GLL 215 Professional - Лазерлік көрсеткіш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GLL 215 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік көрсеткіш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GLL 215 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GLL 215 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLL 215 Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек Bosch Power Tools 1 609 92A 8E9 | (20.03.2023)166 | Қазақ – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ. u Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі
u Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген). u Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз. Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. u Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек. u Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. u Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. u Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы
u Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. Өлшеу құралын және магниттік керек- жарақтарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Өлшеу құралы мен керек-жарақтардың магниттері имплантаттардың және медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады. u Өлшеу құралы мен магнитті аксессуарды магниттік дерек тасығыштар мен магнитке сезімтал құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Өлшеу құралы мен аксессуар магниттерінің әсері деректердің қайтымсыз жойылуына әкелуі мүмкін. Өнім және қуат сипаттамасы Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Тағайындалу бойынша қолдану Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды және перпендикуляр негіздерін есептеп тексеруге арналған. Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға
Бұл өнім EN50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады. Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты. (1) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы (2) Батарея туралы ескерту (3) Маятникті бұғаттау индикаторы (4) Лазерлік нүкте жұмыс режимінің түймесі (5) Лазерлік сызық жұмыс режимінің түймесі (6) Батарея бөлімінің қақпағы (7) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші (8) Бағыттауыш ойық (9)
(10) Штатив бекіткіші, 1/4 дюйм 1 609 92A 8E9 | (20.03.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 167 (11) Штатив бекіткіші, 5/8 дюйм (12) Сериялық нөмір (13) Лазер ескерту тақтасы (14) Айналмалы ұстағыш (RM1) (15) Бағыттауыш шина (16) Бойлық бекіткіш саңылау (17)
(18) Төбе қапсырмасы
(19) Әмбебап ұстағыш (BM1)
(20) Лазер нысандық тақтасы
(24) Телескоптық қарнақ (ВТ350)
(26) Лазер көру көзілдірігі
Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз. Техникалық мәліметтер Нүктелі және сызықтық лазер GCL 2-15 GCL 2-15 G Өнім нөмірі 3 601 K66 E.. 3 601 K66 J.. Жұмыс диапазоны
– Лазер сызығы 15м 15м – Жоғары қаратылған лазер нүктесі 10м 10м – Төмен қаратылған лазер нүктесі 10м 10м Нивелирлеу дәлдігі B)C) – Лазер сызықтары ±0,3мм/м ±0,3мм/м – Лазер нүктелері ±0,7мм/м ±0,7мм/м Әдеттегі өздігінен нивелирлеу
±4° ±4° Әдеттегі нивелирлеу уақыты <4с <4с Жұмыс температурасы –10°C…+50°C –10°C…+50°C Сақтау температурасы –20°C…+70°C –20°C…+70°C Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000м 2000м Салыстырмалы ауа ылғалдылығы,
90% 90% Ластану дәрежесі IEC61010-1 стандарты бойынша
Лазер класы 2 2 Лазер сызығы – Лазер түрі <1мВт, 630–650нм <10мВт, 500–540нм – Лазер сәулесінің түсі Қызыл Жасыл – C₆ 1 10 – Айырмашылық 0,5мрад (толық бұрыш) 50×10мрад (толық бұрыш) Лазер нүктесі – Лазер түрі <1мВт, 630–650нм <1мВт, 630–650нм – Лазер сәулесінің түсі Қызыл Қызыл – C₆ 1 1 – Айырмашылық 0,8мрад (толық бұрыш) 0,8мрад (толық бұрыш) Штатив бекіткіші 1/4дюйм, 5/8дюйм 1/4дюйм, 5/8дюйм Батареялар 3×1,5ВLR6(AA) 3×1,5ВLR6(AA) Жұмыс режимі бойынша жұмыс ұзақтығы
Bosch Power Tools 1 609 92A 8E9 | (20.03.2023)168 | Қазақ Нүктелі және сызықтық лазер GCL 2-15 GCL 2-15 G – Қиылысу және нүктелі жұмыс
6сағ 6сағ – Қиылысу режимі 8сағ 8сағ – Сызықтық пен нүктелік жұмыс 12сағ 10сағ – Сызықтық жұмыс режимі 16сағ 12сағ – Нүктелі жұмыс режимі 22сағ 22сағ Салмағы EPTA-Procedure01:2014 құжатына сай 0,49кг 0,49кг Өлшемдері (ұзындығы× ені× биіктігі) – бұрама ұстағышсыз 112× 55× 106мм 112× 55× 106мм – бұрама ұстағышпен 132× 81× 163мм 132× 81× 163мм Қорғаныс дәрежесі IP54 (шаң мен шашыранды судан
IP54 (шаң мен шашыранды судан
A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы тікелей күн сәулелерінде) қысқарту мүмкін.
20–25°C C) Көрсетілген мәндер қалыпты және жағымды қоршаған орта шарттарын (мысалы, дірілсіз, тұмансыз, түтінсіз, тікелей күн сәулесінсіз) талап етеді. Температура шұғыл өзгерген жағдайда, дәлдік ауытқуы мүмкін. D) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (12) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.
Батареяларды салу/алмастыру Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын пайдалану ұсынылады. Батарея бөлімінің қақпағын(6) ашу үшін бекіткішті(7) басып, батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Батареяны
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз. Батареялардың заряд деңгейі төмен болса, батарея туралы ескерту(2) жасыл түспен жыпылықтайды. Оған қоса лазер сызықтары әр 10минут сайын шамамен 5секундқа жанады. Өлшеу құралы алғаш рет жыпылықтағаннан кейін шамамен 1сағат жұмыс істей алады. Батарея заряды таусылған болса, лазер сызықтары автоматты түрде өшуден бұрын тағы бір рет жыпылықтайды. Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз. u Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін. RM1 бұрама ұстағышымен жұмыс істеу (A1– A3суреттерінқараңыз) Бұрама ұстағыштың(14) көмегімен өлшеу құралын 360°- қа орталық, әрдайым көрінетін перпендикуляр негізіне бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары бағытталады да, өлшеу құралының орналасуы өзгермейді. Өлшеу құралын бағыттауыш ойығын (8) бұрама ұстағыштың (14) бағыттауыш рейкасына (15) қаратып орнатыңыз және өлшеу құралын платформаға тірелгенше кіргізіңіз. Ажырату үшін өлшеу құралын кері бағытта бұрама ұстағыштан шығарыңыз. Бұрама ұстағыштың орналастыру мүмкіндіктері: – тегіс аймақта тұруда, – тік аймаққа бұрап бекітілгенде, – төбе қапсырмалары (18) көмегімен металл төбе рейкаларында, – магниттердің (17) көмегіменметал беттерде. u Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы
Пайдалануға ендіру u Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. u Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура өзгерістерінің әсерін тигізуге болмайды. Оны, мысалы, автомобиль ішінде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты температурасын сақтаңыз және жұмысты жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін 1 609 92A 8E9 | (20.03.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 169 өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет171). Айрықша температура немесе температура өзгерістері орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін. u Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет171). u Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты(9) " On" күйіне (маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін) немесе " On" күйіне (нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін) жылжытыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден шығару саңылауларынан(1) лазер сәулелерін шығарады. u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Өлшеу құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (9) Off күйіне жылжытыңыз. Өшіру кезінде тербелу блогы бұғатталады. u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. 50°C шамасындағы рұқсат етілген макс. жұмыс температурасынан асырған жағдайда лазер диоды қорғаныс үшін өшеді. Суығаннан соң өлшеу құралы қайта қосылуы мүмкін. Өшіру автоматикасы Егер шам. 120минут ішінде өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшіп қалады. Өлшеу құралын автоматты түрде өшкен соң қайта іске қосу үшін, ажыратқышты (9) алдымен "Off" күйіне жылжытып, сонан соң өлшеу құралын қайта қосыңыз немесе лазерлік нүктенің жұмыс режимі түймесін (4) немесе лазерлік сызықтың жұмыс режимі түймесін (5) бір рет басыңыз. Өшу автоматикасын уақытша өшіру Өшу автоматикасын өшіру үшін (өлшеу құралы қосулы болғанда) лазерлік сызықтың жұмыс режимі түймесін (5) кемінде 3 сек. басып ұстаңыз. Өшу автоматикасы өшкен болса, лазер сәулелері растау үшін қысқа уақыт жыпылықтайды. Нұсқау: жұмыс температурасы 45°C шамасынан жоғары болса, өшу автоматикасын бұдан былай өшіруге
Автоматты өшуді белсендендіру үшін өлшеу құралын өшіріп, қайта қосыңыз. Пайдалану түрін орнату Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды әркез ауыстыруға болады: – Қиысу мен нүктелік жұмыс: Өлшеу құралы алға қарай көлденең және тік лазерлік сызықты және жоғары және төмен қарай көлденең лазерлік сызықты шығарады. Лазерлік сызықтар 90° бұрышта қиысады. – Көлденең сызықтық жұмыс: өлшеу құралы көлденең лазерлік сызықты алға қарай шығарады. – Тік сызықтық жұмыс: өлшеу құралы тік лазерлік сызықты алға қарай шығарады. Өлшеу құралы бөлмеде орналасқанда тік лазерлік сызық төбеде жоғарғы лазерлік нүктеден жоғары көрсетіледі. Өлшеу құралын тікелей қабырғада орналастырғанда тік лазерлік сызық толық дерлік айналалық лазерлік сызықты (360° сызығын) шығарады. – Нүктелік жұмыс: өлшеу құралы тік лазерлік нүктені жоғары және төмен қарай шығарады. Нүктелі жұмыс режимінен басқа барлық жұмыс режимдерін нивелирлеу автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де таңдауға болады. Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу Жұмыс қадамдарының реттілігі Көлденең
Ажыратқыш(9) " On" күйінде
Қиылысу режимі Лазерлік сызық жұмыс режиміне арналған 1× түймені(5) басыңыз
Лазерлік сызық жұмыс режиміне арналған 2× түймені(5) басыңыз
Лазерлік сызық жұмыс режиміне арналған 3× түймені(5) басыңыз
Bosch Power Tools 1 609 92A 8E9 | (20.03.2023)170 | Қазақ Жұмыс қадамдарының реттілігі Көлденең
Лазерлік сызық жұмыс режиміне арналған 4× түймені(5) басыңыз
Қиылысу режимі Сызықтық жұмыс параметріне байланыссыз нүктелік жұмысты белсендіру немесе өшіру мүмкін: Лазерлік нүкте жұмыс режиміне арналған 1× түймені(4) басыңыз
Лазерлік нүкте жұмыс режиміне арналған 2× түймені(4) басыңыз
Егер өлшеу құралы өздігінен нивелирлеу аймағынан тыс тұрса, лазерлік сызықтар және/немесе нүктелер жылдам жыпылықтайды. Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істегенде "Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу" (ажыратқыш(9) " On" күйінде) режиміне ауыссаңыз, осы режим индикаторларының бірінші тіркесім мүмкіндігі әрдайым іске қосылады. Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу Жұмыс қадамдарының реттілігі Көлденең
Ажыратқыш(9) " On" күйінде
Қиылысу режимі Лазерлік сызық жұмыс режиміне арналған 1× түймені(5) басыңыз
Лазерлік сызық жұмыс режиміне арналған 2× түймені(5) басыңыз
Лазерлік сызық жұмыс режиміне арналған 3× түймені(5) басыңыз
Қиылысу режимі "Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу" режимінде лазер сызықтары үздіксіз баяу жыпылықтайды. Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істегенде "Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу" (ажыратқыш(9) " On" күйінде) режиміне ауыссаңыз, осы режим индикаторларының бірінші тіркесім мүмкіндігі әрдайым іске қосылады. Нивелирлеу автоматикасы Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу (B1– E1суреттерінқараңыз) Өлшеу құралын көлденең жылжымайтын табанға қойыңыз немесе бұрама ұстағышта (14) бекітіңіз. Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/ өшіргішті (9) " On" күйіне жылжытыңыз. Нивелирлеу автоматикасы ±4° өз нивелирлеу аймағындағы тегіс еместіктерді автоматты тегістейді. Лазер сәулелері жыпылақтауды аяқтаса, өлшеу құралы нивелирленген болады. Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы тұрған бет көлденең сызықтан 4° шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сәулелері жылдам жыпылықтайды. Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса, лазер сәулелері үздіксіз жанады. Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік сызықтардың күйін негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз. Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу (F1суретінқараңыз) Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін ажыратқышты (9) " On" күйіне жылжытыңыз. Маятникті бұғаттау индикаторы (3) қызыл түспен жанып тұрады және лазер сызықтары бояу жыпылықтайды. 1 609 92A 8E9 | (20.03.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 171 Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде, нивелирлеу автоматикасы өшіріледі. Өлшеу құралын еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады. Лазер сәулелері бұдан былай нивелирленбейді және бір- біріне тігінен өтпейді. Өлшеу құралының дәлдігін тексеру Дәлдік әсерлері Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін ауытқуы мүмкін. Жерден көтерілген жылудан температуралық әсерлерді барынша азайту үшін, өлшеу құралын штативте пайдалануға кеңес беріледі. Оған қоса өлшеу құралын мүмкіндігінше жұмыс аймағының ортасына қойыңыз. Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз. Алдымен көлденең лазерлік сызықтың биіктік пен нивелирлеу дәлдігін және тік лазерлік сызықтың нивелирлеу дәлігін тексеріп шығыңыз. Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз. Көлденең сызықтың биіктік дәлдігін тексеру Тексеру үшін 5м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A мен B екі қабырғаның арасында керек болады. – Өлшеу құралын А қабырғасының жанындағы штативке немесе қатты тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын қосыңыз. Нивелирлеу автоматикасымен қиысу жұмыс режимін таңдаңыз.
5 m – Лазерді жақын A қабырғасына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз (Ⅰнүктесі).
180° – Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер сызықтарының арғы B қабырғасындағы айқыш-ұйқыш нүктесін белгілеңіз (Ⅱ нүктесі). – Өлшеу құралын бұрамай B қабырғасының қасында қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.
– Өлшеу құралының биіктігін (штативтер немесе бар болса тіреуіш көмегімен) лазер сызықтарының айқыш- ұйқыш нүктесі В қабырғасында алдымен белгіленген нүктеге Ⅱ сәйкес болатындай бағыттаңыз.
– Өлшеу құралын 180° бұрап биіктігін өзгертпеңіз. Оны A қабырғасына тік лазер сызығы белгіленген Ⅰ нүктесінен өтетін етіп бағыттаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесін A қабырғасында (Ⅲ нүктесі) белгілеңіз. – А қабырғасындағы Ⅰ мен Ⅲ екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді. 2×5м=10м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілген максималды ауытқу: 10м×±0,3мм/м=±3мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелері арасындағы d айырмашылығы ең көбі 3мм құрауы тиіс. Көлденең сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеру Тексеру үшін шам. 5×5м бос кеңістік керек. Bosch Power Tools 1 609 92A 8E9 | (20.03.2023)172 | Қазақ– Өлшеу құралын А мен В қабырғаларының арасындағыортада штативке немесе қатты тегіс бетке орнатыңыз.Нивелирлеу автоматикасының көмегімен көлденеңсызықтық жұмыс режимін таңдап, өлшеу құралыннивелирлеңіз. 2,5 m 5,0 m
– Өлшеу құралынан 2,5м қашықтықта екі қабырғадалазерлік сызық ортасын белгілеңіз (А қабырғасында Ⅰнүкте, В қабырғасында Ⅱ нүкте). 2,5 m
– Өлшеу құралын 180°-қа бұрап 5м арақашықтықтаорнатыңыз және нивелирлеңіз.– Өлшеу құралының биіктігін (штатив немесе қажетболса, тіреуіш көмегімен) лазерлік сызық ортасы Вқабырғасында алдын ала белгіленген Ⅱ нүктеге сәйкесболатындай туралаңыз.– A қабырғасында лазерлік сызық ортасын Ⅲ нүктеретінде белгілеңіз (Ⅰнүктенің үстінде немесе астындатігінен). – А қабырғасындағы екі белгіленген Ⅰ мен Ⅲ нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының көлденең сызықтандәл ауытқуын көрсетеді.2×5м=10м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілгенмаксималды ауытқу: 10м×±0,3мм/м=±3мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелер арасындағы d айырмашылығы ең көбі 3мм құрауы тиіс.Тік сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеріңізТексеру үшін (қатты табанда) есіктің әр жағынан кемінде2,5 м жай болатын есік тесігі керек.– Өлшеу құралын есік тесігінен 2,5 м қашықтықта бекемтегіс табанда орналастырыңыз (штативте емес).Нивелирлеу автоматикасымен тік сызықтық жұмысрежимін таңдаңыз. Лазерлік сызықы есік тесігінебағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. 2,5 m 2,5 m – Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде(Ⅰнүктесі), 5м қашықтықта есік тесігінің басқажағында (Ⅱнүктесі) және есік тесігінің жоғарғышетінде (Ⅲнүктесі) белгілеңіз.
2 m – Өлшеу құралын 180° бұрап, есік тесігінің басқажағында тікелей Ⅱ нүктесінің артында орнатыңыз.Өлшеу құралын нивелирлеп, тік лазер сызығынорталығы нақты Ⅰ мен Ⅱ нүктелерінен өтетін етіпбағыттаңыз.– Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғышетінде Ⅳ нүктесі ретінде белгілеңіз. – А қабырғасындағы Ⅲ мен Ⅳ екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктенауытқуын көрсетеді.– Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідейесептеледі:есік тесігінің қос биіктігі×0,3мм/м1 609 92A 8E9 | (20.03.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 173 Мысал: есік тесігінің 2м биіктігіндегі максималды ауытқу: 2×2м×±0,3мм/м=±1,2мм. Сондықтан Ⅲ мен Ⅳ нүктелердің аралығы ең көбі 1,2мм болуы керек. Негізгі нүкте дәлдігін тексеру Тексеру үшін еден мен төбе арасында шамамен 5м шамасындағы берік беттегібос өлшеу жолының арақашықтығы қажет болады. – Өлшеу құралын бұрама ұстағышқа (14) орнатып, еденге қойыңыз. Нүктелі жұмыс режимін таңдап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. 5 m – Жоғарғы лазерлік нүктенің ортасын төбеде (Ⅰ нүкте) белгілеңіз. Оған қоса астыңғы лазерлік нүктенің ортасын еденде (Ⅱ нүкте) белгілеңіз.
180° – Өлшеу құралын 180°-қа бұраңыз. Оны төменгі лазерлік нүктенің ортасы белгіленген Ⅱ нүктедеболатындай етіп орналастырыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеңіз. Жоғарғы лазерлік нүктенің ортасын (Ⅲ нүкте) белгілеңіз. – Төбеде белгіленген Ⅰ жәнеⅢ нүктелердің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді. Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей есептеледі: еден мен төбе арасындағы қос қашықтық×0,7мм/м. Мысал: еден мен төбе арасындағы қашықтық 5м болғанда макс. ауытқу келесідей болады: 2×5м×±0,7мм/м=±7мм. Сондықтан Ⅰ мен Ⅲ нүктелердің аралығы ең көбі 7мм болуы керек. Пайдалану нұсқаулары u Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің немесе лазерлік сызықтың ортасын пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді. Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ) Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4"-штатив патронымен (10) штативіне немесе (23) стандартты фотоштативіне орнатыңыз. Стандартты құрылыс штативінде бекіту үшін 5/8"-штатив патронын (11) пайдаланыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз. Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз. Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақ) (Gсуретінқараңыз) Әмбебап ұстағыштың(19) көмегімен өлшеу құралын, мысалы, тік аймақтарға немесе магнитті материалдарға бекітуге болады. Әмбебап ұстағыш едендік штатив ретінде де пайдаланылады және өлшеу құралының биіктік бойынша туралануын оңтайландырады. u Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (19) дөрекі бағыттаңыз. Лазер нысандық тақтасын пайдалану (Gсуретінқараңыз) Лазер нысандық тақтасы (20) қолайсыз жағдайда және ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін жақсартады. Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы(20) лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының артынан да көрінеді. Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ) Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. Жұмыс мысалдары (мына суреттерді қараңыз:B2– F2, GжәнеH) Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары суреттер беттерінде берілген. Bosch Power Tools 1 609 92A 8E9 | (20.03.2023)174 | ქართული Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Өлшеу құралын таза ұстаңыз. Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын қылшықтарға назар аударыңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Кәдеге жарату Өлшеу құралын, оның жабдықтары мен қаптамасын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру қажет. Қлшеу құралдарын не батареяларды үй қоқысына тастамаңыз! Тек қана ЕО елдері үшін: Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз өлшеу құралдарын және 2006/66/ЕC еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу
Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.
Notice-Facile