EXACT ION 61500 Professional - шуруповерт BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EXACT ION 61500 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз шуруповерт PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EXACT ION 61500 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EXACT ION 61500 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EXACT ION 61500 Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек 1 609 92A 9SL | (16.07.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 149 – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін
Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 9SL | (16.07.2024)150 | Қазақ u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. 1 609 92A 9SL | (16.07.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 151 u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары u Бекіткіш жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылғы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер бекіткіш істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. u Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары мезеттер пайда болуы мүмкін. u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
u Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралы артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада қысылса ол сыналады.
Үшкірлеу, аралау, тегістеу, бұрғылау және ұқсас әрекеттерді орындау кезінде пайда болатын шаң концерогенді, тератогенді немесе мутагенді әсер етуі мүмкін. Осы шаң түрлері қамтитын заттектердің ішінде: Бояулардағы қорғасын және лак; кірпіш, цемент және басқа да тас заттектеріндегі кристалды кремнезем; химиялық өңделген ағаштағы күшән мен хромат. Сырқаттану қаупі осы заттектердің пайдаланылу жиілігіне байланысты болады. Қауіпті азайту үшін дұрыс желдетілетін бөлмелерде тиісті қорғаныс жабдығымен жұмыс істеңіз (мысалы, арнайы құрастырылған, ең кіші шаң бөлішектерін сүзгілейтін шаңтұтқыштар). u Кездейсоқ іске қосылуға жол бермеңіз. Аккумуляторды салудан алдын ажыратқыштың өшірулі күйінде болғанына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты ажыратқышқа қойып тасымалдау немесе қосулы электр құралына аккумуляторды салу жазатайым оқиғаларды тудыруы мүмкін. u Тек қана ақаусыз, тозбаған алмалы-салмалы аспаптарды пайдаланыңыз. Ақауы бар алмалы- салмалы аспаптар бұзылып, жарақат пен зиян келтіруі
u Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы- салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды. u Ұзын бұрандаларды бұрап кіргізу кезінде абай болыңыз, бұранда түріне және алмалы-салмалы аспапқа байланысты сырғу қаупі бар. Ұзын бұрандаларды жиі дұрыс бақылау қиынға соғады және олар бұрап кіргізу барысында сырғып, сізге жарақат тигізуі мүмкін. u Электр құралын іске қосу алдында орнатылған айналу бағытына назар аударыңыз. Мысалы, бұранданы босату қажет болып, айналу бағыты бұранданы бұрап кіргізу үшін реттелген болса, бұл алмалы-салмалы аспаптың бақыланбайтын қатты қозғалысын тудыруы мүмкін. u Электр құралын дрель ретінде пайдаланбаңыз. Ажырату тіркесімі бар электр құралдары бұрғылауға арналмаған. Тіркесім автоматты түрде ескертусіз ажыратылуы мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 9SL | (16.07.2024)152 | Қазақ Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Тағайындалу бойынша қолдану Электр құралы белгіленген өлшем және қуат диапазонында бұрандаларды, гайкаларды және басқа да бұрандалы қосылымдарды бұрап кіргізуге және босатуға
Электр құралы тек өнеркәсіптік ортада пайдалануға
Электр құралын дрель ретінде пайдалануға болмайды. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1) Құрал бекіткіші (2) Жылдам алмастыру патроны (3)
(4) Айналу моментін алдын ала таңдау ысырмасы (5)
(6) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (7) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (8) Бұрандалы қосылымдардың жарық диодты
(12) Ілгіш қапсырмадағы бекіту ойығы (13) Алмалы-салмалы аспап
(15) Реттегіш шайба (16) Белгілеу сақинасы (17) Тұтқа (беті оқшауланған)
Бейнеленген құрамдас бөлшектер стандарттық жеткізу көлеміне кірмейді. Техникалық мәліметтер Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрауыш EXACT ION 2-700 4-2000 6-1500 8-1100 12-450 12-700 Өнім нөмірі 3602D94 4.0 3602D94 4.1 3602D94 4.2 3602D94 4.3 3602D94 4.5 3602D94 4.4
қатты/жұмсақ материалдарда
Литий-ион Литий-ион Литий-ион Литий-ион Литий-ион Литий-ион 1 609 92A 9SL | (16.07.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 153 Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрауыш EXACT ION 2-700 4-2000 6-1500 8-1100 12-450 12-700
қоршаған орта температурасы °C 0...+35 0...+35 0...+35 0...+35 0...+35 0...+35
20−25°C температурасындаGBA18V5.0Ah аккумуляторымен өлшенеді. B) пайдаланған аккумуляторға байланысты C) температура * < 0 ° C болғанда жұмыс күші шектелген көлемде болады D) Аккумуляторсыз салмағы Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac. Шуыл және діріл туралы ақпарат EN62841-2-2 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 84 дБ(A) құрайды. K дәлсіздігі=3 дБ. Шуыл деңгейі жұмыс істеу кезінде 80 дБ(A) шамасынан асуы мүмкін. Құлақ қорғанысын тағыңыз! Жалпы діріл мәндері a
(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі,EN62841-2-2 бойынша есептелген: Максималды рұқсат етілген өлшемдегі бұрандалар мен гайкаларды тарту: a
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру. Дәлдік бойынша нұсқаулар Айналу жиілігі төмендетілсе (әсіресе 50% шамасынан төмен), максималды айналу моменті де төмендеуі мүмкін. Power Boost режиміндегі асқын айналу жиілігі дәлдікке және өшіру процесіне әсер етуі мүмкін. Бұл муфтаның сыналануына әкелуі мүмкін. Машинаның жарамдылығын талдау әрекеттері VDI2647 стандарты бойынша әдетте 600айн/мин жиілігінде орындалады. Айналу жиілігің және/немесе айналу моментінің өзгерістері дәлдікке әсер етуі мүмкін. Машинаның жарамдылығын тиісті реттеумен сынау
Аккумулятор Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады. Bosch Power Tools 1 609 92A 9SL | (16.07.2024)154 | Қазақ Аккумуляторды зарядтау u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз. Аккумуляторды енгізу Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз. Аккумуляторды шығару Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймелерін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (сары жарық диоды)
Аккумуляторды зарядтау: Тек 6–8 бұрап бекіту әрекетін орындау мүмкіндігі қалды.
Қуаттылық жаңа бұрап бекіту әрекеті үшін жеткіліксіз немесе электр құралына артық жүктеме түсті: Электр құралын бұдан былай іске қосуға
– Аккумуляторды шығарып, толық зарядталған аккумуляторларды қайта
Электр құралы қызып, жұмыс істемей
– Электр құралын қайта іске қосудан бұрын жыпылықтау қысқа мерзімде автоматты түрде сөнгенше күтіңіз. Аккумуляторды(9) салған және ажыратқышты(5) басқан кезде, аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы аккумулятор зарядының деңгейін 5секунд ішінде
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Жасыл 60–100% Сары 30–60% Қызыл 0–30% Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
Аккумуляторды тек –20°C...50°C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
u Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
Пайдалану және сақтау ортасы Электр құралы тек жабық жұмыс жайларында пайдалануға арналған. Ақаусыз пайдалану үшін рұқсат етілген қоршаған орта температурасы 0°C және +45°C аралығында, ал рұқсат етілген салыстырмалы ауа ылғалдығы конденсациясыз 20 және 95% аралығында болуы керек. Ілгіш аспап (A суретін қараңыз) Ілгіштің (11) көмегімен электр құралын ілгіш аспапқа бекітуге болады. – Ілгішті (11) электр құралына орнатып, ойыққа (12) кіргізіңіз. u Ілгіштің және ілгіш аспап ілгегінің күйін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Электр құралын конфигурациялау
5.2 және одан жоғары нұсқадан басталатын
BOSCHEXACTConfigurator бағдарламалық жасақтамасының көмегімен электр құралында әртүрлі реттеулерді (мысалы, айналу жиілігі, бұрау деңгейлері, қайталаудан қорғаныс) конфигурациялауға болады. Ол үшін электр құралын USB порты арқылы компьютерге жалғаңыз. Ол үшін USB кабелін қолданыңыз: USB2.0Aтүрі/Micro-USB2.0Bтүрі – Қос экрандалған – Макс. ұзындығы 1м USB порты арқылы конфигурациялау кезінде радио кедергісі өндірістік ортадан тыс жерде орын алуы мүмкін. u Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану бойынша нұсқаулығындағы барлық қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен нұсқаулықтарын ескеріңіз. 1 609 92A 9SL | (16.07.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 155 Құралды алмастыру (B суретін қараңыз) u Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы- салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды. Алмалы-салмалы аспапты орнату Алмалы-салмалы аспаптарды тек жарамды жалғағыш ұштықтармен (1/4 дюймдік алты қырлы) пайдаланыңыз. – Жылдам алмастыру патронының (2) төлкесін алға
– Алмалы-салмалы аспапты (13) аспап патронына (1) салып, жылдам алмастыру патронын қайтадан
Алмалы-салмалы аспапты шығару – Жылдам алмастыру патронының (2) төлкесін алға
– Алмалы-салмалы аспапты (13) аспап патронынан (1) шығарып, жылдам алмастыру патронын қайтадан
Электр құралын іске қосу қажет болса, алдымен айналу бағытын ауыстырып-қосқышпен (6) айналу бағытын
Электр құралы айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (6) ортада тұрмаған жағдайда ғана іске қосылады (іске қосылудан қорғайтын құлып). Айналу бағытын реттеу (C суретін қараңыз) – Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) солға тірелгенше басыңыз. – Сол жаққа айналу бағыты: бұрандаларды босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытын ауыстырып- қосқышты (6) оңға тірелгенше басыңыз. Айналу моментін реттеу (D суретін қараңыз) Айналу моменті ажырату тіркесімі серіппелерінің алдын ала керілісіне байланысты болады. Ажырату тіркесімі оң және сол жаққа айналу күйінде орнатылған айналу моментіне жеткеннен кейін босатылады. Жеке айналу моментін орнату үшін тек бірге жеткізілген реттегіш құралды (14) пайдаланыңыз. – Электр құралындағы ысырманы (4) артқа қарай толық жылжытыңыз. – Реттегіш құралды (14) аспап патронына (1) салып, баяу бұраңыз. – Корпус саңылауында кіші дөңес жер (реттегіш шайба (15)) тіркесімде көрінгенде, реттегіш құралды (14) осы дөңес жерге қойып бұраңыз. Сағат тілінің бағытымен бұрағанда айналу моменті жоғарырақ болады, ал сағат тілінің бағытына қарсы бұрағанда төменірек болады. – Реттегіш құралды (14) шығарыңыз. Тіркесімді ластанудан қорғау үшін, ысырманы (4) алға қайта қайтадан жылжытыңыз. Нұсқау: қажетті реттеу бұрандалы қосылымның түріне байланысты болады және практикалық тәжірибе өткізу арқылы анықталуы тиіс. Сынақ бұрандалы қосылымды динамометрлік кілтпен тексеріңіз. u Айналу моментін тек берілген қуат диапазонында реттеңіз, әйтпесе ажырату тіркесімі жұмыс
u Бұрандалы қосылымдағы айналу моментін мерзімді түрде тексеріп отырыңыз және қажет болған жағдайда ажырату тіркесімін қайта
Айналу моментінің реттеуін белгілеу (E суретін қараңыз) Электр құралын әрдайым белгілеу шеңберімен пайдаланып, корпусының шаң мен ластан қорғалуын қамтамасыз етіңіз. Жеке орнатылған айналу моменттерін белгілеу үшін белгілеу шеңберін (16) басқа түсті белгілеу шеңберіне алмастыруға болады. – Белгілеу шеңберін (16) жұқа бұрауыш парағымен, қалақшамен немесе ұқсас затпен басып қойыңыз.
Бұрауышта көрсетілген ауқымда реттелетін айналу моментіне тәуелді Ажырату тіркесімі бар. Ол орнатылған айналу моментіне жеткенде жауап қайтарады. – Электр құралын қосу үшін ажыратқышты(5) тірелгенше басыңыз. – Электр құралы орнатылған айналу моментіне жеткенде автоматты түрде өшеді. u Ажыратқыш(5) мерзімінен бұрын босатылса, алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпейді. u Бұрандалы қосылымдағы айналу моментін мерзімді түрде тексеріп отырыңыз және қажет болған жағдайда ажырату тіркесімін қайта
Жұмыс шамын іске қосу Жұмыс шамы (3) қолайсыз жарықтықтандыру жағдайында бұранда кіргізу жерін жарықтандыруға көмектеседі. Жұмыс шамын (3) ажыратқышты (5) ақырындап басу арқылы іске қосуға болады. Ажыратқышты қаттырақ бассаңыз, электр құралы қосылып, жұмыс шамы жанып тұрады. u Жұмыс шамына тікелей қарамаңыз, ол көзді зақымдауы мүмкін. Пайдалану нұсқаулары u Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 9SL | (16.07.2024)156 | Қазақ Бұрандалы қосылымдардың индикаторы (жасыл/ қызыл түсті жарық диоды) Орнатылған айналу моментіне жеткеннен кейін ажырату тіркесімі босатылады. Жарық диодты индикатор (8) жасыл түспен жанады. Егер алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпесе, жарық диодты индикатор (8) қызыл түспен жанып, дыбыстық сигнал беріледі. Бұрап бекітуді бір рет орындау керек. Қайталанудан қорғаныс Бұрандалы қосылымда ажырату тіркесімі босатылса, қозғалтқыш өшеді. Қайта іске қосу тек 0,7секундтық үзілістен кейін мүмкін болады. Осылайша қатты бұрандалы қосылымдардың қате тартылуына жол
Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
u Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін, электр құралды және желдету саңылауларын таза қалыпта ұстаңыз. Электр құралын майлау
Беріліс қорабына арналған май (225 мл) Өнім нөмірі 3 605 430 009 Моликот майы SAE 10/SAE 20 мотор майы – Алғашқы 150 жұмыс сағатынан кейін беріліс қорабын жеңіл еріткішпен тазалаңыз. Еріткіш өндірушісінің пайдалану және кәдеге жарату нұсқауларын орындаңыз. Беріліс қорабын беріліс қорабына арналған Bosch майымен майлаңыз. Алғаш рет тазалаудан бастап тазалау процедурасын әр 300 жұмыс сағатынан кейін қайталаңыз. – Ажырату тіркесімінің жылжымалы бөліктерін 100 000 бұрап бекіту әрекетінен кейін бірнеше тамшы SAE10/ SAE20 мотор майымен майлаңыз. Сырланатын және айналмалы бөліктерді моликот майымен майлаңыз. Жағдай болғанда тіркесімнің тозған-тозбағанын тексеріп, қайталанушылық пен дәлдікке әсер етілмегеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін тіркесімнің айналу моментін қайта орнату қажет. u Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер орындауы тиіс. Осылайша электр құралының қауіпсіздігі сақталады. Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды жылдам және сенімді түрде орындайды. u Майлағыш және тазалағыш заттарды қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату қажет. Заңдық нұсқамаларды орындаңыз. u Кем дегенде әрбір 100 000 бұрандалы қосылымда бүкіл электр құралының зақымдалуы мен тозуын және барлық функцияны тексеріңіз. Содан кейін іліністің айналу моментін қайта реттеңіз. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталық өнімді жөндеу және күтім, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы бөлшектер бойынша деректерді келесі сайтта таба аласыз: www.bosch-pt.com Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап беруге дайын. Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті 1 609 92A 9SL | (16.07.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 157 түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім нөмірін атаңыз. Бұл мәтін ең алдымен Bosch өнімдерін жасанды көшірмелерден қорғау үшін мақсатталған. [Seidel, Seitter, Merl арқылы 15.4.2010 күні шығарылған шешім] Мағыналы аударма: "Келесі елдер үшін: Ресей, Беларусь, Қазақстан Pts құралдары бойынша кепілдік шеңберіндегі қызметтер және жөндеу жұмыстары, өндірушінің талаптары мен стандарттары себептерінен, тек қана Bosch компаниясының өз фирмалық немесе авторизацияланған сервистік орталықтарында өткізіледі. Сақтандыру! Түпнұсқалы емес өнімдерді пайдалану қауіпті бола отырып, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Түпнұсқалы емес өнімдерге қарсы, Әкімшілік құқықтық заңдарға және Қылмыстық кодекске сай, тиісті шаралар қолданылады.”
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Сервистік орталықтардың мекенжайларын мұнда таба аласыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Ұсынылатын литий-иондық аккумуляторлар қауіпті өнімдерге қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады. Үшінші тараптар арқылы жіберілгенде (мысалы, әуе көлігімен немесе көлік-экспедициялық қызметтер арқылы) қаптамаға және таңбалауға қойылатын арнайы талаптарды ұстану керек. Мұндау жағдайларда, жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша арнайы маманымен хабарласу керек. Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз.Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз. Кәдеге жарату Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек. Электр құралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз! Тек қана ЕО елдері үшін: Әрі қарай пайдалануға жарамайтын электр құралдарын және ақаулы немесе тозып біткен аккумуляторларды/ батареяларды бөлек кәдеге жарату керек. Арнайы қоқыс жинау жүйелерін пайдаланыңыз. Лайықсыз түрде кәдеге жаратылған жағдайда, ескі электр және электрондық құралдар, оларда қауіпті заттардың бар болуы ықтималдығы себебінен, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына қауіпті түрде әсер етуі
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Өнеркәсіптік аккумуляторлық
Notice-Facile