MAKITA MP001G - Компрессор

MP001G - Компрессор MAKITA - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MP001G MAKITA PDF форматында.

📄 296 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice MAKITA MP001G - page 264
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : MAKITA

Модель : MP001G

Санат : Компрессор

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Компрессор PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MP001G - MAKITA және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MP001G брендінің MAKITA.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MP001G MAKITA

BL4025 үлгісімен 320 мм BL4040 үлгісімен 336 мм Максималды ауа қысымы 1 100 кПа Жұмыс циклі 10 минут қосулы / 5 минут өшірулі Номиналды кернеу 36 В - 40 В ТТ макс. Таза салмағы 2,8 - 3,1 кг

  • Зерттеу мен әзірлеудің үздіксіз бағдарламасына байланысты осы құжаттағы техникалық сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
  • Техникалық сипаттамалары және аккумулятор картриджі әр елде әр түрлі болуы мүмкін.
  • Өнімнің салмағы аккумулятор картриджі сияқты қондырма(лар)ға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. EPTA 01/2014 процедурасы бойынша ең жеңіл және ең ауыр комбинациялар кестеде көрсетілген. Жарамды аккумулятор картриджі мен зарядтау құрылғысы Аккумулятор картриджі BL4020 / BL4025 / BL4040 / BL4050F Зарядтау құрылғысы DC40RA / DC40RB / DC40RC
  • Жоғарыда берілген аккумулятор картридждері мен зарядтау құрылғыларының кейбірі сіздің тұрып жатқан жеріңізге байланысты қолжетімсіз болуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Тек жоғарыда аталған аккумулятор катридждері мен зарядтау құрылғыларын ғана пайдаланыңыз. Аккумулятор картридждері мен зарядтау құрылғыларының басқа түрлерін пайдалансаңыз, жарақат алуыңыз және/немесе өрт шығуы мүмкін.

Төменде жабдықта пайдаланылуы мүмкін белгілер көрсетілген. Пайдалану алдында олардың мағынасын түсініп алыңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып

Жарылыс қаупі. Ni-MH Li-ion Тек ЕО елдеріне арналған Жабдықта қауіпті құрамдастардың болуына байланысты, электрлік және электрондық жабдықтардың, аккумуляторлар мен батареялардың қалдықтары қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Электрлік және электрондық құрылғыларды немесе батареяларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға

Электрлік және электрондық жабдықтардың қалдықтары және аккумуляторлар мен батареялар және аккумуляторлар мен батареялардың қалдықтары, сондай-ақ олардың ұлттық заңнамаға бейімделуі туралы Еуропалық директиваға сәйкес, электрлік жабдықтардың, батареялардың және аккумуляторлардың қалдықтары бөлек жиналуы және қоршаған ортаны қорғау ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін тұрмыстық қалдықтарды жинау пунктіне жеткізілуі керек. Бұл жабдыққа орналастырылған айқас сызықпен сызылған дөңгелекті қоқыс жәшігінің белгісі арқылы көрсетіледі. Қолдану мақсаты Бұл құрал шинаны, спорт добын немесе кішкентай қалқымалы түтікті үрлеуге арналған.265 ҚАЗАҚША

EN62841-1 стандартына сай анықталған стандартты А-өлшенген шу деңгейі: Дыбыс қысымының деңгейі (L

) : 71 дБА Дәлсіздік (K): 3 дБА Жұмыс кезінде шу деңгейі 80 дБА шамасынан асып кетуі мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Шудың жарияланған таралу мән(дер) і стандартты сынау әдісіне сәйкес өлшенген және оны бір құралды екінші құралмен салыстыру үшін пайдалануға болады. ЕСКЕРТПЕ: Жарияланған шуды сондай-ақ әсерді алдын ала бағалау үшін пайдалануға болады. ЕСКЕРТУ: Қорғаныс құлаққабын киіңіз. ЕСКЕРТУ: Электрлік құралды іс жүзінде пайдалану кезіндегі шудың таралу мәні құралдың пайдалану әдісіне, әсіресе қандай дайындама өңделгеніне байланысты жарияланған мәнінен өзгеше болуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Іс жүзінде пайдалану кезіндегі әсерді бағалау негізінде операторды қорғау үшін қауіпсіздік шараларын анықтаңыз (құралдың өшірілген уақыты және бос жүріс уақытын қоса алғанда, іске қосылу уақыты сияқты барлық жұмыс циклдерін ескеру керек).

EN62841-1 сәйкес анықталған дірілдің жалпы мәні (үш осьтік векторлық сома): Жұмыс режимі: Үрлеу (1 100 кПа) Дірілдің таралуы (a

Дәлсіздік (K): 1,5 м/с

ЕСКЕРТПЕ: Дірілдің жарияланған жалпы мән(дер) і стандартты сынау әдісіне сәйкес өлшенген және оны бір құралды екінші құралмен салыстыру үшін пайдалануға болады. ЕСКЕРТПЕ: Сондай-ақ дірілдің жарияланған жалпы мән(дер)ін әсерді алдын ала бағалау үшін пайдалануға болады. ЕСКЕРТУ: Электрлік құралды іс жүзінде пайдалану кезіндегі дірілдің мәні құралдың пайдалану әдісіне, әсіресе қандай дайындама өңделгеніне байланысты жарияланған мән(дер)інен өзгеше болуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Іс жүзінде пайдалану кезіндегі әсерді бағалау негізінде операторды қорғау үшін қауіпсіздік шараларын анықтаңыз (құралдың өшірілген уақыты және бос жүріс уақытын қоса алғанда, іске қосылу уақыты сияқты барлық жұмыс циклдерін ескеру керек). EС сәйкестік декларациясы Тек Еуропа елдеріне арналған ЕС сәйкестік декларациясы осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың А қосымшасы ретінде қосылған. ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША

Электрлік құралдың жалпы қауіпсіздік ескертулері ЕСКЕРТУ: Осы электрлік құралмен бірге берілген қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларды, суреттерді және техникалық сипаттамаларды оқып шығыңыз. Төменде берілген барлық нұсқауды орындамаған жағдайда, электр тогының соғуы, өрт шығуы және/немесе ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін. Алдағы уақытта қолдану үшін барлық ескерту мен нұсқауды сақтап қойыңыз. Ескертулердегі "электрлік құрал" термині қуат көзінен жұмыс істейтін (сымды) электрлік құралды немесе аккумулятормен жұмыс істейтін (сымсыз) электрлік құралды білдіреді. Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік

1. Жұмыс аймағы таза әрі жарық болуы керек.

Лас немесе қараңғы аймақтарда жазатайым оқиғалар туындауы мүмкін.

2. Электрлік құралды айналасында тез

тұтанатын сұйықтық, газ немесе шаң сияқты заттардан тұратын жарылыс қаупі бар орталарда пайдаланбаңыз. Электрлік құралдар шаң немесе газды тұтандыратын электр ұшқындарын шығарады.

3. Электрлік құралды пайдаланған кезде,

балалар және бөгде адамдар алшақ жүруі керек. Басқа нәрсеге алаңдасаңыз, құралға ие бола алмай қалуыңыз мүмкін. Электрлік қауіпсіздік

1. Электрлік құралдың ашасы розеткаға

сәйкес келуі керек. Ашаны ешбір жағдайда өзгертпеңіз. Адаптер ашаларын жерге тұйықталған электрлік құралдармен пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген ашалар мен сәйкес келетін розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады.

2. Түтіктер, радиаторлар, жылу батареялары

және тоңазытқыштар сияқты жерге тұйықталған бұйымдарды ұстамаңыз. Егер денеңіз жерге тұйықталатын болса, ток соғу қаупі жоғары болады.

3. Электрлік құралдарды жаңбырдың астына

немесе ылғалды жерлерге қоймаңыз. Электрлік құралға су кіретін болса, ток соғу қаупі артады.

4. Қуат сымын дұрыс пайдаланыңыз.

Электрлік құралды тасу, тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін қуат сымын пайдалануға болмайды. Қуат сымына ыстық зат, май, өткір жиек немесе қозғалмалы бөлшектер тимеуі керек. Зақымдалған немесе оралған қуат сымдары ток соғу қаупін арттырады.266 ҚАЗАҚША

5. Электрлік құралды сыртта пайдаланғанда,

сыртта қолдануға жарамды ұзартқышты қолданыңыз. Сыртта қолдануға жарамды шнурды пайдалану ток соғу қаупін азайтады.

6. Егер электрлік құралды ылғалды жерде

пайдалану керек болса, қорғаныстық ажырату құрылғысын (RCD) пайдаланыңыз. Қорғаныстық ажырату құрылғысын пайдалану ток соғу қаупін азайтады.

7. Электрлік құралдар электрмагниттік өрістер

шығарады, ол пайдаланушыға қауіпті емес. Дегенмен электрокардиостимулятор және соған ұқсас басқа медициналық құрылғылардың пайдаланушылары электрлік құралды пайдаланбас бұрын, өндірушімен және/немесе дәрігермен кеңесуі керек. Жеке қауіпсіздік

1. Электрлік құралды пайдаланған кезде,

жасап жатқан жұмысыңызға қырағылық танытып, мұқият болыңыз. Шаршағанда немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі- дәрмектің әсерінде болған кезде электрлік құралды пайдаланбаңыз. Электрлік құралды пайдалану кезінде сәл ғана аңсыздық таныту ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.

2. Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.

Міндетті түрде қорғаныс көзілдірігін тағыңыз. Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын қорғаныс аяқ киімі, каска немесе құлаққап сияқты қорғаныс жабдықтарын тиісті жағдайларда қолдану жарақаттануды

3. Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз.

Құралды қуат көзіне және/немесе аккумулятор блогына қоспас бұрын, оны жинап немесе тасымалдамас бұрын, ауыстырып-қосқыш өшірулі күйде екеніне көз жеткізіңіз. Саусақ электрлік құралдың ауыстырып-қосқышында тұрған кезде оны тасымалдау немесе ауыстырып-қосқышы қосулы электрлік құралды қуат көзіне қосу жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.

4. Электрлік құралды қоспас бұрын, реттегіш

немесе сомынды бұрайтын кілттерді алып тастаңыз. Электрлік құралдың айналмалы бөлігінде реттегіш немесе сомынды бұрайтын кілт бекітулі қалса, жарақаттауы мүмкін.

5. Тым артық күш салмаңыз. Әрдайым

тұрақты және тепе-теңдік сақтайтын күйде болыңыз. Бұл күтпеген жағдайда электрлік құралды жақсы басқаруға мүмкіндік береді.

6. Жұмысқа сай киініңіз. Бос киім кимеңіз

және әшекей тақпаңыз. Шашыңызды және киіміңізді қозғалмалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Бос киім, әшекейлер немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы

7. Шаң тұту және жинау құрылғылары

қамтамасыз етілген болса, олардың қосулы екендігіне және дұрыс қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаң жинау құрылғысын пайдалану шаңмен байланысты қауіпті азайтуы мүмкін.

8. Құралды жиі пайдалану нәтижесінде

босаңсып, қауіпсіздік қағидаларын елеусіз қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір мезетте ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.

9. Электрлік құралды пайдаланған кезде

көзіңізді жарақаттап алмау үшін міндетті түрде қорғаныс көзілдірігін тағыңыз. Қорғаныс көзілдіріктері АҚШ-та ANSI Z87.1, Еуропада EN 166 немесе Австралияда/ Жаңа Зеландияда AS/NZS 1336 қауіпсіздік стандарттарымен сәйкес келуі керек. Австралияда/Жаңа Зеландияда бетіңізді қорғау үшін қорғаныс маскасын кию заң негізінде талап етіледі. Құрал пайдаланушылары мен жұмыс аймағындағы басқа да тұлғалардың тиісті қауіпсіздік қорғаныс жабдықтарын пайдалануын қамтамасыз ету жұмыс берушінің жауапкершілігінде. Электрлік құралды пайдалану және күтім жасау

1. Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз.

Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін электрлік құралды пайдаланыңыз. Дұрыс таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген жұмысты жақсы және қауіпсіз істейді.

2. Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік

құралды пайдаланбаңыз. Ауыстырып- қосқышы ақаулы кез келген электрлік құрал қауіп төндіреді және оны жөндеу керек.

3. Кез келген реттеулер жасамас бұрын,

керек-жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе электрлік құралдарды ұзақ уақытқа сақтамас бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумулятор блогы бар болса, оны шығарып алыңыз. Осындай алдын алу шаралары электрлік құралдың кездейсоқ іске қосылу қаупін

4. Электрлік құралдарды балалардың қолы

жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз. Арнайы оқытудан өтпеген пайдаланушылар үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.267 ҚАЗАҚША

5. Электр құралдарына және керек-жарақтарға

техникалық қызмет көрсетіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің ауытқуы және оралуы, зақымдалған бөлшектер және электрлік құралдың жұмысына кері әсер ететін басқа жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымы болса, электрлік құралды жөндеген соң бірақ пайдаланыңыз. Жазатайым оқиғалардың көбі электрлік құралдарға дұрыс техникалық қызмет көрсетілмеу себебінен

6. Кесу құралдары өткір және таза болуы

керек. Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын дұрыс пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды және басқаруға оңай.

7. Электрлік құралды, керек-жарақтарды және

қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен орындалатын жұмысты ескере отырып, осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.

8. Тұтқалардың және жұмыс орындалатын

беттердің құрғақ, таза және майлы болмауын қамтамасыз етіңіз. Тұтқалар және қолмен ұстайтын беттер тайғақ болса, күтпеген жағдай орын алғанда, құралды пайдалану және оған ие болу мүмкін болмайды.

9. Электрлік құралды пайдаланған кезде,

ішіне тартылу матадан жасалған қорғаныс қолғабын кимеңіз. Матадан жасалған қорғаныс қолғаптары қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалса, жарақаттауы мүмкін. Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды пайдалану және күтім жасау

1. Тек өндіруші көрсеткен зарядтау

құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.

2. Электрлік құралдарды тек көрсетілген

аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа аккумулятор блоктарын пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қапуін тудыруы мүмкін.

3. Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,

оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.

4. Дұрыс пайдаланбаған кезде

аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; оған тимеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп болуы

5. Зақымдалған немесе өзгертілген

аккумулятор блогын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін.

6. Аккумулятор блогын немесе құралды от

немесе шамадан тыс жоғары температура шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары болса, жарылуы мүмкін.

7. Зарядтауға қатысты нұсқаулардың

барлығын орындаңыз және аккумулятор блогын немесе құралды нұсқауларда көрсетілген температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамалмаса немесе көрсетілген ауқымнан тыс температурада зарядталса, аккумулятор зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін. Қызмет көрсету

1. Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа

жөндеу бойынша білікті аман тиісті қосалқы бөлшектерді пайдаланып жүзеге асыруы қажет. Бұл электрлік құралдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

2. Зақымдалған аккумулятор блоктарына

қызмет көрсетуге болмайды. Аккумулятор блоктарына қызмет көрсетуді өндіруші немесе өкілетті қызмет маманы орындауы тиіс.

3. Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру

нұсқауын орындаңыз. Аккумуляторлы сорғысының қауіпсіздігі бойынша ескертулер

1. Нысандарды үрлеген кезде патронды,

адаптерді және клапанды дұрыстап жалғаңыз. Болмаса, нысан, шланг, патрон немесе адаптер зақымдалып, сізді жарақаттауы

2. Ауа қысымын баяу босатыңыз.

Нысандарды үрлегеннен кейін шланг алынса, нысанды, шлангіні және патронды мықтап ұстаңыз. Шығыс ауаға байланысты нысан, патрон немесе адаптер ырғуы және жарақатқа себеп болуы мүмкін.

3. Нысанды максималды қысымынан асыра

үрлеуге болмайды. Болмаса, құрал не нысан зақымдалып, сізді жарақаттауы мүмкін.

4. Құралды максималды шығыс қысымынан

асыра пайдалануға болмайды. Құралды максималды шығыс қысымынан жоғары шығыс қысымында пайдаланған жағдайда нысан немесе құрал жарылуы мүмкін.

5. Тек өндіруші ғана үрлей алатын

нысандарды үрлеңіз (мысалы, шина, спорт добы немесе кішкентай қалқымалы түтік). Басқа нысандарды үрлеген жағдайда, оларды зақымдап, жарақатқа себеп болуы мүмкін.

6. Нысандарды үрлеген кезде манометрді,

құрал мен нысанның күйін, сонымен қатар бітеу екендігін тексеріңіз. Әйтпесе, құрал немесе нысан зақымдалып, жарақат тудыруы мүмкін.268 ҚАЗАҚША

7. Құралды тасымалдаған кезде тұтқасынан

ұстаңыз. Шлангіні ұстауға немесе тартуға болмайды. Әйтпесе, құрал зақымдалып, жарақат тудыруы мүмкін.

8. Нысандарды үрлегеннен кейін, сенімді

және калибрленген өлшеу жабдығымен ауа қысымын тексеріңіз. Құрал манометрін тек сілтеме ретінде пайдаланыңыз.

9. Құралды 10 минут үздіксіз пайдаланғаннан

кейін, құралды салқындату үшін қолданысын 5 минут тоқтатыңыз. Құралды рұқсат етілетін үздіксіз пайдалану уақытынан асыра пайдалануға болмайды. Құрал түсіп кетуі және дене жарақатын тудыруы мүмкін.

10. Құралды құм немесе шаңды беткі қабатта

пайдалануға болмайды. Құралдың ішіне бөгде заттар еніп, ақаулыққа себеп болуы

11. Шланг шығысын өзіңізге немесе өзгелерге

қаратуға болмайды. Нысандардың желі шығып, жарақатқа себеп болуы мүмкін.

12. Шланг шығысын шаңға немесе ұқсас затқа

қаратуға болмайды. Шаң басып, жарақат тудыруы мүмкін.

13. Үлкен көлемді нысандарды үрлеуге

болмайды. Үлкен көлемді нысанды үрлесеңіз, құрал қызып кетіп, теріні күйдіруі мүмкін.

14. Нысандарды үрлегеннен кейін құралды,

шлангіні, патронды немесе адаптерді түртуге болмайды. Металл бөлшектер өте ыстық болып, теріні күйдіруі мүмкін.

15. Құралды ылғалды қолмен ұстамаңыз.

16. Шлангінің оралып қалмағанын тексеріңіз.

Оралып қалған шланг тепе-теңдіктің жоғалуына және жарақат алуға себеп болуы мүмкін.

17. Шланг нысанға тіркелгенде немесе жұмыс

барысында құралды назарсыз қалдыруға

18. Құралды тыныс алу құрылғысы ретінде

пайдалануға болмайды.

19. Құралды химикаттар себу үшін пайдалануға

болмайды. Улы түтіндермен тыныс алған кезде өкпеге зиян келуі мүмкін.

20. Құралды ашық аймақта, қабырғадан немесе

нысаннан 50 см-ден алыс пайдалансаңыз, желдету саңылауларына келетін ауа ағыны шектелуі мүмкін.

21. Құралды бөлшектеуге болмайды.

22. Тек Makita қамтамасыз еткен стандартты

керек-жарақтарды ғана пайдаланыңыз. Басқа керек-жарақтарды немесе қондырмаларды пайдалану адамдардың жарақаттануына әкелуі мүмкін.

23. Шинаны үрлемес бұрын, шинада ешқандай

сызаттар немесе сынықтар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Зақымдалған шина үрленгеннен кейін жарылып, жарақат келтіруі мүмкін.

24. Шинаны үрлеу кезінде бүйірлік қабырға

алдында тұрмаңыз. Аккумулятор картриджіне арналған маңызды қауіпсіздік

бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы және (3) аккумуляторды пайдаланатын өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту білгілерін оқып шығыңыз.

2. Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз

немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз. Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.

3. Егер аккумулятор картридждің пайдалану

уақыты бірталай қысқарған болса, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.

4. Егер электролит көзіңізге тиген болса,

көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы

5. Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір

бірімен матастырмаңыз: (1) Клеммаларды кез келген ток өткізгіш материалдарға тигізбеңіз. (2) Аккумулятор картриджін ішінде шегелер, тиындар, т.б. басқа металл заттары бар контейнерде сақтамаңыз. (3) Аккумулятор блогын суға салмаңыз немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы үлкен ток ағынының пайда болуына, қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті бұзылуға себеп болуы мүмкін.

6. Құралды және аккумулятор блогын

температурасы 50 °C-ден (122 °F) шамасынан асатын жерлерде сақтамаңыз және пайдаланбаңыз.

7. Аккумулятор блогы қатты зақымдалған

немесе толығымен тозған болса да, оны отқа жақпаңыз. Аккумулятор блогы отта жарылып кетуі мүмкін.

8. Аккумулятор картриджін шегелеуге,

кесуге, басуға, лақтыруға, құлатуға немесе оны қатты затпен соғуға болмайды. Бұл әрекеттер өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.

9. Зақымдалған аккумуляторды

пайдаланбаңыз.269 ҚАЗАҚША

10. Жинаққа кіретін литий-ионды

аккумуляторлар денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды заттар заңнамасы талаптарына сәйкес қарастырылады. Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы, үшінші тараптар, экспедиторлар үшін қаптамада және таңбалауда арнайы талаптар сақталуы тиіс. Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек. Сонымен қатар ұлттық ережелерді де толық қарап шығыңыз. Ашық түйіспелерді жауып, аккумуляторды қаптамаға қозғалмайтындай етіп орналастырыңыз.

11. Аккумулятор картриджін кәдеге жаратқан

кезде оны құралдан шығарып алып, қауіпсіз жерде кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды кәдеге жаратуға қатысты жергілікті ережелерді орындаңыз.

12. Аккумуляторларды тек Makita компаниясы

көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз. Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе электролит ағуына әкеп соқтыруы мүмкін.

13. Егер құрал ұзақ уақыт бойы

пайдаланылмайтын болса, құралдағы аккумуляторды алып тастау керек.

14. Аккумулятор картриджін пайдалану кезінде

және пайдаланғаннан кейін, ол қызып, күйікке немесе төмен температуралы күйікке әкелуі мүмкін. Ыстық аккумулятор картридждерімен жұмыс істегенде сақ

15. Құралдың клеммасын пайдаланғаннан

кейін, оны бірден ұстамаңыз, ол күюге себеп болатындай ыстық болуы мүмкін.

16. Аккумулятор картриджінің клеммаларына,

саңылауларына және ойықтарына жоңқа, шаң немесе кірдің тұрып қалуын болдырмаңыз. Бұл құралдың немесе аккумулятор картриджінің сынуына немесе өнімділігінің нашарлауына алып келуі мүмкін.

17. Егер құрал жоғары вольтты электрлік қуат

желілері жанында пайдалануға жарамды болмаса, аккумуляторлық картриджді жоғары вольтты электрлік қуат желілері жанында пайдаланбаңыз. Бұл құралдың немесе аккумулятор картриджінің істен шығуына немесе сынуына алып келуі мүмкін.

18. Аккумуляторды балалардан аулақ ұстаңыз.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Тек түпнұсқа Makita аккумляторларын пайдаланыңыз. Түпнұсқа емес Makita аккумуляторларын немесе өзгертілген аккумуляторларды пайдалану нәтижесінде өрт, жарақат алу немесе зақымдалуға себеп болатын аккумулятор жарылуына әкелуі мүмкін. Ол сондай-ақ Makita құралы мен зарядтау құрылғысы үшін Makita кепілдігінің күшін жояды. Аккумулятордың максималды қызмет ету мерзімін сақтау бойынша кеңестер

1. Аккумулятор картриджін қуаты толығымен

таусылмас бұрын зарядтаңыз. Электр құралының қуаты аз екендігін байқаған кезде, құрал жұмысын тоқтатып, аккумулятор картриджін зарядтаңыз.

2. Толығымен зарядталған аккумулятор

картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз. Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету мерзімін қысқартады.

4. Аккумулятор картриджін пайдаланбаған

уақытта оны құралдан немесе зарядтау құрылғысынан алып тастаңыз.

5. Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт

бойы (алты айдан артық) пайдаланбаған болсаңыз, оны зарядтаңыз. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құралдың функциясын реттемес және тексермес бұрын, әрдайым құралдың өшірулі екендігіне және аккумулятор картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз. Аккумулятор картриджін орнату

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым құралды өшіріңіз. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін орнатқан немесе алған кезде құралды және аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз. Құралды және аккумулятор картриджін мықтап ұстамау, олардың қолыңыздан сырғанап түсіп, нәтижесінде құралдың және аккумулятор картриджінің зақымдалуына және жарақат алуға әкеп соқтыруы мүмкін. ► Сурет1: 1. Қызыл индикатор 2. Түйме

3. Аккумулятор картриджі

Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің алдыңғы жағындағы түймені сырғытып, оны құралдан сырғытып шығарып алыңыз. Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор картриджіндегі тілшені корпустағы ойықпен туралап, оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз. Егер суретте көрсетілгендей қызыл индикатор көрініп тұрса, ол толығымен құлыпталмағанын білдіреді.270 ҚАЗАҚША САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін әрдайым қызыл индикатор көрінбейтіндей етіп, толығымен орнатыңыз. Олай жасамаған жағдайда, ол құралдан кездейсоқ түсіп қалып, сізді немесе айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін күштеп орнатпаңыз. Егер картридж жеңіл сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған. Аккумулятордың қалған қуатын

Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд жанып тұрады. ► Сурет2: 1. Индикатор шамдары 2. Тексеру

Индикатор шамдары Қалған қуат Жанып тұру Өшірулі Жыпылықтау 75% - 100% 50% - 75% 25% - 50% 0% - 25% Аккумуляторды зарядтаңыз. Аккумулятор ақаулы болуы

ЕСКЕРТПЕ: Қолдану жағдайларына және қоршаған ортаның температурасына қарай көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі

ЕСКЕРТПЕ: Аккумулятордың қорғаныс жүйесі жұмыс істегенде, бірінші (шеткі сол жақ) индикатор шамы жыпылықтайды. Құралдың/аккумулятордың қорғаныс жүйесі Құрал құралды/аккумуляторды қорғау жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйе құрал мен аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін қуат көзін автоматты түрде өшіреді. Егер құрал немесе аккумулятор төмендегі жағдайлардың біреуіне тап болса, құрал жұмыс барысында автоматты түрде тоқтайды: Шамадан тыс жүктемеден

Бұл қорғаныс құрал/аккумулятор тым жоғары ток шығаратын күйде жұмыс істегенде іске қосылады. Бұл жағдайда құралды өшіріңіз және құралдың шамадан тыс жүктелуіне себеп болған жұмысты тоқтатыңыз. Содан кейін қайта іске қосу үшін құралды қосыңыз. Қызып кетуден қорғаныс Бұл қорғаныс құрал/аккумулятор қызып кеткен кезде іске қосылады. Шам жыпылықтайды және шамадан тыс қызып кеткенін ескертетін белгіше қысым датчигінде көрсетіледі. Бұл жағдайда құралды өшіріңіз және құрал мен аккумуляторды суытыңыз. Содан кейін құралды қайта қосыңыз. Зарядтың шамадан тыс таусылуынан қорғаныс Бұл қорғаныс жүйесі аккумулятордың қалған қуаты төмендеген кезде іске қосылады. Бұл жағдайда аккумуляторды құралдан алып тастап, зарядтаңыз. Басты қуат ауыстырып-қосқышы ЕСКЕРТУ: басты қуат ауыстырып- қосқышын пайдаланбаған кезде оны әрдайым өшіріп жүріңіз. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құралды тасымалдаған кезде негізгі қуат қосқышын өшіріңіз. Болмаса, ауыстырып-қосқыш шүріппесін кездейсоқ тарту жарақат тудыруы мүмкін. ► Сурет3: 1. Басты қуат ауыстырып-қосқышы Құралды қосу үшін басты қуат ауыстырып-қосқышын басыңыз. Құралды қосу үшін басты қуат ауыстырып- қосқышын қайта басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: бұл құрал автоматты түрде өшіру функциясын пайдаланады. Кездейсоқ іске қосылуына жол бермеу үшін, басты қуат ауыстырып-қосқышы қосылғаннан кейін ауыстырып-қосқыш шүріппесі белгілі бір уақыт аралығында тартылмаған кезде, басты қуат ауыстырып-қосқышы автоматы түрде өшеді.271 ҚАЗАҚША Ауыстырып-қосқыштың әрекеті ЕСКЕРТУ: Аккумулятор картриджін құралға орнатпас бұрын, әрдайым ауыстырып-қосқыш шүріппесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын және босатылған кезде “OFF” (ӨШІРУЛІ) күйіне оралатындығын тексеріңіз. ЕСКЕРТУ: Ауыстырып-қосқыш шүріппесін "ON" (ҚОСУЛЫ) күйінде сақтау үшін таспаны немесе соған ұқсас нәрсені бекітпеңіз. Құралды іске қосу үшін, ауыстырып-қосқыш шүріппесін жай тартыңыз. Тоқтату үшін ауыстырып- қосқыш шүріппесін жіберіңіз. ► Сурет4: 1. Ауыстырып-қосқыш шүріппесі

► Сурет5 1 Шамадан тыс қызып кеткенін ескертетін белгіше 2 Үрлеу режимі 3 [-] түймесі 4 [M] түймесі 5 [+] түймесі 6 Үрлеу прогресінің индикаторы 7 Ағымдағы қысым мәні 8 Мақсатты қысым мәні 9 Қысым мәнінің бірлігі Егер үрлеу қажет нысан құралға жалғанған болса, нысанның ағымдағы қысым мәні құралды қосқан кезде қысым датчигінде көрсетіледі. Егер құралға ешнәрсе жалғанбаса, қысым датчигінде "0" көрсетіледі. Сонымен қатар, қысым датчигінде мақсатты қысым мәні, қысым мәнінің бірлігі және үрлеу режимі көрсетіледі. Олар соңғы кездегімен бірдей. Үрлеуді бастаған кезде үрлеу прогресінің индикаторы көрсетіледі. Үрлеу үрлеу прогресінің индикаторы оң жақ шетіне келген кезде аяқталады. Мақсатты қысым мәнін орнату [M] түймесін басыңыз да, қысым мәнінің бірлігін таңдаңыз. Қысым мәнінің бірлігі [M] түймесін басқан сайын өзгертіледі. Келесі үш бірліктің бірін таңдай аласыз: PSI, БАР немесе КПА. Мақсатты қысым мәнін арттыру үшін, [+] түймесін басыңыз. Мақсатты қысым мәнін төмендету үшін, [-] түймесін басыңыз. Мақсатты қысым мәнін мынадай етіп орнатуға болады: 35 кПа (5 PSI) және 1 100 кПа (160 PSI). Үрлеу режимін орнату [M] түймесін 3 секунд бойы басыңыз. Үрлеу режимі [M] түймесін басып тұрған сайын өзгереді. Келесі үш режимнің бірін таңдай аласыз. Режим Дисплей Мақсаты Реттеуге

ЕСКЕРТПЕ: Шарды спорттық шар инесін пайдаланып үрлеу кезінде шар режимін таңдаңыз. Егер басқа режим таңдалса, үрлеуді тиісінше орындау мүмкін болмайды. ЕСКЕРТПЕ: Затты ағылшын клапан адаптерімен үрлеу кезінде төмен жылдамдық режимін таңдаңыз. Егер басқа режим таңдалса, үрлеуді тиісінше орындау мүмкін болмайды. Алдыңғы шамды жарықтандыру Құралды негізгі ауыстырып-қосқышты басу арқылы қосқан кезде шам жанады. Құралды негізгі ауыстырып-қосқышты басу арқылы өшірген кезде шам сөнеді. ► Сурет6: 1. Шам 2. Басты қуат ауыстырып-қосқышы САҚ БОЛЫҢЫЗ: Шамға немесе шам көзіне тікелей қарамаңыз. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Құрал шамадан тыс қызған кезде, шам жыпылықтайды. Құралды өшіріңіз және құралды қайта пайдаланбас бұрын оны толықтай суытыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Шамның линзасын тазалау үшін құрғақ шүберекті пайдаланыңыз. Шамның линзасын сызып алмаңыз, өйткені ол жарықтандыруды төмендетуі мүмкін. Адаптерді сақтау Құралдың адаптер ұстағышында адаптерлерді сақтауға болады. Спорт шарының инесін адаптер ұстағышқа тіркеу алдында спорттық ниппель адаптеріне салыңыз. ► Сурет7: 1. Спорттық шар инесі 2. Presta клапанының адаптері 3. Адаптер ұстағышы 4. Қоныштық адаптер272 ҚАЗАҚША Шлангіні сақтау Құралдың шланг ұстағышына шлангіні тіркей

► Сурет8: 1. Шлангі ұстағышы 2. Шланг Ауаны босату түймесі НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Ағылшын клапанының адаптері құралға бекітілген кезде, ауа ауаны босату түймесін басқанның өзінде шықпайды. Затты тым көп үрлеген кезде ауаны босату үшін ауаны босату түймесін басыңыз. ► Сурет9: 1. Ауаны босату түймесі

ЕСКЕРТПЕ: Стандартты адаптерлер елге байланысты әртүрлі болады. Ағылшынның клапан адаптерін

НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Затты ағылшын клапан адаптерімен үрлеу кезінде төмен жылдамдық режимін таңдаңыз. Егер басқа режим таңдалса, үрлеуді тиісінше орындау мүмкін болмайды.

1. Ағылшын клапан адаптерін патронға салыңыз.

2. Ағылшын клапан адаптерін ашқан кезде клапан

тұтқасына ағылшын клапан адаптерін тіркеңіз. ► Сурет10: 1. Ағылшын клапанының адаптері

2. Пневматикалық патрон 3. Клапан

4. Шина күйін тексерген кезде ауыстырып-қосқыш

шүріппесін тарту арқылы шинаны үрлеңіз. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Ағылшын клапан адаптерін пайдаланған кезде клапан сипаттамаларына байланысты манометрде дұрыс мән көрсетілмейді. Шинаны үрлеген кезде клапанды манометрде пайдалануға болмайды, бірақ шина күйін тексеру арқылы

Шина қажетті ауа қысымына жетпей тұрып құрал тоқтаса, қысым мәнін реттеп, шинаны қайта үрлеңіз. Шредер клапанының адаптерін

1. Клапан тұтқасына патронды тіркеңіз.

► Сурет11: 1. Клапан тұтқасы 2. Патрон

2. Құралды қосып, манометр көмегімен шинаға

сәйкес қысым мәнін орнатыңыз.

3. Ауыстырып-қосқыш шүріппесін құрал

тоқтағанша тартып ұстаңыз. Шина көрсетілген қысыммен үрленеді. Спорттық ниппель адаптерін

1. Клапан тұтқасындағы тоқтатқыш сомынды

► Сурет12: 1. Тоқтатқыш сомын

2. Клапан тұтқасына спорттық ниппель адаптерін

тіркеп, патронды спорттық ниппель адаптеріне

► Сурет13: 1. Спорттық ниппель адаптері

2. Клапан буы 3. Пневматикалық

3. Құралды қосып, манометр көмегімен шинаға

сәйкес қысым мәнін орнатыңыз.

4. Ауыстырып-қосқыш шүріппесін құрал

тоқтағанша тартып ұстаңыз. Шина көрсетілген қысыммен үрленеді.

5. Патрон мен спорттық ниппель адаптерін алып,

тоқтатқыш сомынды бекемдеңіз. Спорттық шар инесін пайдалану НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Шарды спорттық шар инесін пайдаланып үрлеу кезінде шар режимін таңдаңыз. Егер басқа режим таңдалса, үрлеуді тиісінше орындау мүмкін болмайды. Спорттық шарларды үрлеу үшін, спорттық шар инесін пайдаланыңыз.

1. Спорттық шар инесін пневматикалық патронға

► Сурет14: 1. Патрон 2. Спорт шарының инесі

2. Спорттық шар инесін шардағы саңылауға

да, қысым датчигімен шарға сәйкес қысым мәнін

5. Ауыстырып-қосқыш шүріппесін құрал

тоқтағанша тартыңыз. Шар көрсетілген қысыммен

Қоныштық адаптерді пайдалану САҚ БОЛЫҢЫЗ: Қалқымалы түтікті тым көп үрлемеңіз. Қалқымалы түтіктерді үрлеу үшін, қоныштық адаптерді пайдаланыңыз.

1. Қоныштық адаптерді пневматикалық патронға

► Сурет15: 1. Патрон 2. Қоныштық адаптер

2. Қоныштық адаптерді қалқымалы түтіктегі

4. Қалқымалы түтікті ауыстырып-қосқыш

шүріппесін тарту, сондай-ақ, қалқымалы түтік күйін тексеру арқылы үрлеңіз.273 ҚАЗАҚША НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Қалқымалы түтікті үрлеу кезінде қысым датчигіндегі ағымдағы қысым мәніне қарамаңыз. Қысым датчигі ағымдағы қысым мәні 35 кПа (5 PSI) төмен болған кезде нақты ағымдағы қысым мәнін көрсетпейді. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Тексеру немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуге әрекеттенбес бұрын, әрдайым құралдың өшірулі екендігіне және аккумулятор картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Жанармайды, бензинді, сұйылтқышты, спиртті немесе соған ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін. Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан орындалуы керек.

КЕРЕК-ЖАРАҚТАР САҚ БОЛЫҢЫЗ: Бұл керек-жарақтар мен қондырмалар осы нұсқаулықта көрсетілген Makita құралымен бірге пайдалануға ұсынылады. Кез келген басқа керек-жарақтар мен қондырмаларды пайдалану адамдардың жарақаттануына әкелуі мүмкін. Керек-жарақты немесе қондырманы тек өз мақсатында ғана қолданыңыз. Осы керек-жарақтар туралы қосымша мәлімет алу үшін көмек қажет болса, жергілікті Makita қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

  • Makita түпнұсқа аккумуляторы және зарядтау

ЕСКЕРТПЕ: Тізімдегі кейбір элементтер стандартты керек-жарақтар ретінде құралдың қаптамасында болуы мүмкін. Олар елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.274