BOSCH GMF 1600 CE Professional - фрезер

GMF 1600 CE Professional - фрезер BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GMF 1600 CE Professional BOSCH PDF форматында.

📄 279 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GMF 1600 CE Professional - page 171
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GMF 1600 CE Professional

Санат : фрезер

SKIP

Жиі қойылатын сұрақтар - GMF 1600 CE Professional BOSCH

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз фрезер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GMF 1600 CE Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GMF 1600 CE Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GMF 1600 CE Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 57S | (16.04.2021)172 | Қазақ Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі 1 609 92A 57S | (16.04.2021) Bosch Power ToolsҚазақ | 173 нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

Құралды үстінен орналастырып фрезерлеуге және шетінен фрезерлеуге арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары u Электр құралын тек оқшауланған беттерінен ұстаңыз, себебі кескіш өз сымына тиіп қалуы мүмкін. Қосулы сымды кесіп алу нәтижесінде электр құралының ашық металл бөліктері іске қосылып, пайдаланушыны ток соғуы мүмкін. u Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Фрезаның рұқсат етілген айналу жиілігі кем дегенде электр құралында белгіленген максималды айналу жиілігіне сәйкес келуі тиіс. Рұқсат етілген шамадан жылдам айналатын фреза жарылуы және ұшып кетуі мүмкін. u Фрезалар немесе басқа жабдықтар электр құралыңыздың аспап патронына (қысқыш) сәйкес болуы керек. Электр құралының аспап патронына дұрыс тұрмауынан алмалы-салмалы аспабқа соғылып айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін. u Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады. u Қолыңызды фрезаның істеу аймағынан және фрезадан қашық ұстаңыз. Әрқашан екінші қолыңызды қосымша тұтқада ұстаңыз. Фрезаны екі қолмен ұстасаңыз, қолдарыңыз жарақатталмайды. u Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен фрезаны жүргізбеңіз. Фрезалар зақымдалып қатты дірілдеуге алып келуі мүмкін. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. u Өтпес немесе зақымдалған фрезаларды пайдаланбаңыз. Өтпес немесе зақымдалған фрезалар жоғары үйкеліс, қысылып қалу және теңгерімсіздікке алып келуі мүмкін. u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. u Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады. Bosch Power Tools 1 609 92A 57S | (16.04.2021)174 | Қазақ Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Тағайындалу бойынша қолдану Электр құралы берік тірелген күйде ағаш, пластмасса мен жеңіл құрылыс материалдарында ойық, қырлар, профильдерді және кесіктерді фрезерлеуге және копир бойынша фрезерлеуге арналған. Төмен айналу жиілігінде және сәйкес фрезалармен түрлі- түсті металдарды да өңдеуге болады. Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. (1) Фрезерлеу қозғалтқышы (2) Батырмалы блок (3) Көшіруші блок (4) Тұтқа (беті оқшауланған) (5) Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеуге арналған айналмалы тұтқа (батырмалы блок) (6) Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу шкаласы (7) Батыру функциясына арналған құлыптан босату

(8) Дәлдеп реттеуге арналған көрсеткіш таңбалама (9) Фрезерлеу тереңдігін реттеу шкаласы (батырмалы

(10) Көрсеткіш белгісі бар жапқыш (батырмалы блок) (11) Тереңдік шектегіші (батырмалы блок) (12) Револьверлік тірек (13) Тірек тақтасы (14) Сырғу тақтасы (15) Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (16) Тереңдік шектегішіне арналған домалатпа бұранда (батырмалы блок) (17) Цангалы қысқыштың салмалы гайкасы (18)

(19) Ажыратқышқа арналған бекіту түймесі (20)

(21) Қозғалтқышты шығаруға арналған бекіту түймесі (22) Батырмалы блокқа/көшіру блогына арналған қысқыш иінтірек (23) Параллель тіректің бағыттауыш қарнақтарына арналған бекіткіш (24) Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеуге арналған айналмалы тұтқа (көшіру блогы) (25) Фрезерлеу тереңдігін шамамен реттеуге арналған қысқыш иінтірек (көшіру блогы) (26) Көшіру блогындағы фрезерлеу тереңдігін шамамен реттеуге арналған ойықтар (27) Шпиндельді бұғаттау түймесі (28) Айыр тәрізді кілт, ені 24 мм (29) Сору адаптеріне арналған домалатпа бұранда (2×)

(33) Сору адаптеріне арналған аралық сақина (көшіру

(34) Фрезерлеу тереңдігін реттеу шкаласы (көшіру

(36) Параллель тірекке арналған бағыттауыш қарнақ (2×)

(37) Параллель тіректі дәлдеп реттеуге арналған қатпарлы бұранда (2×)

(38) Параллель тіректі шамамен реттеуге арналған қатпарлы бұранда (2×)

(39) Параллель тіректі дәлдеп реттеуге арналған айналмалы тұтқа

(40) Параллель тірекке арналған реттелетін тірек

(41) Параллель тіректің бағыттауыш қарнақтарына арналған қатпарлы бұранда (2×)

(42) Фрезерлеу циркулі / бағыттауыш шина адаптері

(43) Фрезерлеу циркуліне арналған тұтқа

(44) Фрезерлеу циркулін шамамен реттеуге арналған қатпарлы бұранда (2×)

(45) Фрезерлеу циркулін дәлдеп реттеуге арналған қатпарлы бұранда (1×)

(46) Фрезерлеу циркулін дәлдеп реттеуге арналған айналмалы тұтқа

(47) Циркуль тірегіне арналған ортаға келтіру

(48) Аралық тақта ("Фрезерлеу циркулі" жинағында)

(49) Бағыттауыш шина

(50) Көшіру гильзасының SDS адаптері (51) Көшіру гильзасының адаптеріне арналған бекіткіш бұранда (2×) (52) Көшіру гильзасының адаптерін құлыптан босату

(53) Көшіру гильзасы (54) Сырғу тақтасының бекіткіш бұрандасы (55) Ортаға келтіру өзек темірі (56) Көшіру блогына арналған бекіткіш бұрандалар

1 609 92A 57S | (16.04.2021) Bosch Power ToolsҚазақ | 175 (57) Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеуге арналған алты қырлы гайка кілті (көшіру блогы)

(58) Жиектерді өңдеуге арналған сорғыш қаптама

(59) Сорғыш қаптамаға арналған бекіткіш бұранда

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Жоғарғы фреза/көшіргіш фреза GOF 1600 CE GKF 1600 CE Өнім нөмірі 3 601 F24 0.. 3 601 F24 0.. Номиналды тұтынылатын қуат Вт 1600 1600 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі мин

10000–25000 10000–25000 Айналу жиілігін алдын ала таңдау ● ● Тұрақты электроника ● ● Шаңсорғышқа арналған жалғағыш ● ● Үйлесімді цангалы қысқыштар мм

Фреза жүрісінің биіктігі мм 76 – Салмағы EPTA-Procedure01:2014 құжатына сай кг 5,8 4,3 Қорғаныс класы /II /II Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Шуыл және діріл туралы ақпарат Дыбыс шығару мәндері EN62841-2-17 бойынша есептелген. A-мен белгіленген құрылғының шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс күші 86дБ(A); дыбыс қуаты 97дБ(A). Өлшеу дәлсіздігі K= 3дБ. Құлақты қорғау құралдарын кийіңіз! GOF 1600 CE: жалпы діріл мәндері a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841-2-17 бойынша есептелген: a

GKF 1600 CE: жалпы діріл мәндері a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841-2-17 бойынша есептелген: a

Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Фрезерлеу қозғалтқышын батырмалы блокқа/көшіру блогына енгізу (A– Bсуреттерінқараңыз) Батырмалы блокқа/көшіру блогына арналған қысқыш иінтіректі(22) ашыңыз. Фрезерлеу қозғалтқышын батырмалы блокқа/көшіру блогына тірелгенше кіргізіңіз. Көшіру блогы(3) пайдаланылған жағдайда, қысқыш иінтіректі(25) басып, фрезерлеу қозғалтқышын(1), ол қысқыш иінтірек(25) бұдан былай басылмағанда 3ойықтың(26) бірінде бұғатталғанша, қажетті позицияға байланысты көшіру блогына(3) жоғары немесе төмен жылжытыңыз. Батырмалы блокқа/көшіру блогына арналған қысқыш иінтіректі(22) жабыңыз. Қажетті фрезерлеу тереңдігін реттеңіз (қараңыз „Кесу тереңдігін орнату“, Бет177). Фрезерлеу қозғалтқышын батырмалы блоктан/ көшіру блогынан ажырату (Cсуретінқараңыз) Батырмалы блокқа/көшіру блогына арналған қысқыш иінтіректі(22) ашыңыз. Фрезерлеу қозғалтқышын шегіне дейін тартып, оны осы күйде ұстап тұрыңыз. Бекіткіш түймені(21) басып, фрезерлеу қозғалтқышын батырмалы блоктан/көшіру блогынан толықтай тартып шығарыңыз. Көшіру блогы(3) пайдаланылған жағдайда, оған қоса қысқыш иінтіректі(25) де басыңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 57S | (16.04.2021)176 | Қазақ Фрезаны енгізу (Dсуретінқараңыз) u Фрезаларды орнату мен алмастыруда қорғауыш қолғапты кию ұсынылады. Фрезалар пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі нұсқалар мен сапа деңгейлерінде қолжетімді. Жылдам кесілетін болаттан (HSS) жасалған қуатты фрезалар жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ материалдарды өңдеуге жарамды. Қатты құймалы (HM) кескіш жиекті фрезалар қатты ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті материалдарға арналған. Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады. Тек ақаусыз және таза фрезаларды пайдаланыңыз. Мүмкін болса, білік диаметрі12мм құрайтын фрезаны қолданыңыз. Фрезерлеу қозғалтқышы батырмалы блокқа/көшіру блогына енгізілген кезде, фрезаны алмастыруға болады. Алайда біз құралды фрезерлеу қозғалтқышының бөлшектенген күйінде алмастыруға кеңес береміз. – Фрезерлеу қозғалтқышын батырмалы блоктан/көшіру блогынан шығарыңыз. – Шпиндельді бұғаттау түймесін(27)(➊) басып, мықтап ұстап тұрыңыз. Шпиндельді бұғаттау тіркелгенше азғантай қолмен бұраңыз. Шпиндельді бұғаттау түймесін(27) қозғалыссыз күйде ғана басыңыз. – Салмалы гайканы(17) айыр тәрізді кілтпен(28) (кілт ені24 мм) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап босатыңыз(➋). – Фрезаны цангалы қысқышқа енгізіңіз. Фреза білігі цангалы қысқышқа кемінде20мм-ге кіргізілуі тиіс. – Салмалы гайканы(17) айыр тәрізді кілтпен(28) (кілт ені24 мм) сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз. Шпиндельді бұғаттау түймесін(27) жіберіңіз. u Диаметрі 50мм-ден үлкен болған фрезаларды орнатылған көшіру гильзасынсыз орнатпаңыз. Бұл фрезалар тірек тақтасынан өтпейді. u Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе қысқаш зақымдануы мүмкін. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін. – Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін. Сору адаптерін батырмалы блокқа монтаждау (Eсуретінқараңыз) Сору адаптерін(30), шланг жалғағышын алға немесе артқа қаратып, орнатуға болады. Көшіру гильзасының адаптері(50) енгізілген жағдайда, сору адаптері(30) құлыптан босату иінтірегіне(52) тимеуі үшін, көшіру гильзасының адаптерін 180° шамасына бұрап монтаждау қажет болуы мүмкін. Сору адаптерін(30) 2 домалатпа бұрандамен(29) тірек тақтасына(13) бекітіңіз. Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін(30) жүйелі түрде тазалап тұру қажет. Сору адаптерін көшіру блогына монтаждау (Fсуретінқараңыз) Сору адаптерін(32), шланг жалғағышын алға немесе артқа қаратып, орнатуға болады. Көшіру гильзасының адаптері(50) енгізілген жағдайда, сору адаптерін(32) 2 домалатпа бұрандамен(29) тірек тақтасына(13) бекітіңіз. Көшіру гильзасының адаптерінсіз(50) жұмыс істеген жағдайда, аралық сақинаны(33) сору адаптеріне(32), суретте көрсетілгендей, алдын ала монтаждаңыз. Шаңсорғышты жалғау Сорғыш шлангіні (диаметрі 35 мм)(31) (керек-жарақ) орнатылған сору адаптеріне енгізіңіз. Сорғыш шлангіні(31) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз. Электр құралын қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch әмбебап шаңсорғышының штепсельдік розеткасына бірден жалғауға болады. Ол электр құралы қосылғанда автоматты түрде іске қосылады. Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс істеуге болады.

Айналу жиілігін алдын ала таңдау Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (15) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да реттеуге болады. 1 609 92A 57S | (16.04.2021) Bosch Power ToolsҚазақ | 177 1−2 Төмен айналу жиілігі 3−4 Орташа айналу жиілігі 5−6 Жоғары айналу жиілігі Кестеде көрсетілген мәндер шамамен берілген. Қажетті айналу жиілігін материал мен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады. Материал Фреза диаметрі

4–10 12–20 22–40 5–6 3–4 1–2 Жұмсақ ағаш

Электр құралымен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату үшін шамамен 3 минутқа ең жоғары айналу жиілігін қосу керек.

Қосу алдында фрезерлеу тереңдігін реттеп шығыңыз. Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (20) басып

Басылған ажыратқышты (20) бекіту үшін бекіту түймесін (19) басыңыз. Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (20) жіберіңіз немесе ол бекіту түймесімен (19) бұғатталған болса, ажыратқышты (20) қысқа уақытқа басып, сонан соң

Тұрақты электроника Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде айналу жиілігін тұрақты дерлік деңгейде сақтайды және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді. Бір қалыпты жұмыс бастау Электрондық бір қалыпты іске қосу айналымдар санын шектеп қозғалтқыш мерзімін ұзартады. Кесу тереңдігін орнату u Кесу тереңдігін орнатуды тек электр құрылғы өшірулі кезде орындау керек. Батырмалы блоктағы фрезерлеу тереңдігін реттеу (Gсуретінқараңыз) Фрезерлеу тереңдігін шамамен реттеу үшін келесідей әрекет етіңіз: – Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін дайындамаға қойыңыз. – Дәлдеп реттеу шкаласын(6) 0 мәніне бұраңыз. – Револьверлік тіректі(12) ең төменгі деңгейге орнатыңыз; револьверлік тірек шерту дыбысымен

– Тереңдік шектегішіндегі(16) домалатпа бұранданы, тереңдік шектегіші(11) еркін жылжитындай етіп

– Батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін(7) төмен итеріп, жоғарғы фрезаны, фреза(18) дайындама бетіне тигенше, баяу төмен жүргізіңіз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін(7) қайтадан жіберіңіз. – Тереңдік шектегішін(11), револьверлік тіректе(12) тұрғанша, төмен қарай басыңыз. Көрсеткіш белгісі бар жапқышты(10) фрезерлеу тереңдігінің шкаласындағы(9) 0 күйіне орнатыңыз. – Тереңдік шектегішін(11) қажетті фрезерлеу тереңдігіне орнатыңыз және тереңдік шектегішіндегі домалатпа бұранданы(16) мықтап тартыңыз. Көрсеткіш белгісі бар жапқышты(10) енді жылжымайтындығына көз жеткізіңіз. – Батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін(7) басып, жоғарғы фрезаны ең жоғарғы күйге келтіріңіз. Реттелген фрезерлеу тереңдігіне, батыру әрекетінің барысында тереңдік шектегіші(11) револьверлік тірекке(12) тірелгенде ғана қол жеткізіледі. Тереңірек фрезерлеу үшін әрқайсысының фрезерлеу тереңдігін төменірек орнатып, бірнеше рет орындап өту керек. Револьверлік тіректің(12) көмегімен фрезерлеу процесін бірнеше сатыға бөлуге болады. Ол үшін қажетті фрезерлеу тереңдігін револьверлік тіректің ең төменгі сатысымен орнатып, бірінші жұмыс берілістері үшін жоғарырақ сатыларды таңдаңыз. Сатылардың арақашықтығы шамамен 3,2мм құрайды. Сынақ жүрістен кейін фрезерлеу тереңдігін айналмалы тұтқаны(5) бұрау арқылы қажетті өлшемге дәлдеп реттеуге болады; фрезерлеу тереңдігін арттыру үшін тұтқаны сағат тілінің бағытымен, ал фрезерлеу тереңдігін азайту үшін тұтқаны сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Шкала(6) бағдарлау үшін пайдаланылады. Бір айналым қондырғының 1,5мм жүрісіне тең, шкаланың (6) жоғарғы жиегіндегі бір бөлік қондырғының 0,1 мм жүрісіне тең. Максималды реттеу жүрісі ±16мм құрайды. Мысал: қажетті фрезерлеу тереңдігі 10,0мм болуы керек, сынақ фрезерлеу кезінде 9,6мм шамасындағы фрезерлеу тереңдігі алынды. – Батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін(7) басып, жоғарғы фрезаны ең жоғарғы күйге келтіріңіз. – Айналмалы тұтқаны(5) 0,4мм/4 бөлік шамасына (іс жүзіндегі және белгіленген мән арасындағы айырмашылық) сағат тілінің бағытымен бұраңыз. – Сынақ фрезерлеуді жалғастыру арқылы таңдалған фрезерлеу тереңдігін тексеріңіз. Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеген кезде батырмалы блокқа бүйірінен орнатылған көрсеткіш таңбаламасы(8) басылған сызықтардың ортаңғысына қарап тұрғанына көз Bosch Power Tools 1 609 92A 57S | (16.04.2021)178 | Қазақ жеткізіңіз. Осылайша екі бағытта батыру тереңдігін дәлдеп реттеу үшін жеткілікті реттеу жүрісінің болуы қамтамасыз етіледі. Егер батырмалы блок(2) максималды батыру тереңдігіне түсірілсе, дәлдеп реттеу арқылы да үлкен батыру тереңдігіне қол жеткізу мүмкін болмайды, себебі максималды реттеу жүрісі қолданылады. Тереңдік шектегіші(11) револьверлік тірекке(12) тірелгенде, дәлдеп реттеу мүмкін болмайды. Көшіру блогындағы фрезерлеу тереңдігін реттеу (Hсуретінқараңыз) Фрезерлеу тереңдігін реттеу үшін келесідей әрекет етіңіз: – Көшіру блогына арналған қысқыш иінтіректі(22)

– Фрезерлеу тереңдігін 3 саты бойынша шамамен алдын ала реттеуге болады. Ол үшін қысқыш иінтіректі(25) басып, фрезерлеу қозғалтқышын(1), ол бұдан былай басылмаған қысқыш иінтіректің(25) күйінде 3ойықтың(26) бірінде бұғатталғанша, көшіру блогының(3) ішіне жоғары немесе төмен жылжытыңыз. Ойықтар 12,7мм (0,5 дюйм) арақашықтығына ие. – Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу үшін фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу айналмалы тұтқасы(24) қолданылады; фрезерлеу тереңдігін үлкейту үшін оны сағат тілінің бағытымен бұраңыз, фрезерлеу тереңдігін азайту үшін оны сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Реттеу жүрісі айналмалы тұтқадағы(24) шкалада дюйммен және миллиметрмен көрсетілген. Максималды реттеу диапазоны 41мм құрайды. Фрезерлеу тереңдігінің шкаласы(34) қосымша бағдарлау үшін қолданылады. Мысал: қажетті фрезерлеу тереңдігі 10,0мм болуы керек, сынақ фрезерлеу кезінде 9,5мм шамасындағы фрезерлеу тереңдігі алынды. – Айналмалы тұтқадағы(24) шкаланы 0 мәніне орнатыңыз, бұл ретте айналмалы тұтқаны(24) өз бетінше жылжытпаңыз. Содан кейін айналмалы тұтқаны(24) сағат тілінің бағытымен 0,5 мәніне

– Сынақ фрезерлеуді жалғастыру арқылы таңдалған фрезерлеу тереңдігін тексеріңіз. Пайдалану бойынша нұсқаулар u Фрезаларды соқтығысудан және соққыдан

Фрезерлеу бағыты мен фрезерлеу процесі (Iсуретінқараңыз) u Фрезерлеу процесін үнемі фрезаның (18) айналу бағытына қарсы орындау керек (кері қозғалыс). Қозғалыс бағытымен (синхронды қозғалыс) фрезерлеу кезінде электр құралын қолмен жүргізуге

Батырмалы блокпен фрезерлеу Қажетті фрезерлеу тереңдігін реттеңіз. Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін дайындамаға қойып, электр құралын қосыңыз. Батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін(7) төмен қарай басып, жоғарғы фрезаны реттелген фрезерлеу тереңдігіне жеткенше баяу төмен қарай жылжытыңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін(7) қайта жіберіңіз. Фрезерлеу процесін біркелкі алға жылжыту арқылы

Фрезерлеу процесі аяқталған соң, жоғарғы фрезаны ең жоғарғы күйге қайтарыңыз. Фрезерлеуден соң электр құралын өшіріңіз. Көшіру блогымен фрезерлеу Нұсқау: фрезаның(18), көшіру блогымен(3) фрезерлеу кезінде, әрдайым тірек тақтасынан(13) шығып тұрғанына көз жеткізіңіз. Шаблонға немесе дайындамаға зақым келтірмеңіз. Қажетті фрезерлеу тереңдігін реттеңіз. Электр құралын қосып, өңделетін жерге апарыңыз. Фрезерлеу процесін біркелкі алға жылжыту арқылы

Электр құралын өшіріңіз. u Фрезер толық тоқтағанша электр құралын алып қоймаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Көмекші тірекпен фрезерлеу (Jсуретінқараңыз) Үлкен дайындамаларды өңдеу үшін, мысалы, ойықтарды фрезерлеу кезінде, тақтаны немесе планканы көмекші тірек ретінде бекітіп, жоғарғы фрезаны осы тірек бойымен өткізуге болады. Батырмалы блокты(2) пайдаланған кезде көп функциялы фрезаны сырғу тақтасының майысқан жағымен көмекші тірек бойымен жылжытыңыз. Жиектерді немесе профильді фрезерлеу Параллель тірексіз жиектерді және профидьдерді фрезерлеу кезінде фреза бағыттағыш шетмойынмен немесе шарикті подшипникпен жабдықталуы керек. Қосылған электр аспапты бағыттағыш шетмойын немесе шарикті подшипник дайындаманың өңделетін жиегіне тірелетіндей етіп қойыңыз. Электр құралын дайындама шеті жағалай басқарыңыз. Сонымен қатар, тік бұрышты қойылуын қадағалаңыз. Тым қатты күш түсірген жағдайда дайындама жиегі зақымдануы мүмкін. Параллель тірекпен фрезерлеу (Kсуретінқараңыз) Параллель тіректі (35) бағыттауыш қарнақтармен (36) тірек тақтасына (13) жылжытып, оны бұрандалармен (41) қажетті өлшеміне сәйкес тартыңыз. (37) және(38)қатпарлы бұрандаларының көмегімен параллель тіректі ұзындық бойымен қосымша реттеуге

Айналмалы тұтқаның(39) көмегімен екі қатпарлы бұранданы(37) босатқаннан кейін ұзындықты дәлдеп реттеуге болады. Бір айналым қондырғының 2,0 мм 1 609 92A 57S | (16.04.2021) Bosch Power ToolsҚазақ | 179 жүрісіне тең, айналмалы тұтқадағы(39) бір бөлік қондырғының 0,1мм жүрісіне тең. Тірек планкасының(40) көмегімен параллель тіректің тиімді тірек бетін өзгертуге болады. Қосылған электр құралын біркелкі алға қарай жүріспен және параллель тіректі бүйірінен қысу арқылы дайындама жиегінің бойымен жүргізіңіз. Фрезерлеу циркулімен фрезерлеу (Lсуретінқараңыз) Домалақ бөлшектерді фрезерлеу үшін фрезерлеу циркулін / бағыттауыш шина адаптерін(42) пайдалануға болады. Фрезерлеу циркулін суретте көрсетілгендей

Ортаға дәлдеу бұрандасын(47) фрезерлеу циркулінің ирек оймасына бұрап кіргізіңіз. Бұранда ұштығын фрезерленетін домалақ иіннің ортаңғы нүктесіне қойып, бұранда ұштығы дайындама бетіне тигеніне көз жеткізіңіз. Қажетті радиусты фрезерлеу циркулін жылжыту арқылы шамамен реттеп,(44) және(45) қатпарлы бұрандаларын бұрап бекітіңіз. Айналмалы реттегіштің(46) көмегімен қатпарлы бұранданы(45) босатқаннан кейін ұзындықты дәлдеп реттеуге болады. Бір айналым қондырғының 2,0мм жүрісіне тең, айналмалы реттегіштегі(46) бір бөлік қондырғының 0,1мм жүрісіне тең. Қосылған электр құралын оң жақ тұтқа(4) және фрезерлеу циркулінің тұтқасы(43) арқылы дайындама үстінен өткізіңіз. Бағыттауыш шинамен фрезерлеу (Mсуретінқараңыз) Бағыттауыш шинаның(49) көмегімен тік жүретін жұмыс процестерін орындауға болады. Биіктік айырмашылықтарын туралау үшін аралық тақтасын(48) орнату қажет. Фрезерлеу циркулін / бағыттауыш шина адаптерін(42) суретте көрсетілгендей орнатыңыз. Бағыттауыш шинаны(49) арнайы қысқыш аспаптармен, мысалы, қысқашпен дайындамаға бекітіңіз. Электр құралын орнатылған бағыттауыш шина адаптерімен(42) бағыттауыш шинаға орнатыңыз. Көшіру гильзасымен фрезерлеу (N– Qсуреттерінқараңыз) Көшіру гильзасының (53) көмегімен контурларды үлгілер мен шаблондардан дайындамаға түсіруге болады. Көшіру гильзасын шаблон немесе үлгі қалыңдығына сәйкес таңдаңыз. Көшіру гильзасының шығып тұратын биіктігінен шаблон қалыңдығы 8 мм-ден кем болмауы

Көшіру гильзасын (53) қолдану үшін алдымен көшіру гильзасының SDS адаптерін (50) сырғу тақтасына (14) енгізу қажет. Көшіру гильзасының адаптерін (50) жоғарыдан сырғу тақтасына (14) енгізіп, 2 бекіткіш бұрандамен (51) бұрап бекітіңіз. Көшіру гильзасының адаптерін құлыптан босату иінтірегінің (52) еркін жылжу мүмкіндігін қадағалаңыз. Құлыптан босату иінтірегін (52) көрсеткі бағытымен жылжытып, көшіру гильзасын (53) астыңғы жақтан көшіру гильзасының SDS адаптеріне (50) енгізіңіз. Бұл ретте кодтау жұдырықшалары көшіру гильзасының (53) саңылауларына аздаған күшпен бекітілуі керек. Фреза ортасы мен көшіру гильзасының жиегінен арақашықтықты тексеріңіз (қараңыз „Тірек тақтасын ортаға келтіру (Rсуретінқараңыз)“, Бет179). u Көшіру гильзасының ішкі диаметрінен кіші болатын фреза диаметрін таңдаңыз. Фрезерлеу процесі Нұсқау: Фреза (18) негізгі тақтадан (13) әрдайым шығып тұруына көз жеткізіңіз. Шаблон немесе дайындаманы қазымдамаңыз. Көшіру гильзасы (53) бар қосулы электр құралын шаблон бойынша жүргізіңіз. Батырмалы блокты(2) пайдаланған жағдайда батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін(7) төмен қарай басып, жоғарғы фрезаны реттелген фрезерлеу тереңдігіне жеткенше баяу төмен қарай жылжытыңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін(7) қайтадан жіберіңіз. Шығыңқы көшіру гильзасы (53) бар электр құралын бүйірінен қысу арқылы шаблон бойымен жүргізіңіз. Тірек тақтасын ортаға келтіру (Rсуретінқараңыз) Фреза ортасынан көшіру гильзасының жиегіне дейінгі арақашықтық бірдей болуы үшін, көшіру гильзасын (53) және сырғу тақтасын (14) қажетінше бір-біріне ортаға келтіруге болады. Батырмалы блокты(2) пайдаланған жағдайда батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін(7) төмен қарай басып, жоғарғы фрезаны реттелген фрезерлеу тереңдігіне жеткенше баяу төмен қарай жылжытыңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін(7) қайтадан жіберіңіз. Бекіткіш бұрандаларды (54) сырғу тақтасы (14) еркін қозғалатындай шамамен 2 айналымға бұрап босатыңыз. Ортаға дәлдеу жақтауын (55) суретте көрсетілгендей құрал бекіткішіне орнатыңыз. Салмалы гайканы ортаға дәлдеу жақтауы еркін айналатындай етіп тартыңыз. Ортаға дәлдеу жақтауын (55) және көшіру гильзасын (53) сырғу тақтасын (14) кішкене жылжыту арқылы бір- бірімен туралаңыз. Бекіткіш бұрандаларды (54) қайтадан бұрап бекітіңіз. Ортаға дәлдеу жақтауын (55) құрал бекіткішінен

Батырмалы блокты(2) пайдаланған жағдайда батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін(7) басып, жоғарғы фрезаны ең жоғарғы күйге қайтарыңыз. Фрезерлеу үстелімен жұмыс істеу (Sсуретінқараңыз) Көшіру блогын(3) арнайы фрезерлеу үстеліне енгізуге болады. Монтаждау үшін сырғу тақтасын(14) алып Bosch Power Tools 1 609 92A 57S | (16.04.2021)180 | Қазақ тастаңыз да, көшіру блогын(3) бекіткіш бұрандалармен(56) фрезерлеу үстеліне бекітіңіз. u Көшіру блогын монтаждау үшін фрезерлеу үстелінің пайдалану бойынша нұсқаулығына назар аударыңыз. Көшіру блогын монтаждау үшін фрезерлеу үстелінде саңылаулар жасау қажет болуы

Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу үшін арнайы алты қырлы гайка кілтін(57) қолданыңыз. Сорғыш қаптамамен фрезерлеу (T– Uсуреттерінқараңыз) Жиектерді өңдеу үшін сорғыш қаптаманы(58) қосымша пайдалануға болады. Сорғыш қаптаманы(58) 2 бұрандамен(59) тірек тақтасына(13) бекітіңіз. Сорғыш қаптаманы(58), суретте көрсетілгендей, 3 түрлі позицияда бекітуге

Жылтыр тегіс беттерді өңдеу үшін сорғыш қаптаманы қайтадан алып тастаңыз. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. u Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш ойықтарды жаққышпен жиі тазалап, жылыстау тогынан қорғайтын қосқышты (PRCD) алдын ала қосыңыз. Металдарды өңдеген кезде, ток өткізетін шаң электр құралының ішінде жиналуы мүмкін. Электр құралының қорғаныш оқшаулағышы зақымдалуы

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті 1 609 92A 57S | (16.04.2021) Bosch Power ToolsRomână | 181 ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Жоғарғы фреза/ көшіргіш фреза Өнім нөмірі