DCB200 - жылы көрпе/жастық MAKITA - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз DCB200 MAKITA PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жылы көрпе/жастық PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз DCB200 - MAKITA және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. DCB200 брендінің MAKITA.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ DCB200 MAKITA
Маңызды нұсқаулар. Болашақта пайдалану үшін сақтап
- Пайдаланбайтын уақытта келесідей сақтаңыз: — Құрылғыны бүктеуден бұрын суытып алыңыз. — Құрылғыны сақтау кезінде үстіне заттар қойып, мыжылуына жол бермеңіз.
- Құрылғыда тозу мен зақымдалу белгілерінің бар-жоғын жиі тексеріп тұрыңыз. Қандай да бір белгілер анықталса немесе құрылғы дұрыс пайдаланылмаса, оны әрі қарай пайдалануды жалғастыру үшін жеткізушіге қайтарыңыз.
- Құрылғы ауруханаларда медициналық мақсаттарда пайдалануға арналмаған.
- Бұл құрылғыны жылуға сезімтал және қызу әсерін көтере алмайтын адамдардың пайдалануына болмайды.
- Үш жасқа толмаған балалардың қызуды көтере алмауына байланысты, бұл құрылғыны оларға пайдалануға болмайды.
- Құрылғыны үш жастан асқан балаларға ата-анасы немесе қамқоршысы басқару элементтерін алдын ала орнатпаған немесе балаға құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы тиісті нұсқаулар берілмеген жағдайда пайдалануға болмайды.
- Жуу кезінде ауыстырып-қосқышқа немесе басқару блогына судың кіруіне жол бермеңіз. Ал құрғату кезінде сымды ауыстырып-қосқышқа немесе басқару блогына су кірмейтіндей етіп орналастыру қажет.
- Еуропадағы пайдаланушылар үшін: Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалардың және физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдардың оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар беріліп, бақыланған және қауіп-қатерді түсінген жағдайда пайдалануына болады. Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз. Тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балаларға ересектердің бақылауынсыз орындауға болмайды.254 ҚАЗАҚША
Еуропадан басқа аймақтардағы пайдаланушылар үшін: Бұл құрылғы олардың қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғыны пайдалану бойынша қадағалау жүргізіп, нұсқаулар бермейінше дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі, сондай-ақ тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғаларға (соның ішінде балаларға) пайдалануға арналмаған. Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау қажет.
Егер осы құрылғыны пайдалану кезінде төменде көрсетілген белгілер байқалса, оны дереу шешіп, дәрігерге қаралыңыз. Әйтпесе қызу әсерінен қалжырау немесе ыстық өту қаупі туындайды. — Алғашқы белгілері: Жайсыздық, шамадан тыс тершеңдік; мойынның ауыруы; жүрек айнуы; бас айналу немесе ұйқышылдық. — Қызу әсерінен қалжырау/ыстық өту симптомдары: Жүрек айнуы және лоқсу; бастың солқылдап ауыруы; бас айналу және ұйқышылдық; тердің болмауы; қызыл, ыстық және құрғақ тері; бұлшық еттің әлсіреуі мен тырысуы; жүрек соғысының жиілеуі; жылдам әрі жиі тыныс алу; абыржу, бағыттың бұзылуы немесе теңселу сияқты жүріс-тұрыстың өзгеруі; естен тану. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ Үлгі: CB100D DCB200 Материал Сырты: 100% полиэстер Мақта: 100% полиэстер Қаптама: 100% полиэстер Температураны реттеу қадамдары 3 Өлшемі (Ұ x Е) 700 мм x 1 400 мм Таза салмағы * 0,58 кг
- Аккумулятор ұстағышын, аккумулятор картриджін, ұзартқыш сымын және сақтауға арналған қапты қоспағандағы жуықталған салмағы. Аккумулятор ұстағышы және аккумулятор картриджі бойынша техникалық сипаттамалар USB құрылғысын енгізетін порт 5 В ТТ, 2,4 А, А түрі Номиналды кернеуі 10,8 В ТТ - 12 В ТТ макс. 14,4 В ТТ 18 В ТТ Аккумулятор картриджі 10,8 В - 12 В макс. BL1016 / BL1021B / BL1041B 14,4 В BL1415N / BL1430B / BL1440 / BL1460B 18 В BL1815N / BL1820B / BL1830B / BL1840B / BL1850B / BL1860B
- Зерттеу мен әзірлеудің үздіксіз бағдарламасына байланысты осы құжаттағы техникалық сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
- Техникалық сипаттамалары және аккумулятор картриджі әр елде әртүрлі болуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Тек жоғарыда аталған аккумулятор картридждерін ғана пайдаланыңыз. Аккумулятор картридждерінің басқа түрлерін пайдалансаңыз, жарақат алуыңыз және/немесе өрт шығуы мүмкін.255 ҚАЗАҚША Аккумулятор ұстағышы мен жамылғы тіркесімі Аккумулятор ұстағышы мен жамылғы тіркесімі үшін төмендегі кестені қараңыз. Үлгісi Аккумулятор Аккумулятор ұстағышының бөлшек нөмірі CB100D 10,8 В - 12 В макс. TD00000110 DCB200 14,4 В немесе 18 В TD00000111 ЕСКЕРТПЕ: Қолжетімді аккумулятор ұстағышы елге байланысты әртүрлі болады. Пайдалану уақыты CB100D Температура параметрі Аккумулятор картриджі BL1041B ЖОҒАРЫ 3,5 сағат ОРТАША 7,0 сағат ТӨМЕН 10,5 сағат DCB200 Температура параметрі Аккумулятор картриджі BL1460B BL1860B ЖОҒАРЫ 5,5 сағат 7,5 сағат ОРТАША 10,5 сағат 16,0 сағат ТӨМЕН 23,0 сағат 33,0 сағат
- Жоғарыдағы кестеде берілген пайдалану уақыты болжалды нұсқама болып табылады. Олар нақты пайдалану уақытынан өзгешеленуі мүмкін.
- Пайдалану уақыты аккумулятор түріне, зарядтау күйіне және пайдалану жағдайына байланысты өзгешеленуі мүмкін.
- Аккумулятор картриджі әр елде әртүрлі болуы мүмкін.
Өнім үшін келесі белгілердің кейбіреуі пайдаланылады. Пайдалану алдында олардың мағынасын түсініп алыңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
Үтіктемеңіз. Химиялық тазалауды қолданбаңыз. Кішкентай балалардың (0-3 жас) пайдалануына болмайды. Түйреуіштерді қадауға болмайды. Төменгі температурада кептіріңіз. Бос іліп кептіріңіз. III класты құрылғы. Тек ЕО елдері үшін Осы өнімді тиісінше кәдеге жарату Бұл белгі осы өнімді ЕО аумағында басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге кәдеге жаратуға болмайтындығын көрсетеді. Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына қалдықтарды бақылаусыз жоюдан болатын ықтимал зиянды болдырмау мақсатында материалдық ресурстарды тұрақты қайта пайдалануға ықпал ету үшін оларды жауапты түрде қайта өңдеңіз. Пайдаланылған құрылғыны қайтару үшін қайтару және жинау жүйелерін пайдаланыңыз немесе өнім сатып алынған сатушыға хабарласыңыз. Олар бұл өнімді экология үшін қауіпсіз қайта өңдеу мақсатында қабылдауы мүмкін. Жабдықта қауіпті құрамдастардың болуына байланысты пайдаланылатын электрлік және электрондық жабдықтар қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Қолдану мақсаты Бұл құрылғы суық орта жағдайларында денені жылытуға арналған.256 ҚАЗАҚША ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУ: Барлық қауіпсіздік ескертулері мен нұсқауларын оқып шығыңыз. Төменде берілген барлық ескертулер мен нұсқауларды орындамаған жағдайда, электр тогының соғуы, өрт шығуы және/немесе ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін. Алдағы уақытта қолдану үшін барлық ескерту мен нұсқауды сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік ескертулері мен сақтық шараларындағы "құрылғы" термині жамылғы және аккумулятор картриджі бар аккумулятор ұстағышын білдіреді. Жалпы қауіпсіздік ескертулері
- Балаларға, мүмкіндіктері ерекше жандарға немесе қызуды сезбейтін, мысалы қан айналымы әлсіз адамдарға бұл құрылғыны пайдалануға болмайды.
- Құрылғыны басқа мақсаттарда пайдалануға
- Құрылғыны ешқашан дымқыл кезінде пайдаланбаңыз.
- Құрылғыны киімсіз жамылуға болмайды.
- Әдеттен тыс жағдайлар сезілсе, құрылғыны дереу өшіріп, аккумулятор ұстағышын алып
- Электр кабелінің және ұзартқыш сымның қысылып қалуына жол бермеңіз. Зақымдалған кабель ток соғуға немесе өртке әкелуі мүмкін.
- Қандай да бір ақаулық табылса, жөндеу жұмысына байланысты жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Түйреуіш немесе сол сияқты істікті заттарды пайдаланбаңыз. Электр сымының іші зақымдалуы мүмкін.
- Техникалық қызмет көрсетуге арналған жапсырмаларын және ақпараттық тақтайшасын алмай, сақтап қойыңыз. Оларды оқу мүмкін болмаса немесе мүлдем жоқ болса, жөндеу жұмысына байланысты өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Құрылғыны пайдалануды жалғастыру үшін, пайдалану ортасына байланысты сәйкес температура параметрлерін таңдаңыз.
- Жуу және кептіру кезінде аккумулятор картриджіне, аккумулятор ұстағышына және жалғағыштарына судың кіруіне жол
- Құрылғыны 3 жастан асқан және 8 жасқа толмаған балалар ересектердің бақылауымен және үнемі температураның төменгі мәніне орнатылған басқару негізінде пайдалана алады.
- Құрылғының қыздырғыш бөлімі терінің бір жеріне ұзақ уақыт жанасып тұрмауы қажет. Әйтпесе салыстырмалы түрде төмен температура жағдайында да (40 - 60 °C) төмен температуралы күйікке ұшырау қаупі бар.
- Құрылғының ысып кеткенін сезген сәтте оны пайдалануды тоқтатыңыз.
- Құрылғыны ешқашан ұйқы кезінде пайдалануға болмайды.
- Ыстық өту қаупіне жол бермеу үшін айтарлықтай жоғары температуралы ортаға көшкен кезде құрылғының сыртқы қаптамасын алып тастаңыз.
- Түйреуіштерді жамылғыға қадауға
- Зарядтаудан бұрын аккумуляторларды құрылғыдан алыңыз.
- Тозған аккумуляторларды құрылғыдан алып, оларды қауіпсіз түрде кәдеге
- Құрылғыны пайдаланбайтын кезде, аккумулятор ұстағышын жамылғыдан ажыратыңыз.
- Құрылғыны сақтаудан бұрын аккумуляторларды аккумулятор ұстағышынан алыңыз.
- Клеммаларды қысқа тұйықтауға болмайды.
- Құрылғыны от ошағының жанында немесе айналасында тез тұтанатын сұйықтықтар, газ немесе шаң сияқты заттардан тұратын жарылыс қаупі бар орталарда пайдаланбаңыз.
- Құрылғыны үй жануарлары үшін пайдалануға болмайды. Құрылғыны үй жануарларынан алшақ жерде сақтаңыз.
- Бұл құрылғыны лақтыруға немесе бұрауға
- Бұл құрылғының үстіне ауыр заттар қоюға
- Бұл құрылғыны жамылғысы бүктелген күйде пайдалануға болмайды.
Сымның және жамылғының арқасы шалқаймалы кресло немесе төсек сияқты қозғалмалы құрылғыларға ілінуіне жол бермеңіз.
- Бұл құрылғыны басқа да қыздыратын құрылғылармен бірге бір уақытта пайдаланбаңыз.
- Жамылғыны жуу кезінде жамылғы бетіндегі сақтық белгісінің нұсқауларын орындаңыз.
- Жамылғыны тазалаудан бұрын аккумулятор ұстағышын, ұзартқыш сымын және аккумулятор картриджін алыңыз. Электр кабелін аккумулятор қалтасына салып, сыдырма ілгекті жабыңыз. Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
- Жұмыс аймағы таза әрі жарық болуы керек. Лас немесе қараңғы аймақтар жазатайым оқиғалардың туындауын арттырады. Электрлік қауіпсіздік
- Құрылғыны жаңбырдың астына немесе ылғалды жерлерге қоймаңыз. Құрылғыға су кіретін болса, ток соғу қаупі артады.257 ҚАЗАҚША
- Қуат сымын дұрыс пайдаланыңыз. Жамылғыны тасу, тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін ешқашан сымды пайдалануға болмайды. Қуат сымын жылу ошағынан, май және өткір жиектерден алыс ұстаңыз.
Қуат көзін USB портына қосуға болмайды. Әйтпесе өрт шығу қаупі бар. USB порты тек төмен кернеулі құрылғыларды зарядтауға арналған.
- Төмен кернеулі құрылғыны зарядтамайтын кезде, USB портын әрдайым қақпақпен
- USB құрылғысын енгізетін портқа тырнақ, сым, т.б. заттарды салмаңыз. Әйтпесе қысқа тұйықталудан түтін немесе өрт шығуы мүмкін.
- Сымды және аккумуляторды дымқыл немесе лас қолмен ұстамаңыз.
- Құрылғының сымы немесе ашасы зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз.
- Тек Makita компаниясы көрсеткен аккумулятор картриджін және аккумулятор ұстағышын пайдаланыңыз.
Аккумулятор қуаты беріліп жатқан кезде, ешбір сымды ажыратулы күйде қалдыруға болмайды. Кішкентай балалар қуат беріліп жатқан ашаны ауыздарына салып, жарақат алуы мүмкін.
- Аккумулятор ұстағышының ашасын Makita компаниясы көрсеткен өнімдерден басқа құрылғыларға қосуға болмайды. Жеке қауіпсіздік
- Құрылғыны пайдаланған кезде, жасап жатқан жұмысыңызға қырағылық танытып, мұқият болыңыз. Шаршағанда немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі-дәрмектің әсерінде болған кезде құрылғыны пайдаланбаңыз. Құрылғыны пайдалану кезінде сәл ғана аңсыздық таныту ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Құрылғыны пайдалану және күтім көрсету
- Ауыстырып-қосқышы қосылмаса және өшпесе, құрылғыны пайдаланбаңыз. Ауыстырып-қосқышы арқылы басқарылмайтын кез келген құрылғы қауіп төндіреді және оны жөндеу керек.
- Құрылғыға техникалық қызмет көрсетіңіз. Зақымдалған бөлшектердің және құрылғының жұмысына кері әсер ететін басқа жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымы бар болса, құрылғыны пайдаланудан бұрын жөндеуден өткізіңіз.
- Құрылғыны жұмыс жағдайы мен орындалатын жұмысты ескере отырып, осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Құрылғыны басқа мақсатта пайдаланған жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
- Созылмалы сақтандырғыш үзілсе, құрылғыны жөндеу үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына қайтарыңыз. Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды пайдалану және күтім жасау
1. Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
2. Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа аккумулятор блоктарын пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
3. Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.
4. Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
5. Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін.
6. Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары болса, жарылуы мүмкін.
7. Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор блогын немесе құралды нұсқауларда көрсетілген температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамалмаса немесе көрсетілген ауқымнан тыс температурада зарядталса, аккумулятор зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін. Аккумулятор картриджіне арналған маңызды қауіпсіздік
бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы және (3) аккумуляторды пайдаланатын өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту білгілерін оқып шығыңыз.
2. Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз
немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз. Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.
3. Егер аккумулятор картридждің пайдалану
уақыты бірталай қысқарған болса, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
4. Егер электролит көзіңізге тиген болса,
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы мүмкін.258 ҚАЗАҚША
5. Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір
бірімен матастырмаңыз: (1) Клеммаларды кез келген ток өткізгіш материалдарға тигізбеңіз. (2) Аккумулятор картриджін ішінде шегелер, тиындар, т.б. басқа металл заттары бар контейнерде сақтамаңыз. (3) Аккумулятор блогын суға салмаңыз немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы үлкен ток ағынының пайда болуына, қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті бұзылуға себеп болуы мүмкін.
6. Құралды және аккумулятор блогын
температурасы 50 °C-ден (122 °F) шамасынан асатын жерлерде сақтамаңыз және пайдаланбаңыз.
7. Аккумулятор блогы қатты зақымдалған
немесе толығымен тозған болса да, оны отқа жақпаңыз. Аккумулятор блогы отта жарылып кетуі мүмкін.
8. Аккумулятор картриджін шегелеуге,
кесуге, басуға, лақтыруға, құлатуға немесе оны қатты затпен соғуға болмайды. Бұл әрекеттер өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.
9. Зақымдалған аккумуляторды
10. Жинаққа кіретін литий-ионды
аккумуляторлар денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды заттар заңнамасы талаптарына сәйкес қарастырылады. Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы, үшінші тараптар, экспедиторлар үшін қаптамада және таңбалауда арнайы талаптар сақталуы тиіс. Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек. Сонымен қатар ұлттық ережелерді де толық қарап шығыңыз. Ашық түйіспелерді жауып, аккумуляторды қаптамаға қозғалмайтындай етіп орналастырыңыз.
11. Аккумулятор картриджін кәдеге жаратқан
кезде оны құралдан шығарып алып, қауіпсіз жерде кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды кәдеге жаратуға қатысты жергілікті ережелерді орындаңыз.
12. Аккумуляторларды тек Makita компаниясы
көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз. Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе электролит ағуына әкеп соқтыруы мүмкін.
13. Егер құрал ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, құралдағы аккумуляторды алып тастау керек.
14. Аккумулятор картриджін пайдалану кезінде
және пайдаланғаннан кейін, ол қызып, күйікке немесе төмен температуралы күйікке әкелуі мүмкін. Ыстық аккумулятор картридждерімен жұмыс істегенде сақ
15. Құралдың клеммасын пайдаланғаннан
кейін, оны бірден ұстамаңыз, ол күюге себеп болатындай ыстық болуы мүмкін.
16. Аккумулятор картриджінің клеммаларына,
саңылауларына және ойықтарына жоңқа, шаң немесе кірдің тұрып қалуын болдырмаңыз. Бұл құралдың немесе аккумулятор картриджінің сынуына немесе өнімділігінің нашарлауына алып келуі мүмкін.
17. Егер құрал жоғары вольтты электрлік қуат
желілері жанында пайдалануға жарамды болмаса, аккумуляторлық картриджді жоғары вольтты электрлік қуат желілері жанында пайдаланбаңыз. Бұл құралдың немесе аккумулятор картриджінің істен шығуына немесе сынуына алып келуі мүмкін.
18. Аккумуляторды балалардан аулақ ұстаңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Тек түпнұсқа Makita аккумляторларын пайдаланыңыз. Түпнұсқа емес Makita аккумуляторларын немесе өзгертілген аккумуляторларды пайдалану нәтижесінде өрт, жарақат алу немесе зақымдалуға себеп болатын аккумулятор жарылуына әкелуі мүмкін. Ол сондай-ақ Makita құралы мен зарядтау құрылғысы үшін Makita кепілдігінің күшін жояды. Аккумулятордың максималды қызмет ету мерзімін сақтау бойынша кеңестер
1. Аккумулятор картриджін қуаты толығымен
таусылмас бұрын зарядтаңыз. Электр құралының қуаты аз екендігін байқаған кезде, құрал жұмысын тоқтатып, аккумулятор картриджін зарядтаңыз.
2. Толығымен зарядталған аккумулятор
картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз. Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету мерзімін қысқартады.
4. Аккумулятор картриджін пайдаланбаған
уақытта оны құралдан немесе зарядтау құрылғысынан алып тастаңыз.
5. Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт
бойы (алты айдан артық) пайдаланбаған болсаңыз, оны зарядтаңыз.259 ҚАЗАҚША БӨЛШЕКТЕР СИПАТТАМАСЫ Аккумулятор ұстағышы (қосымша керек-жарақ) ► Сурет1 1 CXT аккумулятор картриджінің аккумулятор ұстағышы 2 LXT аккумулятор картриджінің аккумулятор ұстағышы 3 CXT аккумулятор
(макс. 14,4 В / 18 В) 5 Адаптер кабелі - - - - - - ► Сурет2 1 Электр кабелі 2 Аккумулятор қалтасы 3 Қуат түймесі 4 Қыздырғыш бөлім (ішкі) 5 Ұзартқыш сым - - - - - -
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым құрылғыны өшіріңіз. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін орнатқан немесе алған кезде, аккумулятор ұстағышы мен аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз. Аккумулятор ұстағышы мен аккумулятор картриджін мықтап ұстамаған жағдайда олардың қолыңыздан сырғанап түсіп, нәтижесінде екеуінің де зақымдалуына және/немесе жарақат алуға әкеп соқтыруы мүмкін. ► Сурет3: 1. Қызыл индикатор 2. Түйме
3. Аккумулятор картриджі
4. Аккумулятор ұстағышы (қосымша
керек-жарақ) Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор картриджіндегі тілшені корпустағы жырашықпен туралап, оны орнына сырғытып салыңыз. Аккумулятор картриджін сырт еткен дыбыс естіліп, өз орнында құлыпталғанша итеріп салыңыз. Егер түйменің жоғарғы жағында қызыл индикатор көрініп тұрса, демек ол толығымен құлыпталмаған. Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің алдыңғы жағындағы түймені басып, оны аккумулятор ұстағышынан сырғытып шығарып алыңыз. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін әрдайым қызыл индикатор көрінбейтіндей етіп, толығымен орнатыңыз. Олай жасамаған жағдайда, ол аккумулятор ұстағышынан кездейсоқ түсіп кетіп, сізді немесе айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы мүмкін. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін күштеп орнатпаңыз. Егер аккумулятор картриджі жеңіл сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған. Аккумулятор ұстағышын бекіту Аккумулятор қалтасынан қуат кабелін шығарып, ұяшықты адаптер кабеліне жалғаңыз. ► Сурет4: 1. Электр кабелі 2. Ұяшық 3. Адаптер
Аккумулятор қалтасын пайдалану Аккумулятор ұстағышын (аккумулятор картриджімен) аккумулятор қалтасында сақтауға болады. Аккумулятор қалтасынан қуат кабелін шығарып, ұяшықты адаптер кабеліне жалғаңыз. Содан кейін аккумулятор ұстағышын (аккумулятор картриджімен) аккумулятор қалтасына салып, сыдырма ілгекті
► Сурет5 САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор ұстағышын (аккумулятор картриджімен) аккумулятор қалтасында салғаннан кейін ілгекті бекіткеніңізге көз жеткізіңіз. Аккумулятор ұстағышындағы белдік ілмегін бұрандаларды алу арқылы ажыратуға болады. ► Сурет6: 1. Бұранда 2. Белдік ілмегі Ұзартқыш сымды пайдалану Аккумулятор ұстағышын аккумулятор қалтасынан шығарсаңыз, қуат сымының ұяшығы мен адаптер кабелінің ашасы арасындағы ұзартқыш сымды
► Сурет7: 1. Ұзартқыш сым 2. Электр кабелі
НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Ұзартқыш сымды пайдалану кезінде аккумулятор ұстағышы абайсызда түсіп қалуы мүмкін болғандықтан, оны мұқият қолданыңыз.260 ҚАЗАҚША Аккумулятор ұстағышындағы белдік ілмегін пайдалану Аккумулятор ұстағышын бел буатын белдікке тағатын болсаңыз, аккумулятор ұстағышының белдік ілмегін бел буатын белдікке бекітіңіз. Содан кейін адаптер кабелінің ұяшығын аккумулятор ұстағышына жалғап, адаптер кабелінің ашасын қуат кабелінің ашасына жалғаңыз. ► Сурет8: 1. Белдік ілмегі 2. Аккумулятор ұстағышы 3. Бел буатын белдік
4. Адаптер кабелі 5. Электр кабелі
Аккумулятор ұстағышының түсіп қалуға жол бермейтін функциясы бар. Аккумулятор ұстағышын белдіктен алу кезінде оны босату түймесін басып тұрып, тартыңыз. ► Сурет9: 1. Босату түймесі ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ Қуат түймесі Жамылғыны іске қосу үшін барлық кабельдерді қосып, аккумулятор ұстағышындағы қуат түймесін басыңыз, содан кейін жамылғыдағы қуат түймесін бірнеше секунд басып тұрыңыз. Өшіру үшін жамылғыдағы қуат түймесін басып тұрыңыз. ЕСКЕРТПЕ: аккумулятор ұстағышындағы қуат түймесі мен қуат деңгейінің индикаторы жамылғымен бірге пайдаланылмайды. Жамылғыны пайдаланған жағдайда, тек қуат деңгейінің 4-индикаторы ғана жанады. ► Сурет10: 1. Қуат деңгейінің индикаторы ЕСКЕРТПЕ: аккумулятор ұстағышы жамылғы өшкеннен кейін шамамен 1 сағаттан кейін автоматты түрде өшеді. Температураны реттеу САҚ БОЛЫҢЫЗ: Үздіксіз жұмыс істеу үшін температура параметрін "төмен" (көк) күйіне орнатыңыз. Терінің белгілі бір бөлігі құрылғының қыздырғыш бөлімімен ұзақ уақыт жанасса, төмен температуралы күйікке ұшырау қаупі бар. Температура параметрлері үш күйден тұрады (жоғары, орташа, төмен). Жамылғыны қосқан кезде температура "жоғары" күйіне орнатылады. Қуат түймесін басқан сайын температура параметрі суретте көрсетілгендей өзгереді. Қуат түймесінің түсі ағымдағы параметрді көрсетеді. ► Сурет11: 1. Қызыл: "жоғары" 2. Ақ: "орташа"
Аккумулятордың қалған қуатын
Тек индикаторы бар аккумулятор картриджіне арналған. ► Сурет12:
1. Индикатор шамдары 2. Тексеру түймесі
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд жанып тұрады. Индикатор шамдары Қалған қуат Жанып тұру Өшірулі
75% - 100% 50% - 75% 25% - 50% 0% - 25% (Тек 14,4 В және 18 В аккумуляторлар үшін) Аккумуляторды зарядтаңыз. (Тек 14,4 В және 18 В аккумуляторлар үшін) Аккумулятор
ЕСКЕРТПЕ: Қолдану жағдайларына және қоршаған ортаның температурасына қарай көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
Аккумулятордың қорғау жүйесі Құрылғы аккумуляторды қорғау жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйе аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жылыту бөліктерінің қуат көзін автоматты түрде өшіреді. Егер аккумулятордың қалған қуаты тым төмен болса, онда құрылғы жұмыс істемейді. Құрылғыны іске қосқанда қуат жылыту бөліктеріне қайта беріледі, бірақ көп ұзамай тоқтайды. Бұл жағдайда аккумулятор картриджін шығарып алып, қайта зарядтаңыз.261 ҚАЗАҚША USB құрылғыларын қосу САҚ БОЛЫҢЫЗ: USB құрылғысын енгізетін портпен үйлесімді құрылғыларды ғана қосыңыз. Әйтпесе бұл аккумулятор ұстағышының ақаулығына себеп болуы мүмкін. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: USB құрылғысын қоспас бұрын әрдайым USB құрылғысындағы деректердің резервтік көшірмесін жасаңыз. Әйтпесе бұл деректеріңіздің жоғалуына себеп болуы мүмкін. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: аккумулятор ұстағышы кейбір USB құрылғыларын зарядтамауы
НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Пайдаланбаған кезде немесе зарядтаудан кейін USB кабелін алып тастаңыз және қақпақты жабыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Нақты шығыс тогы қосылатын USB құрылғысына байланысты өзгереді. ЕСКЕРТПЕ: Аккумулятор қуаты қуат түймесі қосулы кезде тұтынылады. Құрылғыны пайдаланбаған кезде ауыстырып-қосқышты әрдайым өшіріп жүріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Бірнеше USB құрылғысын зарядтау кезінде келесі құрылғыны зарядтауды бастаудан бұрын алдыңғы құрылғының зарядталуы аяқталғаннан кейін шамамен 10 секунд күтіңіз. Аккумулятор ұстағышы (аккумулятор картриджімен) USB құрылғылары үшін сыртқы қуат көзі ретінде жұмыс істеуі мүмкін.
1. Қақпақты ашып, USB кабелін (жинаққа кірмейді)
USB портына қосыңыз. Содан кейін құрылғыға кабельдің екінші ұшын жалғаңыз.
2. Зарядтау басталады:
Аккумулятор ұстағышын (аккумулятормен бірге) пайдаланған кезде қуат деңгейінің индикаторы жанғанға дейін, қуат түймесін басып тұрыңыз. Аккумулятор 5 В ТТ, 2,4 А қуат береді. Аккумулятор ұстағышы (аккумулятормен бірге) ► Сурет13: 1. Қақпақ 2. USB порты Пайдалану үлгілері Жамылғыдағы тойтарма түймелер мен бауларды бекіткеннен кейін, жамылғыны иығыңызды және беліңізді жылыту үшін пайдалануға болады. ► Сурет14 ► Сурет15: 1. Тойтарма түйме 2. Бау ► Сурет16: 1. Тойтарма түйме 2. Бау НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Жамылғы ішіндегі қыздырғыш элементтің зақымдалуына жол бермеу үшін, жамылғыны жастық немесе кілемше ретінде пайдалануға болмайды. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Жамылғыны иығыңызға немесе беліңізге жамылған кезде, тойтарма түймені немесе бауды бекіткеніңізге көз жеткізіңіз. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Тексеру немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуге әрекеттенбес бұрын, әрдайым жамылғының өшірулі екендігіне және аккумулятор картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Жамылғы қосылмаса немесе толық зарядталған аккумулятор картриджінде қандай да бір ақау анықталса, аккумулятор ұстағышының және аккумулятор картриджінің клеммаларын тазалаңыз. Жамылғы әлі де дұрыс жұмыс істемесе, оны пайдалануды тоқтатып, өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Жанармайды, бензинді, сұйылтқышты, спиртті немесе соған ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін. Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан орындалуы керек. Жамылғыны тазалау
- Жуудан бұрын аккумулятор ұстағышын (немесе ұзартқыш сымды) жамылғыдан ажыратыңыз.
- Электр кабелін аккумулятор қалтасына салып, жуудан бұрын сыдырма ілгекті жапқаныңызға көз жеткізіңіз.
- Белгідегі нұсқауларды орындаңыз.
- Жамылғыны басқа киімдермен бірге жууға болмайды. Әйтпесе бұл түстің оңуына немесе араласуына әкелуі мүмкін.
- Матаны жұмсартқыш құралды пайдалануға
- Тек бейтарап тазалағышты пайдаланыңыз.
- Жуғаннан кейін жамылғыны кір жуғыш машинадан бірден шығарыңыз.
Құрылғыны пайдаланбайтын кезде аккумулятор ұстағышын жамылғыдан ажыратыңыз. Жамылғыны сақтауға арналған қапта сақтаңыз. ► Сурет17: 1. Сақтауға арналған қап НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Жамылғыны жиектері өткір заттармен сақтамаңыз. Кері жағдайда жамылғыға зақым келуі мүмкін. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Аккумулятор ұстағышы мен жамылғысын құрамында нафталин немесе камфора бар репеллентпен бірге сақтамаңыз. Бұл пластик бөлшектің және кабель оқшаулағышының тоттануына себеп болуы мүмкін.262 ҚАЗАҚША
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР САҚ БОЛЫҢЫЗ: Бұл керек-жарақтар мен қондырмалар осы нұсқаулықта көрсетілген Makita құралымен бірге пайдалануға ұсынылады. Кез келген басқа керек-жарақтар мен қондырмаларды пайдалану адамдардың жарақаттануына әкелуі мүмкін. Керек-жарақты немесе қондырманы тек өз мақсатында ғана қолданыңыз. Осы керек-жарақтар туралы қосымша мәлімет алу үшін көмек қажет болса, жергілікті Makita қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Аккумулятор ұстағышы
- Makita түпнұсқа аккумуляторы және зарядтау
ЕСКЕРТПЕ: Тізімдегі кейбір элементтер стандартты керек-жарақтар ретінде құралдың қаптамасында болуы мүмкін. Олар елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.263
Notice-Facile