PDC1200 - Батарея MAKITA - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз PDC1200 MAKITA PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Батарея PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз PDC1200 - MAKITA және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. PDC1200 брендінің MAKITA.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ PDC1200 MAKITA
(Ұ x Е x Б) 369 мм x 261 мм x 139 мм *1 Номиналды кернеуі 36 В - 40 В ТТ макс. Аккумулятордың қалған қуаты 33,5 A/сағ Аккумулятор түрі Қайта зарядталатын литий-йонды Зарядтау уақыты 360 минут Таза салмағы Аккумулятор 8,8 кг *1 Иық белбеуі жинағы 1,6 кг *2 *1. Иық белбеуі жинағын, адаптерлерді және зарядтау құрылғысын қоспағанда. *2. Адаптер қалтасын қоспағанда Қолданылатын зарядтау
- DC4001 ЕСКЕРТУ: Тек жоғарыда аталған зарядтау құрылғысын пайдаланыңыз. Зарядтау құрылғыларының басқа түрлерін пайдалану жарақат алу/немесе өрт шығу қаупін тудыруы
Қолдану мақсаты Портативті қуат беру блогы ұзақ уақыт жұмыс істеу үшін жарамды, себебі ол аккумулятор мен құралды немесе машинаны бөліп алуға мүмкіндік береді. Осы блокты келесі құралдармен және машиналармен пайдалануға болады.
- 36 В (18 В x 2) аккумуляторлы құрал немесе
- 36 В - 40 В макс. аккумулятор қуаты бар құрал немесе машина
- Аккумуляторлы құрал немесе машина (портативті қуат беру блогына тікелей қосылу) Пайдалану нұсқаулығы туралы Нұсқаулықтағы "блок" сөзі портативті қуат беру блогын білдіреді. Портативті қуаты беру блогы аккумулятор мен иық белбеуі жинағын қамтиды. Құрал немесе машинаның үйлесімділік санаты
- Аккумуляторлы батареядан қуаттанатын шынжырлы ара *1
- Аккумуляторлы биіктік кескіш
- Аккумуляторлы ауа үрлегіш
- Бақша саптамаларына арналған Көпфункционалды Аккумуляторлы Жетек
- Аккумуляторлы бұтакескіш
- Аккумуляторлы бұрыштық ажарлағыш машина
- Аккумуляторлы перфоратор *2
- Аккумуляторлық бұрғы
- Аккумуляторлы көгал шапқыш (жалғағыш түріне ғана арналған)
- USB адаптері *1. Үстіңгі тұтқасы бар шынжырлы араны (DUC252 /
DUC302 / DUC352 / DUC256 / DUC306 / DUC356 /
DUC406 / DUC256C) қоспағанда *2. DHR280 / DHR281 / DHR282 / DHR283 үлгілерін
Құралдың немесе машинаның үйлесімділік санаты ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Құралдың немесе машинаның үйлесімділік санаты туралы ақпаратты соңғы шығарылған пайдалану нұсқаулығынан
ЕСКЕРТУ: Бұл блокты төменде келтірілген құралдармен немесе машиналармен бірге ешқашан пайдаланбаңыз. Блокты үйлеспейтін құралдармен немесе машиналармен пайдалану ауыр жарақаттар немесе ақау тудыруы мүмкін.
- Аккумуляторлы бақшалық шашыратқыш, аккумуляторлы секатор, аккумуляторлы өздігінен жүретін арба, электрлі моторлы велосипед, сөмкелі аккумуляторлы шаңсорғыш, электржелдеткіші бар күрте, аккумуляторлы жылытатын күрте275 ҚАЗАҚША НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Келесі үлгілердегі блокты пайдаланған кезде нейлон сымын пайдалансаңыз, құралды төмендегідей тіркесімде пайдалану қажет: Үлгісi DUR364L / DUR365U / DUR366L /
DUR368A / DUR368L / DUX60
Кескіш құрал мен кесу диаметрі Кесу диаметрі 350 мм нейлон кесу
2,0 мм *. Нейлон кесу бастиегі тұрып жатқан жеріңізге байланысты қолжетімді болмауы мүмкін.
DUB362 үлгісі үшін Жоғарғы температура жағдайында машинаның қорғаныс жүйесінің әсерінен машина тоқтап қалуы
Төменде жабдықта пайдаланылуы мүмкін белгілер көрсетілген. Пайдалану алдында олардың мағынасын түсініп алыңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
Жарақат алу қаупін азайту үшін, сымды кедергілерден алшақ ұстаңыз. Аккумуляторды суға тигізбеңіз немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз. Аккумуляторды отқа лақтырмаңыз Аккумуляторды қысқа тұйықтауға
Li-ion Тек ЕО елдеріне арналған Жабдықта қауіпті құрамдастардың болуына байланысты, электрлік және электрондық жабдықтардың, аккумуляторлар мен батареялардың қалдықтары қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Электрлік және электрондық құрылғыларды немесе батареяларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға
Электрлік және электрондық жабдықтардың қалдықтары және аккумуляторлар мен батареялар және аккумуляторлар мен батареялардың қалдықтары, сондай-ақ олардың ұлттық заңнамаға бейімделуі туралы Еуропалық директиваға сәйкес, электрлік жабдықтардың, батареялардың және аккумуляторлардың қалдықтары бөлек жиналуы және қоршаған ортаны қорғау ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін тұрмыстық қалдықтарды жинау пунктіне жеткізілуі керек. Бұл жабдыққа орналастырылған айқас сызықпен сызылған дөңгелекті қоқыс жәшігінің белгісі арқылы көрсетіледі. ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
Портативті қуат беру блогының жалпы қауіпсіздік ескертулері
1. Құралды немесе машинаны пайдаланудан
бұрын, оның пайдалану нұсқаулығын оқып шыққаныңызға көз жеткізіңіз.
2. Бұл блокты сымынан ұстау арқылы
көтермеңіз немесе тасымаңыз. Блокты пайдалану немесе кию барысында оны сымынан тартпаңыз.
3. Жабдықты тағу немесе шешудің алдында
құралдан немесе машинадан бастиекті
4. Құралды немесе машинаны қалдыру кезінде
оның бастиегінің алынғанына көз жеткізіңіз немесе блокты арқаңыздан шешіңіз.
5. Жұмыс істегенде блоктың сымына
шалынудан сақ болыңыз.
6. Блокты тегіс емес бетте немесе тұрақсыз,
биік жерлерде пайдаланбаңыз.
7. Жұмыс істеу кезінде сымды кедергілерден
алшақ ұстаңыз. Сым кедергілерге ілінсе, ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
8. Адаптерлерді зарядтау құрылғыларына
9. Пайдаланбас бұрын, сымдарды және
белбеуді қоса блокты тексеріңіз. Егер олар зақымдалған болса, жөндеу жұмысына байланысты Makita компаниясының өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
10. Сымды сым ұстағышқа ақырын және берік
бекіткеніңізге көз жеткізіңіз.
11. Тексеру немесе техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізуден бұрын, әрдайым құралдың немесе машинаның өшірулі екеніне және бастиектің алынғанына көз жеткізіңіз.
12. Блокты жүзбен жабдықталған құралмен
пайдаланған кезде, сымды жүзден алшақ ұстағаныңызға көз жеткізіңіз.
13. Блокты киген кезде, блоктың төтенше
жағдайда ажырату функциясына кедергі келтіруі ықтимал қауіпсіздік белбеуі немесе иықбау сияқты ешқандай керек-жарақты пайдаланбаңыз.
14. Ағашқа өрмелегенде блокты
15. Электржелдеткіші бар күртені немесе
аккумуляторлы жылытатын күртені киген кезде блокты пайдаланбаңыз.
16. Блокты ұшқындардан сақтаңыз.
17. Блокты кимей пайдаланған кезде немесе
блокты құралға орнатқан кезде оны бетімен орналастырыңыз.
18. Блокты бөлшектемеңіз, жөндемеңіз немесе
өзгертпеңіз.276 ҚАЗАҚША
19. Құралға немесе машинаға аспа белдіктің
немесе белдіктің оралып қалмауын қадағалаңыз.
20. Құрылғыны пайдаланған кезде, құралдың
немесе машинаның сымдарды кесіп кетпеуін қадағалаңыз.
21. Блокты аккумулятор тірегі көмегімен
жоғары қаратып орнатқан кезде блокты тегіс бетке орналастырыңыз.
22. Металл жоңқалары немесе су сияқты бөгде
заттарды блоктың ашасынан алыс ұстаңыз.
23. Құралды немесе машинаны жоғары
кернеулі қуат желілері жанында пайдаланбаңыз.
24. Тек блокқа арналған зарядтау құрылғысын
пайдаланыңыз. Басқа зарядтау құрылғыларын пайдаланбаңыз.
25. Аккумулятор корпусын зақымдап алмаңыз
немесе блокқа ештеңе орналастырмаңыз.
26. Блок үстінен баспаңыз немесе оның үстіне
енін реттеу белдігін ұстау арқылы тасымалдамаңыз.
28. Блокты бөлме ішінде сақтаңыз.
29. Аккумулятор мен аккумулятор тірегінің
арасына ешқандай затты қоймаңыз немесе бекітпеңіз.
30. Аккумулятор тірегіне ештеңе ілмеңіз.
Аккумуляторға арналған маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
1. Аккумуляторды пайдаланбас бұрын,
(1) аккумуляторға арналған зарядтау құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы және (3) аккумуляторды пайдаланатын өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту белгілерін оқып шығыңыз.
2. Аккумуляторды бөлшектемеңіз.
3. Егер аккумулятор картридждің пайдалану
уақыты бірталай қысқарған болса, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
4. Егер электролит көзіңізге тиген болса,
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы
5. Аккумуляторды қысқа тұйықтауға
(1) Клеммаларды кез келген ток өткізгіш материалдарға тигізбеңіз. (2) Аккумуляторды ішінде шегелер, тиындар, т.б. басқа металл заттары бар контейнерде сақтамаңыз. (3) Аккумуляторды суға салмаңыз немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы үлкен ток ағынының пайда болуына, қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті бұзылуға себеп болуы мүмкін.
6. Құралды/машинаны және аккумуляторды
температурасы 50 °C (122 °F) шамасынан асатын жерлерде сақтамаңыз және пайдаланбаңыз.
7. Аккумулятор қатты зақымдалған немесе
толығымен тозған болса да, оны отқа жақпаңыз. Аккумулятор отта жарылып кетуі
8. Аккумуляторды құлатып немесе соғып
9. Зақымдалған аккумуляторды
10. Жинаққа кіретін литий-ионды
аккумуляторлар денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды заттар заңнамасы талаптарына сәйкес қарастырылады. Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы, үшінші тараптар, экспедиторлар үшін қаптамада және таңбалауда арнайы талаптар сақталуы тиіс. Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек. Сонымен қатар ұлттық ережелерді де толық қарап шығыңыз. Ашық түйіспелерді жауып, аккумуляторды қаптамаға қозғалмайтындай етіп орналастырыңыз.
11. Аккумуляторды кәдеге жаратқан кезде оны
құралдан шығарып алып, қауіпсіз жерде кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды кәдеге жаратуға қатысты жергілікті ережелерді
көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз. Аккумуляторды үйлесімді емес өнімдерге орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе электролит ағуына әкеп соқтыруы мүмкін.
13. Егер құрал/машина ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, құралдағы аккумуляторды алып тастау керек.
14. Аккумуляторды балалардан аулақ ұстаңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Тек түпнұсқа Makita аккумляторларын пайдаланыңыз. Түпнұсқа емес Makita аккумуляторларын немесе өзгертілген аккумуляторларды пайдалану нәтижесінде өрт, жарақат алу немесе зақымдалуға себеп болатын аккумулятор жарылуына әкелуі мүмкін. Ол сондай-ақ Makita құралы мен зарядтау құрылғысы үшін Makita кепілдігінің күшін жояды.277 ҚАЗАҚША Аккумулятордың максималды қызмет ету мерзімін сақтау бойынша кеңестер
1. Аккумулятор қуаты толығымен отырмас
бұрын зарядтаңыз. Электр құралының қуаты аз екендігін байқаған кезде, құрал/ машина жұмысын тоқтатып, аккумуляторды зарядтаңыз.
2. Толығымен зарядталған аккумуляторды
ешқашан қайта зарядтамаңыз. Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету мерзімін қысқартады.
4. Егер аккумуляторды ұзақ уақыт бойы (алты
айдан артық) пайдаланбаған болсаңыз, оны зарядтаңыз. БӨЛШЕКТЕР СИПАТТАМАСЫ ► Сурет1 1 Табан пластинасы 2 Аккумулятор 3 Тұтқа 4 Құлыптау түймесі 5 Сым ұстағышы 6 Адаптер қалтасы 7 Қуат түймесі 8 Аккумулятор ашасы 9 Адаптер ашасы 10 36 В (18 В x 2) құралға арналған адаптерлер (қосымша керек-жарақ)11 36 В - 40 В макс. құралға арналған адаптер (қосымша керек-жарақ)12 Аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысының қуат ашасы13 Аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысы (қосымша керек-жарақ)14 Аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысының бастиегі15 Бел буатын белдік 16 Розетка17 Енін реттеу белдігі 18 Иық бау жинағы (қосымша керек-жарақ) 19 Аккумулятор тірегі - - ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ САҚ БОЛЫҢЫЗ: Блоктың жұмысын реттемес және тексермес бұрын, әрдайым блоктың өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз. Блокты зарядтау САҚ БОЛЫҢЫЗ: Зарядтау аяқталғаннан кейін аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысының қуат ашасын АТ кернеу көзінен алып тастаңыз және аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысының бастиегін алып тастап, аккумулятордың қақпағын
НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысы тек портативті қуат беру блогы түріндегі MAKITA өнімдерін зарядтауға арналған. Оны басқа мақсаттар немесе басқа өндірушінің аккумуляторлары үшін ешқашан пайдаланбаңыз. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысы блокқа қосылған кезде құрал немесе машина іске қосылмайды. Бұл жағдайда аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысын блоктан алып
НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Зарядтау кезінде аккумулятор температурасы төмен немесе жоғары болса, зарядтау процесі тоқтауы мүмкін. Бұл жағдайда аккумуляторды жылыту немесе суыту арқылы аккумулятор температурасы қалыпты болғанша күтіңіз, содан кейін зарядтауды қайта бастаңыз.
1. Аккумулятор қақпағын оны бұрау арқылы
2. Аккумуляторларға арналған зарядтау
құрылғысының бастиегіндегі дөңес жерді блок ашасындағы қарсы бөлікпен туралаңыз, содан кейін бастиекті бұрау арқылы ашаны бастиекке бекітіңіз. ► Сурет3: 1. Дөңес жер 2. Розетка 3. Аша
3. Аккумуляторларға арналған зарядтау
құрылғысының қуат ашасын сәйкес АТ кернеу көзіне қосыңыз.278 ҚАЗАҚША
4. Зарядтау аяқталғаннан кейін аккумуляторларға
арналған зарядтау құрылғысының бастиегін алып тастап, аккумулятор қақпағын бекітіңіз. Зарядтау кезінде негізгі қуат шамы қызыл түспен жанады және индикатор шамдары аккумулятордың қалған қуатын көрсетеді. Зарядтау аяқталған кезде, негізгі қуат шамы мен индикатор шамдары өшеді.
Индикатор шамдары Қалған қуат
Өшірулі Жыпылықтау Зарядталуда (75% - 100%) Зарядталуда (50% - 75%) Зарядталуда (25% - 50%) Зарядталуда (0% - 25%) Қуат түймесі және аккумулятор
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Блокты қосудан бұрын, құралды немесе машинаны өшіргеніңізге көз жеткізіңіз. Әйтпесе құрал немесе машина кездейсоқ іске қосылып, жарақат тудыруы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Блокты іске қосқаннан кейін құралды немесе машинаны бірден іске қоссаңыз, құрал немесе машина іске қосылмауы мүмкін. Бұл жағдайда, құралды немесе машинаны қайта іске
► Сурет4: 1. Қуат түймесі 2. Индикатор шамы
Блокты қосу үшін қуат түймесін басыңыз. Қуат шамы жасыл түсті болып жанады. Блокты өшіру үшін қуат түймесін бірнеше секунд бойы басып тұрыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Блок пен құрал немесе машина 8 сағатқа қараусыз қалдырылса, блок автоматты түрде өшеді. Негізгі қуат шамы келесі жағдайларда жасыл түспен жыпылықтайды:
- Адаптер ашасы немесе электрлік құрал/ машина ашасы блоктың бастиегіне қосылмаған. Бұл жағдайда адаптер ашасын немесе электрлік құрал/машина ашасын блоктың бастиегіне қосыңыз.
- Аккумулятор заряды біткен. Бұл жағдайда блокты зарядтаңыз.
- Аккумулятор шамадан тыс қызып кеткен немесе блок температурасы төмен. Бұл жағдайда блокты суытыңыз немесе оны
Қуат шамы жасыл және қызыл түспен кезектесіп жыпылықтаса, блокты өшіріп, содан кейін қайта қосыңыз. Блокты қосқаннан кейін қуат шамы жасыл және қызыл түспен кезектесіп жыпылықтауын тоқтатпаса, жөндеу жұмысына байланысты Makita компаниясының өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Аккумулятордың қалған қуатын
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін блоктағы қуат түймесін басыңыз. Индикатор шамдары шамамен 5 секунд бойы жанып тұрады. Индикатор шамдары Қалған қуат Жанып тұру Өшірулі Жыпылықтау 75% - 100% 50% - 75% 25% - 50% 0% - 25% Аккумуляторды зарядтаңыз. Аккумулятор ақаулы болуы
ЕСКЕРТПЕ: Қолдану жағдайларына және қоршаған ортаның температурасына қарай көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
ЕСКЕРТПЕ: Құрал немесе машинаның аккумулятордың қалған қуатын көрсетуге арналған индикатор шамы болса, құрал немесе машинаның емес, блоктың индикатор шамдарына қараңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер бірнеше индикатор шамы жыпылықтаса, аккумулятордың қызып кеткендігін білдіреді. Бұл жағдайда аккумуляторды суытыңыз. Құралдың/машинаның/ аккумулятордың қорғаныс жүйесі Құрал немесе машина құралды не машинаны және аккумуляторды қорғау жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйе құрал немесе машинаның және аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін моторға берілетін қуатты автоматты түрде өшіреді. Егер құрал, машина немесе аккумулятор төмендегі жағдайлардың біреуіне тап болса, құрал жұмыс барысында автоматты түрде тоқтайды:279 ҚАЗАҚША Шамадан тыс жүктемеден
Құрал,машина немесе аккумулятор шамадан тыс ток тұтынатын күйде жұмыс істесе, құрал немесе машина автоматты түрде тоқтайды. Бұл жағдайда құралды немесе машинаны өшіріңіз және құралдың немесе машинаның шамадан тыс жүктелуіне себеп болған жұмысты тоқтатыңыз. Содан кейін қайта іске қосу үшін құралды немесе машинаны қосыңыз. Қызып кетуден қорғаныс Құрал, машина немесе аккумулятор қызып кетсе, құрал немесе машина автоматты түрде тоқтайды. Бұл жағдайда құралды немесе машинаны қайта іске қосудан бұрын, құралдың немесе машинаның және аккумулятордың сууына мүмкіндік беріңіз. Зарядтың шамадан тыс таусылуынан қорғаныс Аккумулятор қуаты жеткіліксіз болған кезде құрал немесе машина автоматты түрде тоқтайды және қуат түймесін басқан кезде индикатор шамы жыпылықтайды. Бұл жағдайда аккумуляторды құралдан немесе машинадан алып тастап, зарядтаңыз. 36 В - 40 В макс. арналған адаптердің индикатор шамының аккумуляторы төмен Қосымша керек-жарақ Бұл адаптер аккумулятордың қалған қуаты төмен немесе жоқ екендігін хабарлайтын индикатор шамымен жабдықталған. Индикатор шамы жыпылықтаған кезде аккумулятордың қалған қуаты төмендейді. Индикатор шамы жанған кезде, аккумулятордың қуаты таусылады немесе аккумулятордың қорғаныс жүйесі іске қосылады. ЕСКЕРТПЕ: Құралды/жабдықты үздіксіз пайдаланғанда, құрал/жабдық индикатор шамы жыпылықтамастан автоматты түрде тоқтап қалуы
ЕСКЕРТПЕ: Индикатор шамы жыпылықтайтын уақыт, қоршаған орта температурасы мен аккумулятор күйіне байланысты өзгешеленеді. ► Сурет5: 1. Аккумулятор қуаты төмен индикатор
Адаптер қалтасын пайдалану САҚ БОЛЫҢЫЗ: Блокты адаптер қалтасының жабысқақ ілгек бекіткіші арқылы бекітілген сымдармен пайдаланбаңыз. Адаптерлерді адаптер қалтасына суретте көрсетілгендей салыңыз. ► Сурет6: 1. Адаптер 2. Адаптер қалтасы
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Блокпен жұмыс істемес бұрын, әрдайым блоктың өшірулі екендігіне және ажыратылғандығына көз жеткізіңіз. Блокты құрастыру
1. Аккумуляторды иық белбеуі жинағының табан
пластинасына суретте көрсетілгендей бекітіңіз. ► Сурет7: 1. Аккумулятор 2. Табан пластинасы САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятордың табан пластинасына мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе аккумуляторды таққан кезде немесе пайдаланған кезде, блок құлап қалып, жарақаттауы мүмкін. Егер суретте көрсетілгендей қызыл индикатор көрініп тұрса, демек аккумулятор толығымен құлыпталмаған. ► Сурет8: 1. Қызыл индикатор САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумуляторды бекіткен кезде, аккумулятор мен табан пластинасы арасында саусақтарыңыз немесе бас бармақтарыңыз қысылып қалмауы үшін абай
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумуляторды алған кезде сабынан мықтап ұстап тұрып құлыптау түймесін басыңыз. Аккумуляторды алғаннан кейін бел буатын белдікті ең төменгі күйге
► Сурет9: 1. Тұтқа 2. Құлыптау түймесі
2. Бел буатын белдікті реттеңіз. Биіктікті реттейтін
тетікті көтеріңіз, содан кейін табан пластинасын сырғыту арқылы бел буатын белдікті реттеп, тетікті орнына түсіріңіз. ► Сурет10: 1. Биіктікті реттейтін тетік 2. Табан пластинасы 3. Бел буатын белдік САҚ БОЛЫҢЫЗ: Бел буатын белдіктің күйін реттеу кезінде блокты суретте көрсетілгендей аккумулятор төмен қарайтындай етіп орналастырыңыз. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Биіктікті реттейтін тетік бос бекітілсе, оның сомынын бекітіңіз. Сомынды шамадан тыс қатты бекітпеңіз. Әйтпесе биіктікті реттейтін тетік жылжымайды. ► Сурет11: 1. Сомын ЕСКЕРТПЕ: Егер табан пластинасын сырғыту қиын болса, аккумулятордың астын тірегі жерге тимейтіндей етіп шамалы көтеріңіз, содан кейін табан пластинасын сырғытыңыз. ► Сурет12
3. Адаптер қалтасын бел буатын белдікке
жабысқақ ілгек бекіткіші арқылы суретте көрсетілгендей тіркеңіз. ► Сурет13: 1. Адаптер қалтасы ЕСКЕРТПЕ: Адаптер қалтасын бел буатын белдіктің оң немесе сол жағына орнатуға болады.280 ҚАЗАҚША
4. Енін реттейтін белдікті пайдаланып, иық
белбеуінің енін реттеңіз. ► Сурет14: 1. Енін реттеу белдігі
5. Блокты киіңіз, содан кейін бел буатын белдіктің
айылбасын құлыптап, оның ұзындығын реттеңіз. ► Сурет15: 1. Айылбас ЕСКЕРТПЕ: Белдікті жабысқақ ілгек бекіткіші арқылы суретте көрсетілгендей жинауға және бекітуге болады. ► Сурет16: 1. Белдік
6. Иық белбеуінің ұзындығын реттеңіз.
► Сурет17: 1. Иық белбеуі ЕСКЕРТПЕ: Белдікті жабысқақ ілгек бекіткіші арқылы суретте көрсетілгендей жинауға және бекітуге болады. ► Сурет18: 1. Белдік САҚ БОЛЫҢЫЗ: Блокты орнатқан кезде, блок құлап кетпейтіндей етіп оны тегіс және тұрақты бетке орналастырыңыз. Блокты орнатқан кезде, бел буатын белдіктің айылбасын құлыптан шығарыңыз, содан кейін құрылғыны ақырын орнатыңыз. ► Сурет19: 1. Айылбас
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Блокты кию кезінде, оны екі иығыңызға кигеніңізге көз жеткізіңіз. Әйтпесе блокты таққан кезде немесе пайдаланған кезде, блок құлап қалып, жарақаттауы мүмкін. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Блокты кию кезінде, оны арқаңызға кигеніңізге көз жеткізіңіз. Әйтпесе блок кездейсоқ құлап қалып, жарақаттауы мүмкін. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Блокты қосудан бұрын немесе адаптер ашасын немесе электрлік құралды/машинаны аккумулятор қорабының розеткасына қосудан бұрын құралды немесе машинаны әрдайым өшіріңіз. Әйтпесе құрал немесе машина кездейсоқ іске қосылып, жарақат тудыруы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: 18 В құралға арналған адаптер бұл блок үшін қолжетімді емес. Блокты құралға немесе машинаға
1. Аккумуляторды иық белбеуі жинағының табан
пластинасынан алып тастаңыз.
2. Аккумулятордың сол немесе оң жағындағы
сымын артып шығарыңыз. Сымды шығару кезінде оның суретте көрсетілгендей ұстағыштарда орнатылғанына көз жеткізіңіз. ► Сурет20: 1. Сым 2. Ұстағыш
3. Аккумуляторды иық белбеуі жинағының табан
пластинасына бекітіңіз.
5. Адаптер ашасын немесе электр құралын/
машинаны аккумулятордың розеткасына ашаның көрсеткі белгісі розеткадағы белгімен сәйкес келетіндей етіп салыңыз. ► Сурет21: 1. Аша 2. Розетка 3. Көрсеткі белгісі НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Ашаны розеткадан ажырату кезінде, сымдардан ұстамай, ашаны және розетканы ұстап ажыратыңыз. Әйтпесе сымдар зақымдалып, блок ақаулығына себеп болуы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Аша мен розетка белгілі бір жүктеме қолданылғанда ажыратылады.
6. Адаптерлерді құралға немесе машинаға
аккумулятор картриджі сияқты орнатыңыз. ► Сурет22: 1. Адаптер НАЗАР САЛЫҢЫЗ: 36 В (18 В x 2) аккумуляторлы құрал немесе машина үшін 36 В (18 В x 2) құралдарға арналған адаптерлерді пайдаланыңыз. 36 В - 40 В макс. аккумулятор қуаты бар құрал немесе машина үшін, 36 В - 40 В макс. арналған адаптерді пайдаланыңыз. Тікелей қосылатын құрал немесе машина түрі адаптерді қажет етпейді. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Адаптерлерді құралға немесе машинаға орнату кезінде, 2 сыммен жабдықталған адаптерді суретте көрсетілген жерге орнатқаныңызға көз жеткізіңіз. Егер сіз адаптерлерді дұрыс орнатпаған болсаңыз, онда 2 сыммен жабдықталған адаптер толығымен салына алмайды. Бұл жағдайда, адаптерді күштеп салмаңыз. Әйтпесе, құралға немесе машинаға зақым келуі
► Сурет23: 1. 2 сымды адаптер ► Сурет24: 1. 2 сымды адаптер ЕСКЕРТПЕ: Адаптер сымының бағытын шамамен 180 градус ауқымында өзгертуге болады.
7. Блокты қосу үшін, қуат түймесін басыңыз.
Блокты өшіру үшін қуат түймесін бірнеше секунд бойы басып тұрыңыз. ► Сурет25: 1. Қуат түймесі Сым ұстағыштарын пайдалану САҚ БОЛЫҢЫЗ: Сым ұстағыштарға тек аккумулятор сымын жалғаңыз. Сым ұстағыштарға адаптерлер немесе құрал/ машина сымын жалғауға болмайды. Адаптерлер немесе құрал/машина сымын жалғау жазатайым оқиғаға және жарақатқа әкеп соғуы
► Сурет26 ► Сурет27 Аккумулятор сымын суретте көрсетілгендей сым ұстағышына жалғауға болады. ► Сурет28: 1. Сым ұстағышы281 ҚАЗАҚША Сондай-ақ сымды бел буатын белдіктің сым ұстағышын пайдаланып, суретте көрсетілгендей бекітуге болады. ► Сурет29: 1. Сым ұстағышы Сым ұстағыштарды бел буатын белдіктің және иық белбеуінің оң немесе сол жағына орнатуға болады. ► Сурет30: 1. Сым ұстағышына бекітілетін бөлік САҚ БОЛЫҢЫЗ: Сымды иық белбеуіне тек сол жаққа немесе тек оң жаққа, сым иық белбеуімен айқаспайтындай етіп бекітіңіз. ► Сурет31 Ілгіш белдікті пайдалану Қосымша керек-жарақ САҚ БОЛЫҢЫЗ: Жұмысты бастамас бұрын, ілгіш белдіктің құрал ілгішіне дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Ілгіш белдікті аккумуляторлы шалғымен немесе аккумуляторлы биіктік кескішпен пайдалануға
Ілгіш белдікті бекіту
1. Ілгіш белдіктің ілмегін бел буатын белдіктің
немесе иық белбеуінің сақиналарына суретте көрсетілгендей етіп іліңіз. Пайдалануға сәйкес келетін белдік түрі мен қосу әдісін таңдаңыз. ► Сурет32: 1. Сақина 2. Ілмек ► Сурет33: 1. Сақина 2. Ілмек ► Сурет34: 1. Сақина 2. Ілмек ► Сурет35: 1. Сақина 2. Ілмек ЕСКЕРТПЕ: Құрал түрі велосипед тұтқасы сияқты болса, белдікті бел буатын белдіктің ішкі жағы арқылы өтетіндей бекітіңіз. ► Сурет36: 1. Бел буатын белдік 2. Белдік
2. Ілмекті құралға іліңіз.
► Сурет37: 1. Ілмек Құралды ажырату Айылбасты босату үшін, айылбас тетіктерін
► Сурет38: 1. Тетік ЕСКЕРТПЕ: Айылбас белдіктің түріне байланысты берілмейді. Төтенше жағдайда ажырату
1. Айылбасты босату үшін, бел буатын белдіктің
айылбас тетіктерін басыңыз. ► Сурет39: 1. Айылбас 2. Тетік
2. Құралды және блокты босату үшін иық белбеуін
► Сурет40: 1. Иық белбеуі ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Тексеру немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізбес бұрын, әрдайым блоктың өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Жанармайды, бензинді, сұйылтқышты, спиртті немесе соған ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін. Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан орындалуы керек.282 ҚАЗАҚША АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ Жөндеу жұмыстарына тапсырыс беруден бұрын, тексерулер жүргізіңіз. Нұсқаулықта көрсетілмеген мәселелер анықталса, құралды, машинаны немесе блокты бөлшектемеңіз. Makita компаниясының өкілетті қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыз және жөндеу үшін әрқашан Makita қосалқы бөлшектерін пайдаланыңыз. Ақаулы күйі Қуат шамы Себебі Шешім Құрал немесе машина іске
- Зарядтау құрылғысы блокқа
Зарядтау құрылғысын блоктан алып тастаңыз. Шам жасыл түсті болып
Адаптерлер құралға немесе машинаға орнатылмаған. Адаптерлерді құралға немесе машинаға орнатыңыз. Адаптерлердің берік орнатылғанын тексеріңіз. Құрал немесе машина, адаптерлердің сымы шамадан тыс қызған. Құралды, жабдықты, блокты және адаптерді суытыңыз. Суығаннан кейін оның қуатын өшіріп, қайта қосыңыз. Құрал немесе машина, блок
Жөндеу жұмысына байланысты Makita өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Шам жасыл түспен жыпылықтайды. Адаптер ашасы немесе электр құралы/машина мен аккумулятор розеткасы қосылмаған. Ашаны розеткаға қосыңыз. Ашаның розеткаға қауіпсіз қосылғанын тексеріңіз. Блок шамадан тыс қызып кеткен немесе блок температурасы төмен. Блокты суытыңыз немесе оны
Аккумулятордың қалған қуаты жеткілікті емес. Аккумуляторды зарядтаңыз. Шам қызыл және жасыл түспен кезектесіп жыпылықтайды. Блок ақаулықты анықтады. Блокты өшіріп, қайта
Құрал немесе машина, блок
Жөндеу жұмысына байланысты Makita өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Шам жанбайды. Блок қосылмаған. Блокты қосыңыз. Аккумулятордың қалған қуаты жеткілікті емес. Аккумуляторды зарядтаңыз. Блок бұзылған. Жөндеу жұмысына байланысты Makita өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.283 ҚАЗАҚША Ақаулы күйі Қуат шамы Себебі Шешім Зарядтау құрылғысы қосылған кезде зарядтау басталмайды. Шам қызыл түспен жыпылықтайды. Блок шамадан тыс қызып кеткен немесе блок температурасы төмен. Блокты суытыңыз немесе оны
Шам қызыл және жасыл түспен кезектесіп жыпылықтайды. Блок немесе зарядтау құрылғысы ақаулықты
Аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысын бастиектен алып тастаңыз, содан кейін оны қайта
Блок немесе зарядтау құрылғысы бұзылған. Жөндеу жұмысына байланысты Makita өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Шам жанбайды. Зарядтау құрылғысы сәйкес АТ кернеу көзіне қосылмаған. Зарядтау құрылғысын сәйкес АТ кернеу көзіне қосыңыз. Зарядтау құрылғысының бастиегі дұрыс қосылмаған. Зарядтау құрылғысының бастиегін дұрыстап қосыңыз. Зарядтау құрылғысының қуат сымы зарядтау құрылғысына дұрыс қосылмаған. Зарядтау құрылғысының қуат сымын дұрыстап қосыңыз. Блок немесе зарядтау құрылғысы бұзылған. Жөндеу жұмысына байланысты Makita өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР САҚ БОЛЫҢЫЗ: Бұл керек-жарақтар мен қондырмалар осы нұсқаулықта көрсетілген Makita құралымен бірге пайдалануға ұсынылады. Кез келген басқа керек-жарақтар мен қондырмаларды пайдалану адамдардың жарақаттануына әкелуі мүмкін. Керек-жарақты немесе қондырманы тек өз мақсатында ғана қолданыңыз. Осы керек-жарақтар туралы қосымша мәлімет алу үшін көмек қажет болса, жергілікті Makita қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Makita түпнұсқа зарядтау құрылғысы
- 36 В (18 В x 2) арналған адаптерлер
- 36 В - 40 В макс. арналған адаптер
- Иық белбеуі ЕСКЕРТПЕ: Тізімдегі кейбір элементтер стандартты керек-жарақтар ретінде құралдың қаптамасында болуы мүмкін. Олар елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.284
Notice-Facile