BOSCH GLM 500 Professional - Лазерлік көрсеткіш

GLM 500 Professional - Лазерлік көрсеткіш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GLM 500 Professional BOSCH PDF форматында.

📄 484 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы ⚙️ Сипаттамалар 🖨️ Басып шығару
Notice BOSCH GLM 500 Professional - page 302
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GLM 500 Professional

Санат : Лазерлік көрсеткіш

SKIP

Жиі қойылатын сұрақтар - GLM 500 Professional BOSCH

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік көрсеткіш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GLM 500 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GLM 500 Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLM 500 Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің

– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз Тасымалдау– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ. u Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін. Өлшеу құралы ескерту тақтасымен бірге жеткізілген (өлшеу құралының суретінде графика бетінде (12) нөмірімен белгіленген). u Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіз тіліде болмаса, алғашқы пайдаланудан алдын оның орнына сіздің еліңіз тілінде болған жапсырманы жабыстрыңыз. Лазер сәулесін адам немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылған лазер сәулесіне қарамаңыз. Осылай адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға алып келуі және көзді зақымдауы мүмкін. u Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату

u Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. u Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол лазер сәулесінен қорғамайды. Қазақ | 303 Bosch Power Tools 1 609 92A 4RG | (15.11.2018)304 | Қазақ 1 609 92A 4RG | (15.11.2018) Bosch Power Tools u Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық қорғамай рең көру қабилетін азайтады. u Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. u Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдаланбасын. Олар білмей адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. u Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. Өнім және қуат сипаттамасы Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз. Мақсаты бойынша қолдану Өлшеу құралы қашықтықтарды, ұзындықтарды, биіктіктерді, аралықтарды, көлбеулерді өлшеуге және аудан мен аумақтарды есептеуге арналған. Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты. (1)

(2) Өлшеу түймесі [ ] (3) Плюс түймесі [+] (4) Негізгі жазықтықты таңдау түймесі (5) Қосу-өшіру түймесі [ ] (6) Сақтау түймесі [ ] (7) Функция түймесі[Func] (8) Минус түймесі[−] (9) Батарея бөлімі қақпағы (10) Батарея бөлімі қақпағының құлпы (11) Сериялық нөмір(12) Лазер ескерту тақтасы (13) 1/4 дюймдік штатив бұрандасы (14) Қабылдау линзасы (15) Лазер сәулесінің шығысы (16) Лазер нысандық тақтасы

(17) Лазер көру көзілдірігі

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Көрсеткіш элементтер (таңдамалы) (a)

(b) Өлшеу негізгі жазықтығы (c) Батарея индикаторы (d) Өлшеу көлемдері жолағы (e) Нәтижелер жолағы (f) Өлшеу функциялары (g) Еңіс бұрышының көрсеткіші (h) Негізгі параметрлер Техникалық мәліметтер Сандық лазер қашықтық өлшегіші GLM 500 Өнім нөмірі 3 601 K72 H.. Өлшеу бірлігін реттеу м, фут, дюйм Өлшеу аймағы (әдеттегі) 0,05–50 м

Өлшеу аймағы (әдеттегі, қолайсыз жағдай) 20 м

Өлшеу анықтығы (әдеттегі) ±1,5 мм

Өлшеу дәлдігі (әдеттегі, қолайсыз жағдайда) ±3,0 мм

Ең кіші көрсетілетін элемент 0,5 мм Жанама қашықтық өлшеу мен деңгей Өлшеу диапазоны 0°–360° (4x90°) Көлбеуді өлшеу Қазақ | 305 Bosch Power Tools 1 609 92A 4RG | (15.11.2018)306 | Қазақ 1 609 92A 4RG | (15.11.2018) Bosch Power Tools Сандық лазер қашықтық өлшегіші GLM 500 Өлшеу диапазоны 0°–360° (4x90°) Өлшеу анықтығы (әдеттегі) ±0,2° C)D)E) Ең кіші көрсетілетін элемент 0,1°

Жұмыс температурасы –10 °C ...+45°C

Сақтау температурасы –20 °C ... +70 °C Салыстырмалы ауа ылғалдығы макс. 90 % Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000 м дейін Ластану дәрежесі IEC61010-1 бойынша 2

Лазер класы 2 Лазер түрі 635нм, <1 мВт Лазер сәулесінің диаметрі (25°C температурасында) шам. – 10м қашықтықта 9мм

– 50м қашықтықта 45мм

Өшіру автоматикасы шамамен төмендегіден соң – Лазер 20 с – Өлшеу құралы (өлшеусіз) 5 мин Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай 0,10 кг Көлемдер 106 x 45 x 24 мм Қорғаныс түрі IP 54 (шаң мен шашыранды судан

Батареялар 2 x 1,5 В LR03 (AAA)Сандық лазер қашықтық өлшегіші GLM 500 Аккумуляторлық элементтер 2 x 1,2 В HR03 (AAA) A) Өлшеу құралының алдыңғы жиегінен өлшегенде, нысананың жоғары шағылысу дәрежесі (мысалы, ақ түспен боялған қабырға), әлсіз фондық жарықтандыру және 25°C жұмыс температурасы үшін қолданылады. Қосымша ±0,05мм/м ауытқуды есепке алу керек. B) Өлшеу құралының артқы қырынан өлшегенде нысанда шағылысу мүмкіндігі жоғары болса (мысалы, қоңыр боялған қабырға), фондық жарықтық қатты болып, жұмыс температурасы –10 °C және +45 °C аралығында болуы тиіс. Қосымша ±0,15 мм/м ауытқуды есепке алу

C) Пайдаланушы 0° және 90° аралығында калибрлегеннен кейін; ± 0,01° қосымша көтерілу ауытқуын / ең көбі 45° дәрежені (макс.) ескеру қажет. Еңісті өлшеу үшін негізгі жазықтық ретінде өлшеу құралының сол жағы пайдаланылады. D) 25°C жұмыс температурасында E) Еңісті өлшеу үшін анықтамалық жазықтық ретінде өлшеу құралының сол жағы пайдаланылады. F) Үздіксіз өлшеу режимінде макс. жұмыс температурасы +40°C құрайды. G) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. H) батарея бөлімінен тыс Өлшеу құралының зауыттық тақтайшасындағы сериялық нөмір (11) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.

Батареяларды салу/алмастыру Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын немесе аккумуляторын пайдалану ұсынылады. 1,2 вольттық аккумулятормен 1,5 вольттық батареяларға салыстырғанда кемірек өлшеулерді орындау мүмкін. Батарея бөлімінің қақпағын (9) ашу үшін ысырманы (10) басып, қақпақты ашыңыз. Батареяны немесе аккумуляторды салыңыз. Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз. Егер бос батарея белгісі алдын дисплейде алғаш рет пайда болса, шам. 100 өлшеу әрекетін орындауға болады. Егер батарея белгісі бос болып, қызыл түсте жанса, онда ешбір өлшемдерді орындауға болмайды. Батарея немесе аккумуляторларды алмастырыңыз. Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өңдірушінің және қуаты бірдей батареялар немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз. Қазақ | 307 Bosch Power Tools 1 609 92A 4RG | (15.11.2018)308 | Қазақ 1 609 92A 4RG | (15.11.2018) Bosch Power Tools u Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды немесе аккумуляторларды өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт жатқан батареялар немесе аккумуляторлар тот басуы және зарядын жоғалтуы мүмкін.

u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру

u Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. u Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулары жағдайында алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін. u Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Өлшеу құралына сыртқы қатты әсер етілгеннен кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексерісін орындаңыз (қараңыз „Дәлдікті тексеру және еңіс өлшеуді калибрлеу (E1–E2суреттерін қараңыз)“, Бет315).

– Өлшеу құралы мен лазерді іске қосу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді

– Өлшеу құралын лазерсіз іске қосу үшін қосу-өшіру түймесін (5) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру түймесін (5) [ ] басып тұрыңыз. Өлшеу құралын өшіргенде жадта тұрған мәндер мен құрылғы параметрлері

Өлшеу әдісі Қосқаннан кейін өлшеу құралы ұзындық өлшеу функциясында тұрады. Басқа өлшеу функциясына ауысу үшін (7) [Func] түймесін басыңыз. Қалаулы өлшеу функциясын(3)[+] немесе(8)[–] түймесі арқылы (қараңыз „Өлшеуфункциялары“, Бет310) тармағынан таңдаңыз. Өлшеу функциясын(7)[Func] түймесімен немесе өлшеу түймесімен (2) [ ] іске қосыңыз. Өлшеудің негізгі жазықтығы қосудан соң өлшеу құралының артқы қыры таңдалады. Негізгі жазықтықты ауыстыру үшін (қараңыз „Негізгі жазықтықты таңдау (Aсуретін қараңыз)“, Бет309). Өлшеу құралын өлшеудің қажетті бастапқы нүктесіне (мысалы, қабырға) қойыңыз. Нұсқау: егер өлшеу құралы қосу-өшіру түймесінің (5) [ ] көмегімен қосылған болса, лазерді қосу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. Өлшеуді босату үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. Сосын лазер сәулесі өшеді. Басқа өлшеу үшін осы әдісті қайталаңыз. u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Нұсқау: өлшеу мәні әдетте 0,5сек пен ең ұзағы шамамен 4сек ішінде көрсетіледі. Өлшеу ұзақтығы қашықтықтан, жарықтық жағдайы мен нысандық аймақтың қайтару қасиеттеріне байланысты. Өлшеуді аяқтағаннан соң лазер сәулесі автоматты ретте

Негізгі жазықтықты таңдау (Aсуретін қараңыз) Өлшеу үшін үш түрлі негізгі жазықтықтардың арасынан таңдау мүмкін: – өлшеу құралының артқы жиегі (мысалы, қабырғаға орналастырғанда), – өлшеу құралының алдыңғы жиегі (мысалы, үстел жиегінен өлшегенде), – бұранданың (13) ортасы (мысалы, штативпен өлшегенде) (4) түймесін негізгі жазықтықты таңдау үшін басыңыз. Қалаулы негізгі жазықтықты (3)[+] немесе(8)[– немесе (4) түймесі арқылы таңдаңыз. Өлшеу құралының әрбір қосылуында өлшеу құралының артқы қыры негізгі жазықтық ретінде алдынан реттелген болады. "Негізгі параметрлер" мәзірі "Негізгі параметрлер" (h) мәзіріне кіру үшін (7) [Func] түймесін басып тұрыңыз. Негізгі параметрмен өзіңіз параметріңізді таңдаңыз. "Негізгі параметрлер" мәзірінен шығу үшін қосу-өшіру түймесін (5) [ ] басыңыз. Дисплей жарығы Дисплей жарығын ұзақ уақытқа қосылған. Перне басылмаса дисплей жарығы шам. секундтан соң 20 батареяны/аккумуляторды үнемдеу үшін қаранғыланады. Қазақ | 309 Bosch Power Tools 1 609 92A 4RG | (15.11.2018)310 | Қазақ 1 609 92A 4RG | (15.11.2018) Bosch Power Tools Өлшеу функциялары Ұзындықты өлшеу Ұзындықты өлшеу функциясын таңдаңыз. Лазер сәулесін қосу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. Өлшеу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. Өлшеу мәні төменде дисплейде көрсетіледі.

m7.620 Жоғарыдағы көрсетілген қадамдарды әр кейінгі өлшеу үшін қайталаңыз. Соңғы өлшеу мәні дисплейдің төменгі жағында тұрады, соңғының алдындағы өлшеу мәні жоғарысында тұрады т.б. Үздіксіз өлшеу Үздіксіз өлшеуде өлшеу құралын нысанға жылжытуға болады, онда өлшеу көлемі шам. әр 0,5 секунд сайын жаңарады. Мысалы, қабырғадан керекті қашықтыққа өтуіңіз мүмкін, қашықтықты әрдайым көруге болады. Үздіксіз өлшеуді таңдаңыз. Лазер сәулесін қосу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. Өлшеу құралын керекті қашықтық дисплейдің төменгі бөлігінде көрсетілгенше жылжытыңыз.

-64° Үздіксіз өлшеуді аяқтау үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. Ағымдық өлшеу мәні төменде дисплейде көрсетіледі. Өлшеу түймесін (2) [ ] қайта басқанда үздіксіз өлшеу қайта іске

Үздіксіз өлшеу 5минуттан кейін автоматты түрде өшеді. Ауданды өлшеу Ауданды өлшеу функциясын таңдаңыз. Сонан соң ені мен ұзындығын дәйекті түрде ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Екі өлшеу арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. Өлшенетін қашықтық ауданды өлшеу индикаторында жыпылықтайды.19.355 m

Алғашқы өлшеу мәні дисплей жоғарысында көрсетіледі. Екінші өлшеуді аяқтағаннан соң аудан автоматты есептеліп көрсетіледі. Соңғы нәтиже дисплей төменгі жағында көрсетіледі, ал бөлек өлшеу мәндері жоғарысында. Көлемді өлшеу Көлем өлшеуді таңдаңыз. Сонан соң енін, ұзындығын және тереңдігін дәйекті түрде ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Үш өлшеу арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. Өлшенетін қашықтық көлемді өлшеу индикаторында жыпылықтайды. 1474.8 m

m10.160 Алғашқы өлшеу мәні дисплей жоғарысында көрсетіледі. Үшінші өлшеуді аяқтағаннан соң көлемі автоматты есептеліп көрсетіледі. Соңғы нәтиже дисплей төменгі жағында көрсетіледі, ал бөлек өлшеу мәндері жоғарысында. Жанама қашықтықыт өлшеу Жанама қашықтықты өлшеу үшін үш өлшеу функциясы бар, олар арқылы түрлі қашықтықтарды өлшеу мүмкін. Жанама қашықтықты өлшеу сәуле жолында кедергі тұруы немесе нысандық аймақ қайтаратын жер ретінде қолжетімді болмауы себебінен тікелей өлшенбейтін қашықтықтарды өлшеуге қызмет етеді. Осы өлшеу әдісін тек тік бағытта пайдалану мүмкін. Көлденең бағыттағы ауытқу өлшеу қателіктеріне алып келеді. Нұсқау: жанама қашықтықты өлшеудің дәлдігі әрдайым тікелей қашықтықты өлшеуден төменірек болады. Пайдалану жағдайына байланысты ретте өлшеу қателігі тікелей қашықтықты өлшеу қателігінен үлкен болады. Өлшеу дәлдігін жақсарту үшін тағанды пайдалануды ұсынамыз (жабдықтар). Өлшеулер арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. a) Жанама биіктікті өлшеу (Bсуретін қараңыз) Жанама биіктікті өлшеу функциясын таңдаңыз. Өлшеу құралының төменгі өлшеу нүктесімен бір биіктікте болуына көз жеткізіңіз. Өлшеу құралын негізгі жазықтықтан қайырып, қашықтықты "1" ұзындықты өлшегендей өлшеңіз (дисплейде қызыл сызық ретінде көрсетілген). Қазақ | 311 Bosch Power Tools 1 609 92A 4RG | (15.11.2018)312 | Қазақ 1 609 92A 4RG | (15.11.2018) Bosch Power Tools

45° m20.000 45.0° Өлшеу аяқталғаннан кейін қажетті "X" қашықтығын өлшеу нәтижесі нәтижелер жолағында (e) көрсетіледі. "1" қашықтығы мен "α" бұрышының өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің (d) жолағында

b) Қос жанама биіктікті өлшеу (Cсуретін қараңыз) Өлшеу құралы оның вертикалды деңгейінде жататын барлық қашықтықтарды жанама өлшеуі мүмкін. Қос жанама биіктікті өлшеу функциясын таңдаңыз. Ұзындықты өлшегендей "1" және "2" қашықтықтарын осы реттілік бойынша

-10° m10.154 45.0° m12.208 Өлшеу аяқталғаннан кейін қажетті "X" қашықтығын өлшеу нәтижесі нәтижелер жолағында (e) көрсетіледі. "1", "2" қашықтықтары мен "α" бұрышының өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің (d) жолағында

Өлшеудің негізгі жазықтығы (мысалы, өлшеу құралының артқы жиегі) барлық өлшеу әрекеттеріндегідей өлшеу әдісінде бір жайда

c) Жанама ұзындықты өлшеу (Dсуретін қараңыз) Жанама ұзындықты өлшеу функциясын таңдаңыз. Өлшеу құралының ізделген өлшеу нүктесімен бір биіктікте болуына көз жеткізіңіз. Содан кейін өлшеу құралын негізгі жазықтықтан қайырып, "1" қашықтығын ұзындықты өлшегендей өлшеңіз.

60° m20.000 60.0° Өлшеу аяқталғаннан кейін қажетті "X" қашықтығын өлшеу нәтижесі нәтижелер жолағында (e) көрсетіледі. "1" қашықтығы мен "α" бұрышының өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің (d) жолағында

Еңісті өлшеу/сандық деңгей Еңісті өлшеу/сандық деңгей функциясын таңдаңыз. Өлшеу құралы екі күй арасында өзгертеді.1°2° 3° Сандық деңгей нысанның горизонталды немесе вертикалды бағытталуына қызмет етеді (мысалы, кір жуғыш машина, суытқыш және т.б.). Егер 3° еңістен асып кетсе, дисплейде қызыл түсті шар жанады. 36.0° Көлбеуді өлшеу көтерілісті немесе еңісті (мысалы, саты, таяныштарды, жиһаздарды кірістіруде, құбырларды салуда т.б.) өлшеуге қызмет етеді. Еңісті өлшеу үшін негізгі жазықтық ретінде өлшеу құралының сол жағы пайдаланылады. Өлшеу процесінің барысында индикатор жыпылықтаса, өлшеу құралы бүйірінен қатты қисайтылған болады. Сақтау функциялары Әр орындалған өлшеудің мәні мен соңғы нәтижесі автоматты сақталады. Сақталаған мән көрсеткіші Максималды 20 мәнді (өлшеу мәндері немесе соңғы нәтижелер) шақыру мүмкін. Сақтау түймесін (6) [ ] басыңыз.

Дисплейдің жоғарғы жағында сақталған мәндің нөмірі көрсетіледі, ал төменде тиісті сақталған мән бен солда тиісті өлшеу функциясы. Сақталған мәндерді алға өткізу үшін(3)[+] түймесін басыңыз. Сақталған мәндерді артқа өткізу үшін(8)[–] түймесін басыңыз. Жадта мән жоқ болса, дисплейдің төменгі жағында "0,000", ал жоғарғы жағында "0" көрсетіледі. Ең ескі мән жадта 1-позицияда, ал ең соңғы мән 20-позицияда тұрады (20 жад мәні қолжетімді болса). Кейінгі мәнді сақтағанда жадта әрдайым ең ескі мән жойылады. Жадты өшіру Жад ішіндегісін жою үшін сақтау түймесін (6) [ ] басыңыз. Содан кейін көрсетілген мәнді жою үшін қосу-өшіру түймесін (5) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. Жадта бар барлық мәндерді жою үшін (4) түймесі мен қосу-өшіру түймесін (5) [ ] бір уақытта басып, содан кейін қосу-өшіру түймесін (5) [ ] жіберіңіз. Мәндерді қосу/алу Өлшеу мәндері немесе соңғы нәтижелерді қосу немесе алу мүмкін. Мәндерді қосу Төмендегі мысалда аудандарды қосу сипатталған: Қазақ | 313 Bosch Power Tools 1 609 92A 4RG | (15.11.2018)314 | Қазақ 1 609 92A 4RG | (15.11.2018) Bosch Power Tools Жазықтықты "Жазықтықты өлшеу" (қараңыз „Ауданды өлшеу“, Бет310) бөлімі бойынша есептеңіз.

(3)[+]түймесін басыңыз. Есептелген аудан мен"+" белгісі көрсетіледі. Өлшеу түймесін (2) [ ] басып, кейінгі ауданды өлшеу әрекетін бастаңыз. Жазықтықты "Жазықтықты өлшеу" (қараңыз „Ауданды өлшеу“, Бет310) бөлімі бойынша анықтаңыз. Екінші өлшеу орындалғаннан соң, екінші аудан өлшеудің нәтижесі дисплейдің төменгі жағында көрсетіледі. Соңғы нәтижені көрсету үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қайта басыңыз. Нұсқау: ұзындықты өлшеу кезінде соңғы нәтиже дереу көрсетіледі. Қосудан шығу үшін (7) [Func] түймесін басыңыз. Мәндерді алу Мәндерді алу үшін (8)[–] түймесін басыңыз. Кейінгі әрекеттер "Мәндер қосу" әдісіне ұқсас. Өлшеу нәтижелерін жою Қосу-өшіру түймесін (5) [ ] қысқа мерзімді басу арқылы барлық өлшеу функцияларында соңғы есептелген өлшеу мәнін жоюға болады. Қосу-өшіру түймесі (5) [ ] бірнеше рет қысқа мерзімді басылғанда өлшеу мәндері кері реттілік бойынша жойылады. Өлшем бірлігін ауыстыру Негзігі реттеу "m" (метр) өлшем бірлігі болып табылады. Өлшеу құралын қосыңыз. "Негізгі параметрлер" мәзіріне кіру үшін (7) [Func] түймесін басып тұрыңыз. "ft/m"

(3) [+] немесе (8) [–] түймесін басып, өлшем бірлігін ауыстырыңыз. Мәзір тармағынан шығу үшін қосу-өшіру түймесін (5) [ ] басыңыз. Өлшеу құралын өшіргеннен кейін таңдалған параметр сақталады. Дыбысты қосу/өшіру Негізгі параметрде дыбыс қосулы. Өлшеу құралын қосыңыз. "Негізгі параметрлер" мәзіріне кіру үшін (7) [Func] түймесін басып тұрыңыз. таңдаңыз. (3) [+] немесе (8) [–] түймесін басып, дыбысты қосып өшіріңіз.Мәзір тармағынан шығу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] немесе қосу-өшіру түймесін (5) [ ] басыңыз. Өлшеу құралын өшіргеннен кейін таңдалған параметр сақталады. Пайдалану нұсқаулары Жалпы нұсқаулықтар Қабылдау линзасы (14) мен лазер сәулесінің шығысын (15) өлшеу кезінде жабуға

Өлшеу құралы өлшеуде қозғалуы мүмкін емес. Сол үшін өлшеу құралын тұрақты тірек аймағына қойыңыз. Өлшеу аймағына әсерлер Өлшеу аймағы жарықтық жағдайы мен нысандық аймақтың қайтару қасиеттеріне байланысты. Қатты бөгде жарықта лазер сәулесі жақсы қөрінуі үшін лазер көру көзілдірігін (17) (керек-жарақ) және лазер нысандық тақтасын (16) (керек-жарақ) пайдаланып, мақсатты жазықтықты өшіріңіз. Өлшеу нәтижесіне әсер ету Физикалық әсерлерден түрлі беттердегі өлшеулер дұрыс орындалмауы мүмкін. Мұндай беттерге жатады: – мөлдір беттер (мысалы әйнек, су), – шағылысатын беттер (мысалы, жылтыраған метал, әйнек), – борқылдақ беттер (мысалы, оқшаулау материалдары), – құрылымдық беттер (мысалы, сылақ, табиғи тас). Осы беттерде лазер нысандық тақтасын (16) (жабдық) қажетінше пайдаланыңыз. Қате өлшеулерді қисық көзделген насандық аймақтарда да орындау мүмкін. Температурасы әр түрлі ауа қабаттары немесе көлбеу шағылысулар өлшеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін. Дәлдікті тексеру және еңіс өлшеуді калибрлеу (E1–E2суреттерін қараңыз) Жүйелік түрде көлбеуді өлшеу дәлдігін тексеріңіз. Оны кері өлшеу арқылы орындау мүмкін. Өлшеу құралын үстелге қойып көлбеуді қлшеңіз. Өлшеу құралын 180° шамасына бұрап, еңісті қайта өлшеңіз. Көрсетілген санның айырмашылығы макс. 0,3° құрауы тиіс. Үлкен ауытқуларда өлшеу құралын қайта калибрлеу керек. Ол үшін параметрлер ішінде таңдаңыз. Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз. Үлкен температура ауысуынан немесе соққылардан соң дәлдікті тексеруді және керек болса өлшеу құралын калибрлеуді ұсынамыз. Температура ауысуынан соң калибрлеуден алдын өлшеу құралы температурсын дұрыстауы керек. Қазақ | 315 Bosch Power Tools 1 609 92A 4RG | (15.11.2018)316 | Қазақ 1 609 92A 4RG | (15.11.2018) Bosch Power Tools Арақашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру Өлшеу құралының дәлдігін төмендегідей тексеріңіз: – Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, ұзақ уақыт өзгермейтін шам. 3–10м өлшеу қашықтығын таңдаңыз, (мысалы, бөлме ені, есік ойығы). Өлшеуді қолайлы жағдайларда өткізу керек, өлшеу төмен деңгейлі фондық жарықпен бөлме ішінде өткізіліп, өлшенетін беттің аймағы тегіс және жақсы шағылысатын болуы керек. – Қашықтықты 10 рет өлшеңіз. Жеке өлшемдердің ауытқуы орташа көлемнен максималдық ±4 мм аспауы керек, толық өлшеу ортасы қолайлы жағдайда өтуі керек. Өлшеулерді жазып, дәлдігін тексеріңіз. Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ) Тағанды әсіресе үлкен қашықтарды өлшеуде пайдалану керек. Өлшеу құралын 1/4 дюймдік бұрандамен (13) штативтің (18) жылдам алмастыру табанына немесе стандартты фото штативке орнатыңыз. Бекіту бұрандасымен жылдам алмастыру табанын бекітіңіз. Штативпен өлшеуге арналған негізгі жазықтықты (4) түймесін басып, тиісінше орнатыңыз (бұранданың негізгі жазықтығы). Қате туралы хабар Егер өлшеу дұрыс орындалмайтын болса, дисплейде "Error" қате туралы хабары көрсетіледі. Өлшеу құралын өшіріп қайта қосып, өлшеуді қайталаңыз. Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Ақаулық айқындалса, дисплейде тек кейінгі белгі көрсетіліп өлшеу құралы өшеді. Бұл жағдайда өлшеу құралыңызды сатушыңыз арқылы Bosch қызмет көрсету орталығына апарыңыз. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Өлшеу құралын таза ұстаңыз. Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Қабылдау линзасына (14) көзілдірік немесе фотоаппарат линзасына күтім көрсеткендей күтім көрсетіңіз.Ақау орын алған жағдайда өлшеу құралын өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы: “Роберт Бош” (Robert Bosch) ЖШС

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан