Galaxy SmartTag - GPS құрылғысы SAMSUNG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Galaxy SmartTag SAMSUNG PDF форматында.

📄 611 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice SAMSUNG Galaxy SmartTag - page 501
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : SAMSUNG

Модель : Galaxy SmartTag

Санат : GPS құрылғысы

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз GPS құрылғысы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Galaxy SmartTag - SAMSUNG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Galaxy SmartTag брендінің SAMSUNG.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Galaxy SmartTag SAMSUNG

Жұмысты бастау Galaxy SmartTag туралы ақпарат Galaxy SmartTag — жануарлар мен басқа нәрселерге бекітіліп, оларды жоғалтып алмау көмектесетін және орналасқан жерін көруге мүмкіндік беретін құрылғы. Сондай-ақ SmartTag белгісінің түймесін пайдалану арқылы автоматты функцияларды іске қосуыңызға да болады.SmartThings қолданбасының көмегімен SmartTag белгісін мобильді құрылғыңызға қосып, құрылғының орналасқан жерін және оның жоғалған жері туралы ақпаратты қараңыз. Жұмысты бастамас бұрын оқыңыз Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз. Сипаттамалар әдепкі құрылғының параметрлеріне негізделген. Аймаққа, қызмет көрсетушіге, үлгінің техникалық сипаттамаларына немесе құрылғының бағдарламалық құралына байланысты құрылғыдағы кейбір мазмұн басқаша болуы мүмкін. Бұл құрылғымен бірге берілген бағдарламалық жасақтама, дыбыс көздері, түсқағаздар, суреттер және басқа мультимедиа шектеулі пайдалану үшін лицензияланған. Бұл материалдарды шығарып алып, коммерциялық немесе басқа мақсаттарға пайдалану авторлық құқық туралы заңдарды бұзғандық болып саналады. Мультимедианы заңсыз пайдалануға толығымен пайдаланушылар жауапты. Құрылғымен бірге келетін әдепкі қолданбалар жаңартылуы керек және алдын ала ескертусіз енді қолдау көрсетілмеуі мүмкін. Егер құрылғымен бірге берілген қолданба туралы сұрағыңыз болса, Samsung қызмет орталығына хабарласыңыз. Құрылғының операциялық жүйесін өзгерту немесе ресми емес көздерден алынған бағдарламаларды орнату құрылғының істен шығуына және деректердің бұзылуына немесе жоғалуына әкелуі мүмкін. Осындай іс-әрекеттер Samsung лицензиялық келісімін бұзады және кепілдіктің күшін жояды. SmartTag өнімін ыстық ортада немесе жалынға жақын пайдаланбаңыз. Батареяны жұтуға немесе бөлшектеуге болмайды, химиялық күйік алу қаупі бар. Бұл өнімде таблетка пішіндес батарея бар. Батареяны жұтуға болмайды. Батареяны жұтып қою бар болғаны 2 сағат ішінде ішкі органдарды күйдіріп, кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

Батареяларды балалар мен нәрестелердің қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Батарея бөлімі мықтап жабылмайтын болса, өнімді пайдалануды тоқтатыңыз және оны балалар мен нәрестелердің қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Егер бала батареяны жұтып қойды немесе оны бір жеріне кіргізіп алды деген күдік болса, бірден медициналық көмек сұрауыңыз қажет. Бұл өнім кейбір тегін/ашық көзден алынған бағдарламалық құралдарды қамтиды. Ашық бастапқы коды бар бағдарламалық жасақтамаға арналған лицензиямен қалай танысуға болатынын білу үшін Samsung (opensource.samsung.com) веб-сайтына кіріңіз. Нұсқаулық белгішелер Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайларАбайлаңыз: құрылғыны немесе басқа жабдықты бұзуы мүмкін жағдайларЕскерім: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат Құрылғының сыртқы көрінісі Қораптың ішіндегісі

SmartTag Жылдам бастау нұсқаулығы SmartTag белгісімен бірге берілген элементтер және кез келген қолжетімді қосалқы құралдар аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Берілген элементтер тек осы құрылғыға арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді болмауы мүмкін. Сыртқы түрі мен сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Қосымша қосалқы құралдарды жергілікті Samsung сатушысынан сатып алуға болады. Сатып алу алдында олардың құрылғымен үйлесімді екенін тексеріңіз. Тек Samsung рұқсат еткен қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін және ақаулықтарды тудыруы мүмкін. Қосалқы құралдардың қол жетімділігі тек өндіруші компанияларға ғана байланысты болады. Қол жетімді қосалқы құралдар туралы қосымша ақпарат Samsung веб-сайтында ұсынылған.

Құрылғының сыртқы көрінісі Бау жалғағыш саңылауТүймеБатарея қақпағының ойығыДинамик Түйме ФункцияТүйме SmartTag белгісі шырылдаған кезде хабарландырудың дыбысын өшіру үшін басыңыз. SmartTag белгісіне қосылған мобильді құрылғыны іздеу үшін екі рет басыңыз. Орнатылған автоматты функцияны іске қосу үшін басыңыз немесе басып тұрыңыз.

Батареяны ауыстыру 1 Батарея қақпағының ойығын тиынмен ашыңыз. 2 Батареяның оң түйіспесін SmartTag белгісінің ішіндегі «+» таңбасымен дұрыс үйлестіріп салыңыз. 3 Батарея қақпағын SmartTag белгісіне салып, сырт етіп орнына түскенше батарея қақпағын басыңыз.Батареяны ауыстыру үшін батарея қақпағын ашқан кезде абайлап, тырнағыңызды жаралап алмаңыз. Батарея қуаты таусылған кезде оны ауыстырыңыз. Жиынтыққа кіретін батареяны зарядтамаңыз.

SmartTag белгісін пайдалану алдында Мобильді құрылғыға SmartThings қолданбасын орнату SmartTag белгісін пайдалану үшін мобильді құрылғыға SmartThings қолданбасын орнатуыңыз керек.Мобильді құрылғыға байланысты SmartThings қолданбасын келесі орындардан жүктеп алуға болады: Samsung Android мобильді құрылғылары: Galaxy Store Play Store SmartTags синхрондауын қолдамайтын мобильді құрылғыларға SmartThings қолданбасы орнатылмайды. Мобильді құрылғының осы SmartTags белгісімен үйлесімді болуын тексеріңіз. SmartThings қолданбасын пайдалану үшін тіркеліп, Samsung есептік жазбасына кіруіңіз қажет. SmartTags белгісін мобильді құрылғыға жалғау 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз.SmartThings қолданбасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз. 2 SmartTag белгісіндегі түймені басыңыз. SmartTag белгісі дыбыс шығарып, қосылады. 3 Мобильді құрылғыда SmartTag белгісінің анықталғанын хабарлайтын қалқымалы терезе пайда болған кезде Қазір қосу түймесін түртіңіз.Жалғауға арналған қалқымалы терезе ашылмаса,

Тег/Бақылағыш опциясын таңдаңыз. 4 Жалғауды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жалғау аяқталған соң, SmartThings қолданбасындағы құрылғылар тізімінде SmartTag белгісі пайда болады. 5 SmartThings қолданбасының экранында SmartThings Find түймесін басып, қосымша плагиндерді жүктеп алыңыз.Жүктеп алғаннан кейін картада құрылғының орналасқан жері көрсетіледі.

SmartTags белгісін QR кодын сканерлеу арқылы жалғау SmartTag белгісін сондай-ақ QR кодын сканерлеу арқылы да құрылғыларға жалғай аласыз. 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз.

QR кодын скан-у опциясын түртіп, қораптағы QR кодын сканерлеңіз. 3 Жалғауды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жалғау аяқталған соң, SmartThings қолданбасындағы құрылғылар тізімінде SmartTag белгісі пайда болады. 4 SmartThings қолданбасының экранында SmartThings Find түймесін басып, қосымша плагиндерді жүктеп алыңыз.Жүктеп алғаннан кейін картада құрылғының орналасқан жері көрсетіледі. SmartTag белгісін бірінші рет тіркеген болсаңыз, қоршаған ортаға байланысты тіркеу процесінде қиындықтар пайда болуы мүмкін. Тіркеуді сәтті аяқтау үшін 2–3 рет тіркеп көруіңіз қажет болуы мүмкін. Қолдау көрсетілетін мүмкіндіктер мобильді құрылғыға және бағдарламалық жасақтаманың нұсқасына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. SmartThings Find қызметін Android 8.0 не одан кейінгі нұсқасы орнатылған Samsung мобильді құрылғыларында, сонымен қатар Find My Mobile мүмкіндігіне қолдау көрсететін Samsung мобильді құрылғыларында пайдалануға болады. SmartTag сымсыз коммуникация құрылғысы болып табылады және бір уақытта бірнеше құрылғы жалғанған жағдайда оның жұмысы нашарлауы мүмкін.

SmartTag белгісін пайдалану SmartTag белгісінің орналасқан жерін көру Мобильді құрылғыдағы SmartThings қолданбасынан SmartTag белгісінің орналасқан жерін қашықтан қарап, оның дыбыстық сигналын қосу арқылы белгіні табуыңызға болады. 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз. 2 SmartTag картасын түртіп, Карта көру түймесін түртіңіз. Болмаса, SmartThings Find түймесін түртіңіз.Картада құрылғының орналасқан жері көрсетіледі. SmartTag белгісінің орналасқан жері GPS және Wi-Fi желісі арқылы SmartTag белгісіне немесе маңайдағы Android мобильді құрылғысына қосылған мобильді құрылғының орынды анықтау нәтижелеріне негізделеді, ал ондай құрылғыларда қоршаған ортаға немесе GPS ақаулығы сияқты жағдайларға байланысты қателер болуы мүмкін. Егер SmartTag белгісінің орналасқан жері көрсетілмейтін болса, бұл SmartTag батареясының таусылғанын немесе SmartTag белгісінің орналасқан жері туралы ақпаратты тексере алатын Android мобильді құрылғысы пайдаланылмағанын білдіреді. SmartTag белгісінің орналасқан жері туралы ақпарат бойынша хабарландырулар алу үшін қажетті функцияны белсендіріңіз. SmartTag құрылғысының жұмыс уақыты пайдаланушының қоршаған ортасы және қолданыс үлгісіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.Ағымдағы орналасқан жері Қосымша опциялар Картада көрсетілетін құрылғылар тізіміSmartTag белгісінің GPS ақпаратыОрын туралы толық ақпаратты және қосымша опцияларды көру

7SmartTag белгісін пайдалану

Дыбыстық сигналдың көмегімен SmartTag белгісінің орналасқан жерін табу SmartTag белгісінің орналасқан жерін дыбыстық сигнал шығару арқылы табуға болады. 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз. SmartThings Find түймесін түртіңіз.

Бастау түймесін түртіңіз.SmartTag белгісі дыбыстық сигнал шығарады.Хабарландырудың дыбысын өшіру үшін хабарландыруларды өшіру бойынша экрандағы нұсқауларды орындаңыз немесе SmartTag белгісінің іс-әрекет түймесін бір рет басыңыз. SmartTag белгісінің орналасқан жерін сигнал күші бойынша

SmartTag белгісінің орналасқан жерін оның дыбыстық сигналының күшін анықтау арқылы да табуға болады. 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз. SmartThings Find

Жақын жерден іздеу түймесін түртіңіз.Іздеген SmartTag белгісінің сигнал беру экраны ашылады. Экранда көрсетілген сигнал күші іздеген SmartTag белгісіне жақындаған сайын күшейе беретін болады.SmartTag дыбыстық сигналын шығару үшін түймесін түртуіңізге болады. SmartTag белгісінің орналасқан жері бойынша нұсқаулар алу SmartTag құрылғысын жоғалтып алсаңыз немесе сізден алыстап кетсе, SmartTag белгісі орналасқан жерге баруыңыз керек болуы мүмкін. 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз. SmartThings Find

Навигациялау түймесін түртіңіз.Қолданба SmartTag белгісі орналасқан жерге жол көрсетеді.Мобильді құрылғыңызда қолдау көрсетілетін навигация қолданбасы орнатылмаған болса, алдымен қолдау көрсетілетін навигация қолданбалары тізімінен қалаған қолданбаны орнатып, нұсқауларды алыңыз.

8SmartTag белгісін пайдалану

Мобильдік құрылғыларды іздеу Мобильді құрылғыңыз маңайда жоқ болса, SmartTag оны табуға көмектесе алады.SmartTag белгісінің іс-әрекет түймесін екі рет басыңыз.SmartTag белгісіне қосылған мобильді құрылғының рингтоны іске қосылады.Мобильді құрылғының рингтонын өшіру үшін экрандағы рингтонды өшіру бойынша нұсқауларды орындаңыз. SmartTag белгісі мобильді құрылғыға қосылмаса, бұл мүмкіндік жұмыс істемейді. Бұл мүмкіндік “Белгі арқылы құрылғыны іздеу” функциясы қосылған кезде қолжетімді болады. Автоматты функцияны пайдалану SmartTag белгісі мобильді құрылғыларға жалғанған кезде, SmartTag түймесін басу немесе басып тұру арқылы автоматты функцияны іске қосуға болады. 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз. 2 SmartTag картасын түрткен соң, Автомат-дыру түймесін пайдалану астындағы опцияны таңдаңыз. 3 Әрекет қосу үшін түймесін түртіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. SmartTag түймесін басқанда немесе басып тұрғанда, сіз орнатқан автоматты әрекет іске қосылады. Автоматты функцияларды реттеу Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашып, өзіңіздің SmartTag картаңызды түртіңіз, содан кейін Автомат-дыру түймесін пайдалану астындағы опцияны таңдаңыз. Қосылған автоматты әрекет пайда болады.Әрекетті өңдеу үшін қажетті әрекетті түртіп, оның мәліметтерін өңдеңіз және содан кейін Сақтау

Сақтау түймесін түртіңіз.Әрекетті жою үшін, жойғыңыз келген әрекеттің жанындағы түймесін түртіңіз.

SmartTag белгісін конфигурациялау Бастапқы экранға қосу SmartTag белгісін жиі пайдаланатын болсаңыз, мобильді құрылғыңыздың бастапқы экранына оның таңбашасын қосуыңызға болады. 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз. 2 SmartTag картасын түртіңіз.

Басты экранға қосу опциясын түртіңіз. 4 Экрандағы белгішені басып тұрыңыз немесе

түймесін түртіңіз.Таңбаша мобильді құрылғының бастапқы экранына қосылады. Құрылғыларды картада көрсету SmartThings Find картасында көрсетілетін құрылғыларды таңдауға болады. 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз. SmartThings Find

Құрылғыларды көрсету/жасыру түймесін түртіңіз.SmartTag белгісі мен сіздің Samsung есептік жазбаңыз арқылы Find My Devices қолданбасына қосылған құрылғылардың тізімі көрсетіледі. 3 SmartThings Find картасында көрсеткіңіз келген құрылғыны таңдап, Сақтау түймесін түртіңіз.

10SmartTag белгісін конфигурациялау

Жалпы параметрлер SmartTag белгісіне қатысты ақпаратты көруге және әртүрлі параметрлерді өзгертуге болады. 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз. 2 SmartTag картасын түртіңіз.

SmartTag белгісінің орналасқан жерін көре аласыз.SmartTag белгісінің орналасқан жері туралы толық ақпаратты көру үшін Карта көру түймесін түртіңіз. Тегке құр. табуға рұқсат етіңіз Мобильді құрылғыңыз маңайда жоқ болса, SmartTag оны табуға көмектеседі. Белсендіру үшін қосқышты түртіңіз. Қосымша ақпаратты Мобильдік құрылғыларды іздеу бөлімінен Автомат-дыру түймесін пайдалану SmartTag белгісі мобильді құрылғыларға жалғанған кезде, SmartTag түймесін басу немесе басып тұру арқылы автоматты функцияны іске қосуға болады. Қосымша ақпаратты Автоматты функцияны пайдалану бөлімінен қараңыз. Дыбыс деңгейі SmartTag белгісінің дыбыс деңгейін реттейді.Дыбыс деңгейі түймесін түртіп, қажетті опцияны таңдаңыз. SmartTag белгісі дыбыстық сигнал шығаруы үшін, түймесін түртуіңізге де болады. SmartTag белгісін іздеген кезде SmartTag құрылғысынан шығатын дыбыстық сигналды өзгертіңіз.Қажетті дыбысты таңдау үшін Рингтон түймесін түртіңіз. SmartTag батареясының деңгейін көре аласыз. Батарея туралы ақпаратты сондай-ақ түймесін түртіп көруіңізге де болады.

11SmartTag белгісін конфигурациялау

Өңдеу опциясын түртіңіз. SmartTag атауын өңдеу SmartTag белгісінің орналасқан жерін және орнатылған бөлмені көріп, оның атауын өзгерте аласыз.SmartTag белгісінің атауын өзгерткен соң, Сақтау түймесін түртіңіз. Басты экранға қосу SmartTag белгісін жиі пайдаланатын болсаңыз, мобильді құрылғыңыздың бастапқы экранына оның таңбашасын қосуыңызға болады.Басты экранға қосу түймесін түртіңіз. Қосымша ақпаратты Бастапқы экранға қосу бөлімінен қараңыз. Құрылғыны жою SmartTag белгісін жойып, оны басқа Samsung есептік жазбасына тіркеуге болады.Құрылғыны жою опциясын түртіңіз. SmartTag бастапқы күйге қайтарылады. SmartThings Find қолданбасын конфигурациялау SmartThings Find қолданбасының әртүрлі параметрлерін өзгертуіңізге болады. 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз. SmartThings Find

Параметрлер түймесін түртіңіз. Құрылғыларды табуға рұқсат беру SmartThings Find қолданбасының көмегімен іздегіңіз келген құрылғыны таңдауға болады. Офлайн орынды шифрлау SmartTag белгісінің орналасқан жері туралы офлайн ақпаратты Find My Device қолданбасына басқа құрылғы арқылы жіберген кезде, қауіпсіздікті нығайту үшін SmartTag белгісінің орналасқан жері туралы ақпаратты шифрлауға болады.Орналасқан жері туралы ақпаратты шифрлау үшін тізімнен қажетті құрылғының қосқышын түртіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

12SmartTag белгісін конфигурациялау

Навигация қолданбасы SmartTag белгісінің орналасқан жеріне жол табу үшін пайдаланылатын әдепкі навигация қолданбасын орнатуға және жүктеп алуыңызға болады. SmartTag белгісін пайдалануды үйрену туралы және оған қатысты ақпаратты қараңыз. 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз. 2 SmartTag картасын түртіңіз.

Анықтама опциясын түртіңіз. SmartTag туралы ақпарат SmartTag бағдарламалық жасақтамасы туралы ақпаратты көруге болады. 1 Мобильді құрылғыдан SmartThings қолданбасын ашыңыз. 2 SmartTag картасын түртіңіз.

Ақпарат опциясын түртіңіз.

Ақаулықтарды жою Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласпай тұрып, келесі шешімдерді қолданып көріңіз. Кейбір жағдайлар SmartTag белгіңізге қолданылмауы мүмкін. SmartTag іске қосылмайды

Батарея заряды толығымен таусылған кезде құрылғы қосылмайды. SmartTag белгісін пайдалану алдында оның батареясын тексеріңіз. Батарея дұрыс салынбаған болуы мүмкін. Батареяны қайта салыңыз. Түйіспелерін сүртіп, батареяны қайта салып көріңіз. SmartTag қатып қалады немесе қате пайда болады Келесі шешімдерді қолданып көріңіз. Егер мәселе әлі де шешілмей жатса, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. SmartTag белгісін қайта іске қосу SmartTag қатып қала беретін не баяу жұмыс істейтін жағдайда оның батареясын алып, қайта салыңыз. Мәжбүрлі түрде қайта іске қосу SmartTag қатып қалса немесе жауап бермесе, SmartTag белгісін қайта іске қосуға болады.Алдымен батарея қақпағының ойығын ашып, батареяны алыңыз. Түймені бір рет басып, жіберіңіз және содан кейін түймені 5 секунд қайта басып тұрған кезде батареяны салыңыз да, SmartTag белгісінің дыбыстық сигналын күтіңіз.Батарея дұрыс салынбаған болса, SmartTag белгісі батарея салынған кезде бірден дыбыстық сигнал шығарады. Мұндай жағдайда жоғарыдағы әдіспен қайталап көріңіз.

Басқа Bluetooth құрылғысы SmartTag белгісін таба алмады

Қосқыңыз келетін құрылғы сканерлеуге немесе қосуға дайын екендігін тексеріңіз. SmartTag белгісінің орналасқан жері GPS және Wi-Fi желісі арқылы SmartTag белгісіне жалғанған құрылғының орынды анықтау нәтижелеріне негізделеді, сол себептен қоршаған ортаға немесе GPS ақаулығына байланысты қателер болуы мүмкін. SmartTag белгісіне жалғағыңыз келген құрылғының жақын жерде болғанын тексеріңіз. SmartTag белгісін қайта іске қосып, әрекетті қайталаңыз.Егер жоғарыдағы кеңестер ақаулықты шешуге көмектеспесе, Samsung сервис орталығына хабарласыңыз. SmartTag белгісі табылмай жатыр GPS сигналдарына сырттағы кейбір орындарда кедергі келтірілуі мүмкін. Мұндай жағдайда ағымдағы орынды табу үшін SmartTag белгісіне жалғанған мобильді құрылғыны Wi-Fi немесе ұялы желіні пайдалану күйіне орнатыңыз. SmartTag белгісінің сыртқы бөлігінің айналасында шағын саңылау пайда болады

Бұл саңылау — өндіру мүмкіндігі үшін қажет және біраз аздаған шайқалу немесе бөліктердің дірілдеуі орын алуы мүмкін. Уақыт өте келе, бөліктер арасындағы сүйкелу саңылауды біраз кеңейтуі мүмкін.

15Авторлық құқық Copyright © 2021 Samsung Electronics Co., Ltd. Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалған. Бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігін кез келген түрде немесе кез келген әдіс, электрондық немесе механикалық, соның ішінде, фотокөшіру, жазу немесе кез келген ақпараттық қоймада және шығарып алу жүйесінде сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға болмайды. Сауда белгілері

SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung Electronics Co., Ltd. компаниясының тіркелген сауда белгілері.

— Bluetooth SIG корпорациясының әлемдегі тіркелген сауда белгісі.

және Wi-Fi логотипі Wi-Fi Alliance ассоциациясының тіркелген сауда белгілері болып табылады.

Барлық басқа сауда белгілері және авторлық құқықтар тиісті иелерінің меншігі болып табылады.