MAKITA MW001G - Микротолқынды пеш

MW001G - Микротолқынды пеш MAKITA - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MW001G MAKITA PDF форматында.

📄 328 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice MAKITA MW001G - page 291
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MW001G MAKITA

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Микротолқынды пеш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MW001G - MAKITA және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MW001G брендінің MAKITA.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MW001G MAKITA

Техникалық сипаттамалар

Улгі: MW001G
Номиналды кернеу 36 В - 40 В ТТ макс.
Микротолқынды куат 500 Вт * / 350 Вт
Өлшемдері (ені х ұзындығы х биіктігі)Габариттері 343 мм x 318 мм x 338 мм(аккумулятор картриджі салынбаған кезде)(сабы түсірілген кезде)
Камера 255 мм x 241 мм x 120 мм
СЫЙЫМДЫЛЫГЫ 8 л
Жұмыс жилігі 2 450 МГц
Таза салмағы 8,7 кг(аккумулятор картриджі салынбаған кезде)
USB куат порты А түрі / шығыс кернеу. 5 Вт.т. / шығыс ток 2,4 А т.т. (макс.)

* 500Вт микротолкынды куат уакытша кушейту функциясы болып табылады. 8 минуттай еткен соң, ол автоматты түрде 350 Вт микротолкынды куатка ауысады.

- Зерттеу мен өзірлеудің үздіксіз бағдарламасына байланысты осы құжаттағы техникалық сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

• Техникалық сипаттамалары әр елде әр түрлі болуы мүмкін.

Жарамды аккумулятор картриджі мен зарядтау кұрылғысы

Литий-ион аккумулятор(аккумулятор картриджі)BL4020 / BL4025 / BL4040 / BL4050F / BL4080F
Зарядтау құрылғысыDC40RA / DC40RB / DC40RC
  • Жоғарыда берілген аккумулятор картридждері мен зарядтау құрылғыларының кейбірі сіздің тұрып жатқан жеріңізге байланысты қолжетімсіз болуы мүмкін.

⚠️ECKEРТУ: Тек жоғарыда аталған аккумулятор катридждері мен зарядтау құрылғыларын ғана пайдаланыңыз. Аккумулятор картридждері мен зарядтау құрылғыларының басқа түрлерін пайдалансаңыз, жаракат алуыңыз және/немесе өрт шығуы мүмкін.

Сым аркылы жалғанатын ұсынылған куат көзі

Портативті куат беру блогыPDC1200

- Жоғарыда берілген сым арқылы жалғанатын куат көз(дер)і тұрып жатқан жеріңізге байланысты қолжетімді болмауы мүмкін.

- Сым арқылы жалғанатын қуат көзін пайдаланудың алдында нұсқаулықты және ондағы ескерту белгілерін оқып шығыңыз.

Есептелген жумыс уақыты

Аккумулятор картриджі (толығымен зарядталған)500 Вт350 Вт
BL4020 x 26 мин11 мин
BL4025 x 28 мин14 мин
BL4040 x 215 мин21 мин
BL4050F x 222 мин30 мин
BL4080F x 235 мин48 мин
PDC120084 мин113 мин

ЕСКЕРТПЕ: Мәндер шамалап көрсетілген және қуаттау статусына және пайдалану жағдайына қарай әртүрлі болуы мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ: Бір аккумулятормен пайдаланған кездегі есептелген жұмыс уақыты екі аккумулятормен пайдаланған кездегі мерзімнің жартысына жуығын құрайды.

Колдану мақсаты

Кұрылғы тамақты ысытуға арналған.

Маңызды сақтық шаралары

ЕСКЕРТУ: бул кұрылғыға тек білікті сервистік персонал ғана қызмет көрсетуі керек. Тексеру, жәндеу немесе реттеу жұмыстарын ең жақын жердегі мақүлданған сервистік орталыққа тапсырыңыз.

ЕСКЕРТУ: есігі ашык түрса, бул кұрылғыны пайдаланбаңыз, өйткені есігі ашык түрган микротолқынды пештен шықкан энергия адамға зиян келтіруі мүмкін.

ЕСКЕРТУ: есік (майыскан), топсалар (сынған немесе босаған), есік тығыздағыштары немесе тығыздағыш беті зақымдалған болса, микротолқынды пешті білікті адам жөндегенге дейін пайдалануға болмайды.

ЕСКЕРТУ: білікті адамнан баска кез келген адамның микротолқынды энергияның әсерінен қорғайтын қандай да бір жабынды шешіп алу сияқты сервистік немесе жәндеу жұмысын білікті адам орындамаса, адам денсаульғына қауіп төнеді.

ЕСКЕРТУ: бул кұрылғыны нұсқаулықта сипатталған мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТУ: бүл құрылғыда коррозия беретін химиялық заттарды немесе буларды пайдалануға болмайды.

ЕСКЕРТУ: құрылғының бүл түрі тамақ ысытуға, пісіруге немесе құрғатуға арналған. Ол өндірістік немесе зертханалық мақсатта пайдалануға арналмаған.

ЕСКЕРТУ: сүйықтықтарды немесе басқа тамақты жабық контейнерде қыздыруға болмайды, себебі олар жарылуы мүмкін.

  1. Осы кұрылғы тұрмыста және келесідей ұқсас орындарда пайдалануға арналған:

• дукендер, кенселер және басқа жұмыс орындарының қызметкерлерге арналған ас үй бөлмелері;

- шаруа үйлері;

- қонақүй, мотель және басқа тұруға арналған орындардың клиенттері үшін; - шағын қонақүйлер.

  1. Кұрылғы үстіне отырмаңыз және оны аяқпен баспаңыз. Құрылғының үстіне заттар қоймаңыз.

  2. Бул құрылғыны 8 жасқа толған балалар және физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдар құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар алған, бақыланған және қауіп-қатерді түсінген жағдайда пайдалана алады.

  3. Балалар күрылғымен ойнамауы тиіс.

  4. Түтін байқалса, кез келген отты басу үшін құрылғыны өшіріп, аккумуляторларды шығарыңыз және есікті ашпаңыз.

  5. Камерада тамак жок болғанда, кұрылғыны пайдаланбаңыз. Әйтпесе кұрылғыға зақым келуі мүмкін.

  6. Пеш есігінің әйнегін теспеңіз. Оның салдарынан микротолқын шығады.

  7. Курылғыны шкаф сияқты жабық орындарда пайдаланбаңыз.

  8. Кұрылғыны тегіс және орнықты бетке қойыңыз.

  9. Кұрылғыны іліп пайдалануға болмайды. Кұрылғыны тасудан басқа, сапты ешбір мақсатта пайдалануға болмайды.

  10. Курылғыны тасыған кезде, аккумуляторды шығарып алыңыз.

  11. Пайдаланған кезде, құрылғыны қозғамаңыз.

  12. Кұрылғыны жаңбыр астына қойып пайдаланбаңыз. Кұрылғыны сулауға болмайды. Кұрылғыға су тиіп кетсе, оны сатудан кейінгі бөлімшемізге тексертіп алыңыз.

  13. Бул кұрылғыны сыртта сақтамаңыз. Бул өнімді судың жанында, мысалы, ас үй жуғышы жанында, ылғалды жертөледе, бассейннің жанында немесе ұқсас орындарда пайдаланбаңыз.

  14. Ток соғу қаупін азайту үшін құрылғыны су немесе басқа сұйықтыққа салмаңыз. Құрылғыны құлап кетуі мүмкін, не болмаса ваннага немесе жұғышқа тартылып құлауы мүмкін жерге қоймаңыз немесе сақтамаңыз.

  15. Курылғы соғылса немесе құлап кетсе, құрылғыны сатудан кейінгі бөлімшемізге дер кезінде жіберіп тексертіңіз және жәндегіңіз.

  16. Курылғыдағы ешбір тесікті жаппаңыз немесе бөгемеңіз.

  17. Жангыш заттар мен жарылғыш заттарды, әсіресе құрғақ мүзды қыздыруға тыйым салынады.

  18. Микротолқынды пештерде қолдануға арналған ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.

  19. Микротолкынды пеште пісіргенде, ас пен сусындарға арналған металл контейнерлерді пайдалануға болмайды.

  20. Асты пластик немесе қағаз контейнерлерде қыздырған кезде, пешті қадағалап отырыңыз. Контейнер түтанып кетуі мүмкін.

  21. Су, кофе немесе шай сиякты сүйықтықтар қайнап жатқандай көрінбесе де, қайнау температурасынан жоғары қызып кетуі мүмкін. Контейнерді микротолқынды пештен алған кезде, көпіршіктену немесе қайнау жағдайы әрдайым көзге көріне бермейді. БЎНЫІН САЛДАРЫНАН КОНТЕЙНЕР ҚОЗГАЛГАНДА НЕМЕСЕ ЫДЫС СЎЙЫКТЫҚҚА САЛЫНғАНДА, ӨТЕ ЫСТЫҚ СЎЙЫКТЫҚТАР КЕНЕТ ЫДЫСТАН АĞУЫ МУМКІН.

  22. Күйіп қалмау үшін тамақтандыру бөтелкелері мен балалар тамағы банкаларының ішіндегісін ішер алдында араластыру немесе шайқау және температурасын тексеру қажет.

  23. Кабығы аршылмаған жұмыртқаларды және түтас пісірілген жұмыртқаларды микротолқынды пештерде қыздыруға болмайды, себебі олар микротолқынды пеште қыздырылып болған соң да жарылуы мүмкін.

  24. Тутанғыш және жанғыш заттарды кұрылғының жанына қоймаңыз.

  25. Кұрылғы істеп түрған кезде, микротолқынды пеште пісіп жатқан астың жағдайын әрдайым бақылап отырыңыз. Ас пісіру уақытын дұрыс орнатыңыз. Ас пісіру уақытын асырып жіберсенçіз, өрт шығуы мүмкін.

  26. Құрамында суы аз жеңіл-желпі тамақты пісіру барысында, түрлі заттардың микротолқынды сіңіру қабілеті әртүрлі болғандықтан, тамақ әркелкі қыздырылып, бір жері суық, бір жері жылы болуы мүмкін. Бүл — қалыпты жағдай.

  27. Катты қыздырылса, аз мөлшерdegі тамақ немесе ылғалдылығы аз тамақ құрған кетуі, күйіп қалуы немесе жануы мүмкін.

  28. Микротолқынды пеште киімді, газеттерді немесе басқа материалдарды құргатуға болмайды, тамақ дайындау үшін газет немесе қағаз пакеттерді пайдалануға болмайды.

  29. Çaғаз немесе пластик пакетті микротолқынды пешке салмай тұрып, пакеттегі сымдарды алып тастаңыз.

  30. Камераны сақтау мақсатында пайдаланбаңыз. Пайдаланбаған кезде, камерада аккумуляторды, қағаз өнімдерін, ыдыс-аяқты немесе тамақты қалдырмаңыз.

  31. Сусындарды микротолқынды пеште қыздырсаңыз, сусын кешігіп қайнауы және жан-жаққа шашырауы мүмкін, сондықтан контейнерді абайлап ұстау керек.

  32. Камераны өткір құралдармен (мысалы, металл қырғыш, қалақ, қасық, т.б.) тазалауға болмайды.

  33. Есіктің тығыздағышын, камераны және оған жанасатын бөліктерді тазалаңыз. Толық мөліметті тазалау туралы бөлімнен қараңыз.

  34. Құрылғы таза ұсталмаса, беті нашарлауы мүмкін. Бүл Құрылғының қызмет ету мерзіміне теріс әсер етіп, қауіпті жағдайға себеп болуы мүмкін.

  35. Кұрылғының бетіне ерітіндіні қолданбаңыз, коррозия пайда болуы мүмкін.

  36. Кұрылғыны бутазартқышпен тазалауға болмайды.
  37. Аккумулятор картриджін кәдеге жаратқан кезде оны құралдан шығарып алып, қауіпсіз жерде кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды кәдеге жаратуға қатысты жөргілікті ережелерді орынданыз.
  38. Курылғы узак уақыт бойы пайдаланылмай сақталатын болса, аккумуляторларды алып тастау керек.
  39. Аккумулятор картриджін түйықтамаңыз.
  40. Зарядтау алдында қайта зарядталатын аккумуляторларды құрылғыдан алу қажет.
  41. Аккумуляторларды дұрыс полярлығымен салу керек.
  42. Тозған аккумуляторларды құрылғыдан алып, оларды қауіпсіз түрде кәдеге жарату қажет.

Аккумулятормен жұмыс істейтін құрылғыға арналған қауіпсіздік бойынша ескертулер

Аккумулятормен жұмыс істейтін құрылғыны пайдалану және күтім көрсету

  1. Кездейсок іске қосылуды болдырмаңыз. Аккумулятор жинағын жалғамас бұрын, құрылғыны жинамай тұрып немесе тасымалдамас бұрын, ауыстырып- қосқышы өшірулі күйде екеніне көз жеткізіңіз. Құрылғыны саусағыңызды ауыстырып-қосқышына қойып тасымалдау немесе ауыстырып-қосқышы қосулы құрылғыны куат көзіне қосу жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
  2. Кандай да бір түзетулер жасау, керек-жарактарды ауыстыру немесе құрылғыны сақтау алдында аккумулятор жинағын құрылғыдан ажыратыңыз. Осындай алдын алу шаралары құрылғының кездейсок іске қосылу қаупін азайтады.
  3. Тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
  4. Жабдыктарды тек көрсетілген аккумулятор блоктарымен ғана пайдаланыңыз. Кез келген басқа аккумулятор блоктарын пайдалану жаракат алу мен өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
  5. Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде, оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының қысқа түйықталуы күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.

  6. Дурыс пайдаланбаған кезде аккумулятордан сүйықтық ағуыі мүмкін; тиіп кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеніз, сумен шайыңыз. Егер сүйықтық көзге тиген болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сүйықтық тітіркену немесе күйікке себеп болуыі мүмкін.

  7. Зақымдалған немесе өзгертілген аккумулятор блогын немесе құрылғыны пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс немесе жақақат алу қаупіне әкелетін күтпеген жағдайлар түындауы мүмкін.
  8. Аккумулятор блогын немесе кұрылғыны от не шамадан тыс жоғары температура әсерінен сақтаңыз. От немесе 130 °С шамасынан жоғары температура әсері жарылысқа әкелуі мүмкін.
  9. Зарядтауга қатысты нұсқаулардың барлығын орынданыз және аккумулятор блогын немесе құрылғыны көрсетілген температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамау немесе көрсетілген ауқымнан тыс температурада зарядтау аккумуляторды закымдауы және өрт шығу қаупін арттыруы мүмкін.
  10. Жөндеу жұмыстарын білікті маман тек тиісті қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып орындауы тиіс. Бүл өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
  11. Кұрылғыны немесе аккумулятор жинағын пайдалану және күтім көрсету нұсқауларында сипатталғаннан басқа жолмен өзгертуге немесе жәндгеуге әрекет етпеніз.

Аккумулятор картриджіне арналған маңызды қауіпсіздік нұсқаулары

  1. Аккумулятор картриджін пайдаланбас бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы және (3) аккумуляторды пайдаланатын өнімдегі барлық нүсқаулар мен ескерту білгілерін оқып шығыңыз.
  2. Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз. Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.
  3. Егер аккумулятор картридждің пайдалану уақыты бірталай қыскарған болса, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бүл қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
  4. Егер электролит көзіңізге тиген болса, көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Бүл көру қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы мүмкін.
  5. Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір бірімен матастырмаңыз:

(1) Клеммаларды кез келген ток өткізгіш материалдарға тигізбеніз.

(2) Аккумулятор картриджін ішінде шегелер, тиындар, т.б. баска металл заттары бар контейнерде сақтамаңыз.
(3) Аккумулятор блогын суға салмаңыз немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің түйықталуы үлкен ток ағынының пайда болуына, қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті бұзылуға себеп болуы мүмкін.

  1. Кұрылғыны және аккумулятор картриджін температурасы 50 °C (122 °F) шамасындағы немесе одан асатын жерлерде сақтамаңыз және пайдаланбаңыз.
  2. Аккумулятор блогы қатты зақымдалған немесе толығымен тозған болса да, оны отқа жақпаңыз. Аккумулятор блогы отта жарылып кетуі мүмкін.
  3. Аккумулятор картриджін шегелеуге, кесуге, басуға, лақтыруға, құлатуға немесе оны қатты затпен согуға болмайды. Бүл әрекеттер өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.
  4. Зақымдалған аккумуляторды пайдаланбаңыз.
  5. Жинаққа кіретін литий-ионды аккумуляторлар денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды заттар заңнамасы талаптарына сәйкес қарастырылады. Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы, үшінші тараптар, экспедиторлар үшін қаптамада және таңбалауда арнайы талаптар сақталуы тиіс. Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек. Сонымен қатар үлттық ережелерді де толық қарап шығыңыз. Ашық түйіспелерді жауып, аккумуляторды қаптамаға қозғалмайтындай етіп орналастырыңыз.
  6. Аккумулятор картриджін кәдеге жаратқан кезде, оны құрылғыдан шығарып алып, қауіпсіз жерде кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды кәдеге жаратуға қатысты жертілікті ережелерді орынданыз.
  7. Аккумуляторларды тек Makita компаниясы керсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз. Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе электролит ағуына әкеп соктыруы мүмкін.
  8. Егер кұрылғы үзак ұакыт бойы пайдаланылмайтын болса, кұрылғыдағы аккумуляторды алып тастау керек.
  9. Аккумулятор картриджін пайдалану кезінде және пайдаланғаннан кейін, ол қызып, күйікке немесе төмен температуралы күйікке әкелуі мүмкін. Ьстық аккумулятор картридждерімен жұмыс істегенде сақ болыңыз.
  10. Пайдаланғаннан кейін құрылғының клеммасын бірден ұстамаңыз, ол куюге себеп болатындай ыстық болуы мүмкін.

  11. Аккумулятор картриджінің клеммаларына, саңылауларына және ойықтарына жоңка, шаң немесе кірдің тұрып қалуын болдырмаңыз. Бүл құрылғының немесе аккумулятор картриджінің өнімділігінің нашарлауына немесе сынуына алып келуі мүмкін.

  12. Курылғы жоғары вольтты электрлік куат желілері жанында пайдалануға жарамды болмаса, аккумуляторлық картридждіжоғары вольтты электрлік куат желілері жанында пайдаланбаңыз. Бүл кұрылғының немесе аккумулятор картриджінің істен шығуына немесе сынуына алып келуі мүмкін.
  13. Аккумуляторды балалардан аулақ устаңыз. ОСЫ НУСКАУЛАРДЫ САКТАНЫЗ.

⚠️САҚ БОЛЫНЫЗ: Тек түпнұсқа Makita аккумуляторларын пайдаланыңыз. Түпнұсқа емес Makita аккумуляторларын немесе өзгертілген аккумуляторларды пайдалану нәтижесінде өрт, жаракат алу немесе зақымдалуға себеп болатын аккумулятор жарылуына әкелуі мүмкін. Ол сондай-ақ Makita құрылғысы мен зарядтау құрылғысы үшін Makita кепілдігінің қүшін жояды.

Аккумулятордың максималды қызмет ету мерзімін сақтау бойынша кеңестер

  1. Аккумулятор картриджін қуаты толығымен отырмас бұрын зарядтаңыз. Құрылғының қуаты аз екендігін байқаған кезде, құрылғы жұмысын тоқтатып, аккумулятор картриджін зарядтаңыз.
  2. Толығымен зарядталған аккумулятор картриджін ешкашан қайта зарядтамаңыз. Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету мерзімін қыскартады.
  3. Аккумулятор картриджін 10 °C – 40 °C (50 °F – 104 °F) бөлме температурасында зарядтаңыз. Зарядтамас бұрын аккумулятор картриджін суытыңыз.
  4. Аккумулятор картриджін пайдаланбаған уақытта оны құрылғыдан немесе зарядтау құрылғысынан алыңыз.
  5. Егер аккумулятор картриджін узак уақыт бойы (алты айдан артық) пайдаланбаған болсаңыз, оны зарядтаңыз.

Бөлшектердің сипаттамасы

▶ Cypet1

  1. Can
  2. Баскару панелі
    Толык мәліметті келесі сипаттамадан қараңыз.
  3. Камера
  4. Ecik
    Кұрылғы есігін жауып пайдалану керек.
  5. Пеш есігінің әйнегі
  6. USB портының жабыны

  7. Фильтр жабыны

  8. Аккумулятор клеммасы

Баскару панелі

▶ Cypet2

  1. Куатты өшіру түймешігі
  2. Куатты тандау түймешігі
  3. Микротолкынды куат
  4. Жумыс уакыты / кателіктің коды
  5. Аккумулятор индикаторы
  6. Кідірту/токтату түймешігі
  7. Уакытты реттеу дискі
  8. Іске қосу түймешігі

Дыбыстық сигнал

- Кыздыру операциясы аякталған кезде:

— 2 секунд дыбыстық сигнал беріледі. Есікті ашсаңыз, дыбыстық сигнал токтайды.
— ешкандай эрекет орындалмаса, 1 минут сайын "бип, бип, бип" (1 секунд сайын бір рет) деген дауыс шығады.
— 3 минут бойы ешкандай эрекет жасалмаса, кұрылғы дыбыссыз өшеді.

- Аккумулятордың калған куаты аз болғанда:

"бип, бип, бип", "бип, бип, бип", "бип, бип, бип" дыбыстары естіледі.

- Кателік коды көрсетілгенде:

кыска, бір "бип" деген дауыс шығады.

Тыныш режим

Куат қосылған соң, тыныш режимге өту үшін "OFF" жазуы көрсетілгенше "STOP" және "START" түймешіктерін бірге басып тұрыңыз. Ескерту дыбыстарының барлығы өшіріледі. Тыныш режимнен шығу үшін "ON" жазуы көрсетілгенше, "STOP" және "START" түймешіктерін бірге басып тұрыңыз. Ескерту дыбыстарының барлығы қайта қосылады.

Кателік коды

Құрылғы ақаулық анықтаған кезде, басқару панелінде тиісті қателік коды көрсетіледі. Қателік кодына арналған бөлімді қараңыз.

Белгілер

Теменде жабдыкта пайдаланылуы мүмкін белгілер көрсетілген. Пайдалану алдында олардың мағынасын түсініп алыңыз.

MAKITA MW001G - Белгілер - 1

MAKITA MW001G - Белгілер - 2

Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығыңыз.

MAKITA MW001G - Белгілер - 3

Ескерту: Беті ыстык. Күйік шалу каупі бар. Суығанша қол тигізбеніз.

MAKITA MW001G - Белгілер - 4

MAKITA MW001G - Белгілер - 5

Ni-MH Li-ion

Тек ЕО елдеріне арналған

Жабдыкта қауіпті құрамдастардың болуына байланысты, электрлік және электрондық жабдықтардың, аккумуляторлар мен батареялардың қалдықтары қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Электрлік және электрондық құрылғыларды немесе батареяларды түрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайды!

Электрлік және электрондық жабдықтардың қалдықтары және аккумуляторлар мен батареялар және аккумуляторлар мен батареялардың қалдықтары, сондай-ақ олардың үлттық заңнамаға бейімделуі туралы Еуропалық директиваға сәйкес, электрлік жабдықтардың, батареялардың және аккумуляторлардың қалдықтары бөлек жиналуы және қоршаған ортаны қорғау ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін турмыстық қалдықтарды жинау пунктіне жеткізілуі керек. Бул жабдыққа орналастырылған айқас сызықпен сызылған деңгелекті қоқыс жәшігінің белгісі арқылы көрсетіледі.

ДАЙЫНДЫК

⚠️САК БОЛЫНЫЗ: Курылғының

функциясын реттеу немесе тексеру алдында, өрдайым құрылғының өшірулі екеніне және аккумулятор картриджінің шығарылғанына көз жеткізіңіз.

Орнату

⚠️ECKEРТУ: бул кұрылғыны тек берілген орнату нұсқауларына сәйкес орнатыңыз немесе орналастырыңыз.

  1. Букіл каптаманы алып тастаңыз. Зақым баржоғын муқият тексеріңіз. Бар болса, дереу сатушыға хабарлаңыз немесе біздің сатудан кейінгі бөлімшемізге жіберіңіз.
  2. Курылғыны орналастырыңыз.

• Курылғыны күрғақ және коррозияға

ушырамайтын орталарға қою керек, газ жанарғысы немесе су ыдысы сияқты жылу мен ылғалдан алыс сақтау керек.

  • Жеткілікті түрде желдетілуі үшін, микротолқынды пештің артқы жағы мен қабырға арасындағы қашықтық кемінде 10 см, бүйірі мен қабырға арасындағы қашықтық кемінде 2 см болуы керек.
  • Микротолкынды пеш пен теледидар, радио және антенна арасында кемінде 2 метр орын қалдырыңыз, себебі сурет бұзылуы немесе шу пайда болуы мүмкін.
  • Сапты көтеру үшін үстіңгі бетінен жоғары бос орын кемінде 10 см кұрағаны жөн.
  • Микротолкынды пешті шкаф сиякты жабык жерде пайдалануға болмайды. Микротолкынды пеш бір нәрсенің үстіне қойып пайдалануға арналған.

▶ Cypet3

ЕСКЕРТПЕ: Кұрылғыны бірінші рет пайдаланған кезде, құрылғыдан іс немесе аздап түтін шығуы мүмкін. Камерада немесе қыздыру элементінде өндірістік қалдықтар немесе май қалған болуы мүмкін. Бүл қалыпты жағдай болып табылады және бірнеше қолданыстан кейін жоғалады. Жақсылап желдетілуі үшін есікті немесе терезені ашып қойыңыз. Камерага бір кесе су қойып, куатты 500 Вт параметріне орнатып, бірнеше рет істеткен жән.

Аккумулятордың қалған қуатын көрсету

Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд жанып турады.

▶ Сурет4: 1. Индикатор шамдары 2. Тексеру түймесі

Индикатор шамдары Калған куат
Жанып тұру ӨшіруліЖыпылықтау
75% - 100%
50% - 75%
25% - 50%
0% - 25%
Аккумуляторды зарядтаныз.
Аккумулятор ақаулы болуы мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ: Қолдану жағдайларына және қоршаған ортаның температурасына қарай көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ: Аккумулятордың қорғаныс жүйесі жұмыс істегенде, бірінші (шеткі сол жақ) индикатор шамы жыпылыктайды.

Ыдыс-аяк бойынша нускаулар

⚠️ САҚ БОЛЫНЬІЗ: Металл контейнерлерді микротолқынды пеште тамақ пісіргенде және аралас пісіру кезінде мүлде пайдалануға болады. ¥шқын пайда болуы мүмкін.

Микротолқынды пеште тамақ пісіруге жарамды және қауіпсіз ыдыстарды ғана пайдаланған жән. Жалпы айтқанда, ыстыққа төзімді керамикадан, шыныдан немесе пластиктен жасалған ыдыстар микротолқынды пеште тамақ пісіруге жарайды. Төменdegі кестені анықтама ретінде пайдалануға болады.

Контейнердің материалыМикротолқынЕскертулер
Ыстыққа төзімді керамикаИә Металлжиекпен безендірілген немесе жылтыратылған керамикалық бұйымдарды мүлде пайдалануға болмайды.
Ыстыққа төзімді пластикИә Микротолқынды пеште ұзақ тамақ пісіргенде, оны қолдануға болмайды.
Ыстыққа төзімді шыныИә -
Гриль торы Жоқ -
Пластик қабықИә Ет немесе котлет пісіргенде, оны қолдануға болмайды, себебі асқын температура қабыққа зақым келтіруі мүмкін.

Иыкбау тағу

Косымша керек-жарак

⚠️САҚ БОЛЫНЬІЗ: иықбау дұрыс тағылғанына көз жеткізіңіз. Өйтпесе құрылғы кұлап кетуі мүмкін.

  1. Бауды саптағы екі тесік арқылы өткізіңіз.
  2. Баудың ілгегін салыңыз.

▶ Cypet5

Кұрылғының/аккумулятордың қорғаныс жүйесі

Құрылғы және аккумулятор қорғаныс жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйе құрылғы мен аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзарту ұшін мотордың қуат көзін автоматты түрде өшіреді. Егер құрылғы немесе аккумулятор төмендегі жағдайлардың біреуіне тап болса, құрылғы жұмыс барысында автоматты түрде төктайды.

  • Шамадан тыс жуктемеден корғаныс: құрылғы немесе аккумулятор токты тым көп тұтынатын күйінде жұмыс істеген кезде, ол ешбір көрсеткішсіз автоматты түрде тоқтайды. Бүл жағдайда құрылғыны өшіріңіз және құрылғының шамадан тыс жуктелуіне себеп болған жұмысты тоқтатыңыз. Содан кейін қайта іске қосу үшін құрылғыны қосыңыз.
  • Кызып кетуден құрғаныс: құрылғы немесе аккумулятор қызып кетсе, ол автоматты түрде төктайды. Оны қайта іске қосу алдында суытып алыңыз.

- Зарядтың шамадан тыс таусылуынан қорғаныс: Аккумулятордың қалған қуаты төмен болған кезде, құрылғы автоматты түрде төктайды. Ауыстырып-қосқыштары істеп түрса да, құрылғы жұмыс істемесе, аккумулятор картриджін құрылғыдан шығарып алып, оны зарядтаңыз.

Есік ашылған және жабылған кездегі қорғайтын функция

Пайдалану барысында есік ашылса, кұрылғы жұмысы бірден тоқтайды, камера ішіндегі шам жанады және микротолқынды пеш жұмысы тоқтап қалады. Есік жабылған соң, камераның ішіндегі жарық сөнеді. Пайдалануды жалғастыру үшін іске қосу түймешігін қайта басыңыз.

Бағдарлама істеп түрган кезде есік ашылса және 3 минут бойы жабылмаса, құрылғы бағдарламадан шығып, өшеді.

Есік жабылмаса, операция басталмайды. Есік ашық түрганда іске қосу түймешігі басылса, зуммер бір рет сигнал береді және келесі код көрсетіледі: F09.

Еңкейтуге қарсы қорғаныс

Еңкейтілген кезде, құрылғы істей алмайды. Құрылғы еңкейтіліп түрса, келесі қателік коды көрсетіледі:

F01. Курылғыны көлденең қойып, операцияны қайта бастаңыз.

Сондай-ак қорғау жүйесі құрылғыны зақымдайтын басқа ақаулардан қорғау үшін жасалған және құрылғыны автоматты түрде төктатуға мүмкіндік береді. Құрылғы уақытша төктап немесе жұмыс кезінде төктап қалса, ақауларды жою үшін келесі қадамдардың барлығын орынданыз.

Қателік коды көрсетілгенде, қателік кодтары туралы бөлімді қараңыз.

  1. Кұрылғыны өшіріңіз, содан кейін қайта іске қосу үшін оны қайтадан қосыңыз.
  2. Аккумулятор(лар)ды зарядтаңыз немесе оны/оларды қайта зарядталған аккумулятор(лар) мен ауыстырыңыз.
  3. Курылғы мен аккумулятор(лар)ды суытыңыз.

Корғау жүйесін қалпына келтіру арқылы жағдай жақсармаса, біздің сатудан кейінгі бөлімшемізге хабарласыңыз.

Сым арқылы жалғанатын куат көзімен құрылғыны пайдалану

Сым арқылы жалғанатын қуат көзін пайдаланудың алдында нұсқауларды және ондағы ескерту белгілерін оқып шығыңыз.

⚠️ ECKEРТУ: Құрылғыны сым арқылы жалғанатын қуат көзімен пайдаланған кезде сым арқылы жалғанатын қуат көзін тұрақты бетке қойыңыз. Құрылғы қозғалмаған күйде пайдаланылады. Арқаңызға салып, тасып келе жатқан сым арқылы жалғанатын қуат көзін пайдалану құлауға әкелуі мүмкін.

ПАЙДАЛАНУ ЖОЛЫ

⚠️САҚ БОЛЫНЬІЗ: Аккумулятор картриджін орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым құрылғыны өшіріңіз.
⚠️САҚ БОЛЫНЫЗ: Аккумулятор картриджін орнатқан немесе алған кезде құрылғыны және аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз.

Құрылғыны және аккумулятор картриджін мыктап ұстамағаннан олар қолыңыздан сырғанап түсіп, нәтижесінде ұрылғының және аккумулятор картриджінің зақымдалуына және жеке жаракат алуға әкеп соқтыруы мүмкін.

Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор картриджіндегі тілшені корпустағы жырашықпен туралап, оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз. Егер түйменің жоғарғы жағында қызыл индикатор көрініп тұрса, демек ол толығымен құлыпталмаған.

Аккумулятор картриджін шығару үшін картридждің алдыңғы жағындағы түймені сырғыту арқылы оны кұралдан сырғытып шығарып алыңыз.

⚠️САҚ БОЛЫНЬІЗ: Аккумулятор картриджін өрдайым қызыл индикатор көрінбейтіндей етіп, толығымен орнатыңыз. Олай жасамаған жағдайда, ол құралдан кездейсок түсіп қалып, сізді немесе айналаңыздағы адамдарды жаракаттауы мүмкін.
⚠️САҚ БОЛЫНЫЗ: Аккумулятор картриджін күштеп орнатпаңыз. Егер картридж женіл сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.

ЕСКЕРТПЕ: Екі аккумулятор картриджін орнатуға болады, бірақ кұрал бір аккумулятор картриджінің қуатымен істейді.

Екі аккумулятор орнатылса, құрылғы алдымен суретте көрсетілген оң жақтағы батареяның қуатын пайдаланады.

Herizrì операция

Курылғыны косу/өшіру

Құрылғыны бір дыбыстық сигналмен қосу үшін куатты өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғыны іске қосқан соң, басқару панелінде әдепкіде 500 Вт микротолқынды куат, 0 жұмыс уақыты және аккумулятор куаты туралы ақпарат көрсетіледі, сондай-ақ түймешік шамдарының барлығы жанып тұрады.
3 минут ішінде баска әрекет жасалмаса, ол автоматты түрде өшеді және дисплей экраны мен түймешік шамдары сәніп өшірулі күйге өтеді.

Куат қосылған соң, кез келген қүйде, соның ішінде қыздыру қүйінде өшіру үшін қуатты өшіру түймешігін басыңыз.

Кыздыру операциясы

Кыздыру куатының екі деңгейі бар, ягни 500 Вт және 350 Вт.

500 Вт және 350 Вт куаттарын ауыстырып қосу үшін куатты тандау түймешігін басыңыз. Басқару панелінде тиісті деңгей көрсетіледі.

Куат таңдалған соң, уақытты арттыру үшін уақытты реттеу құлағын сағат тілі жүрісіне сай, ал азайту үшін сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта бұраңыз. Орнатуға болатын максималды уақыт — 20 минут.

Куат деңгейі мен уақыт таңдалған соң, микротолқынды пеште қыздыра бастау үшін іске қосу түймешігін басып қалыңыз. Қыздырып болған соң, дыбыстық сигнал беріліп операцияның аяқталғанын хабарлайды.

Микротолқынды пеште қыздыра бастаған соң, қыздыруды кідірту үшін кідірту/токтату түймешігін басып қалыңыз.

Кідіріс кезінде операцияны жалғастыру үшін іске қосу түймешігін басып қалыңыз.

Кідіріс кезінде операциядан шығу үшін кідірту/ токтату түймешігін басып қалыңыз. Қалған уақыт нөлденеді және құрылғы күту режиміне өтеді.

НАЗАР САЛЬІНЫЗ: операция орындалып болған бойда аккумулятор картридждерін шығару әрекетін қайталамаңыз. Осыны бірнеше рет жасасаңыз, құрылғы істен шықпайды, бірақ осылай жалғаса берсе, қателік орын алуы мүмкін.

Кұрылғының суыту желдеткіші бар.

Операциядан кейін құрылғыны суыту үшін суыту желдеткіші іске қосылуы мүмкін. Суыту желдеткіші істеп тұрганда, ауанын үрлену дыбысы шығады. Бүл құрылғының қате істеп тұрганын білдірмейді.

ЕСКЕРТПЕ: Кыздыру барысында кыздыру уақытын реттеуге болады.

ЕСКЕРТПЕ: Кыздыру барысында шығыс куатын ауыстыру мүмкін емес.

Куат деңгейінің күйі

Баскару панеліндегі аккумулятор индикаторларында көрсетілген жолаç саны қалған аккумулятор қуатын білдіреді.

Аккумулятор индикаторларыҚалған қуат
Жанып тұруӨшірулі
Қалған қуат 75%-ға тең немесе одан артық.
Қалған қуат 50%-ға тең немесе одан артық және 75%-дан кем.
MAKITA MW001G - Куат деңгейінің күйі - 1Қалған қуат 25%-ға тең немесеодан артық және 50%-дан кем.
MAKITA MW001G - Куат деңгейінің күйі - 2Қалған қуат 25%-дан кем.
MAKITA MW001G - Куат деңгейінің күйі - 3Қуат жоқ (аккумулятордықуаттаңыз).
[К2ТН]Жыпылықтап түрАккумуляторды қуаттаңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Аккумулятор куаты бар болса да, баскару панелі жыпылыктап куаттауды сұрауы мумкін. Бүл құрылғының қате істеп түрганын білдірмейді.

Кей аккумуляторлар техникалық спецификацияларға байланысты қуаты белгілі бір денгейден кем болғанда істей алмауы мүмкін.

Колданылатын операция

Ас даярлау бойынша кецестер

Ас даярлау нәтижесіне келесі факторлар әсер етуі мүмкін:

Азык-тулікті орналастыру

Жуан беліктерді ыдыстың сыртына қарай, жіңішке беліктерді ыдыстың ортасына қарай қойып, біркелкі салыңыз. Мумкін болса, қабаттастырманыз.

Ас даярлау уақыты

Асты қыска уақыт параметріне орнатып даярлай бастаңыз. Осы уақыт өткен соң, татып көріңіз. Қажет болса, уақытты ұзартыңыз. Шамадан көп пісіру салдарынан түтін шығуы және асыңыз күйіп кетуі мүмкін.

Тамакты біркелкі етіп пісіру

Тауык, гамбургер немесе стейк сиякты тағамдарды пісіргенде бір рет аудару керек. Тағам түріне қарай, пісіру барысында оны ыдыстың сыртынан ортасына қарай қажетінше бір немесе екі рет араластырыңыз.

Taғамдың дайындығын білу

Тағамның түсі мен қаттылығы оның дайын болып- болмағанын анықтауға көмектеседі. Белгілері:

— будың тағам шетінен ғана емес, барлық беліктерінен шығуы;
— күс буындарының оңай қозғалуы;
— доңыз немесе құс етінде қан белгілерінің байқалмауы;

— балықтың мөлдір еместігі және шанышқымен оңай кесілуі.

Кызарту выдысы

Қызарту ыдысын немесе өздігінен қыздыратын ыдысты пайдаланған кезде, құрылғыға зақым келмеуі үшін, сондай ыдыстың астына фарфор тәрелке сияқты ыстыққа төзімді оқшаулағыш қойыңыз.

Микротолқынды пеште пайдалануға болатын пластик қаптама

Құрамында майы көп тағамды пісірген кезде, пластик қаптаманы тағамға тигізбеңіз, себебі ол еріп кетуі мүмкін

Микротолкынды пеште пайдалануға болатын пластик ыдыс-аяқ

Микротолқынды пешке арналған кей пластик ыдыс-аяқ май құрамы мен қант мөлшері жоғары тағамдарды пісіруге жарамауы мүмкін. Сонымен қатар, тағамның нұсқауларында көрсетілген алдын ала қыздыру уақытынан асып кетуге болмайды.

USB

USB шыбысы — 5В тұрақты ток макс. 2,4 А, автоматты анықталады.

Кұрылғы қосылып түрғанда, USB шығыс портын пайдаланып ұялы телефонды куаттауға болады. Куаттаған кезде, құрылғы автоматты түрде өшпейді. Темен токты USB құрылғыны пайдалансаңыз, құрылғы автоматты түрде өшеді. Куатталып болған сон, 3 минут бойы ешкандай әрекет жасалмаса, құрылғы өшеді.

НАЗАР САЛЫНЫЗ: USB куат көзі портымен үйлесімді кұрылғыларды ғана жалғаңыз. Әйтпесе, кұрылғы қате істеуі мүмкін.

НАЗАР САЛЫНЫЗ: осы кұрылғының USB куат кезі портын компьютердің USB ұясына жалғамаңыз. Будан кұрылғы қате істеуі мүмкін.

НАЗАР САЛЫНЫЗ: Осы кұрылғыға USB құрылғыны жалғау алдында, USB құрылғыдағы деректердің сақтық көшірмесін міндettі түрде жасап алыңыз. Өйтпесе, кез келген жағдайда деректеріңіз жоғалуы мүмкін.

НАЗАР САЛЫНЫЗ: пайдаланбаған кезде немесе куаттап болған соң, USB кабельді ажыратыңыз және қақпағын жабыңыз.

Тазалау

⚠️ECKEРТУ: тазалау алдында құрылғының өшіп түрганына және аккумулятор картриджінің алынып тастағанына міндетті түрде көз жеткізіңіз.

⚠️ ECKEPTY: тазалаған кезде, құрылғыны суға немесе басқа сүйықтықтарға батырманыз.

⚠️САК БОЛЫНЫЗ: пайдаланып болған бойда құрылғыны ұстамаңыз. Құрылғының толық суығанын күтіңіз. Әйтпесе күйіп қалуыңыз мүмкін.

⚠️САҚ БОЛЫНЫЗ: пеш есігінің әйнегін алып тастауға болмайды.

НАЗАР САЛЫНЫЗ: құрылғыны жүйелі түрде тазалап, тамақ қалдықтарын алып тастау керек. Құрылғы тазаланып түрмаса, беті нашарлап, құрылғының қызмет ету мерзіміне теріс әсер етуі мүмкін.

НАЗАР САЛЫНЫЗ: тек жүмсақ, абразивті емес сабындарды немесе жұғыш құралдарды пайдаланыңыз және оларды поролон ыскышпен немесе жүмсақ шүберекпен жағыңыз. Құрылғының ешбір бөлігін абразивті ұнтакпен немесе металл ыскышпен тазаламаңыз.

Пайдаланған соң, пеш есігінің әйнегін дымқыл шуберекпен сүртіңіз, содан кейін шашыраған тамақ пен майды құрғақ шуберекпен сүртіп кетіріңіз.

Жиналған май қатты қызып, түтін шығаруы немесе жануы мүмкін.

Кұрылғы ұзак ұақыт пайдаланылған кезде, пеште біртурлі іис пайда болуы мүмкін. Келесі әдістердің бірін пайдаланып одан құтылуға болады:

  • Шыныаякça бірнеше лимон тілімін салыңыз, содан кейін 2-3 минут бойы 500 Вт куатпен қыздырыңыз.
  • Пешке бір кесе қызыл шай қойыңыз, содан кейін 2-3 минут бойы 500 Вт қуатпен қыздырыңыз.
  • Пешке бірнеше апельсин қабығын салыңыз, содан кейін оларды 1 минут бойы 500 Вт куатпен қыздырыңыз.
  1. Фильтр жабынын ашыңыз. Поролон фильтрді шығарып, шанды кетіріңіз.
  2. Фильтр жабынының бетін және ішін шуберекпен сүртіңіз.
  3. Поролон фильтрді суға жуыңыз және жақсылап құрғатыңыз, не болмаса поролон фильтрге сіңген ұсақ заттар мен шанды сығылған ауамен үрлеп кетіріңіз. Поролон фильтр закымдалып, тазалануы мұмкін емес болса, поролон фильтрді дереву ауыстырыңыз.

▶ Сурет7: 1. Фильтр жабыны 2. Поролон фильтр

Сактау

Пайдаланбаған кезде, құрылғыны жабық және желдетілетін жерге қойыңыз.

ТЕХНИКАЛЫК КУТИМ ЖАСАУ және ҚАРАП ТЕКСЕРУ

Техникалық күтім

⚠️ ЕСКЕРТУ: МИКРОТОЛКЫНДЫ РАДИАЦИЯ

Техникалық күтім алдында аккумулятор картриджін шығарыңыз. Микротолқынды пеште микротолқынды радиация және жоғары кернеу бар. Электр куаты ажыратылған соң 30 секунд бойы жоғары кернеулі конденсатордың әлі де қауіпті кернеуі болады. Конденсатор клеммасын қабықпен қысқа тұйықтап, разрядтау үшін окшаулағыш сабы бар құралды пайдалану қажет. Адам жаракат алмауы үшін, құрылғыны өз бетінше бөлшектеуге және жөндгеуге қатаң тыйым салынады. Оны тек техникалық күтім мамандар орындай алады.

⚠️ САК БОЛЫНЫЗ: Тексеру немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуге әрекеттенбес бұрын, әрдайым құрылғының өшірулі екеніне, желіден ажыратылғанына және аккумулятор картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз.

НАЗАР САЛЫНЫЗ: Жанармайды, бензинді, сүйылтқышты, спиртті немесе соган ұқсас заттарды ешкашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін.

Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан орындалуы керек.

Қателік коды

Кұрылғы ақаулық анықтаған кезде, басқару панелінде төмендегідей тиісті қателік коды көрсетіледі:

Кателік коды Мәселе
F01 Құрылғы негізгі деңгейге қатысты еңкею бұрышынан 30 градустай жоғары орналастырылған.Құрылғы көлденен өрналастырылуы керек.
F02 Артықток.Өшіріп, аккумуляторды ауыстырған соң қайта іске қосыңыз.
F03 Артықкернеу.Өшіріп, аккумуляторды ауыстырған соң қайта іске қосыңыз.
F04 Қаттықызып кету.Құрылғыны біраз уақыт пайдаланбаныз және суыған соң қайта іске қосыңыз.
Кателік коды Мәселе
F05 Кұрылғының ішіндегі желдеткіштіңістемей қалуы.Құрылғыны өшіріп, қайта іске қосыңыз.
F06 Кұрылғының ішіндегі магнетронныңістемей қалуы.Құрылғыны өшіріп, қайта іске қосыңыз.
F07 Ішкі куаттың берілу процесінің бузылуы.Құрылғыны өшіріп, қайта іске қосыңыз.
F09 Есік ашылған және жабылған кездегіқорғайтын функция істеп түрган болуымүмкін.Есік ашылған және жабылған кездегіқорғайтын функцияны сипаттайтынбөлімді қараңыз.Қателік сонда да жойылмаса, құрылғыныөшіріп, қайта іске қосыңыз.

Қателік сонда да жойылмаса, құрылғыны Makita компаниясының өкілетті немесе зауыттағы сервистік орталықтарына апарыңыз.

Күтім жасау

Кұрылғының дұрыс істегенін төмендегі әрекеттерді орындап тексеріңіз:

Камерага бір кесе суды ыстыкça төзімді шыныға (шамамен 150 мл) салып, есікті мыктап жабыңыз. Іурылғыны 1 минут істетіңіз.

— Камераның ішіндегі жарық жана ма?

— Камераның ішіндегі су қыза ма?

Жоғарыдағы сұрақтардың кез келгеніне «ЖОҚ» деп жауап берсеңіз, құрылғының ішінде бір ақау бар. Makita компаниясының өкілетті немесе зауыттық сервистік орталығына хабарласып жөндетіңіз.

Коңыска тастау

⚠️ECKEРТУ: құрылғыны қоқысқа дұрыс тастаңыз. Құрылғы қоқысқа жөргілікті ережелер мен заңдарға сәйкес тасталуы керек.

⚠️САҚ БОЛЫНЫЗ: Бүл керек-жарактарды немесе қондырмаларды осы нұсқаулықта керсетілген Makita құрылғысымен бірге пайдаланған дұрыс. Басқа керек-жарактарды немесе қондырмаларды пайдалану адамдардың жаракаттануына әкелуі мүмкін. Керек-жаракты немесе қондырманы тек мақсатына сәйкес пайдаланыңыз.

Осы керек-жарактар туралы қосымша мәлімет алу үшін көмек қажет болса, жергілікті Makita қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

  • Makita түпнұсқа аккумуляторы және Makita рүқсат етілген зарядтау құрылғысы
  • Иыкбау

ЕСКЕРТПЕ: Тізімdegі кейбір элементтер стандартты керек-жарактар ретінде құралдың каптамасында болуы мүмкін. Олар елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

重要安全須知

請仔細閱讀,並妥善保存以供日後參考

簡介

規格

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : MAKITA

Модель : MW001G

Санат : Микротолқынды пеш