GDE 28 D Professional - балға BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GDE 28 D Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Бұрғылаушыға арналған сору құрылғысы |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GDE 28 D Professional |
| Санат | Балға (керек-жарақ) |
| Үйлесімділік | GBH 18V-28 DC бұрғылаушысы |
| Бұрғылау диаметрлері | 4–28 мм |
| Бұрғының ең үлкен ұзындығы | 265 мм (ұзартқышпен) |
| Ең үлкен бұрғылау тереңдігі | 100 мм |
| Салмағы | 0,8 кг (EPTA бойынша) |
| Сүзгі түрі | HEPA |
| Сүзгіні тазалау | Механикалық доңғалақпен (3 рет шерту) |
| Жинағыш контейнер | Кірістірілген, мөлдір |
| Сору ұштары кіреді | 2 (4–16 мм және 16–28 мм) |
| Ұзартқыш кіреді | Иә (165–265 мм бұрғылар үшін) |
| Сілтеме | 1 600 A02 1CV / 1 600 A02 1CY |
| Қуат көзі | Бұрғылаушы арқылы (өз көзі жоқ) |
| Күтім | Контейнерді үнемі босатыңыз, HEPA сүзгісін қағу немесе щеткамен тазалаңыз |
| Қауіпсіздік | Металл бұрғылау үшін пайдаланбаңыз; әрқашан қолды бұрғылаушы тұтқаларында ұстаңыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - GDE 28 D Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GDE 28 D Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз балға PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GDE 28 D Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GDE 28 D Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GDE 28 D Professional BOSCH
Қауіпсіздік нұсқаулары
Сорғыш құрылғымен бірге пайдаланылатын электр құралының пайдалану бойынша нұсқаулығындағы қауіпсіздік техникасының нұсқауларын оқып шығыңыз және қатал ұстаныңыз. ▶ Өрт қаупі бар! Орнатылған сорғыш құрылғымен металл дайындамаларды өңдемеңіз. Ыстық металл жоңқасы сорғыш құрылғының бөліктерін тұтандыруы мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Мақсаты бойынша қолдану
Сорғыш құрылғы бетон немесе кірпіш қалау бойынша бұрғылау кезінде шаңды соруға арналған.
Сорғыш құрылғыны тек төмендегі перфораторлармен бірге пайдалануға болады:
- GBH 18V-28 DC
Ағаш, тас, металл немесе пластик бойынша бұрғылау кезінде сорғыш құрылғыны пайдалануға болмайды.
Нұсқау: аталмыш сорғыш құрылғы тек шағын диаметрлі кездейсоқ саңылауларға арналған. Ұзақ мерзімді қолданыс және/немесе үлкен диаметрлі саңылаулар үшін сыртқы шаңсорғышы, мысалы, GAS 35 М AFC бар GDE 16 plus немесе GDE 68 сорғыш құрылғысын қолданыңыз.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі сорғыш құрылғының көрсетіліміне қатысты болып келеді.
(1) Ұзартқыш (2) 28 мм саңылау диаметріне дейінгі SDS plus қатты бұрғылау патронына арналған шаң саңылауы (3) 16 мм саңылау диаметріне дейінгі SDS plus қатты бұрғылау патронына арналған шаң саңылауы (4) Бұрғылау тереңдігін реттеу түймесі (5) Тереңдік шектегішінің шкаласы бар бағыттауыш (6) Бұрғы ұзындығын реттеу түймесі (7) Шаң жинағыш қораптың босату түймесі (8) Сорғыш құрылғының босату түймесі (9) Шаң жинағыш қорап
(10) Механикалық сүзгі тазалау тетігінің айналмалы реттегіші (11) Ауа сору терезесі (12) Корпус бағыттауышы (13) Перфоратордың бағыттауыш саңылауы (14) Құлыптан босату түймесі (15) Шаң жинағыш қораптың қалпағы (16) HEPA сүзгісі
Техникалық мәліметтер
| Сорғыш құрылғы GDE 28 D | |
| Өнім нөмірі | 1 600 A02 1CV1 600 A02 1CY |
| Саңылау диаметрі a) | мм 4-28 |
| Макс. бұрғы үзындығы b) | мм 265 |
| Макс. бұрғылау тереңдігі мм 100 | |
| Салмағы EPTA-Procedure01:2014 құжатына сай | кг 0,8 |
A) Шаң саңылауы (3) диаметрі 16 мм-ге дейінгі бұрғыларға арналған; шаң саңылауы (2) диаметрі 16–28 мм бұрғыларға арналған. B) Шаң саңылауына арналған ұзартқыш (1) бар.
Монтаждау
Сорғыш құрылғыны бекіту (А1-А2 суреттерін қараңыз)
– Перфораторды бағыттауыш саңылауымен (13) сорғыш құрылғының корпус бағыттауышына (12) орнатып, сорғыш құрылғыны перфораторға жылжытыңыз. Сорғыш құрылғы шерту дыбысымен тірелуі тиіс. Сорғыш құрылғы мен перфоратордағы таңбаламалар бір-бірінің үстінде орналасуы тиіс. – Ажырату үшін босату түймесін (8) басыңыз, құлыптан босату түймесін басып тұрыңыз және сорғыш құрылғыны перфоратордан тартып алыңыз.
Пайдалану
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Сорғыш құрылғыны ешқашан сүзгісіз пайдаланбаңыз. Сорғыш құрылғы сүзгісіз пайдаланылған жағдайда, бұрғылау шаңының үлкен бөліктері пайдаланушыға қарай лақтырылуы және электр құралына зақым келтіруі мүмкін. ▶ Тек зақымдалмаған сүзгіні (сызатсыз, тесіксіз және т.б.) пайдаланыңыз. Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз. Электр құралын ешқашан сорғыш құрылғысынан ұстап тасымаңыз. ▶ Сорғыш құрылғы кондырылған электр құралын жұмыс барысында сорғыш құрылғыдан емес,
56 | Қазақ
әрдайым электр құралының тұтқасы мен қосымша тұтқасынан ұстап тұрыңыз.
Нұсқау: бағыттауыш (5) серіппемен керілген. Бұрғы ұзындығын реттеу түймесін (6) басқан кезде, бағыттауыш алға секіруі мүмкін.
Электр құралын жұмыс барысында екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді түрде басқарылады.
Бұрғыны енгізу/шығару (В суретін қараңыз)
– Бұрғы ұзындығын реттеу түймесін (6) басып, бағыттауышты (5) тірелгенше сыртқа тартыңыз. – (6) түймесін қайтадан жіберіңіз. – Бұрғы ұштығын артқы жақтан шаң саңылауы (3) арқылы өткізіп, содан кейін оны электр құралының нұсқауларына сәйкес бұрғылау патронына енгізіңіз. – Бұрғыны шығарудан бұрын (6) түймесін қайтадан басып, бағыттауышты (5) тірелгенше сыртқа тартыңыз.
Бағыттауыш ұзындығын реттеу (С суретін қараңыз)
Таза сору және тереңдік шектегішін тиісінше реттеу үшін бағыттауышты (5), алдыңғы бұрғы ұштығы / (3) шаң саңылауымен беттелетіндей реттеу қажет.

– Қажетті бұрғыны бұрғылау патронының құрал бекіткішіне енгізіңіз. – (6) түймесін, бағыттауышты (5) бұрғы ұзындығына сәйкес реттей отырып басыңыз. – (6) түймесін қайтадан жіберіңіз.
Нұсқау: сорғыш құрылғыны сақтау үшін (6) түймесін басып, бағыттауышты (5) тірелгенше сыртқа тартыңыз. Бұл ретте бағыттауыш серіппесі босатылып, серіппенің қызмет ету мерзімі ұзарады.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (D суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішін реттеу түймесінің (4) көмегімен қажетті X бұрғылау тереңдігін белгілеуге болады.
– (4) түймесін басып, түймені бағыттауышқа (5), көрсетілген Х арақашықтығы қажетті бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей жылжытыңыз. – (4) түймесін қайтадан жіберіңіз.
Шаң саңылауын және ұзартқышты монтаждау (Е суреттерін қараңыз)
Саңылау диаметріне байланысты (3)/(2) шаң саңылауын алмастыру қажет:
- 4-16 мм диаметрлі саңылауларға арналған шаң саңылауы (3)
- 16–28 мм диаметрлі саңылауларға арналған шаң саңылауы (2)
Оған қоса шаң саңылауының қабырғамен жанасу бетінде анық тозу іздері көрінгенде және сору кезінде шаң сорғыш қылшақ арқылы шыққан жағдайда, шаң саңылауын алмастыру қажет.
Шаң саңылауын алып тастау:
– Құлыптан босату түймесін (14) басып, шаң саңылауын жоғары қарай ұстағыштан тартыңыз. Шаң саңылауын монтаждау: – Шаң саңылауын, құлыптан босату түймесі (14) шерту дыбысымен тірелгенше, жоғарыдан ұстағышқа енгізіңіз. Ұзартқыш (1), жалпы ұзындығы 165-265 мм болатын бұрғыны пайдаланған кезде, қажет болады. – Ұзартқышты (1) шаң саңылауын монтаждау/алып тастау процедурасына сәйкес монтаждаңыз және алып тастаңыз.
Механикалық сүзгі тазалау тетігі
Сорғыш құрылғы механикалық сүзгі тазалау тетігімен жабдықталған, ол НЕРА сүзгісін (16) жабысатын шаңнан босатады. Механикалық сүзгі тазалау тетігін жүйелі түрде іске қосыңыз. Осылайша НЕРА сүзгісі, тұрақты көлемдік ауа ағыны және осылайша тұрақты сору күші қамтамасыз етілетіндей қағылады. – Механикалық сүзгі тазалау тетігінің айналмалы реттегішін (10), кемінде үш рет шерту дыбысы естілгенше, сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Шаң жинағыш қорапты босату (F1–F5 суреттерін қараңыз)
Нұсқау: шаң жинағыш қорапқа техникалық қызмет көрсеткен және оны тазалаған кезде шаңнан қорғайтын масканы киіп жүріңіз.
Оңтайлы сору күшін сақтау үшін шаң жинағыш қорапты (9) жүйелі түрде және жұмыстарды аяқтағаннан кейін босатып тұрыңыз. Көру әйнегінің көмегімен шаң жинағыш қораптың толтыру деңгейін бақылауға болады.
– Электр құралын сорғыш құрылғымен көлденеңінен ұстап, электр құралын бірнеше секундқа қосыңыз. Осылайша шаң қалдықтары сору каналынан шаң жинағыш қорапқа (9) сорылады. – Құлыптан босату түймесін (7) басып, шаң жинағыш қорапты (9) сорғыш құрылғыдан қайырып шығарыңыз. – Қалпақты (15), ол сүзгіні (16) жапқанша, ашыңыз. – Шаң жинағыш қорапты (9) арнайы қоқыс ыдысына босатыңыз.
- Қажет болса, HEPA сүзгісін (16) шаң жинағыш қораптан шығарып, оны жақсылап қағыңыз немесе сүзгі қабаттарын жұмсақ қылшақпен сүртіп шығыңыз. HEPA сүзгісін шаң жинағыш қорапқа қайтадан салып қойыңыз. Нұсқау: HEPA сүзгісін сығылған ауамен үрлеп тазарту арқылы тазаламаңыз.
- Содан кейін қалпақты (15) жауып қойыңыз. – Шаң жинағыш қорапты сорғыш құрылғының шарниріне орнатып, шаң жинағыш қорапты, құлыптан босату түймесі (7) шерту дыбысымен тірелгенше қайырыңыз. – Механикалық сүзгі тазалау әрекетін орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады. Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Аккумулятор жұмыс істемей қалса, Bosch электр құралдарының өкілетті сервистік орталығына хабарласыңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс. - Сорғыш құрылғыны құрғақ, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Сорғыш құрылғыны, аккумуляторларды, керек-жарақтар мен орауыштарды қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату орнына жіберу қажет.