GCA 30-42 - Шаңсорғыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GCA 30-42 BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз шаңсорғышқа арналған қабылдағыш модулі |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GCA 30-42 |
| Сілтеме | 1 600 A02 GE |
| Өлшемдері (L × H) | 91 × 121 мм |
| Салмағы | Көрсетілмеген |
| Қоректендіру | Шаңсорғыштың электр розеткасы арқылы (кіріктірілген аталық аша) |
| Тарату | Bluetooth® 4.2 Low Energy |
| Жиілік диапазоны | 2402–2480 MHz |
| Шығыс қуаты | < 10 mW |
| Жұмыс температурасы | -20 °C - +50 °C |
| Сақтау температурасы | -20 °C - +65 °C |
| Негізгі функциялар | Құралдың дірілін анықтау арқылы шаңсорғышты автоматты түрде қосу/өшіру; қолмен қосу/өшіру; кешіктірілген тоқтату |
| Үйлесімділік | Қабылдағыш модуліне арналған розеткасы бар Bosch Professional шаңсорғыштары |
| Байланысты таратқыш модулі | GCT 30-42 (бөлек сатылады) |
| Күй көрсеткіштері | Көк, жасыл, сары жарықдиодтар (қабылдағыш модулі) |
| Күтім және тазалау | Қылшақпен немесе дымқыл шүберекпен тазалаңыз; жуғыш заттар немесе еріткіштер қолданбаңыз |
| Қауіпсіздік | Түймелі батареяны жылуға ұшыратпаңыз; балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз; жұтып қою қаупі |
| Түймелі батарея (таратқыш модулі) | CR2032, литий 3 В (ауыстыруға болады) |
| Сатудан кейінгі қызмет көрсету | Bosch Power Tools; SAV DIRECT арқылы 5 күнде жөндеу |
Жиі қойылатын сұрақтар - GCA 30-42 BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GCA 30-42 BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GCA 30-42 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GCA 30-42 брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GCA 30-42 BOSCH
Сәйкестікті растау құжаттары туралы ақпарат
Өнім төмендегі талаптарға сай
TP TC 010/2011

Декларацияны «Роберт Бош» ЖШҚ қабылдады. Ресей, Мәскеу облысы, Химки, Вашутинское тас жолы, иелік 24
Өндірілген мерзімі нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Қауіпсіздік нұсқаулары
GCA 30-42 және GCT 30-42 құрылғыларын қауіпсіз әрі сенімді түрде пайдалану үшін барлық нұсқауларды мұқият оқып шығу және пайдалану керек. Осы нұсқауларды сақтап қойыңыз
да, GCA 30-42 және GCT 30-42 құрылғыларын табыстаған кезде бірге беріңіз.
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc. компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады.
▶ Қабылдағыш модульді тек Bosch Professional сорғышының розеткасына енгізуге болады. ▶ Таратқыш модульді тек электр құралына бекітуге болады.
Таратқыш модульді еш жағдайда аккумуляторлық құралдың жұмысы үшін қажет болатын орындарға (мысалы, тұтқа беттері, ауыстырып-қосқыш) бекітпеңіз.
Балаларды қадағалаңыз. Осылайша балалардың қабылдағыш және таратқыш модульдермен ойнамауы қамтамасыз етіледі.




ЕСКЕРТУ
Түймелі элемент балалардың қолына түспеуін қамтамасыз етіңіз. Түймелі
элементтер қауіпті.
Түймелі элементтерді еш жағдайда жутуға немесе денеге басқа жолдармен кіргізуге болмайды. Түймелі элемент жұтылған немесе денеге басқа жолмен кіріп кеткен жағдайда, дереу дәрігерге
110 | Қазақ
жолығыңыз. Түймелі элементтің жұтылуы 2 сағат ішінде іштей қатты куюге және өлімге әкелуі мүмкін.
Түймелі элементті алмастыру кезінде әрекеттің дұрыс орындалғанына көз жеткізіңіз. Жарылыс қаупі бар. Тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген түймелі элементтерді пайдаланыңыз. Басқа түймелі элементтерді немесе басқа қуат көздерін пайдаланбаңыз. Кіші батареяларды зарядтауға тырыспаңыз, оларды қысқа тұйықтауға әрекет жасамаңыз. Кіші батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы және адамдарды жарақаттауы мүмкін. Заряды қалмаған кіші батареяларды тиісті ретте алып тастап кәдеге жаратыңыз. Заряды қалмаған батареялар тығыз болмай қалып өнімді зақымдауы немесе адамдарды жарақаттауы мүмкін. Кіші батареяны артық қыздырмаңыз және алауға тастамаңыз. Кіші батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы және адамдарды жарақаттауы мүмкін. Кіші батареяны зақымдамаңыз және кіші батареяны ажыратпаңыз. Кіші батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы және адамдарды жарақаттауы мүмкін. Зақымдалған кіші батареяны суға тигізбеңіз. Шығатын литий сутек жасап өрт, жарылыс немесе адамдар жарақаттануына алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат
сипаттамасы
Тағайындалу бойынша қолдану
GCA 30-42 қабылдағыш модулі Bosch Professional шаңсорғышы үшін іске қосу-тоқтату сигналын қабылдайды. Бұл сигнал GCT 30-42 таратқыш модулінен таратылады.
Қосымша ақпаратты GCT 30-42 таратқыш модулінің және пайдаланылатын шаңсорғыштың пайдалану бойынша нұсқаулықтарынан қараңыз.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Суреттегі құрамдас бөлшектердің нөмірлері графикалық беттердегі кескіндерге негізделген.
GCA 30-42 құрамдастары
(1) Қабылдағыш модуль (2) Автоматты түрде іске қосу белгісі бар күй индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (3) Түйме (пайдаланушы интерфейсі) (4) Аша
GCT 30-42 құрамдастары
(5) Таратқыш модуль (6) Жарық диодты күй индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (7) Іске қосу/тоқтату түймесі (пайдаланушы интерфейсі) (8) Резеңке таспаның бекіткіш ілмегі (9) Резеңке таспа
Техникалық мәліметтер
| Қабылдағышмодуль | GCA 30-42 |
| Өнім нөмірі | 1 600 A02 GE. |
| Жұмыс температурасы | -20 ... +50°C |
| Сақтау температурасы | -20 ... +65°C |
| Өлшемдері (ені х биқтігі) | 91 x 121 мм |
Деректерді тасымалдау
| Bluetooth® Bluetooth® 4.2 (Low Energy) | |
| Пайдаланылатын жиліктер диапазоны | 2402–2480 МГц |
| Шығыс куат < 10 мВт | |
| Өнім нөмірі | 1 600 A02 GH. |
| Жұмыс температурасы | -20 ... +50°C |
| Сақтау температурасы | -20 ... +65°C |
| ӨлшемдеріA) | 43 x 18 x 42 мм |
| Резенке таспаның ұзыңдығы | 240 мм |
| Қорғаныс класы IP54 |
Деректерді тасымалдау
| Bluetooth® Bluetooth® 4.2 (Low Energy) | |
| Пайдаланылатын жиліктер диапазоны | 2402-2480 МГц |
| Шығыс куат < 10 мВт | |
Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac.
Монтаж және пайдалану
– Резеңке таспаның (9) бір ұшын екі бекіткіш ілмектің (8) біріне орнатыңыз.
– Таратқыш модульді (5) аккумуляторлық құралға бекітіңіз. Ол үшін резеңке таспаны (9) мықтап тартыңыз да, бос ұшын екінші бекіткіш ілмекке (8) орнатыңыз. Қажет болса, резеңке таспаны жарамды ұзындыққа дейін кесіп алыңыз. Аккумуляторлық құрал жұмыс кезінде жеткілікті діріл шығаратын жерлер жарамды болып табылады. Таратқыш модульді еш жағдайда аккумуляторлық құралды пайдалану үшін қажет болатын орындарға (мысалы, тұтқа беттері, ауыстырып-қосқыш, индикаторлар) бекітпеңіз.
Пайдалануға ендіру
GCA 30-42 және GCT 30-42 арасында байланыс орнату
– GCT 30-42 таратқыш модулі GCA 30-42 қабылдағыш модулінің жанында орналасқанына көз жеткізіңіз. – Сорғыштың желілік ашасын желілік розеткаға енгізіңіз. – Сорғыш ауыстырып-қосқышын автоматты түрде іске қосу/тоқтату күйіне орнатыңыз. – GCA 30-42 қабылдағыш модулін (1) ашасы (4) арқылы сорғыштағы розеткаға енгізіңіз. – Автоматты түрде іске қосу белгісі бар күй индикаторы (2) көк түспен жыпылықтайды. – GCT 30-42 таратқыш модуліндегі іске қосу/тоқтату түймесін (7), жарық диодты күй индикаторы (6) көк түспен екі рет жыпылықтап шыққанша басыңыз. GCT 30-42 таратқыш модуліндегі жарық диодты күй индикаторы (6) көк түспен қысқа уақытқа жанады.
Байланыс орнатылған:
– GCA 30-42 қабылдағыш модуліндегі автоматты түрде іске қосу белгісі бар күй индикаторы (2) жасыл түспен жанады. – GCT 30-42 таратқыш модуліндегі жарық диодты күй индикаторы (6) жасыл түспен қысқа уақытқа жанады.
Түймелі элементті алмастыру кезінде келесі нұсқау қолданылады:
– Егер GCT 30-42 таратқыш модулі түймелі элементті алмастырмас бұрын GCA 30-42 қабылдағыш модулімен байланыстырылған болса, түймелі
Элемент алмастырылғаннан кейін байланыс автоматты түрде қайта орнатылады.
Түймелі элементті алмастырғаннан кейін байланыс болмаса, байланыс орнату қажет болады.
Бастапқы күйге қайтарғаннан кейін таратқыш пен қабылдағыш модульдерді қайта байланыстыру қажет.
Сорғышты автоматты түрде іске қосу
Сорғыш шлангіні аккумуляторлық құралдың сорғыш құрылғысына енгізіңіз.
Дірілді анықтау
GCT 30-42 таратқыш модулінде дірілді анықтау функциясы бар. Егер ол іске қосылған аккумуляторлық құралдың дірілдеуін анықтаса, сорғыш автоматты түрде қосылады.
Аккумуляторлық құралды өшірсеңіз, сорғыш белгілі бір инерция бойынша жұмыс істеу уақытынан кейін автоматты түрде өшіп қалады.
Қолмен қосу/өшіру
Таратқыш модульдегі (5) іске қосу/тоқтату түймесін (7) басыңыз. Шаңсорғыш қосылады. Сорғышты өшіру үшін таратқыш модульдегі іске қосу/тоқтату түймесін (7) қайтадан басыңыз.
Нұсқау: сорғышты таратқыш модульдегі іске қосу/тоқтату түймесі (7) арқылы өшірсеңіз, таратқыш модуль (5) аккумуляторлық құралда дірілдеуді анықтағаннан кейін, сорғыш автоматты түрде қайта іске қосылады.
Әдепкі реттеулерге қайтару
GCA 30-42 қабылдағыш модулі: (3)
түймесін басып, автоматты түрде іске қосу белгісі бар күй индикаторы (2) көк түспен дәйекті түрде төрт рет қысқаша жыпылықтағанша ұстап тұрыңыз.
GCT 30-42 таратқыш модулі: іске қосу/тоқтату түймесін (7) басып, жарық диодты күй индикаторы (6) көк түспен дәйекті түрде төрт рет қысқаша жыпылықтағанша ұстап тұрыңыз.
Күй көрсеткіштері
| GCA 30-42: күй индикаторы (2) | Мағынасы/себебі Шешімі | |
| көк – Байланыс орнатылуда немесе – Деректер алынуда | – | |
| жасыл – Байланыс орнатылған және белсенді | – | |
| сары – Байланыс үзілді – Таратқыш модульді | қабылдағыш модульге жақындатыңыз – Дірілді анықтау функциясын іске қосыңыз немесе іске қосу/токтату түймесін (7) басыңыз | |
| GCT 30-42: жарык диодты куй индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (6) | Магынасы/себебі Шешімі |
| Көк – Байланыс орнатылуда | – |
| немесе | |
| – Деректер тасымалдануда |
| Жасыл – Байланыс орнатылған– Түймелі элементті жеткіліктізарядтаңыз | – |
114|Қазақ
GCT 30-42: жарық диодты күй индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (6) Мағынасы/себебі Шешімі
| Сары – Түймелі элементтің зарядытаусылған дерлік | Түймелі элементті жылдам алмастырыңыз |
| Қызыл – Байланыс орнатылмағаннемесе– Түймелі элементтің зарядытаусылған | – Байланыс орнату әрекетін қайта бастаңызнемесе– Түймелі элементті алмастырыңыз |
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Кірді жақышпен немесе ылғалды шүберекпен кетіріңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Назар аударыңыз: түймелі элементті әрдайым бірдей түрдегі түймелі элементке ауыстырыңыз. Жарылыс қаупі бар. Заряды қалмаған кіші батареяларды тиісті ретте алып тастап кәдеге жаратыңыз. Заряды қалмаған батареялар тығыз болмай қалып өнімді зақымдауы немесе адамдарды жарақаттауы мүмкін. - Таратқыш модульдің артқы жағындағы батарея бөлімінің қақпағын тиынмен ашыңыз. – Түймелі элементті абайлап шығарыңыз да, жаңасын салыңыз.
Түймелі элементті дұрыс енгізу үшін таңбаламаға назар аударыңыз.
– Батарея бөлімінің қақпағын тиынмен жауып қойыңыз. Дұрыс жабылуды қамтамасыз ету үшін қақпақты шегіне дейін бұраңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы 050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз:
www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:
- механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері;
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Кәдеге жарату
Қабылдағыш модульді, таратқыш модульді, керек-жарақтар мен ораушыларды қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Электрондық бөлшектер мен батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!