BOSCH LR 6 Professional - қабылдағыш

LR 6 Professional - қабылдағыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз LR 6 Professional BOSCH PDF форматында.

📄 278 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice BOSCH LR 6 Professional - page 147
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : LR 6 Professional

Санат : қабылдағыш

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз қабылдағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз LR 6 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. LR 6 Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ LR 6 Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. 1 609 92A 7S9 | (17.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 147 Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің

– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Барлық құсқаулықтарды оқып, орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ ТОЛЫҚ

Bosch Power Tools 1 609 92A 7S9 | (17.05.2022)148 | Қазақ u Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. u Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. u Өлшеу құралы жұмыс істегенде белгілі жағдайларда қатты дабыл дыбыстары шығады. Сол үшін өлшеу құралын құлақтан немесе басқа адамдардан қашық ұстаңыз. Қатты дыбыс есту қабілетін зақымдауы мүмкін. Магнитті имплантаттардың немесе кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Магнит имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс

u Өлшеу құралын магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Магниттердің әсері қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін. Өнім және қуат сипаттамасы Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз. Мақсаты бойынша қолдану Лазер қабылдағышы соғып тұратын лазер сәулелерін жылдам табуға арналған. ҚайBosch лазерлік уровеннің лазер қабылдағышымен үйлесімді екендігін біліп алу үшін лазерлік уровеннің пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз. Лазер қабылдағышы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған. Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдас бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі лазер қабылдағышының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1) Қабылдау дәлдігін реттеу түймесі (2) Қосу/өшіру түймесі (3) Күй индикаторы (4) Дыбыстық сигнал түймесі (5)

(6) "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" жарық диодты бағыт индикаторы 1 609 92A 7S9 | (17.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 149 (7) Жарық диодты ортаңғы сызық (8) "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" жарық диодты бағыт индикаторы (9) Лазер сәулесінің қабылдау өрісі (10)

(11) Ұстағышқа арналған бағыттауыш ойық (12) Орта белгісі (13) Сериялық нөмір (14) Батарея бөлімінің қақпағы (15) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші (16)

(1608M00C1L) (17) Ұстағыштың айналмалы реттегіші

(18) Бағыттауыш шина

(19) Ұстағыштың бекіткіші

(20) Бекіткішті босатуға арналған батырма

(21) Ұстағыштағы анықтамалық ортаңғы сызық

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Лазер қабылдағышы LR 6 Өнім нөмірі 3 601 K69 H.. Жұмыс аймағы

Қабылдау бұрышы 90° Қабылдау дәлдігі

– "дәл" ±1мм – "шамамен" ±3мм Жұмыс температурасы –10°C…+50°C Сақтау температурасы –20°C…+70°C Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000м Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. 90% Bosch Power Tools 1 609 92A 7S9 | (17.05.2022)150 | Қазақ Лазер қабылдағышы LR 6 Ластану дәрежесі IEC61010-1 стандарты бойынша

Батареялар 2×1,5В LR3(AAA) Жұмыс ұзақтығы шам. 30сағ

EPTA-Procedure01:2014 құжатына сай 0,12кг Өлшемдері (ұзындығы × ені × биіктігі) 69×28×123мм Қорғаныс дәрежесі IP54 (шаң мен шашыранды судан

A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы тікелей күн сәулелерінде) қысқарту мүмкін.

X: пайдаланылатынBosch лазерлік уровенінің пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес лазер қабылдағышымен жұмыс істеу үшін макс. жұмыс диапазоны C) лазер қабылдағышы және сызықтық лазер аралығына байланысты D) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. Лазер қабьлдағышының фирмалық тақтайшасындағы сериялық нөмір (13) оны дұрыс анықтауға көмектеседі. Шуыл бойынша ақпарат Дыбыстық сигналдың амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі бір метрлік арақашықтықта80дБ(A) құрайды. Лазер қабылдағышын құлаққа тым жақын ұстамаңыз!

Батареяларды салу/алмастыру Лазер қабылдағышы үшін сілтілі марганец батареяларын пайдалануға кеңес

Батарея бөлімінің қақпағының ысырмасын (15) сыртқа тартып батарея бөлімінің қақпағын (14) ашыңыз. Батареяны салыңыз. Бұл ретте полярлықтың батарея бөлімінің қақпағындағы суретке сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз. Батареялардың заряды төмен болса, күй индикаторы(3) жыпылықтай бастайды. Лазер қабылдағышымен тек 2сағаттай жұмыс істеуге болады. 1 609 92A 7S9 | (17.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 151 Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз. u Лазер қабылдағышын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды лазер қабылдағышынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, лазер қабылдағышындағы батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.

Пайдалануға ендіру u Лазер қабылдағышын ылғалдан және тікелей күн сәулелерінен қорғаңыз. u Лазер қабылдағышына айрықша температура немесе шұғыл температура өзгерістері әсер етпеуі тиіс. Оны, мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Қатты температура өзгерістерінің жағдайында алдымен лазер қабылдағышын қолданысқа енгізбес бұрын жылытыңыз/суытыңыз. Айрықша температура немесе шұғыл температура өзгерістерінің жағдайында лазер қабылдағышының дәлдігі төмендеуі мүмкін. Лазер қабылдағышын орнату (A суретін қараңыз) Лазер қабылдағышын лазерлік уровеннен кемінде5м алшақ орнатыңыз. Лазерлік уровеньде қабылдағыш режимінің іске қосылғанына көз жеткізіңіз. Тек көлденең немесе тек тік лазер жазықтығы жасалатын жұмыс режимін таңдаңыз. Нұсқау: Бір уақытта көлденең мен тік лазер жазықтығын шығаратын жұмыс түрін таңдамаңыз (айқыш-ұйқыш), әйтпесе лазер сызығының биіктігіне тиісті қате көрсеткіштер пайда болуы мүмкін. Лазер қабылдағышын лазер сәулесі қабылдау өрісіне (9) жететіндей етіп орналастырыңыз. Оны лазер сәулесі қабылдау өрісінен көлденеңінен өтетіндей етіп туралаңыз (суретте көрсетілгендей).

u Лазер қабылдағышын қосқан кезде, дыбыстық сигнал шығады. Сондықтан лазер қабылдағышын қосқан кезде құлақтан немесе басқа адамдардан алшақ ұстаңыз. Қатты дыбыс есту қабілетін зақымдауы мүмкін. Лазер қабылдағышын қосу үшін қосу/өшіру түймесін(2) басыңыз. Барлық жарық диодтары қысқа уақытқа жанып, дыбыстық сигнал беріледі. Лазер қабылдағышын қосқаннан кейін, әрдайым төмен дыбыс деңгейі және "дәл" қабылдау дәлдігі орнатылады. Bosch Power Tools 1 609 92A 7S9 | (17.05.2022)152 | Қазақ Лазер қабылдағышын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін(2) қайтадан басыңыз. Барлық жарық диодтары өшуден бұрын қысқа уақытқа жанады және үш дыбыстық сигнал беріледі. Күй индикаторы(3) сөнеді. Егер шамамен 20мин ішінде лазер қабылдағышында ешбір түйме басылмай, қабылдау өрісіне(9) 20мин ішінде ешбір лазер сәулесі түспесе, лазер қабылдағышы батарея зарядын үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді. Ортаңғы сызық индикаторының реттеуін таңдау Қабылдау дәлдігін реттеу түймесінің(1) көмегімен лазер сәулесінің орналасуы қабылдау өрісінде "орталық" ретінде көрсету дәлдігін анықтауға болады: – "дәл" қабылдау дәлдігі (ортаңғы сызықтың жарық диоды(7) жыпылықтайды), – "шамамен" қабылдау дәлдігі ("Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі"(6) және "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі"(8) жарық диодты бағыт индикаторлары жыпылықтайды). Бағыт көрсеткіштері Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі(9) орналасуы осылайша көрсетіледі: – лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы жағындағы "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі"(6), "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі"(8) жарық диодты бағыт индикаторлары немесе ортаңғы сызық(7) арқылы, – сондай-ақ дыбыстық сигнал арқылы. Лазер қабылдағышы тым төмен: лазер сәулесі қабылдау өрісінің(9) жоғарғы бөлігінен өтсе, "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" жарық диодты бағыт индикаторлары(6) жанады. Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал жоғары жиілікпен дыбыс шығарады. Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен жоғары қарай жылжытыңыз. Лазер қабылдағышы тым жоғары: лазер сәулесі қабылдау өрісінің(9) астыңғы бөлігінен өтсе, "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" жарық диодты бағыт индикаторлары (8) жанады. Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал төмен жиілікпен дыбыс шығарады. Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен төмен қарай жылжытыңыз. Лазер қабылдағышы ортада: лазер сәулесі қабылдау өрісінен(9) орта белгісінің(12) биіктігінде өтсе, ортағы сызық жарық диодтары(7) жанады. Сигнал қосулы болса, үздіксіз дыбыс шығарылады. Лазер сәулесін белгілеу үшін сигналдық дыбыс Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (9) орналасуы сигналдық дыбыс арқылы белгіленуі мүмкін. Дыбыс деңгейін өзгертуге немесе дыбыстық сигналды өшіруге болады. 1 609 92A 7S9 | (17.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 153 Дыбыстық сигналды ауыстыру немесе өшіру үшін дыбыстық сигнал түймесін(4) басыңыз. Дыбыс деңгейі төмен болғанда, қысқа дыбыстық сигнал беріледі және ортаңғы сызық жарық диоды(7) жанады, дыбыс деңгейі жоғары болғанда, қысқа дыбыстық сигнал беріледі және(6), (7) және(8) жарық диодты бағыт индикаторлары жанады, дыбыстық сигнал өшірулі болғанда, жарық диодты индикаторлар сөнеді. Дыбыстық сигнал реттеуіне қарамастан, лазер қабылдағышындағы түймені әр басқан сайын, растау үшін қысқа дыбыстық сигнал төмен дыбыс деңгейінде

Пайдалану нұсқаулары

Лазер қабылдағышының оң және сол жағындағы орта белгісінде(12) қабылдау өрісінің(9) ортасынан өтетін лазер сәулесінің орналасуын белгілеуге болады. Лазер қабылдағышының белгілеу кезінде дәл тігінен (көлденең лазер сәулесінде) немесе көлденеңінен (тік лазер сәулесінде) туралануын қамтамасыз етіңіз, әйтпесе белгілер лазер сәулесінен жылжып кетеді. Магнитпен бекіту (B суретін қараңыз) Берік бекіту керек болмаса, лазер қабылдағышын магниттердің (10) көмегімен болат бөліктерге бекітуге болады. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Лазер қабылдағышын әрдайым таза күйде ұстаңыз. Лазер қабылдағышын еш жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Bosch Power Tools 1 609 92A 7S9 | (17.05.2022)154 | Қазақ Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы: “Роберт Бош” (Robert Bosch) ЖШС

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден