MAKITA TD00000111 - санатталмаған

TD00000111 - санатталмаған MAKITA - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз TD00000111 MAKITA PDF форматында.

📄 180 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice MAKITA TD00000111 - page 136
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : MAKITA

Модель : TD00000111

Санат : санатталмаған

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз санатталмаған PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз TD00000111 - MAKITA және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. TD00000111 брендінің MAKITA.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ TD00000111 MAKITA

  • Жоғарыда берілген аккумулятор картридждерінің кейбірі сіздің тұрып жатқан жеріңізге байланысты қолжетімсіз болуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Тек жоғарыда аталған аккумулятор картридждерін ғана пайдаланыңыз. Аккумулятор картридждерінің басқа түрлерін пайдалансаңыз, жарақат алуыңыз және/немесе өрт шығуы мүмкін.

Өнім үшін келесі белгілердің кейбіреуі пайдаланылады. Пайдалану алдында олардың мағынасын түсініп алыңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып

Ni-MH Li-ion Тек ЕО елдеріне арналған Жабдықта қауіпті құрамдастардың болуына байланысты, электрлік және электрондық жабдықтардың, аккумуляторлар мен батареялардың қалдықтары қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Электрлік және электрондық құрылғыларды немесе батареяларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға

Электрлік және электрондық жабдықтардың қалдықтары және аккумуляторлар мен батареялар және аккумуляторлар мен батареялардың қалдықтары, сондай-ақ олардың ұлттық заңнамаға бейімделуі туралы Еуропалық директиваға сәйкес, электрлік жабдықтардың, батареялардың және аккумуляторлардың қалдықтары бөлек жиналуы және қоршаған ортаны қорғау ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін тұрмыстық қалдықтарды жинау пунктіне жеткізілуі керек. Бұл жабдыққа орналастырылған айқас сызықпен сызылған дөңгелекті қоқыс жәшігінің белгісі арқылы көрсетіледі. ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША

ЕСКЕРТУ: Қолданар алдында осы жабдықпен бірге қолданылатын Makita өнімінің нұсқаулығын оқып шығыңыз. ЕСКЕРТУ: Жабдықты тек Makita компаниясы көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз. Жабдықты үйлеспейтін өнімдермен пайдалану өртке, қызып кетуге, жарылуға немесе электролиттің ағуына себеп болуы мүмкін. Электрлік қауіпсіздік

1. Сымды және аккумуляторды дымқыл

немесе лас қолыңызбен ұстамаңыз.

2. Зақымдалған USB кабелін пайдаланбаңыз.

3. Қуат сымын дұрыс пайдаланыңыз.

Тасымалдау, тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін қуат сымын пайдалануға болмайды. Қуат сымын ыстық, май және өткір жиектерге жақындатпаңыз.

4. Аккумулятор қуаты беріліп жатқан кезде,

ешбір сымды ажыратулы күйде қалдыруға болмайды. Кішкентай балалар ашаны ауыздарына салып, жарақат алуы мүмкін.

5. USB қуат көзі портына шеге, сым немесе

басқа да заттарды салуға болмайды. Әйтпесе қысқа тұйықталу пайда болып, түтін немесе өрт туғызуы мүмкін.137 ҚАЗАҚША

6. Қуат көзін USB портына қосуға

болмайды. USB порты тек төмен кернеулі құрылғыларды зарядтауға арналған. Төмен кернеулі құрылғыны зарядтамайтын кезде, USB портын әрдайым қақпақпен жабыңыз. Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.

7. Тек өндіруші көрсеткен зарядтау

құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы

8. Жабдықтарды тек көрсетілген аккумулятор

блоктарымен ғана пайдаланыңыз. Кез келген басқа аккумулятор блоктарын пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қаупін тудыруы

9. Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,

оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.

10. Дұрыс пайдаланбаған кезде

аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.

11. Аккумулятор немесе аккумулятормен

бірге пайдаланылатын жабдық зақымдалған немесе өзгертілген болса, оны пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген аккумулятор немесе жабдық өрт, жарылыс немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген жағдайлар тудыруы мүмкін.

12. Аккумулятор блогын немесе құралды

оттың не шамадан тыс жоғары температура шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары болса, жарылуы мүмкін.

13. Зарядтауға қатысты нұсқаулардың

барлығын орындаңыз және аккумулятор блогын нұсқауларда көрсетілген температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Дұрыс зарядталмаса немесе көрсетілген ауқымнан тыс температурада зарядталса, аккумулятор зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.

14. Жөндеу жұмыстарын білікті маман тек тиісті

қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып орындауы тиіс. Бұл өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

15. Құрылғыны немесе аккумулятор

жинағын пайдалану және күтім көрсету нұсқауларында сипатталғаннан басқа жолмен өзгертуге немесе жөндеуге әрекет

Аккумулятор картриджіне арналған маңызды қауіпсіздік

бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы және (3) аккумуляторды пайдаланатын өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту білгілерін оқып шығыңыз.

2. Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз

немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз. Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.

3. Егер аккумулятор картридждің пайдалану

уақыты бірталай қысқарған болса, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.

4. Егер электролит көзіңізге тиген болса,

көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы

5. Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір

бірімен матастырмаңыз: (1) Клеммаларды кез келген ток өткізгіш материалдарға тигізбеңіз. (2) Аккумулятор картриджін ішінде шегелер, тиындар, т.б. басқа металл заттары бар контейнерде сақтамаңыз. (3) Аккумулятор блогын суға салмаңыз немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы үлкен ток ағынының пайда болуына, қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті бұзылуға себеп болуы мүмкін.

6. Құралды және аккумулятор блогын

температурасы 50 °C-ден (122 °F) шамасынан асатын жерлерде сақтамаңыз және пайдаланбаңыз.

7. Аккумулятор блогы қатты зақымдалған

немесе толығымен тозған болса да, оны отқа жақпаңыз. Аккумулятор блогы отта жарылып кетуі мүмкін.

8. Аккумулятор картриджін шегелеуге,

кесуге, басуға, лақтыруға, құлатуға немесе оны қатты затпен соғуға болмайды. Бұл әрекеттер өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.

9. Зақымдалған аккумуляторды

пайдаланбаңыз.138 ҚАЗАҚША

10. Жинаққа кіретін литий-ионды

аккумуляторлар денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды заттар заңнамасы талаптарына сәйкес қарастырылады. Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы, үшінші тараптар, экспедиторлар үшін қаптамада және таңбалауда арнайы талаптар сақталуы тиіс. Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек. Сонымен қатар ұлттық ережелерді де толық қарап шығыңыз. Ашық түйіспелерді жауып, аккумуляторды қаптамаға қозғалмайтындай етіп орналастырыңыз.

11. Аккумулятор картриджін кәдеге жаратқан

кезде оны құралдан шығарып алып, қауіпсіз жерде кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды кәдеге жаратуға қатысты жергілікті ережелерді орындаңыз.

12. Аккумуляторларды тек Makita компаниясы

көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз. Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе электролит ағуына әкеп соқтыруы мүмкін.

13. Егер құрал ұзақ уақыт бойы

пайдаланылмайтын болса, құралдағы аккумуляторды алып тастау керек.

14. Аккумулятор картриджін пайдалану кезінде

және пайдаланғаннан кейін, ол қызып, күйікке немесе төмен температуралы күйікке әкелуі мүмкін. Ыстық аккумулятор картридждерімен жұмыс істегенде сақ

15. Құралдың клеммасын пайдаланғаннан

кейін, оны бірден ұстамаңыз, ол күюге себеп болатындай ыстық болуы мүмкін.

16. Аккумулятор картриджінің клеммаларына,

саңылауларына және ойықтарына жоңқа, шаң немесе кірдің тұрып қалуын болдырмаңыз. Бұл құралдың қызуына, тұтануына, жарылуына және батарея картриджінің істен шығуына әкеліп, күйік немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін.

17. Егер құрал жоғары вольтты электрлік қуат

желілері жанында пайдалануға жарамды болмаса, аккумуляторлық картриджді жоғары вольтты электрлік қуат желілері жанында пайдаланбаңыз. Бұл құралдың немесе аккумулятор картриджінің істен шығуына немесе сынуына алып келуі мүмкін.

18. Аккумуляторды балалардан аулақ ұстаңыз.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Тек түпнұсқа Makita аккумляторларын пайдаланыңыз. Түпнұсқа емес Makita аккумуляторларын немесе өзгертілген аккумуляторларды пайдалану нәтижесінде өрт, жарақат алу немесе зақымдалуға себеп болатын аккумулятор жарылуына әкелуі мүмкін. Ол сондай-ақ Makita құралы мен зарядтау құрылғысы үшін Makita кепілдігінің күшін жояды. Аккумулятордың максималды қызмет ету мерзімін сақтау бойынша кеңестер

1. Аккумулятор картриджін қуаты толығымен

таусылмас бұрын зарядтаңыз. Электр құралының қуаты аз екендігін байқаған кезде, құрал жұмысын тоқтатып, аккумулятор картриджін зарядтаңыз.

2. Толығымен зарядталған аккумулятор

картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз. Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету мерзімін қысқартады.

4. Аккумулятор картриджін пайдаланбаған

уақытта оны құралдан немесе зарядтау құрылғысынан алып тастаңыз.

5. Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт

бойы (алты айдан артық) пайдаланбаған болсаңыз, оны зарядтаңыз.

СИПАТТАМАСЫ Осы ұстағышты төмендегі Makita өнімдерінде пайдалануға болады: ► Сурет1 Топ Өнім атауы Модель A Желдеткіші бар

DFJ411 / DFJ416 Желдеткіші бар

DFV210 Жылытқышы бар

DFV215A Жылытқышы бар

1. Қуат деңгейінің индикаторы

Желдеткіші бар күрте/кеудешені пайдаланған кезде, қуат деңгейі көрсетіледі. ЕСКЕРТПЕ: Жоғарыда көрсетілген A тобының күртелерін/кеудешелерін пайдаланатын болсаңыз, олардың желдеткіш блогында 3 қадамдық басқару жүйесі қолданылатындықтан, қуат деңгейінің 4-индикаторы жанбайды. ЕСКЕРТПЕ: Жылытқышы бар киімді пайдаланатын болсаңыз, қуат деңгейінің 4-индикаторы ғана жанады.

Іске қосу үшін аккумулятор картриджін салып, қуат деңгейінің индикаторы жанғанша қуат түймесін басып тұрыңыз. Желдеткіші бар күрте/кеудешенің қуат деңгейін ауыстыру үшін қуат қосылған кезде қуат түймесін жылдам басыңыз. Оны өшіру үшін, қуат деңгейінің индикаторы өшкенше қуат түймесін басып тұрыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жылытқышы бар киімнің жылуын өзгерту үшін қосылып тұрған жылытқышы бар киімдегі түймешікті басыңыз.

3. Электрлік розетка

Өнімдердің кабелін немесе жалғастырғыш кабельді

4. Желдеткіші бар күрте/кеудешеге арналған

адаптер кабелі (қосымша керек-жарақ) Жоғарыда көрсетілген A тобының өнімдерін пайдаланған кезде адаптер кабелін қолданыңыз.

5. Жылытқышы бар киімнің жалғастырғыш

кабелі (қосымша керек-жарақ) Жоғарыда көрсетілген A тобының өнімдерін пайдаланған кезде адаптер кабелін қолданыңыз.

6. Өнімдердің қуат сымы

Жоғарыдағы A тобына кіретін өнімдерді пайдаланғанда, желдеткіші бар күртенің/жилеттің немесе жылытқышы бар киімнің тиісті жалғастырғыш кабелін жалғаңыз. Жоғарыда көрсетілген B тобының өнімдері үшін, аккумулятор ұстағышының электрлік розеткасына

ЕСКЕРТПЕ: Розетканың пішіні мен орналасқан жері өнімдеріңізге байланысты әртүрлі болады.

7. Аккумулятор картриджі (қосымша

керек-жарақ) Сырт еткен дыбыс естіліп, өз орнында құлыпталғанша, аккумулятор картриджін ұстағышқа итеріп салыңыз. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ Аккумулятор картриджін орнату

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін орнатқан немесе алған кезде, аккумулятор ұстағышын және аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз. Аккумулятор ұстағышын және аккумулятор картриджін мықтап ұстамасаңыз, олардың қолыңыздан сырғып түсіп, нәтижесінде аккумулятор ұстағышының және аккумулятор картриджінің зақымдалуына және/немесе жарақат алуға әкеп соқтыруы мүмкін. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін алып тастамас бұрын, құрылғыны әрдайым өшіріп отырыңыз. ► Сурет2: 1. Қызыл индикатор 2. Түйме

3. Аккумулятор картриджі

4. Аккумулятор ұстағышы

Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор картриджіндегі тілшені корпустағы ойықпен туралап, оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс естіліп, өз орнында құлыпталғанша, аккумулятор картриджін орнына итеріп салыңыз. Егер түйменің жоғарғы жағында қызыл индикатор көрініп тұрса, демек ол толығымен құлыпталмаған. Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің алдыңғы жағындағы түймені басып, оны аккумулятор ұстағышынан сырғытып шығарып алыңыз. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін әрдайым қызыл индикатор көрінбейтіндей етіп, толығымен орнатыңыз. Әйтпесе аккумулятор картриджі аккумулятор ұстағышынан абайсызда түсіп қалып, сізді немесе айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы мүмкін. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Аккумулятор картриджін күштеп орнатпаңыз. Егер аккумулятор картриджі жеңіл сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған. Аккумулятор ұстағышын бекіту Аккумулятор ұстағышын бел буатын белдікке іліп қоюға болады. Аккумулятор ұстағышының кездейсоқ түсіп кетуіне жол бермеу үшін, бауды бауға арналған саңылаудан өткізіп, бекітіңіз. ► Сурет3: 1. Бау тесігі Аккумулятор ұстағышының түсіп қалуға жол бермейтін функциясы бар. Аккумулятор ұстағышын белдіктен алу кезінде оны босату түймесін басып тұрып, тартыңыз. ► Сурет4: 1. Босату түймесі140 ҚАЗАҚША USB құрылғыларын қосу САҚ БОЛЫҢЫЗ: USB құрылғысын енгізетін портпен үйлесімді құрылғыларды ғана қосыңыз. Әйтпесе бұл аккумулятор ұстағышының ақаулығына себеп болуы мүмкін. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: USB құрылғысын аккумулятор ұстағышына (аккумулятормен) қосудан бұрын, әрдайым USB құрылғысында деректердің резервтік көшірмесін жасаңыз. Әйтпесе бұл деректеріңіздің жоғалуына себеп болуы мүмкін. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Аккумулятор ұстағышы кейбір USB құрылғыларын зарядтамауы

НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Пайдаланбайтын кезде немесе зарядтаудан кейін, USB кабелін алып тастаңыз және қақпақты жабыңыз. Аккумулятор ұстағышы (аккумулятор картриджімен) USB құрылғылары үшін сыртқы қуат көзі ретінде жұмыс істеуі мүмкін. Қақпақты ашып, USB кабелін (бірге берілмеген) аккумулятор ұстағышындағы USB портына жалғаңыз. Содан кейін кабельдің екінші ұшын құрылғыға жалғаңыз. Зарядтауды бастау үшін, қуат индикаторы жанғанша қуат түймесін басып тұрыңыз. Зарядтауды тоқтату үшін, қуат индикаторы сөнгенше қуат түймесін басып тұрыңыз. ► Сурет5: 1. Қақпақ 2. USB порты ЕСКЕРТПЕ: Іс жүзіндегі шығыс кернеу қосылатын USB құрылғысына байланысты әртүрлі болады. ЕСКЕРТПЕ: Қуат түймесі қосулы кезде аккумулятор қуаты жұмсалады. Құрылғыны пайдаланбаған кезде ауыстырып-қосқышты әрдайым өшіріп жүріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Бірнеше USB құрылғысын зарядтау кезінде келесі құрылғыны зарядтауды бастаудан бұрын, алдыңғы құрылғының зарядталуы аяқталғаннан кейін шамамен 10 секунд күтіңіз. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Жанармайды, бензинді, сұйылтқышты, спиртті немесе соған ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе жарықтар пайда болуы мүмкін. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Аккумулятор ұстағышын сумен жууға болмайды. — Корпустағы кірді, шаңды, майды, басқа да қалдықтарды сабынды суға батырылған және жақсылап сығылған таза және құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз. — Жабдықты шамадан тыс жылу, суық немесе ылғалдың әсері тимейтін жерде ұстаңыз. Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан орындалуы керек.141