LR 65 Professional - Лазерлік деңгей BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз LR 65 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік деңгей PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз LR 65 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. LR 65 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ LR 65 Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Барлық құсқаулықтарды оқып, орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ ТОЛЫҚ ОРЫНДАҢЫЗ. u Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. u Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. u Өлшеу құралы жұмыс істегенде белгілі жағдайларда қатты дабыл дыбыстары шығады. Сол үшін өлшеу құралын құлақтан немесе басқа адамдардан қашық ұстаңыз. Қатты дыбыс есту қабілетін зақымдауы мүмкін. Магнитті имплантаттардың немесе кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Магнит имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады. u Өлшеу құралын магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Магниттердің әсері қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін. u Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын Bluetooth® бен медициналық құралдар,жанар май бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын Bluetooth® бен ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз. Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады. Өнім және қуат сипаттамасы Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
1 609 92A 7M6 | (12.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 161 Мақсаты бойынша қолдану Лазер қабылдағышы техникалық мәліметтерде берілген толқын ұзындығындағы айналмалы лазер сәулелерін жылдам табуға арналған. Оған қоса LR60 лазер қабылдағышы GRL600CHV құрылғысын Bluetooth® арқылы басқаруға, ал LR65G лазер қабылдағышы GRL650CHVG құрылғысын басқаруға арналған. Лазер қабылдағышы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған. Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдас бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі лазер қабылдағышының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1) Лазер сәулесінің қабылдау өрісі (2) "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" жарық диодты бағыт индикаторы (3) Жарық диодты ортаңғы сызық (4) "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" жарық диодты бағыт индикаторы (5) Дисплей (алдыңғы және артқы жақ) (6)
(9) Орта белгісі (10)
(11) Ұстағыш бекіткіші (12) Сериялық нөмір (13) Батарея бөлімінің қақпағы (14) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші (15) Y осінің түймесі (16) X осінің түймесі (17) CenterFind режимінің түймесі (18) Қабылдау дәлдігін реттеу түймесі (19) Қосу/өшіру түймесі (20) Дыбыстық сигнал/дыбыс деңгейі түймесі (21) Ұстағыш ватерпасы
(22) Ұстағыштағы анықтамалық ортаңғы сызық
(24) Ұстағыштың айналмалы реттегіші
(26) Ұстағыштың бекіткіш бұрандасы
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Индикатор элементтері (a) Ротациялық лазер аккумуляторының/ батареясының заряд деңгейі индикаторы (b) Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (c) Қабылдау дәлдігінің индикаторы (d) Өлшем бірлігінің индикаторы (e) Мәтіндік индикатор (f) "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" бағыт
(g) Дыбыстық сигнал/дыбыс деңгейі индикаторы (h) Ортаңғы сызық индикаторы (i) Лазер қабылдағышының батарея индикаторы (j) "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" бағыт
Техникалық мәліметтер Лазер қабылдағышы LR 60 LR 65G Өнім нөмірі 3601K69P.. 3601K69T.. Қабылданатын толқын ұзындығы 600−800нм 500−570нм Жұмыс диапазоны, макс.
– GRL600CHV құрылғысымен 300м − – GRL650CHVG құрылғысымен − 325м Қабылдау бұрышы ±35° ±35° Қабылданатын айналу жылдамдығы >120мин
Қабылдау дәлдігі B)C) – өте дәл ±0,5мм ±0,5мм – дәл ±1мм ±1мм – орташа ±2мм ±2мм – дәл емес ±5мм ±5мм – өте дәл емес ±10мм ±10мм Жұмыс температурасы –10°C ... +50°C –10°C ... +50°C Сақтау температурасы –20°C ... +70°C –20°C ... +70°C Bosch Power Tools 1 609 92A 7M6 | (12.05.2022)162 | Қазақ Лазер қабылдағышы LR 60 LR 65G Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000м 2000м Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. 90% 90% Ластану дәрежесі IEC61010-1 стандарты бойынша 2
Bluetooth® лазер қабылдағышы – Класс 1 1 – Үйлесімділігі Bluetooth®5.0/4.X (Low Energy)
– Сигнал арақашықтығы, макс.
100м 100м – Қызметтік жиіліктер диапазоны 2402–2480МГц 2402–2480МГц – Тарату қуаты, макс. 6,3 мВт 6,3 мВт Батареялар 2×1,5ВLR6(AA) 2×1,5ВLR6(AA) Жұмыс ұзақтығы шам. 50сағ 50сағ Салмағы EPTA-Procedure01:2014 құжатына сай 0,38кг 0,38кг Өлшемдері (ұзындығы × ені × биіктігі) 175×79×33мм 175×79×33мм Қорғаныс дәрежесі IP 67 IP 67 A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы тікелей күн сәулелерінде) қысқарту мүмкін. B) лазер қабылдағышы мен ротациялық лазер арасындағы қашықтыққа және ротациялық лазердің лазер класы мен лазер түріне
C) Қабылдау дәлдігіне қолайсыз қоршаған орта шарттары (мысалы, тікелей күн сәулелері) жағымсыз әсер етуі мүмкін. D) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. E) Bluetooth®-төмен энергиялық құрылғыларда модель мен операциялық жүйеге байланысты ретте байланысты құру мүмкін емес. Bluetooth® құрылғылары SPP профилін қолдауы керек. F) Жететін қашықтық сыртқы шарттарға байланысты ретте, сонымен бірге пайдаланған қабылдау құрылғысына байланысты, қатты өзгеруі мүмкін. Жабық бөлмелер ішінде және метал кедергілер (мысалы, қабырғалар, сөрелер, чемодан т.б.) арқылы Bluetooth® жететін қашықтығы қатты қысқаруы мүмкін. Лазер қабьлдағышының фирмалық тақтайшасындағы сериялық нөмір (12) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.
Батареяларды салу/алмастыру Лазер қабылдағышы үшін сілтілі марганец батареяларын пайдалануға кеңес беріледі. Батарея бөлімі қақпағының құлпын (14) (мысалы, тиынмен) позициясына бұраңыз. Батарея бөлімінің қақпағын (13) ашып, батареяларды салып қойыңыз. Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз. Батарея бөлімінің қақпағын (13) жауып, батарея бөлімі қақпағының құлпын (14) позициясына бұраңыз. Батарея индикаторында (i) лазер қабылдағышындағы батареялардың заряд деңгейі көрсетіледі: Индикатор Қуаты 50−100% 5−50% 2−5% 0−2% Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз. u Лазер қабылдағышын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды лазер қабылдағышынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, лазер қабылдағышындағы батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін. Ротациялық лазердің заряд деңгейі
Заряд деңгейінің индикаторы (a) ротациялық лазер қосулы болған және лазер қабылдағышы мен ротациялық лазер арасында Bluetooth® арқылы қосылым бар болғанда ротациялық лазер аккумуляторы не батареяларының заряд деңгейін көрсетеді. Индикатор Қуаты 60−100% 30−60% 5−30% 1 609 92A 7M6 | (12.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 163 Индикатор Қуаты 0−5%
Пайдалануға ендіру u Лазер қабылдағышын ылғалдан және тікелей күн сәулелерінен қорғаңыз. u Лазер қабылдағышына айрықша температура немесе шұғыл температура өзгерістері әсер етпеуі тиіс. Оны, мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Қатты температура өзгерістерінің жағдайында алдымен лазер қабылдағышын қолданысқа енгізбес бұрын жылытыңыз/суытыңыз. Айрықша температура немесе шұғыл температура өзгерістерінің жағдайында лазер қабылдағышының дәлдігі төмендеуі мүмкін. u Жұмыс аймағын лазер сәулесін қайтаруы немесе оған кедергі келтіруі мүмкін бөгеттерден таза ұстаңыз. Мысалы, қайтарғыш немесе жылтыр беттердің үстін жауып қойыңыз. Шыны әйнектер немесе ұқсас материалдар арқылы өлшемеңіз. Лазер сәулесі қайтарылған немесе оған кедергі келтірілген жағдайда, өлшеу нәтижелері қате болуы
Лазер қабылдағышын орнату (A суретін қараңыз) Лазер қабылдағышын лазер сәулесі қабылдау өрісіне (1) жететіндей етіп орналастырыңыз. Оны лазер сәулесі қабылдау өрісінен көлденеңінен өтетіндей етіп туралаңыз (суретте көрсетілгендей). Бірнеше жұмыс режимі бар ротациялық лазерлерде ең жоғары айналу жылдамдығымен көлденең немесе тік жұмыс режимін таңдаңыз.
u Лазер қабылдағышын қосқан кезде, дыбыстық сигнал шығады. Сондықтан лазер қабылдағышын қосқан кезде құлақтан немесе басқа адамдардан алшақ ұстаңыз. Қатты дыбыс есту қабілетін зақымдауы мүмкін. Лазер қабылдағышын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (19) басыңыз. Барлық дисплей индикаторлары мен барлық жарық диодтары қысқа уақытқа жанып, дыбыстық сигнал беріледі. Лазер қабылдағышын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (19) барлық жарық диодтары қысқа мерзімге жанып, дисплей сөнгенше басып тұрыңыз. Лазер қабылдағышын өшірген кезде, дисплей жарықтығының реттеуінен басқа барлық реттеулер жадқа сақталады. Егер шамамен 10мин ішінде лазер қабылдағышында ешбір түйме басылмай, қабылдау өрісіне(1) 10мин ішінде ешбір лазер сәулесі түспесе, лазер қабылдағышы батарея зарядын үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді. Ротациялық лазерге қосылу Ротациялық лазер мен жинақтағы лазер қабылдағышы зауыттан жеткізілген кезде әлдеқашан Bluetooth® арқылы қосылып тұрады. Қосылым бар болғанда, лазер қабылдағышының дисплейінде Bluetooth®(b) арқылы қосылым индикаторы жанып тұрады. Лазер қабылдағышын қайтадан қосу немесе басқа лазер қабылдағышын ротациялық лазерге қосу үшін ротациялық лазердегі Bluetooth® түймесін, ротациялық лазердің дисплейінде қашықтан басқару пультімен / лазер қабылдағышымен байланыс орнату белгісі көрсетілгенше басып тұрыңыз. Содан кейін лазер қабылдағышындағы X осінің(16) және Y осінің(15) түймелерін, лазер қабылдағышының мәтіндік индикаторында(e) P‑‑ деген хабар пайда болғанша басып
Байланыстың сәтті түрде орнатылуы ротациялық лазердің дисплейінде расталады. Лазер қабылдағышының мәтіндік индикаторында (e) POK деген хабар пайда болады. Ротациялық лазер мен лазер қабылдағышының арасында байланыс орнату мүмкін болмаса, лазер қабылдағышының мәтіндік индикаторында(e) PNK пайда болып, ротациялық лазердің дисплейінде сәтсіз болған қосылым туралы хабар көрсетіледі. Ақауды жою үшін ротациялық лазердің пайдалану бойынша нұсқаулығын
Бағыт индикаторлары Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (1) орналасуы осылайша көрсетіледі: – лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы жағындағы дисплейде (5) "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" бағыт индикаторы (f), "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" бағыт индикаторы (j) немесе ортаңғы сызық индикаторы(h) арқылы, – сондай-ақ лазер қабылдағышының алдыңғы жағындағы "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген қызыл түсті жарық диодты бағыт индикаторы (4), "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген көк түсті жарық диодты бағыт индикаторы (2) және жасыл түсті жарық диодты ортаңғы сызық (3) арқылы, – сондай-ақ дыбыстық сигнал арқылы. Қабылдау өрісі (1) арқылы лазер сәулесі алғаш рет өткен кезде, әрдайым қысқа дыбыстық сигнал беріледі, "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген қызыл түсті жарық диодты бағыт индикаторы (4) және "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген көк түсті жарық диодты бағыт индикаторы (2) қысқа уақытқа жанады (дыбыстық сигнал және/немесе жарық диодты бағыт индикаторлары өшірулі болғанда да). Лазер қабылдағышы тым төмен: лазер сәулесі қабылдау өрісінің (1) жоғарғы бөлігінен өтсе, дисплейде "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген бағыт индикаторы (j) жанады. Жарық диодтары қосулы болған кезде, "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген көк түсті жарық диодты бағыт индикаторы (2) жанады. Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал баяу ырғақпен Bosch Power Tools 1 609 92A 7M6 | (12.05.2022)164 | Қазақ
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен жоғары қарай жылжытыңыз. Ортаңғы сызыққа жақындаған кезде, "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген бағыт индикаторының (j) ұштығы ғана көрсетіледі. Лазер қабылдағышы тым жоғары: лазер сәулесі қабылдау өрісінің (1) астыңғы бөлігінен өтсе, дисплейде "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген бағыт индикаторы (f) жанады. Жарық диодтары қосулы болған кезде, "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген қызыл түсті жарық диодты бағыт индикаторы (4) жанады. Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал жылдам ырғақпен беріледі. Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен төмен қарай жылжытыңыз. Ортаңғы сызыққа жақындаған кезде, "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген бағыт индикаторының (f) ұштығы ғана көрсетіледі. Лазер қабылдағышы ортада: лазер сәулесі қабылдау өрісінен (1) ортаңғы сызық биіктігінде өтсе, дисплейде ортаңғы сызық индикаторы (h) пайда болады. Жарық диодтары қосулы болғанда, жасыл түсті жарық диодты ортаңғы сызық (3) жанады. Сигнал қосулы болса, үздіксіз дыбыс шығарылады. Соңғы қабылдауды жадқа сақтау функциясы: лазер қабылдағышы лазер сәулесі қабылдау өрісінен (1) қайта шығатындай етіп жылжыса, соңғы рет көрсетілген "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген бағыт индикаторы (j) немесе "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген бағыт индикаторы (f) жыпылықтайды. Бұл индикаторды реттеу мәзірі арқылы қосуға немесе өшіруге болады. Салыстырмалы биіктік индикаторы (Bсуретінқараңыз) Лазер сәулесі қабылдау өрісіне (1) тисе, лазер сәулесі мен лазер қабылдағышының ортаңғы сызығы арасындағы қашықтық дисплейдегімәтіндік индикаторда (e) абсолютті мән ретінде көрсетіледі. Биіктік индикаторының өлшем бірлігін реттеу мәзірінде өзгертуге болады ("mm" [мм] немесе "in" [дюйм]). Дисплей жарығы Лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы жағындағы дисплейлерде (5) жарық функциясы бар. Дисплей жарығы мына жағдайларда қосылады: – лазер қабылдағышын қосқан кезде, – түймені әр басқан сайын, – лазер сәулесі қабылдау өрісінің (1) үстінен жылжыған
Дисплей жарығы мына жағдайларда автоматты түрде
– лазер сәулесі қабылдау өрісіне жетпеген кезде, түймені әр басқан сайын 30с ішінде, – ешбір түйме басылмаған кезде және лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі позициясы өзгермеген кезде, 2минут ішінде. Дисплей жарығын реттеу мәзірінде өшіруге болады. Дисплей жарығының реттеуі лазер қабылдағышын өшірген кезде жадқа сақталмайды. Лазер қабылдағышын қосқаннан кейін, дисплей жарығы әрдайым қосылады.
Ортаңғы сызық индикаторының реттеуін таңдау Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (1) позициясын "ортаңғы" ретінде көрсету дәлдігін белгілеуге болады. Ортаңғы сызық индикаторының ағымдағы реттеуі қабылдау дәлдігінің индикаторында (c) көрінеді. Қабылдау дәлдігін өзгерту үшін қабылдау дәлдігін реттеу түймесін (18) дисплейде қалаулы реттеу көрсетілгенше басыңыз. Қабылдау дәлдігін реттеу түймесін әр басқан сайын мәтіндік индикаторда (e) қабылдау дәлдігінің тиісті мәні қысқа уақытқа көрсетіледі. Қабылдау дәлдігінің реттеуі құрылғыны өшірген кезде жадқа сақталады. Лазер сәулесін белгілеу үшін сигналдық дыбыс Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (1) орналасуы сигналдық дыбыс арқылы белгіленуі мүмкін. Дыбыс деңгейін өзгертуге немесе дыбыстық сигналды өшіруге болады. Дыбыстық сигналды ауыстыру немесе өшіру үшін дыбыстық сигнал түймесін (20) дисплейде қалаулы дыбыс деңгейі көрсетілгенше басыңыз. Дыбыс деңгейі төмен болса, дисплейдегі дыбыстық сигнал индикаторы (g) бір сызықшамен, ал дыбыс деңгейі жоғары болса, 3 сызықшамен пайда болады, дыбыстық сигнал өшірулі болса, индикатор сөнеді. Дыбыстық сигнал реттеуіне қарамастан, лазер сәулесі қабылдау өрісіне (1) алғаш рет кірген кезде, растау ретінде төмен дыбыс деңгейіндегі қысқа сигнал беріледі. Дыбыстық сигнал реттеуі лазер қабылдағышын өшірген кезде жадқа сақталады. Реттеу мәзірі Реттеу мәзірін шақыру: X осінің түймесін (16) және Y осінің түймесін (15) бір уақытта басыңыз. Реттеуді ішкі мәзірдің ішінде өзгерту: реттеулер арасында ауысу үшін X осінің түймесін(16) немесе Y осінің түймесін(15) басыңыз. Соңғы рет таңдалған реттеу, мәзірден шыққан кезде, автоматты түрде жадқа
Ішкі мәзірді ауыстыру: келесі ішкі мәзірге өту үшін CenterFind режимінің түймесін(17) басыңыз. Реттеу мәзірінен шығу: CenterFind режимінің түймесін(17), реттеу мәзірі жабылғанша басыңыз. Оған қоса реттеу мәзірі, түймені соңғы рет басқаннан кейін, шамамен 10 с ішінде автоматты түрде жабылады. Төмендегі ішкі мәзірлер қолжетімді: – Салыстырмалы биіктік индикаторының өлшем бірлігі: өлшем бірліктерінің мәзірін шақырған кезде, ағымдағы уақытта таңдалған өлшем бірлігі мәтіндік индикаторда(e) көрсетіледі, қолжетімді өлшем бірліктері өлшем бірлігінің индикаторында(d)
1 609 92A 7M6 | (12.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 165 – Жарық диодты бағыт индикаторлары (LED): 3 жарық диодты бағыт индикаторын(2), (4) және (3) жарықтығы бойынша өзгертуге немесе өшіруге болады. Жарық диодтары таңдалған реттеуде тиісінше
– Дисплей жарығы (LIT): дисплей жарығын қосуға (жасыл түсті жарық диоды жанады) немесе өшіруге (қызыл түсті жарық диоды жанады) болады. – Соңғы қабылдауды жадқа сақтау функциясы (MEM): лазер сәулесінің қабылдау өрісінен шығу бағытының индикаторын қосуға (жасыл түсті жарық диоды жанады) немесе өшіруге (қызыл түсті жарық диоды жанады) болады. – Орталық функциялар (CF/CL) (LR65G): CenterFind (CF) режимі мен CenterLock (CL) режимінің бірін таңдауға болады. Ағымдағы режим мәтіндік индикаторда(e) көрсетіледі. Лазер қабылдағышын өшірген кезде, дисплей жарықтығының реттеуінен басқа барлық реттеулер жадқа
CenterFind режимі (Cсуретін қараңыз) CenterFind режимінде ротациялық лазер ротациялық бастиекті алға-артқа жылжыту арқылы лазер сәулесін лазер қабылдағышының ортаңғы сызығымен автоматты түрде туралауға әрекеттенеді. Лазер сәулесін ротациялық лазердің көлденең күйінде ротациялық лазердің X осіне, Y осіне немесе екі осіне қатысты бір уақытта туралауға болады (қараңыз „CenterFind режимінде еңісті есептеу (Dсуретінқараңыз)“, Бет166). Ротациялық лазердің тік күйінде тек Y осі бойынша туралауға болады. CenterFind режимін іске қосу:
Ротациялық лазер мен лазер қабылдағышын, лазер қабылдағышы ротациялық лазердің X осінің немесе Y осінің бағытында орналасатындай етіп орнатыңыз. Лазер қабылдағышын, қажетті ось қабылдау өрісіне(1) тік бұрышта орналасатындай етіп туралаңыз. Егер лазер сәулесін екі ось бойынша туралау қажет болса, ротациялық лазерге қосылған әр лазер қабылдағышын X және Y осьтерінің бағытында орналастырыңыз. Әр лазер қабылдағышы ротациялық лазердің ±8,5% шамасындағы қайыру диапазонында орналасуы тиіс. Ротациялық лазерді ротациялық жұмыс режимінде
LR65G: реттеу мәзірінде орталық функцияны CenterFind (CF) режиміне қою керек. Ротациялық лазердің екі осі бойынша туралаған кезде, бұл лазер қабылдағыштарының екеуіне де қолданылады. CenterFind режимін X осі үшін іске қосу үшін CenterFindрежимінің түймесін (17) ұзақ басыңыз немесе CenterFindрежимінің түймесін (17) X осінің түймесімен(16) бірге ұзақ басыңыз. CenterFind режимін Y осі үшін іске қосу үшін CenterFindрежимінің түймесін (17) Y осінің түймесімен(15) бірге ұзақ басыңыз. Егер лазер сәулесін екі ось бойынша бір уақытта туралау қажет болса, CenterFind режимін әр лазер қабылдағышында бөлек іске қосу қажет болады. CenterFind режимін іске қосқаннан кейін, ротациялық лазердегі ротациялық бастиек алға-артқа жылжиды. Іздеу барысында мәтіндік индикаторда(e) CFX (X осі) немесе CFY (Y осі) пайда болады. Егер лазер сәулесі қабылдау өрісіне(1) лазер қабылдағышының ортаңғы сызығының биіктігінде кірсе, ортаңғы сызық индикаторы(h), сондай-ақ мәтіндік индикаторда(e) XOK (X осі) немесе YOK (Y осі) пайда болады. Ротациялық лазерде табылған еңіс көрсетіледі. CenterFind режимі автоматты түрде аяқталады. CenterFind режимін доғару: CenterFind режимін доғару үшін CenterFind режимінің түймесін(17) басып тұрыңыз. Ақауларды жою: Егер лазер сәулесі лазер қабылдағышының ортаңғы сызығын қайыру диапазонының ішінде таба алмаса, мәтіндік индикаторда(e) ERR хабары пайда болады және барлық жарық диодты бағыт индикаторлары жанады. Ақаулар туралы хабарларды жабу үшін ротациялық лазердегі және лазер қабылдағышындағы кез келген түймені басыңыз. Ротациялық лазерді және лазер қабылдағышын, ол ±8,5% шамасындағы қайыру диапазонында орналасатындай етіп қайта орналастырыңыз. Лазер сәулесі қабылдау өрісінен(1) көлденеңінен өтуі үшін, лазер қабылдағышы X осі немесе Y осі бойынша тураланғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін CenterFind режимін қайтадан іске қосыңыз. LR65G: ротациялық лазердің екі осін де лазер қабылдағышымен туралау қажет болса, лазер қабылдағыштарының екеуінде де бірдей орталық функция реттелуі тиіс. CenterFind режимі мен CenterLock режимін қиыстыру мүмкін емес. Бір осьте CenterLock режимі әлдеқашан реттелген және басқа осьте CenterFindрежимі іске қосылған болса, мәтіндік индикаторда(e) ERR және CL кезектесіп пайда болады. Әр лазер қабылдағышында CenterFind режимін орнатыңыз да, функцияны қайтадан іске қосыңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 7M6 | (12.05.2022)166 | Қазақ CenterFind режимінде еңісті есептеу (Dсуретінқараңыз) CenterFind режимінің көмегімен ең көбі 8,5% шамасындағы жазықтықтың еңісін өлшеуге болады. Ол үшін ротациялық лазерді штативтегі көлденең күйдегі еңкейтілген жазықтықтың шетіне орнатыңыз. Ротациялық лазердің X немесе Y осі өлшенетін еңіспен бір сызықта туралануы тиіс. Ротациялық лазерді қосып, нивелирлеңіз. Лазер қабылдағышын ұстағышпен өлшегіш рейкаға(25) бекітіңіз. Өлшегіш рейканы өлшеу құралына жақын (еңкейтілген жазықтықтың бірдей шетіне) орнатыңыз. Лазер қабылдағышын, ротациялық лазердің сәулесі ортаңғы ретінде көрсетілетіндей, өлшегіш рейкада биіктігі бойынша туралаңыз ➊. Содан кейін өлшегіш рейканы лазер қабылдағышымен еңкейтілген жазықтықтың басқа шетіне қойыңыз ➋. Лазер қабылдағышының өлшегіш рейкадағы позициясы өзгеріссіз қалғанына көз жеткізіңіз. Еңкейтілген жазықтықта тураланатын ось үшін CenterFind режимін іске қосыңыз. CenterFind режимінен шыққаннан кейін, ротациялық лазерде жазықтықтың еңісі көрсетіледі. CenterLock режимі (LR65G) CenterLock режимінде ротациялық лазер ротациялық бастиекті алға-артқа жылжыту арқылы лазер сәулесін лазер қабылдағышының ортаңғы сызығымен автоматты түрде туралауға әрекеттенеді. CenterFind режиміне қарағанда, лазер қабылдағышының позициясы үздіксіз тексеріледі және ротациялық лазердің еңісі автоматты түрде өзгертіледі. Ротациялық лазердің дисплейінде еңіс деректері көрсетілмейді. Ротациялық лазердің көлденең күйінде де, тік күйінде де X және Y осьтері бойынша туралауға болады. CenterLock режимін іске қосу:
Ротациялық лазер мен лазер қабылдағышын, лазер қабылдағышы ротациялық лазердің X осінің немесе Y осінің бағытында орналасатындай етіп орнатыңыз. Лазер қабылдағышын, қажетті ось қабылдау өрісіне(1) тік бұрышта орналасатындай етіп туралаңыз. Егер лазер сәулесін екі ось бойынша туралау қажет болса, ротациялық лазерге қосылған әр лазер қабылдағышын X және Y осьтерінің бағытында орналастырыңыз. Әр лазер қабылдағышы ротациялық лазердің ±8,5% шамасындағы қайыру диапазонында орналасуы тиіс. Ротациялық лазерді ротациялық жұмыс режимінде
Лазер қабылдағышының реттеу мәзірінде орталық функцияны CenterLock (CL) режиміне қою керек. Ротациялық лазердің екі осі бойынша туралаған кезде, бұл лазер қабылдағыштарының екеуіне де қолданылады. CenterLock режимін X осі үшін іске қосу үшін CenterFindрежимінің түймесін (17) ұзақ басыңыз немесе CenterFindрежимінің түймесін (17) X осінің түймесімен(16) бірге ұзақ басыңыз. CenterLock режимін Y осі үшін іске қосу үшін CenterFind режимінің түймесін (17) Y осінің түймесімен(15) бірге ұзақ басыңыз. Егер лазер сәулесін екі ось бойынша бір уақытта туралау қажет болса, CenterLock режимін әр лазер қабылдағышында бөлек іске қосу қажет болады. CenterLock режимін іске қосқаннан кейін, ротациялық лазердегі ротациялық бастиек алға-артқа жылжиды. Іздеу барысында мәтіндік индикаторда(e) CLX (X осі) немесе CLY (Y осі) пайда болады. Егер лазер сәулесі қабылдау өрісіне(1) лазер қабылдағышының ортаңғы сызығының биіктігінде кірсе, ортаңғы сызық индикаторы(h), сондай-ақ мәтіндік индикаторда(e) LOC деген жазба пайда болады. Ротациялық лазерде тиісті оське арналған басты экрандағы CenterLock белгі көрсетіледі. Лазер қабылдағышының немесе ротациялық лазердің позициясы өзгертілген жағдайда, ротациялық лазердегі еңіс автоматты түрде реттеледі. u CenterLock режимінде жұмыс істеген кезде ротациялық лазер мен лазер қабылдағышының кенет жылжып қалмауын мұқият қадағалаңыз. Позицияны әр өзгерткен сайын еңістің автоматты түрде реттелуінен өлшеу қателері пайда болуы мүмкін. CenterLock режимін доғару: CenterLock режимін доғару немесе аяқтау үшін CenterFind режимінің түймесін(17) басып тұрыңыз. Егер осы сәтке дейін лазер сәулесі лазер қабылдағышының ортаңғы сызығымен сәтті тураланған болса, ротациялық лазерде реттелген еңіс CenterLock режимі доғарылған жағдайда да сақталады. Ақауларды жою: Егер лазер сәулесі лазер қабылдағышының ортаңғы сызығын 2 минут ішінде таба алмаса (режимді іске қосқан кезде немесе позиция өзгерістерінен кейін болғанына қарамастан), мәтіндік индикаторда(e) ERR пайда болып, барлық жарық диодты бағыт индикаторлары жанады. Ақаулар туралы хабарларды жабу үшін ротациялық лазердегі және лазер қабылдағышындағы кез келген түймені басыңыз. Ротациялық лазерді және лазер қабылдағышын, ол ±8,5% шамасындағы қайыру диапазонында орналасатындай етіп қайта орналастырыңыз. Лазер сәулесі қабылдау өрісінен(1) 1 609 92A 7M6 | (12.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 167 көлденеңінен өтуі үшін, лазер қабылдағышы X осі немесе Y осі бойынша тураланғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін CenterLock режимін қайтадан іске қосыңыз. Ротациялық лазердің екі осін де лазер қабылдағышымен туралау қажет болса, лазер қабылдағыштарының екеуінде де бірдей орталық функция реттелуі тиіс. CenterLock режимі мен CenterFind режимін қиыстыру мүмкін емес. Бір осьте CenterFind режимі әлдеқашан реттелген және басқа осьте CenterLockрежимі іске қосылған болса, мәтіндік индикаторда(e) ERR және CF кезектесіп пайда болады. Әр лазер қабылдағышында CenterLock режимін орнатыңыз да, функцияны қайтадан іске қосыңыз. Стробоскопты қорғайтын сүзгілер Лазер қабылдағышында стробоскоп шамдарына арналған электрондық сүзгілер бар. Сүзгілер, мысалы, құрылыс машиналарының ескерту шамдарынан туындайтын ақаулықтардан қорғайды. Пайдалану нұсқаулары Ватерпаспен туралау Ватерпастың (7) көмегімен лазер қабылдағышын тігінен (перпендикуляр бойынша) туралауға болады. Қисық қойылған лазер қабылдағышы өлшеу қателерін
Лазер қабылдағышының оң және сол жағындағы орта белгісінде(9) қабылдау өрісінің(1) ортасынан өтетін лазер сәулесінің орналасуын белгілеуге болады. Лазер қабылдағышының белгілеу кезінде дәл тігінен (көлденең лазер сәулесінде) немесе көлденеңінен (тік лазер сәулесінде) туралануын қамтамасыз етіңіз, әйтпесе белгілер лазер сәулесінен жылжып кетеді. Ұстағышпен бекіту (E суретін қараңыз) Лазер қабылдағышын ұстағыштың (23) көмегімен өлшегіш рейкаға (25) (керек-жарақ) да, макс. ені 65мм құрайтын басқа да көмекші құралдарға бекітуге болады. Ұстағышты (23) бекіткіш бұрандамен (26) лазер қабылдағышының артындағы бекіткішке (11) бұрап
Ұстағыштың айналмалы түймесін (24) жіберіңіз, ұстағышты, мысалы, өлшегіш рейкаға (25) жылжытып, айналмалы түймені (24) қайтадан бұрап бекітіңіз. Ватерпастың (21) көмегімен ұстағышты (23) және лазер қабылдағышын көлденеңінен туралауға болады. Қисық қойылған лазер қабылдағышы өлшеу қателерін
Ұстағыштағы анықтамалық ортаңғы сызық (22) ортаңғы белгімен (9) бірдей биіктікте орналасқан және лазер сәулесін белгілеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Магнитпен бекіту (F суретін қараңыз) Берік бекіту керек болмаса, лазер қабылдағышын магниттердің (10) көмегімен болат бөліктерге бекітуге
Ақаулықтарды жою Мәтіндік индикатор (e) Мәселе Шешімі PNK Bluetooth® арқылы GRL600CHV немесе GRL650CHVG ротациялық лазерімен байланыс орнату мүмкін
Ақау туралы хабарды жабу үшін ротациялық лазердегі қосу/өшіру түймесін қысқаша басыңыз. Байланыс орнату әрекетін қайтадан бастаңыз. Байланыс орнату мүмкін болмаса, Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз. ERR GRL600CHV немесе GRL650CHVG ротациялық лазерін калибрлеу мүмкін болмады GRL600CHV немесе GRL650CHVG пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз және
CenterFind режимі немесе CenterLock режимі сәтсіз аяқталды Ақау туралы хабарды жабу үшін кез келген түймені басыңыз. Функцияны қайта іске қоспас бұрын ротациялық лазер мен лазер қабылдағышының позициясын тексеріңіз. LR65G: ERR және CL кезектеседі CenterFind режимін, ротациялық лазер әлдеқашан CenterLock режимінде жұмыс істеп тұрғанда іске қосу мүмкін емес. Әр лазер қабылдағышында CenterFind режимін орнатыңыз да, функцияны қайтадан іске қосыңыз. ERR және CF кезектеседі CenterLock режимін, ротациялық лазер әлдеқашан CenterFind режимінде жұмыс істеп тұрғанда іске қосу мүмкін емес. Әр лазер қабылдағышында CenterLock режимін орнатыңыз да, функцияны қайтадан іске қосыңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 7M6 | (12.05.2022)168 | Қазақ Функцияларды үлестіру Функция мына үлгілерде қолжетімді: LR 60 және GRL 600 CHV Қызыл лазер сәулесі бар ротациялық лазер (600−800нм) Ротациялық лазердің заряд деңгейі индикаторы ● − Лазер сәулесінің позициясы бойынша бағыт индикаторлары ● ● Салыстырмалы биіктік индикаторы ● ● CenterFind режимі
Функция мына үлгілерде қолжетімді: LR 65G және GRL 650 CHVG Жасыл лазер сәулесі бар ротациялық лазер (500−570нм) Ротациялық лазердің заряд деңгейі индикаторы ● − Лазер сәулесінің позициясы бойынша бағыт индикаторлары ● ● Салыстырмалы биіктік индикаторы ● ● CenterFind режимі
Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Лазер қабылдағышын әрдайым таза күйде ұстаңыз. Лазер қабылдағышын еш жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Notice-Facile