0 607 450 626 - шуруповерт BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз 0 607 450 626 BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз шуруповерт PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз 0 607 450 626 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. 0 607 450 626 брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 0 607 450 626 BOSCH
Пластини мотора треба видаляти належним чином! Пластини мотора містять тефлон. Не нагрівайте їх понад 400 °C, оскільки це може призводити до утворення шкідливих для здоров’я парів. Якщо Ваш пневматичний прилад остаточно вийшов з ладу, його треба здати в пункт збору вторинної сировини або в магазин, напр., в авторизовану майстерню Bosch. Можливі зміни. OBJ_BUCH-281-006.book Page 158 Friday, September 2, 2016 2:45 PMҚaзақша | 159 Bosch Power Tools 1 609 92A 39P | (5.9.16) Қaзақша Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде көрсетілген. Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз –өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Пневматикалық құралдардың жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары Жабдықтарды орнату, пайдалану, жөндеу және алмастырудан алдын және пневматикалық құрал жақынында жұмыс істеуден алдын барлық нұсқаулықтарды оқып орындаңыз. Төмендегі қаупсіздік нұсқаулықтарын орындамау қатты жарақаттануға алып келуі мүмкін. Қаупсіздік нұсқаулықтарын дұрыс сақтап оларды пайдаланушыға беріңіз. Жұмыс орнының қауіпсіздігі Құрылғы пайдалануында сырғанақ болып қалған беттерден және ауа немесе гидравлика шлангтарына сүрінуден абай болыңыз. Сырғанап кету, сүріну және жығылу жұмыс орнындағы жарақаттанулардың негізгі себебі болады. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қауіпі бар қоршауда пневматикалық құралды пайдаланбаңыз. Дайындаманы өңдеу кезінде ұшқын шығып, шаң немесе буларды жандыруы
Пневматикалық құралды пайдалану кезінде көруші, балалар және келушілреді жұмыс орнындан қашық ұстаңыз. Басқа адамдар алаң етсе пневматикалық құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін. Пневматикалық құралдар қаупсіздігі Ауа ағынын ешқашан өзіңізге немесе басқа адамдарға бағытамаңыз және суық ауаны қолдан ары қарай басқарыңыз. Пневматика қатты жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Қосылу және жетістіру шлангтарын тексеріңіз. Барлық қызмет көрсету бөліктері, тіркесу және шлангтар қысым және ауа көлемі бойынша техникалық мәліметтеррге сай ретте орнатылуы қажет. Жай қысым пневматикалық құрал жұмыс істеуіне негативті әсер етеді, тым қатты қысым материалдық зиян және жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Шлангтарды иілу, сығылу, еріткіш және өткір қырлардан сақтаңыз. Шлангтарды ыстық, май және айналатын бөліктерден қашық ұстаңыз. Зақымдалған шлангты бірден алмастырыңыз. Зақымдалған жетістіру шлангтары пневматика шлангының соғылуын тудырып жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Көтерілген шаң немесе жоңқа ауыр көз жарақаттарына алып келуі мүмкін. Шланг қамыттары бекем тұруына көз жеткізіңіз. Қатты тартылмаған немесе зақымдалған шланг қамыттары ауаны жібереді. Адамдар қауіпсіздігі Сақ болып, не істеп жатқаныңызға айрықша көңіл бөліп, пневматикалық құралды ретімен пайдаланыңыз. Шаршаған жағдайда немесе еліткіш, алкоголь немесе дәрі әсері астында пневматикалық құралды пайдаланбаңыз.
OBJ_BUCH-281-006.book Page 159 Monday, September 5, 2016 12:15 PM160 | Қaзақша 1 609 92A 39P | (5.9.16) Bosch Power Tools Пневматикалық құралды пайдалануда секундтық абайсыздық қатты жарақаттануларға алып келуі
Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Жұмыс беруші нұсқаулықтары немесе жұмыс орнынің және денсаулықты қорғау ережелері бойынша шаңтұтқыш, сырғудан сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию жарақаттану қаупін төмендетеді. Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Пневматикалық құралды ауа жетістіруіне қосудан, оны көтергенден немесе алып жүргенден алдын өшірулі болуына көз жеткізіңіз. Пневматикалық құралды көтеріп тұрғанда, бармақты косқыш/өшіргіште ұстау немесе пневматика құралын қосулы күйде ауа жетістіруіне қосу, жазатайым оқиғаға алып келуі
Пневматикалық құралды қосудан алдын реттеу құралдарын алыстатыңыз. Пневматикалық құралдың айналатын бөлігінде орнатылған реттеу құралы жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Өзіңізді асыра бағаламаңыз. Тірек күйде тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Бекем тұру және сайкес дене күйі пневматикалық құралды күтілмеген жағдайларда бақылауға көмектеседі. Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге тиюі мүмкін. Апарылатын ауаны тікелей жұтпаңыз. Апарылатын ауа көзге жетпеуі қажет. Пневматикалық құралдың апарылатын ауасының құрамында компрессордың суы, майы, метал бөлшектері немесе лас болуы мүмкін. Бұл денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Пневматикалық құралды дұрыс қарау және пайдалану Дайындаманы бекес ұстап тіреу үшін қысу жабдықтарын немесе қысқышты пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен ұстасаңыз немесе денеге біресеңіз, пневматикалық құралды дұрыс пайдаланалмайсыз. Пневматикалық ққралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды пневматикалық құралды пайдаланыңыз. Жарамды пневматикалық құралды керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Қосқыш/өшіргіші дұрыс болмаған пневматикалық құралды пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын пневматикалық құрал қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз ауа жетістіруін тоқтатыңыз. Бұл сақтық шарасы пневматикалық құралдың кездейсоқ істеп кетуінің алдын алады. Пайдаланылмайтын пневматика құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл пневматикалық құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында пневматикалық құралдар қауіпті болады. Пневматикалық құралдарды ұқыпты күтіңіз. Құралдың қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, пневматикалық құралдың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар пневматикалық құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Пневматикалық құралдардың дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Пневматикалық құралды, жабдықтарды, алмалы- салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Осылай шаң пайда болуы, тербелулер және шуыл пайда болуы төмендетіледі. Пневматикалық құралды тек қана маман және жатыққан пайдаланушылар орнатуы, реттеуі немесе пайдалануы қажет. Пневматикалық құралды өзгерту мүмкін емес. Өзгертулер сақтық шараларының әсерін төмендетіп пайдаланушы қауіптерін көтеруі мүмкін.
Пневматикалық құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы пневматикалық құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. Пневматикалық қағатын бұрауыш қауіпсіздік нұсқаулықтары Зауыттық тақтайшадағы жазуларды оқу мүмкіндігіне көз жектізіңіз. Керек болса өндірушіден басқасын алыңыз. Дайындама немесе жабдық немесе пневматикалық құрал бұзылса бөлшіктер жоғары жылдамдықпен ұшіп кетуі мүмкін. Пайдалануда, жөндеуде немесе қызмет көрсетуде және пневматикалық құрал жабдықтарын алмастыруда соқыға қарсы көз қорғанысын кию қажет. Қажетті қорғаныс деңгейін әрбір пайдаланудан алдын бағалау керек. Пневматикалық құралды алып жүргенде ешқашан қоспаңыз. Айналып тұрған аспаптар патроны киім немесе шашты орап жарақатануға алып келуі мүмкін. Тар қолғапты киіңіз. Пневматикалық құралдың тұтқалары сығылған газ арқылы мұздай болуы мүмкін. Жылы қолдар дірілдеуге әсерленгіш болмайды. Кең қолғапты айналып тұрған бөліктер орап кетуі мүмкін. Қолыңызды торцтық кілт патронынан және айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптардан қашық ұстаңыз. Айналып тұрған алмалы-салмалы аспапты немесе берілісті ешқашан ұстамаңыз. Өзіңізді жарақаттануыңыз мүмкін. OBJ_BUCH-281-006.book Page 160 Monday, September 5, 2016 12:15 PMҚaзақша | 161 Bosch Power Tools 1 609 92A 39P | (5.9.16) Тар жұмыс істеу жағдайында абай болыңыз. Қолыңызды кері тіректен қашық ұстаңыз. Реакциялық айналымдар саны себебінен қысылу және жаншулар арқылы жарақаттануыңыз мүмкін. Пайдаланушылар мен қызмет көрсету мамандары пневматикалық құралдың көдемін, ауырлығын және қуатына шама келуге денелік күші жетерлік болуы қажет. Реакциялық күштер немесе алмалы-салмалы аспаптың бұзылуы себебінен пайда болатын пневматикалық құралдың күтілмеген әрекеттерінен абай болыңыз. Пневматикалық құралды бекем ұстап денеңіз бен қолдарыңызды әрекеттерді ұстайтын қалыпқа келтіріңіз. Осы сақтық шаралары арқылы жарақаттанулардың алдын алу мүмкін. Реакция сәтін ұстау үшін тірегіш сияқты қосымша механизмды пайдаланыңыз. Егер мүмкін болмаса қосымша тұтқаны пайдаланыңыз. Ауа келуі тоқтаса немесе жұмысқа керекті қысымы төменделсе пневматикалық құрал өшеді. Жұмысқа керекті қысымды тексеріп оптималды қысым жағдайында қайта жұмыс істеуды бастаңыз. Пневматикалық автоматты пайдалануда жұмыс әрекеттерін орындау кезінде пайдаланушы алақан, қол, иық, мойын немесе босқа дене бөліктерінде жақымсыз түйсіктерді сезуі мүмкін. Бұл пневматикалық құралмен жұмыс істеу үшін жайлы күйде тұрып бекем тұрыңыз, ал тепе- теңдікті ұстап тұру қиын болатын дене күйлерінде тұрмаңыз. Пайдаланушы ұзақ уақытты жұмыстарда дене күйін ауыстырып жақымсыздық және шаршаудың алдын алуы керек. Егер пайдаланушы ұзақ уақытты жақымсыздық, ауру, ұру, қақсау, қышу, ұйып қалу, дене күйгені немесе сіресіп қалуы сияқты симптомдарды сезсе бұл белгілерді ықылазсыз қою мүмкін емес. Пайдаланушы жұмыс берушіне хабар беріп маман дәрігерге хабарласуы қажет. Қағу барысында патрон немесе жабдықтарға тимеңіз, кесу, күю немесе тербелу арқылы жарақаттану қаупі артады. Тек дұрыс жұмыс күйіндегі қағу патрондарын пайдаланыңыз. Қол патрондары мен жабдықтар күйінің дұрыс болмауы, қағатын бұрауышты пайдалануда бұзылуы және лақтырылуы мүмкін. Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. Тоқ өтетін сымды тимеңіз. Пневматикалық аспап оқшауландырылмаған болып оның тоқ сымына тиюі тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Үшкірлеу, аралау, тегістеу, бұрғылау және ұқсас әрекеттерді орындау кезінде пайда болатын шаң концерогенді, тератогенді немесе мутагенді әсер етуі мүмкін. Осы шағдар төмендегі заттектерді қамтиды: – Лак немесе бояулардағы қорғасын; – кірпіш, цемент және басқа тас заттектеріндегі кристаллды кремнезем; – химиялық өңделген ағашта күшән мен хромат. Ауырып қалу қаупі осы заттектерге душар болуға байланысты. Қауіпті төмендету үшін дұрыс желдетілетін бөлмелерде тиісті сақтық жабдықтарын киіп жұмыс істеңіз (мысалы арнайы құрастырылған ең кіші шаң бөлшектерін сүзгілейтін шаңтұтқыштар). Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін. Дайындамада істеу кезінде қосымша шуыл пайда болуы мүмкін, оны тиісті шаралар арқылы алдын алу мүмкін, мысалы дайындамада сыңғырланған дыбыс шыққанда оқшаулантыратын материалдарды пайдалану. Егер пневматикалық құралда бәсеңдеткіш бар болса ол пневматикалық құралды пайдалану кезінде бар болып дұрыс жұмыс істеу күйінде болуын қамтамасыз етіңіз. Дірілдеу әсері алақан мен қолдардың нерв және қан айналысы зақымдалуына себеп болуы мүмкін. Егер бармақтардағы тері ұйып қалса, қышыса, қақсаса немесе оқ реңді болып қалса пневматикалық құралды жұмыс істеуді тоқтатып жұмыс берушіге хабар беріп дәрігерге хабарласыңыз. Тозған немесе жарамсыз патрон және ұзайтқышты пайдаланбаңыз. Бұл тербелу күшейіп кетуіне алып келуі мүмкін. Пневматикалық құралдың ауырлығын көтеру үшін, мүмкін болса, тіреу, серіппе немесе өтемдік құрылғыны пайдаланыңыз. Пневматикалық құралды өте қатты емес, бірақ берік ұстап талап етілген алақандық реакция күштерін сақтаңыз. Егер қаттырақ ұстасаңыз тербелулер күшеюі мүмкін. Егер универсалды айналмалы тіркесімді (жұдырықшаты тіркесім) пайдалану керек болса, бекіткіштерді пайдалану керек. Шланг менен пневматикалық автомат немесе шлангтар қосылған жері ажыралуы жағдайында қорғаныс болуы үшін Whipcheck қорғаныс құралын пайдаланыңыз. Пневматикалық құралды ешқашан шлангынан ұстап көтермеңіз. Жоғары бұрау моментімен істесеңіз бұрауышты мысалы кері тірекпен тіреп алыңыз. Жоғары бұрау моменттерінде істеуде зиянды реакциялық бұрау моменттері әсер етуі мүмкін, ал оларды тірекпен төмендетуге болады. Егер пневматикалық құралды ілгіш немесе қысқыш аспапта пайдалану керек болса, ауа жетістіруді қосудан алдын аспапты бекітіңіз. Осымен кездейсоқ пайдаланудың алдын аласыз.
Төмендегі белгілер пневматикалық құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге пневматикалық құралды дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі. Өнім және қызмет сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пневматикалық құралдың суреті бар бетті ашып пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз. Тағайындалу бойынша қолдану Пневматикалық құрал берілген өлшем және қуат аймағында бұрандаларды бұрап кіргізу немесе шығаруға және сомындарды бұрап бекіту немесе босатуға арналған. Бейнеленген құрамды бөлшектер Суреттегі компоненттердің нөмірлері графикалық беттегі суреттерге негізделген. Суреттер жартылай схемалық болып сізідің пневматикалық құралыңызда басқаша болуы мүмкін. 1 Жұмыс құралы (мысалы алты қырлы бұрандалар үшін торцтық кілт DIN 3129 бойынша) 2 Аспап патронындағы тоқтатқыш шеңбер 3 Аспап пантроны 4 Құлақша 5 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы 6 Қосымша тұтқа 7 Ауа кірісіндегі біріктіру бұрандасы 8 Қосқыш/өшіргіш 9 Тиекті бұранда 10 Жабатын қақпақ 11 Бәсеңдеткіштегі ауа шығысы 12 Бұранданы бұрау 13 Астына қоятын тығырықтар 14 Ілгіш 15 Шланг келте құбыры 16 Шланг қамыты 17 Ауа құйылуы 18 Шлангты келте құбырлар 19 Тіркесу 20 Май камерасы Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Белгі Мағына Жабдықтарды орнату, пайдалану, жөндеу және алмастырудан алдын және пневматикалық құрал жақынында жұмыс істеуден алдын барлық нұсқаулықтарды оқып орындаңыз. Қаупсіздік нұсқаулықтарын немесе ескертпелерді орындамау қатты жарақаттануға алып келуі мүмкін. Құлақ сақтағышын киіңіз. Қорғаныш көзілдірікті киіңіз Вт Ватт Қуат Нм Ньютон-метр Энергия бірлігі (айналымдар саны)
Масса, ауырлығы мм Миллиметр Ұзындық
бір минуттегі айналымдар немесе әрекеттер Бос айналу сәті
салыстырмалы дауыс күші үшін SWF Жылдам алмастырылатын
Аспап пантроны Ішкі алты қырлы үшін
Сыртқы төрт қырлы үшін
NPT Whitworth-ойығы National pipe thread Біріктіру ойығы
Оңға айналу Айналу бағыты
Солға айналу Белгі Мағына
OBJ_BUCH-281-006.book Page 162 Monday, September 5, 2016 12:15 PMҚaзақша | 163 Bosch Power Tools 1 609 92A 39P | (5.9.16) Техникалық мәліметтер Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат Осы ескертпелерде берілген дірілдеу пәрмені EN ISO 11148 ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша есептелген электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де жарамды. Берілген діріл көлемі пневматикалық құралдың негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер пневматикалық құрал басқа жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл қуатын арттырады. Діріл қуатын нақты есептеу үшін пневматикалық құралды өшірілген және қосылған күйде пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы діріл қуатын төмендетеді. Пайдаланушы дірілдеу әсерінен сақтану үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдануы қажет, мысалы: пневматикалық құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру. Пневматикалық қағатын бұрауыш Өнім нөмірі 0 607 450 ....... 593 ... 622 ... 626 ... 627 ... 628 Бос істеу айналымдар саны n
макс. айналымдар саны ISO 5393
оңға айналуда Нм 1300 900 120 120 310 шуруптардың ең үлкен диаметрі мм 33 27 14 14 18 Аспап пантроны 1" 3/4" 3/8" 1/2" 1/2" Мотор майы SAE 40 мл 25 40 15 15 25 дайындамаға макс. жұмыс қысымы
Шланг қосылуын қосылу ойығы
G1/2" 3/8" NPT 1/4" NPT 1/4" NPT 1/4"NPT
Шлангтын жарықтағы ені мм 13 13 10 10 10 Бос істеудегі ауа шығымы
9,6 21,2 5,6 12,3 1,5 3,3 1,5 3,3 2,3 5,1 Өнім нөмірі 0 607 450 ....... 593 ... 622 ... 626 ... 627 ... 628 Шу эмиссиясының мәндері EN ISO 15744 бойынша есептелген. A-мен белгіленген пневматикалық құралдың дыбыс күші әдетте төмендегіге тең болады Дыбыс күші L
Өлшеу дәлсіздігі K Құлақты қорғау құралдарын киіңіз! дБ(A) дБ(A)
Жиынтық діріл мәні a
(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі EN 28927 стандартына сай анықталған: Тартылатын бұрандалар мен сомындардың максималды өлшемі:
6,2 1,1 3,7 0,9 < 2,5 1,5 < 2,5 1,5 3,5 0,8 OBJ_BUCH-281-006.book Page 163 Monday, September 5, 2016 12:15 PM164 | Қaзақша 1 609 92A 39P | (5.9.16) Bosch Power Tools Сәйкестік мәлімдемесі Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер“ де сипатталған өнімнің 2006/42/EG ережелеріндегі барлық тиісті анықтамаларына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз: EN ISO 11148-6. Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi: Robert Bosch Power Tools GmbH, PT/ECS, 70538 Stuttgart, GERMANY Robert Bosch Power Tools GmbH 70538 Stuttgart, GERMANY Stuttgart, 01.01.2017
Сенімді пайдалану аспаптары Егер пневматикалық құралды ілгіш немесе қысқыш аспапта пайдалану керек болса, ауа жетістіруді қосудан алдын аспапты бекітіңіз. Осымен кездейсоқ пайдаланудың алдын аласыз. Ілгіш аспап Бекіту тесіктерінің 4 (0 607 450 593) немесе аспалы қапсырмалар 14 (0 607 450 622) көмегімен оларды пневмоқұрал көмегімен аспаға бекітуге болады. Жүйелі түрде бекіту тесіктерінің немесе аспалы қапсырмалардың және аспадағы ілгектердің күйін тексеріңіз. Аспалы қапсырмаларды бекіту (0 607 450 622) (А суретін қараңыз) – Жоғарғы, алдыңғы бұрандаларды 12 алты қырлы кілтпен (6 мм) пневмоқұралдың корпусынан сағат тіліне кері бұрап бекітіңіз. – Астына қоятын тығырықтарды 13 алып, бұрандаларға 12 салыңыз. – Ілгіштерді 14 бұрандалар және астына қоятын тығырықтармен сағат тілімен пневматикалық құрал корпусына бұрап бекітіңіз. Ауа жетістіруге қосылу Ауа қысымы 6,3 бардан (91 пси) төмен болмауына көз жеткізіңіз, өйткені пневматикалық құрал осы жұмыс қысымына арналған. Максималды қуатқа жету үшін шлангтың жарықтағы ені мен қосылу ойығы көлемі „Техникалық мәліметтер“ кестесінде көрсетілгенлей болуы қажет. Толық қуатты сақтау үшін шлангтардың максималды ұзындығы 4 м болуы қажет. Жеткізілген сығылған ауа бөгде дене мен ылғалдықтан бос болуы қажет, өйткені пневматикалық құралды зақымданудан, ластанудан немесе зеңден қорғау қажет. Ескертпе: Сығылған ауа қызмет көрсету құрылғысын пайдалану керек. Бұл құрылғы арқылы пневматикалық құралдың мінсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мүмкін. Қызмет көрсету құрылғысының пайдалану нұсқаулықтарын орындаңыз. Барлық арматура, біріктіру құбырлары мен шлангтар қысым және талап етілген ауа көлеміне сай ретте орындалуы қажет. Жеткізу шлангтарының жаншылмауына, иілмеуіне немесе жартылмауына көз жеткізіңіз! Қажет болса ауа кіруінде манометрмен пнематикалық құралды қосып қысымды өлшеңіз. Ауа жетістіруінің пневматикалық құралға қосылуы Ескертпе: Ауа құйылу шлангын алдымен пневматикалық құралға сосын қызмет көрсету құрылғысына қосыңыз. 0 607 450 593 (В суретін қараңыз) – Тығынды 10 ауа қабылдағыштағы қосу ирек оймасынан 7 алыңыз. – Шлангтың қосу келте құбырын 15 ауа қабылдағыштың қосу ирек оймасына 7 бұрап бекітіңіз. Пневмоқұрал клапанының ішкі бөлшектері 15 зақымдалмауы үшін ауа қабылдағыштағы ирек оймадан 7 жоғары сомын кілтімен (сомын кілтінің ені 26 мм) ұстап тұру керек. –Шланг қамыттарын 16 ауа құйылу шлангында 17 босатып ауа құйылу шлангын келте құбыр 15 үстінен шланг қамытын тартып бекітіңіз . 0 607 450 622/... 626/... 627/... 628 (C суретін қараңыз) – Тығынды 10 ауа қабылдағыштағы қосу ирек оймасынан 7 алыңыз. – Шлангты келте құбырды 18 ауа кірісінің 7 біріктіретін бұрандаcына бұрап кіргізіңіз. Пневматикалық құралдың ішкі клапандық бөлектерінің зақымдануын алдын алу үшін, шлангты келте құбырды 18 ауа кірісінің 7 алдында тұрған біріктіру бұрандасында бұрап кіргізу және ашуда айыр тәрізді кілтпен (Кілт ені 22 мм) тіреу керек. –Ауа құйылу шлангын 17 сәйкес тіркесіммен 19 шлангты келте құбырға 18 салыңыз. Жұмыс құралын ауыстыру Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе пневматикалық құралды ажыратудан алдын ауа жеткізуден шығарыңыз. Бұл сақтық шарасы пневматикалық құралдың кездейсоқ істеп кетуінің алдын алады. Алмалы-салмалы аспаптарды орнатуда олардың аспап патронында сенімді тұруына көз жеткізіңіз. Егер алмалы-салмалы аспаптар аспап патронымен қатты біріктірілмесе, босап кетіп, басқару мүмкін
Henk Becker Executive Vice President Engineering Helmut Heinzelmann Head of Product Certification PT/ECS OBJ_BUCH-281-006.book Page 164 Monday, September 5, 2016 12:15 PMҚaзақша | 165 Bosch Power Tools 1 609 92A 39P | (5.9.16) Алмалы-салмалы аспапты орнату – Алмалы-салмалы аспапты 1 аспап патронының 3 квадратынан өткізіңіз. Тоқтатқыш шеңбер 2 алмалы- салмалы аспап ойығына бұғатталуына көз жеткізіңіз. Тек сәйкес салынатын жағы бар алмалы-салмалы аспаптарды пайдаланыңыз („Техникалық мәліметтер“ тарауын қараңыз). Адаптерді пайдаланбаңыз. Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз – Алмалы-салмалы аспапты 1 аспап патронынан 3 төменге шығарыңыз. Бекем орнатылған алмалы- салмалы аспапты резеңке балғамен жай қағулар арқылы аздап босатуға болады.
Пайдалануға ендіру Пневматикалық құрылғы қосылған жағдайда ауа кірісінде өлшенген 6,3 бар (91 пси) жұмыс қысымында істейді. Пневматикалық құралды қосар алдында орнатылған бұрау бағытына назар аударыңыз. Егер мысалы, бұранданы шығармақшы болғаныңызда бұрау бағыты бұранданы бұрап кіргізуге реттелген болса, бұл пневматикалық құралдың басқарылмауына алып келуі
Айналу бағыты мен бұрау моментін орнату Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы 5 айналу бағытын және бұрау моментін реттеуге арналған. Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын тек құрылғы тоқтағаннан соң пайдаланыңыз.
– Сағат тілімен айналдыру: бұрандаларды және сомындарды бұрап бекіту үшін реверсивті ауыстырып- қосқышты 5 сағат тілімен 1 (ең төмен айналдыру моменті), 2, 3 немесе „R“ (ең жоғары айналдыру моменті) дейін айналдырыңыз. – Сағат тіліне кері айналдыру: бұрандаларды және сомындарды босату және бұрап алу үшін реверсивті ауыстырып-қосқыштың 5 айналу бағытын „L“ деп
– Сағат тілімен айналдыру:бұрандларды және сомындарды бұрап бекіту үшін реверстивтік ауыстырып-қосқышты 5 сағат тілімен 1 (ең төмен айналдыру моменті), 2 немесе 3 (ең жоғары айналдыру моменті) дейін айналдырыңыз. – Солға айналу: Бұрандалар мен сомындарды босату үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 5 сағат тіліне қарсы бұраңыз. 0 607 450 626/... 627/... 628 – Оңға айналу: Бұрандалар мен сомындарды бұрап кіргізу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 5 сағат тілімен 1 (ең төмен бұрау моменті), 2 немесе тірелгенше (ең жоғары бұрау моменті) бұраңыз. – Солға айналу: Бұрандалар мен сомындарды босату үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 5 сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Ескертпе: Егер пневматикалық құрал ұзақ уақыт пайдаланбағаннан соң қосылмаса ауа жетестіруді тоқтатып аспап патронында 3 қозғалтқышты бірнеше рет бұраңыз. Осымен тұтасу күштері жойылады. – Пневматикалық құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті 8
– Пневматикалық құралдың өшіру үшін қосқыш/өшіргішті жіберіңіз 8. Ескертпе: Қажетті бұрау моменті параметрі мен бұрау әдісінің ұзақтығы бұрандалы біріктіру түріне, тәжірібеге байланысты. Сынақты біріктірмені электроникалық бұрау моментін өлшеу аспабымен немесе динамометрлік кілтпен тексеріңіз. Оптималды бұрау моменті мен бұрау әдісінің ұзақтығы есептелгеннен соң, бір қалыпты бұрау әдістерінде қосқыш/өшіргішті 8 әрдайым бір ұзақтықта басып тұру керек. Пайдалану нұсқаулары Алмалы-салмалы аспапты сомын/бұрандаға тек бұрауыш өшірілген күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар сомын/бұрандадан сырғануы мүмкін. Ауа келуі тоқтаса немесе жұмысқа керекті қысымы төменделсе пневматикалық құрал өшеді. Жұмысқа керекті қысымды тексеріп оптималды қысым жағдайында қайта жұмыс істеуды бастаңыз. Тосыннан пайда болатын жүктеулер қатты айналымдар санының төменделуіне немесе тоқтауына әсер етеді бірақ қозғалтқышқа зиян жеткізбейді. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек маман оқыған қызметкерлер орындасын. Сол арқылы пневматикалық құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. Әрбір қызмет көрсетуден соң айналымдар санын айналымдар санын өлшейтін аспаппен тексеріп пневматикалық құралды қатырақ дірілдеуін тексеріңіз. Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды жылдам және сенімді ретте орындайды. Тек Bosch түпнұсқалық қосалқы бөлшектерін пайдаланыңыз. „Forward“ оңға айналу үшін. „Reverse“ солға айналу үшін.
„Reverse“ солға айналу үшін. „Forward“ оңға айналу үшін.
OBJ_BUCH-281-006.book Page 165 Monday, September 5, 2016 12:15 PM166 | Қaзақша 1 609 92A 39P | (5.9.16) Bosch Power Tools Жүйелік түрдегі тазалау (C суретін қараңыз) – Пневматикалық құралдың ауа кірісіндегі торын жүйелік түрде тазалаңыз. Жалғау келте құбырын 15 немесе шланг штуцерін 18 бұрап алыңыз, сөйтіп тордан шаң мен кірді кетіріңіз. Сосын шлангты келте құбырды қайта
Сығылған ауа ішіндегі су мен лас бөлшектері зеңдеу себебі болып қатпар, клапан т.б. тозуына алып келуі мүмкін. Алдын алу үшін ауа кірісіне 7 бірнеше тамшы мотор майын тамызу керек. Пневматикалық құралды қайта ауа жетістіруіне қосып ( „Ауа жетістіруге қосылу“, 164 бетін қараңыз) оны 5 –10 с істетіп, шығатып майын шүберекпен сүртіңіз. Егер пневматикалық құрал ұзақ уақыт пайдаланылмаса бқл әдісті әрдайым орындау
Мерзімді қызмет көрсету Қозғалтқыш қатпарларын мерзімді ретте маман қызметкерлер тексеріп керек болса алмастыруы қажет. Пневматикалық құралды майлау Пневматикалық құралды тікелей малай үшін немесе қызмет көрсету құрылғысында қосу үшін SAE10 немесе SAE 20 мотор майларын пайдалану керек. Ескертпе: Тым көп май соғатын сомын бұрауыштың өнімділігіне әсер етеді, өйткені соғу механизмі жабысып
0 607 450 593 (D суретін қараңыз) Пневмомоторды майлау үшін май камерасы 20 кірістірілген. Май бүріккіші пайдаланылмаса, оны кемінде күніне бір рет май шприцімен толтыру
– Бұл пневмоқұралды тұтқасы жоғары қарап тұратындай
–Бекіту бұрандасын 9 сәйкес алты қырлы кілтпен бұрап
–Май камерасын 20 мотор майымен толтырыңыз. – Бекіту винтін 9 қайта бекемдеңіз. 0 607 450 62. (E суретін қараңыз) 60 сағаттық жұмыстан кешіктірмей соғатын сомын бұрауыштың соғу механизмін аздап майлау керек. – Бұл пневмоқұралды тұтқасы жоғары қарап тұратындай
–Бекіту бұрандасын 9 сәйкес алты қырлы кілтпен бұрап
– Мотор майын тиекті бұранда тесігінен қағу механизміне толтырыңыз. – Бекіту винтін 9 қайта бекемдеңіз. Шам. 100000 бұраулардан соң қағу механизмін қайта майлау керек. – Бұл пневмоқұралды тұтқасы жоғары қарап тұратындай
–Бекіту бұрандасын 9 сәйкес алты қырлы кілтпен бұрап
– Ескі майды қоршаған ортаны сақтайтын әдісте
– Мотор майын тиекті бұранда тесігінен қағу механизміне толтырыңыз. Толтыру керек мотор майының мөлшерін кестедегі мотор майы туралы жолды қараңыз („Техникалық деректер“ бөлімін қараңыз). – Аққан майды жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз. – Бекіту винтін 9 қайта бекемдеңіз. CLEAN-нұсқаларына тиісті болмаған пневматикалық құралдарды майлау CLEAN-қатарына тиісті болмаған барлық Bosch пневматикалық құралдарында (майсыз сығылған ауамен жұмыс істейтін пневматикалық қозғалтқыштың арнайы түрі), ағып тұрған сығылған ауаға әрдайым майлы тұманды қосу керек болады. Талап етілетін сығылған ауа майлары сығылған ауа пневматикалық құралға қосылған қызмет көрсету құрылғысында бар (қосымша мәліметтер компрессор өндірушісінен алу мүмкін). Керек-жарақтар Сапалы қосалқы құралдардың толық ауқымы туралы интернетте www.bosch-pt.com мекенжайында немесе сатушыдан білуге болады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде пневматикалық құрал зауыттық тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз: www.bosch-pt.com Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош“ фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
ЖШС „Роберт Бош“ Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы Алматы қаласы
Райымбек данғылы Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1 Тел.: +7 (727) 232 37 07 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz OBJ_BUCH-281-006.book Page 166 Monday, September 5, 2016 12:15 PMҚaзақша | 167 Bosch Power Tools 1 609 92A 39P | (5.9.16) Кәдеге жарату Пневматикалық құралды, оның жабдықтары мен қаптамасын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру қажет. Майлау және тазалау құралдарын қоршаған ортаны қорғайтын ретте кәдеге жарату қажет. Заңдық нұсқаулықтарды орындаңыз. Қозғалтқыш катпарларын тиісту ретте кәдеге жаратыңыз! Қозғалтқыш катпарларының құрамында тефлон бар. 400 °C-тан артық қызытпаңыз, әйтпесе денсаулыққа зиян келтіретін булар пайда болуы
Notice-Facile