GLM 80 Professional - Лазерлік деңгей BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GLM 80 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік деңгей PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GLM 80 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GLM 80 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLM 80 Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады Bosch Power Tools 1 609 92A 55A | (05.08.2019)206 | Қазақ – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді түрде жұмыс істеу үшін барлық нұсқауларды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кіріктірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді еш жағдайда көрінбейтіндей етпеңіз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ. u Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі
Өлшеу құралы ескерту тақтасымен бірге жеткізілген (өлшеу құралының суретінде графика бетінде (20) нөмірімен белгіленген). Laser Radiation Do not stare into beam Class 2 laser product u Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіз тіліде болмаса, алғашқы пайдаланудан алдын оның орнына сіздің еліңіз тілінде болған жапсырманы жабыстрыңыз. Лазер сәулесін адам немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылған лазер сәулесіне қарамаңыз. Осылай адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға алып келуі және көзді зақымдауы мүмкін. u Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек. u Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. u Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол лазер сәулесінен қорғамайды. u Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық қорғамай рең көру қабилетін азайтады. u Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. u Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдаланбасын. Олар білмей адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. u Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. Өлшеу құралын ыстықтан сақтаңыз, және мысалы, үзақ күнде тұруынан, алаудан, су және ылғалдылықтан. Жарылу қаупі бар. u Өлшеу құралын тек салынған микро USB кабелімен бірге пайдаланыңыз. Зарядтау құралдары үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары u Бұл зарядтау құралы балалардың, дене немесе ой қабілеттері шектелген, тәжирібесі және білімі аз адамдардың пайдалануына арналмаған. Осы зарядтау құралымен 8 жастан асқан балалардың және дене, сезім, ойлау қабілеттері шектелген не тәжірибесі мен білімі аз адамдардың жүйені қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаусыз және жауапты адамның бақылауынсыз пайдалануы аса қауіпті. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақаттанулар қаупі пайда болады. u Пайдалану, тазалау және қызмет көрсету кезінде балаларға 1 609 92A 55A | (05.08.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 207 мұқият болыңыз. Балалардың зарядтау құралымен ойнамауына көз жеткізіңіз. Зарядтау құралын жаңбырдан немесе ылғалдықтан қорғаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады. u Өлшеу құралын тек жинақтағы зарядтау құралымен зарядтаңыз. u Зарядтау құралын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы тоқ соғуы қауіпін туындатады. u Әр пайдаланудан алдын зарядтау құралын, кабельді және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз зарядтау құралын пайдаланбаңыз. Зарядтау құралын өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған зарядтау құралы, кабель және айыр электр тоғының соғу қаупін арттырады. u Зарядтау құралын қосулы күйде оңай жанатын беттердің (мысалы, қағаз, мата және т.б.) үстіне қоймаңыз немесе жанғыш заттардың жанында пайдаланбаңыз. Зарядтау кезінде зарядтау құралының қызуы себебінен өрт қаупі пайда болады. u Аккумулятор зақымданған немесе оны дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Өнім және қуат сипаттамасы Мақсаты бойынша қолдану Өлшеу құралы қашықтықтарды, ұзындықтарды, биіктіктерді, аралықтарды, көлбеулерді өлшеуге және аудан мен аумақтарды есептеуге арналған. Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға
Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірі графика бетіндегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты болып келеді. (1)
(2) Өлшеу түймесі (3) Көлбеуді өлшеу / калибрлеу түймесі
(4) Функцияны ауыстыру / негізгі реттеулер түймесі
(5) Минус түймесі (6) Нәтиже / таймер функциясы түймесі
(7) Өлшеу мәндері / жадтың тұрақты мәндері түймесі
(8) Жадты өшіру түймесі / қосу-өшіру түймесі
(9) Штифтілі тірек (10) Негізгі жазықтықты таңдау түймесі (11) Плюс түймесі (12) Ұзындық, аудан мен көлемді өлшеу түймесі (13) Зарядтау ұясының қақпағы (14) Микро USB ұясы (15) Бау бекіткіші (16) Лазер сәулесінің шығысы (17) Қабылдау линзасы (18) Сериялық нөмір (19) 1/4 дюймдік бұранда (20) Лазер ескерту тақтасы (21) Зарядтау штекері (22) Микро USB кабелі (23) Зарядтағыш құрылғы
(24) Қорғайтын қалта (25) Өлшеу шинасы
(26) Өлшеу шинасының құлыптау иінтірегі
(28) Лазер көру көзілдірігі
(29) Лазер нысандық тақтасы
Кеңейтілген функцияларды шақыру үшін түймені басып
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Индикация элементтері (a) Өлшеу мәндерінің жолақтары (b) "ERROR" қате индикаторы (c) Нәтижелер жолағы (d) Сандық ватерпас / өлшеу мәндері тізімінің жазбасы позициясы (e) Өлшеу мәндері тізімінің индикаторы (f) Өлшеу функциялары Ұзындықты өлшеу Ауданды өлшеу Көлемді өлшеу Ұзақтықты өлшеу
Жанама биіктікті өлшеу
Қос жанама биіктікті өлшеу
Жанама ұзындықты өлшеу Таймер функциясы Қабырға ауданын өлшеу Көлбеуді өлшеу (g) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (h) Лазер қосулы (i) Өлшеу негізгі жазықтығы (j) Температура туралы ескерту Bosch Power Tools 1 609 92A 55A | (05.08.2019)208 | Қазақ Техникалық мәліметтер Сандық лазерлік қашықтық өлшегіші GLM 80 GLM 80+R 60 Өнім нөмірі 3601K723.. 3601K723.. Қашықтықты өлшеу Өлшеу диапазоны (әдеттегі) 0,05–80м
Өлшеу диапазоны (әдеттегі, қолайсыз жағдайда) 35м
Өлшеу дәлдігі (әдеттегі) ±1,5мм
Өлшеу дәлдігі (әдеттегі, қолайсыз жағдайда) ±2,5мм
Ең кіші индикация элементі 0,1мм 0,1мм Жанама қашықтық өлшеу және ватерпас Өлшеу диапазоны –60° – +60° –60° – +60° Көлбеуді өлшеу Өлшеу диапазоны 0°–360° (4x90°)
Өлшеу дәлдігі (әдеттегі) 0,2° D)E) ±0,2° D)E) Ең кіші индикация элементі 0,1° 0,1°
Сақтау температурасы –20°C ... +50°C –20°C ... +50°C Рұқсат етілген зарядтау температурасының диапазоны +5°C ... +40°C +5°C ... +40°C Салыстырмалы ауа ылғалдығы, макс. 90% 90% Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000 м дейін 2000 м дейін Ластану дәрежесі IEC61010-1 стандарты бойынша 2
Лазер класы 2 2 Лазер түрі 635нм, <1 мВт 635нм, <1 мВт Лазер сәулесінің диаметрі (25°C температурасында) шам. – 10м қашықтықта 6мм
– 80м қашықтықта 48мм
Лазердің корпусқа реттелу дәлдігі шам. – тігінен ±2мм/м
– көлденеңінен ±10мм/м
Автоматты түрде өшіру құрылғысы шамамен мына уақыттан кейін – Лазер 20 с 20 с – Өлшеу құралы (өлшеусіз) 5 мин 5 мин Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай 0,14 кг 0,14 кг Өлшемдері 51 x 111 x 30 мм 51 x 111 x 30 мм Қорғаныс дәрежесі IP 54 (шаң мен шашырайтын судан қорғалған) IP 54 (шаң мен шашырайтын судан қорғалған) Өлшеу шинасы Өнім нөмірі – 3601K79000 Өлшемдері – 58 x 610 x 30 мм Аккумулятор Литий-ион Литий-ион Номиналды кернеу 3,7 В 3,7 В Қуаты 1,25 A-сағ 1,25 A-сағ Аккумулятор ұяшықтарының саны 1 1 1 609 92A 55A | (05.08.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 209 Сандық лазерлік қашықтық өлшегіші GLM 80 GLM 80+R 60 Аккумуляторды әр зарядтау кезіндегі бөлек өлшемдер
Зарядтағыш құрылғы Өнім нөмірі
1600A013.. Зарядтау уақыты шам. 3 сағ шам. 3 сағ Аккумулятордың зарядтау кернеуі 5,0 В 5,0 В Зарядтау тогы 1000 мА 1000 мА Қорғаныс класы / II / II A) Өлшеу құралының алдыңғы жиегінен бастап өлшегендегі нысананың 100% қайтарғыштығы (мысалы, ақ боялған қабырға), әлсіз фондық жарық және 25°C жұмыс температурасы. Қосымша ±0,05мм/м әсерін есепке алу керек. B) Өлшеу құралының артқы жиегінен бастап өлшегендегі нысананың 10–100% қайтарғыштығы, қаттырақ фондық жарық және 25°C жұмыс температурасы. Қосымша ±0,29мм/м әсерін есепке алу керек. C) Анықтамалық құралдың артқы жағымен өлшеу кезінде макс. өлшеу диапазоны ±60° құрайды
H суреті бойынша калибрлегеннен кейін. Қосымша көтерілу қателігі ±0,01°/градус және 45° аралығында. E) Лазер сызығының ені беттің сапасына және қоршаған орта шарттарына байланысты. F) Үздіксіз өлшеу режимінде макс. жұмыс температурасы +40°C құрайды. G) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. H) 25°C температурасында
I) Дисплей жарығынсыз және дыбыссыз жаңа және зарядталған аккумулятор.
Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (18) оны дұрыс анықтауға көмектеседі. Зарядтағыш құрылғының фирмалық тақтайшасындағы өнім нөміріне назар аударыңыз. Кейбір зарядтағыш құрылғылардың сауда атаулары өзгеше болуы мүмкін. Алғашқы іске қосу Аккумуляторды зарядтау u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. u Басқа өндірушілер зарядтау құралдарын пайдалану өлшеу құралында ақаулықтарға алып келуі мүмкін; жүк көлігінен жоғарырақ кернеу да (мысалы, 12В) осы өлшеу құралын зарядтауға арналмаған. Орындалмаса кепілдік жойылады. u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты зарядтау құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін, оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз. Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
Аккумулятор заряд деңгейі индикаторының (g) төменгі сегменті жыпылықтаса, тек бірнеше өлшеуді орындау мүмкін болады. Аккумуляторды зарядтаңыз. Аккумулятор заряд деңгейі индикаторының (g) сегментіндегі жақтау жыпылықтап тұрса, ешқандай өлшеуді орындау мүмкін болмайды. Өлшеу құралын тек қысқа уақыт пайдалануға болады (мысалы, өлшеу көлемі тізімінің жазбасын тексеру үшін). Аккумуляторды зарядтаңыз. Өлшеу құралын жинақтағы микро USB кабелі (22) арқылы зарядтау құрылғысына (23) жалғаңыз. Зарядтау құрылғысын (23) розеткаға салыңыз. Зарядтау әрекеті
Аккумулятор заряд деңгейінің индикаторы (g) зарядтау барысын көрсетеді. Зарядтау күйінде сегменттер дәйекті түрде жыпылықтайды. Аккумулятор заряд деңгейі индикаторының (g) барлық сегменттері көрсетілсе, бұл аккумулятордың толық зарядталғанын білдіреді. Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз зарядтау құралын тоқ желісінен ажыратыңыз. Қосымша аккумуляторды USB портында да зарядтауға болады. Ол үшін өлшеу құралын микро USB кабелі арқылы USB портына жалғаңыз. USB пайдалануда (зарядтау, деректерді тасымалдау) зарядтау уақыты тыс ұзақ болуы мүмкін. Өлшеу құралын зарядтау кезінде пайдалану мүмкін емес. u Зарядтау құрылғысын ылғалдан қорғаңыз! Өлшеу құралындағы аккумуляторды оңтайлы түрде қолдану бойынша нұсқаулар Өлшеу құралын тек рұқсат етілген температура диапазонында сақтаңыз, (қараңыз „Техникалық мәліметтер“, Бет208). Өлшеу құралын, мысалы, жаз кезінде автомобиль ішінде қалдырмаңыз. Зарядтағаннан кейін пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың тозғанын және оны Bosch қызмет көрсету орталығында ауыстыру керектігін Bosch Power Tools 1 609 92A 55A | (05.08.2019)210 | Қазақ
Кәдеге жарату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
u Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. u Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулары жағдайында алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін. u Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлап түсуден сақтаңыз. Өлшеу құралына қатты сыртқы әсер етілгеннен кейін, өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексерісін орындауыңыз керек(қараңыз „Дәлдікті тексеру және көлбеу өлшеуді калибрлеу (Hсуретін қараңыз)“, Бет214) және (қараңыз „Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру“, Бет214).
u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. Өлшеу құралын қосу үшін төмендегі мүмкіндіктер бар: – Қосу-өшіру түймесін (8) басыңыз: өлшеу құралы қосылып, ұзындықты өлшеу функциясында болады. Лазер қосылмайды. – Өлшеу түймесін (2) басыңыз: өлшеу құралы мен лазер қосылады. Өлшеу құралы ұзындықты өлшеу функциясында тұрады. Өлшеу шинасына (25) өлшеу құралы орнатылған болса, көлбеуді өлшеу функциясы белсенді болады. u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру түймесін (8) ұзақ уақыт басыңыз. Егер шамамен 5минут ішінде өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшеді. "Көлбеуді өлшеу" жұмыс режимінде шамамен 5минут ішінде бұрыш өзгермесе, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшеді. Автоматты түрде өшу кезінде жадтағы барлық мәндер
Өлшеу процесі Өлшеу түймесін (2) басу арқылы қосқаннан кейін, өлшеу шинасына (25) енгізілген өлшеу құралы әрдайым ұзындықты өлшеу немесе көлбеуді өлшеу функциясында болады. Басқа өлшеу функцияларын тиісті функция түймесін басу арқылы реттеуге болады (қараңыз „Өлшеу функциялары“, Бет211). Өлшеудің негізгі жазықтығы қосқаннан кейін өлшеу құралының артқы жиегі таңдалады. Негізгі жазықтық түймесін (10) басу арқылы негізгі жазықтықты өзгертуге болады (қараңыз „Негізгі жазықтықты таңдау (Aсуретін қараңыз)“, Бет210). Өлшеу құралын таңдалған негізгі жазықтықпен өлшеудің қажетті бастау нүктесіне (мысалы, қабырғаға) қойыңыз. Лазер сәулесін қосу үшін өлшеу түймесін (2) қысқаша
u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Лазер сәулесімен мақсатты жазықтықты белгілеңіз. Өлшеуді бастау үшін өлшеу түймесін (2) қайтадан қысқаша басыңыз. Үздіксіз лазер сәулесі қосылып тұрғанда, өлшеу процесі өлшеу түймесін (2) алғаш рет басқанда басталады. Ұзақтықты өлшеу функциясында өлшеу функция қосылғанда бірден іске қосылады. Өлшеу мәні әдетте 0,5секунд пен ең ұзағы 4секунд аралығында пайда болады. Өлшеу ұзақтығы қашықтыққа, жарық жағдайына және мақсатты жазықтықтың қайтарғыштығына байланысты болады. Өлшеу аяқталғанда, дыбыстық сигнал беріледі. Өлшеу аяқталғаннан кейін, лазер сәулесі автоматты түрде өшеді. Нысанаға алғаннан кейін шамамен 20секунд ішінде өлшеу орындалмаса, лазер сәулесі аккумулятор зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшеді. Негізгі жазықтықты таңдау (Aсуретін
Өлшеу үшін төрт түрлі негізгі жазықтықтардың арасынан таңдауға болады: – өлшеу құралының артқы жиегі немесе 90° шамасына ашылған штифтілі тіректің (9) алдыңғы жиегі (мысалы, сыртқы бұрыштарға салғанда), – 180° шамасына ашылған штифтілі тіректің (9) ұшы (мысалы, бұрыштардан өлшегенде), – өлшеу құралының алдыңғы жиегі (мысалы, үстел жиегінен өлшегенде), – (19) ирек оймасының ортасы (мысалы, штативпен өлшегенде). Негізгі жазықтықты таңдау үшін (10) түймесін дисплейде қажетті негізгі жазықтық көрсетілгенше басыңыз. Өлшеу құралы әр қосылғаннан кейін, өлшеу құралының артқы жиегі негізгі жазықтық ретінде алдын ала реттеледі. Әлдеқашан орындалған өлшеу әрекеттері үшін негізгі жазықтықты өзгертуге болмайды (мысалы, өлшеу мәндерінің тізімінде өлшеу мәндері көрсетілгенде). 1 609 92A 55A | (05.08.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 211 "Негізгі реттеулер" мәзірі "Негізгі реттеулер" мәзіріне кіру үшін негізгі реттеулер түймесін (4) басып тұрыңыз. Негізгі реттеулер түймесін (4) бөлек мәзір тармақтарын таңдау үшін қысқаша басыңыз. Минус түймесін (5) немесе плюс түймесін (11) басып, мәзір тармақтарының ішінде реттеуді таңдаңыз. "Негізгі реттеулер" мәзірінен шығу үшін өлшеу түймесін (2) басыңыз. Негізгі реттеулер Дыбыстық сигналдар Қосу
Сандық ватерпас Қосу
Дисплей айналуы Қосу
Үздіксіз лазер сәулесі Қосу
Қашықтық бірлігі (экспорттық нұсқа
м, фут, дюйм, … Бұрыш бірлігі (экспорттық нұсқа бойынша) °, %, мм/м,
"Үздіксіз лазер сәулесі" реттеуінде құрылғыны өшірген кезде, барлық негізгі реттеулер сақталады. Үздіксіз лазер сәулесі u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Лазер сәулесі осы реттеуде өлшеу әрекеттерінің арасында да қосулы болып қалады, өлшеу үшін өлшеу түймесін (2) бір рет қысқаша басқан жеткілікті. Өлшеу функциялары Ұзындықты оңай өлшеу Ұзындықты өлшеу үшін (12) түймесін дисплейде ұзындықты өлшеу индикаторы пайда болғанша басыңыз. Лазерді қосу және өлшеуді орындау үшін өлшеу түймесін (2) бір рет қысқаша
Өлшеу мәні нәтижелер жолағында (c) көрсетіледі. Бірнеше ұзындық өлшеу әрекетін орындағанда, соңғы өлшеу нәтижелері өлшеу мәндерінің жолағында (a) көрсетіледі. Ауданды өлшеу Ауданды өлшеу үшін (12) түймесін дисплейде ауданды өлшеу индикаторы пайда болғанша басыңыз. Сонан соң ені мен ұзындығын дәйекті түрде ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Екі өлшеу әрекетінің арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. Екінші өлшеу әрекетін аяқтағаннан кейін, аудан автоматты түрде есептеліп, нәтижелер жолағында (c) көрсетіледі. Бөлек өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (a) тұрады. Көлемді өлшеу Көлемді өлшеу үшін (12) түймесін дисплейде көлемді өлшеу индикаторы пайда болғанша басыңыз. Сонан соң енін, ұзындығын және тереңдігін дәйекті түрде ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Үш өлшеу әрекетінің арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. Үшінші өлшеуді орындағаннан кейін, көлем мәні автоматты түрде есептеліп, нәтижелер жолағында (c) көрсетіледі. Бөлек өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолақтарында (a) тұрады. 999999м
шамасынан артық мәндер көрсетілмейді, дисплейде "ERROR" жазбасы пайда болады. Өлшенетін көлемді бөлек өлшеу әрекеттеріне бөліп, мәндерін бөлек есептеңіз де, содан кейін қосыңыз. Ұзақтықты өлшеу / минимумды / максимумды өлшеу (Bсуретін қараңыз) Ұзақтықты өлшеу кезінде өлшеу құралын нысанаға жылжытуға болады, сонда өлшеу мәні шамамен әр 0,5 секунд сайын жаңарады. Мысалы, қабырғадан қажетті қашықтыққа дейін алыстауға болады, ағымдағы қашықтық әрдайым көрінеді. Ұзақтықты өлшеу үшін функцияны ауыстыру түймесін (4) дисплейде ұзақтықты өлшеу индикаторы пайда болғанша басыңыз. Ұзақтықты өлшеу әрекетін бастау үшін өлшеу түймесін (2) басыңыз. Минимумды өлшеу тұрақты негізгі нүктеден ең қысқа қашықтықты өлшеу үшін қызмет етеді. Ол, мысалы, тік және көлденең қашықтықтарды өлшеуге көмектеседі. Bosch Power Tools 1 609 92A 55A | (05.08.2019)212 | Қазақ Максимумды өлшеу тұрақты негізгі нүктеден ең ұзақ қашықты өлшеу үшін қызмет етеді. Ол, мысалы, диагональді қашықтықтарды өлшеуге көмектеседі. Нәтижелер жолағында (c) ағымдағы өлшеу мәні көрсетіледі. Өлшеу мәндерінің жолағында (a) максималды ("макс") және минималды ("мин") өлшеу мәні пайда болады. Ағымдағы ұзындықты өлшеу мәні алдыңғы минималды немесе максималды мәннен кем немесе артық болғанда, ол әрдайым қайта жазылады. Жадты өшіру түймесін (8) басу арқылы алдынғы минималды немесе максималды мәндер жойылады. Ұзақтықты өлшеу әрекетін аяқтау үшін өлшеу түймесін (2) басыңыз. Соңғы өлшеу мәні нәтижелер жолағында (c) көрсетіледі. Өлшеу түймесі (2) қайта басылғанда, ұзақтықты өлшеу әрекеті қайта іске қосылады. Ұзақтықты өлшеу 5минуттан кейін автоматты түрде өшеді. Соңғы өлшеу мәні нәтижелер жолағында (c) көрсетіледі. Жанама қашықтықты өлшеу Жанама қашықтықты өлшеу функциясы сәуле жолында кедергі болғанда немесе қайтарғыш ретінде мақсатты жазықтық қолжетімді болмағанда, тікелей өлшенбейтін қашықтықтарды өлшеу үшін қолданылады. Бұл өлшеу процесін тек тік бағытта пайдалануға болады. Көлденең бағыттағы әр ауытқу өлшеу қателіктерін тудырады. Өлшеу әрекеттерінің арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. Жанама қашықтықты өлшеу үшін әртүрлі қашықтықтарды өлшеуге мүмкіндік беретін үш өлшеу функциясы бар. a) Жанама биіктікті өлшеу (Cсуретін қараңыз) Функцияны ауыстыру түймесін (4) дисплейде
биіктікті өлшеу индикаторы пайда болғанша басыңыз. Өлшеу құралының төменгі өлшеу нүктесімен бір биіктікте болғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін өлшеу құралын негізгі жазықтықтан қайырып, ұзындықты өлшегендей қашықтықты (1) өлшеңіз. Өлшеу аяқталғаннан кейін, ізделген "X" қашықтығы үшін нәтиже нәтижелер жолағында (c) көрсетіледі. "1" қашықтығы мен "α" бұрышының өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолағында (a) тұрады. b) Қос жанама биіктікті өлшеу (Dсуретін қараңыз) Функцияны ауыстыру түймесін (4) дисплейде
жанама биіктікті өлшеу индикаторы пайда болғанша
"1" және "2" қашықтықтарын ұзындықты өлшегендей осы реттілік бойынша өлшеңіз. Өлшеу аяқталғаннан кейін, ізделетін "X" қашықтығы үшін нәтиже нәтижелер жолағында (c) көрсетіледі. "1", "2" қашықтықтары мен "α" бұрышының өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолағында (a)
Өлшеудің негізгі жазықтығы, мысалы, өлшеу құралының артқы жиегі барлық өлшеу әрекеттеріндегідей өлшеу процесінің барысында тура бір жерде болғанына көз жеткізіңіз. c) Жанама ұзындықты өлшеу (Eсуретін қараңыз) Функцияны ауыстыру түймесін (4) дисплейде
ұзындықты өлшеу индикаторы пайда болғанша басыңыз. Өлшеу құралының ізделген өлшеу нүктесімен бір биіктікте болғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін өлшеу құралын негізгі жазықтықтан қайырып, "1" қашықтығын ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Өлшеу аяқталғаннан кейін, ізделген "X" қашықтығы үшін нәтиже нәтижелер жолағында (c) көрсетіледі. "1" қашықтығы мен "α" бұрышының өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің жолағында (a) тұрады. Қабырға ауданын өлшеу (Fсуретін қараңыз) Қабырға ауданын өлшеу бірнеше жалпы биіктікті бөлек аудандардың қосындысын есептеу үшін пайдаланылады. Көрсетілген мысалда A бөлме биіктігі бірдей, бірақ B ұзындығы әртүрлі болатын бірнеше қабырғаның жалпы ауданы есептеледі. Қабырға ауданын өлшеу үшін функцияны ауыстыру түймесін (4) дисплейде қабырға ауданын өлшеу индикаторы пайда болғанша басыңыз. A бөлме биіктігін ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Өлшеу мәні ("cst") жоғарғы өлшеу мәнінің жолағында (a) көрсетіледі. Лазер қосулы күйде қалады. Содан кейін бірінші қабырғаның B
ұзындығын өлшеңіз. Аудан автоматты түрде есептеліп, нәтижелер жолағында (c) көрсетіледі. Соңғы ұзындықты өлшеу мәні ортаңғы өлшеу мәндерінің жолағында (a) тұрады. Лазер қосулы күйде қалады. Енді екінші қабырғаның B
өлшеңіз. Ортаңғы өлшеу мәндерінің жолағында (a) көрсетілген өлшеу мәні B
ұзындығына қосылады. Екі ұзындықтың қосындысы („sum“, төменгі өлшеу мәнінің жолағында (a) көрсетілген) сақталған A биіктігіне көбейтіледі. Жалпы аудан мәні нәтижелер жолағында (c) көрсетіледі. Кез келген басқа B
ұзындықтарын өлшеуге болады, олар автоматты түрде қосылып, A биіктігіне көбейтіледі. Дұрыс ауданды есептеудің алғышарты - бірінші өлшенген ұзындықтың (мысалы, A бөлме биіктігі) барлық бөлек аудандар үшін бірдей болуы. Көлбеуді өлшеу (Gсуретін қараңыз) Көлбеуді өлшеу түймесін (3) бассаңыз, дисплейде көлбеуді өлшеу индикаторы пайда болады. Негізгі жазықтық ретінде өлшеу құралының артқы жағы қолданылады. Көлбеуді өлшеу түймесін (3) тағы бір рет басу арқылы өлшеу құралының бүйірлік жазықтықтары негізгі жазақтық ретінде қолданылып, дисплей көрінісі 90° шамасына бұрылған күйде көрсетіледі. 1 609 92A 55A | (05.08.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 213 Өлшеу түймесін (2) басып, өлшеу мәнін бекітіңіз және өлшеу мәндерінің жадына көшіріңіз. Өлшеу түймесін (2) тағы бір рет басу арқылы өлшеуді жалғастыруға болады. Өлшеу процесінің барысында индикатор жыпылықтаса, бұл өлшеу құралының бүйірінен қатты аударылғанын
Негізгі реттеулерде "Сандық ватерпас" функциясы қосылған болса, көлбеу мәні басқа өлшеу функцияларында да дисплейдің (1) (d) жолағында көрсетіледі. Таймер функциясы Таймер функциясы, мысалы, өлшеу кезінде өлшеу құралының қозғалыстарына жол бермек қажет болған жағдайда көмектеседі. Таймер функциясы үшін (6) түймесін дисплейде индикаторы пайда болғанша басып тұрыңыз. Өлшеу мәндерінің жолағында (a) іске қосылудан өлшеуге дейінгі уақыт аралығы көрсетіледі. Уақыт аралығын плюс түймесін (11) немесе минус түймесін (5) басу арқылы 1с және 60с аралығында реттеуге болады. Реттелген уақыт аралығы өткеннен кейін, өлшеу автоматты түрде орындалады. Таймер функциясын басқа өлшеу функцияларының ішіндегі қашықтықты өлшеу әрекеттерінде де (мысалы, ауданды өлшеу) пайдалануға болады. Өлшеу нәтижелерін қосу және азайту және ұзақтықты өлшеу мүмкін болмайды. Соңғы өлшеу нәтижелерінің тізімі Өлшеу құралы соңғы 20 өлшеу мәні мен олардың есептемелерін сақтап, оларды кері реттілік бойынша көрсетеді (соңғы өлшеу мәндері ең басында). Сақталған өлшеу мәндерін шақыру үшін (7) түймесін басыңыз. Дисплейде соңғы өлшеу нәтижесі, яғни өлшеу мәндерінің тізіміне арналған индикатор (e) және көрсетілген өлшемдерді нөмірлеуге арналған жад орны пайда болады. (7) түймесін қайта басқан кезде ешқандай басқа өлшемдер сақталмаса, өлшеу құралы соңғы өлшеу функциясына қайтып оралады. Өлшеу мәндерінің тізімінен шыққанда, өлшеу функциялары түймелерінің бірін басыңыз. Ағымдағы уақытта көрсетілген ұзындықты өлшеу мәнін тұрақты мән ретінде сақтау үшін өлшеу мәндері тізімінің түймесін (7) дисплейде "CST" пайда болғанша басып тұрыңыз. Өлшеу мәндері тізімінің жазбасын кейін тұрақты мән ретінде сақтауға болады. Ұзындықты өлшеу мәнін өлшеу функциясында (мысалы, ауданды өлшеу) пайдалану үшін өлшеу мәндері тізімінің түймесін (7) басып, қажетті жазбаны таңдаңыз және нәтиже түймесін (6) басу арқылы растаңыз. Өлшеу мәндерін жою (8) түймесін қысқаша басу арқылы барлық өлшеу функцияларында соңғы есептелген бөлек өлшеу мәнін жоюға болады. Түйме бірнеше рет қысқаша басылғанда, бөлек өлшеу мәндері кері реттілік бойынша жойылады. Ағымдағы уақытта көрсетілген өлшеу мәндері тізімінің жазбасын жою үшін (8) түймесін қысқаша басыңыз. Бүкіл өлшеу мәндерінің тізімін және "CST" тұрақты мәнін жою үшін өлшеу мәндері тізімінің түймесін (7) басып тұрып, дәл сол уақытта (8) түймесін қысқаша басыңыз. Қабырға ауданын өлшеу функциясында (8) түймесін алғаш рет басқан кезде, соңғы бөлек өлшеу мәні, екінші рет басқан кезде, барлық B
ұзындықтары, ал үшінші рет басқан кезде, A бөлме биіктігі жойылады. Өлшеу мәндерін қосу Өлшеу мәндерін қосу үшін алдымен кез келген өлшеу әрекетін орындаңыз немесе өлшеу мәндерінің тізімінен жазбаны таңдаңыз. Содан кейін плюс түймесін (11) басыңыз. Дисплейде растау үшін "+" пайда болады. Содан кейін екінші өлшеу әрекетін орындаңыз немесе өлшеу мәндерінің тізімінен жазбаны таңдаңыз. Екі өлшеудің қосындысын шақыру үшін нәтиже түймесін (6) басыңыз. Есептеу өлшеу мәндерінің жолағында (a) көрсетіледі, ал қосынды нәтижелер жолағында (c) тұрады. Қосынды есептелгеннен кейін, өлшеуден бұрын плюс түймесі (11) басылса, осы нәтижеге қосымша өлшеу мәндерін немесе өлшеу мәндері тізімінің жазбаларын қосуға болады. Қосу әрекеті нәтиже түймесін (6) басу арқылы аяқталады. Қосу бойынша нұсқаулар: – Ұзындық, аудан мен көлем мәндерін араластырып қосу мүмкін емес. Егер, мысалы, бір ұзындық және бір аудан мәні қосылса, нәтиже түймесі (6) басылған кезде, дисплейде "ERROR" жазбасы қысқа мерзімге пайда болады. Содан кейін өлшеу құралы соңғы белсенді болған өлшеу функциясына ауысады. – Бір өлшеу нәтижесі (мысалы, көлем мәні), ұзақтықты өлшеу кезінде нәтижелер жолағында (c) көрсетілген өлшеу мәні тиісінше қосылады. Өлшеу мәндерінің жолағынан (a) бөлек өлшеу мәндерін қосу мүмкін
Өлшеу мәндерін алу Өлшеу мәндерін алу үшін минус түймесін (5) дисплейде растау ретінде "–" пайда болғанша басыңыз. Кейінгі әрекеттер "Өлшеу мәндерін қосу" процедурасымен бірдей болады. Пайдалану бойынша нұсқаулар Жалпы нұсқаулар Қабылдау линзасын (17) және лазер сәулесінің шығысын (16) өлшеу кезінде жабуға болмайды. Өлшеу кезінде өлшеу құралын жылжытуға тыйым салынады (ұзақтықты өлшеу және көлбеуді өлшеу функцияларын қоспағанда). Сол үшін өлшеу құралын мүмкіндігінше тұрақты тірек немесе бекіту аймағына
Bosch Power Tools 1 609 92A 55A | (05.08.2019)214 | Қазақ Өлшеу диапазонына тиетін әсерлер Өлшеу диапазоны жарық жағдайы мен мақсатты жазықтықтың қайтарғыштығына байланысты. Сыртта жұмыс істеу кезінде және қатты күн жарығында лазер сәулесінің көрерлігін жақсарту үшін лазер көру көзілдірігін (28) (керек-жарақ) және лазер нысандық тақтасын (29) (керек-жарақ) пайдаланыңыз немесе мақсатты жазықтықты өшіріңіз. Өлшеу нәтижесіне тиетін әсерлер Физикалық әсерлерге байланысты әртүрлі беттерде өлшеу кезінде қаты өлшеу нәтижелері пайда болуы мүмкін. Бұларға төмендегілер жатады: – мөлдір беттер (мысалы, әйнек, су), – шағылысатын беттер (мысалы, жылтыраған металл,
– борқылдақ беттер (мысалы, оқшаулағыш материалдар), – құрылымдалған беттер (мысалы, сылақ, табиғи тас). Мұндай беттерде лазер нысандық тақтасын (29) (керек- жарақ) қажетінше пайдаланыңыз. Қате өлшеу нәтижелері қисық көзделген мақсатты жазықтықтарда да пайда болуы мүмкін. Температурасы әртүрлі болатын ауа қабаттары немесе көлбеу шағылысулар өлшеу мәніне теріс әсер етуі
Дәлдікті тексеру және көлбеу өлшеуді калибрлеу (Hсуретін қараңыз) Көлбеуді өлшеу дәлдігін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Бұл әрекет кері өлшеу арқылы орындалуы мүмкін. Ол үшін өлшеу құралын үстелге қойып, көлбеуді өлшеңіз. Өлшеу құралын 180° шамасына бұрап, көлбеуді қайтадан өлшеңіз. Көрсетілген санның айырмашылығы ең көбі 0,3° құрауы тиіс. Үлкен ауытқуларда өлшеу құралын қайта калибрлеу қажет болады. Ол үшін көлбеуді өлшеу түймесін (3) басып ұстаңыз. Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз. Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру Өлшеу құралының дәлдігін төмендегідей тексеріңіз: – Дәл ұзындығы сізге белгілі, ұзақ уақыт өзгермейтін, шамамен 1 және 10м аралығындағы ұзындыққа ие өлшеу қашықтығын таңдаңыз (мысалы, бөлме ені, есік саңылауы). Өлшеу қашықтығы бөлме ішінде болуы керек, өлшеудің мақсатты жазықтығы тегіс және жақсы қайтарғыш болуы керек. – Қашықтықты бірінен кейін бірін 10 рет өлшеңіз. Бөлек өлшемдердің орташа шамадан ауытқуы ең көбі ±2мм болуы керек. Дәлдікті кейінірек туралау мүмкін болуы үшін, өлшеу мәндерін жазып алыңыз. Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ) Штативті әсіресе үлкен қашықтықтарды өлшеу кезінде пайдалану керек. Өлшеу құралын 1/4 дюймдік ирек оймасымен (19) штативтің (27) немесе стандартты фото штативтің жылдам алмастыру тақтасына орнатыңыз. Оны жылдам алмастыру тақтасының бекіткіш бұрандасымен
Штативпен өлшеуге арналған негізгі жазықтықты (10) түймесін басу арқылы тиісінше орнатыңыз (ирек ойманың негізгі жазықтығы). Өлшеу шинасымен жұмыс істеу (I–Kсуреттерін
Өлшеу шинасын (25) көлбеуді өлшеудің дәл нәтижесіне қол жеткізу үшін пайдалануға болады. Өлшеу шинасымен қашықтықты өлшеу мүмкін емес. Өлшеу құралын суретте көрсетілгендей өлшеу шинасына (25) енгізіп, өлшеу құралын құлыптау иінтірегімен (26) құлыптаңыз. "Өлшеу шинасы" жұмыс режимін іске қосу үшін өлшеу түймесін (2)
Көлбеуді өлшеудің дәлдігін кері өлшеу арқылы немесе өлшеу шинасындағы ватерпастар арқылы жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Үлкен ауытқуларда өлшеу құралын қайта калибрлеу қажет. Ол үшін көлбеуді өлшеу түймесін (3) басып ұстаңыз. Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз. "Өлшеу шинасы" жұмыс режимін аяқтау үшін өлшеу құралын өшіріп, оны өлшеу шинасынан тартып
Ақаулар - Себептері және шешімдері Себебі Шешім Температура ескертуі (j) жыпылықтайды, өлшеу мүмкін емес Өлшеу құралы –10°C және +50°C аралығындағы жұмыс температурасынан тыс (ұзақтықты өлшеу функциясында +40°C шамасына дейін). Өлшеу құралы жұмыс температурасына жеткенше күтіңіз. Дисплейдегі "ERROR" индикаторы Әртүрлі өлшем бірліктеріне ие өлшеу мәндерін қосу/
Тек бірдей өлшем бірліктеріне ие өлшеу мәндерін қосу/алу Лазер сәулесі мен нысана арасындағы бұрыш тым
Лазер сәулесі мен нысана арасындағы бұрышты
Мақсатты жазықтық тым қатты (мысалы, айна) немесе өте нашар (мысалы, қара заттек) қайтарылады немесе қоршаған орта жарығы тым қатты. Лазер нысандық тақтасын (29) (керек-жарақ)
Лазер сәулесінің шығысы (16) немесе қабылдау линзасы (17) буланған (мысалы, температураның шұғыл өзгеруінен). Лазер сәулесінің шығысын (16) немесе қабылдау линзасын (17) құрғақ және жұмсақ шүберекпен сүртіп
шамасынан артық. Өлшеу процесін аралық қадамдарға бөлу 1 609 92A 55A | (05.08.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 215 Себебі Шешім Дисплейдегі ">60°" немесе "<–60°" индикациясы Көлбеуді өлшеу диапазонынан өлшеу функциясы немесе негізгі жазықтық үшін асырылды. Өлшеуді белгіленген бұрыш аймағының ішінде
Дисплейдегі "CAL" немесе "ERROR" индикаторы Көлбеуді өлшеуді калибрлеу тиісті реттілікте немесе тиісті позицияларда орындалмады. Калибрлеу әрекетін дисплейдегі немесе пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқауларға сәйкес қайталаңыз. Калибрлеу үшін пайдаланылған жазықтықтар тік және көлденең сызықтар бойынша дәл тураланбаған. Калибрлеуді көлденең немесе тік жазықтықта қайталап, қажет болса, жазықтықтарды ватерпаспен алдын ала тексеріңіз. Өлшеу құралы түймені басқан кезде жылжытылды немесе төңкерілді. Калибрлеу әрекетін қайталап, өлшеу құралын түймені басу кезінде жазықтықта қозғалтпай
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (g), температура туралы ескерту (j) және дисплейдегі "ERROR" индикаторы Өлшеу құралының температурасы рұқсат етілген зарядтау температурасының диапазонынан тыс
температурасының диапазонына жеткенше күте тұрыңыз. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (g) және дисплейдегі "ERROR" индикаторы Аккумулятордың зарядтау кернеуі дұрыс емес Штепсельдік байланыс дұрыс орнатылғанын және микро USB кабелі тиісінше жұмыс істегенін тексеріңіз. Құрылғы белгісі жыпылықтаса, бұл аккумулятордың ақаулы екендігін және оны Bosch қызмет көрсету орталығында алмастыру керектігін білдіреді. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (g) және дисплейдегі (f) белгісі Зарядтау тогының тым төмен болуына байланысты зарядтау уақыты қатты
Тек түпнұсқа Bosch микро USB кабелін пайдаланыңыз. Өлшеу нәтижесі түсініксіз Мақсатты жазықтық анық қайтарылмайды (мысалы, су, әйнек). Мақсатты жазықтықты жабу Себебі Шешім Лазер сәулесінің шығысы (16) немесе қыбылдау линзасы (17) жабық. Лазер сәулесінің шығысын (16) немесе қыбылдау линзасын (17) ашу Негізгі жазықтық қате
Өлшеуге жарамды негізгі жазықтықты таңдау Лазер жолында кедергі бар Лазер нүктесі толықтай мақсатты жазықтықта болуы тиіс. Индикация өзгермей тұр немесе өлшеу құралы түйменің басылуына күтілмеген жауап қайтарады Бағдарламалық жасақтама
Өлшеу түймесін (2) және жадты өшіру / қосу-өшіру түймесін (8) бір уақытта басып, бағдарламалық жасақтаманы бастапқы күйге қайтарыңыз. Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Ақаулық анықталса, дисплейде тек іргелес белгі көрсетіледі. Мұндай жағдайда немесе жоғарыда сипатталған көмек шаралары ақаулықты жоюға көмектеспесе, өлшеу құралын дилеріңіз арқылы Bosch қызмет көрсету орталығына
Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында сақтаңыз немесе тасымалдаңыз. Өлшеу құралын таза ұстаңыз. Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Қабылдау линзасын (17) көзілдірік немесе фотоаппарат линзасы күтіміндей күтіңіз. Жөндеу қажет болғанда, өлшеу құралын қорғайтын қалтасында (24) жіберіңіз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Bosch Power Tools 1 609 92A 55A | (05.08.2019)216 | Română Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады. Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек. Кәдеге жарату Өлшеу құралдарын, зарядтағыш құрылғыларды, аккумуляторларды, керек- жарақтар мен орауыштарды қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату орнына тапсыру қажет. Өлшеу құралдарын, зарядтағыш құрылғылар мен аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз! Тек қана ЕО елдері үшін: 2012/19/EU еуропалық директивасы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз өлшеу құралдары мен зарядтағыш құрылғыларды және 2006/66/EC еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу
Notice-Facile