DML810 - Шам MAKITA - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз DML810 MAKITA PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шам PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз DML810 - MAKITA және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. DML810 брендінің MAKITA.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ DML810 MAKITA
Аккумуляторлық Pадиал Шырағданы ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
- Makita оригинална батерија и пуњач НАПОМЕНА: Поједине ставке на листи могу бити укључене у садржај паковања алата као стандардна опрема. Оне се могу разликовати од земље до земље.179 ҚАЗАҚША ҚАЗАҚША (Түпнұсқа нұсқаулар) ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ Үлгі: DML810 Жарық диоды 0,2 Е x 202 Номиналды кернеуі А.Т. 100В - 240 В, 50 / 60 Гц 14,4 В / 18 В ТТ Жарық ағыны 5 500 лм / 3 000 лм/ 1 500 лм Пайдалану уақыты (BL1860B x2 бар, барлық жарық диодтары жанады) 4 сағат (5 500 лм) / 18 сағат (1 500 лм) Өзара байланысты құрылғылардың максималды саны 8 Жұмыс температурасы 0 °C ~ 40 °C Сақтау температурасы -20 °C ~ 60 °C
(Ұ x Е x Б) 420 мм x 420 мм x 787 мм Таза салмағы (Аккумулятор картриджі мен қуат сымы жоқ) 13,9 кг Қорғаныс деңгейі ТТ: IP54 (тек аккумулятор блогымен жұмыс істейтін) АТ: IP20
- Зерттеу мен әзірлеудің үздіксіз бағдарламасына байланысты осы құжаттағы техникалық сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
- Техникалық сипаттамалары әр елде әр түрлі болуы мүмкін.
- Пайдалану уақыты шамаланған және аккумулятор түріне, зарядтау күйіне және пайдалану жағдайына байланысты өзгешеленуі мүмкін. Жарамды аккумулятор картриджі мен зарядтау құрылғысы Аккумулятор картриджі 14,4 В ТТ үлгісі BL1415N / BL1430B / BL1460B 18 В ТТ үлгісі BL1815N / BL1820B / BL1830B / BL1840B / BL1850B / BL1860B Зарядтау құрылғысы DC18RC / DC18RD / DC18RE / DC18SD / DC18SE / DC18SF / DC18SH / DC18WC
- Жоғарыда берілген аккумулятор картридждері мен зарядтау құрылғыларының кейбірі сіздің тұрып жатқан жеріңізге байланысты қолжетімсіз болуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Тек жоғарыда аталған аккумулятор катридждері мен зарядтау құрылғыларын ғана пайдаланыңыз. Аккумулятор картридждері мен зарядтау құрылғыларының басқа түрлерін пайдалансаңыз, жарақат алуыңыз және/немесе өрт шығуы мүмкін.
Төменде жабдықта пайдаланылуы мүмкін белгілер көрсетілген. Пайдалану алдында олардың мағынасын түсініп алыңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
Ni-MH Li-ion Тек ЕО елдеріне арналған Жабдықта қауіпті құрамдастардың болуына байланысты, электрлік және электрондық жабдықтардың, аккумуляторлар мен батареялардың қалдықтары қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Электрлік және электрондық құрылғыларды немесе батареяларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайды! Электрлік және электрондық жабдықтардың қалдықтары және аккумуляторлар мен батареялар және аккумуляторлар мен батареялардың қалдықтары, сондай-ақ олардың ұлттық заңнамаға бейімделуі туралы Еуропалық директиваға сәйкес, электрлік жабдықтардың, батареялардың және аккумуляторлардың қалдықтары бөлек жиналуы және қоршаған ортаны қорғау ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін тұрмыстық қалдықтарды жинау пунктіне жеткізілуі керек. Бұл жабдыққа орналастырылған айқас сызықпен сызылған дөңгелекті қоқыс жәшігінің белгісі арқылы көрсетіледі.180 ҚАЗАҚША Өте мұқият әрі абай болыңыз. Оптикалық сәулелену (УГ және ИҚ). Көзге немесе теріге әсерін азайтыңыз. Жұмыс шамына қарамаңыз. Тиісті қорғанысты немесе көз қорғанысын пайдаланыңыз. АТ қуатымен пайдаланғанда, құрылғыны жаңбырда немесе қарда пайдаланбаңыз. Ажыратқыштың қайта іске қосу түймесі.
Бұл өнімнің құрамында энергия тиімділігі бойынша <C> және <D> кластарына жататын жарық көздері
Құрал паспорттық деректері бар фирмалық тақтайшада көрсетілген кернеумен бірдей қуат көзіне қосылуы керек және тек бір фазалы АТ көзімен жұмыс істейді. Операторды электр тогының соғуына жол бермеу үшін, құрылғыны пайдаланған кезде, оны жерге тұйықтау керек. Тек үш жақты жерге тұйықтау ашасы бар үш сымды ұзартқыш сымдарды және құралдың ашасы сәйкес келетін үш полюсті розетканы ғана пайдаланыңыз. ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР ЕСКЕРТУ: Барлық қауіпсіздік ескертулері мен нұсқауларын оқып шығыңыз. Төменде берілген барлық ескертулер мен нұсқауларды орындамаған жағдайда, электр тогының соғуы, өрт шығуы және/немесе ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін. ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОРЫНДАҢЫЗ.
1. Құрылғыны пайдаланбаған кезде,
әрдайым өшіріп, аккумулятор картриджін құрылғыдан ажыратыңыз/алып тастаңыз.
2. Шамды немесе құрылғы желдеткішін
шүберекпен немесе картонмен және т.б. заттармен жаппаңыз немесе бітемеңіз. Әйтпесе, оны жабу немесе бітеу жалынның пайда болуына әкелуі мүмкін.
3. АТ қуаты арқылы құрылғыны
пайдаланғанда, құрылғыны дымқыл немесе ылғалды жерлерде пайдаланбаңыз.
4. Құрылғыны жаңбыр немесе қар астында
қалдырмаңыз. Оны ешқашан суда жууға
5. Құрылғыны айналасында тез тұтанатын
сұйықтықтар, газ немесе шаң сияқты заттардан тұратын жарылыс қаупі бар орталарда пайдаланбаңыз.
6. Құрылғының ашасы розеткаға сәйкес
келуі керек. Ашаларды ешбір жағдайда өзгертпеңіз. Өзгертілмеген ашалар мен сәйкес келетін розетканы пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
7. Құрылғыны пайдаланғанда, түтіктер,
радиаторлар, пештер немесе тоңазытқыштар сияқты жерге тұйықталған беттерді ұстамаңыз. Егер денеңіз жерге тұйықталатын болса, ток соғу қаупі жоғары.
8. Қуат сымын дұрыс пайдаланыңыз.
Құрылғыны тасу, тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін ешқашан сымды пайдалануға болмайды. Қуат шнурына ыстық зат, май, өткір жиек немесе қозғалмалы бөлшектер тимеуі керек. Зақымдалған немесе оралған қуат шнурлары ток соғу қаупін арттырады.
9. Осы жарықшамның сыртқы иілгіш
кабелі немесе сымы зақымдалса, ол тек өндірушіде немесе оның қызмет көрсету агентінде бар арнайы сыммен немесе сыммен алмастырылуы тиіс.
10. Жарық көзіне тікелей қарамаңыз.
11. Ашаны дымқыл немесе лас қолмен
12. Құрылғыны әрдайым тегіс және орнықты
жерге қойыңыз. Әйтпесе, құрылғы құлап кетуі
13. Құрылғыны әрқашан тік күйге қойыңыз.
14. Осы жарықшамдағы жарық көзі тек
өндіруші немесе оның қызмет көрсету агенті немесе ұқсас білікті тұлға арқылы алмастырылуы тиіс.
15. Қуат розетка арқылы қамтамасыз
етілген кезде, қуат сымын құрылғыдан ажыратылған күйінде қалдырмаңыз. Ток соғуы мүмкін.
16. Құрылғыны тасымалдау тұтқасын
көтеру секілді кез келген басқа мақсатта пайдалануға болмайды.
17. Құрылғыға ұшқындардың немесе
коррозиялық атмосфераның т.б. әсер етуін болдырмаңыз. Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды пайдалану және күтім жасау
1. Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
2. Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа аккумулятор блоктарын пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.181 ҚАЗАҚША
3. Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.
4. Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
5. Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін.
6. Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары болса, жарылуы мүмкін.
7. Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор блогын немесе құралды нұсқауларда көрсетілген температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамалмаса немесе көрсетілген ауқымнан тыс температурада зарядталса, аккумулятор зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Бұл құрылғыға тек білікті жөндеу маман
қызмет көрсетуі тиіс. Қызмет көрсетуді немесе техникалық қызмет көрсетуді біліктілігі жоқ қызметкер орындаса, қауіп немесе жарақат пайда болуы мүмкін.
Осы құрылғыға қызмет көрсету кезінде тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз. Мақұлданбаған бөлшектерді пайдалану немесе техникалық қызмет көрсету нұсқауларын орындамау ток соғуға немесе жарақатқа әкелуі мүмкін.
3. Бұл құрылғы қатты зақымдалса да, оны отқа
жақпаңыз. Аккумуляторлар отта жарылып кетуі мүмкін. Құрылғыны жергілікті ережелерге сәйкес кәдеге жаратыңыз. Аккумулятор картриджіне арналған маңызды қауіпсіздік
бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы және (3) аккумуляторды пайдаланатын өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту білгілерін оқып шығыңыз.
2. Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз
немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз. Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.
3. Егер аккумулятор картридждің пайдалану
уақыты бірталай қысқарған болса, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
4. Егер электролит көзіңізге тиген болса,
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы
5. Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір
бірімен матастырмаңыз: (1) Клеммаларды кез келген ток өткізгіш материалдарға тигізбеңіз. (2) Аккумулятор картриджін ішінде шегелер, тиындар, т.б. басқа металл заттары бар контейнерде сақтамаңыз. (3) Аккумулятор блогын суға салмаңыз немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы үлкен ток ағынының пайда болуына, қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті бұзылуға себеп болуы мүмкін.
6. Құралды және аккумулятор блогын
температурасы 50 °C-ден (122 °F) шамасынан асатын жерлерде сақтамаңыз және пайдаланбаңыз.
7. Аккумулятор блогы қатты зақымдалған
немесе толығымен тозған болса да, оны отқа жақпаңыз. Аккумулятор блогы отта жарылып кетуі мүмкін.
8. Аккумулятор картриджін шегелеуге,
кесуге, басуға, лақтыруға, құлатуға немесе оны қатты затпен соғуға болмайды. Бұл әрекеттер өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.
9. Зақымдалған аккумуляторды
10. Жинаққа кіретін литий-ионды
аккумуляторлар денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды заттар заңнамасы талаптарына сәйкес қарастырылады. Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы, үшінші тараптар, экспедиторлар үшін қаптамада және таңбалауда арнайы талаптар сақталуы тиіс. Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек. Сонымен қатар ұлттық ережелерді де толық қарап шығыңыз. Ашық түйіспелерді жауып, аккумуляторды қаптамаға қозғалмайтындай етіп орналастырыңыз.
11. Аккумулятор картриджін кәдеге жаратқан
кезде оны құралдан шығарып алып, қауіпсіз жерде кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды кәдеге жаратуға қатысты жергілікті ережелерді орындаңыз.
12. Аккумуляторларды тек Makita компаниясы
көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз. Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе электролит ағуына әкеп соқтыруы мүмкін.
13. Егер құрал ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, құралдағы аккумуляторды алып тастау керек.182 ҚАЗАҚША
14. Аккумулятор картриджін пайдалану кезінде
және пайдаланғаннан кейін, ол қызып, күйікке немесе төмен температуралы күйікке әкелуі мүмкін. Ыстық аккумулятор картридждерімен жұмыс істегенде сақ
15. Құралдың клеммасын пайдаланғаннан
кейін, оны бірден ұстамаңыз, ол күюге себеп болатындай ыстық болуы мүмкін.
16. Аккумулятор картриджінің клеммаларына,
саңылауларына және ойықтарына жоңқа, шаң немесе кірдің тұрып қалуын болдырмаңыз. Бұл құралдың қызуына, тұтануына, жарылуына және батарея картриджінің істен шығуына әкеліп, күйік немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
17. Егер құрал жоғары вольтты электрлік қуат
желілері жанында пайдалануға жарамды болмаса, аккумуляторлық картриджді жоғары вольтты электрлік қуат желілері жанында пайдаланбаңыз. Бұл құралдың немесе аккумулятор картриджінің істен шығуына немесе сынуына алып келуі мүмкін.
18. Аккумуляторды балалардан аулақ ұстаңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Тек түпнұсқа Makita аккумляторларын пайдаланыңыз. Түпнұсқа емес Makita аккумуляторларын немесе өзгертілген аккумуляторларды пайдалану нәтижесінде өрт, жарақат алу немесе зақымдалуға себеп болатын аккумулятор жарылуына әкелуі мүмкін. Ол сондай-ақ Makita құралы мен зарядтау құрылғысы үшін Makita кепілдігінің күшін жояды. Аккумулятордың максималды қызмет ету мерзімін сақтау бойынша кеңестер
1. Аккумулятор картриджін қуаты толығымен
таусылмас бұрын зарядтаңыз. Электр құралының қуаты аз екендігін байқаған кезде, құрал жұмысын тоқтатып, аккумулятор картриджін зарядтаңыз.
2. Толығымен зарядталған аккумулятор
картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз. Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету мерзімін қысқартады.
4. Аккумулятор картриджін пайдаланбаған
уақытта оны құралдан немесе зарядтау құрылғысынан алып тастаңыз.
5. Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт
бойы (алты айдан артық) пайдаланбаған болсаңыз, оны зарядтаңыз. БӨЛШЕКТЕР СИПАТТАМАСЫ ► Сурет1 1 Тасымалдау тұтқасы 2 Жарықтық индикаторы 3 Жарықтықты өзгерту түймесі 4 Қуат ауыстырып-қосқышының
5 Шам аймағын өзгерту түймесі 6 Аспалы құлыпқа арналған
7 Аккумулятор қақпағы 8 Қақпақ кілті 9 Қуат сымы 10 Қуат сымына арналған ілгіш 11 Бастиек қақпағы 12 АТ розеткасы 13 Ажыратқыштың қайта іске қосу
14 АТ кірісі - - ЕСКЕРТПЕ: Қуат сымының аша пішімі әр елде әртүрлі болуы мүмкін.183 ҚАЗАҚША ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құрылғының функциясын реттеу немесе тексеру алдында, әрдайым құрылғының өшірулі екеніне және аккумулятор картриджінің шығарылғанына көз жеткізіңіз. Аккумулятор картриджін орнату
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым құрылғыны өшіріңіз. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін орнатқан немесе алған кезде құрылғыны және аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз. Құрылғыны және аккумулятор картриджін мықтап ұстамағаннан олар қолыңыздан сырғанап түсіп, нәтижесінде құрылғының және аккумулятор картриджінің зақымдалуына және жеке жарақат алуға әкеп соқтыруы мүмкін. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін жүктеу кезінде құрылғы мен аккумулятор арасында, сонымен қатар аккумулятор қақпағын жабу кезінде құрылғы мен аккумулятор қақпағының арасында саусағыңызды қысып алмаңыз. Аккумулятор картриджін орнату үшін құлыптау қақпағын босатып, аккумулятор қақпағын ашыңыз. ► Сурет2: 1. Қақпақ кілті 2. Аккумулятор қақпағы Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор картриджіндегі тілшені корпустағы ойықпен туралап, оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз. Содан кейін аккумулятор қақпағын жабыңыз. ► Сурет3: 1. Түйме 2. Аккумулятор картриджі Аккумулятор картриджін шығару үшін картридждің алдыңғы жағындағы түймені сырғыту арқылы оны құралдан сырғытып шығарып алыңыз. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін әрқашан толық бекітіңіз. Әйтпесе ол құрылғыдан кездейсоқ түсіп қалып, сізді немесе айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы мүмкін. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін күштеп орнатпаңыз. Егер картридж жеңіл сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған. ЕСКЕРТПЕ: Екі аккумулятор картриджін орнатуға болады, бірақ құрылғы жұмыс істеу үшін бір аккумулятор картриджін пайдаланады. Аккумулятордың қалған қуатын
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд жанып тұрады. Индикатор шамдары Қалған қуат Жанып тұру Өшірулі
ЕСКЕРТПЕ: Қолдану жағдайларына және қоршаған ортаның температурасына қарай көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
ЕСКЕРТПЕ: Аккумулятордың қорғаныс жүйесі жұмыс істегенде, бірінші (шеткі сол жақ) индикатор шамы жыпылықтайды. Құрылғының/аккумулятордың қорғаныс жүйесі Құрылғы қорғаныс жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйе құрылғы мен аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін, қуат көзін автоматты түрде өшіреді. Егер құрылғы немесе аккумулятор төмендегі жағдайлардың біреуіне тап болса, құрылғы жұмыс барысында автоматты түрде тоқтайды. Шамадан тыс жүктемеден
Құрылғы токты тым көп тұтыну күйінде жұмыс істеген кезде, ол ешбір көрсеткішсіз автоматты түрде тоқтайды. Бұл жағдайда ТТ қуатымен пайдаланғанда, аккумулятор картриджін алыңыз және орнатыңыз немесе АТ қуатын пайдаланғанда, ажыратқыштың қайта іске қосу түймесін басыңыз. Содан кейін қайта іске қосу үшін құрылғыны
► Сурет5: 1. Ажыратқыштың қайта іске қосу түймесі184 ҚАЗАҚША Зарядтың шамадан тыс таусылуынан қорғаныс Аккумулятордың қалған қуаты төмендегенде, жарық диодтың бөліктерінен басқа жарық диодты шамдары суретте көрсетілгендей сөнеді. Содан кейін шамамен бес-он минуттан кейін жүйе автоматты түрде қуатты өшіреді. Бұл жағдайда аккумулятор картриджін құралдан алып, зарядтаңыз. ► Сурет6 Аспалы құлыпқа арналған
Аккумулятор картридждерін ұрлықтан қорғау үшін, аспалы құлыпқа арналған саңылау беріледі. ► Сурет7: 1. Аспалы құлыпқа арналған саңылау
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құрылғы коммерциялық пайдалануға арналған. Құрылғыны тұрмыстық мақсатта пайдалануға болмайды. Құрылғыны қосу/өшіру Құрылғыны қосу үшін қуат ауыстырып-қосқышының түймесін басыңыз. Құрылғыны өшіру үшін қуат ауыстырып-қосқышының түймесін қайтадан
► Сурет8: 1. Қуат ауыстырып-қосқышының түймесі ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы соңғы параметр кезіндегі режимде қосылады. Жарықтықты өзгерту Құрылғы жұмыс істеп жатқанда, жарықтықты өзгерту түймесін басыңыз. Жарықтықты өзгерту түймесін басқан сайын жарықтығы төмендейді. Ең төмен жарықтықпен жұмыс істеу кезінде, ең жоғары жарықтыққа оралады. ► Сурет9: 1. Жарықтықты өзгерту түймесі Шам аймағын өзгерту Құрылғы жұмыс істеп жатқанда, шам аймағын өзгерту түймесін басыңыз. ► Сурет10: 1. Шам аймағын өзгерту түймесі Шам аймағын өзгерту түймесін басқан сайын шам аймағы суретте көрсетілгендей өзгереді. ► Сурет11 АТ қуаты арқылы пайдалану Қосымша керек-жарақ
Құрылғының сымы немесе ашасы зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз. ЕСКЕРТУ: Ашаны дымқыл немесе лас қолмен ұстамаңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат электр желісі арқылы қамтамасыз етілген кезде, қуат сымын құрылғыдан ажыратылған күйінде қалдырмаңыз. Кішкентай балалар ашаны ауыздарына салып, жарақат алуы мүмкін.
Электр желісіне қосулы ашаны немесе сымды аузыңызға салмаңыз. Ток соғуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Желілік қуат көзінің номиналды кернеуі құрылғының номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз. ЕСКЕРТУ: Қосылған розетка жерге тұйықталуы тиіс. АТ қуаты арқылы құрылғыны пайдаланғанда, құрылғымен берілген қуат сымын пайдаланыңыз. Құрылғының АТ кірісіне ашаны қосыңыз, содан кейін келесі ұшын розеткаға қосыңыз. ► Сурет12: 1. Қуат сымы 2. Бастиек қақпағы (АТ кірісі) 3. Аша (құрылғыға арналған)
4. Аша (розеткаға арналған)
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Алдымен ашаны құрылғыға қосқаныңызға көз жеткізіңіз, содан кейін келесі ұшын розеткаға қосыңыз. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Қуат сымы жалғанбаған кезде, бастиек қақпағын әрқашан мықтап жабыңыз. ЕСКЕРТПЕ: ТТ қуатын пайдаланған кезде де, қуат сымы қосылған кезде, құрылғы АТ қуатына автоматты түрде ауысады. ЕСКЕРТПЕ: АТ қуаты құрылғыға енгізілген аккумуляторды зарядтамайды. ЕСКЕРТПЕ: Қуат сымының аша пішімі әр елде әртүрлі болуы мүмкін. Өзара байланысты пайдалану Қосымша керек-жарақ САҚ БОЛЫҢЫЗ: DML810 басқа қандай да бір құрылғыны АТ розеткасына қоспаңыз. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Әрқашан құрылғымен берілген қуат сымын пайдаланыңыз. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Берілген нұсқаулықта өзара байланысты құрылғылардың максималды саны көрсетілмесе, құрылғыларды өзара
Басқа құрылғымен өзара байланысқан құрылғыны пайдаланғанда, оларды қуат сымымен қосыңыз. Ашаны қуат беретін құрылғының АТ кірісіне қосыңыз, содан кейін қуат беру үшін басқа ұшын құрылғының АТ розеткасына қосыңыз. ► Сурет13: 1. АТ розеткасы185 ҚАЗАҚША ЕСКЕРТПЕ: Өзара байланысқан құрылғыларды пайдаланғанда, қосу/өшіру, жарықтықты өзгерту және шам аймағын өзгерту секілді әрекеттер байланыспайды. Әр құрылғы жұмыс істеуі қажет. Қуат сымын реттеу Қуат сымы үшін ілмектегі қуат сымын тығыз ораңыз. ► Сурет14: 1. Қуат сымы 2. Қуат сымына арналған
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Тексеру немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуге әрекеттенбес бұрын, әрдайым құрылғының өшірулі екеніне, желіден ажыратылғанына және аккумулятор картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Жанармайды, бензинді, сұйылтқышты, спиртті немесе соған ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін. Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан орындалуы керек.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР САҚ БОЛЫҢЫЗ: Бұл керек-жарақтар мен қондырмалар осы нұсқаулықта көрсетілген Makita құралымен бірге пайдалануға ұсынылады. Кез келген басқа керек-жарақтар мен қондырмаларды пайдалану адамдардың жарақаттануына әкелуі мүмкін. Керек-жарақты немесе қондырманы тек өз мақсатында ғана қолданыңыз. Осы керек-жарақтар туралы қосымша мәлімет алу үшін көмек қажет болса, жергілікті Makita қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Makita түпнұсқа аккумуляторы және зарядтау
ЕСКЕРТПЕ: Тізімдегі кейбір элементтер стандартты керек-жарақтар ретінде құралдың қаптамасында болуы мүмкін. Олар елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.186
Notice-Facile