GLM 10025 C Professional - Лазерлік көрсеткіш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GLM 10025 C Professional BOSCH PDF форматында.

BOSCH GLM 10025 C Professional - Лазерлік көрсеткіш
📄 537 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GLM 10025 C Professional - page 319
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түріЦифрлық лазерлік қашықтық өлшегіш
БрендBosch
ҮлгіGLM 100-25 C Professional
СанатЛазерлік нұсқағыш / Қашықтық өлшегіш
Максималды қашықтық100 м (қолайлы жағдайларда)
Қолайсыз жағдайлардағы қашықтық60 м
Өлшеу дәлдігі±1,5 мм (қолайлы жағдайларда)
Қолайсыз жағдайлардағы дәлдік±3,0 мм
Ең кіші көрсету бірлігі0,5 мм
Лазер класы2 (650 нм, < 1 мВт)
Қуат көзі3 AA (LR6) батареясы, 1,5 В
Батареяның қызмет ету мерзіміШамамен 5 000 өлшеу (бағалау)
Лазерді автоматты өшіру20 с
Құрылғыны автоматты өшіру5 мин
БайланысBluetooth Low Energy 4.2
Bluetooth жиілігі2 402–2 480 МГц
Bluetooth шығару қуаты8 мВт
Өлшеу функцияларыҚашықтық, аудан, көлем, жанама өлшеу, көлбеу, аралықты бақылау, үздіксіз өлшеу
Таңдалатын эталондық жазықтықтарАртқы шет, алдыңғы шет, тоқтау пластинасының ұшы, штатив бұрандасының ортасы
ЭкранТүсті экран нысанның көрсетілімімен (көздеу торы)
Кіріктірілген камераИә (үлкен қашықтықтарға нысанды көрсету)
Штатив бұрандасы1/4"
Жұмыс температурасы−10 °C-тан +45 °C-қа дейін
Сақтау температурасы−20 °C-тан +70 °C-қа дейін
СалмағыШамамен 200 г
Өлшемдері (шамамен)120 x 50 x 28 мм
Жинақтағы керек-жарақтарБілезік, қорғаныс қапшығы, батареялар
Күтім және тазалауЖұмсақ ылғалды шүберекпен тазалау; еріткіштерді қолданбау
Қауіпсіздік ережелеріШоқты көзге бағыттамаңыз; лазер класы 2; әрқашан пайдаланғаннан кейін өшіріңіз
Жөндеуге жарамдылықТек Bosch уәкілетті жөндеушімен жөндеу; қосалқы бөлшектер бар

Жиі қойылатын сұрақтар - GLM 10025 C Professional BOSCH

Bosch GLM 100-25 C қашықтық өлшегішті қалай қосу керек?
Құрылғыны лазерсіз қосу үшін Қосу/Өшіру ⓒ пернесін басыңыз. Лазермен қосу үшін ▲ (өлшеу пернесі) басыңыз.
GLM 100-25 C батареяларын қалай ауыстыру керек?
Құрылғының артындағы батарея бөлігінің қақпағын (17) ашыңыз. Көрсетілген полярлықты сақтай отырып, үш AA батареясын ауыстырыңыз. Бірдей маркалы және сыйымдылықтағы батареяларды пайдаланыңыз.
Өлшеу үшін эталондық жазықтықты қалай таңдау керек?
Негізгі параметрлер мәзірінде (▲ пернесін ұзақ басыңыз), 'Эталондық жазықтық' таңдаңыз. Сіз артқы шет, алдыңғы шет, тоқтау пластинасының ұшы немесе штатив бұрандасының ортасы арасында таңдай аласыз.
Осы құрылғымен Bluetooth қалай пайдалануға болады?
Негізгі параметрлер мәзірінде Bluetooth қосыңыз. Смартфоныңызда Bluetooth қосыңыз және Bosch қолданбасын (мысалы, Bosch MeasureOn) ашыңыз. Құрылғы құрылғылар тізімінде пайда болады. Оны жұптаңыз.
Қашықтық өлшегіштің максималды қашықтығы қандай?
Қолайлы жағдайларда (ақ нысан, төмен жарықтылық, 25 °C) максималды қашықтық 100 метрді құрайды. Қолайсыз жағдайларда (жоғары жарықтылық, нашар шағылысатын нысан) ол 60 метр.
Ауданды немесе көлемді қалай өлшеу керек?
Func пернесін басып, Функциялар мәзірін ашыңыз. 'Ауданды өлшеу' немесе 'Көлемді өлшеу' таңдаңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз: аудан үшін ұзындық пен енді (немесе биіктікті) өлшеңіз; көлем үшін ұзындық, ен және биіктікті өлшеңіз.
Экранда қате хабары көрсетілсе не істеу керек?
Қате символы пайда болса, құрылғы өшеді. Бұл ішкі ақауды көрсетеді. Құрылғыны жөндеу үшін сатушы арқылы Bosch кейінгі қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.
Құрылғы мен линзаларды қалай тазалау керек?
Корпус үшін жұмсақ ылғалды шүберекті пайдаланыңыз. Қабылдау линзасы, лазер шығысы және камера үшін фотообъективтерге арналған арнайы өнімді пайдаланыңыз. Сызаттарды болдырмау үшін өткір заттарды немесе құрғақ шүберекті қолданбаңыз.
Қашықтық өлшегішті штативте қолдануға бола ма?
Иә, құрылғыда стандартты штативке бекітуге арналған 1/4'' бұрандасы (19) бар. Осылайша сіз қашықтықтан тұрақты өлшеулер жүргізе аласыз.
Құрылғыны толығымен қалай өшіру керек?
Қосу/Өшіру ⓒ пернесін ұзақ (шамамен 2 секунд) басыңыз. Құрылғы өшеді. Жадтағы мәндер мен параметрлер сақталады.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GLM 10025 C Professional BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік көрсеткіш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GLM 10025 C Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GLM 10025 C Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLM 10025 C Professional BOSCH

Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы

Түпнұсқа нұсқаулық

Өнім бойынша қосымша мәліметтерді алу үшін пайдалану бойынша онлайн нұсқаулықты қараңыз.

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.

Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.

Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.

Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.

Импортерге қатысты байланыс ақпараты өнім қаптамасында көрсетілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.

320 | Қазақ

Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі

– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз; – жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз; – корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз.

Шекті күй белгілері

- өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сақтау

  • құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе, оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз

Тасымалдау

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулары

BOSCH GLM 10025 C Professional - Қауіпсіздік нұсқаулары - 1

Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу

құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ.

▶ Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса, бұл қауіпті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін.

▶ Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген). ▶ Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.

BOSCH GLM 10025 C Professional - Қауіпсіздік нұсқаулары - 2

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.

▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе, көздерді жұмып, басты сәуледен ары қарату керек. ▶ Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. ▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. ▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін. Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.

322 | Қазақ

BOSCH GLM 10025 C Professional - | Қазақ - 1

Өлшеу құралын ыстықтан сақтаңыз, және мысалы, ұзақ күнде тұруынан, алаудан, су және ылғалдылықтан. Жарылу қаупі бар.

▶ Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз. Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады. Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын Bluetooth® бен медициналық құралдар, жанармай бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын Bluetooth® бен ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз. ▶ Өлшеу құралын тек салынған USB кабелімен пайдаланыңыз. ▶ Өлшеу құралын сыртқы USB сақтағышы ретінде пайдаланыңыз. ▶ Өлшеу құралымен адам не жануарларды суретке түсірмеңіз, себебі лазер сәулесі тұрақты ретте қосылған болуы мүмкін. Лазер сәулесі қосулы болғанда адамдардың көзін шағылыстыру немесе көзді зақымдау мүмкін. Дисплей әйнегінің зақымдары анық болса, өлшеу құралын пайдаланбаңыз (мысалы, беттегі сызаттар және т.б.). Жарақат алу қаупі бар.

BOSCH GLM 10025 C Professional - | Қазақ - 2

Өлшеу құралын және магниттік керек-жарақтарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Өлшеу құралы мен керек-жарақтардың магниттері имплантаттардың және медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.

▶ Өлшеу құралы мен магнитті аксессуарды магниттік дерек тасығыштар мен магнитке сезімтал құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Өлшеу құралы мен аксессуар магниттерінің әсері деректердің қайтымсыз жойылуына әкелуі мүмкін.

Штепсельдік куат блогы бойынша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары

▶ Осы штекерлік куат блогын балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар пайдаланбауы тиіс. Осы штекерлік куат блогын 8 жастан асқан балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты адамның бақылауында болған және штекерлік куат блогын қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау алып, қатысты тәуекелдерді түсінген жағдайда ғана пайдалана алады. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақат алу қаупі туындайды.

BOSCH GLM 10025 C Professional - Штепсельдік куат блогы бойынша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары - 1

Штекерлік куат блогын жаңбырдан немесе ылғалдан қорғаңыз. Штекерлік блоктың ішіне су кірсе, ток соғу қаупі артады.

▶ Штекерлік куат блогын таза ұстаңыз. Құрылғының ластануы ток соғу қаупін тудырады. Штекерлік куат блогын әр пайдалану алдында тексеріңіз. Зақымдарды байқасаңыз, штекерлік куат блогын пайдаланбаңыз. Штекерлік куат блогын өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқа бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған штекерлік куат блогы ток соғу қаупін арттырады.

Өнім және қуат сипаттамасы

Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.

Мақсаты бойынша қолдану

Өлшеу құралы қашықтықтарды, ұзындықтарды, биіктіктерді, аралықтарды, көлбеулерді өлшеуге және аудан мен аумақтарды есептеуге арналған.

Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.

Өлшеу нәтижелерін Bluetooth® арқылы басқа құрылғыларға көшіруге болады.

Көрсетілген компоненттер

Көрсетілген компоненттердің нөмірлері суреттердегі өлшеу құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді.

(1)

Дисплей

(2)

▲ Θлшеу түймесі

324|Қазақ

(3) Он жак сенсорлык перне (4) + Плюс түймесі (5) Масштабтау түймесі (6) Тасымалдау белдігінің бекіткіші (7) Бекіткіш сүкқыштың босату түймесі (8) Бекіткіш сүкқыш (9) Косу-өшіру түймесі (10) Нысана индикаторының түймесі (GLM 100-25 C) (11) Камера түймесі (GLM 150-27 C) (12) Минус түймесі (13) Сол жак сенсорлык перне (14) Func Функциялык түйме (15) Лазер ескерту тактасы (16) Сериялык нөмір

(17) Батарея бөлімінің қакпағы (GLM 100-25 C)

(20) Кабылдау линзасы

(21) Лазер сәулесінің шығысы

(22) Камера

(23) Тасымалдау белдігі 4

(24) Корғаныш қалта

(25) Айналмалы кулып (GLM 100-25 C)

(26) Батареялар (GLM 100-25 C)

(27) USB кабелі (GLM 150-27 C)

A) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.

Индикация элементтері

(a) Нәтижелер жолағы (b) Нысана индикаторы (айқасу) (c) Еңіс бұрышының индикаторы (d) Күн/уақыт (e) Өлшеудің негізгі жазықтығы (f) Bluetooth® белгісі

Bluetooth® іске қосылмаған

* » Bluetooth® іске қосылған, байланыс орнатылған

(g) Заряд деңгейінің индикаторы (h) Өлшеу мәндерінің жолақтары (i) Негізгі реттеулер (j) Өлшеу функциясының индикаторы (k) Артқа (l) Артқа (m) Кіріктірілген анықтама функциясы (n) Басты экран (o) Қосымша негізгі реттеулердің мәзірі (p) Негізгі реттеулер мәзірі (q) Өлшеу функцияларының мәзірі

Техникалық мәліметтер

Сандык лазер қашықтық өлшегішіGLM 100-25 C GLM 150-27 C
Өнім нөмірі3 601 K72 Y.. 3 601 K72 Z..
Өлшеу диапазоны A) 0,08-100 м 0,08-150 м
Өлшеу диапазоны (жағымсыз жағдайлар) B) 0,08-60 м 0,08-60 м
Өлшеу дәлдігі A) ±1,5 мм ±1,5 мм
Өлшеу дәлдігі (жағымсыз жағдайлар) B) ±3,0 мм ±3,0 мм
Ең кіші индикация бірлігі 0,5 мм 0,5 мм

Bosch Power Tools 1 609 92A 7PV | (30.05.2022)

326|Қазақ

Сандык лазер қашықтық өлшегішіGLM 100-25 C GLM 150-27 C
Жалпы жағдайлар
Жұмыс температурасы c) -10 °C ... +45 °C-10 °C ... +45 °C
Рүқсат етілген зарядтау температурасының диапазоны+5 °C ... +40 °C
Сақтау температурасы -20 °C ... +70 °C -20 °C ... +70 °C
Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс.90 %90 %
Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі2000 м2000 м
Ластану дәрежесі IEC 61010-1 стандарты бойынша2 D) 2 D)
Лазер класы 2 2
Лазер түрі 650 нм, < 1 мВт 650 нм, < 1 мВт
Лазер сәулесінің айырмашылығы< 1,5 мрад (только бұрыш)< 1,5 мрад (только бұрыш)
Автоматты түрде өшіру құрылғысы шамамен мына уақыттан кейін
– Лазер 20 с 20 с
– Өлшеу құралы (өлшеусіз) 5 мин 5 мин
Батареялар 3 × 1,5 В LR6 (AA)
Аккумулятор Литий-ион
Номиналды кернеу3,6 В ——
Қуаты3120 мА-сағ
Аккумуляторлық элементтердің саны1
Үсынылатын Micro USB кабелі2 609 120 670
Штепсельдік куат блогы
Зарядтау уақыты E) шам. 5,5 сағ
Шығыс кернеу5,0 В ——
Шығыс ток1000 мА
¥сынылатын штепсельдік куат блогы F) 2 609 120 713 (EU)
2 609 120 718 (UK)
1 600 A01 3A0 (ARG)
1 600 A01 3A1 (MEX)
1 600 A01 3A2 (BRL)

Деректерді тасымалдау

Bluetooth® Bluetooth® 4.2Low EnergyG)Bluetooth® 4.2Low EnergyG)

A) Өлшеу құралының алдыңғы жиегінен өлшегенде, нысананың жоғары шағылысу дәрежесі (мысалы, ақ түспен боялған қабырға), әлсіз фондық жарықтандыру және 25 °C жұмыс температурасы үшін қолданылады. Сондай-ақ қашықтыққа қатысты ±0,05 мм/м ауытқу күтіледі. B) Өлшеу құралының алдыңғы жиегінен өлшегенде, нысананың жоғары шағылысу дәрежесі (мысалы, ақ түспен боялған қабырға), қатты фондық жарықтандыру және 25 °C жұмыс температурасы мен теңіз деңгейінен жоғары биіктік үшін қолданылады. Оған қоса қашықтыққа байланысты болатын ±0,15 мм/м шамасындағы ауытқуды есепке алу керек. C) Үздіксіз өлшеу режимінде макс. жұмыс температурасы +40 °C құрайды. D) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоқ өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. E) 25°C жұмыс температурасында. 1 A USB зарядтау құрылғысымен зарядтау уақыты. Өлшеу құралы өшірулі кезінде жылдамырақ зарядтау. F) Қосымша техникалық деректерді мына жерден қараңыз: https://www.bosch-professional.com/ecodesign G) Bluetooth® төмен энергиялы аспаптарында модель мен операциялық жүйеге қарай байланыс орнату мүмкін болмайды. Bluetooth® аспаптары GATT профилін қолдауы керек. Өлшеу құралының фирмалық тақтайшасындағы сериялық нөмір (16) оны бірмағыналы түрде сәйкестендіруге көмектеседі.

Батареяны енгізу/алмастыру

GLM 100-25 C

Барлық батареяларды немесе аккумуляторларды бір уақытта алмастырыңыз. Тек бірдей өндіруші ұсынған және бірдей куатты батареяларды немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.

Bosch Power Tools 1 609 92A 7PV | (30.05.2022)

328|Қазақ

Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.

▶ Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды немесе аккумуляторларды өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт жатқан батареялар немесе аккумуляторлар тот басуы және зарядын жоғалтуы мүмкін.

Зарядтау үшін USB қуат блогын, ұсынылған қуат блогына сәйкес келетін техникалық сипаттамаларды (кернеу және ток) пайдаланыңыз. USB қуат блогын пайдалану нұсқауларын орындаңыз. Ұсынылатын қуат көзі: техникалық деректерді қараңыз.

Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі штепсельдік қуат блогының фирмалық тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс. 230 В деп белгіленген штепсельдік қуат блоктарын 220 В шамасында да пайдалануға болады.

i Литий-иондық батареялар халықаралық тасымалдау режімдеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятор өнімділігін қамтамасыз ету үшін оны ең бірінші рет пайдаланбай тұрып толық зарядтаңыз.

BOSCH GLM 10025 C Professional - 328|Қазақ - 1

Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals

Пайдалану

Iске қосу

▶ Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. ▶ Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. ▶ Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулар жағдайында алдымен өлшеу құралының

температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін.

▶ Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлап түсуден сақтаңыз. Өлшеу құралына қатты сыртқы әсерлер тигеннен кейін, жұмысты жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексерісін (қараңыз „Дәлдік тексерісі“, Бет 334) орындау керек.

Қосу/өшіру

» Өлшеу құралы мен лазерді қосу үшін түймесін басыңыз.

с түймесін басу арқылы өлшеу құралын лазерсіз де қосуға болады.

» Өлшеу құралын өшіру үшін түймесін басып тұрыңыз.

Жадта тұрған мәндер мен құрылғы реттеулері сақталады.

Камера

Камераны қосу немесе өшіру үшін 📂 түймесін басыңыз.

Өлшеу құралын өшіргеннен кейін, таңдалған күй жадқа сақталады.

Арақашықтық үлкенірек (шамамен > 5 м) болған жағдайда, өлшеу құралын белгілеу үшін, қосымша бір нысана белгісі көрсетіледі.

BOSCH GLM 10025 C Professional - Камера - 1

Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals

Өлшеу процесі

Қосылғаннан кейін өлшеу құралы ұзындық өлшеу функциясында тұрады.

Өлшеудің негізгі жазықтығы ретінде қосылғаннан кейін, өлшеу құралының артқы жиегі таңдалады. Негізгі жазықтықты өзгертуге болады. (қараңыз „Негізгі жазықтықты таңдау“, Бет 330)

» Өлшеу құралын өлшеудің қажетті бастапқы нүктесіне (мысалы, қабырғаға) қойыңыз.

» Өлшеуді іске қосу үшін түймесін басыңыз.

Өлшеп болғаннан кейін лазер сәулесі өшеді. Кейінгі өлшеу үшін осы әрекетті қайталаңыз.

Өлшеу мәндерін немесе соңғы нәтижелерді қосуға немесе алуға болады.

Тұрақты лазер сәулесі қосылған кезде және ұзақтықты өлшеу функциясында өлшеу,

▲ түймесін алғаш рет басқаннан кейін бірден басталады.

330|Қазақ

Қосылған тұрақты лазер сәулесі өлшеу әрекетінен кейін сөнбейді. Тұрақты лазер сәулесі.

BOSCH GLM 10025 C Professional - 330|Қазақ - 1

Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals

Өлшеу кезінде өлшеу құралын жылжыту мүмкін емес. Сондықтан өлшеу құралын мүмкіндігінше берік тіреу немесе жанасу бетіне қойыңыз.

① Қабылдау линзасын (20), лазер сәулесінің шығысын (21) және камераны (22) өлшеу кезінде жабуға болмайды.

Өлшеу үшін әртүрлі негізгі жазықтықтардың арасынан таңдауға болады:

BOSCH GLM 10025 C Professional - 330|Қазақ - 2

өлшеу құралының артқы жиегін (мысалы, қабырғаға орналастырғанда)

BOSCH GLM 10025 C Professional - 330|Қазақ - 3

180°-қа қайырылған тірек плитаның ұшы (мысалы, бұрыштарда өлшеу үшін)

BOSCH GLM 10025 C Professional - 330|Қазақ - 4

өлшеу құралының алдыңғы жиегін (мысалы, үстел жиегінен өлшегенде)

BOSCH GLM 10025 C Professional - 330|Қазақ - 5

штатив ирек оймасының (19) ортасын (мысалы, штативпен өлшегенде)

BOSCH GLM 10025 C Professional - 330|Қазақ - 6

Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals

Негізгі реттеулер мәзірі

Негізгі реттеулер мәзірінде төмендегі негізгі реттеулер бар:

  • Bluetooth® функциясын қосу/өшіру
  • Негізгі жазықтықты өзгерту (қараңыз „Негізгі жазықтықты таңдау“, Бет 330)
  • Таймер функциясы
  • Тұрақты лазер сәулесін қосу/өшіру – Ендісті өлшеу функциясын калибрлеу (қараңыз „Дәлдік тексерісі“, Бет 334)
  • Нысана индикаторын калибрлеу CAL
  • Жалты өшіру (GLM 150-27 C)
  • Тілді реттеу
  • Күн мен уақытты реттеу
  • Өлшем бірлігін ауыстыру
  • Бұрыш бірлігін ауыстыру
  • PRQ360 іске қосу
  • Құрылғы туралы ақпаратты шақыру
  • Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
  • Өшіру уақытын реттеу
  • Күнгірттеу уақытын реттеу
  • Дисплей жарықтығын орнату
  • Экранның автоматты түрде айналуын қосу/өшіру

» Параметрлерді реттеу мәзірін ашу үшін түймесін қысқаша басыңыз немесе түймесін басып тұрыңыз. » Қажетті реттеуді немесе түймесі арқылы таңдаңыз. » Таңдауды растау үшін түймесін басыңыз. » Параметрлерді реттеу мәзірінен шығу үшін немесе түймені басыңыз.

BOSCH GLM 10025 C Professional - Негізгі реттеулер мәзірі - 1

Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals

Өлшеу функциялары

Өлшеу функцияларын таңдау/өзгерту

Функциялар мәзірінде төмендегі функциялар бар:

  • Ұзындықты өлшеу
  • Ауданды өлшеу
  • Көлемді өлшеу
  • Жанама қашықтықты өлшеу

332 | Қазақ

Жанама биіктікті өлшеу - Қос жанама биіктікті өлшеу Жанама ұзындықты өлшеу - Трапецияны өлшеу

- Қабырға ауданын өлшеу

Белгілеу функциясы

Функциялар мәзірін ашу үшін түймесін басыңыз.

Қалаулы өлшеу функциясын немесе түймесі арқылы таңдаңыз.

Таңдауды растау үшін немесе түймесін басыңыз.

BOSCH GLM 10025 C Professional - | Қазақ - 1

Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals

Кіріктірілген анықтама функциясы

graph TD A["Input"] --> B{Check} B -->|Yes| C["Process Step 1"] B -->|No| D["Process Step 2"] C --> E["Output"] D --> F["Output"]

Өлшеу құралына кіріктірілген анықтама функциясы бөлек өлшеу функцияларына/өлшеу процестеріне егжей-тегжейлі анимацияны ұсынады.

Функциялар мәзірін ашыңыз. ▶ немесе ▶ймесі арқылы қажетті функцияны таңдаңыз да, ▶ түймесін басыңыз.

Анимацияда таңдалған өлшеу функциясы бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар көрсетіледі.

Анимацияны тоқтата тұру немесе анимацияны жалғастыру үшін

түймесін басыңыз.

Алдыңғы немесе келесі қадамды көру үшін немесе түймесін басыңыз.

Ақырғы мобильді құрылғыға деректерді тасымалдау үшін Bluetooth® интерфейсін іске қосу

05.05.2017 7:26:12 30° 8.179 м 9.273 м 13.919 м 18.558 м 23.198 м (f)

Ақырғы мобильді құрылғыда Bluetooth® интерфейсінің белсенді болуын қамтамасыз етіңіз. Негізгі реттеулер мәзірін ашу үшін түймесін қысқаша басыңыз немесе түймесін басып тұрыңыз. ✝ опциясын таңдаңыз. + немесе < түймесін басып, опциясын таңдаңыз. Таңдауды растау үшін түймесін басыңыз. Bluetooth® белгісі дисплейде ақ түспен көрсетіледі (f).

Herizrì реттеулер мәзірін ашу үшін түймесін қысқаша басыңыз немесе түймесін басып тұрыңыз. ✝ опциясын таңдаңыз. ▶ немесе ▶ түймесін басып, опцияны таңдаңыз. Таңдауды растау үшін түймесін басыңыз. Bluetooth® белгісі дисплейде сұр түспен көрсетіледі.

USB интерфейсі

GLM 150-27 C: деректерді USB интерфейсі арқылы тасымалдау

Өлшеу құралының микро USB порты арқылы USB интерфейсі бар белгілі бір құрылғыларға деректерді тасымалдауға болады (мысалы, компьютер, ноутбук).

Өлшеу құралын микро USB кабелі арқылы компьютермен немесе ноутбукпен байланыстырыңыз. Компьютеріңіздегі немесе ноутбукіңіздегі жұмыс жүйесі өлшеу құралын диск ретінде автоматты түрде айқындайды.

i Өлшеу құралы Micro USB кабелі арқылы компьютерге немесе ноутбукке қосылғаннан кейін, литий-иондық аккумулятор зарядталады. Зарядтау тогына қарай зарядтау уақыты өзгешеленеді.

Дәлдік тексерісі

Еңісті өлшеу дәлдігін және қашықтықты өлшеу функциясын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.

BOSCH GLM 10025 C Professional - Дәлдік тексерісі - 1

Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals

Қате туралы хабар

BOSCH GLM 10025 C Professional - Қате туралы хабар - 1

Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Ақаулық анықталса, дисплейде тек іргелес белгі көрсетіледі және өлшеу құралы өшіп қалады. Бұл жағдайда өлшеу құралыңызды сатушыңыз арқылы Bosch қызмет көрсету орталығына апарыңыз.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.

Өлшеу құралын таза ұстаңыз.

Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.

Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.

Әсіресе қабылдағыш линзаны (20), лазер шығару саңылауын (21) және камераны (22) айрықша мұқият тазалаңыз: қабылдағыш линзада, лазер шығару саңылауында және камерада кірдің жоқтығына көз жеткізіңіз. Қабылдағыш линзаны, лазер шығару саңылауын және камераны тек фотоаппарат линзалары үшін жарамды болатын құралдармен тазалаңыз. Қабылдағыш линзадан, лазер шығару саңылауынан немесе камерадан кірді үшкір заттармен кетіруге әрекет жасамаңыз және оларды сүртпеңіз (сызат түсіру қаупі бар).

Жөндеу қажет болғанда, өлшеу құралын қорғаныш қабында (24) жіберіңіз.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com

Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:

"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС

Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы

050012

Муратбаев к., 180 үй

"Гермес" БО, 7 қабат

Тел.: +7 (727) 331 31 00

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:

Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.

Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек.

Кәдеге жарату

BOSCH GLM 10025 C Professional - Кәдеге жарату - 1

Өлшеу құралдарын, зарядтағыш құрылғыларды, аккумуляторларды, керек-жарақтар мен орауыштарды қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Bosch Power Tools 1 609 92A 7PV | (30.05.2022)

BOSCH GLM 10025 C Professional - Кәдеге жарату - 2

Өлшеу құралдарын, зарядтағыш құрылғылар мен аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз өлшеу құралдары мен зарядтағыш құрылғыларды және 2006/66/EC еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу қажет.

Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.

Аккумуляторлар/батареялар:

Литий-иондық:

Тасымалдау бөліміндегі, бетіндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 335) сенсорлық пернемен растаңыз.

Кіріктірілген аккумуляторларды кәдеге жарату мақсатында техник мамандар ғана шығара алады. Корпус қаптамасын ашу нәтижесінде өлшегіш құрал бұзылуы мүмкін.

Аккумуляторды өлшеу құралынан шығару үшін өлшеу құралын аккумулятор толық зарядсызданғанша басыңыз. Корпустағы бұрандаларды бұрап шығарып, аккумуляторды шығару үшін корпус қаптамасын алып қойыңыз. Қысқа тұйықталудың алдын алу үшін аккумулятордағы қоспаларды бірінен соң бірін ажыратып, соңынан полюстерді оқшауландырыңыз. Толық зарядсызданған болса да, аккумуляторда аз қуат қалып, қысқа тұйықталуда іске қосылуы мүмкін.

Осымен Robert Bosch Power Tools GmbH компаниясы GLM 100-25 C/GLM 150-27 C түріндегі радио жабдықтарды 2014/53/EU директивасына сайлығын мәлімдейді. ЕО сәйкестік мәлімдемесі төмендегі интернет мекенжайында қолжетімді:

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GLM 10025 C Professional

Санат : Лазерлік көрсеткіш