GRT 18V-33 Professional - Ара BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GRT 18V-33 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GRT 18V-33 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GRT 18V-33 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GRT 18V-33 Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Бақ электр бұйымындағы белгілердің
Қауіптер бойынша жалпы нұсқаулар. Қолдану нұсқаулығын
Көз, құлақ және бас қорғау құралдарын киіп
Сырғанбайтын аяқ киімін киіңіз. Қорғаныс қолғапшаларын киіңіз. САҚТАНДЫРУ: Айналада тұрған адамдарды құрал қолданған жерге жақындатпаңыз. Жауын жауып тұрғанда қолданбаңыз. Bosch Power Tools F 016 L94 542 | (07.02.2023)192 | Қазақ САҚТАНДЫРУ: Қолданылатын құрал мен үшінші тұлғалар арасындағы аралық кемінде 15 м (50 фут) болуы тиіс. САҚТАНДЫРУ: Жан жаққа шашылып қалатын бөлшектерінен сақ болыңыз. Кері соққыдан сақ болыңыз. Жарғыш және ұсатқышты пайдаланбаңыз. Дисктік пышағын пайдаланбаңыз. САҚТАНДЫРУ: Құралда күту және жөндеу жұмыстарын өткізу алдынан алдымен құрал аккумуляторын шығарып алыңыз. Бақ электрбұйымын тазалау үшін ешқашан жоғары деңгейлі қысыммен істейтін тазалау құрылғыларын немесе бақ шлангілерін қолданбаңыз. Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін
Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр F 016 L94 542 | (07.02.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 193 құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе Bosch Power Tools F 016 L94 542 | (07.02.2023)194 | Қазақ жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Шөп триммері, шөп және бұталар кесушісі, және шөп пен бұталар үшін арналған кескіш фрезасы бар кесуші құралдар үшін қауіпсіздік нұсқаулары u Бақ қайшысын ауа райы нашар болып тұрған жағдайларда, әсересе дауыл кезінде қолданбаңыз. Құралды осындай ауа райы жағдайларында қолданбау найзағай түсу қауіпті азайтады. u Жұмыс өткізілетін жерде алдымен жабайы жануарлардың болмауын мұқият тексеріп алыңыз. Жабайы жануарлар жұмыс істеп тұрған құрал арқылы жарақаттанып қалуы мүмкін. u Құрал қолданылатын жерді мұқият тексеріп, онда болатын тас, таяқ, сымдар, сүйектер және бөгде заттардың барлығын осы алып тастаңыз. Шашырыла шығып қалатын бөлшектер жарақаттануларға апара алады. u Құралдарды қолдану алдынан алдымен әрқашан құралдың кесу бөлшегі немесе кескіш фрезасы мен кесу және аралап кесу бөлшектері зақымдалмаған және бұзылмаған қалыпта болғанын тексеріңіз. Зақымдалған және бұзылған бөлшектер жарақаттану қаупін арттыра алады. u Салмалы-шығармалы жұмыс құралдар бөлшектерін ауыстыру бойынша нұсқауларды ұстана отырып әрекет етіңіз. Кескіш фрезасының сомындарын немесе бұрандаларын лайықсыз түрде тартып бекіту кескіш фрезасының зақымдануына немесе босатылып қалуына апара алады. u Кескіш фрезасының номиналды айналымдар саны кемінде құралда белгіленген максималдық айналымдар санына сәйкес болуы тиіс. Өздеріне белгіленген номиналды айналымдар санынан тезірек айналатын кескіщ фрезалары сынып қалуы немесе өз- өздерімен алға және артқа айналып жүріп кетуі
u Көз, құлақ және бас қорғау құралдарынжәне қорғаныс қолғапшаларын киіп жүріңіз. Лайықты жеке қорғаныс құралдарын киіп жүру құрал айналасында ұшып жататын бөлшектерден, сонымен қатар кесу жібіне немесе кескіш фрезасына кездейсоқ түрде жанасып қалудан қорғайды. u Құралды қолдану барысында әрқашан қауіпсіздік аяқ киімін киіп жүріңіз. Ешқашан жалаңаяк немесе ашық сандал аяқ киімімен ғана жұмыс істемеңіз. Осының арқасында, айналып тұратын кескіш фрезасына жанасып қалған жағдайларда аяқтардың жарақаттану қаупін азартасыз. u Құралды қолдану барысында әрқашан ұзын шалбар киіп жүріңіз. Киім арқылы қорғалмаған тері ұшып шығып жататын заттар арқылы пайда бола алатын жарақаттану қаупін арттырады. u Құрал айналасында бола алатын адамдарды құралға жақындатпаңыз. Шашырыла шығып қалатын бөлшектер ауыр жарақаттануларға апара алады. u Жұмыс барысында құралды әрқашан екі қолмен пайдаланыңыз. Құрал жұмысының басқаруын жоғалтып алмау үшін құралды екі қолмен ұстаңыз. u Кесу жібі немесе кескіш фрезасы көзбен көрінбейтін жасырын тоқ сымдарына тиіп қалуы ықтимал болу себептен құралды тек қана оның оқшауланған тұтқаларынан ұстаңыз. Кесу жібі немесе кескіш фрезасы тоқ өткізетін сымға тиіп қалуы металлдан жасалған құралдарын/бөлшектерін де кернеу ықпалына қойып, электр соққыға апаруы
u Әрқашан жұмыс барысында тұрақты нық түрде тұрғаныңызға назар аударып, құралды тек қана жер үстінде тұрғаныңызда қолданыңыз. Сырғанақ болған табан немесе тұрақты емес тұру жерлер теңгерім жоғалуына немесе құрал басқарылуын жоғалтуға апаруы мүмкін. u Құралды ешқанан аса тік құламаларда пайдаланбаңыз. Осының арқасында құрал басқаруын жоғалтып, тайғанап және құлап қалу, және осылардың салдарынан жарақаттанып қалу қаупі азайтылады. u Құламаларда жұмыс істеу барысында тұрақты және нық тұруыңызға назар аударып жүріңіз; әрқашан құламаға қарай көлденеңнен жұмыс істеңіз, ешқашан жоғарыға немесе төменге қарай жұмыс істемеңіз, және жұмыс бағытын өзгерткенде әрқашан аса абай болыңыз. Осының арқасында құрал басқаруын жоғалтып, тайғанап және құлап қалу, және осылардың салдарынан жарақаттанып қалу қаупі азайтылады. u Жұмыс барысында денеңіздің барлық бөлшектерін кесу жібінен немесе кескіш фрезасынан ұзақ ұстаңыз. Құралды іске қосу алдынан алдымен кесу жібі немесе кескіш фрезасы ешбір нәрсеге жанасып немесе тиіп тұрмағанын тексеріп, көз жеткізіңіз. Құралды F 016 L94 542 | (07.02.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 195 қолдану барысында бір сәт бойы абай болмау Өзіңізде немесе басқа адамдарда жарақаттанулардың пайда болуына апара алады. u Құралды белден жоғары қолданбаңыз. Осының арқасында құралдың кесу жібіне немесе кескіш фрезасына кездейсоқ түрде жанасып не тиіп қалуға жол берілмейді және күтпеген жағдайларда жақсырақ басқарыла алынуын қамтамасыз етіледі. u Кернеу астында тұратын бұталы қопалар мен ірі бұталарды кескенде олардың кері секіріп соға алатынын ескере отырып әрекет етіңіз. Ағаш талшықтарының керілісі босатылған кезде бұталар қопасы немесе ірі бұталар құрал пайдаланушыға тиіп және/немесе құрал басқарылуының жоғалып кетуіне апара алады. u Әсіресе аласа ағаштар топтары мен жас ағаштарды арамен кескенде аса сақ болыңыз. Олардың жіңішке материалы кескіш фрезасында шатасып оралып қалып, құралдың өзіңізге қарай жүре не соғып қалуы немесе өзіңізді тепе-теңдіктен шығарып жіберуі
u Құралды лайықты түрде бақылап және басқара отырып, жылжып тұратын кескіш фрезасын немесе басқа қауіпті бөлшектерінің ешқайсысын түртпеңіз. Бұл жылжып тұратын бөлшектер арқылы пайда болатын жарақаттану қаупін азайтады. u Құралда қысылып қалған кесілетін материалды алып тастау алдынан немесе құралда күтім жұмыстарын жүргізу алдынан алдымен құрал қосқышы өшіріліп, аккумуляторы шығарылып қойылғанын тексеріп алыңыз. Құрал ішінде қыстырылып қалған кесілетін материалды алып тастау барысында құралдың күтпеген түрде өз-өзімен іске қосылып кетуі ауыр жарақаттануларға апара алады. u Құралды әрқашан өшіріліп қойылған қалыпта және өзіңіздің денеңізге қарамайтындай қылып тасыңыз. Құралды лайықты түрде пайдалану арқылы айналып тұратын кескіш фрезасына кездейсоқ түрде жанасып не тиіп қалу қаупі азайтылады. u Құралды тасымалдау немесе сақтауға қою алдынан әрқашан алдымен құралдың қорғау жапқышын металлдан жасалған кескіш фрезасы үстінен орнатып қойыңыз. Құралды лайықты түрде пайдалану арқылы кескіш фрезасына кездейсоқ түрде жанасып не тиіп қалу қаупі азайтылады. u Тек қана құрал өндірушісі арқылы белгіленген қосалқы жіптерін, қосалқы кесу бастиектерін және қосалқы кескіш фрезаларын пайдаланыңыз. Лайықсыз қосалқы бөлшектерін пайдалану құралдың және бөлшектердің сынып қалуына және адамдардың жарақаттанып қалуына апара алады. Кері соққыға апара алатын себептер мен осыған қатысты қакіпсіздік нұсқаулар u Кері соққы құралдың пышағы ағаш түбіріне немесе шағын бір ағашқа тіреліп немесе оларда қысылып не ілініп қалғанда құралдың күтпеген түрде кездейсоқ түрде жан жаққа, алға немесе артқа қарай жүріп қалуын білдіреді. Осындай кері соққы аса қатты болуы ықтимал болып, құралды және/немесе пайдаланушыны кезкелген жаққа итеріп, және осының салдарынан пайдаланушы құралды басқара алмай қалуы мүмкін. Пышақ соққыларына және осыған байланысты қауіптерге жол бермеу үшін төменде көрсетілген келесі қауіпсіздік шараларды ұстануыңыз
u Құралды екі қолыңызбен нық түрде ұстап отырып, қолдарыңызды кері соққы күштеріне қарсылық көрсете алатындай қылып орналастырыңыз. Құралдың сол жағынан тұрып жұмыс істеңіз. Кері соққы құралдың күтпеген түрде жылжып кетуі арқылы адамдарға түсе алатын жарақаттану қаіупін арттыра алады. Пайдаланушы тиісті қауіпсіздік шараларды қолдану арқылы кері соққы күштерін басқара отыра
u Кескіш фрезасы қысылып қалған жағдайда немесе Өзіңіз жұмысты уақытша тоқтатқаныңызда, құралды өшіріп қойып, кескіш фрезасы толығымен тоқтатылғанша дейін құралды кесілетін материалда қалдырыңыз. Кескіш фрезасы қысылып қалған жағдайда осы кескіш фрезасы әлі жылжып тұратын қалыпта болса құралды ешқашан кесілетін материалдан тартып шығаруға тырыспаңыз, себебі бұл кері соққының пайда болуына апара алуы мүмкін. Кескіш фрезасының қысылып қалуына апарған себебін белгілеп, жойыңыз. u Дөкір немесе зақымдалған кескіш фрезаларын пайдаланбаңыз. Дөкір немесе зақымдалған кескіш фрезалары басқа заттар арқылы қысылып немесе оларға тіреліп қалып, кері соққының пайда болуына апара алады. u Кесілетін материалдың жақсы көрініп тұруына әрқашан көз жеткізіңіз. Кері соққы көбінде пайдаланушы арқылы кесілетін материалдың көрініп тұруы нашар болған жағдайларда пайда бола алады. u Жұмыс барысында Өзіңізге қарай басқа адам келе жатқанда құралды өшіріңіз. Кері соққы пайда болатын жағдайларда құралдың айналып тұратын кескіш фрезасы басқа адамдарға тезірек тиіп, оларды жарақаттандыруы ықтимал. Арнайы қауіпсіздік нұсқаулары u Қорғаныс жапқыштарының барлығын өз орындарында қалдырыңыз. Қорғаныс жапқыштары пайдалану үшін жарамды және лайықты түрде бекітіліп қойылуы тиіс. Босатылып қалған, зақымдалған немесе лайықты түрде жұмыс істей алмайтын қорғаныс жапқыш жарақаттануларға апара алады. u Балаларға, денелік, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері шектелген адамдарға немесе осындай құралдармен жұмыс тәжірибесі жеткіліксіз болған және/немесе білімі жеткіліксіз болған және/немесе осы қолдану нұсқаулықпен таныс болмаған адамдарға Bosch Power Tools F 016 L94 542 | (07.02.2023)196 | Қазақ ешқашан осы бақ электр бұймымен жұмыс істеуге рұқсат етпеңіз. Электр бұйым қолданушының жасы бойынша мәліметтер бұйыс қолданылатын елдегі ұлттық ережелер арқылы шектелуі мүмкін. u Балалардың бақ электр бұйымымен ойнамауын қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз керек. u Кесу қалағы бар бақ электр бұйымын ешқашан электр желі кабелдері/ұзарту кабелдерінің тікелей жанында қолданбаңыз. u Құрал қатты заттарға тиіп қалған жағдайда немесе шамадан тыс вибрациялар пайда болған жағдайларда құралда зақымдалған жерлердің бар не жоқ болуы тексеріп алыңыз. u Кесу жібін қысқартқанда әрқашан Өзіңізді кесіп қалмай әрекеттенудің керек болуына назар
u Құралды өшіргенде әрқашан құрал қозғалтқышы мен кесу бастиегі толығымен тоқталғанын тексеріп
u Кесу нәтижесі тым жарықшақты болып қалуына жол бермеу үшін биік және қалың шөпті сатылы түрде кесіңіз. (Nсуретін қараңыз) u Қыспа дискі (24) құрал пайдаланып жатқанда оның пышағын кедергілерден, мысалы ағаштардан, қорғау үшін құралды біраз тірей отыра әрекеттену үшін мақсатталған. u Пайдалану уақытында, құрал жерде жатқан жағдайда, қыспа дискі құралдың қалыпты жұмысының үзіліп не тоқтап қалуына апармауы тиіс. u Аккумуляторды енгізгенде кесу пышағы Өзіңіздің денеңізге және басқа заттарға, сонымен қатар жерге, тиіп қалмауына көз жеткізіп жүріңіз. Құрал іске қосылған сәте осы пышақ айнала бастап, жарақаттануға немесе құралда және/немесе басқа заттарда зақымданулардың пайда болуына апара
u Денеңізді қате қалыпта ұстамай, әрқашан тепе-теңдікті жоғалтпай жұмыс істеңіз. Көлбеу болған аумақтарда қауіпсіз түрде баяу ғана жүруіңіз қажет. Әрқашан баяу жүріңіз, ешқашан тез жүрмеңіз не жүгірмеңіз. u Бұйымды ұзақ уақыт бойы қолданғанда лайықты түрде үзіліс жасап отыруыңыз лазым. u Электр бұйымын (немесе басқа құралдарды) ұзақ уақыт бойы қолданғанда қолданушы дірілдер әсеріне түсіп, осы дірілдер Рейно ауруына (Рейно феномені) немесе білек каналының синдромының пайда болуына апара алады. u Бұл жағдайларда жанасу түйсіктері мен температура реттелуі шектелініп, ұйып қалу мен қызып кету сезімі, тіпті жүйкенің және қан таралуының бұзылуы мен ұлпа некрозы пайда бола алады. u Дірілдеудің шамадан тыс әсер етуін білдіретін симптомдады белгілесеңіз дәрігеріңізге барып кеңес алуыңыз қажет. Бұл симптомдар ішіне ұйып және сілейіп қалу сезімі, сезімдіктің жоғалуы, қышып дуылдау, шаншып ауыру, қақсап ауыру, әлсіздік, тері түсінің немесе тері қалпысының өзгерілуі кіреді. Осы симптомдар жиірек бармақтар, қолдар немесе қол буындарында пайда болады. Аккумуляторды оңтайлы пайдалану бойынша
u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
Акумуляторды ыстықтан (мысалы, ұзақ уақыт бойы күн сәулеленуінен де), оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қауібі бар. u Құралды пайдаланбаған уақытта пайдаланылмайтын аккумуляторды қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, бұрандалардан және түйіспелердің тұйықтауына апара алатын басқа ұсақ темір заттардан ұзақ жерде сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке апаруы мүмкін. u Аккумуляторда зақымданған жерлері бар болғанда немесе ол дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс аумағына таза ауа кіргізіп, шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Аккумулятордың қысқа тұйықталуын өткізбеңіз. Жарылу қауібі бар. u Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
u Құралды тек қана оның бұйым қорабында болған қуаттандыру құралымен қуаттандырыңыз.
Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады. Белгі Мағына Қозғалыс бағыты Реакция бағыты
F 016 L94 542 | (07.02.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 197 Белгі Мағына Рұқсат етілген қолдану әрекеттер Рұқсат етілмеген қолдану әрекеттер CLICK! Естілетін шуылдар
Өнім және қуат сипаттамасы Қауіпсіздік бойынша нұсқаулары мен сақтандырулардың барлығын оқыңыз. Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтары мен сақтандыруларын ұстанбау не орындамау электр соққысына, өрт шығуына және/ немесе ауыр жарақаттануға апара алуы мүмкін. Қолдану нұсқаулығының артқы бөлшегінде берілген суреттерге назар аударыңыз. Мақсатталған пайданылуы Бақ құралын шөп, қалың емес бұталар қопаларын, арамшөп, қалақай, көшеттер, шағын бұтақшалар мен бұталарды қысқартып кесу үшін пайдалануға болады. Құрал жер бетінде пайдалану үшін мақсатталған. Бейнеленген құрамдас бөлшектері (A − U суреттерін қараңыз) Бейнеленген құрамды бөлшектерінің нөмірленуі құралдың графикалық беттерде бейнеленуі негізінде
(1) Қол тұтқасы (2) Қосу/Өшіру түймешігінің қосылып кетуіне қарсы
(3) Қосқыш/өшіргіш (4) Аккумуляторды бұғаттан босату түймешігі (5) Аккумулятор
(6) Кері соққыға қарсы сақтандырғыш (7) Қорғаныш жапқышы (8) Қорғаныш жапқышын орнату үшін арналған
(9) Сақтандырғыш тоғыны (10) Сақтандырғыш тоғыны үшін ұстағыш қысқышы (11) Қауіпсіздік тұтқасы (12) Қауіпсіздік тұтқасы үшін төсеу сақинасы (13) Тұтқа орнату бұрандасы (14)
(15) Иық бауы үшін фиксатор (16) Қуаттандыру құралы
(17) Аккумулятордың қуаттандырылу күйін көрсеткіш (18) Орауыштағы бағыт белгісі (19)
(20) Кескіш жіпті тартып жүргізу үшін арналған
(21) Дистанциялық шайба (22) Кесу қалағы үшін қорғағыщ (23) Кесу қалағы (24) Қысымды диск (25) Пышақты орнату үшін арналған сомын
Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз. Техникалық мәліметтер Көгал шапқыш/Шөп және бұталар кесуші GRT 18V-33 GFR 18V-23 Өнім нөмірі 3 600 HD0 0.. 3 600 HD1 0.. Атаулы кернеуі
В 18 18 Бос жүрістің айналымдар саны
4500−6400 4500−6400 Кесу жіптің диаметрі мм 2,4 2,4 Кесу диаметрі (жіп) см 33 33 Жіп орауышының қуаттылығы м 3 3 Кесу диаметрі (пышақ) см − 23 Ішкі диаметр мм − 25,4 Пышақ қалыңдығы мм − 2 Сақтандырғыш тоғыны ● ● Салмағы “EPTA-Procedure 01:2014"
нормасына сай - аккумуляторы бар кг 3,8 кг (1,5 Асағ) − 4,9 кг (12,0 Асағ) 3,9 кг (1,5 Асағ) − 5,0 кг (12,0 Асағ) - аккумуляторсыз кг 3,5 3,6 Bosch Power Tools F 016 L94 542 | (07.02.2023)198 | Қазақ Көгал шапқыш/Шөп және бұталар кесуші GRT 18V-33 GFR 18V-23 Сериялық нөмірі бақ электр бұйымының тақташасында қараңыз қуаттандыру кезіндегі ұйғарынды қоршаған орта температурасы °C 0 ... +35 0 ... +35 Жұмыс кезіндегі
және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C -20 ... +50 -20 ...+50 Үйлесімді аккумуляторлар GBA 18V... ProCORE18V... GBA 18V... ProCORE18V... ұсынылатын аккумуляторлар GBA 18V... ≥4.0Aсағ ProCORE18V... ≥4.0Aсағ GBA 18V... ≥4.0Aсағ ProCORE18V... ≥4.0Aсағ ұсынылатын қуаттандыру құралдары GAL 18... GAX 18... GAL 36... GAL 18... GAX 18... GAL 36...
пайдаланған аккумуляторға байланысты
<0 °C температураларында қуаты шектелген Шуыл / вибрациялар бойынша мәліметтер
EN 50636-2-91 IEC 62841-4-4
Құралдың “A” қылып белгіленген шуыл деңгейі келесілерге сай болады: Жіп орауышы – Дыбыс қысымы деңгейі дБ(A)
– “K” өлшеу дәлсіздігі дБ = 3 = 3
– Дыбыс қысымы деңгейі дБ(A)
– “K” өлшеу дәлсіздігі дБ = 3 = 3 Жіп орауышы – a
2,7 4,3 – “K” өлшеу дәлсіздігі м/с
3,1 3,6 – “K” өлшеу дәлсіздігі м/с
= 1,3 = 1,3 Құрал үшін белгіленген жалпы тербеліс мәні (мәндері) мен белгіленген шуыл эмиссия мәні (мәндері) стандартталған техникалық сынақтар әдісіне сай өлшеніп, электр бұйымдарды салыстыру арқылы басқа құралмен қолдана алынуына көз жеткізіңіз. Құрал үшін белгіленген жалпы тербеліс мәні (мәндері) мен белгіленген шуыл эмиссия мәнін (мәндерін) жүктеменің бастапқы мәнін бағалау үшін де қолдана алынуына назарыңызды аударамыз. Тербеліс және шуыл мәндері мен электр құралдың қолданып жатқан уақытында болған мәндері арасында ауытқу пайда болуы мүмкін, бұл осы құралдың қолдану түрі мен тәсіліне, әсіресе осы құралмен өңделетін өнімдердің түріне байланысты болады; керек болғанда, құрал пайдаланушыны қорғау үшін электр құрал пайдаланып жатқан уақытындағы тербеліс жүктемесін бағалау негізінде қарастырылған, лайықты шараларды белгілеп қолдану лазым (бұл үшін электр құралдың жұмыс циклдарының барлығын ескеріп жүру лазым, мысалы, электр құралдың өшіріліп қойған уақыттары және оның қайта іске қосып бірақ ешбір жүктемесіз тұрған уақыттары). Аккумулятор Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады. Аккумуляторды зарядтау u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын F 016 L94 542 | (07.02.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 199 пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз. Аккумуляторды енгізу Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз. Аккумуляторды шығару Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймесін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен қорғайтын 2құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады. Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады. Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді. Аккумулятор түрі GBA 18V... Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 3× жасыл 60–100% Үздіксіз жарық 2× жасыл 30–60% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–30% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% Аккумулятор түрі ProCORE18V... Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 5× жасыл 80–100% Үздіксіз жарық 4× жасыл 60–80% Үздіксіз жарық 3× жасыл 40–60% Үздіксіз жарық 2× жасыл 20–40% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–20% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
Аккумуляторды тек –20°C...50°C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз. Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
Аккумуляторды күту Аккумулятордың оңтайлы түрде қолдануын қамтамасыз ету үшін төмендегі нұсқаулар мен шараларды ұстанып
– Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан қорғап жүріңіз. – Электр құралды және аккумуляторды температура аумағы -20°C және 50°C аралығында болған жерлерде ғана сақтаңыз. Аккумуляторды, мысалы, жазда көлікте қалдырмаңыз. – Аккумуляторды бақ электр бұйымнан шығарып алып, бақ электр бұйымнан бөлек сақтаңыз. – Тікелей күн сәулелері түсе алатын жағдайларда аккумуляторды бақ электр бұйым ішінде қалдырмаңыз. – Аккумуляторды сақтау үшін ең оңтайлы температура деңгейі болып 5°C саналады. – Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
Қуаттандырылғанынан кейін жұмыс циклдарының айтарлықтай қысқарып қалуы аккумулятордың тозып қалғанын және оны ауыстыру керектігін білдіреді. Құрастырып орнатылуы мен
Әрекет мақсаты Сурет Бет Бейнеленген құрамды бөлшектер
Сату және жеткізілім көлемі
Қорғаныш жабынын орнату
Сақтандырғыш тоғынын орнату
Кері соққыдан қорғайтын сақтандырғышты құрастырып орнату/Оңқай адамдар үшін қолдану нұсқауы
Кері соққыдан қорғайтын сақтандырғышты құрастырып
Bosch Power Tools F 016 L94 542 | (07.02.2023)200 | Қазақ Әрекет мақсаты Сурет Бет орнату/Солақай адамдар үшін қолдану нұсқауы Тасу бауын құрастырып орнату
Аккумуляторды қуаттандыру және енгізу
Кесу жібін өткізіп тарту
Кесу қалағын құрастырып орнату
318 − 319 Жұмыс нұсқауы 1
Пышақпен жұмыс істеу
Орауышпен жұмыс істеу
Техникалық күтім S − T 322 − 323 Құрамдас бөлшектері
Pro-Tap Жіп сабақтауын жалғастыру үшін, орауышпен түбінен аздап қағыңыз. Pro-Tap жүйесі орауыштың әр жағынан шамамен 10мм босатады. Егер жіп жіпті сабақтау саңылауының жанында үзіліп қалса, толық шамасы 33 см болған диаметрімен кесе алу үшін осы қағу әрекетін бірнеше рет қайталаңыз. EasyWind EasyWind орауыш құрылғысы арқасында құрал орауышын бөлшектемей-ақ орауышқа арналған жіпті сабақтауға болады. Орауыш жібін қайта жүктеу керек болса: – Жіптен (қосалқы бөлшектер) 3 м кесіп алыңыз. – Орауыштағы көрсеткілерді жіп бағыттауыш тұтқасына (20) көрсетіп қарайтындай қылып туралаңыз. – Орауыш жіпті “Жіпті енгізу” деп белгіленген көзге енгізіп, оны екінші жағынан тартып шығарып алыңыз. Жіп екі жағынан бірдей ұзындықта болуы тиіс. – Жіпті орауышқа орау үшін, жіп бағыттауыш тұтқасын (20) сағат тіліне қарсы бағытпен (орауыштағы көрсеткілерді қараңыз) әр жағынан шамамен 10см орауыш жіп қалғанша дейін бұраңыз. Шатасып қалуға жол бермейтін функция Кесу құрал үзілістерсіз үздіксіз түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, шатасып қалуға жол бермейтін функциямен жабдықталған. Кесу құрал бұғатталып қалған жағдайда бұғатты жою үшін, қозғалтқыш автоматты түрде орауышты сағат тіліне қарсы бағытта 3 секунда бойы айналдырады. Осы әрекет орындалған сәттен кейін кесу құралы қайтадан әдеттегідей сағат тілі бағытымен қайта жүріп тұратын
Бұғатты жою мүмкін болмаған жағдайда кесу құралы тоқтап қалады. Көмек бойынша қосымша ақпаратты Қателерді белгілеу таба аласыз. Қателерді белгілеу Симптомдар Мүмкін болған себептер Көмек Қозғалтқыш іске қосылмай тұр Аккумулятор қуатсызданып қалған Аккумулятордың қуаттандырылу күйін көрсеткішін тексеріп, аккумуляторды қуаттандырып алыңыз Аккумулятор тым суық/тым қызып қалған Аккумуляторды жылытып/суытып алыңыз Аккумулятор толығымен енгізілмеген Аккумуляторды дұрыс түрде енгізіңіз Шөп орауыш сыртынан оралып қалған Аккумуляторды шығарып алып, шөпты алып
Бақ электр бұйымы үзілістермен жұмыс
Қосу/өшіру түймешігі бұзылған Bosch компаниясының қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Бақ электр бұйымының ішкі кабель жүйесі
Bosch компаниясының қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Кесу бастиегі бұғатталып қалған Кесу бастиегін шығарып, бұғат бола алатын заттарды алып тастаңыз және одан кейін кесу бастиегін орнына қайта орнатыңыз F 016 L94 542 | (07.02.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 201 Симптомдар Мүмкін болған себептер Көмек Бақ электр бұйымы асыра тиеліп жұмыс
Шөп тым жоғары/тым қалың Шөпті сатылап кесу Кесу нәтижесі нашар Бақ электр бұйымы асыра тиеліп жұмыс істеуде Құралды баяуырақ жылжытыңыз Кесу жібінің тым ұзын болуы Кесу жібін орап жинаңыз (J суретін қараңыз) және кескіш фрезасын тексеріңіз Қорғаныш жапқышы қатып қалған ласпен жабылып қалған Қорғаныш жапқыштың ішкі жағын тазалаңыз Бақ электр бұйымы шөпті кеспей тұр Кесу жібі тым қысқа / үзіліп қалған Кесу жібін автоматты Pro-Tap итермелі жүйесі арқылы сабақтаңыз (J суретін қараңыз) Жіп орауышы бос Жіп орауышын алмастырыңыз (J суретін
Кесу жібі жіп орауышына кері тартылып қалып тұр Кесу жібі тым қысқа / үзіліп қалған Орауышты шығарып алып, кесу жібін қайта енгізіңіз (J суретін қараңыз) Кесу жібі жиі үзіле
Кесу жібі орауыш ішінде шырмалып қалды Орауышты шығарып алып, кесу жібін жаңадан ораңы (J суретін қараңыз) Шөп кесу триммерін лайықсыз түрде қолдану Шөпті тек қана триммердің кесу жібінің ұшымен кесіңіз; тас, дуалдар және басқа қатты заттарға тиіп қалуын болдырмаңыз. Кесу шеңберінің диаметрін толығымен пайдалана алу үшін кесу жібін үнемі тарта отыруыңыз
Кесу жібі тым шағын диаметрімен қолдануда Құрал үшін белгіленген кесу жібін пайдаланыңыз Қатты вибрациялар Кесу жібі үзіліп қалды (J суретін қараңыз) Кесу бастиегінде немесе пышақта теңгерімсіздік пайда болған Бастиек ішінде лас пен кір бар болған жағдайда оларды алып тастаңыз. Кесу бастиегін тексеріп алып (M суретін қараңыз), онда зақымдалған жерлер пайда болған жағдайда Bosch компаниясының тұтынушыларға қызмет көрсету жерлеріне жүгініңіз Орауыш/жүзі дұрыс орнатылмаған Бөлшектердің барлығын дұрыс түрде орнатыңыз (M суретін қараңыз) Қорғаныш жапқышы дұрыс құрастырылып орнатылмаған Қорғаныш жапқышын дұрыс түрде құрастырып
Пышақты құрастырып орнату үшін арналған сомын босап қалған Пышақты құрастыру үшін арналған сомынды нық қылып тартып бекітіңіз (20Нм) (M суретін
Шатасып қалуға жол бермейтін функция бұғатты жоя алмай тұр Электр құрал қате пайдалануда Электр құралын дұрыс түрде пайдаланып, оны тез және бірнеше рет қайталап қосып және өшіріп алыңыз. Бұғат жүйе үшін тым ауыр бола отырып, мануалды түрде әрекет етпеусіз өздігінен жойыла алынбайды Аккумуляторды шығарып алып, бұғатты мануалды түрде шығарып және жойып алыңыз Bosch Power Tools F 016 L94 542 | (07.02.2023)202 | Қазақ Техникалық күтім және қызмет
Күту, тазалау және сақтау u Бақ электр бұйымы бойынша жұмыстарын өткізу алдында (мысалы күту, бөлшектерін ауыстыру және т.б.), сонымен қатар оны тасымалдау мен сақтауда құрал аккумуляторын құралдан шығарып алыңыз. Қосқыштың/өшіргіштің кездейсоқ түрде қосылып кетілуі арқылы жарақаттану қауібі пайда болуы мүмкін. u Қауіпсіз және қалыпты түрде жұмыс істей алу үшін, электр бұйымы мен ауалау саңылауларын таза қалыпта сақтап жүріңіз. Сақтауға қою алдынан құралда алдымен тазалау және күтім жұмыстарын өткізіп алыңыз. Бақ электр бұйымы үстінен басқа заттарды қоймаңыз. Электр бұйымы үстінен ешқашан су шашпаңыз. Электр бұйымын ешқашан суға малмаңыз. Электр бұйымын қауіпсіз және құрғақ, балалар қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр бұйымы үстінен басқа заттарды қоймаңыз. Құралды жерге жатқызып қоймаңыз және қалдырмаңыз. Өзініз құрал үстінен сүрініп қалуыңыз мүмкін. Электр бұйымымен қауіпсіз түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ете алу үшін сомдар, бұрандамалар мен бұрандаларының барлығы нық түрде бекітілгенің тексеріп алыңыз. Электр бұйымын тексеріп, тозып немесе бұзылып кеткен бөлшектерін қауіпсіздік себептерінен ауыстырыңыз. Ауыстырылатын бөлшектері Bosch фирмасының бұйымдары болғанына алдын ала назар аударыңыз. Құралда өзгерту жұмыстарын өткізу рұқсат етілмейді, әр өзгерту адамдардың жарақаттанып қалуына апара алады. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Кесу қалағын қайрау және теңестіру Кесу қалағын лайықты және дұрыс түрде қайрау және теңестіру үшін тиісті кәсіби дайындау талап етіледі. Сондықтан Bosch компаниясы құрал үшін рұқсат етілген қосалқы кесу қалағын қолданылуын ұсынады. Қосалқы кесу қалағын Өзіңіздің жаныңыздағы арнайы жұмыс рұқсаты бар техникалық қызмет көрсету орындарында сатып алуыңызға болады. Шөп және бұталар кесушісін тасымалдау Тасымалдау және сақтау уақытында құралдың кесу қалағын әрқашан арнайы қорғау жапқышымен жауып қоюыңыз лазым. Шөп және бұталар кесушісін бір қолыңызбен, лайықты түрде тепе-теңдікке назар аудара отырып, тұтқасынан ұстап, кесу қондырғысы артқа қарайтындай қылып
Шөп және бұталар кесушісін тасымалдау барысында оның аударылып немесе жылжып кетуін болдырмай үшін алдын ала бекітіңіп қойыңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және F 016 L94 542 | (07.02.2023) Bosch Power ToolsRomână | 203 тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Notice-Facile