GCG 18V600 - Non catégorisé BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GCG 18V600 BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Non catégorisé PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GCG 18V600 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GCG 18V600 брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GCG 18V600 BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. 1 609 92A 87Y | (27.09.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 127 u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін
Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Bosch Power Tools 1 609 92A 87Y | (27.09.2022)128 | Қазақ Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Аккумуляторлық картридждік пресстер үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары u Картридждік пресс автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті қайта баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін. u Аккумуляторлық картридждік пресспен жұмыс істегенде пайдалану материалының өндірушісі ұсынған жеке қорғау жабдықтарын кийіңіз. Ол үшін нұсқаулықтарды пайдалану материалының қауіпсіздік нұсқауларын табасыз. Әрдайым қорғаныс көзілдірігі мен қолғапты кийіңіз, олар химиялық заттектермен істеуге арналған болуы тиіс. Материалға байланысты ретте басқа қорғаныс шараларыда қажетті болады. u Осы электр құралы тек тығыздауыш заттектерді және желімдерді жеңдік пакеттерден және картриджлерден шығаруға арналған. Басқа материалдар түрлерін беру немесе клиенттік орам жүйелерін пайдалануға тыйым салынады. u Ұшқыр және қауіпті заттектерді өңдеуде жұмыс орны жетерлік желдетілуіне және керек болғанда сай противогаз тағылуына көз жеткізіңіз. u Жеңдік пакет пен картридждер өлшемі осы электр құралы үшін дұрыс болуына көз жеткізіңіз. Жеңдік пакет пен картридждер пакет және картридж 1 609 92A 87Y | (27.09.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 129 ұстағышына сай болуына және ол электр құралында қатты бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Сосын материалға басуды бастаңыз. u Ешқашан материалды дұрыс емес бағытталған немесе тығылып қалған картиджден бермеңіз. u Ұшатын бөлшектердің қауіпін алдын алу үшін, электр құралы ешқашан бос тығыздармен қолданбауына көз жеткізіңіз. Егер бүріккіш форсункасы пайдалану кезінде бұғатталса, оны алмастыру керек. u Пайдалану кезінде электр құралын ешқашан өзіңізге немесе басқа адамдарға бағыттамаңыз. u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Тағайындалу бойынша қолдану Картридж прессі түрлі вискозалық тығыздауыш заттектерді және желімді құрғақ, шаңсыз және майсыз табаларға сүртуге немесе пайдаланылған материалмен жиктерді толтыруға арналған. Картридж прессін су шашырауынан қорғалған қоршауда ашық жайда да пайдалануға болады. Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. (1) Жапқыш қалпақ (2) Пакет және картридж ұстағышы (3) Қысқыш гайка (4) Жеңдік пакетке арналған пластик қыспа диск (5) Жеңдік пакетке арналған металл қыспа диск (6) Алюминий қысқыш (7) Тісті рейка (8) Байланыстырғыш қалпақ (9) Иық белдігіне арналған қамыт (10) Тісті рейка тартқышы (11) Беріліс жылдамдығын реттегіш дөңгелек (12) Тісті рейканы босату (13)
(15) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
(16) Заряд деңгейінің индикаторына арналған түйме
(19) Тұтқа (беті оқшауланған)
Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз. Техникалық мәліметтер Аккумуляторлық қартридждік пресс GCG 18V-600 Өнім нөмірі 3 601 JC4 0.. Номиналды кернеу V= 18 Картридж мл ең көбі 400 Жеңдік пакет мл ең көбі 600
мм/с 7 Қысу күші кН 3,5 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай – аккумулятормен кг 2,6–3,6
– аккумуляторсыз кг 2,2 Өлшемдері (ұзындығы× ені× биіктігі) мм 635× 255× 80 Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0…+35 Жұмыс кезіндегі
сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –15…+50
аккумуляторлар GBA 18V… ProCORE18V… Bosch Power Tools 1 609 92A 87Y | (27.09.2022)130 | Қазақ Аккумуляторлық қартридждік пресс GCG 18V-600 Ұсынылатын зарядтағыш
GAL 18… GAX 18… GAL 36… A) жүктемесіз, реттегіш дөңгелектің ең жоғарғы күйімен, 20−25°C температурасында B) пайдаланған аккумуляторға байланысты C) <0 °C температураларында қуаты шектелген Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат EN62841-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 70дБ(A) шамасынан кем болады. Шуыл деңгейі жұмыс барысында белгіленген шамалардан артық болуы мүмкін. Құлақ қорғанысын
Тербелу жалпы мәндері a
(үш бағыттың векторлық сомасы) және K дәлсіздігі EN62841-1: a
бойынша реттелген. Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру. Аккумулятор Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады. Аккумуляторды зарядтау u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз. Аккумуляторды енгізу Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз. Аккумуляторды шығару Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймесін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен қорғайтын 2құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады. Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады. Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді. Аккумулятор түрі GBA 18V... Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 3× жасыл 60–100% Үздіксіз жарық 2× жасыл 30–60% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–30% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% Аккумулятор түрі ProCORE18V... Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 5× жасыл 80–100% Үздіксіз жарық 4× жасыл 60–80% Үздіксіз жарық 3× жасыл 40–60% Үздіксіз жарық 2× жасыл 20–40% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–20% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% 1 609 92A 87Y | (27.09.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 131 Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
Аккумуляторды тек –20°C...50°C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз. Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
Жеңдік пакетті орнату u Электр құралында барлық жұмыстардан алдын аккумуляторды шығарыңыз. u Егер пакет және картридж ұстағышын картридж прессінде бұрап қойсаңыз ппакет және кратридж ұстағышын бұрандаға бұралуына көз жеткізіңіз. Екінші қолмен байланыс қақпағын сұтап тұрыңыз, егер пакет және картридж ұстағышын бұрап тұрсаңыз! Картриджді пресс әдетте жеңдік пакеттермен жұмыс істеу үшін жеткізіледі. Бұл жағдайда алғаш рет пайдалану кезінде өзгерту қажет емес. Егер картриджді престі алғаш рет пайдалансаңыз немесе жеңдік пакеттер алдында қолданған болса, пластмассалық қыспа диск(4) және металл қыспа диск(5) орнатылуын қамтамасыз етіңіз. Төмендегідей әрекет жасаңыз: – Қалпақшаны (1) пакет пен картридж ұстағышынан(2) бұрап алыңыз. – Тісті рейканы(7) тісті рейканы босату аспабымен(12) босатып, тісті рейканы артқа қарай тартыңыз. – Жеңдік пакетті алдыңғы жағынан кесіп алыңыз және жеңдік пакетті пакет пен картридж ұстағышына кіргізіңіз. – Жарамды бүріккіш форсунканы жеңдік пакетке орнатып, пакет пен картридж ұстағышын(2) қалпақшамен(1) жауып қойыңыз. – Босатылған тісті рейканы пластмассалық қыспа диск(4) жеңдік пакетке тигенше абайлап алға жылжытыңыз. – Қажет болса, бүріккіш форсунканы талаптарға сәйкес
Егер картриджді пресс бұрыннан картриджбен бірге қолданылған болса, төмендегідей әрекет етіңіз (A суретін
– Тісті рейканы (7) тісті рейканы босату аспабымен(12) босатып, тісті рейканы артқа қарай тартыңыз. – Пакет пен картридж ұстағышын(2) картриджді престен бұрап шығарыңыз. – Алюминий қыспа дискіні(6) алып, оны 180° шамасына бұраңыз (бұдыр жағын артқа қаратып) және қайта орнатыңыз. – Алюминий қыспа дискіні(6) алдымен металл қыспа дискіге (5) орнатып, пластмассалыққыспа дискіге(4) қойыңыз. Қыспа гайканы(3) бұрандаға бұрап қойып, мықтап бекітіңіз. – Пакет пен картридж ұстағышын(2) картриджді преске бұрап қойыңыз. Байланыс қақпағын(8) ұстап
– Қалпақшаны(1) пакет пен картридж ұстағышынан(2) бұрап алыңыз. – Жеңдік пакетті алдыңғы жағынан кесіп алыңыз және жеңдік пакетті пакет пен картридж ұстағышына(2) кіргізіңіз. – Жарамды бүріккіш форсунканы жеңдік пакет алдында орнатып, пакет пен картридж ұстағышын(2) қалпақшамен(1) жауып қойыңыз. – Босатылған тісті рейканы пластмассалық қыспа диск(4) жеңдік пакетке тигенше абайлап алға жылжытыңыз. – Қажет болса, бүріккіш форсунканы талаптарға сәйкес
Картриджді орнату Егер картриджді пресс алдын картриджмен қолданған болса, төмендегідей әрекет жасаңыз: – Тісті рейканы(7) тісті рейканы босату аспабымен(12) босатып, тісті рейканы артқа қарай тартыңыз. – Қалпақшаны(1) пакет пен картридж ұстағышынан(2) бұрап алыңыз. – Картриджді алдыңғы жағынан кесіп, бүріккіш форсунканы бұрап қойыңыз. – Картриджді орнатып, пакет пен картридж ұстағышын(2) қалпақшамен(1) жауып қойыңыз. – Босатылған тісті рейканы, алюминий қысқыш(6) картриджге тигенше, абайлап алға жылжытыңыз. – Қажет болса, бүріккіш форсунканы талаптарға сәйкес
Егер картриджді пресс жеңдік пакетпен бірге бұрыннан қолданылған болса, төмендегідей әрекет етіңіз(B суретін
– Тісті рейканы(7) тісті рейканы босату аспабымен(12) босатып, тісті рейканы артқа қарай тартыңыз. – Пакет пен картридж ұстағышын(2) картриджді престен бұрап шығарыңыз. – Пластмассалыққыспа дискіні(4) және металл қыспа дискіні(5) алып тастау үшін пластмассалық қыспа дискіні төмен қарай бұраңыз. – Алюминий қыспа дискіні(6) алып, оны 180° шамасына бұраңыз (бұдыр жағын алға қаратып) және қайта орнатыңыз. Алюминий қыспа дискіні(6) қыспа гайкамен(3) бұрап бекітіңіз. – Пакет пен картридж ұстағышын(2) картриджді преске бұрап қойыңыз. Байланыс қақпағын(8) ұстап
Bosch Power Tools 1 609 92A 87Y | (27.09.2022)132 | Қазақ – Қалпақшаны(1) пакет пен картридж ұстағышынан(2) бұрап алыңыз. – Картриджді алдыңғы жағынан кесіп, бүріккіш форсунканы бұрап қойыңыз. – Картриджді орнатып, пакет пен картридж ұстағышын(2) қалпақшамен(1) жауып қойыңыз. – Босатылған тісті рейканы, алюминий қысқыш(6) картриджге тигенше, абайлап алға жылжытыңыз. – Қажет болса, бүріккіш форсунканы талаптарға сәйкес
Пайдалануға ендіру Беріліс жылдамдығын реттеу Ажыратқышты(13) басу күшін өзгерте отырып, тісті рейканың(7) беріліс жылдамдығын қосылған біртіндеп реттеуге болады. Беріліс жылдамдығының реттегіш дөңгелегімен(11) тісті рейканың(7) максималды беріліс жылдамдығын алдын ала таңдауға болады. Жоғары мәндер жоғары беріліс жылдамдығын, ал төмен мәндер төмен беріліс жылдамдығын білдіреді. Алдын ала таңдалған мәнді жұмыс істеу кезінде де өзгертуге болады. Қысып шығарған материалдың көлемі бүріккіш саптама саңылауының өлшеміне де байланысты болады.
Картридждік прессті қосу үшін құлыпты(14) төмен қарай жылжытыңыз. Содан кейін ажыратқышты(13) басыңыз. Картридждік прессті өшіру үшін ажыратқышты(13) жіберіңіз. Тісті рейка(7) бірден тұрақ күйіне жылжып, материалдың әрі қарай қысып шығарылуына жол
Егер ажыратқыш(13) өшірілгеннен кейін шамамен 10секунд ішінде қайта басылса, тісті рейка(7) максималды жылдамдықпен соңғы жұмыс күйіне жылжиды. Бұл күйге жеткенде, беріліс қайтадан реттелген біріліс жылдамдығына бейімделеді. Ажыратқышты(13) кенет қосылудан құлыптау үшін құлыпты(14) жоғары жылжытыңыз. Артық жүктемеден жылу қорғанышы Рұқсат етілген температурадан артып кетсе картридждік пресс өшеді. Картридждік прессти суытып қайта
Пайдалану нұсқаулары u Салынатын материал өндірушісінің нұсқауларын ескеріңіз! Белгілі материалдарды тек белгілі температура аумағында пайдалануға болады немесе тек қана арнайы табада жағуға болады. u Картридж және деңдік пакеттерді ашып өндіруші нұсқаулары бойынша пайдаланыңыз. u Бүріккіш форсунканы алдын кесіп алыңыз, егер материал пакет және картридж ұстағышында
u Иық белдігіне арналған қапсырма құлаудан қорғаныс ретінде қолданылмайды. Иық белдігіне арналған қапсырманы(9) тек иық белдігін орнату үшін пайдаланыңыз. Беріліс жылдамдығын, жағылатын материал бір әрекетте бірқалыпты орнатылатындай етіп реттеңіз. Материал жағылатын бет таза, майсыз және құрғақ болуына көз жеткізіңіз. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Қалпақшаны, бүріккіш форсункаларды және пакет пен картридж ұстағышын, сондай-ақ тісті рейка мен қыспа дискілерді әр пайдаланғаннан кейін шығын материалы өндірушісінің нұсқаулары бойынша жақсылап тазалаңыз. Аккумулятор мен тұтқаны дымқыл шүберекпен тазалауға
Картридждік пресске қызмет көрсету керегі жоқ және оның бөлшектерін алмастыру немесе жөндеу керек емес. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып 1 609 92A 87Y | (27.09.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 133 алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Аккумуляторлық қартридждік
Notice-Facile