GFM 1000 Professional - өлшеу құралдары BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GFM 1000 Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Кәсіби лазерлік қашықтық өлшегіш |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GFM 1000 Professional |
| Өлшемдері | 120 x 55 x 30 мм |
| Салмағы | 200 г (батареялармен) |
| Қуат көзі | 2 AAA батареясы (1,5 В) |
| Өлшеу диапазоны | 0,05-тен 100 м-ге дейін |
| Дәлдік | ± 1,5 мм (әдеттегі) |
| Бірліктер | м, см, фут, дюйм |
| Негізгі функциялар | Қашықтықты, ауданды, көлемді өлшеу, Пифагор, үздіксіз өлшеу, қосу/азайту |
| Дисплей | Артқы жарығы бар LCD экран |
| Күтім және тазалау | Жұмсақ құрғақ шүберекпен тазалаңыз; еріткіштерден аулақ болыңыз |
| Сақтау | Температура: -20 °C-тан +70 °C-қа дейін |
| Қауіпсіздік | Лазер 2-сынып; сәулеге тікелей қарамаңыз |
| Қорғау | IP54 индексі (шашырау мен шаңнан қорғалған) |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Стандартты батареялар; Bosch уәкілетті орталығында жөндеу |
| Кепілдік | 2 жыл (онлайн тіркелу мүмкін) |
| Кіретін керек-жарақтар | Батареялар, тасымалдау белдігі, қорғаныс қабы |
Жиі қойылатын сұрақтар - GFM 1000 Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GFM 1000 Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз өлшеу құралдары PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GFM 1000 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GFM 1000 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GFM 1000 Professional BOSCH
kk Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы
ro Түпнұсқа нұсқаулықтар
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
- өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- өнім корпусының зақымдалуы
268|Қазақ
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик қапта жеткізілсе, оны өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары


Барлық нұсқауларды оқып шығып, орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау
өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ СЕНІМДІ ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ.
▶ Өлшеу әрекеттерін 1000 В шамасынан жоғары кернеуге не контурларда орындаңыз. 30 В айнымалы кернеуден немесе 60 В тұрақты кернеуден жоғары кернеулермен жұмыс істеген кезде ерекше сақтық танытыңыз! Тіпті осындай кернеулер, электр сымдарына тиген жағдайда, өмірге қауіпті ток соғу жағдайын тудыруы мүмкін. Токты өлшеу алдында сынақ сымдарын қосылым ұяларынан алыңыз. Электр тогының соғу қаупі бар. Жалғағыш ұялардың арасында немесе жалғағыш ұя мен жерге тұйықтаудың арасында өлшеу құралында көрсетілген номиналды кернеуден артық бермеңіз. ▶ Кернеуі, санаты және ток күші өлшеу құралымен бірдей болатын өлшеу сымдарын пайдаланыңыз. ▶ Өлшеу сымдарының оқшаулағышын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Өлшеу сымдарының зақымдалған оқшаулағышы ток соғуға әкелуі мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиналған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
▶ Өлшеу құралының жұмысын белгілі кернеуді өлшеу арқылы тексеріңіз.
Күдіктенген жағдайда өлшеу құралын техникалық қызмет көрсету сервисіне тапсырыңыз.
▶ Өлшеу құралын осы нұсқаулықта сипатталғандай ғана пайдаланыңыз. Өлшеу құралы ұсынатын қорғаныс бұзылуы мүмкін.
▶ Өлшеу құралын немесе өлшеу сымдарын зақымдалмаған күйде ғана пайдаланыңыз.
▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
▶ Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып кетуі мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.

Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Токты өлшегіңіз келетін жүйенің ток өткізетін бөліктеріне тию қажет болса, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
Белгілер
| Белгілер мен олардың мағынасы | |
| Қос немесе қүшейтілген өкшаулағышы бар құрылғы | |
| Сақ болыңыз, ток согу қаупі бар! | |
| Оқшауланбаған қауіпті ток өткізгіштердің ортасында қолдануға рүқсат етіледі | |
| Жерге түйықтауға арналған қосылым | |
Өнім және қуат сипаттамасы
Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Мақсаты бойынша қолдану
Өлшеу құралы айнымалы токты, кернеуді (сонымен қатар кіріс импедансы төмен (LoZ)), қарсылықты өлшеуге және өткізу қабілетін сынауға арналған. Сонымен қатар айнымалы кернеу жиілігін, сондай-ақ 24-1000 вольт аралығындағы айнымалы кернеулерді түйіспесіз кернеу сынағышымен өлшеуге болады. Өлшеу құралын тек номиналды кернеуі ≤ 1000 В ТТ/АТ болатын электр контурларында пайдалануға болады. Өлшеу құралы ішкі аймақтарда пайдалануға арналмаған.
Көрсетілген құрамдас бөлшектер
Көрсетілген компоненттердің нөмірлері суреттердегі өлшеу құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді.
(1) Дисплей (2) Айналмалы ауыстырып-қосқыш (өлшеу функциясын таңдауға арналған) (3) Магниттік ілгішті бекітуге арналған түйістік бастырма (4) Қалта шамы (5) Түйіспесіз кернеуді сынауға арналған сынақ ұштығы (6) Өлшеу шанышқысы (7) Кабельді орналастыруға арналған көрсеткілер (8) Hold түймесі (өлшеу мәндерін дисплейде ұстап тұру немесе дыбысты қосу/өшіру) (9) Қалта шамының қосу/өшіру түймесі (10) Sel түймесі (өлшеу функциясын екінші рет орнату)
(11) (+) Ұясы (кернеуді, өткізу қабілетін және қарсылықты өлшеуге арналған кіріс ұя) (12) COM Ұясы (кернеуді, өткізу қабілетін және қарсылықты өлшеуге арналған жерге тұйықтау тарамы (кері сым)) (13) Қызыл өлшеу сымы (14) Қара өлшеу сымы (15) Батарея бөлімінің қақпағын бекітуге арналған бұранда (2 дана) (16) Батарея бөлімінің қақпағы (17) Батарея бөлімінің қақпағындағы ендірме (18) Аккумулятор блогының құлпы (19) Литий-ионды аккумулятор блогы 4 (20) Литий-ионды аккумулятор блогының бекіткіші A) (21) Магниттік ілгіш 4 (22) Қорғаныш қалта (23) Сактандыру қақпағы
A) Бейнеленген құрамдас бөлшектер стандарттық жеткізу көлеміне кірмейді.
Индикатор элементтері
(a) Төменгі кіріс импедансымен өлшеу (b) "Қатырылған" өлшеу мәні (c) Өткізу қабілетін сынау (d) Дыбыс өшірулі (e) Батарея туралы ескерту (f) Өлшеу мәні (g) Өлшем бірлігі (h) Тұрақты/айнымалы ток индикаторы (i) Өлшеу мәндерінің белгісі (полярлық) (j) Кернеу > 30 В болғандағы ескерту
Техникалық мәліметтер
| Аша тәрізді ток өлшейтін қармауыштар | GFM 1000-15 |
| Өнім нөмірі | 3 601 K77 4.. |
| Кернеудің өлшеудиапазоны | 1000 В АТ/ТТ |
| Төменгі кірісимпедансымен кернеудіөлшеу диапазоны (LoZ) | 1000 В АТ/ТТ |
| Токтың өлшеу диапазоны 200 А АТ | |
| Жийілкітің өлшеудиапазоны | 10 Гц ... 50 кГц |
| Қарсылықтың өлшеудиапазоны | 60 МОМ |
| Өткізу қабілетін сынау ● | |
| Түйіспесіз кернеуді сынау (NCV) | ● |
| True RMS (Накты тиімді мәнді өлшеу) | ● |
| Жалпы | |
| Жумыс температурасы -10°C ... +50°C | |
| Аша тәрізді ток өлшейтін қармауыштар | GFM 1000-15 |
| Сақтау температурасы A) | -40°C ... +70°C |
| Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. | 90% |
| Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі | 2000 м |
| Ластану дәрежесі IEC 61010-1 стандарты бойынша B) | 2 |
| Автоматты түрде өшіру уақыты, шам. | 20 мин |
| Салмағы C) | 297 г |
| Қорғаныс дәрежесі IP 54 | |
| Қауіпсіздік класы CAT III 1000 В | D) CAT IV 600 В E) |
| Өлшемдері 69,1 × 49,6 × 226,3 мм | |
| MS 90 өлшеу сымы | |
| Қорғаныш қалпақшасымен қауіпсіздік классы | CAT III 1000 В B) CAT IV 600 В E) |
| Қорғаныш қалпақшасынсыз қауіпсіздік класы | CAT II 1000 В F) |
| Батареялар | 2 × 1,5 V LR06 (AA) |
| Аккумулятор блогы (керек-жарак) | Литий-ион |
| Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы | +10°C ... +35°C |
| Жұмыс және сақтау кезіндегі ұсынылған қоршаған орта температурасы | -10°C ... +45°C |
| Түрі ВА 3.7V 1.0Ah A | |
| Өнім нөмірі | 1 607 A35 ON8 |
| USB зарядтау ұяшығы Type-C ® | |
| ұсынылатын USB Type-C ® кабелі G) | 1 600 A01 6A8 |
| Номиналды кернеу | 3,7 В --- |
| Куаты 1,0 А-сағ | |
| Аккумуляторлық элементтердің саны | 1 |
| Штепсельдік қуат блогы (керек-жарак) | |
| Шығыс кернеу | 5,0 В --- |
| Шығыс ток 500 мА | |
| ұсынылатын штепсельдік қуат блогы H) | 2 609 120 713 (EU)2 609 120 718 (UK)1 600 A01 3A0 (ARG)1 600 A01 3A1 (MEX) |
Аша тәрізді ток өлшейтін қармауыштар
GFM 1000-15
1 600 A01 3A2 (BRL)
A) батареяларсыз және/немесе аккумуляторсыз B) Тек қана ток өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде ток өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. C) Батареяларсыз салмағы D) III ОЛШЕУ САНАТЫ ғимараттың төмен кернеулі электр желісінің үлестіру жүйесіне қосылған сынау және өлшеу тізбектеріне қолданылады. E) IV ОЛШЕУ САНАТЫ ғимараттың төмен кернеулі электр желісінің қуат беру нүктесіне қосылған сынау және өлшеу тізбектеріне қолданылады. F) II ОЛШЕУ САНАТЫ төмен вольтты желілік ток қондырғысының пайдаланушы қосылымдарымен (ашалары бар розеткаларға және ұқсас қосылымдарға) тікелей қосылған сынау және өлшеу тізбектеріне қолданылады. G) USB Type-C® және USB-C® – USB Implementers Forum ұйымының сауда белгілері. H) Қосымша техникалық деректерді мына жерден қараңыз: https://www.bosch-professional.com/ecodesign
Пайдалану
Іске қосу
▶ Қосулы өлшеу құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланғаннан кейін өшіріңіз. ▶ Өлшеу құралын суықтан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. ▶ Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулар жағдайында алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе құлаудан сақтаңыз.
Қосу/өшіру
» Өлшеу құралын қосу үшін айналмалы ауыстырып-қосқышты (2) қалаған өлшеу функциясына бұраңыз. » Өлшеу құралын өшіру үшін айналмалы ауыстырып-қосқышты құйіне бұраңыз.
Шамамен 20 минут бойы ешқандай мән өлшенбесе, ешбір түйме басылмаса немесе айналмалы ауыстырып-қосқыш орнатылмаса,
батареяларды қорғау үшін өлшеу құралы автоматты түрде өшеді. Автоматты түрде өшіру функциясын ажырату үшін, өлшеу құралын қосу кезінде Hold түймесін басып тұрыңыз (мысалы, айналмалы ауыстырып-қосқышты кез келген позицияға бұрау арқылы). Сонда дисплейде d.APO жазбасы пайда болады.
Өлшеу құралын айналмалы ауыстырып-қосқышты (2) бұрау немесе түймені басу арқылы қайта қосыңыз.
Түймелер
Hold түймесі
Дисплейдегі мәнді "қатыру"
» Дисплейдегі (1) өлшеу мәнін "қатыру" үшін Hold түймесін қысқаша басыңыз. Дисплейде Hold жазбасы көрсетіліп, дыбыстық сигнал беріледі. » Дисплейді (1) босату үшін Hold түймесін қайтадан қысқаша басыңыз.
Дыбысты өшіру/қосу
» Дыбыстың шығарылуын өшіру үшін Hold түймесін ұзақ басып тұрыңыз. Дисплейде 5» белгісі көрсетіледі. » Дыбыстың шығарылуын қайта қосу үшін Hold түймесін қайтадан ұзақ басып тұрыңыз.
Hold түймесін кернеуді анықтау кезінде пайдаланбаңыз. Көрсетілген кернеу өзгермейді және ток соғудан жарақат алу қаупі туындайды.
Sel түймесі
Айналмалы ауыстырып-қосқыштағы өлшеу функциясын екінші рет тағайындау
» Айналмалы ауыстырып-қосқышта (2) бірдей позицияға не екі өлшеу функциясының арасында ауысу үшін Sel түймесін қысқаша басыңыз. Дисплейде (1) таңдалған өлшеу функциясы көрсетіледі.
→ Айналмалы ауыстырып-қосқыштағы позиция екі рет тағайындалмаған болса, Sel түймесі басылғанда, дыбыстық сигнал беріледі.
Қалта шамы
» Қалта шамын қосу немесе өшіру үшін түймесін басыңыз.
Егер өлшеу құралы шамамен 5 минут ішінде пайдаланылмаса, қалта шамы автоматты түрде өшіп қалады.
Өлшеу сымдарын жалғау/ажырату
» Әрдайым ең алдымен қара өлшеу сымын (14) COM ұясына жалғаңыз, содан кейін қызыл өлшеу сымын (13) (+) ұясына жалғаңыз. Өлшеу сымдарын ажырату кезінде әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
i Ток соғу, жарақат алу немесе өлшеу құралының зақымдалуына жол бермеу үшін қарсылықты немесе өткізу қабілетін сынау алдында желілік қуат көзі ажыратылғанына және барлық жоғары кернеулі конденсаторлардың заряды бос екендігіне көз жеткізіңіз.
Өлшеу функциялары
Өлшеу құралы төмендегі өлшеу функцияларын ұсынады:
- Айнымалы токты өлшеу
- Реактивті кернеулерді (индуктивті/сыйымдылық) басу үшін, кіріс импедансы төмен (шамамен 3 Ом) айнымалы немесе тұрақты кернеуді өлшеу
- Кедергіні өлшеу
- Өткізу қабілетін сынау
- Айнымалы кернеуді өлшеу
- Айнымалы кернеудің жиілігін өлшеу
- Тұрақты кернеуді өлшеу
- Тиіспесіз кернеу сынағы
Өлшеу процесі
▶ Өлшеу үшін әрдайым дұрыс жалғағыш ұяларды, айналмалы ауыстырып-қосқыш күйлерін және өлшеу диапазондарын пайдаланыңыз. ▶ Өлшеу сымдарын пайдаланбас бұрын өткізу қабілетін тексеріңіз. Өлшеу мәндері немесе шу деңгейі жоғары болса, оларды пайдаланбаңыз. ▶ Өлшеу сымдарын және сынақ сүңгілерін пайдалану кезінде саусағыңызды саусақ қорғанысының артында ұстаңыз. » Айналмалы ауыстырып-қосқышты (2) суреттегі позицияға бұраңыз. » Sel түймесі суретте көрсетілгенде, оны басыңыз.
Өлшеу сымдарын пайдаланған жағдайда:
» (14) және (13) өлшеу сымдарын суретте көрсетілгендей жалғаңыз. » Сынақ сүңгілерінің көмегімен өлшеу нүктелеріне тиіңіз. → Өлшеу мәні дисплейде (1) көрсетіледі.
Өлшеуіш шанышқыны пайдаланған жағдайда:
» Ілшенетін кабельді (максималды кабель диаметрі - 16 мм) өлшеуіш шанышқымен (6) қармаңыз. Оны көрсеткілердің (7) арасына орналастырыңыз. → Өлшеу мәні дисплейде (1) көрсетіледі.
▶ Өлшеуіш ашаны пайдалану кезінде саусағыңызды саусақ қорғанысының артында ұстаңыз.
276|Қазақ
Жерге қатысты тыныштық потенциалы 1000 В шамасынан артық болса, өлшеу әрекеттерін орындамаңыз.
Өлшеу әрекетін өлшеуіш ашамен орындаңыз (қараңыз „Өлшеу процесі“, Бет 275).
Кіріс импедансы төмен айнымалы кернеуді өлшеу (қараңыз Сур. С, Бет 4)
Өлшеу әрекетін өлшеу сымдарымен орындаңыз (қараңыз „Өлшеу процесі“, Бет 275).
Кіріс импедансы төмен тұрақты кернеуді өлшеу (қараңыз Сур. Д, Бет 5)
Өлшеу әрекетін өлшеу сымдарымен орындаңыз (қараңыз „Өлшеу процесі“, Бет 275).
Кедергіні өлшеу (қараңыз Сур. Е, Бет 5)
Өлшеу әрекетін өлшеу сымдарымен орындаңыз (қараңыз „Өлшеу процесі“, Бет 275).
Өлшеу әрекетін өлшеу сымдарымен орындаңыз (қараңыз „Өлшеу процесі“, Бет 275). → Өткізу қабілетін сынау сәтті аяқталғанда, дыбыстық сигнал беріледі.
Айнымалы кернеуді өлшеу (қараңыз Сур. G, Бет 6)
Өлшеу әрекетін өлшеу сымдарымен орындаңыз (қараңыз „Өлшеу процесі“, Бет 275).
Айнымалы кернеудің жиілігін өлшеу (қараңыз Сур. Н, Бет 6)
Жиілікті өлшеу процесі айнымалы кернеу жағдайында ғана орындалады.
Өлшеу әрекетін өлшеу сымдарымен орындаңыз (қараңыз „Өлшеу процесі“, Бет 275).
Өлшеу әрекетін өлшеу сымдарымен орындаңыз (қараңыз „Өлшеу процесі“, Бет 275).
Түйіспесіз кернеу сынағы (қараңыз Сур. J, Бет 7)
» Айналмалы ауыстырып-қосқышты (2) күйге бұрыңыз (қараңыз Сур. J, Бет 7). Дисплейде EF көрсетіледі.
» Сынақ ұшы (5) тексерілетін нысанның немесе айнымалы кернеуге не розетканың жанында ұстаңыз.
→ ≥ 40 В АТ анықталған жағдайда, дыбыстық сигнал беріледі және айнымалы ауыстырып-қосқыш күйіндегі жарық диоды қызыл түспен жыпылықтайды.
Дәлдік спецификациялары
| Өлшеу функ-циясы | Өлшеу диапа- зоны | Ажыраты мдылығы | Дәлдікт ± ([өлшеу мәні- нің %] + [Сандық мәндер]) |
| Айнымиалы кернеу (В АТ) | 600,0 В 0,1 В ± (1,5% + 5) | ||
| 1000 В 1 В | |||
| LoZ V (ТТ/АТ) | 600,0 В 0,1 В ± (2,0% + 3) | ||
| 1000 В 1 В | |||
| Айнымиалы ток (А АТ) | 200,0 А 0,1 А ± (3,0% + 3) | ||
| Турақты кернеу (В ТТ) | 600,0 В 0,1 В ± (1,0% + 2) | ||
| 1000 В 1 В | |||
| Жиілік (АТ В) | 99,99 Гц 0,01 Гц ± (0,1% + 2) | ||
| 999,9 Гц 0,1 Гц | |||
| 9,999 кГц 0,001 кГц | |||
| 50,00 кГц 0,01 кГц | |||
| Қарсылық (Ом) | 600,0 Ом 0,1 Ом ± (1,0% + 5) | ||
| 6,000 кОм 0,001 кОм ± (1,0% + 2) | |||
| 60,00 кОм 0,01 кОм | |||
| 600,0 кОм 0,1 МОм | |||
| 6,000 МОМ | 0,001 МОМ | ||
| 60,00 МОМ | 0,01 МОМ | ± (2,0% + 5) | |
| Өткізу қабілеті | 600,0 Ом 0,1 Ом ± (1,0% + 5) | ||
| ≤ 30 Ом: дыбыстық сигнал ≥ 50 Ом: дыбыстық сигнал жоқ | |||
| NCV 40 В | ...600 В | ≤ 20 В: дыбыстық сигнал жоқ, жыпылықтау лар жоқ ≥ 40 В: дыбыстық сигнал және жыпылықтау лар | |
Жұмыс температуралары – 10°C және 50°C аралығында және салыстырмалы ауа ылғалдылығы 0% және 90% аралығында болғанда, дәлдікке калибрлеуден бастап бір жылдық кепіл беріледі.
278|Қазақ
Сақтандыру қақпағы
»Өлшеуіш желілерді пайдаланған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін олардың САТ өлшем санатына сәйкес орнатылғанына көз жеткізіңіз. » Өлшеу сымдарының қауіпсіздік класын ((13)/ (14)) сақтандыру қақпақтарын (23) өлшеу сымдарының сынақ ұштықтарына саптаңыз немесе шешіңіз (қараңыз Сур. К, Бет 7).
Батареяны енгізу/алмастыру
① Батарея бөлімінің қақпағын (16), өлшеу сымдары ((14) / (13)) алып тасталғанда ғана ашуға рұқсат етіледі. Ток соғу қаупі бар. Өлшеу құралы үшін сілтілі-марганец батареяларын пайдалануға кеңес беріледі. » Өлшеу сымдарын ((14) / (13)) алып тастаңыз. » Батарея бөлімінің қақпағындағы (16) 2 бұранданы (15) босатып, қақпақты алып тастаңыз (қараңыз Сур. L, Бет 8). » Батареяларды енгізіңіз. » Батарея бөлімінің қақпағын (16) қайта орнатып, оны 2 бұрандамен (15) бекітіңіз.
i Өлшеу құралын батарея бөлімінің қақпағы (16) дұрыс бұрап бекітілгенде ғана қосуға болады.
Барлық батареяларды бір уақытта алмастырыңыз. Тек бір өндіруші ұсынған және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
① Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батарея белгісі дисплейде алғаш рет пайда болса және дыбыстық сигнал берілсе, бұл әлі бірнеше өлшеу әрекетін орындауға болатынын білдіреді. Батареялардың заряды толықтай таусылған кезде, дыбыстық сигнал беріліп, өлшеу құралы өшеді.
▶ Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, одан батареяларды шығарып алыңыз. Өлшеу құралында ұзақ уақыт сақтауда жатқан батареялар тот басуы мүмкін.
i Өлшеу құралын ешқашан салынбаған батарея бөлімінің қақпағынсыз (16), әсіресе шаңды немесе ылғалды ортада сақтамаңыз.
Литий-ионды аккумулятор блогы (керек-жарақ)
Батарея бөлімінің қақпағын (16), өлшеу сымдары ((14) / (13)) алып тасталғанда ғана ашуға рұқсат етіледі. Ток соғу қаупі бар.
Литий-ионды аккумулятор блогын (керек-жарақ) енгізу/алмастыру
» Өлшеу сымдарын ((14) / (13)) алып тастаңыз. » Батарея бөлімінің қақпағындағы (16) 2 бұранданы (15) босатып, қақпақты алып тастаңыз. » Батарея бөлімінің қақпағындағы құлыпты (18) шамамен 1/2 айналымға ашып, ендірмені (17) алып тастаңыз. » Литий-ионды аккумулятор блогын (19) (керек-жарақ) салып, құлыпты (18) шамамен 1/2 айналымға бұрап, қайта жабыңыз. » Батарея бөлімінің қақпағын литий-ионды аккумулятор блогымен (19) бірге орнатып, қақпақты 2 бұрандамен (15) бекітіңіз. » Литий-ионды аккумулятор блогын (19) (керек-жарақ) алып тастау үшін батарея бөлімінің қақпағындағы (16) 2 бұранданы (15) босатып, құлыпты (18) ашыңыз. Литий-ионды аккумулятор блогын шығарып алыңыз (қараңыз Сур. М, Бет 8).
① Өлшеу құралын батарея бөлімінің қақпағы (16) дұрыс бұрап бекітілгенде ғана қосуға болады.
Зарядтау үшін ұсынылатын USB қуат блогын немесе шығыс кернеуі және минималды шығыс тогы "Техникалық мәліметтер" тарауындағы талаптарға сәйкес келетін USB қуат блогын пайдаланыңыз. USB қуат блогының пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз. ұсынылатын қуат блогы: "Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз. Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі штепсельдік қуат блогының фирмалық тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс. 230 В деп белгіленген штепсельдік қуат блоктарын 220 В шамасында да пайдалануға болады.
i Литий-ионды аккумуляторды ешқашан өлшеу құралы ішінде зарядтамаңыз!
i Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау режімдеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятор
280|Қазақ
өнімділігін қамтамасыз ету үшін оны ең бірінші рет пайдаланбай тұрып толық зарядтаңыз.
Зарядтау үшін литий-ионды аккумулятор блогын (19) батарея бөлімінің қақпағынан (16) шығарып алу керек (қараңыз Сур. М, Бет 8).
USB кабелін жалғауға арналған USB ұясы және зарядтауды бақылау шамдары литий-ионды аккумулятор блогындағы (19) (керек-жарақ) USB ұясы қақпағының астында орналасқан.
» USB уасының қақпағын ашыңыз.
» USB кабелін жалғаңыз.
→ Зарядтау барысында зарядтауды бақылау шамы сары түспен жанып тұрады.
→ Литий-ионды аккумулятор блогы (19) (керек-жарақ) толықтай зарядталған кезде, зарядтауды бақылау шамы жасыл түспен жанып тұрады.
→ Қызыл түсті зарядтауды бақылау шамы зарядтау кернеуі немесе зарядтау тогы жарамсыз екендігін білдіреді.
Магниттік ілгіш (Керек-жарақтар)
» Магниттік ілгіштің (21) көмегімен өлшеу құралын металл беттерге бекітуге болады (қараңыз Сур. N, Бет 9).
i Ескерту: магнит (21) өлшеу барысында өлшеуіш ашаның (6) жанында болмауы керек.
Ақауларды жою
Батарея туралы ескерту
Батарея туралы ескертудің белгісі көрсетіліп, дыбыстық сигнал беріледі
Себебі: батарея кернеуі түсуде (өлшеу мүмкін емес)
Шешімі: Батареяларды немесе литий-ионды аккумулятор блогын (Керек-жарақтар) ауыстырыңыз немесе литий-ионды аккумулятор блогын (Керек-жарақтар) өлшеу құралының сыртында зарядтаңыз
Дыбыстық сигнал беріліп, өлшеу құралы өшеді
Себебі: Батареялар немесе литий-ионды аккумулятор блогы (Керек-жарақтар) бос
Шешімі: Батареяларды немесе литий-ионды аккумулятор блогын (Керек-жарақтар) ауыстырыңыз немесе литий-ионды аккумулятор блогын (Керек-жарақтар) өлшеу құралының сыртында зарядтаңыз.
Өлшеу құралын қосу мүмкін емес.
Себебі: Батареялар немесе литий-ионды аккумулятор блогы (Керек-жарақтар) бос.
Шешімі: Батареяларды немесе литий-ионды аккумулятор блогын (Керек-жарақтар) ауыстырыңыз немесе литий-ионды аккумулятор блогын (Керек-жарақтар) өлшеу құралының сыртында зарядтаңыз.
ауыстырыңыз немесе литий-ионды аккумулятор блогын (Керек-жарақтар) өлшеу құралының сыртында зарядтаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Жөндеу қажет болғанда, өлшеу құралын қорғаныш қабында (22) жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және күтім, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы бөлшектер бойынша деректерді келесі сайтта таба аласыз: www.bosch-pt.com
Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.
Сурақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті түрде өнімнің зауыттық такташасындағы 10-санды өнім нөмірін атаңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы 050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз:
www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Сервистік орталықтардың мекенжайларын мына жерден таба аласыз:
Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тараптар (мысалы, әуе немесе жүк тасымалдау компаниясы) орауышқа және таңбаламаға қойылатын арнайы талаптарды сақтауы керек. Жіберілетін жүкті дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау сарапшыларымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалмаған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Өлшеу құралын, аккумуляторын/батареяларын, оның жабдықтары мен орамасын қоршаған ортаны қорғайтын
Өлшеу құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Әрі қарай пайдалануға жарамайтын өлшеу құралдарын және ақаулы немесе тозып біткен аккумуляторларды/батареяларды бөлек кәдеге жарату керек. Арнайы қоқыс жинау жүйелерін пайдаланыңыз.
Лайықсыз түрде кәдеге жаратылған жағдайда, ескі электр және электрондық құралдар, оларда қауіпті заттардың бар болуы ықтималдығы себебінен, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына қауіпті түрде әсер етуі мүмкін.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі, бетіндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 282) сенсорлық пернемен растаңыз.