BOSCH PLL 360-1G - өлшеу құралдары

PLL 360-1G - өлшеу құралдары BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз PLL 360-1G BOSCH PDF форматында.

📄 304 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice BOSCH PLL 360-1G - page 187
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы PLL 360-1G BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз өлшеу құралдары PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз PLL 360-1G - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. PLL 360-1G брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ PLL 360-1G BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мұмкін.

Сэйкестікті растау жайлы акпарат косымшада бар.

Өнімді өндірген мемлекет туралы акпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.

Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.

Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастан (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.

Кызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі

– өнім корпусынан тікелей түтін шыкса, пайдаланбаңыз
- жауын -шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаныз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз

Шекті күй белгілері

– өнім корпусының закымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жилігі

Эр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сактау

  • күрғақ жерде сақтау керек
    – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
    – сақтау кезінде температураның кенет ауытқұынан қорғау керек
    – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады
    – сактау шарттары туралы косымша акпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) кужатын караңыз

Тасымалдау

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жуктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рүқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын MEMCT 15150-69 (5 шарт) кужатын оқыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулары

BOSCH PLL 360-1G - Қауіпсіздік нұсқаулары - 1

Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертүлерді

керінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НУСКАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҮРАЛЫН БАСҚАЛАРғА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫНЫЗ.

▶ Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бүл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін.
▶ Өлшеу құралы лазер ескерту тактасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген).
▶ Егер лазер ескерту тактасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданыска енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.

BOSCH PLL 360-1G - Қауіпсіздік нұсқаулары - 2

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылыскан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бүл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқигаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.

▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек.
▶ Лазер курылғысында ешкандай өзгерту орындамаңыз.
▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракулгін

сэулелерден толык қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.

▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
▶ Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рукқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін.
Жанатын суйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шанды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
▶ Аккумуляторды өзгертпеціз және ашпаңыз. Кыска түйықталу қаупі бар.
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсок теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
▶ Шеге немесе бурауыш сиякты үшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бүл қыска түйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.

BOSCH PLL 360-1G - Қауіпсіздік нұсқаулары - 3

Өлшеу құралын жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс қаупі

бар.

Аккумуляторды тек өндірушінің үйлесімді өнімдерінде пайдаланыңыз және зарядтаңыз. Осылайша ғана аккумулятор қауіпті артық жуктемеден қорғалады.

BOSCH PLL 360-1G - Қауіпсіздік нұсқаулары - 4

Магнитті имплантаттардың немесе кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Магнит имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.

▶ Өлшеу құралын магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Магниттердің әсері қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін.

190 | Казак

Өнім және қуат сипаттамасы

Пайдалану нүсқаулығының алдыңғы бөлшегінде берілген суреттерге назар аударыңыз.

Тағайындалу бойынша қолдану

Өлшеу құралы көлденең сызықтарды өлшеу және тексеруге арналған.

Өлшеу құралы ішкі аймактарда пайдалануға арналмаған.

Бул өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады.

Көрсетілген құрамдас бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.

(1) Аккумулятор бөлімінің қақпағы
(2) Аккумулятор бөлімі қақпағының бұрандасы
(3) Штатив бекіткіші, 1/4 дюйм
(4) Сериялық нөмір
(5) Лазер ескерту тактасы
(6) USB Type-C® ¥ЯСЫ ^a)
(7) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
(8) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы
(9) Еңіс функциясының түймесі

(10) Ажыраткыш

(11) Штатив ^b)

(12) Аккумуляторга арналған жалғағыш үя

(13) Аккумулятордың жалғағыш штекері

(14) Аккумулятор

a) USB Type-C® және USB-C® – USB Implementers Forum үйымының сауда белгілері.

b) Бейнеленген курамдас бөлшектер стандарттық жеткізу көлеміне кірмейді.

Техникалық мәліметтер

Жұмыс аймағы (диаметрі), ең көбі шам. A)30 м
Нивелирлеу дәлдігі B)C)D)±0,4 мм/м
Өздігінен нивелирлеу диапазоны ±4°
Нивелирлеу уақыты < 4 с
Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы0°C ... +40°C
Жұмыс температурасы -5°C ... +40°C
Сақтау температурасы -20°C ... +50°C
Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000 м
Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. 90%
Ластану дәрежесі IEC 61010-1 стандарты бойынша 2E)
Лазер класы 2
Лазер түрі < 10 мВт, 500–540 нм
С6 10
Айырмашылық 50 × 10 мрад (толық бұрыш)
Штатив бекіткіші 1/4 дюйм
Жұмыс ұзақтығы шам. B)>5 сағ
Салмағы 0,45 кг
Өлшемдері (ұзындығы × ені × биіктігі) 110 × 61 × 124 мм
Зарядтау ұяшығы USB Type-C®
Үсынылатын USB Type-C® кабелі1 600 A01 L6H
Номиналды кернеу 3,6 В
Қуаты2 А-сағ
Аккумуляторды зарядтау уақыты, макс. (өлшеу құралы өшірулі болғанда)4 сағ
Штепсельдік қуат блогы (керек-жарак)
Шығыс кернеу5,0 В —
Минималды шығыс ток1,0 А

Bosch Power Tools

1 609 92A A8T | (02.04.2025)

192 | Казак

A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы тікелей күн сәулелерінде) қыскарту мүмкін.
B) 20-25°C
С) Максималды өздігінен нивелирлеу диапазонында қосымша ±0,2 мм/м ауытқуды есепке алу керек.
D) Көрсетілген мәндер қалыпты және жағымды қоршаған орта шарттарын (мысалы, дірілсіз, түмансыз, түтінсіз, тікелей күн сәулесінсіз) талап етеді. Температура шұғыл өзгерген жағдайда, дәлдік ауыткуы мүмкін.
E) Тек қана ток өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тое өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі.
F) Косымша техникалық деректерді мына жерден қараңыз: http://www.bosch-do-it.com/ecodesign

Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (4) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.

Өлшеу құралын энергиямен жабдықтау

Зарядтау үшін ұсынылатын USB қуат блогын немесе шығыс кернеуі және минималды шығыс тогы "Техникалық мәліметтер" тарауындағы талаптарға сәйкес келетін USB қуат блогын пайдаланыңыз. USB қуат блогының пайдалану бойынша нусқаулығын қараңыз. ұсынылатын қуат блогы: "Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз.
Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі штепсельдік куат блогының фирмалық тактайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
Аккумуляторды тек 0°C және +40°C аралығындағы қоршаған орта температурасында USB порты арқылы зарядтаңыз. Температуралар диапазонынан тыс зарядтау нәтижесінде аккумулятор зақымдалуы немесе өрт қаупі артуы мүмкін.

Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық куатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (7) жұмыс кезінде аккумулятор зарядының деңгейін көрсетеді:

Жарык диоды Куаты

Жасыл түсті үздіксіз жарық 70–100%
Сары түсті үздіксіз жарық 30–70%
Қызыл түсті үздіксіз жарық 10–30%
Қызыл түсті жыпылықтайтын жарық 0

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (7) қызыл түспен жыпылықтаса, лазер сәулелері өшіріледі.

Аккумуляторды зарядтаңыз. Ол үшін USB Type-C® ұғсын (6) жарамды USB кабелі (15) арқылы USB қуат блогымен байланыстырыңыз. USB қуат блогын электр желісіне жалғаңыз. Өлшеу құралын зарядтау кезінде әрі қарай пайдалануға болады. Зарядтау кезінде аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (7) зарядтау қадамын немесе қателерді көрсетеді:

Жарык диоды Мағынасы

Жасыл түстіжыпылықтайтын жарықАккумулятор зарядталып жатыр
Жасыл түсті үздіксізжарықАккумулятор толықтай зарядталған
Қызыл түстіжыпылықтайтын жарықАккумулятор температурасы ұсынылатын температуралар диапазонынан тыс; зарядтау кернеуі немесе зарядтау тогы жарамсыз
Қызыл түсті үздіксізжарықАккумулятор ақаулы немесе аккумулятор салынбаған

Зарядтау процесі аякталғаннан кейін, USB кабелін (15) шығарып алыңыз. USB Type-C® ұясын (6) шаң мен шашыранды судан қорғаңыз.

Нускау: кажет болса, өлшеу құралын аккумуляторды салмай-ақ жалғанған USB қуат блогы арқылы пайдалануға болады. Өлшеу құралын пайдаланғаннан кейні электр желісінен ажыратыңыз.

Өлшеу құралындағы аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар

Өлшеу құралын "Техникалық мәліметтер" тарауындағы мәліметтерге сәйкес рүқсат етілген температуралар диапазонында ғана сақтаңыз. Өлшеу құралын, мысалы, жаз кезінде автомобиль ішінде қалдырмаңыз.

194 | Казак

Пайдалану мерзімінің айтарлыктай қыскаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.

Коқыстарды кайта өндеу туралы нүсқауларды орынданыз.

Пайдалану

Пайдалануға ендіру

▶ Ölшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
▶ Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте үзак ұақыт қалдырмаңыз. Улкен температуралық ауыткулары жағдайында алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін.
▶ Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Өлшеу құралының зақымдануы себебінен дәлдігі төменделуі мүмкін. Қатты соғылу немесе қағылудан соң лазер сызығын белгілі бір көлденең немесе тік сызықпен салыстырыңыз.
▶ Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.

Косу/өшіру

Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (10) ON күйіне жылжытыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден айналатын лазер сызығын шығыс саңылаудан (8) жібереді.
▶ Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.

Өлшеу құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (10) OFF күйіне жылжытыңыз. Өшіру кезінде тербелу блогы бұғатталады.

▶ Косулы зарядтау куралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу куралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.

Нивелирлеу автоматикасы

Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу (А суретін қараңыз)

Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеген кезде, еңіс функциясының түймесі (9) жанбауы керек. Кажет болса, еңіс функциясының түймесін (9) басу арқылы нивелирлеу автоматикасын, түйме сәнетіндей етіп қайта қосыңыз.

Өлшеу құралын көлденен, берік бетке қойып, штативте (11) бекітіңіз.

Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты түрде тегістейді. Лазер сызығы будан былай қозғалмаса, бүл нивелирлеудің аяқталғанын білдіреді.

Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы түрган бет көлденең сызықтан 4° шамасынан артық ауыған болса, лазер сызығы жыпылықтай бастайды.

Бүл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу аякталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу диапазонында түрса, лазер сызығы үздіксіз жанып түрады.

±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу диапазонынан тыс нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу мүмкін емес, себебі бүл жағдайда лазер сызығының нивелирлеу дәлдігі қамтамасыз етілмейді.

Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе қүй өзгерсе, өлшеу құралы автоматты түрде өздігінен нивелирлеу жұмысын өткізеді. Қайта нивелирлегеннен кейін өлшеу құралының жылжуы арқылы пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазер сызығының қүйін негізгі нүктелермен салыстырып тексеріңіз.

Еңіс функциясымен жұмыс істеу (В суретін қараңыз)

Еңіс функциясымен жұмыс істеу үшін еңіс функциясының түймесін (9), ол жанатындай басыңыз.

Еңіс функциясымен жұмыс істеген кезде, нивелирлеу автоматикасы өшірулі болады. Өлшеу құралын еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады. Лазер сызығы әрі қарай нивелирленбейді.

Эрдайым тек лазер сызығының орталығын пайдаланыңыз. Лазер

сызығының ені қашықтықпен өзгереді.

Штативпен жұмыс істеу

Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (3) штативтің (11) немесе стандартты фотоштативтің бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.

Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.

Техникалық күтім және қызмет

Кызмет көрсету және тазалау

Өлшеу құралын таза ұстаңыз.

Өлшеу құралын суға немесе басқа сүйықтықтарға батырмаңыз.

Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.

Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын қылшықтарға назар аударыңыз.

Аккумуляторды алмастыру (D суретін қараңыз)

Алмастыру үшін шығарылған аккумуляторды контактілерді түйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, бұрандалардан немесе баска ұсақ темір заттардан алшақ ұстаңыз.

Аккумулятор контактілерінің арасындағы қысқа түйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.

Зарядтағаннан кейін жұмыс уақыты айтарлықтай қыскарған жағдайда, аккумуляторды алмастырыңыз.

Буранданы (2) жарамды куралдың көмегімен босатып, аккумулятор бөлімінің қакпағын (1) шығарып алыңыз.

Аккумулятордың жалғағыш штекеріндегі (13) ысырманы басып, жалғағыш штекерді жалғағыш ұядан (12) тартып шығарыңыз. Аккумуляторды (14) аккумулятор бөлімінен шығарыңыз.

Жаңа аккумуляторды (14) аккумулятор бөліміне салыңыз. Тек осы өлшеу құралына арналған Bosch литий-иондық аккумуляторын (тапсырыс нөмірі 1 619 PS1 251) пайдаланыңыз.

Жалғағыш штекерді (13) жалғағыш ұяға (12), штекер ысырмасы тірелгенше, абайлап және күш салмай кіргізіңіз.

Аккумулятор бөлімінің қакпағын (1) орнатып, бұранданы (2) қатайтыңыз.

Тутынушыларға қызмет көрсету және пайдалану бойынша кеңес беру

Қазақстан

Тел.: +7 (727) 331 86 00

BOSCH PLL 360-1G - Тутынушыларға қызмет көрсету және пайдалану бойынша кеңес беру - 1

Біздің қызмет мекенжайлары және жәндеу қызметі мен ерітінділерді тапсырыс беру үшін www.bosch-pt.com/serviceaddresses мекенжайында таба аласыз.

Сурактар кою және косалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндettі түрде өнімнің фирмалық тактайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.

Кэдеге жарату

BOSCH PLL 360-1G - Кэдеге жарату - 1

Өлшеу құралын, аккумляторын/батареяларын, оның жабдықтары мен орамасын қөршаған ортаны қөрғайтын ретте кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

BOSCH PLL 360-1G - Кэдеге жарату - 2

Өлшеу құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Пайдалануға әрі қарай жарамайтын электрлік және электрондық құрылғыларды немесе пайдаланылған аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинау және қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату керек. Белгіленген қоқыс жинау жүйелерін пайдаланыңыз. Қате жолмен кәдеге жарату құрылғы құрамындағы қауіпті болуы мүмкін заттектерге байланысты қоршаған орта мен денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін.

Аккумуляторлар/батареялар:

Кіріктірілген аккумуляторды өлшеу құралынан бөлек кәдеге жарату керек. Өлшеу құралын, аккумулятор заряды толықтай таусылғанша қосулы күйде ұстаңыз. Аккумуляторды өлшеу құралынан аккумуляторды алмастыру туралы тарауда сипатталғанда шығарыңыз. Бөлшектенген аккумуляторды қолданыстағы ережелер мен директиваларға сәйкес кәдеге жаратыңыз.

Română

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : PLL 360-1G

Санат : өлшеу құралдары