ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EB-U2500 SAMSUNG
Құрылғының сыртқы көрінісі
Батареяны зарядтау
Өнімді бірінші рет пайдалану алдында немесе өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, батареяны зарядтаңыз.
1. Өнімді зарядтағышқа жалғаңыз.
Зарядтағыш өнімге дұрыс жалғанған кезде, батарея индикаторының шамдары жанып, жыпылықтайды.

2. Өнім толық зарядталған кезде, оны зарядтағыштан ажыратыңыз.
Батареяны зарядтау кезіндегі кеңестер мен сақтық шаралары

Тек өз өніміңізге арналған және Samsung мақұлдаған зарядтағыш пен кабельді пайдаланыңыз. Сәйкес келмейтін зарядтағыш пен кабель ауыр жарақатқа немесе өнімнің зақымдалуына себеп болуы мүмкін.

- Зарядтағышты дұрыс жалғамау өнімді қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс пайдаланбау салдарынан туған ақауларға кепілдік қолданылмайды.
- Тек өніммен бірге берілген USB Type-C кабелін пайдаланыңыз. Micro USB кабелі пайдаланылса, өнім зақымдалуы мүмкін.
- Зарядтағыш порты дымқыл кезде өнімді зарядтайтын болсаңыз, өнім зақымдалуы мүмкін. Өнімді зарядтау алдында зарядтағыш портын жақсылап кептіріңіз.

- Өнімді зарядтағышпен (бөлек сатылады) зарядтауға болады.
- Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз. Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуат ысырабын болдырмау үшін, пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розеткасынан ажырату керек. Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы керек.
- Зарядтаған кезде, тиімді зарядтауға кепілдік беретін және мақұлданған зарядтағышты пайдаланғаныңыз дұрыс.
- Компьютер сияқты зарядтағыштан ерекшеленетін қуат көзін пайдалану токтың ең төмен жылдамдығы себебінен зарядтау жылдамдығының төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
- Өнім зарядталып жатқанда, оны пайдалануға болады, бірақ батареяны толық зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін.
- Зарядтау кезінде өнім қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және өнімнің қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі керек. Егер өнім әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін.
- Нақты сыйымдылығы (Вт·сағ) шығыс тогы мен батареяның кернеуі бойынша өлшенеді. Ол шығыс қуатына, жалғанған құрылғы тізбегінің конфигурациясына және пайдалану жағдайларына байланысты өнімде көрсетілген сыйымдылықтан (Вт·сағ) ерекшеленуі мүмкін.
- Өнім дұрыс зарядталмай жатса, өнім мен зарядтағышты Samsung қызмет көрсету орталығына немесе өкілетті қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Қалған батарея қуатын тексеру
Батареяның индикатор шамдары қалған батарея қуатын көрсетеді.
Батарея деңгейі / Сымсыз зарядтауды күту / Қалпына келтіру түймесін басып, қалған батарея қуатын тексеріңіз. Қалған батарея қуатына байланысты батареяның индикатор шамдары жанып, өшеді.
| Kalhan батарея куаты Батареяның | индикатор шамы |
| 70–100% | • Батареяның төрт индикатор шамы жанады |
| 40–70% | • Батареяның үш индикатор шамы жанады |
| 20–40% | • Батареяның екі индикатор шамы жанады |
| 5–20% | • Батареяның бір индикатор шамы жанады |
| 0–5% | • Батареяның бір индикатор шамы жыпылықтайды |

- Батареяның индикатор шамдары дұрыс жұмыс істемесе немесе дұрыс танылмаса, зарядтағышты ажыратып, қайта жалғаңыз.
- Өнімге жалғанған құрылғыға байланысты батареяның индикатор шамдары басқаша жұмыс істеуі мүмкін.
Өнімді пайдалану
Құрылғыларды зарядтау
Кабельдің көмегімен зарядтау
1 USB кабелінің бір ұшын өнімнің зарядтау портына жалғаңыз. Содан кейін USB кабелінің екінші ұшын мобильді құрылғының көп мақсатты ұяшығына жалғаңыз.

2 Мобильдік құрылғы толығымен зарядталған болса, USB кабелін өнімнен және мобильдік құрылғыдан ажыратыңыз.

- Зарядтағыштың көп мақсатты ұяшығы және зарядтағыңыз келген құрылғы micro USB түрінде болса, бөлек сатылатын USB қосқышын пайдаланыңыз.
- Зарядтау шарттарына байланысты зарядтау уақыты әртүрлі болуы мүмкін.
- Жылдам зарядтауды бастау үшін жылдам зарядтауды қолдайтын құрылғыны өнімге жалғаңыз.
- Өнімге жалғанған құрылғы зарядталмаса, USB кабелін өнімнен ажыратып, қайта жалғаңыз. Немесе Батарея деңгейі / Сымсыз зарядтауды күту / Қалпына келтіру түймесін 7 секундтан артық басып тұрыңыз.
- Өнім қосалқы сыртқы батарея болып табылады. Ол кейбір құрылғыларды толық зарядтай алмауы мүмкін.
- Өнімге тым жоғары немесе төмен температура әсер етсе немесе қате орын алса, батареяның индикатор шамдары жыпылықтайды. Құрылғыны өнімнен ажыратып, қайта жалғаңыз.
Сымсыз зарядтау
Өнімде кірістірілген сымсыз индукциялық зарядтау шарғысы бар. Сымсыз зарядтауды қолдайтын құрылғыларды зарядтауға болады.
Зарядтағыңыз келген құрылғының экраны болса, болжалды зарядтау уақыты құрылғы экранында пайда болады. Қалған болжалды зарядтау уақыты зарядтау ортасына байланысты нақты уақыттан өзгеше болуы мүмкін.
1 Зарядтағыңыз келген құрылғыны өнімге, құрылғының сымсыз индукциялық зарядтау шарғысын өнімнің зарядтау шарғысының ортасына қойыңыз. Белгілі бір құрылғы керек-жарақтары немесе тысы болса, сымсыз зарядтау ойдағыдай жұмыс істемеуі мүмкін. Тұрақты түрде сымсыз зарядтау үшін Qi2 Ready сертификатталған сымсыз зарядтау тысын (бөлек сатылады) пайдалану ұсынылады. Немесе құрылғыдан тысын немесе керек-жарағын зарядтау кезінде алып тастағаныңыз дұрыс.

2 Толығымен зарядтағаннан кейін, құрылғыны өнімнен ажыратыңыз.

Сымсыз зарядтауға қатысты сақтық шаралары
Сақтық шараларын орындамаған жағдайда, құрылғы дұрыс зарядталмауы, қызып кетуі немесе телефон мен карталар зақымдалуы мүмкін.
- Телефонның кредит картасын немесе радиожиілікті анықтау (RFID) картасын (тасымалдау картасы немесе кілт картасы сияқты) телефонның артқы жағы мен телефон тысының арасына қойып, телефонды өнімге қоймаңыз.
- Металл заттар және магниттер сияқты өткізгіш материалдар телефон мен өнім арасына қойылған жағдайда, телефонды өнімге қоймаңыз.

- Өнім желі сигналы төмен болатын жерлерде қолданылған кезде, желі қосылымы ажырауы мүмкін.
- Егер құрылғы зарядталмаса, Батарея деңгейі / Сымсыз зарядтауды күту / Қалпына келтіру түймесін 7 секундтан көбірек басып тұрыңыз.
- Құрылғының артқы камерасының дизайнына байланысты, өнімді пайдаланған кезде камера линзасы жартылай жабылып қалуы мүмкін. Камера қолданбасын пайдалану үшін құрылғыны камера линзасы жабылмайтындай етіп аздап бұрышта орналастырыңыз немесе оны өнімнен бөлек ұстаңыз.
Сымсыз зарядтау күйін тексеру
Индикатор шамының түсін қарау арқылы өнімнің сымсыз зарядтау күйін тексеріңіз.
| Тусі Күйі | |
| Уздіксіз қызыл болып жанады | Сымсыз зарядтау |
| Жасыл болып жанады | Сымсыз зарядтау аяқталды |
| Қызыл → жасыл → сары түспен жыпылықтау (бір рет) | Сымсыз зарядтаудың күту күйі |

- Сымсыз зарядтаудың күту күй режимінде зарядтағыңыз келетін құрылғы тезірек танылады. Сымсыз зарядтаудың күту күй режиміне кіру үшін сымсыз зарядтау алдында Батарея деңгейі / Сымсыз зарядтауды күту / Қалпына келтіру түймесін басыңыз.
- Зарядтау индикаторының шамы дұрыс жұмыс істемесе немесе дұрыс танылмаса, зарядтағыңыз келген құрылғыны өнімнен ажыратып, өнімге қайта қосыңыз.
- Зарядтағыңыз келген құрылғыға байланысты зарядтаудың индикатор шамы басқаша жұмыс істеуі мүмкін.
Қойғыш пайдалану
Қойғышты ашып, телефонды зарядтап жатқанда бейнелерді көру немесе ойын ойнау үшін өнімді тегіс бетке қоюға болады.
Телефонды өнімге дұрыс қойып, суретте көрсетілгендей тік қойыңыз, сонда ол шайқалмайды немесе құлап кетпейді.

Егер телефонда магниттік күш жеткіліксіз болса, ол өнімге дұрыс бекітілмеуі мүмкін. Телефонды зарядтап жатқанда қойғышты пайдалану үшін телефонға Qi2 Ready сертификатталған сымсыз зарядтау тысын (бөлек сатылады) бекіту керек.

Өнімде магниттер бар. Сымсыз индукциялық зарядтау шарғысының орны телефонға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Олардың дұрыс қосылғанына көз жеткізу үшін телефонның орнын реттеңіз. Әйтпесе, телефон көлбеу немесе магниттік күш салдарынан сырғып кетуі мүмкін.

Пайдалану бойынша ескертпелер
Өнімді пайдалану бойынша сақтық шаралары
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін өнімді пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
- Суреттер нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
- Материалдың құрылымына байланысты пайдалану барысында қанық түсті заттарға үйкелудің әсерінен бұйым тозуы немесе оның түсі өзгеруі мүмкін.
- Өнімнің ішінде магниттер бар. Оны несие карталарынан, имплантталған медициналық құрылғылардан және магниттер әсер етуі мүмкін басқа да аспаптардан алыс ұстаңыз. Медициналық құрылғыларға қатысты жағдайда бұл өнімді олардан 15 см-ден алыс ұстаңыз. Медициналық құрылғының жұмысына кедергі келтіру туралы күмәніңіз болса, өнімді қолдануды тоқтатып, дәрігеріңізбен немесе медициналық құрылғыны өндірушімен кеңесіңіз.
Нұсқаулық белгішелер

Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар

Абайлаңыз: өнімді немесе басқа жабдықты зақымдауы мүмкін жағдайлар

Ескертпе: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат
Орама құрамы мен аксессуарлар бойынша ескертпелер
Өнім қорабында мына заттар бар екенін тексеріңіз:
• Өнім - USB кабелі • Жылдам бастау нұсқаулығы

- Өніммен бірге берілген элементтер және кез келген қолжетімді аксессуарлар аймаққа немесе тасымалдаушыға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
- Берілген элементтер тек осы өнімге арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді болмауы мүмкін.
- Сыртқы түрі мен сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
- Қосымша қосалқы құралдарды Samsung веб-сайтынан сатып алуға болады. Сатып алу алдында олардың өніммен үйлесімді екенін тексеріңіз.
- Samsung мақұлдаған аксессуарларды пайдаланыңыз. Бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін және ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
- Барлық қосалқы керек-жарақтардың қолжетімділігі тек өндіруші компанияларға байланысты. Қолжетімді қосалқы құралдар туралы қосымша ақпаратты Samsung веб-сайтынан алуға болады.
Авторлық құқық
Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқық туралы заңдармен қорғалған.
Бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігін кез келген нысанда немесе кез келген тәсілмен, оның ішінде электрондық немесе механикалық, фотокөшіру, жазба немесе ақпарат сақтау жүйесінде сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға болмайды.
Сауда белгілері
- Samsung және Samsung логотипі — Samsung Electronics Co., Ltd. компаниясының тіркелген сауда белгілері.
- Барлық басқа сауда белгілері мен авторлық құқықтар тиісті иелерінің меншігі болып табылады.
EAC