегі нивелирлеу уақыты <4с <4с Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000м 2000м Салыстырмалы ауа ылғалдылығы,

90% 90% Ластану дәрежесі IEC61010-1 стандарты бойынша

Лазер класы 2 2 Импульстер жиілігі – Қабылдағыш режимінсіз

23кГц 23кГц – Қабылдағыш режимінде

10кГц 10кГц Лазер сызығы – Лазер түрі 630–650нм, <10мВт 500–540нм, <10мВт – Лазер сәулесінің түсі қызыл жасыл – C

– Айырмашылық 50×10мрад (толық бұрыш) 50×10мрад (толық бұрыш) Лазер нүктесі – Лазер түрі 630–650нм, <1мВт 630–650нм, <1мВт Bosch Power Tools 1 609 92A 7LS | (11.05.2022)216 | Қазақ Нүктелі және сызықтық лазер GCL 2-50 C GCL 2-50 CG – Лазер сәулесінің түсі қызыл қызыл – C

– Айырмашылық 0,8мрад (толық бұрыш) 0,8мрад (толық бұрыш) үйлесімді лазер қабылдағышы LR6, LR7 LR7 Штатив бекіткіші 1/4 дюйм 1/4 дюйм Энергиямен жабдықтау – Аккумулятор (литий-иондық) 10,8В/12В 10,8В/12В – Батареялар (сілтілі-марганец) 4×1,5В LR6(AA) (батарея адаптерімен) 4×1,5В LR6(AA) (батарея адаптерімен) Жұмыс режимі бойынша жұмыс

B)E) Аккумуляторлар/батареялар Аккумуляторлар/батареялар – Қиылысу және нүктелі жұмыс

18сағ/10сағ 10сағ/4сағ – Қиылысу режимі 25сағ/16сағ 13сағ/6сағ – Сызықтық жұмыс режимі 35сағ/28сағ 15сағ/12сағ – Нүктелі жұмыс режимі 60сағ/32сағ 60сағ/32сағ Bluetooth® өлшеу құралы – Үйлесімділігі Bluetooth®4.2 (Classic және Low Energy)

– Қызметтік жиіліктер диапазоны 2402–2480МГц 2402–2480МГц – Тарату қуаты, макс. 2,5мВт 2,5мВт Bluetooth® смартфоны – Үйлесімділігі Bluetooth®4.0 (Classic және Low Energy)

– Операциялық жүйе Android6 (және одан кейінгі нұсқасы) iOS11 (және одан кейінгі нұсқасы) Android6 (және одан кейінгі нұсқасы) iOS11 (және одан кейінгі нұсқасы) Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай – аккумулятормен

0,62кг 0,62кг – батареялармен 0,58кг 0,58кг Өлшемдері (ұзындығы× ені× биіктігі) – ұстағышсыз 136× 55× 122мм 136× 55× 122мм – бұрама ұстағышпен Ø188× 180мм Ø188× 180мм Қорғаныс дәрежесі

IP 54 (шаң мен шашыранды судан

IP 54 (шаң мен шашыранды судан

Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы 0°C…+35°C 0°C…+35°C Жұмыс істеп тұрған кездегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы –10°C…+50°C –10°C…+50°C Сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы –20°C…+70°C –20°C…+70°C Ұсынылатын аккумуляторлар GBA 12V… (GBA 12V ≥ 4.0Ah аккумуляторынан

1 609 92A 7LS | (11.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 217 Нүктелі және сызықтық лазер GCL 2-50 C GCL 2-50 CG Ұсынылатын зарядтағыш

GAL 12… GAX 18… GAL 12… GAX 18… A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы тікелей күн сәулелерінде) қысқарту мүмкін.

20–25°C C) Көрсетілген мәндер қалыпты және жағымды қоршаған орта шарттарын (мысалы, дірілсіз, тұмансыз, түтінсіз, тікелей күн сәулесінсіз) талап етеді. Температура шұғыл өзгерген жағдайда, дәлдік ауытқуы мүмкін. D) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. E) Bluetooth® жұмысында және/немесе RM 3 менен бірге қысқа жұмыс уақыттары F) Bluetooth®-төмен энергиялық құрылғыларда модель мен операциялық жүйеге байланысты ретте байланысты құру мүмкін емес. Bluetooth® құрылғылары SPP профилін қолдауы керек. G) пайдаланған аккумуляторға байланысты H) Литий-ионды аккумулятор мен AA1 адаптері IP 54 жиынтығына кірмейді. Техникалық мәліметтер жинақтағы аккумулятормен жұмыс істеуге есептелген. Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (19) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.

Өлшеу құралын энергиямен жабдықтау Өлшеу құралы стандартты батареялармен не Bosch литий-иондық аккумулятормен жұмыс істейді. Аккумулятормен пайдалану u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. Нұсқау: Өлшеу құралыңызға арналмаған аккумуляторды пайдалану өлшеу құралының қате жұмыс істеуіне немесе зақымдануына алып келуі мүмкін. Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз. Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына

Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді қорғау "Electronic Cell Protection (ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятордың тогы бітсе, қорғау жүйесі өлшеу құралын өшіреді. u Қорғағыш өшіргіш өшірілгеннен соң өлшеу құралын қайта қоспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін. Зарядталған аккумуляторды (12) орнату үшін оны аккумулятор бөлімшесіне (11) сезіліп тірелгенше жылжытыңыз. Аккумуляторды (12) шығару үшін босату пернелерін (15) басып аккумуляторды аккумулятор бөлімшесінен (11) шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз. Батареялармен пайдалану Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын пайдалану ұсынылады. Батареялар батарея адаптеріне салынады. u Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру камерасын пайдалануға арналған болып электр құралдарымен пайдалануға болмайды. Батареяларды салу үшін батарея адаптерінің қабын (13) аккумулятор бөлімшесіне (11) жылжытыңыз. Батареяларды жабу қақпағындағы (16) суретте көрсетілгендей қапқа салыңыз. Жабу қақпағын қап үстінен сезілетін ретте тірелгенше жылжытыңыз. Батареяларды алу үшін ашу (14) пернелерін (15) жабу қақпағында басып, жабу қақпағын (16) тартып қойыңыз. Батареялардың шығып кетпеуіне көз жеткізіңіз. Ол үшін өлшеу құралын аккумулятор бөлімшесін (11) жоғарыға қаратып ұстаңыз. Батареяларды алып қойыңыз. Ішінде жатқан қапты (13) аккумулятор бөлімшесінен алып қою үшін қапты жан қабырғаға аз басып ұстап, өлшеу құралынан шығарыңыз. Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз. u Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін. Зарядталу күйінің индикаторы Заряд деңгейінің индикаторы(4) аккумуляторлардың немесе батареялардың заряд деңгейін көрсетеді: Жарық диоды Заряд деңгейі Жасыл түсті үздіксіз

100–75% Сары түсті үздіксіз

75–35% Қызыл түсті жыпылықтайтын

<35% Жарық жоқ – Аккумулятор бұзылған Bosch Power Tools 1 609 92A 7LS | (11.05.2022)218 | Қазақ Жарық диоды Заряд деңгейі – Батареялардың заряды

Егер батареялар немесе аккумулятор заряды азайып кетсе лазер сызықтарының жарықтығы ақырын

Бұзылған аккумуляторды немесе бос батареяларды жүйелік ретте алмастырыңыз. RM2 бұрама ұстағышымен жұмыс істеу (A1– A3 суреттерінқараңыз) Бұрама ұстағыштың(23) көмегімен өлшеу құралын 360°- қа орталық, әрдайым көрінетін перпендикуляр негізіне бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары бағытталады да, өлшеу құралының орналасуы өзгермейді. Дәлдеп реттеу бұрандасымен (24) тік лазер сызықтарын негізгі нүкелерге дәл бағыттауға болады. Өлшеу құралын бағыттауыш ойығын (1) бұрама ұстағыштың (23) бағыттауыш рейкасына (20) қаратып орнатыңыз және өлшеу құралын платформаға тірелгенше кіргізіңіз. Ажырату үшін өлшеу құралын кері бағытта бұрама ұстағыштан шығарыңыз. Бұрама ұстағыштың орналастыру мүмкіндіктері: – тегіс аймақта тұруда, – тік аймаққа бұрап бекітілгенде, – төбе қапсырмалары (25) көмегімен металл төбе рейкаларында, – магниттердің (21) көмегіменметал беттерде.

Пайдалануға ендіру u Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. u Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура өзгерістерінің әсерін тигізуге болмайды. Оны, мысалы, автомобиль ішінде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты температурасын сақтаңыз және жұмысты жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет220). Айрықша температура немесе температура өзгерістері орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін. u Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет220). u Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.

Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты(2) " On" күйіне (маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін) немесе " On" күйіне (нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін) жылжытыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден шығару саңылауларынан(3) лазер сәулелерін шығарады. u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Өлшеу құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2) "Off" күйіне жылжытыңыз. Өшіру кезінде тербелу блогы бұғатталады. u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. 50°C шамасындағы рұқсат етілген макс. жұмыс температурасынан асырған жағдайда лазер диоды қорғаныс үшін өшеді. Суығаннан соң өлшеу құралы қайта қосылуы мүмкін. Өшіру автоматикасы Егер шамамен 120минут ішінде өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы аккумуляторлардың немесе батареялардың зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшіп қалады. Өлшеу құралын автоматты өшкен соң қайта іске қосу үшін, ажыратқышты (2) алдымен "Off" күйіне жылжытып, содан кейін өлшеу құралын қайта іске қосыңыз немесе лазер жұмыс режимінің түймесін (8) басыңыз. Өшіру автоматикасын уақытша ажырату Өшу автоматикасын өшіру үшін (өлшеу құралы қосулы болғанда) жұмыс түрлері пернесін (8) кемінде 3 сек. басып ұстаңыз. Өшу автоматикасы өшкен болса, лазер сәулелері растау үшін қысқа уақыт жыпылықтайды. Нұсқау: жұмыс температурасы 45°C шамасынан жоғары болса, өшу автоматикасын бұдан былай өшіруге

Автоматты өшуді белсендендіру үшін өлшеу құралын өшіріп, қайта қосыңыз. Пайдалану түрін орнату Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды әркез ауыстыруға болады: – Қиысу мен нүктелік жұмыс: Өлшеу құралы алға қарай көлденең және тік лазерлік сызықты және жоғары және төмен қарай көлденең лазерлік сызықты шығарады. Лазерлік сызықтар 90° бұрышта қиысады. – Көлденең сызықтық жұмыс: өлшеу құралы көлденең лазерлік сызықты алға қарай шығарады. – Тік сызықтық жұмыс: өлшеу құралы тік лазерлік сызықты алға қарай шығарады. 1 609 92A 7LS | (11.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 219 Өлшеу құралы бөлмеде орналасқанда тік лазерлік сызық төбеде жоғарғы лазерлік нүктеден жоғары көрсетіледі. Өлшеу құралын тікелей қабырғада орналастырғанда тік лазерлік сызық толық дерлік айналалық лазерлік сызықты (360° сызығын) шығарады. – Нүктелік жұмыс: өлшеу құралы тік лазерлік нүктені жоғары және төмен қарай шығарады. Нүктелі жұмыс режимінен басқа барлық жұмыс режимдерін нивелирлеу автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де таңдауға болады. Жұмыс режимін ауыстыру үшін лазер жұмыс режимінің түймесін(8) басыңыз. Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу Жұмыс қадамдарының реттілігі Көлденең

Ажыратқыш(2) " On" күйінде

Қиылысу режимі Laser Лазер жұмыс режиміне арналған түймені(8) 1 рет басу

Laser Лазер жұмыс режиміне арналған түймені(8) 2 рет басу

Laser Лазер жұмыс режиміне арналған түймені(8) 3 рет басу

Laser Лазер жұмыс режиміне арналған түймені(8) 4 рет басу

Қиылысу режимі Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істегенде "Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу" (ажыратқыш(2) " On" күйінде) режиміне ауыссаңыз, осы режим индикаторларының бірінші тіркесім мүмкіндігі әрдайым іске қосылады. Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу Жұмыс қадамдарының реттілігі Көлденең

Ажыратқыш(2) " On" күйінде

Қиылысу режимі Laser Лазер жұмыс режиміне арналған түймені(8) 1 рет басу

Laser Лазер жұмыс режиміне арналған түймені(8) 2 рет басу

Laser Лазер жұмыс режиміне арналған түймені(8) 3 рет басу

Қиылысу режимі Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істегенде "Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу" (ажыратқыш(2) " On" күйінде) режиміне ауыссаңыз, осы режим индикаторларының бірінші тіркесім мүмкіндігі әрдайым іске қосылады. Қабылдағыш режим Лазер қабылдағышымен (29) жұмыс істеу үшін пайдалану түріне байланыссыз қабылдағыш режимді белсендіруге болады. Қабылдағыш режимде лазер сызықтары жоғары жиілікте жыпылықтап, лазер қабылдағышы үшін (29) көрінетін

Қабылдағыш режимді қосу үшін қабылдағыш режимінің (6) пернесін басыңыз. Қабылдау режимі (7) индикаторы жасыл түсте жанады. Адам көзі үшін қабылдағыш режим қосулы болғанда лазер сызықтарының көрінісі төмендетіледі. Лазер қабылдағышысыз жұмыс істегенде қабылдағыш режимді Bosch Power Tools 1 609 92A 7LS | (11.05.2022)220 | Қазақ (6) түймешесін қайта басып өшіріңіз. Қабылдағыш режимінің (7) көрсеткіші өшеді. Нивелирлеу автоматикасы Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу (B– Eсуреттерінқараңыз) Өлшеу құралын көлденең жылжымайтын табанға қойыңыз немесе бұрама ұстағышта (23) бекітіңіз. Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/ өшіргішті (2) " On" күйіне жылжытыңыз. Нивелирлеу автоматикасы ±4° өз нивелирлеу аймағындағы тегіс еместіктерді автоматты тегістейді. Лазер сәулелері жыпылақтауды аяқтаса, өлшеу құралы нивелирленген болады. Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы тұрған бет көлденең сызықтан 4° шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сәулелері жылдам жыпылықтайды. Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса, лазер сәулелері үздіксіз жанады. Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік сызықтардың күйін негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз. Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу (Fсуретінқараңыз) Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін ажыратқышты (2) " On" күйіне жылжытыңыз. Маятникті бұғаттау индикаторы (5) қызыл түспен жанып тұрады және лазер сызықтары бояу жыпылықтайды. Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде, нивелирлеу автоматикасы өшіріледі. Өлшеу құралын еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады. Лазер сәулелері бұдан былай нивелирленбейді және бір- біріне тігінен өтпейді. Bluetooth® арқылы қашықтан басқару Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол радио арқылы смартфоннан Bluetooth® интерфейсі арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Bluetooth® байланысы үшін талап етілетін жүйелік алғышарттар туралы www.bosch‑pt.com Bosch интернет торабында табасыз. Bluetooth® арқылы қашықтан басқаруда мобильді соңғы құрылғы мен өлшеу құралы арасында жаман қабылдау шарттары пайда болады. Қашықтан басқару үшін Bosch қолданбалары (Apps) қолжетімді. Оны ақырғы құрылғыға байланысты тиісті дүкендерден жүктеп алуға болады: Bluetooth® қосу Bluetooth® қашықтан басқаруға қосу үшін Bluetooth® түймешігін (10) басыңыз. Мобильды құралыңызда Bluetooth® ұяшығының белсенді болуын қамтамасыз

Bosch бағдарламаларын бастаудан соң мобильды құралмен өлшеу құралы арасында байланыс жасалады. Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса керекті өлшеу құралын таңдаңыз. Егер белсенді өлшеу құралы табылса байланыс автоматты ретте жасалады. Bluetooth® көрсеткісі (9) жанғанда байланыс бар болады. Bluetooth® байланысы өлшеу құралы мен мобильді соңғы құрылғы арасындағы ұзақ қашықтық немесе кедергі және электрмагниттік ақаулық көздері себебінен үзілуі мүмкін. Бұл жағдайда Bluetooth® көрсеткісі (9) жыпылықтайды. Bluetooth® өшіру Bluetooth® қашықтан басқару үшін өшіру үшін Bluetooth® түймешігін (10) басыңыз немесе өлшеу құралын

Өлшеу құралының дәлдігін тексеру Дәлдік әсерлері Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін ауытқуы мүмкін. Еден жағынында температура өзгерістері қатты болғаны үшін өлшеу құралын 20 м қашықтықтан бастап штативке орнату керек. Өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша жұмыс аймағының ортасына қойыңыз. Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз. Алдымен көлденең лазер сызығының биіктік және нивелирлеу дәлдігін, ал содан кейін тік лазер сызығының нивелирлеу дәлдігін және вертикаль дәлдігін тексеріп

Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз. Көлденең сызықтың биіктік дәлдігін тексеру Тексеру үшін 5м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A мен B екі қабырғаның арасында керек болады. – Өлшеу құралын А қабырғасының жанындағы штативке немесе қатты тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын 1 609 92A 7LS | (11.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 221 қосыңыз. Нивелирлеу автоматикасымен қиысу жұмыс режимін таңдаңыз.

5 m – Лазерді жақын A қабырғасына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз (Ⅰнүктесі).

180° – Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер сызықтарының арғы B қабырғасындағы айқыш-ұйқыш нүктесін белгілеңіз (Ⅱ нүктесі). – Өлшеу құралын бұрамай B қабырғасының қасында қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.

– Өлшеу құралының биіктігін (штативтер немесе бар болса тіреуіш көмегімен) лазер сызықтарының айқыш- ұйқыш нүктесі В қабырғасында алдымен белгіленген нүктеге Ⅱ сәйкес болатындай бағыттаңыз.

– Өлшеу құралын 180° бұрап биіктігін өзгертпеңіз. Оны A қабырғасына тік лазер сызығы белгіленген Ⅰ нүктесінен өтетін етіп бағыттаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесін A қабырғасында (Ⅲ нүктесі) белгілеңіз. – А қабырғасындағы Ⅰ мен Ⅲ екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді. 2×5м=10м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілген максималды ауытқу: 10м×±0,3мм/м=±3мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелері арасындағы d айырмашылығы ең көбі 3мм құрауы тиіс. Көлденең сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеру Тексеру үшін шам. 5×5м бос кеңістік керек. – Өлшеу құралын А мен В қабырғаларының арасындағы ортада штативке немесе қатты тегіс бетке орнатыңыз. Нивелирлеу автоматикасының көмегімен көлденең сызықтық жұмыс режимін таңдап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. 2,5 m 5,0 m

– Өлшеу құралынан 2,5м қашықтықта екі қабырғада лазерлік сызық ортасын белгілеңіз (А қабырғасында Ⅰ нүкте, В қабырғасында Ⅱ нүкте). Bosch Power Tools 1 609 92A 7LS | (11.05.2022)222 | Қазақ 2,5 m

– Өлшеу құралын 180°-қа бұрап 5м арақашықтықтаорнатыңыз және нивелирлеңіз.– Өлшеу құралының биіктігін (штатив немесе қажетболса, тіреуіш көмегімен) лазерлік сызық ортасы Вқабырғасында алдын ала белгіленген Ⅱ нүктеге сәйкесболатындай туралаңыз.– A қабырғасында лазерлік сызық ортасын Ⅲ нүктеретінде белгілеңіз (Ⅰнүктенің үстінде немесе астындатігінен). – А қабырғасындағы екі белгіленген Ⅰ мен Ⅲ нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының көлденең сызықтандәл ауытқуын көрсетеді.2×5м=10м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілгенмаксималды ауытқу: 10м×±0,3мм/м=±3мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелер арасындағы d айырмашылығы ең көбі 3мм құрауы тиіс.Тік сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеріңізТексеру үшін (қатты табанда) есіктің әр жағынан кемінде2,5 м жай болатын есік тесігі керек.– Өлшеу құралын есік тесігінен 2,5 м қашықтықта бекемтегіс табанда орналастырыңыз (штативте емес).Нивелирлеу автоматикасымен тік сызықтық жұмысрежимін таңдаңыз. Лазерлік сызықы есік тесігінебағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. 2,5 m 2,5 m – Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде(Ⅰнүктесі), 5м қашықтықта есік тесігінің басқажағында (Ⅱнүктесі) және есік тесігінің жоғарғышетінде (Ⅲнүктесі) белгілеңіз.

2 m – Өлшеу құралын 180° бұрап, есік тесігінің басқажағында тікелей Ⅱ нүктесінің артында орнатыңыз.Өлшеу құралын нивелирлеп, тік лазер сызығынорталығы нақты Ⅰ мен Ⅱ нүктелерінен өтетін етіпбағыттаңыз.– Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғышетінде Ⅳ нүктесі ретінде белгілеңіз. – А қабырғасындағы Ⅲ мен Ⅳ екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктенауытқуын көрсетеді.– Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідейесептеледі:есік тесігінің қос биіктігі×0,3мм/мМысал: есік тесігінің 2м биіктігіндегі максималды ауытқу: 2×2м×±0,3мм/м=±1,2мм. Сондықтан Ⅲ мен Ⅳ нүктелердің аралығы ең көбі 1,2мм болуы керек.Негізгі нүкте дәлдігін тексеруТексеру үшін еден мен төбе арасында шамамен 5мшамасындағы берік беттегібос өлшеу жолыныңарақашықтығы қажет болады.– Өлшеу құралын бұрама ұстағышқа (23) орнатып,еденге қойыңыз. Нүктелі жұмыс режимін таңдап,өлшеу құралын нивелирлеңіз. 5 m – Жоғарғы лазерлік нүктенің ортасын төбеде (Ⅰ нүкте)белгілеңіз. Оған қоса астыңғы лазерлік нүктеніңортасын еденде (Ⅱ нүкте) белгілеңіз.1 609 92A 7LS | (11.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 223

180° – Өлшеу құралын 180°-қа бұраңыз. Оны төменгі лазерлік нүктенің ортасы белгіленген Ⅱ нүктедеболатындай етіп орналастырыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеңіз. Жоғарғы лазерлік нүктенің ортасын (Ⅲ нүкте) белгілеңіз. – Төбеде белгіленген Ⅰ жәнеⅢ нүктелердің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді. Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей есептеледі: еден мен төбе арасындағы қос қашықтық×0,7мм/м. Мысал: еден мен төбе арасындағы қашықтық 5м болғанда макс. ауытқу келесідей болады: 2×5м×±0,7мм/м=±7мм. Сондықтан Ⅰ мен Ⅲ нүктелердің аралығы ең көбі 7мм болуы керек. Пайдалану нұсқаулары u Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің немесе лазерлік сызықтың ортасын пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді. u Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз. Лазер нысандық тақтасын пайдалану Лазер нысандық тақтасы (31) қолайсыз жағдайда және ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін жақсартады. Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы(31) лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының артынан да көрінеді. Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ) Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (18) штативтің (32) немесе стандартты фотоштативтің бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз. Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз. Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақ) (Lсуретінқараңыз) Әмбебап ұстағыш (26) көмегімен өлшеу құралын, мысалы, тік аймақтарда, құбырларда немесе магниттелетін материалдарда бекіту мүмкін. Әмбебап ұстағышты және едендік штатив ретінде де пайдалану мүмкін болып өлшеу құралының биіктік бойынша бағытталуын оңтайландырады. Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (26) дөрекі бағыттаңыз. Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу (керек-жарақ) (L суретін қараңыз) Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршау, тікелей күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер сәулесінің дұрыс табылуы үшін (29) лазер қабылдауышын пайдаланыңыз. Лазер қабылдағышымен жұмыс істегенде қабылдау режимін қосыңыз (қараңыз „Қабылдағыш режим“, Бет219). Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ) Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. Жұмыс мысалдары (G−M суреттерін қараңыз) Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары суреттер беттерінде берілген. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Өлшеу құралын таза ұстаңыз. Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын қылшықтарға назар аударыңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Bosch Power Tools 1 609 92A 7LS | (11.05.2022)224 | Română Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses

Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады. Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек. Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз. Кәдеге жарату Өлшеу құралын, аккумляторын/ батареяларын, оның жабдықтары мен орамасын қоршаған ортаны қорғайтын ретте кәдеге жарату орнына тапсыру қажет. Өлшеу құралдарын және аккумуляторларды/ батареяларды үй қоқысына тастамаңыз! Тек қана ЕО елдері үшін: Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз өлшеу құралдарын және 2006/66/ЕC еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу

Bosch Power Tools 1 609 92A 7LS | (11.05.2022)II kk Осымен RobertBosch PowerToolsGmbH компаниясы GCL2‑50C/GCL2‑50CG түріндегі радио жабдықтарды 2014/53/EU директивасына сайлығын мағлұмдайды. ЕО сәйкестік мағлұмдамасы төмендегі интернет мекенжайында қолжетімді: