AdvanceDrill 18 - бұрау BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз AdvanceDrill 18 BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз бұрғы-бұрағыш |
| Марка | Bosch |
| Үлгі | AdvanceDrill 18 |
| Атаулы кернеу | 18 В |
| Қуат көзінің түрі | Литий-ионды аккумулятор |
| Бос жүріс жылдамдығы (бұрау) | 0-430 айн/мин |
| Бос жүріс жылдамдығы (бұрғылау) | 0-1350 айн/мин |
| Ең жоғары айналу моменті | 42 Н·м |
| Ең үлкен бұрғылау диаметрі (ағаш) | 35 мм |
| Ең үлкен бұрғылау диаметрі (болат) | 13 мм |
| Құрал ұстағыш | Өздігінен қысатын патрон 1,5-13 мм |
| Салмағы (EPTA бойынша) | 1,3 - 1,6 кг аккумуляторға байланысты |
| Жұмыс температурасы | -20 +50 °C дейін |
| Негізгі функциялары | Бұрау, бұрғылау, оңға/солға айналу, 20 айналу моменті позициясы, шпиндельді бұғаттау |
| Қауіпсіздік | Артық жүктемеден қорғау, аккумуляторды қорғау тоқтату, автоматты шпиндель бұғаттау |
| Жарықтандыру | Кіріктірілген жарықдиодты шам |
| Күту және тазалау | Желдету саңылауларын үнемі тазалау, құралды таза және құрғақ ұстау |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Bosch арқылы қолжетімді қосалқы бөлшектер, сатудан кейінгі қызмет, 5 күн ішінде жөндеу |
| Жалпы ақпарат | Анықтама: 3 603 JB5 0..; Ұсынылатын аккумуляторлар: PBA 18V...W-.; Зарядтағыштар: AL 18... (AL 1814 CV, AL 1820 CV, AL 1860 CV қоспағанда) |
Жиі қойылатын сұрақтар - AdvanceDrill 18 BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы AdvanceDrill 18 BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бұрау PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз AdvanceDrill 18 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. AdvanceDrill 18 брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ AdvanceDrill 18 BOSCH
Пайдалану нұсқаулығы
ТҮПНҰСҚАСЫ
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында
қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.
Істен шығу себептерінің тізімі
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
– ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
- өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
Пайдаланушының мүмкін қателіктері
– тұтқасы мен корпусы бүлінген болса, өнімді пайдаланбаңыз; – жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз; – корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қоспаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
- Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек; – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек; – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес
- сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (шарт 1) құжатын қараңыз
- +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.
Тасымалдау
- тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық әсер етуге қатаң тыйым салынады; – босату/жүктеу кезінде пакетті түсіруге арналған машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді
- Тасымалдау шарттарының талаптарын MEMCT 15150 (5 шарт) құжатынан оқыңыз.
- Қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдауға рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды
оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған «Электр құралы» атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін.
Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындар жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылықтар бақылауды жоғалтуға алып келуі мүмкін. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарда жұмыс істеу үшін арналған.
Электр қауіпсіздігі
Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай түрде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса, жоғары ток соғу қауіпі пайда болады. Электр құралдарын жаңбырда немесе ылғалды ортада пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қауіпін жоғарылатады. Кабельді тиісті емес мақсатта пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе токтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасып кеткен кабель ток соғу қауіпін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жағдайларға сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды
144 | Қазақ
тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды кемейтеді.
▶ Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік қүйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. ▶ Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. ▶ Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Батарея құралын пайдалану және күту
▶ Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышпен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне алып келуі мүмкін. Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. ▶ Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші металл заттардан ұстаңыз, олар бір
терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін.
Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе, дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық көздің зақымдануына немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. ▶ Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130 °C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. Барлық зарядтау нұсқауларын орындап, батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап, өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін.
Қызмет көрсету
Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз етеді. Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін.
Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары
Барлық операциялар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Перфораторлық бұрғылауда құлақ қорғағыштарын киіңіз. Шуылда тұру есту қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Кескіш керек-жарақ немесе бекіткіштер жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді орындаған кезде электр құралын оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Егер кескіш керек-жарақ немесе бекіткіштер жұмыс істеп тұрған сымға тисе, электр құралының ашық металл бөлшектерін белсендіріп, пайдаланушыға ток соғуы мүмкін.
Ұзын бұрғы қондырмаларын пайдалану үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Бұрғы қондырмасының максимальдық жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс істемеңіз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса, бүгіліп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Әрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде бастаңыз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма
дайындамаға тимей бос айналса, бүгіліп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Қондырмаға сай сызықта басыңыз, тым қатты баспаңыз. Қондырмалар бүгіліп сынуға немесе бақылау жоғалтуға және жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп, электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралы артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада қысылса, ол сыналады.
▶ Кажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.

Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
▶ Пайдалану немесе тасымалдау кезінде электр құрылғыны құлыптан босату сақинасына қарсы ұстамаңыз. Құлыптан босату түймесін абайсызда тартып қалсаңыз, бекітпесі босап, электр құрылғы зақымдалуы немесе жарақат алуыңыз мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Бұл электр құралы бұрандаларды бұрап бекітуге және бұрап босатуға, сондай-ақ ағаш, металл, керамика мен пластик бойынша бұрғылауға арналған.
AdvancedImpact 18 аккумуляторлық бұрғы-шуруп бұрауышы, сонымен қатар кірпіш, кірпіш қалау мен тас бойынша соққымен бұрғылау үшін қолданылады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Құлыптан босату сақинасы (2) Құрал бекіткіші (3) Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақина
(4) Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш (5) Оңға айналу бағытының индикаторы (6) Солға айналу бағытының индикаторы (7) Электрондық айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (8) Аккумуляторды босату түймесі A) (9) Аккумулятор 4 (10) Тұтқа (беті оқшауланған) (11) Магниттік бит ұстағышы (12) Шам (13) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (14) Ажыратқыш (15) Магнит қалпағы (16) Бұранда ұстағыш (17) Бұрыштық саптама A) (18) Бұрғылау патронының саптамасы A) (19) Эксцентриктік саптама 4 (20) Бұрауыш бит 4 (21) Эмбебап бит ұстағышы A)
A) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
| Аккумуляторлықдрель-шуруп бурауыш AdvancedDrill 18 AdvancedImpact 18 | |||
| Өнім нөмірі | 3 603 JB5 0.. 3 603 JB5 1.. | ||
| Номиналды кернеу В = 18 18 | |||
| Бос жүріс күйіндегі айналу жилігі A) | |||
| – Бұрандалар (1-бурау деңгейі) мин | -1 | 0-430 0-450 | |
| – Бұргғылау/сокқымен бұргғылау (2-бурау деңгейі) | мин -1 | 0-1350 0-1500 | |
| Соққы саны A) | мин -1 | – 0-22500 | |
| ISO 5393 стандарты бойынша қатты/ жұмсақ материалдарды бұрал бекіту кезіндегі макс. айналу моменті A) | Нм 36/24 36/22 | ||
| Макс. айналу моменті A) | Нм 42 39 | ||
| Макс. бұргғы диаметрі | |||
| – Кірпіш қалау мм – 11 | |||
| – Болат мм 13 13 | |||
| – Ағаш мм 35 35 | |||
| Құрал бекіткіші 1,5-13 | 1,5-13 | ||
| Бұрандалардың макс. диаметрі | мм 10 10 | ||
| Салмағы ЕРТА-Procedure 01:2014 құжатына сай B) | кг | 1,3 (1.5 A-caf)-1,6 (6.0 A-caf) | 1,4 (1.5 A-caf)-1,7 (6.0 A-caf) |
| Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы | °C | 0 ... +35 | 0 ... +35 |
Аккумуляторлық бұрағыш-бұрауыш AdvancedDrill 18 AdvancedImpact 18
| Жумыс кезіндегі 1 және сақтау кезіндегіруқсат етілген қоршаған ортатемпературасы | °C -20 ... +50 -20 ... +50 |
Ұсынылатын аккумуляторлар PBA 18V...W-.
| ¥сынылатын зарядтағыш құрылғылар D) | AL 18... AL 18... |
A) 20–25°C температурасында PBA 18V 2.5Ah W-B аккумуляторымен өлшенеді. B) пайдаланылған аккумуляторға байланысты C) <0 °C температураларында қуаты шектелген D) Мына зарядтағыш құрылғылар PBA аккумуляторымен үйлесімді емес: AL 1814 CV, AL 1820 CV, AL 1860 CV
EN 62841-2-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 70 дБ(А) шамасынан кем болады. Шуыл деңгейі жұмыс барысында белгіленген шамалардан артық болуы мүмкін. Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі EN 62841-2-1, EN 62841-2-2 бойынша анықталған:
Металды бұрғылау: ah < 2,5 м/с², K = 1,5 м/с²; Бұрап бекіту: ah < 2,5 м/с², K = 1,5 м/с².
AdvancedImpact 18
Шуыл эмиссиясының көрсеткіштері сәйкесінше анықталады EN 62841-2-1.
А мәні бойынша есептелген электр құралының шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 85 дБ(А); Дыбыстық қуат деңгейі 96 дБ(А). K дәлсіздігі = 5 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі EN 62841-2-1,
EN 62841-2-2 бойынша анықталған:
Металды бұрғылау: ah<2,5\ м/с², K=1,5\ м/с²;
Буран бекиту: ah<2,5\ м/с2, K=1,5\ м/с2 ;
Бетонды урып бүрғылау: ah=19 , K=1,5 м/с².
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса, дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Жинау
▶ Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек қана мұндай зарядтағыш құрылғылар электр құралыңызда пайдаланылатын литий-иондық аккумулятормен үйлесімді.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса, электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды шешу
Аккумуляторды алу үшін аккумуляторды босату түймесін басып, электр құралынан тартып шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз.
148 | Казак
Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторы (13) бірнеше секунд жартылай немесе толық басылған қосқыш/өшіргіш (14) күйінде аккумулятордың зарядталғанын көрсетеді және 3 жасыл жарық диодын қамтиды.
Жарықдиоды Қуаты
| Уздіксіз жарык 3 х жасыл ≥ 66 % |
| Уздіксіз жарык 2 х жасыл 33 – 66 % |
| Уздіксіз жарык 1 х жасыл 11 – 33 % |
| ақырын жыпылықтау 1 х жасыл ≤ 10 % |
Аккумулятор температурасы -30 және +65 °С аралығындағы жұмыс температурасынан тыс болса және/немесе артық жүктеу қорғанысы іске қосылса, аккумулятор зарядының деңгейі индикаторының 3 жарық диоды жылдам жыпылықтайды.
Жұмыс құралын ауыстыру
Енгізу құралын енгізу (А суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты тірелгенше патронға (2) салыңыз. Алмалы-салмалы аспап ондағы магнит ұстағышта тұрады.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
Алмалы-салмалы аспапты ұстағыштан (2) шығарыңыз.
Тіркемені бекіту (В суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Қондырманы құрал ұстағышқа (2) салыңыз. Қондырма естіліп салынады.
Қондырманы тартып, беріктігін тексеріңіз.
Алмалы-салмалы аспапты қондырмаға салыңыз (С суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты соңына дейін салыңыз.
Алмалы-салмалы аспап қондырмадағы магнит арқылы ұсталады.
Бұранда ұстағыш (D суретін қараңыз)
Бұранда ұстағыш (16) арқылы бұрандалар тұрақты күйге орнатылады, осылайша олар қондырмаға берік бекітіледі.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Бұранданы бұранда ұстағышқа (2) сырт етіп бекітілгенше итеріңіз. Магнит қақпақты (15) электр құрылғы бағытына қарай толықтай басыңыз.
Содан кейін бұрауышты (20) бұранда ұстағышқа (16)
орнатып, магнит қақпақты алға қарай бұрау биттерінен тартыңыз.
Бұранданы бұрау битіне салыңыз.
Бұрғылау патронының қондырмасы (Е суретін қараңыз)
Бұрғы патронының қондырмасын (18) айналдыру бағыты бойынша ① алмалы-салмалы аспап салынғанша ашыңыз. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
Бұрғылау патронының қондырмасын (18) айналдыру бағыты бойынша ② қолмен бұраңыз. Бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі.
Қондырманы бұрау (F суретін қараңыз)
Электр құрылғыдан босату сақинасын (1) тартып шығарып, қондырманы құрал ұстағыштан (2) алыңыз.
Қондырманы керекті күйге бұрап, сосын қайта салып қойыңыз.
Кондырманы тартып, беріктігін тексеріңіз.
Кондырманы шешу (G суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Электр құрылғыдан босату сақинасын (1) тартып шығарып, кондырманы құрал ұстағыштан (2) алыңыз.
Кондырмаларды комбинациялау (Н суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Аспирациялық келте құбырды (17) тию қорғанысына (2) қойыңыз.
Беріктігін бұрыш қондырмасын (17) тартып тексеріңіз.
Бүрғылау патронының кондырмасын (18) бұрыш кондырмасына (17) салыңыз.
Бүрғылау патроны қондырмасының (18) беріктігін бекітпесін тартып тексеріңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өнделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Зарядталған аккумуляторды (9) электр құрылғының ұшына артына, аккумулятор берік құлыпталғанша салыңыз.
Айналу бағытын орнату
Электрондық бұрмалы ауыстырып-қосқыш (7) арқылы электр құрылғының айналу бағытын өзгерте аласыз.
Дегенмен қосу/өшіру ауыстырып-қосқышы (14) қосылып тұрса, бұл мүмкін емес.
Сағат тілі бағыты бойынша айналуды реттеу (І суретін қараңыз)
Бұрандаларды бұрғылау және бұрап бекіту үшін электрондық бұрмалы ауыстырып-қосқышты (7) төмен басыңыз.

Сағат тілі бағытымен айналдыру индикаторы (5) қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын қосқан кезде (14), бағытты кері бұру қосқышын (7) қосқанда және қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жанады.
Сағат тіліне қарсы бағытта айналуды орнату (J суретін қараңыз)
Бұрандалар мен сомындарды бұрап босату үшін электрондық бұрмалы ауыстырып-қосқышты (7) басыңыз.

Сағат тіліне қарсы бағытта бұрау индикаторы (6) қосу/өшіру ауыстырып-қосқышы (14) іске қосылғанда, кері бұру қосқышы (7) қосулы болып, қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жанады.
Айналдыру моментін алдын ала реттеу сақинасының (3) қажет айналдыру моментін 20 қадаммен таңдауға болады. Дұрыс орнатқанда жұмыс құралы бұранда материалымен біртегіс бұрап бекітіле сала немесе орнатылған айналдыру моментіне жете сала тоқтайды. күйінде бекіту тіркесуі, мысалы, бұрғылау үшін өшіріледі. Шуруптарды бұрап алу кезінде жоғарырақ параметрді таңдаңыз немесе қажет болса, белгіні орнатыңыз
Пайдалану түрін орнату (К суретін қараңыз)
▶ Айналдыру бағытының ауыстырып-қосқышын (4) тек электр құралы тоқтаған соң іске қосыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (4) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
Жұмыс режиміндегі бұрандалар (1-бекіту кезеңі):
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен бұрау немесе жұмыс істеу үшін.
Бұрғылау/соққылы бұрғылау (2-бекіту кезеңі):
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен жұмыс істеу үшін.

Бұранданы бұрау
Бұрау моментін алдын ала таңдау бұрама реттегішін (3) керекті бұрау моментіне реттеңіз.
Жұмыс түрлері ауыстырып-қосқышын (4) "Бұрау" белгісіне реттеңіз.

Бұрғылау
Бұрау моментін алдын ала реттеу бұрама реттегішін (3) "МАКС" белгісіне орнатыңыз.
Жұмыс түрлерін ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау" белгісіне реттеңіз.

Бұрғылау әсері (AdvancedImpact 18)
Бұрау моментін алдын ала реттеу бұрама реттегішін (3) "МАКС" белгісіне орнатыңыз.
Жұмыс түрлерін ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау" белгісіне реттеңіз.
Ауыстырып-қосқыш
Шам (12) қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын (14) сәл немесе толық басқанда жанып, жарықтығы төмен жұмыс аймағын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (14) жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (14) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті (14) жай басқанда, электр құрал төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші күшейгенде айналу саны артады.
Ажыратқыш (14) басылмаған кезде, бұрғылау шпинделі мен құрал бекіткіші (2) бұғатталады.
Бұл аккумулятор (9) заряды таусылғанда да бұрандаларды бұрап кіргізуге немесе электр құралын бұрауыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе аккумулятор температурасы үйғарынды мөлшерден асып кетсе, электроника электр құралын тиісті температура аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.
Аккумулятор зарядының 3 жарықдиодты индикаторы (13) мен шам (12) мына жағдайларда жылдам жыпылықтайды: аккумулятор температурасы –20 және +50°C аралығынан асса немесе артық жүктемеден қорғау жүйесі іске қосылса.
Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.
Егер электр құралы электростатикалық ретте зарядталса, орнатылған электроника электр құралын өшіреді. Электр құралын қайта іске қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын (14) қайта басыңыз.
Белгілі шарттарда қатты электромагнитті өрістер электр құралына әсер етіп токтатуы мүмкін. Өшірген соң электр құралды қайта іске қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын (14) басып, электр құралын қайта іске қосыңыз.
Нұсқаулар
Қатты материалдарға үлкен шуруптарды бұрап бекіту алдында, шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі бөлігін бұрап кіргізу керек.
Ескертпе: электр құралына кішкентай металл бөлшектердің кіріп кетуіне жол бермеңіз.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін, салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу керек.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды суықтан және ылғалдан қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20°C - 50°C температура аралығында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралымен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралын тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.
Өнімдерді сату процесінің барысында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
- Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы 050012
Мұратбаев к-сі, 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:
- механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
- форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар;
- барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
- табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар окшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

Электр құралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша жарамсыз электр құралдары және Еуропа 2006/66/EC ережесі бойынша
зақымдалған немесе ескі аккумулятор/батареялар бөлек жиналып кәдеге жаратылуы қажет.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 151).