GLM 40-31 Professional - өлшеу құралдары BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GLM 40-31 Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Лазерлік қашықтық өлшегіш |
| Бренд | Bosch |
| Моделі | GLM 40-31 Professional |
| Санаты | Өлшеу жабдықтары |
| Қашықтық (қолайлы жағдайларда) | 0,05 – 40 м |
| Қашықтық (қолайсыз жағдайларда) | 0,05 – 20 м |
| Өлшеу дәлдігі (қолайлы жағдайларда) | ±1,5 мм |
| Өлшеу дәлдігі (қолайсыз жағдайларда) | ±3,0 мм |
| Ең кіші дисплей бірлігі | 0,5 мм |
| Лазер класы | 2 |
| Лазер түрі | 635 нм, < 1 мВт |
| Негізгі қоректену | 2 батарея 1,5 В LR6 (AA) |
| Қосымша қоректену | Литий-ион батареясы 3,7 В 1,0 Ач (керек-жарақ) |
| Пайдалану температурасы | -10 °C ... +45 °C |
| Сақтау температурасы | -20 °C ... +70 °C |
| Салыстырмалы ылғалдылық макс. | 90 % |
| Пайдалану биіктігі макс. | 2 000 м |
| Лазерді автоматты түрде өшіру | 20 с кейін |
| Құралды автоматты түрде өшіру | 5 мин өлшеусіз |
| Өлшеу функциялары | Қашықтық, Аудан, Көлем, Үздіксіз өлшеу, Рулетка, Жанама биіктік, Мин/Макс |
| Анықтамалық жазықтық | Құрылғының алдыңғы немесе артқы шеті |
| Күтім | Жұмсақ ылғалды шүберекпен тазалаңыз; еріткіштерді қолданбаңыз |
| Қорғаныс қаптамасы | Құрылғымен бірге беріледі |
| Ұсынылатын желілік зарядтау құрылғысы | 2 609 120 713 (EU) немесе 2 609 120 718 (UK) |
Жиі қойылатын сұрақтар - GLM 40-31 Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GLM 40-31 Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз өлшеу құралдары PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GLM 40-31 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GLM 40-31 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLM 40-31 Professional BOSCH
kk Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы
ro Instrucțiuni originale
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе, оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары

Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу
құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҚА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ.
▶ Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса, бұл қауіпті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген). ▶ Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе, көздерді жұмып, басты сәуледен ары қарату керек. ▶ Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. ▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. ▶ Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. ▶ Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып кетуі мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. ▶ Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау
құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.

Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа
▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.
Штепсельдік қуат блогы бойынша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
Осы штекерлік қуат блогын балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар пайдаланбауы тиіс. Осы штекерлік қуат блогын 8 жастан асқан балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты адамның бақылауында болған және штекерлік қуат блогын қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау алып, қатысты тәуекелдерді түсінген
жағдайда ғана пайдалана алады. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақат алу қаупі туындайды.

Штекерлік қуат блогын жаңбырдан немесе
ылғалдан қорғаңыз. Штекерлік қуат блогының ішіне су кірсе, ток соғу қаупі артады.
▶ Штекерлік қуат блогын таза ұстаңыз. Құрылғының ластануы ток соғу қаупін тудырады. ▶ Штепсельдік қуат блогын әр пайдалану алдында тексеріңіз. Зақымдар байқалған жағдайда, штепсельдік қуат блогын пайдаланбаңыз. Штепсельдік қуат блогын өз бетінше ашпаңыз, оны тек Bosch немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары түпнұсқа қосалқы бөлшектермен ғана жөндеуі тиіс. Зақымдалған штепсельдік қуат блоктары ток соғу қаупін арттырады.
Өнім және қуат сипаттамасы

Қосымша ақпарат алу үшін QR кодын сканерлеңіз немесе онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты қараңыз: https://rb-pt.com/160992AA3Y
Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Мақсаты бойынша қолдану
Өлшеу құралы қашықтықтарды, ұзындықтарды, биіктіктерді, аралықтарды өлшеуге және жазықтықтар мен көлемдерді есептеуге арналған. Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған. Бұл өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады.
302 | Қазақ
Көрсетілген құрамдас бөлшектер
Көрсетілген компоненттердің нөмірлері суреттердегі өлшеу құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді.
(1) ⚙️ Реттеулер түймесі (2) Func Функциялық түйме (3) Дисплей (4) Өлшегіш таспамен өлшеуге арналған кертіктер (5) ▲ Өлшеу түймесі (6) ✝ Плюс/минус түймесі (7) Қосу/өшіру/артқа түймесі (8) Қорғаныш қалта (9) Лазер ескерту тақтасы (10) Сериялық нөмір (11) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші (12) Батарея бөлімінің қақпағы (13) Лазер сәулесінің шығысы (14) Қабылдау линзасы (15) Литий-иондық аккумулятор блогы A) (16) Литий-иондық аккумулятор блогы бекіткіші A) (17) USB қасының қақпағы A)
A) Бейнеленген құрамдас бөлшектер стандарттық жеткізу көлеміне кірмейді.
Индикация элементтері
(a) Өлшеудің негізгі жазықтығы
Қазақ|303
(b) Батарея индикаторы (c) Өлшеу мәндерінің жолақтары (d) Нәтижелер жолағы (e) Өлшеу функциясының индикаторы (f) Күй панелі (g) Функциялар мәзірі (h) Реттеулер мәзірі (i) Қосымша реттеулер мәзірі
Техникалық мәліметтер
| Сандык лазерлік қашықтық өлшегіш | GLM 40-31 |
| Өнім нөмірі | 3 601 K75 0.. |
| Өлшеу диапазоныA) | 0,05-40 м |
| Өлшеу диапазоны (жағымсыз жағдайлар)B) | 0,05-20 м |
| Өлшеу дәлдігіA) | ±1,5 мм |
| Өлшеу дәлдігі (жағымсыз жағдайлар)B) | ±3,0 мм |
| Ең кіші индикация бірлігі 0,5 мм | |
| Жалпы жағдайлар | |
| Жұмыс температурасыC) | -10°C ... +45°C |
| Сақтау температурасы -20°C ... +70°C | |
| Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. | 90 % |
| Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі | 2000 м |
| Ластану дәрежесі IEC 61010-1 стандарты бойынша | 2D) |
Bosch Power Tools 1 609 92A A3X | (19.05.2025)
304 | Казак
| Сандык лазерлік қашықтық өлшегіш | GLM 40-31 |
| Лазер класы 2 | |
| Лазер түрі 635 нм, < 1 мВт | |
| Лазер сәулесінің айырмашылығы < 1,5 мрад (толық бұрыш) | |
| Автоматты түрде өшіру уақыты, шам. | |
| – Лазер 20 с | |
| – Өлшеу құралы (өлшеусіз) 5 мин | |
| Батареялар 2 × 1,5 V LR6 (AA) | |
| Аккумулятор блогы (керек- жарак) | Литий-ион |
| Түрі ВА 3.7V 1.0Ah А | |
| Өнім нөмірі | 1 607 A35 0N8 |
| USB зарядтау ұяшығы Type-C® | |
| Үсынылатын USB Type-C® кабелі | 1 600 A01 6A8 |
| Номиналды кернеу | 3,7 В --- |
| Қуаты 1,0 А-сағ | |
| Аккумуляторлық элементтердің саны | 1 |
| Рұқсат етілген зарядтау температурасының диапазоны | +10°C ... +35°C |
| Штепсельдік қуат блогы | |
| Шығыс кернеу | 5,0 В --- |
| Шығыс ток 500 мА | |
| Үсынылатын штепсельдік қуат блогы E) | 2 609 120 713 (EU) |
1 609 92A A3X | (19.05.2025) Bosch Power Tools
Сандық лазерлік қашықтық өлшегіш
GLM 40-31
2 609 120 718 (UK)
A) Өлшеу құралының алдыңғы жиегінен өлшегенде, нысананың жоғары шағылысу дәрежесі (мысалы, ақ түспен боялған қабырға), әлсіз фондық жарықтандыру және 20°C жұмыс температурасы үшін қолданылады; сондай-ақ қашықтыққа қатысты ±0,05 мм/м ауытқу күтіледі. B) Өлшеу құралының алдыңғы жиегінен өлшегенде, нысананың жоғары шағылысу дәрежесі (мысалы, ақ түспен боялған қабырға), қатты фондық жарықтандыру, 20°C жұмыс температурасы және үлкен биіктіктер үшін қолданылады; сондай-ақ қашықтыққа қатысты ±0,15 мм/м ауытқу күтіледі. C) Үздіксіз өлшеу режимінде макс. жұмыс температурасы +40 °C құрайды. D) Тек қана ток өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде ток өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. E) Қосымша техникалық деректерді мына жерден қараңыз: https://www.bosch-professional.com/ecodesign Өлшеу құралының фирмалық тақтайшасындағы сериялық нөмір (10) оны бірмағыналы түрде сәйкестендіруге көмектеседі.
Батареяны енгізу/алмастыру
i Барлық батареяларды бір уақытта алмастырыңыз. Тек бір өндіруші ұсынған және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
① Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
▶ Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, одан батареяларды шығарып алыңыз. Өлшеу құралында ұзақ уақыт сақтауда жатқан батареяларды тот басуы мүмкін.
306 | Казак
i Өлшеу құралын (12) батарея бөлімінің қақпағынсыз немесе (15) (керек-жарак) литий-ионды батареясынсыз пайдаланбаңыз (әсіресе шаң және ылғал жерде).
Литий-ионды аккумулятор блогы (керек-жарак)
Литий-иондық аккумулятор блогын (керек-жарақ) енгізу/алмастыру
Литий-иондық аккумулятор блогын (15) (керек-жарақ) салыңыз. Литий-иондық аккумулятор блогын (15) (керек-жарақ) шығару үшін бекіткішті (16) басыңыз да, литий-иондық аккумулятор блогын шығарып алыңыз. (қараңыз Сур. А, Бет 5)
Зарядтау үшін ұсынылатын USB қуат блогын немесе шығыс кернеуі және минималды шығыс тогы "Техникалық мәліметтер" тарауындағы талаптарға сәйкес келетін USB қуат блогын пайдаланыңыз. USB қуат блогының пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз. Ұсынылатын қуат блогы: "Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз. Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі штепсельдік куат блогының фирмалық тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс. 230 В
деп белгіленген штепсельдік куат блоктарын 220 В шамасында да пайдалануға болады.
Литий-иондық батареялар халықаралық тасымалдау режімдеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятор өнімділігін қамтамасыз ету үшін оны ең бірінші рет пайдаланбай тұрып толық зарядтаңыз.
Пайдалану
Іске қосу
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулар жағдайында алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін. Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлап түсуден сақтаңыз. Өлшеу құралына қатты сыртқы әсерлер тигеннен кейін, жұмысты жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексерісін (қараңыз „Дәлдік тексерісі“, Бет 310) орындау керек.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралы мен лазерді қосу үшін ▲ймесін басыңыз. → Ⓤ түймесін басу арқылы өлшеу құралын лазерсіз де қосуға болады. Өлшеу құралын өшіру үшін құймесін басып тұрыңыз. → Жадта тұрған мәндер мен құрылғы реттеулері сақталады.
Өлшеу процесі
Алғаш рет қосылғаннан кейін, өлшеу құралы ұзындықты өлшеу функциясында тұрады. Өлшеу құралы кейін әр қосылған соң соңғы пайдаланылған өлшеу функциясында тұрады.
Өлшеудің негізгі жазықтығы үшін екі реттеу қолжетімді. (қараңыз „Негізгі деңгей“, Бет 309)
Өлшеу құралын өлшеудің қажетті бастапқы нүктесіне (мысалы, қабырғаға) қойыңыз.
Өлшеу құралын қосқаннан кейін, лазерді қосу үшін қосқышты қысқаша басыңыз.
Өлшеуді іске қосу үшін батырманы басыңыз.
Өлшеу аяқталғаннан кейін лазер сәулесі өшеді. Келесі өлшеу үшін осы әрекетті қайталаңыз.
Өлшеу мәндерін немесе соңғы нәтижелерді қосуға немесе алуға болады.
Ескерту: Өлшеу кезінде өлшеу құралын жылжытуға болмайды (Мин./Макс., Үздіксіз өлшеу және Таспа функцияларын қоспағанда).
Сондықтан өлшеу құралын мүмкіндігінше берік тіреуге немесе жанасу бетіне қою керек.

Қабылдау линзасын (14) және лазер сәулесінің шығысын (13) өлшеу кезінде жабуға болмайды.
Негізгі деңгей
Өлшеу үшін әртүрлі негізгі жазықтықтардың арасынан таңдауға болады:

өлшеу құралының артқы жиегі (мысалы, қабырғаға орналастырғанда)

өлшеу құралының алдыңғы жиегі (мысалы, үстел жиегінен өлшегенде)
Реттеулер мәзірі
Реттеулер мәзірінде төмендегі реттеулер бар:
- Негізгі деңгей (қараңыз „Негізгі деңгей“, 309-бет)
- Дауыс сигналдары - Жарықтығы
- Батареяны үнемдеу режимі
- Өлшеу бірлігі
- 万
- Нұсқаулық
- Құрылғы туралы
- Әдепкі реттеулер
- Жады жою
» Мәзірді Реттеулер ашу үшін құймесін басыңыз.
310|Қазақ
» Қажетті реттеуді немесе түймесі арқылы таңдаңыз. » Таңдауды растау үшін ▲уймесін басыңыз.
Өлшеу функциялары
Өлшеу функцияларын таңдау/өзгерту
Функциялар мәзірінде төмендегі функциялар бар:
- Ұзындығы
- Мин./Макс.
- Үздіксіз өлшеу
- Tacna
- Аймақ
- Көлемі
- Жанама биіктігі
- Iuki сақтағыш
Функциялар мәзірін ашу үшін түймесін басыңыз.
Қажетті өлшеу функциясын таңдау үшін түймесін басыңыз.
Таңдауды растау үшін түймесін басыңыз.
Дәлдік тексерісі
Қашықтықты өлшеу дәлдігін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін QR кодын сканерлеңіз немесе онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты қараңыз: https://rb-pt.com/160992AA3Y
Қате туралы хабар
Егер өлшеу дұрыс орындалмайтын болса, дисплейде ERROR қате туралы хабары көрсетіледі.
Қайта өлшеп көріңіз. Қате туралы хабар қайтадан пайда болса, өлшеу құралын өшіріп қосып, өлшеуді бастаңыз.

Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Ақаулық анықталса, дисплейде тек іргелес белгі көрсетіледі және өлшеу құралы өшіп қалады. Бұл жағдайда өлшеу құралыңызды сатушыңыз арқылы Bosch қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Қабылдау линзасына (14) көзілдірікке немесе фотоаппарат объективіне күтім көрсеткендей күтім көрсетіңіз.
Жөндеу қажет болғанда, өлшеу құралын қорғаныш қабында (8) жіберіңіз.
312 | Қазақ
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қазақстан
Тел.: +7 (727) 331 86 00

Біздің қызмет мекенжайлары және жөндеу қызметі мен ерітінділерді тапсырыс беру үшін www.bosch-pt.com/serviceaddresses
мекенжайында таба аласыз.
Сурактар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Кәдеге жарату
Өлшеу құралын, аккумляторын/батареяларын, оның жабдықтары мен орамасын қоршаған ортаны қорғайтын ретте кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Өлшеу құралдарын және аккумуляторларды/ батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Пайдалануға әрі қарай жарамайтын электрлік және электрондық құрылғыларды немесе пайдаланылған аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинау және қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату керек. Белгіленген қоқыс жинау жүйелерін пайдаланыңыз. Қате жолмен кәдеге жарату құрылғы құрамындағы қауіпті болуы мүмкін заттектерге байланысты қоршаған орта мен денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін.