IDS 18V-200 T Professional - бұрау BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз IDS 18V-200 T Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз бұрағыш |
| Бренд | Bosch |
| Модель | IDS 18V-200 T Professional |
| Батарея кернеуі | 18 В |
| Батарея түрі | Литий-ионды |
| Батарея сыйымдылығы | 4,0 Ah (типтік) |
| Жылдамдықтар саны | 2 |
| Бос жүріс жылдамдығы (1-ші жылдамдық) | 0 – 500 айн/мин |
| Бос жүріс жылдамдығы (2-ші жылдамдық) | 0 – 1 900 айн/мин |
| Максималды айналу моменті (қатты бұрау) | 200 Нм |
| Максималды айналу моменті (жұмсақ бұрау) | 45 Нм |
| Патрон | Кілтсіз патрон 13 мм |
| Максималды бұрау диаметрі | 10 мм |
| Салмағы (батареямен) | 1,8 кг |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 204 x 78 x 260 мм |
| Акустикалық қысым деңгейі | 86 дБ(А) |
| Акустикалық қуат деңгейі | 97 дБ(А) |
| Діріл (металды бұрғылау) | < 2,5 м/с² |
| Қуат көзі | 18 В батарея (Bosch Professional жүйесі) |
| Негізгі функциялар | Бұрау және бұрғылау, алға/артқа жүру, жылдамдық реттегіш, шпиндельді бекіту |
| Күтім және тазалау | Құрғақ шүберекпен тазалау, еріткіштерден аулақ болу |
| Қауіпсіздік | Қозғалтқыш тежегіші, шамадан тыс жүктемеден қорғау |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Bosch сатудан кейінгі қызметі арқылы қолжетімді |
| Жалпы ақпарат | Кәсіби пайдалану, Bosch 18V жүйесімен үйлесімді |
Жиі қойылатын сұрақтар - IDS 18V-200 T Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы IDS 18V-200 T Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бұрау PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз IDS 18V-200 T Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. IDS 18V-200 T Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ IDS 18V-200 T Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.
Істен шығу себептерінің тізімі
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
– ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
Пайдаланушының мүмкін қателіктері
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қоспаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
196|Қазақ
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
- сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес
- сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз
- +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын MEMCT 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз – қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелімен) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. ▶ Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін.
Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін арналған.
Электр қауіпсіздігі
Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. ▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары ток соғу қауіпі пайда болады. Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қауіпін жоғарылатады. Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қауіпін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемейтеді. Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын токқа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін.
Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. ▶ Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. ▶ Тұтқалар мен ұстау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ тұтқалар мен ұстау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Батарея құралын пайдалану және күту
▶ Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышпен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне алып келуі мүмкін. Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. ▶ Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші металл заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық көзді немесе күйіктерге алып келуі мүмкін.
Закымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Закымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақатқа алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. ▶ Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130 °C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. Барлық зарядтау нұсқауларын орындап, батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап, өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін.
Қызмет көрсету
Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз етеді. Закымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін.
Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары
▶ Бекіткіш жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылғыны оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер бекіткіш істеп тұрған сымға тисе, электр құралының метал бөлшектерін істетіп, пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін. ▶ Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. ▶ Алмалы-салмалы аспап ретінде соққыға төзімді биттер мен қапталдау бастиектерін ғана пайдаланыңыз. Тек осы алмалы-салмалы аспаптар соқпа бұрауыш үшін жарамды. Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап бекіту және бұрап босату кезінде қысқа мерзімде жоғары мезеттер пайда болуы мүмкін. ▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп, электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. ▶ Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.

Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
▶ Алмалы-салмалы аспаптар жұмыс істегенде қызып кетуі мүмкін! Алмалы-салмалы аспапты алмастан кезде, күю қаупі туындайды. Алмалы-салмалы аспапты шығарып алу үшін қорғаныш қолғапты пайдаланыңыз.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралын пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілерді және олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер және олардың мағынасы

Деректерді хаттамалау мүмкіндігі бұл электр құралында іске қосылған.

Кіріктірілген NFC технологиясы бар желіге қосылған электр құралы

N белгісі - NFC Forum, Inc. компаниясының АҚШ пен басқа елдердегі сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі.
Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалуы бойынша қолдану
Электр құралы берілген өлшем аймағында бұрандаларды бұрап кіргізу немесе шығаруға және сомындарды бұрап бекіту немесе босатуға арналған.
Көрсетілген құрамдас бөлшектер
Көрсетілген құрамдас бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді.
(1) Құрал бекіткіші (2) Резеңке тығыздағыш сақина (Құрал бекіткіші) (3) Тежеуіш құрылғыға арналған бекіткіш (4) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (5) Белдікті ұстайтын қысқышқа арналған бұранда (6) Аккумулятор a) (7) Аккумуляторды босату түймесі a) (8) Пайдаланушы интерфейсі (9) Кіріктірілген NFC антеннасының позициясы (10) Ажыратқыш (11) Жұмыс шамы (12) Тұтқа (беті оқшауланған) (13) Алмалы-салмалы аспап (мысалы, бүйірлі кілт) a) (14) Бұрап бекіту процесінің күй индикаторы (15) Тежеуіш құрылғы a) a) Бейнеленген құрамдас бөлшектер стандарттық жеткізу көлеміне кірмейді.
Пайдаланушы интерфейсі
(16) Температура дабылының индикаторы (17) Аккумулятордың күй индикаторы (18) Техникалық қызмет көрсету индикаторы (19) "Пайдаланушы интерфейсі бұғатталған" индикаторы (20) "Жұмсақ материалдарды бұрап бекіту" режиміне арналған индикатор (21) 2-айналу моментін алдын ала таңдауға арналған түйме (22) Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған дисплей (23) 1-айналу моментін алдын ала таңдауға арналған түйме
Техникалық деректер
| Аккумуляторлық қағатын бурауыш | IDS 18V-200 T |
| Өнім нөмірі | 3 601 JN0 0.. |
| Номиналды кернеу V= 18 |
| Аккумуляторлық қағатын бұрауыш | IDS 18V-200 T | |
| Бос жүріс күйіндегі айналу жиліг A)B) | мин -1 | 0–2500 |
| Сокқы саны A)B) | мин -1 | 0–3500 |
| Макс. тарту момент B)C) | Нм 300 | |
| Макс. босату момент B)C) | Нм 450 | |
| "Автоматты өшіру" режиміндегі параметрлердің саны (пайдаланушы интерфейсі) | 9 (1–9 аралығындағы параметрлер) | |
| "Автоматты өшіру" режимі жок параметрлердің саны (пайдаланушы интерфейсі) | 1 ("Н" параметрі) | |
| "Автоматты өшіру" режиміндегі машина бұрандаларының диаметрі | мм M8–M14 | |
| "Автоматты өшіру" режимінсіз бұрандалардың максималды диаметрі | мм M18 | |
| Құрал бекіткіші 1/2" | ||
| Салмағы B) | кг 1,6–2,7 | |
| Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы | °C 0 ... +35 | |
| Жұмыс кезіндегі және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы | °C –20 ... +50 | |
| ұсынылатын аккумуляторлар | GBA 18V... ProCORE18V... | |
| ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар | GAL 18... GAX 18... GAL 36... | |
A) 20-25 °C температурасында ProCORE18V 4.0Ah аккумуляторымен өлшенеді. B) пайдаланылған аккумуляторға байланысты C) 3 с өлшенеді, бұранда өлшемі M20. Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN 62841-2-2 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 101 дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 109 дБ(А). К дәлсіздігі = 3 дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі, EN 62841-2-2 бойынша есептелген:
200|Қазақ
Максималды рұқсат етілген өлшемдегі бұрандалар мен гайкаларды қатайту: ah < 11,6 м/с², K = 1,5 м/с²
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса, дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Аккумулятор
Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады.
▶ Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішіндегі литий-иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық куатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймесін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен қорғайтын 2 құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына орнатулы болса, оның өз орнында серіппе ұстап тұрады.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің индикаторы болмайды.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған өлшеуіш немесе түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.
| Уздіксіз жарык 3× жасыл 60-100% |
| Уздіксіз жарык 2× жасыл 30-60% |
| Уздіксіз жарык 1× жасыл 5-30% |
| Жыпылыктайтын жарык 1× жасыл 0-5% |
| Уздіксіз жарык 5× жасыл 80-100% |
| Уздіксіз жарык 4× жасыл 60-80% |
| Уздіксіз жарык 3× жасыл 40-60% |
| Уздіксіз жарык 2× жасыл 20-40% |
| Уздіксіз жарык 1× жасыл 5-20% |
| Жыпылыктайтын жарык 1× жасыл 0-5% |
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.
Аккумуляторды тек – 20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Жинау
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
Аспапты алмастыру (А суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды. Алмалы-салмалы аспапты (13) құрал бекіткішінің (1) квадратына резенке тығыздағыш сақинаға (құрал бекіткіші) (2) тірелгенше жылжытыңыз.
Нұсқау: резенке тығыздағыш сақина (құрал бекіткіші) (2) электр құралы жұмыс істеп тұрған кезде құрал бекіткішімен (1) бірге айналады. Сондықтан резенке тығыздағыш сақина (құрал бекіткіші) (2) мен электр құралының берілістер қорабы корпусының арасындағы аз қашықтықты сақтаңыз.
Қайыс ұстағышы
Белдікті ұстайтын қысқыш стандартты жеткізу көлеміне кірмейді. Толық керек-жарақтарды Bosch керек-жарақтар бағдарламасынан табуға болады.
Белдікті ұстайтын қысқыштың көмегімен электр құралын, мысалы, белдікке ілуге болады. Нәтижесінде екі қолыңыз бос болып, электр құралы кез келген уақытта пайдалануға қолжетімді болады.
Тежеуіш құрылғы (Е суретін қараңыз)
Тежеуіш құрылғыны (15) электр құралына орнату үшін, тежеуіш құрылғының екі ұшын тиісті бекіткішке (3) бекітіңіз.
Пайдалану
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны (1) алмалы-салмалы аспаппен электр қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмі арқылы жүргізіледі.
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше орындалады.
Бұрау бағытын реттеу (С суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (4) көмегімен айналу бағытын өзгертуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (10) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу және сомындарды тарту үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (4) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (4) оңға тірелгенше басыңыз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Ажыратқышты (10) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп реттеуге болады.
Ажыратқышты (10) жай басу төмен айналымдар/қағулар санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны көбейеді.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (10) басып тұрыңыз.
Жұмыс шамы (11) ажыратқыш (10) кішкене немесе толық басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (10) жіберіңіз.
Жарықдиодты жұмыс шамы (11) құрылғы қорғанысы үшін күй индикаторы ретінде де пайдаланылады:
| Козгалыссыз | Курылғы қорғанысы белсенді. |
| түрганнан кейін | Аккумуляторды жоғары ток |
| 3 рет | шығынынан және құрылғыны |
| жыпылықтайты | закымдалудан қорғау үшін құрылғы |
| н шам | қорғанысы іске қосылды. |
Пайдаланушы интерфейсі (В суретін қараңыз)
Пайдаланушы интерфейсі айналу моментін алдын ала таңдау және жұмыс режимін таңдау, сондай-ақ электр құралының күйін көрсету үшін пайдаланылады.
| Индикатор (Пайдаланушы интерфейсі) | Сипаттама Мағынасы | |
![]() | Пайдаланушы интерфейсінде (8)ешқандай индикатор жанып түрған жоқ. | Электр құралы мен пайдаланушы интерфейсі (8) ешірілген. |
![]() | Айналу моментін алдын ала тандаудисплейінде (22) айналу моментіналдын ала тандаудың орнатылған деңгейі көрсетіледі. | Пайдаланнушы интерфейсі (8) қосулы."Автоматты өшіру" режимі қосулы(қараңыз „Жұмыс режимін тандау“,Бет 204). |
![]() | "Жұмсақ материалдарды бұрап бекіту"режиміне арналған индикатор (20) ақтүспен жанады.Айналу моментін алдын ала тандаудисплейінде (22) айналу моментіналдын ала тандаудың орнатылған деңгейі көрсетіледі. | "Жұмсақ материалдарды бұрап бекіту"режимі (20) қосулы (қараңыз „Жұмысрежимін тандау“, Бет 204). |
![]() | айналу моментін алдын ала тандаудисплейінде (22) "Н" әрпі көрсетіледі. | "Автоматты өшіру" режимі өшірулі.(қараңыз „Жұмыс режимін тандау“,Бет 204) |
![]() | "Пайдаланушы интерфейсі құлыпталған" индикаторы (19) ақтүспен жанады. | Пайдаланушы интерфейсі (8) құлыпталған. Айналу моментін алдынала тандауға арналған 1 және 2түймелері ((23)/(21)) құлыпталған.Айналу моментін өзгертуге болмайды.Пайдаланушы интерфейсін құлыптанбосату үшін сізде 2 мүмкіндік бар:- BeConnected App/PRO360 арқылы- смартфон немесе қолданба қазіргіуакытта қолжетімді болмағанжағдайда пайдаланушыинтерфейсін (8) зауыттықпараметрге қайтару арқылы.Ол үшін айналу моментін алдын алатандауға арналған 1-түймені ((23))немесе айналу моменті алдын алатандауға арналған 2-түймені ((21))6 секунд басып тұрыңыз.Содан кейін пайдаланушы интерфейсі арқылы (8) параметрлерді орындауғаболады. |
![]() | Бүл техникалық қызмет көрсету индикаторы (18) қызғылт сары түспенжанады. | Жоспарлы техникалық қызмет көрсету қажет.Электр құралын техникалық қызмет көрсету үшін (қараңыз „Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану |
| Индикатор (Пайдаланушы интерфейсі) | Сипаттама Магынасы | |
| кеңестері“, Бет 206) клиенттерге қызмет көрсету орталығына жіберіңіз. | ||
| Аккумулятордың қүй индикаторы (17) қызғылт сары түспен жанады. | Электр құралының аккумуляторы жақын арада таусылады және оны жақын арада ауыстыруға немесе қайта зарядтауға тура келеді.Пайдаланушы интерфейсіндегі (8) индикаторға қоса бұрап бекіту процесінің қүй индикаторы (14) қызыл түспен жанып, дыбыстық сигнал беріледі.Толық зарядталмаған аккумулятор электр құралының айналу моментіне әсер етеді.Аккумуляторды зарядтаңыз немесе оны зарядталған аккумулятормен ауыстырыңыз. | |
![]() | Аккумулятордың қүй индикаторы (17) қызыл түспен жанады. | Электр құралынң аккумулятор заряды таусылған және оны ауыстыру немесе зарядтау қажет. |
![]() | Температура дабылының индикаторы (16) қызыл түспен жанады. | - Электр құралы қызып кетті. Жұмысты жалғастырудан алдын электр құралын суытыңыз.- Электр құралы немесе аккумулятор сымсыз зарядталады. Жұмысты жалғастырмас бұрын электр құралының немесе аккумулятордың толық зарядталуын күтіңіз. |
Айналу моментін алдын ала таңдау
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған 1 және 2 түймелері ((23) / (21)) арқылы қажетті айналу моментін 9 қадам бойынша таңдауға болады. Электр
құралы орнатылған айналу моментіне жеткенде автоматты түрде тоқтайды.
Бұрап бекіту процесінің күй сигналы (14) мен акустикалық ескерту сигналы бұрап бекіту процесінің күйін көрсетеді (келесі кесте мен D суретін қараңыз).
| Бурап бекіту процесінің күй индикаторы | Акустикалық ескерту сигналы Мағынасы |
| Жасыл – Бурап бекіту процесі еш кедерісіз | орындалады.Айналу моменті айналу моментін алдын ала таңдаудың таңдалған деңгейіне сәйкес келеді. |
| Қызыл Дыбыстық сигнал (1 с) Бурап бекіту процесі кезінде ақау орын | алды.Ықтимал себептер:– Ажыратқыш өрте босатылды– Электр құралының аккумуляторы дерлік бос (қараңыз „Пайдаланушы интерфейсі (В суретін қараңыз)“, Бет 202) |
| Бурап бекіту процесінің күй индикаторы | Акустикалық ескерту сигналы Мағынасы | |
| – Электр құралы жүктеменің кенеттен езгеруін анықтайды– Электр құралын шамадан тыс жүктемеден қорғау мүмкіндігі белсенді | ||
| Қызғылт сары Дыбыстық сигнал (1 с) | Бурап бекіту процесі кезінде ақау орын | алды.ықтимал себептер:– Электр құралы бос жүрісте істеп түр– Электр құралы сокқыны анықтамайды |
Айналу моментін 9 қадамда алдын ала таңдау
Суреттелген диаграмма сәйкес айналу моментімен және сәйкес машина бұрандасымен жеке деңгейлерді сипаттайды (F суретін қараңыз).
Диаграммадағы айналу моментінің мәндері стандартталған өлшеу шарттарында өлшенген және тек анықтама ретінде берілген. Нақты айналу моментіне әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін.
Айналу моментін арттыру үшін, 1-айналу моментін алдын ала таңдауға арналған түймені (+) (23) басыңыз. Айналу моментін азайту үшін 2-айналу моментін алдын ала таңдауға арналған түймені (-) (21) басыңыз. Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған тиісті деңгей айналу моментін алдын ала таңдауға арналған дисплейде (22) сандармен көрсетіледі.
Электр құралының 2 жұмыс режимі бар.
"Автоматты өшіру" режимін қосу (1–9 аралығындағы параметрлер)
"Автоматты өшіру" режимі бұрандалардың шамадан тыс немесе әлсіз бұралуын болдырмау мақсатында бұрандаларды алдын ала қатайту немесе мықтап қатайту үшін қолданылады.
"Автоматты өшіру" режимінде белгілі бір айналу моментін алдын ала таңдауға болады (F суретін қараңыз).
"Автоматты түрде өшіру" режимін келесідей қосуға болады:
- Электр құралында "Автоматты түрде өшіру" режимі алдын ала орнатылған.
– Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған дисплей (22) "Н" әрпін көрсетсе, 1-айналу моментін алдын ала таңдауға арналған түймені (+) (23) басыңыз.
"Автоматты түрде өшіру" режимінің 1-деңгейі айналу моментін алдын ала таңдауға арналған дисплейде (22) көрсетіледі.
"Автоматты түрде өшіру" режимін өшіру (Н параметрі)
"Автоматты түрде өшіру" режимі өшірілген жағдайда, айналу моментін алдын ала таңдау мүмкін болмайды.
Электр құралы айналу моментінің максималды 300 Нм мәніне жетеді.
"Автоматты түрде өшіру" режимін келесідей өшіруге болады:
- 1-деңгейде болған жағдайда, 2-айналу моментін алдын ала таңдауға арналған түймені (-) (21) басыңыз.
– 9-деңгейде болған жағдайда, 1-айналу моментін алдын ала таңдауға арналған түймені (+) (23) басыңыз.
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған дисплейде (22) "Н" әрпі көрсетіледі.
"Жұмсақ материалдарды бұрап бекіту" режимін қосу/өшіру
"Жұмсақ материалдарды бұрап бекіту" режимін (20) қосу үшін, 1 және 2 айналу моментін алдын ала таңдауға арналған түймелерді ((23)/(21)) бір уақытта басыңыз.
"Жұмсақ материалдарды бұрап бекіту" режимін (20) өшіру үшін, 1 және 2 айналу моментін алдын ала таңдауға арналған түймелерді ((23)/(21)) бір уақытта қайта басыңыз.
Айналу моментінің деңгейлерін таңдау
Айналу моментінің деңгейлерін келесідей таңдаңыз:
– Диаграммадағы анықтамалық мәндерді пайдаланып, сәйкес айналу моментін таңдаңыз (F суретін қараңыз).
– Дұрыс айналу моментінің деңгейін орнатыңыз (1–9). Электр құралында серіппелі шайбалар болса, "Жұмсақ материалдарды бұрап бекіту" режимін белсендіріңіз. Электр құралында серіппелі шайбалар болмаса, "Жұмсақ материалдарды бұрап бекіту" режимін өшіріңіз.
– Ажыратқышты (10) басу арқылы бұрап бекіту процесін бастаңыз. Мәндерді сандық көрсетілген динамометрлік сомын кілтімен өлшеу ұсынылады.
– Қалаған айналу моментінен 15 % шамасынан асатын айналу моментінің мәндері жағдайында, 2-айналу моментін алдын ала таңдауға арналған түйме (21) арқылы электр құралында төменірек айналу моменті мәнін таңдау ұсынылады.
- Қалаған айналу моментінен 15 % шамасынан төмен айналу моментінің мәндері жағдайында, 1-айналу моментін алдын ала таңдауға арналған түйме (23) арқылы электр құралында жоғарырақ айналу моменті мәнін таңдау ұсынылады. – 15 % шамасында болатын айналу моменті мәндері жағдайында таңдалған айналу моментінің деңгейі сақталуы мүмкін.
Нұсқау: дәйекті нәтижелерге қол жеткізу және осы нәтижелерді параметрлерде сақтай алу үшін, сипатталған өлшемдерді кемінде 3 рет орындау ұсынылады.
Айналу моменті қағу ұзақтығына байланысты болады. Максималды мақсатты айналу моменті барлық соққылар арқылы жеткен айналу моменттерінің қосындысынан шығады. Максималды айналу моментіне 6–10 секундтық қағу ұзақтығынан кейін қол жеткізіледі. Осы уақыттан кейін тарту моменті минималды шамаға ғана көтеріледі. Қағу ұзақтығын әрбір талап етілген тарту моменті үшін есептеу керек. Дәл жеткен тарту моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Қатты, иілгіш немесе жұмсақ тіректі біріктірулер
Сынауда бір қағу әдісінде жетілген бұрау моменттері өлшеніп диаграммаға еткізілсе бұрау моменті әдісінің қисық сызығы пайда болады. Қисық сызық биіктігі
Максималды жетілетін бұрау моментіне сай, құламалығы жетілетін уақытты көрсетеді.
Бұрау моментінің әдісі төмендегі факторларға байланысты:
- Бұранда/сомындардың қаттылығы
- Тіректің түрі (шеңбер, дискілік серіппе, тығыздауыш)
- Бұралатын материал қаттылығы
- Бұрандалы қоспаның майланғаны
Сай ретте төмендегі пайдалану жағдайлары пайда болады:
– Қатты тірек металдан металға біріктіруде тесемдік шеңберлерді пайдаланғанда пайда болады. Қысқа қағу уақытынан соң максимальды бұрау моментіне жетіледі (құламалы сипаттамалы сызық). Керек болмаған ұзақ қағу уақыты машинаға зиян тигізеді. – Иілгіш тірек металдан металға біріктіруде, бірақ серіппелі шеңбер, дискілік серіппе, тіректі болт немесе конустық тіректік бұрандаларды / сомындарды және ұзартқыштарды пайдалануда пайда болады. – Жұмсақ тірек металды ағашқа біріктіруде немесе тірек ретінде қорғасынды немесе талшықты шеңберлерді пайдалануда пайда болады.
Иілгіш немесе жұмсақ тіректе максималды тарту бұрау моменті қатты тіректен төмен болады. және ұзақ қағу уақыты талап етіледі.
Бұрандалардың максимальды тарту моменттері үшін мақсатты мәндер
Деректер Нм бойынша берілген, керілген көлденең қимадан есептелген; аққыштық шегінің қолданылуы 90% (үйкелу коэффициенті µжал = 0,12 ). Бақылау үшін тарту моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеру қажет.
| DIN 267 бойынша | Стандартты бурандалар Берік бурандалар |
| каттылық | 3.6 4.6 5.6 4.8 6.6 5.8 6.8 6.9 8.8 10.9 12.9 |
| кластары |
| M8 6.57 8.7 11 11.6 13.1 14.6 17.5 19.7 23 33 39 |
| M10 13 17.5 22 23 26 29 35 39 47 65 78 |
| M12 22.6 30 37.6 40 45 50 60 67 80 113 135 |
| M14 36 48 60 65 72 79 95 107 130 180 215 |
| M16 55 73 92 98 110 122 147 165 196 275 330 |
| M18 75 101 126 135 151 168 202 227 270 380 45 |
Кеңестер
Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту алдында шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті алдын ала бұрғылау керек.
Ескертпе: электр құралына кішкентай металл бөлшектердің кіріп кетуіне жол бермеңіз.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу керек.
Байланыс функциялары
Қолданбаны пайдалануға арналған жүйелік алғышарттар
Жүйелік алғышарттар
| Ақырғы мәбільді құрылғы (планшет, смартфон) | Android 6.0 (және кейінгілері)iOS 11 (және кейінгілері) |
Қолданбаны орнату және орналастыру
Өзара байланыс функцияларын пайдалану үшін алдымен ақырғы құрылғыға тән қолданбаны орнату қажет.
– Қолданбаны қолданбалар дүкенінен (Apple App Store, Google Play Store) жүктеп алыңыз.
Нұсқау: пайдаланушы тіркелгісі тиісті қолданба дүкенінде қажет болады.
Қолданба атауы iOS/Android
BeConnected
PRO360

– Ақырғы мобильді құрылғыңыздың дисплейінде электр құралыңызды ақырғы құрылғымен байланыстыру үшін барлық қалған қадамдар көрсетіледі.
Электр құралына қатысты функциялар
NFC модулімен бірге электр құралы үшін келесі Connectivity функциялары қолжетімді:
- Тіркеу және дербестендіру – Күйді тексеру, қате туралы ескерту мен хабарларды шығару – Жалпы ақпарат және параметрлер
- Баскару
- Пайдаланушы интерфейсін құлыптау
- Жұмыс режимдерін реттеу
Қосымша ақпаратты қолданбаның анықтама мәзірінен қараңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Электр құралыңыздың желдеткіш саңылауын жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш түрбинасы құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр қаупін тудыруы мүмкін. Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды. ▶ Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін, электр құралды және желдету саңылауларын таза қалыпта ұстаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және күтім, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы бөлшектер бойынша деректерді келесі сайтта таба аласыз: www.bosch-pt.com
Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.
Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім нөмірін атаңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Ci3: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Сервистік орталықтардың мекенжайларын мына жерден таба аласыз:
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:
- механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
- біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
- форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар; – барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Тасымалдау
Ұсынылатын литий-иондық аккумуляторлар қауіпті өнімдерге қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тараптар арқылы жіберілгенде (мысалы, әуе көлігімен немесе көлік-экспедициялық қызметтер арқылы) қаптамаға және таңбалауға қойылатын арнайы талаптарды ұстану керек. Мұндай жағдайларда, жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша арнайы маманымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

Электр құралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Эрі қарай пайдалануға жарамайтын электр құралдарын және ақаулы немесе тозып біткен аккумуляторларды/батареяларды бөлек кәдеге жарату керек. Арнайы қоқыс жинау жүйелерін пайдаланыңыз.
Лайықсыз түрде кәдеге жаратылған жағдайда, ескі электр және электрондық құралдар, оларда қауіпті заттардың бар болуы ықтималдығы себебінен, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына қауіпті түрде әсер етуі мүмкін.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 207).







