GBH 2400 Professional - балға BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GBH 2400 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз балға PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GBH 2400 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GBH 2400 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GBH 2400 Professional BOSCH
Електроприлади, приладдя і упаковку треба здавати на екологічно чисту повторну переробку. Не викидайте електроінструменти в побутове сміття! Лише для країн ЄС: Відповідно до європейської директиви 2012/19/EU про відпрацьовані електро- і електронні прилади і її перетворення в національному законодавстві електро- прилади, що вийшли з вживання, повинні здаватися окремо і утилізуватися еколо- гічно чистим способом. Можливі зміни. OBJ_BUCH-861-007.book Page 114 Thursday, April 28, 2016 1:35 PMҚaзақша | 115 Bosch Power Tools 1 609 92A 2A6 | (2.6.16) Қaзақша Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде көрсетілген. Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз –өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техни- калық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған “Электр құрал” атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған жағдайда ұстаңыз. Тәртіп немесе жарық болмаған жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қауіпі бар қоршауда электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып, шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар және басқа адамдарды ұзақ жерге шеттетіңіз. Ауытқу кезінде құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін. Электр қауіпсіздігі Электр құрал штепселінің айыры розеткаға сыюы қажет. Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес. Жерге қосулы электр құралдарменен ешқандай адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Құбыр, жылытатын жабдық, плита және суытқыш сияқты жерге қосулы құралдар сыртына тимеңіз. Егер денеңіз жерге қосулы болса, электр тоғының соғу қаупі артады. Электр құралдарын ылғалдан, сыздан сақтаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады. Элекр құралды алып жүру, асып қою немесе айырын розеткадан шығару үшін кабельді пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір шеттерден немесе құралдың жылжыма бөлектерінен алыс жерде ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тоғының соғу қаупін
Электр құралымен ашық жерде жұмыс істесеңіз, тек сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдалану электр тоғының соғу қаупін төмендетеді. Электр құралын ылғалды қоршауда пайдалану қажет болса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану тоқ соғу қаупін төмендетеді. Адамдар қауіпсіздігі Сақ болып, не істеп жатқаныңызға айрықша көңіл бөліп, электр құралын ретімен пайдаланыңыз. Шаршаған жағдайда немесе еліткіш, алкоголь
OBJ_BUCH-861-007.book Page 115 Thursday, June 2, 2016 1:23 PM116 | Қaзақша 1 609 92A 2A6 | (2.6.16) Bosch Power Tools немесе дәрі әсері астында электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралды пайдалануда секундтық абайсыздық қатты жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию жарақаттану қаупін төмендетеді. Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр құралын тоққа және/немесе аккумуляторға қосуда, оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе құрылғыны қосулы күйде тоққа қосу, жазатайым оқиғалға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын реттейтін аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз. Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ бақылайсыз. Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге тиюі мүмкін. Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады. Электр құралдарын пайдалану және күту Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. Балғаларды пайдалану жөніндегі қауіпсіздік нұсқаулықтары Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін. Электр құралымен бірге жеткізілетін қосымша тұтқаларды ұстаңыз. Бақылауды жоғалту зақымдарға алып келуі мүмкін. Алмалы-салмалы құралдар немесе бұранда жасырынған тоқ сымына немесе өз желі кабеліне тиюі мүмкін болған жұмыстарды орындаған кезде құралды айырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып келуі мүмкін. Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып, жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады. Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. OBJ_BUCH-861-007.book Page 116 Thursday, June 2, 2016 1:23 PMҚaзақша | 117 Bosch Power Tools 1 609 92A 2A6 | (2.6.16) Өнім және қызмет сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға апаруы мүмкін. Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз. Тағайындалу бойынша қолдану Электр құралы перфоратормен бетонды, кірпіш, тасты оюға және жай соғу жұмыстарына арналған. Ол және ағаш, метал, керамика, пластмассаны қағусыз оюға арналған. Электрон басқаруы және оңға/солға айналуы бар электр құралдары да бұрғылауға сай. Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. 1 Құралды бекіту орны SDS-plus 2 Шаңнан сақтайтын бұқтырма 3 Бекіту төлкесі 4 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы 5 Қосқыш/өшіргіш құлыптау пернесі 6 Қосқыш/өшіргіш 7 Тұтқа (беті оқшауландырылған) 8 Қағуды/айналуды тоқтату қосқышының босату
9 Қағуды/айналуды тоқтату қосқышы 10 Тереңдікті шектеу тірегін орнату пернесі 11 Тереңдік шектегіші 12 Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған) 13 Тәждік бұрғылау патроны үшін тоқтатқыш бұрғы* 14 Тісті тәждік бұрғылау патроны* 15 Бұрғылау патроны үшін SDS-plus-аспап патроны* 16 Saugfix сору саңылауы* 17 Saugfix қысатын бұрамасы* 18 Saugfix тереңдікті шектеу тірегі* 19 Saugfix телескоптық құбыр* 20 Saugfix қалақты бұрғысы* 21 Saugfix бағыттауыш құбыры* 22 SDS-plus-аспап патрондық әмбебап ұстағыш* *Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат Шу эмиссиясының мәндері EN60745-2-6 бойынша есептелген. A-мен белгіленген электр құралын шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс күші 91 дБ(A); дыбыс қуаты 102 дБ(A). Өлшеу дәлсіздігі K=3 дБ. Құлақты қорғау құралдарын киіңіз! Жиынтық діріл мәні a
(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі EN 60745-2-6 стандартына сай анықталған: Бетонды перфоратормен бұрғылау: a
Осы ескертпелерде берілген дірілдеу пәрмені EN 60745 ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де жарамды. Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен басқа алмалы- салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл қуатын арттырады. Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру. Техникалық мәліметтер Перфоратор GBH 2400 Өнім нөмірі
Айналымдар санын басқару
Кесімді қуатты пайдалану Вт 720 Қағулар саны
0–4000 Бір қағу қуаты 05/2009 EPTA процедурасы бойынша J2,7 Айналымдар саны
– Құрылыс (шеңберлік бұрғылау коронкасы)
EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай салмағы кг 2,7 Сақтық сыныпы /II Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. OBJ_BUCH-861-007.book Page 117 Thursday, June 2, 2016 1:23 PM118 | Қaзақша 1 609 92A 2A6 | (2.6.16) Bosch Power Tools
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Қосымша тұтқа Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа 12 менен пайдаланыңыз. Қосымша тұтқаны ауытқыту (А суретін қараңыз) Қосымша тұтқаны 12 қисатып бекем және шаршатпайтын жұмыс күйін орнатыңыз. – Қосымша тұтқаның 12 төмен бөлегін сағат тіліне қарсы бұрап, қосымша тұтқаны 12 керекті күйге бұраңыз. Сосын қосымша тұтқаның 12 төмен бөлігін сағат тілімен бекітіп бұраңыз. Қосымша тұтқаның орау таспасы корпусіндегі арнайы ойықта жатуына көз жеткізіңіз. Бұрғылау тереңдігін орнату (В суретін қараңыз) Тереңдікті шектеу тірегімен 11 қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеу мүмкін. – Тереңдікті шектеу тірегін орнату 10 пернесін басып тереңдікті шектеу тірегін қосымша тұтқаға 12
Тереңдікті шектеу тірегінің 11 бұдырлауы төменге көрсетуі қажет. – SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus 1 аспабы патронына тірелгенше жылжытыңыз. Кері жағдайда SDS-plus-аспабының жылжымалылығы бұрғылау тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін. – Тереңдікті шектеу тірегін бұрғы ұшымен тереңдікті шектеу тірегі ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең болғанынша тартыңыз. Бұрғылау патроны мен аспаптарды таңдау Перфоратормен бұрғылау және ою үшін SDS-plus аспап патронына салынатын SDS-plus аспаптары керек болады. Қағусыз ағашты, металды, керамиканы, пластмассаны және бұрандаларды бұрғалау үшін SDS-plus сыз аспаптар (мысалы цилиндрлік тұтқалық бұрғылар) пайдаланылады. Осы аспаптар үшін жылдам қысу бұрғылау патроны немесе тісті тәждік бұрғылау патроны қажет. Тісті тәждік бұрғылау патронын алмастыру SDS-plus-сіз аспаптарымен (мысалы цилиндр тұтқалық бұрғы) жұмыс істеу үшін сәйкес аспап патронын орнатыңыз (тісті тәждік немесе жылдам бекіту бұрғылау патроны, керек-жабдықтар). Тісті тәждік бұрғылау патронын орнату (C суретін қараңыз) – SDS-plus-аспап патронын 15 тісті тәждік бұрғылау патронына 14 бұрап бекітіңіз. Тісті тәждік бұрғылау патронын 14 тоқтатқыш бұрандасымен бекітіңіз 13. Тоқтатқыш бұрғысында сол бағыттық ойма болатынына назар аударыңыз. Тісті тәждік бұрғылау патронын орнату (C суретін қараңыз) – Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз. – Тісті тәждік бұрғылау патронын аспап патронына өзі бекітілгенше бұрап салыңыз. – Тісті тәждік бұрғылау патронын бекітілуін тартып тексеріңіз. Тісті тәждік бұрғылау патронын шығару –Бекіту төлкесін 3 артқа жылжытып тісті тәждік бұрғылау патронын 14 шешіңіз. Жұмыс құралын ауыстыру Шаңнан сақтайтын бұқтырмамен 2 жұмыс істеу кезінде бұрғылау шаңының аспап патронына кіруіне жол бермейді. Аспапты пайдаланудан алдын шаңнан сақтайтын бұқтырманың 2 зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырма бірден алмастырылуы қажет. Оны қызмет көрсету шеберханасында орындау ұсынылады. SDS-plus электр құралын пайдалану (D суретін қараңыз) SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай алмастыру мүмкін. – Алмалы-салмалы аспаптың салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз. – Алмалы-салмалы жұмыс құралын патронға автоматты бекітілгенше бұрап салыңыз. – Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз. SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді. SDS-plus алмалы-салмалы аспабын шығару (E суретін қараңыз) – Бекіту төлкесін 3 артқа жылжытып алмалы-салмалы аспапты шешіңіз. SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды орнату Ескертпе: SDS-plus-сіз аспаптарды перфораторлық бұрғылау немесе ою үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus-сіз аспаптар перфораторлық бұрғылауда немесе оюда
– Тісті тәждік бұрғылау патронын 14 (“Тісті тәждік бұрғылау патронын алмастыру”, 118 бетінде қараңыз)
– Тісті тәждік бұрғылау патронын 14 аспап орнатылғаныша бұраңыз. Аспапты орнатыңыз. – Бұрғылау патроны кілтін тісті тәждік бұрғылау патронының 14 тиісті ойықтарына орнатып аспапты
– Қағуды/айналуды тоқтату қосқышын 9 “бұрғылау” күйіне айналыдырыңыз. OBJ_BUCH-861-007.book Page 118 Thursday, June 2, 2016 1:23 PMҚaзақша | 119 Bosch Power Tools 1 609 92A 2A6 | (2.6.16) SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды шешу – Тісті тәждік бұрғылау патронын 14 бұрғылау патроны кілтімен сағат тіліне қарсы бағытта алмалы-салмалы аспап шешілгенше бұраңыз. Saugfix менен шаңсору (керек-жарақтар) Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек. – Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін. Saugfix орнату (F суретін қараңыз) Шаңсору үшін Saugfix (керек-жабдық) қажет болады. Бұрғылау кезінде Saugfix артқа серпіледі, сол үшін Saugfix басы әрдайым түбінде болады. – Тереңдікті шектеу тірегін орнату 10 пернесін басып тереңдікті шектеу тірегін 11 шешіңіз. 10 пернесін қайта басып Saugfix қосымша тұтқаға 12 алдынан орнатыңыз. – Сору шлангын (диаметрі 19 мм, керек-жабдық) Saugfix сору саңылауына 16 қосыңыз. Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Бұрғылау тереңдігін Saugfix-те реттеу (G суретін қараңыз) Қажетті бұрғылау тереңдігін X орнатылған Saugfix ретінде де орнату мүмкін. – SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus 1 аспабы патронына тірелгенше жылжытыңыз. Кері жағдайда SDS-plus-аспабының жылжымалылығы бұрғылау тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін. – Saugfix сору құрылғысындағы қалақты бұрғыны 20 бұрап босатыңыз. – Электр құралды қоспастан жұмыс бетіне тұрақты етіп орнатыңыз. SDS-plus салынбалы құралы бұл кезде бетте орнатылған болуы керек. – Saugfix бағыттауыш құбырын 21 кронштейнде Saugfix басы бұрғыланатын бөлікте болатындай жылжытыңыз. Телескоптық құбырдағы 19 шкаланың көп бөлігі көрінуі үшін бағыттауыш құбырды 21 телескоптық құбырда 19 одан әрі жылжытпаңыз. – Қалақты бұрғыны 20 берік бекемдеңіз. Saugfix тереңдік шектегішіндегі қысатын бұраманы 17 бұрап алыңыз. – Тереңдікті шектеу тірегін 18 телескоптық құбырда 19, суретте көрсетілген қашықтық X қажет бұрғылау тереңдігіне сәйкес болатындай жылжытыңыз. – Қысатын бұраманы 17 берік бекемдеңіз.
Пайдалануға ендіру Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
Пайдалану түрін орнату Қағуды/айналуды тоқтату қосқышымен 9 электр құралының пайдалану түрін таңдаңыз. Ескертпе: Пайдалану түрін тек электр құралын өшіріп өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралын зақымдау мүмкін. – Пайдалану түрін өзгерту үшін босату түймешесін 8 басып, қағуды/айналуды тоқтату қосқышын 9 керекті күйіне дыбыспен тірелгенше бұраңыз. Айналу бағытын орнату Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 4 көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті 6 басқанда бұл мүмкін емес. Оңға айналу: айналу бағытының ауыстырып- қосқышын 4 екі жаққа орнында тірелгенше бұраңыз
Солға айналу:Айналу бағытының ауыстырып- қосқышын 4 екі жаққа орнында тірелгенше бұраңыз
Перфораторлық бұрғылау, бұрғылау және ою үшін айналу бағытын әрдайым оңға реттеңіз. Бетон немесе тасты перфораторлық бұрғылау күйі Ағаш, метал, керамика және пластмассаны қағусыз бұрғылау және бұранда қою күйі Vario-Lock күйі кескіш күйін өзгерту үшін Бүл күйде қағуды/айналуды тоқтату қосқышы 9 тірелмейді.
– Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті басыңыз
– Қосқыш/өшіргішті бұғаттау үшін оны басып ұстап реттеу түймешесін 5 қосымша басыңыз. – Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті жіберіңіз 6. Қосқыш/өшіргіш 6 тірелген соң, әуелі оны басып сосын жіберіңіз. Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек пайдаланарда қосыңыз. Айналымдар/қағу санын реттеу Қосқышты/өшіргішті 6 басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп реттеуге болады. Қосқыш/өшіргішке 6 жай басу төмен айналымдар/қағулар санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
Қорғауыш жалғастырғыш Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында пайда болатын күштер себебінен электр құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз. Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз. Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары реактивті күш пайда болады. Пайдалану нұсқаулары Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Кескіш қалпын өзгерту (Vario-Lock) Кескішті36 күйде бекітуге болады. Осылай оптималды жұмыс істеу күйіне жете аласыз. – Кескішті аспап патронына орнатыңыз. – Қағуды/айналуды тоқтату қосқышын 9 “Vario-Lock” күйіне бұраңыз (“Пайдалану түрін орнату”, 119 бетінде
– Алмалы-салмалы аспапты керекті ою күйіне бұраңыз. – Қағуды/айналуды тоқтату қосқышын 9 “ою” күйіне бұраңыз. Осылай аспап патроны бекітіледі. – Ою үшін айналу бағытын оңға айналуға орнатыңыз. Бұранда ұштықтарын орнату (H суретін қараңыз) Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар түсіп кетуі мүмкін. Бұранда ұштықтарын пайдалану үшін әмбебап ұстағыш 22 SDS-plus-аспап патронымен (керек-жабдықтар) керек
– Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз. – Айналмалы әмбебап ұстағышты құралды бекіту орнына автоматты түрде бекітілгенше салыңыз. – Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз. – Ұстағышқа шуруптарды бұрап бекіту битасын салыңыз. Тек шуруп басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз. – Әмбебап ұстағышты алу үшін бекіту төлкесін 3 артқа жылжытыңыз және әмбебап ұстағышты 22 құралды бекіту орнынан шығарыңыз. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында орындаңыз. Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырма бірден алмастырылуы қажет. Оны қызмет көрсету шеберханасында орындау ұсынылады. – Құралды бекіту орнын 1 әр пайдаланудан кейін
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз: www.bosch-pt.com Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді. Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
ЖШС “Роберт Бош” Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы Алматы қаласы
Notice-Facile