EasyLevel - өлшеу құралдары BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EasyLevel BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сызықтық крест-лазер деңгейі (сызық режимі және нүкте режимі) |
| Бренд | Bosch |
| Модель | EasyLevel |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 154 × 24 × 30 мм |
| Салмағы | 0,14 кг |
| Қуат көзі | 2 LR3 (AAA) 1,5 В батарея |
| Автономдылық | Шамамен 15 сағат (20–25 °C температурада) |
| Максималды қашықтық (сызық режимі) | 5 м (бекіту тірегімен) |
| Максималды қашықтық (нүкте режимі) | 20 м |
| Тегістеу дәлдігі | ±0,5 мм/м |
| Лазер класы | 2 |
| Лазер түрі | < 1 мВт, 635–650 нм |
| Жұмыс температурасы | +5 °C - +40 °C |
| Сақтау температурасы | −20 °C - +70 °C |
| Негізгі функциялары | Көлденең және тік сызықтарды проекциялау, нүкте режимі, кіріктірілген көпіршікті деңгей арқылы көлденең/тіктікті бақылау |
| Кіріктірілген керек-жарақтар | Магниттері бар бекіту тірегі, металл пластина, реттеу бұрандасы; батареялар кіреді |
| Күтім және тазалау | Жұмсақ ылғалды шүберекпен тазалаңыз; жуғыш заттар немесе еріткіштерді қолданбаңыз; суға батырмаңыз |
| Қауіпсіздік | Лазер сәулесіне тікелей қарамаңыз; адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз; лазер көру көзілдірігін тек көруге көмекші ретінде пайдаланыңыз, қорғаныс ретінде емес |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Қосалқы бөлшектер www.bosch-pt.com сайтында қол жетімді; жөндеу тек уәкілетті қызмет арқылы |
| Кепілдік | Нұсқаулықта көрсетілмеген |
Жиі қойылатын сұрақтар - EasyLevel BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы EasyLevel BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз өлшеу құралдары PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EasyLevel - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EasyLevel брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EasyLevel BOSCH
Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы
Түпнұсқа нұсқаулық
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше
мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз; - жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз; – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик қаптамада жеткізілсе, оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары

Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ
ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҚСЫНЫҢЫЗ.
▶ Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса, бұл қауіпті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген). ▶ Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе, көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек. ▶ Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. ▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. ▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
250|Қазақ
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.
▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. ▶ Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.

Магнитті имплантаттардың немесе кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз.
Магнит имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.
▶ Өлшеу құралын магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Магниттердің әсері қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды өлшеу және тексеруге арналған.
Өлшеу құралы ішкі аймақтарда пайдалануға арналмаған.
Бұл өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
(1) Жұмыс режимін таңдау тетігі бар ажыратқыш (2) Жанасу беті (алюминий) (3) Тігінен туралауға арналған ватерпас (4) Көлденеңінен туралауға арналған ватерпас (5) Сызықтық жұмыс режиміне арналған лазер шығару саңылауы (6) Жанасу нүктелері (7) Лазер ескерту тақтасы (8) Сериялық нөмір (9) Магнит (10) Батарея бөлімінің қақпағы (11) Нүктелі жұмыс режиміне арналған лазер шығару саңылауы (12) Лазер көру көзілдірігі a) (13) Штатив a) (14) Ұстағыш (15) Сызықтық жұмыс режиміне арналған металл тақта (16) Нүктелі жұмыс режиміне арналған металл тақта (17) Ұстағыштың дәлдеу бұрандасы
252 | Қазақ
(18) Ұстағыштағы 1/4 дюймдік штатив бекіткіші
a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз.
Техникалық мәліметтер
| Сызықтық лазер EasyLevel | |
| Өнім нөмірі | 3 603 F63 3.. |
| Макс. жұмыс диапазоны, шамамен A) | |
| – Сызықтық жұмыс режимі(ұстағышпен (14)) | 5 м |
| – Нуктелі жұмыс режимі 20 м | |
| Нивелирлеу дәлдігі B)C)D) | ±0,5 мм/м |
| Жұмыс температурасы +5°C ... +40°C | |
| Сақтау температурасы –20°C ... +70°C | |
| Негізгі биіктіктің үстіндегі макс.пайдалану биіктігі | 2000 м |
| Салыстырмалы ауа ылғалдылығы,макс. | 90% |
| Ластану дәрежесі IEC 61010-1стандарты бойынша | 2 E) |
| Лазер класы 2 | |
| Лазер түрі < 1 мВт, | 635-650 нм |
| С 6 | 1 |
| Айырмашылық < 1,5 мрад (толық | бұрыш) |
| Батареялар 2 × 1,5 В | LR3 (AAA) |
| Жұмыс ұзақтығы шам. c) | 15 сағ |
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай | 0,14 кг |
| Өлшемдері (ұзындығы × ені × биіктігі) | 154 × 24 × 30 мм |
A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы, тікелей күн сәулелерінде) қысқарту мүмкін. B) Өлшеу құралының дұрыс күйінде (қараңыз „Өлшеу құралын орналастыру (В суретін қараңыз)“, бет 255). C) 20-25°C. D) Көрсетілген мәндер қалыпты және жағымды қоршаған орта шарттарын (мысалы, дірілсіз, тұмансыз, түтінсіз, тікелей күн сәулесінсіз) талап етеді. Температура шұғыл өзгерген жағдайда, дәлдік ауытқуы мүмкін. E) Тек қана ток өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде ток өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі.
Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (8) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.
Жинау
Батареяларды орнату/алмастыру (А суретін қараңыз)
Өлшеу құралы үшін алкалинді марганец батареясын пайдалану ұсынылады.
Батарея бөлімінің қақпағын (10) ашу үшін оны көрсеткі бағытымен батарея бөлімінен жылжытыңыз.
Батареяларды енгізіңіз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
254|Қазақ
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
▶ Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
▶ Өлшеу құралын суықтан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. ▶ Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулар жағдайында алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Өлшеу құралының зақымдануы себебінен дәлдігі төмендеуі мүмкін. Қатты соғылу немесе қағылудан соң лазер сызығын белгілі бір көлденең немесе тік сызықпен салыстырыңыз.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын сызықтық жұмыс режимінде қосу үшін ажыратқышты (1) — күйіне, ал нүктелі жұмыс режимінде қосу үшін ● күйіне жылжытыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін таңдалған жұмыс режиміне қарай (5) (сызықтық жұмыс режимі) немесе (11)
(нүктелі жұмыс режимі) шығару саңылауынан лазер сәулесін бірден жібереді.
▶ Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін ажыратқышты (1) ортаңғы күйге жылжытыңыз.
▶ Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
Өлшеу функциялары
Нұсқау: көрсетілген нивелирлеу дәлдігі лазер сәулесін ватерпастарға қатысты тігінен туралау (3) және көлденеңінен туралау (4) үшін қолданылады.
Өлшеу құралын орналастыру (В суретін қараңыз)
Ватерпастар арқылы дәлме-дәл туралау үшін өлшеу құралының күйі маңызды болады.
Берілген нивелирлеу дәлдігіне өлшеу құралы дұрыс орналасқанда ғана қол жеткізуге болады:
– Көлденеңінен туралауға арналған ватерпастың (4) көмегімен көлденеңінен туралау кезінде өлшеу құралының алюминий жанасу бетін (2) төмен қарату керек.
– Тігінен туралауға арналған ватерпастың (3) көмегімен тігінен туралау кезінде ватерпас режиміне арналған лазер шығару саңылауы (5) жоғары қарай, ал өлшеу құралының алюминий жанасу беті (2) бүйірге қарап тұруы тиіс.
Лазер сызығы арқылы туралау (сызықтық жұмыс режимі)
Өлшеу құралын үш жанасу нүктесімен (6) қабырғаға қойыңыз немесе оны магнитпен (9) ұстағышқа (14) немесе басқа магниттік бетке бекітіңіз.
Көлденеңінен туралау (C–D суреттерін қараңыз): өлшеу құралының алюминий жанасу беті (2) төмен қарап тұруы тиіс. Өлшеу құралын ватерпастың (4) көмегімен көлденеңінен туралаңыз. Көлденең лазер сызығының бойымен, мысалы, сурет жиектемелерін немесе текшені туралауға болады.
Нұсқау: лазер сызығының көмегімен көлденеңінен туралауды тек өлшеу құралы қойылған жазықтықта орындауға болады. Өлшеу құралы ватерпастың көмегімен де тураланған жағдайда, лазер сызығы көлденең қабырғада міндетті түрде көлденең өтпейді және сондықтан нивелирлеу үшін жарамайды.
Тігінен туралау (D суретін қараңыз): сызықтық жұмыс режиміне арналған лазер шығару саңылауы (5) жоғары қарай, ал өлшеу құралының алюминий жанасу беті (2) бүйірге қарап тұруы тиіс. Өлшеу құралын ватерпастың (3) көмегімен тігінен туралаңыз. Тік лазер сызығының бойымен, мысалы, жоғарғы және астыңғы шкафтарды туралауға болады.
Бастапқы нүкте бойынша туралау (Е суретін қараңыз): лазер сызығын бастапқы нүкте бойынша туралау үшін өлшеу құралын кез келген бұрышқа бұраңыз. Осылайша, мысалы, сурет жиектемесін сатыға немесе шатырға параллель етіп ілуге болады.
Биіктіктерді лазер нүктесі арқылы көшіру/тексеру (нүктелі жұмыс режимі) (F суретін қараңыз)
Өлшеу құралын ұстағышқа (14) салып, оны көлденеңінен туралаңыз.
Лазер нүктесінің көмегімен, мысалы, әртүрлі қабырғалардағы розеткаларды немесе гардеробтың ілгіштерін бірдей биіктікке туралауға болады. Ол үшін өлшеу құралын қабырға ұстағышында емес, ұстағыштың (14) жоғарғы бөлігін өлшеу құралымен бұраңыз. Бұрау кезінде өлшеу құралына тимеңіз, әйтпесе ол жылжып кетуі мүмкін. Ұстағыштың (14) жоғарғы бөлігін бұрағаннан кейін көлденеңінен туралауға арналған ватерпастың (4) әлі ортада болғанына көз жеткізіңіз. Олай болмаса, ұстағыштың (14) туралануын дәлдеу бұрандасымен (17) ватерпас (4) қайтадан ортаға келгенше түзетіңіз.
Штативпен жұмыс істеу (ұсынылған): лазер сәулесін қажетті биіктікке туралаңыз. Мақсатты жердегі биіктікті көшіріңіз немесе тексеріңіз.
Штативсіз жұмыс істеу: анықтамалық нүктедегі лазер сәулесі мен биіктік арасындағы айырмашылықты өлшеңіз. Мақсатты жердегі өлшенген биіктік айырмашылығын көшіріңіз немесе тексеріңіз.
Ватерпастың көмегімен көлденең/тік күйді тексеру (G суретін қараңыз)
Өлшеу құралын ватерпас ретінде көлденең немесе тік күйді, мысалы, кір жуғыш машина немесе тоңазытқышты тік орнату мақсатында тексеру үшін пайдалануға болады. Өлшеу құралын алюминий жанасу бетімен (2) тексерілетін бетке қойыңыз.
Көлденең беттерге қойған кезде, алюминий жанасу беті (2) төмен қарай, ал тік беттерге қойған кезде, сызықтық жұмыс режиміне арналған лазер шығару саңылауы (5) жоғары қарай қарап тұруы тиіс.
▶ Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің немесе лазерлік сызықтың ортасын
пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді.
Ұстағышпен бекіту/туралау
Ұстағыштың (14) көмегімен өлшеу құралын төмендегідей бекітуге болады:
- Сызықтық жұмыс режимі: ұстағышты артқы жағындағы ойығымен қабырғадан сәл шығып тұрған бұрандаға орнатыңыз. Өлшеу құралын магниттермен (9) ұстағыштың сызықтық жұмыс режиміне арналған металл тақтасына (15) бекітіңіз. Өлшеу құралын қажетінше туралау үшін ұстағыштың жоғарғы жағын бұраңыз.
- Нүктелі жұмыс режимі: ұстағышты штатив бекіткішімен (18) штативтің 1/4 дюймдік ирек оймасына енгізіп, штативтің бекіткіш бұрандасымен бұрап бекітіңіз. Штативті шамамен туралаңыз. Штативсіз жұмыс істеген кезде ұстағышты (14) барынша көлденең жазықтыққа қойыңыз. Өлшеу құралын алюминий жанасу бетімен (2) төмен қарай ұстағышқа қойыңыз. Оны сол жақ магнитпен (9) (өлшеу құралының алдыңғы жағынан қарағанда) ұстағыштың нүктелі жұмыс режиміне арналған металл тақтасында (16) бекітіңіз. Ұстағыштың жоғарғы бөлігін ұстағыштың дәлдеу бұрандасымен (17) және өлшеу құралының көлденеңінен туралауға арналған ватерпасымен (4) көлденеңінен туралаңыз. Ұстағыштың жоғарғы бөлігін 90°-қа бұрап, туралау әрекетін қайталаңыз.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын қылшықтарға назар аударыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
260|Қазақ
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы: "Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС Алматы қ., Қазақстан Республикасы 050012 Мұратбаев қ., 180 үй "Гермес" БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:
Өлшеу құралын, оның жабдықтары мен қаптамасын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Өлшеу құралдарын не батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз өлшеу құралдарын және 2006/66/ЕС еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу қажет.
Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.