AdvancedDistance 50C - өлшеу құралдары BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз AdvancedDistance 50C BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Лазерлі қашықтық өлшегіш |
| Бренд | Bosch |
| Модель | AdvancedDistance 50C |
| Қуат көзі | 3 AAA LR03 батареясы (1,5 В) |
| Өлшеу диапазоны | 0,05 – 50 м |
| Өлшеу дәлдігі | ±2,0 мм |
| Лазер класы | 2 (635 нм, < 1 мВт) |
| Сәуленің дивергенциясы | < 1,5 мрад (толық бұрыш) |
| Жұмыс температурасы | -10 °C-тан +50 °C-қа дейін |
| Сақтау температурасы | -20 °C-тан +70 °C-қа дейін |
| Макс. салыстырмалы ылғалдылық | 90 % |
| Пайдаланудың макс. биіктігі | 2000 м |
| Деректерді беру | Bluetooth® Low Energy (2,4 ГГц) |
| Өлшеу функциялары | Қашықтық, аудан, көлем, үздіксіз өлшеу, жанама өлшеу, электронды деңгей, көлбеулік, қосу/алу |
| Экран | Сенсорлық экран |
| Лазерді автоматты түрде өшіру | Шамамен 20 секундтан кейін |
| Құрылғыны автоматты түрде өшіру | Шамамен 5 минуттан кейін |
| Тазалау | Жұмсақ ылғалды шүберек, еріткіштер жоқ. Линза: фотоаппарат линзасы сияқты |
| Күтім | Берілген қорғаныс қабына салып қою |
| Жөндеу мүмкіндігі | Білікті жөндеушімен түпнұсқа бөлшектермен жөндеу. Bosch сатудан кейінгі қызметі (нұсқаулықты қараңыз) |
Жиі қойылатын сұрақтар - AdvancedDistance 50C BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы AdvancedDistance 50C BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз өлшеу құралдары PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз AdvancedDistance 50C - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. AdvancedDistance 50C брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ AdvancedDistance 50C BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпараты өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сактау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе, оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық әсер етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары

Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу
құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ.
▶ Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса, бұл қауіпті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген). ▶ Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе, көздерді жұмып, басты сәуледен ары қарату керек. ▶ Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. ▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. ▶ Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Сенсорлық экран зақымдары көрінетін болса (мысалы, беттегі сызаттар және т.б.), өлшеу құралын пайдаланбаңыз. ▶ Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз. Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады. ▶ Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын Bluetooth® бен медициналық құралдар, жанармай бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын Bluetooth® бен ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Өнім және қуат сипаттамасы
Мақсаты бойынша қолдану
Өлшеу құралы қашықтықтарды, ұзындықтарды, биіктіктерді, аралықтарды, көлбеулерді өлшеуге және аудан мен аумақтарды есептеуге арналған. Өлшеу құралы ішкі аймақтарда пайдалануға арналмаған.
Бұл өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады.
Өлшеу нәтижелерін Bluetooth® арқылы басқа құрылғыларға көшіруге болады.
Көрсетілген компоненттер
Көрсетілген компоненттердің нөмірлері суреттердегі өлшеу құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді.
(1) ▲ Өлшеу түймесі (2) Сенсорлық экран (3) Тірек плита (4) Батарея бөлімінің қақпағы (5) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші (6) Сериялық нөмір (7) Лазер ескерту тақтасы (8) Лазер сәулесінің шығысы (9) Қабылдау линзасы (10) Қорғаныш қалта
Индикация элементтері
(a) Bluetooth® күйі
* Bluetooth® іске қосылған, байланыс орнатылмаған * Bluetooth® іске қосылған, байланыс орнатылған
(e) ☐ Өлшеудің негізгі жазықтығы түймесі
(f) Өлшеу мәндерінің жолақтары
(g) Нәтижелер жолағы
(h) СЖою түймесі
(i) = Μεσίρ τγήμες
(j) Bluetooth® түймeci
(k) Өлшеу функциясы түймесі
(I) ? Аныктама функциясы түймесі
(m) ▼▲ Артка/алға парақтау түймесі
(n) ↻ Артка кайту түймесі
(o) Негізгі реттеулер түймесі
(p) Ілшеу мәндерінің тізімі түймесі
(q) Сенсорлық экранды ажырату/іске қосу түймесі
Техникалық мәліметтер
| Сандык лазер қашықтық өлшегіші | Advanced Distance 50C | Advanced Distance 60C |
| Өнім нөмірі | 3 603 F72 2.. | 3 603 F72 E.. |
| Өлшеу диапазоны A) | 0,05–50 м | 0,05–60 м |
| Өлшеу дәлдігі B) | ±2,0 мм | ±2,0 мм |
| Жұмыс температурасы –10°C ... | +50°C | -10°C ... +50°C |
| Сақтау температурасы –20°C ... | +70°C | -20°C ... +70°C |
| Сандык лазер қашықтық өлшегіші | Advanced Distance 50C | Advanced Distance 60C |
| Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. | 90% | 90% |
| Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі | 2000 м | 2000 м |
| Ластану дәрежесі IEC 61010-1 стандарты бойынша | 2c) | 2c) |
| Лазер класы 2 2 | ||
| Лазер түрі 635 нм, | < 1 мВт | 635 нм, < 1 мВт |
| Лазер сәулесінің айырмашылығы | < 1,5 мрад (толық бұрыш) | < 1,5 мрад (толық бұрыш) |
| Автоматты түрде өшіру құрылғысы шамамен мына уақыттан кейін | ||
| – Лазер 20 с 20 с | ||
| – Өлшеу құралы (өлшеусіз) 5 мин 5 мин | ||
| Батареялар 3 × 1,5 В | LR03 (AAA) | 3 × 1,5 B LR03 (AAA) |
Деректерді тасымалдау
Сандык лазер қашықтық өлшегіші
Алдыңғы тұғыр 50C
A) Алдыңғы жиектен өлшеу кезінде. Тым қатты жарықтандыру, 20°C шамасынан қатты ығысатын температура немесе нашар шағылысатын үстіңгі бет сияқты қолайсыз жағдайларда өлшеу диапазоны шектеулі болуы мүмкін. B) Бұл өлшеу нысанының (мысалы, ақ түспен боялған қабырға) жоғары шағылысу мүмкіндігіне, әлсіз көмескі жарыққа және 20°C жұмыс температурасына қатысты болып келеді. Оған қоса ±0,05 мм/м ауытқуын ескеру керек. Қатты жарықтандыру, үлкен биіктіктер немесе нашар шағылысатын үстіңгі бет сияқты қолайсыз жағдайларда және 20°C жұмыс температурасында ауытқу ±4 мм құрауы мүмкін. Оған қоса ±0,15 мм/м ауытқуын ескеру керек. C) Тек қана ток өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда өру нәтижесінде ток өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. D) Bluetooth® төмен энергиялы аспаптарында модель мен операциялық жүйеге қарай байланыс орнату мүмкін болмайды. Bluetooth® аспаптары GATT профилін қолдауы керек. Өлшеу құралының фирмалық тақтайшасындағы сериялық нөмір (6) оны бірмағыналы түрде сәйкестендіруге көмектеседі.
Батареяны енгізу/алмастыру
Барлық батареяларды бір уақытта алмастырыңыз. Тек бір өндіруші ұсынған және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз. ① Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
▶ Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, одан батареяларды шығарып алыңыз. Өлшеу құралында ұзақ уақыт сақтауда жатқан батареяларды тот басуы мүмкін.
Пайдалану
Сенсорлық экранды пайдалану
Сенсорлық экран зақымдары көрінетін болса (мысалы, беттегі сызаттар және т.б.), өлшеу құралын пайдаланбаңыз.

A Дисплей күй панелі (А) және мәзір панелі (С) бар сенсорлық экран (В) аймақтарына бөлінеді. B Күй панелінде (А) Bluetooth® байланыс күйі, температура туралы ескерту және батареялардың/ C аккумуляторлардың заряд деңгейі көрсетіледі. Сенсорлық экранның (В) көмегімен
өлшеу құралын түймелерді түрту арқылы басқаруға болады.
Мәзір панелі (С) қосымша функцияларды қамтиды (мысалы, Bluetooth® функциясын қосу/өшіру, мәзір, жою).
– Сенсорлық экранды басқару үшін тек саусақты пайдаланыңыз. – Тиісті түймені (басқару түймесі) сәл түртіңіз. Сенсорлық экранды қатты күш қолданып немесе үшкір заттармен түртпеңіз. – Сенсорлық экранға басқа электрлік құрылғыларды немесе суды тигізбеңіз. – Сенсорлық экранды тазалау үшін өлшеу құралын өшіріп қойыңыз және ластанған жерлерді, мысалы, микроталшықты шуберекпен сүртіп шығыңыз.
Сенсорлық экранды ажырату/іске қосу
» Мәзірде белгісін басыңыз; сенсорлық экран басты экранда ажыратылады. Өлшеу әрекеттерін түймесі арқылы әрі қарай орындауға болады. » Сенсорлық экранды қайта іске қосу үшін басты экранда 😊 белгісін басыңыз. Содан кейін сенсорлық экранның іске қосылуын тағы бір рет растаңыз.
Icke косу
▶ Косулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан сон өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. ▶ Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. ▶ Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулар жағдайында алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлап түсуден сақтаңыз. Өлшеу құралына қатты сыртқы әсерлер тигеннен кейін, жұмысты жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексерісін (қараңыз „Дәлдік тексерісі“, Бет 317) орындау керек.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралы мен лазерді қосу үшін түймесін басыңыз. Өлшеу құралын өшіру үшін түймесін басып тұрыңыз.
Егер шамамен 5 минут ішінде өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшіп қалады.
Өшірген кезде, жадтағы барлық мәндер сақталады.
Өлшеу процесі
Қосылғаннан кейін өлшеу құралы ұзындық өлшеу функциясында тұрады.
Өлшеудің негізгі жазықтығы ретінде қосылғаннан кейін, өлшеу құралының артқы жиегі таңдалады. Негізгі жазықтықты өзгертуге болады. (қараңыз „Негізгі жазықтықты таңдау“, Бет 314)
Өлшеу құралын өлшеудің қажетті бастапқы нүктесіне (мысалы, қабырғаға) қойыңыз. Лазер сәулесін қосу үшін түймесін қысқаша басыңыз. Лазер сәулесімен мақсатты жазықтықты белгілеңіз. Өлшеуді іске қосу үшін түймесін қайтадан қысқаша басыңыз.
Ұзақтықты өлшеу функциясында өлшеу, түймесін алғаш рет басқаннан кейін бірден басталады.

Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals
314|Қазақ
i Өлшеу кезінде өлшеу құралын жылжыту мүмкін емес (үздіксіз өлшеу мен еңісті өлшеу функцияларының ерекшеліктері). Сондықтан өлшеу құралын мүмкіндігінше берік тіреу немесе жанасу бетіне қойыңыз.
i Қабылдау линзасы (9) мен лазер сәулесінің шығысын (8) өлшеу кезінде жабуға болмайды.
Өлшеу үшін негізгі жазықтықты таңдау
Өлшеу үшін әртүрлі негізгі жазықтықтардың арасынан таңдауға болады:

өлшеу құралының артқы жиегі (мысалы, қабырғаға орналастырғанда)

180°-қа қайырылған тірек плитаның (3) ұшы (мысалы, бұрыштарда өлшеу үшін)

өлшеу құралының алдыңғы жиегі (мысалы, үстел жиегінен өлшегенде)

Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals
Негізгі реттеулер мәзірі
Негізгі реттеулер мәзірінде төмендегі негізгі реттеулер бар:
- Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
- Bluetooth® функциясын қосу/өшіру – Еңісті өлшеу функциясын калибрлеу (қараңыз „Дәлдік тексерісі“, Бет 317)
» Мәзірді шақыру үшін түймесін, ал Негізгі реттеулер мәзірін шақыру үшін түймесін басыңыз. » Функцияны іске қосу немесе ажырату үшін қалаулы түймені басыңыз.
→ Функция іске қосылған болса, функция ақ белгі ретінде көрсетіледі. Функция ажыратылған болса, функция сұр белгі ретінде көрсетіледі.
» Негізгі реттеулер мәзірінен шығу үшін түймесін басыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals
Өлшеу функциялары
Элшеу функцияларын таңдау/өзгерту
Функциялар мәзірінде төмендегі функциялар бар:
- Ұзындықты өлшеу - Жазықтықты өлшеу
- Көлемді өлшеу
- Ұзақтықты өлшеу - Жанама қашықтықты өлшеу
- Жанама биіктікті өлшеу
- Қос жанама биіктікті өлшеу - Жанама ұзындықты өлшеу
- Сандық ватерпас
- Еңісті өлшеу
- Қосу/алу » (k) түймесін басып, қажетті функцияны басыңыз.
Беттер арасында ауысу үшін ▲ немесе ▼ түймесін басыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals
Кіріктірілген анықтама функциясы ?

Өлшеу құралына кіріктірілген анықтама функциясы бөлек өлшеу функцияларына/өлшеу процестеріне егжей-тегжейлі анимацияны ұсынады.
» Функциялар мәзірін ашыңыз. » ? түймесін басыңыз. » Қажетті функцияны басыңыз.
→ Анимацияда таңдалған өлшеу функциясы бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар көрсетіледі.
» Анимацияны тоқтата тұру үшін түймесін, ал анимацияны жалғастыру үшін түймесін басыңыз. және түймелерінің көмегімен алға немесе артқа айналдырып өтуге болады.
Ақырғы мобильді құрылғыға деректерді тасымалдау үшін Bluetooth® интерфейсін іске қосу
√ Ақырғы мобильді құрылғыда Bluetooth® интерфейсінің белсенді болуын қамтамасыз етіңіз. » ✝ түймесін басыңыз.
(a)
Bluetooth® белгісі күй панелінде (А) көрсетіледі (а).
Функциялар көлемін кеңейту үшін Bosch қолданбаларын пайдалануға болады. Оларды ақырғы мобильді құрылғыға байланысты тиісті қолданба дүкендерінен жүктеп алуға болады.
Bosch қолданбасын іске қосқаннан кейін ақырғы мобильді құрылғы мен өлшеу құралының арасында
байланыс орнатылады. Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса, жарамды өлшеу құралын сериялық нөмірі бойынша таңдаңыз. Сериялық нөмірді (6) өлшеу құралының фирмалық тақтайшасында табуға болады.
» Bluetooth® функциясын ажырату үшін түймесін басыңыз немесе өлшеу құралын өшіріңіз.
Дәлдік тексерісі
Еңісті өлшеу дәлдігін және қашықтықты өлшеу функциясын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals
Қате туралы хабар

Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Ақаулық анықталса, дисплейде тек іргелес белгі көрсетіледі және өлшеу құралы өшіп қалады. Бұл жағдайда өлшеу
құралыңызды сатушыңыз арқылы Bosch қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Қабылдау линзасына (9) көзілдірікке немесе фотоаппарат объективіне күтім көрсеткендей күтім көрсетіңіз.
Жөндеу қажет болғанда, өлшеу құралын қорғаныш қабына (10) жіберіңіз.
Тұтынушыларға қызмет көрсету және пайдалану бойынша кеңес беру
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және күтім, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы бөлшектер бойынша деректерді келесі сайттан таба аласыз:
www.bosch-pt.com
Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.
Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті
түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім нөмірін атаңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы 050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Сервистік орталықтардың мекенжайларын мына жерден таба аласыз:
Өлшеу құралын, аккумуляторын/батареяларын, оның жабдықтары мен орамасын қоршаған ортаны қорғайтын ретте кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Өлшеу құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Әрі қарай пайдалануға жарамайтын өлшеу құралдарын және ақаулы немесе тозып біткен аккумуляторларды/батареяларды бөлек кәдеге жарату керек. Арнайы қоқыс жинау жүйелерін пайдаланыңыз.
Лайықсыз түрде кәдеге жаратылған жағдайда, ескі электр және электрондық құралдар, оларда қауіпті заттардың бар болуы ықтималдығы себебінен, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына қауіпті түрде әсер етуі мүмкін.
kk Осымен Robert Bosch Power Tools GmbH компаниясы AdvancedDistance 50C / AdvancedDistance 60C түріндегі радио жабдықтарды 2014/53/EU директивасына сайлығын мағлұмдайды. ЕО сәйкестік мағлұмдамасы төмендегі интернет мекенжайында қолжетімді: