BOSCH Universal Humid - өлшеу құралдары

Universal Humid - өлшеу құралдары BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Universal Humid BOSCH PDF форматында.

📄 380 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice BOSCH Universal Humid - page 225
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : Universal Humid

Санат : өлшеу құралдары

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз өлшеу құралдары PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Universal Humid - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Universal Humid брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Universal Humid BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің

– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз Bosch Power Tools 1 609 92A 5EY | (29.04.2020)226 | Қазақ

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Барлық құсқаулықтарды оқып, орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ ТОЛЫҚ

u Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. u Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. Магнитті имплантаттардың немесе кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Магнит имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс

u Өлшеу құралын магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Магниттердің әсері қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін. u Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген батареяларды пайдаланыңыз. Басқа түймешікті ұяларды немесе басқа энергия қорегін пайдаланбаңыз. u Қорғаныш қаптама алынған жағдайда, өлшеу құралымен абайлап жұмыс істеңіз. Қорғаныш қаптамасы жоқ өлшеу құралымен мұқиятсыз жұмыс істеу жарақат алуға әкелуі мүмкін. u Өлшенген мәндер шынайы мәндерден өзгешеленуі мүмкін. Қоршаған орта әсерлері (мысалы, өлшеу аймағындағы шаң немесе бу), температураның шұғыл өзгерістері (мысалы, жылу желдеткіш арқылы) және өлшеу беттерінің сипаты мен күйі (мысалы, ылғалдың үлестірілуі) өлшеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. 1 609 92A 5EY | (29.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 227 Өнім және қуат сипаттамасы Мақсаты бойынша қолдану Өлшеу құралы сүрек ылғалдылығын шамамен анықтау үшін қолданылады. Қарсылықты өлшеу функциясының көмегімен өлшенетін нысанның өткізгіштігі арқылы оның құрамындағы ылғал анықталады. Көрсетілген өлшеу мәні сүрек ылғалдылығын пайыз бойынша көрсетеді. Ол сүректің құрғақ массасына қатысты болып келеді. Өлшеу құралы 5 мм шамасынан жіңішке өлшенетін нысандардың сүрек ылғалдылығын анықтау үшін жарамайды. Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған. Өлшеу құралы шашыранды судан қорғалмаған және шаңнан қорғалмаған. Есептеу мысалдары Сүрек ылғалдылығы: Сүрек ылғалдылығы төмендегі формула бойынша есептеледі және оны бар өлшеу құралының көмегімен қолайлы түрде анықтауға болады: Сүрек ылғалдылығы, %=(сүректегі су массасы ∕ сүректің құрғақ массасы)x100 Сүректің су құрамы: Сүректің су құрамы төмендегі формула бойынша есептеледі: Су құрамы, %=(сүрек ылғалдылығы ∕ (100+сүрек ылғалдылығы))x100 1-мысал: 100% сүрек ылғалдылығы Су құрамы, %=(100 ∕ (100+100))x100=50% 2-мысал: 1кг ылғалды сүректегі 50% сүрек ылғалдылығы: Су құрамы, %=(50 ∕ (100+50))x100=33,3%, шамамен 333,3г суға сәйкес

Сүректің құрғақ массасы шамамен 666,6г құрайды. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі өлшеу құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1) Қосу/өшіру/Hold түймесі (2) Сүрек топтарын таңдау түймесі (3)

(4) Жарық диодты индикатор Bosch Power Tools 1 609 92A 5EY | (29.04.2020)228 | Қазақ (5)

(6) Қорғаныш қаптама (7)

(8) Сериялық нөмір (9) Батарея бөлімінің қақпағы (10) Өлшеу құралындағы магнит (11) Қорғаныш қаптамадағы магнит (12) Қорғаныш қаптамадағы металл түйіспелер Индикация элементтері (a) Ағымдағы өлшеу мәні (b) Сақталған өлшеу мәндері (c) Ескерту белгісі (d) Температура индикаторы (e) Заряд деңгейінің индикаторы Техникалық мәліметтер Ылғалдылықты өлшеу құралы UniversalHumid Өнім нөмірі 3 603 F88 0.. Өлшеу әрекеттері Қарсылықты өлшеу Өлшеу диапазоны A сүрек ылғалдылығы 7,1%...74,7% B сүрек ылғалдылығы 6,4%...61,9% Қоршаған орта температурасы –5°C...+50°C Өлшем бірлігі Сүрек ылғалдылығы % Қоршаған орта температурасы °C Өлшеу дәлдігі (әдеттегі) Температура ±2°C Өткізгіштік ±1%

Сүрек тобын таңдау 1 609 92A 5EY | (29.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 229 Ылғалдылықты өлшеу құралы UniversalHumid A сүрек тобы Үйеңкі, қайың, сағызқарағай, дугластық самырсын, шие,

B сүрек тобы Шаған, қарағай, емен, жаңғақ ағашының діңі, шамшат Сүрек ылғалдылығының бақылау мәндері Құрғақ <12% Қауіпті 12%...20% Ылғалды >20%

Жұмыс температурасы –5°C...+50°C Сақтау температурасы –20°C...+70°C Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. 85% Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000м Ластану дәрежесі IEC61010-1 стандарты

Батареялар 3x1,5ВLR03(AAA) Жұмыс ұзақтығы шам. 10сағ Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай 0,16кг Өлшемдері 187x56x44мм A) 25°C жұмыс температурасында B) Тек қана ток өткізбейтін кір пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде ток өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. Өлшеу құралына бейімделуге мүмкіндік беріңіз және өлшеуден бұрын істіктерден конденсацияны кетіріңіз. Өлшеу құралының зауыттық тақтайшасындағы сериялық нөмір (8) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.

Батареяларды енгізу/алмастыру Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын пайдалану ұсынылады. Батарея бөлімін ашу үшін батарея бөлімінің қақпағын (9) тартып алыңыз. Батареяларды енгізіңіз. Bosch Power Tools 1 609 92A 5EY | (29.04.2020)230 | Қазақ Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз. Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз. Кеңес: батареяларды оңай шығару үшін батарея бөліміндегі таспаны тартыңыз. Батарея бөлімінің қақпағын (9) қайтадан орнатып қойыңыз. u Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін. Дисплейдегі батарея индикаторы Төмендегі кестеде батареялардың қуаттылығы/қызмет ету ұзақтығы және дислпейдегі (3) заряд деңгейі индикаторының (e) арасындағы арақатынас көрсетілген. Индикатор Қуаттылығы/қызмет ету ұзақтығы 75%...100% 50%...75% 25%...50% <25% ≤15минуттық қызмет ету ұзақтығы Батарея белгісі жыпылықтаса, ешқандай өлшеу әрекеттерін орындау мүмкін болмайды. Батареяларды алмастырыңыз.

u Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. u Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулары жағдайында алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін. u Өлшеу құралының жеткілікті акклиматизациясын қамтамасыз етіңіз. Температура тербелістері қатты болғанда, акклиматизация уақыты 30минутқа 1 609 92A 5EY | (29.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 231 дейін құрауы мүмкін. Бұл жағдай, мысалы, өлшеуді алдымен суық жерқоймада орындап, сонан соң жылы шатырдың астында орындаған жағдайда орын алуы

u Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан қорғаңыз. Қатты сыртқы әсерлерден кейін және функциялық қабілетінде ақаулар орын алса, өлшеу құралын өкілетті Bosch сервистік қызмет көрсету орталығында тексертіңіз. Кеңес: сүрек топтары және қатысты сүрек сұрыптары қалаулы тілде көрсетілген, берілген жапсырманы батарея бөлімінің қақпағына (9) жапсырыңыз.

Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру/Hold түймесін (1) немесе сүрек топтарын таңдау түймесін (2) басыңыз. Дисплейде (3) 2 секунд ішінде қоршаған орта температурасы көрсетіледі және сүрек тобын таңдауға арналған A және B белгілері (a) жолағында жыпылықтайды. Алғаш рет қолданысқа енгізгеннен кейін, A сүрек тобы алдын ала реттеледі. Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру/Hold түймесін (1) шамамен 1,5 секунд басыңыз. Қайта қосқаннан кейін, соңғы таңдалған сүрек тобы өлшеу құралында алдын ала реттеледі. Соңғы рет өткізілген өлшеуден немесе соңғы рет түйме басылғаннан бері 5 минут жұмыссыз тұрғаннан кейін, өлшеу құралы батареялардың қуатын үнемдеу үшін автоматты түрде өшіп қалады. Өлшеуге дайындық Сүрек тобын реттеу Оңтайлы өлшеу нәтижесіне қол жеткізу үшін әр өлшеуден бұрын сүрек тобын реттеу керек. Түйменің (2) көмегімен тиісті сүрек тобын таңдаңыз. Таңдалған сүрек тобы дисплейде (3) көрсетіледі. Кеңес: егер сіз пайдаланатын сүрек екі топтың ешқайсысына жатпаса немесе пайдаланылатын сүректің сұрпын нақты білмесеңіз, A сүрек тобын пайдаланыңыз. Ол әдетте жоғарырақ мәнді көрсетеді. Осылайша сүректің тым ерте немесе тым ылғалды өңделмейтіндігіне сенімді боласыз. Өлшеу құралын өшірген кезде, реттелген сүрек тобы сақталады. Қайта қосқаннан кейін, соңғы таңдалған сүрек тобы өлшеу құралында алдын ала реттеледі. Өлшеу нысаны Сүректе өлшенетін жер өңделмеген болуы және онда бұталар, кір, шайыр, шіріген жерлер, түйіндер мен басқа да кемшіліктер болмауы тиіс. Сүректің үстіңгі беті химиялық затпен өңделмеген болуы тиіс. Bosch Power Tools 1 609 92A 5EY | (29.04.2020)232 | Қазақ Алдыңғы жақтарда өлшеу әрекеттерін орындамаңыз, әйтпесе сүрек өте жылдам кеуіп қалады. Бұл қате өлшеу нәтижелерін тудыруы мүмкін. Отындағы ылғалдылықты өлшеген кезде, өлшеуден бұрын сүрек сынамасын бөліп алған және үш нүктеде өлшеген жөн. Өлшеу нүктесі: сол мен оң жақ кесік жиегінен 5 см-ге ары және шөрке отын ортасында (B суретін қараңыз). Өлшеу процесі Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастаңыз. Ол үшін қорғаныш қаптаманың (6) екі жағын да азғантай тартыңыз. Қорғаныш қаптаманы өлшеу құралының артқы жағына (магнит арқылы) бекітіңіз, 3-беттегі суретті қараңыз. Өлшеу әрекетінен бұрын қоршаған орта температуасы өлшеу нысанының температурасына сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз. Қажет болса, өлшеу құралы қоршаған орта температурасына бейімделгенше күте тұрыңыз. Ылғалдылықты өлшеу әрекеттерін кесік жиектерінен кемінде 5 см арақашықтықта орындаңыз, себебі жиектегі сүрек ортадан жылдамырақ кебеді (B суретін қараңыз). Сүректің үстіңгі бетінде өлшемеңіз. Жаңбырдан немесе шықтан су жиналуы және өлшеуге әсер етуі мүмкін. Әрдайым талшыққа көлденеңінен өлшеңіз. Талшықпен қатарлас немесе жылдық шеңбер бойымен өлшемеңіз (A суретін қараңыз). Өлшеу әрекеті істіктердің (5) енгізу тереңдігінің аймағында орындалады. Оңтайлы өлшеу нәтижесіне істіктер ағаш кесегіне шамамен 4–5мм-ге кіргізілген кезде қол жеткізуге болады. Бұл ретте бағдарлау 5 мм тереңдікке орнатылатын істіктердегі кертікті қамтамасыз етеді. Өлшеу әрекетін іске қосу үшін істіктерді сүрекке жылжытыңыз. Назар аударыңыз: бұл ретте күш қолданбаңыз және өлшеу құралын сүрекке тигізу үшін басқа заттарды пайдаланудан бас тартыңыз! Істіктерді сүрек ішіне сол мен оң жаққа жылжыту арқылы енгізіңіз. Өлшеу әрекеті істіктер (5) сүрекпен жанасқан мезеттен басталады. Өлшенетен сүрек ылғалдылығы дисплейдегі (3) (a) жолағында көрсетіледі. Оған қоса жарық диоды (4) өлшенетін сүрек ылғалдылығы туралы сигнал береді: – жасыл: критикалық емес сүрек ылғалдылығы (<12%) – сары: қауіпті сүрек ылғалдылығы (12%...20%) – қызыл: критикалық сүрек ылғалдылығы (>20%) Өлшеу мәндеін сақтау Өлшеу мәнін сақтау үшін қосу/өшіру/Hold түймесін (1) қысқаша басыңыз. Сақталған өлшеу мәні дисплейдің (3) астыңғы жолағында (b) көрсетіледі. Жаңа өлшеу мәні дисплейдің (3) (a) жолағында көрсетіледі. Жаңа өлшеу мәні астыңғы жолақта (b) 1 609 92A 5EY | (29.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 233 сақталған соң, алдыңғы өлшеу мәні жоғарғы жолақта (b) көрсетіледі және т.с.с. Екі өлшеу мәні (b) дисплейде (3) көрсетілуі мүмкін. Сақталған өлшеу мәндері (b) таңдалған сүрек тобында және ылғалдылық белгісінде су тамшыларының түрінде көрсетіледі: – 1 су тамшысы (жасыл түсті жарық диодына сәйкес келеді): критикалық емес сүрек ылғалдылығы (<12%) – 2 су тамшысы (сары түсті жарық диодына сәйкес келеді): қауіпті сүрек ылғалдылығы (12%...20%) – 3 су тамшысы (қызыл түсті жарық диодына сәйкес келеді): критикалық сүрек ылғалдылығы (>20%) Кеңес: бұл индикация дисплей (3) белгілі бір бұрыштан көрінбеген жағдайда немесе салыстырмалы өлшеу әрекеттерін орындау қажет болғанда пайдалы

Өлшеу құралын өшірген кезде, сақталған өлшеу мәндері жойылады. Ағаш конструкциядағы қолдау мысалдары және сүрек ылғалдылығының бақылау мәндері Сүрек ылғалдылығын өлшеу: – жандырудан бұрын отында: түтіннің пайда болуына жол бермейді және пайдаланылған газдардың мөлшерін азайтады – орнатудан бұрын паркетте: қондырғаннан кейін саңылаулардың пайда болуына жол бермейді – жиһазды өндіруден бұрын сүректе: деформацияға, зең басуға, жәндіктердің әсерінен бұзылуға және жарылуға жол бермейді – ағаш үйлерде/бақша үйлерінде: зең басуға жол бермейді және судан тиген зақымдарды анықтайды – ағаш тұрғын тіркемелерде: тұрғын тіркемені сатып алудан/жалға алудан бұрын зең басу немесе ескірген жерлер туралы ескерте алады Төмендегі кестеде әртүрлі қолдану әдістеріне арналған әдеттегі сүрек ылғалдылықтары көрсетілген. Қолдану саласы Сүрек

Жылыту жүйесі бар барлық жағынан жабық ғимараттар 9 ± 3 мысалы, тұрғын бөлмедегі/ас үйдегі үстелдер, орындықтар, Bosch Power Tools 1 609 92A 5EY | (29.04.2020)234 | Қазақ Қолдану саласы Сүрек

шкафтар (қысқы уақытта жылытқан кезде) Жылыту жүйесі жоқ барлық жағынан жабық ғимараттар 12 ± 3 мысалы, жерқойма сөрелері (жылыту жүйесінсіз) Үстінен жабылған, ашық

15 ± 3 мысалы, автомобильге арналған

Ауа райы барлық жағына әсер ететін конструкциялар 18 ± 6 мысалы, бақша үйлерінің сыртқа қабырғалары Басқа сүрек ылғалдылықтары: – Ағаштан жасалған үй: макс. 18% – Паркет: 9% ± 2% – Еден: макс. 12% – Төсеме төбе: макс. 20% – Түпқойма: макс. 15% – Табалдырық: 9% ± 3% – Отын: макс. 22% (оңтайлы <17%) Өзіндік сынақ функциясы Өзіндік сынақ функциясы өлшеу құралының функциясын тексереді. Өлшеу құралын қосыңыз (қараңыз „Қосу/өшіру“, Бет231). Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастаңыз. Істіктерді (5) қорғаныш қаптаманың (6) артқы жағындағы металл түйіспелерден (12) ұстаңыз (C суретін қараңыз). Дисплейдегі мәнді қорғаныш қаптамада (6) басылған мәндермен реттелген сүрек тобына сәйкес теңестіріңіз: – A сүрек тобы: 11,1% – 11,9% – B сүрек тобы: 9,8% – 10,4% Егер мәндер сәйкес келмесе, өлшеу құралын делдалыңыз арқылы Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз. 1 609 92A 5EY | (29.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 235 Пайдалану бойынша нұсқаулар Өлшеу нәтижесіне әсер ету Өлшеу мәндерінің дәлдігі қоршаған орта температурасы өлшенетін ағаш кесегінің температурасына сәйкес келген кезде ең жоғары болады. Өлшеу нәтижесіне мына факторлар әсер етуі мүмкін: – Сүрек тобы және сүректің ішкі тобы – Өлшенетін ағаш кесегінің температурасы – Өлшенетін ағаш кесегінің өзекке және шелқабыққа бөлінуі – Өлшенетін ағаш кесегіндегі істіктердің енгізу тереңдігі – Өлшенетін ағаш кесегі үстіңгі бетінің өңделуі (мысалы, майлар немесе лактар) – Өлшенетін ағаш кесегінің құрылымына немесе текстурасына параллель өлшеу – Ылғалдың үлестірілуі – Өлшеу нүктесі (мысалы, ағаш кесегінің ортасында немесе шетінде) – Ағаш кесегінің күйі мен түрі: сүректе шіріген жерлер, түйіндер мен басқа да кемшіліктер болмауы тиіс Назар аударыңыз: дәл мәндер қажет болған жағдайда, өлшеуді кепкен күйде өлшеу әдісінің көмегімен орындау керек (DIN 52183 стандарты бойынша дәл зертханалық процедура). Ақаулар - Себептері және шешімдері Себебі Шешімі Ескерту белгісі (c), температура индикаторы (d) және дисплейдегі "Err" Қоршаған орта температурасы –5°C және +50°C аралығындағы жұмыс температурасынан тыс. Өлшеу құралы жұмыс температурасына жеткенше күтіңіз. A сүрек тобында: >74,7% және дисплейдегі "HI" B сүрек тобында: >61,9% және дисплейдегі "HI" Сүрек ылғалдылығы өлшеу диапазонынан тыс (тым жоғары) Сүректегі басқа жерде жаңа өлшеу

"– –.–" индикаторы дисплейде Сүрек ылғалдылығы өлшеу диапазонынан тыс (тым төмен) немесе өлшеу тиісінше орындалмаған Сүректегі басқа жерде жаңа өлшеу

Bosch Power Tools 1 609 92A 5EY | (29.04.2020)236 | Қазақ Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Егер ақаулық анықталса, дисплейде "Err" және ескерту белгісі (c) көрсетіледі. Өлшеу құралын өшіріп, сонан соң қайта қосыңыз. Егер қате түзетілмесе, батареяларды шығарып, бірнеше секундтан кейін қайта салыңыз. Егер белгілі бір көмек шаралары арқылы қатені түзету мүмкін болмаса, өлшеу құралын делдал арқылы Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Өлшеу құралын әр пайдаланудан бұрын тексеріңіз. Өлшеу құралының ішінде зақымдар немесе бос бөлшектер көрінетін болса, оның жұмысы сенімді болмайды. Өлшеу құралын тек түпнұсқа орауыш сияқты арнайы қорап ішінде сақтаңыз және тасымалдаңыз. Жөндеу үшін өлшеу құралын түпнұсқа орауышында жіберіңіз. Істіктердің үстіне жапсырма жапсыруға болмайды. Өлшеу құралын таза ұстаңыз. Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тазалау кезінде өлшеу құралына ешбір сұйықтық тимеуі тиіс. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады. 1 609 92A 5EY | (29.04.2020) Bosch Power ToolsRomână | 237

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы: “Роберт Бош” (Robert Bosch) ЖШС

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан