BOSCH GGS 8 H Professional - ұнтақтағыш

GGS 8 H Professional - ұнтақтағыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GGS 8 H Professional BOSCH PDF форматында.

📄 209 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice BOSCH GGS 8 H Professional - page 125
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GGS 8 H Professional

Санат : ұнтақтағыш

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ұнтақтағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GGS 8 H Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GGS 8 H Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GGS 8 H Professional BOSCH

Лише для країн ЄС: Відповідно до європейської директиви 2012/19/EU про відпрацьовані електро- і електронні прилади і її перетворення в національному законодавстві електро- прилади, що вийшли з вживання, повинні здаватися окремо і утилізуватися екологічно чистим способом. Можливі зміни. Қaзақша Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндіру мерзімі нұсқаулықтың соңғы бетінде көрсетілген. Импорттаушыға қатысты байланыс мәліметі қаптамада

Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағ аннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі –тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз –тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз –қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз

күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

–құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады

жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз. OBJ_BUCH-3414-001.book Page 125 Wednesday, December 20, 2017 8:15 AM126 | Қaзақша 1 609 92A 46N | (20.12.17) Bosch Power Tools Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техни- калық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған “Электр құрал” атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған жағдайда ұстаңыз. Тәртіп немесе жарық болмаған жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі

Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қауіпі бар қоршауда электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып,

буларды жандыруы мүмкін. Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар және басқа адамдарды ұзақ жерге шеттетіңіз. Ауытқу кезінде құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін. Электр қауіпсіздігі Электр құрал штепселінің айыры розеткаға сыюы қажет. Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес. Жерге қосулы электр құралдарменен ешқандай адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Құбыр, жылытатын жабдық, плита және суытқыш сияқты жерге қосулы құралдар сыртына тимеңіз. Егер денеңіз жерге қосулы болса, электр тоғының соғу қаупі артады. Электр құралдарын ылғалдан, сыздан сақтаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады. Элекр құралды алып жүру, асып қою немесе айырын розеткадан шығару үшін кабельді пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір шеттерден немесе құралдың жылжыма бөлектерінен алыс жерде ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тоғының соғ

Электр құралымен ашық жерде жұмыс істесеңіз, тек сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдалану электр тоғының соғу қаупін төмендетеді. Электр құралын ылғалды қоршауда пайдалану қажет болса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану тоқ соғу қаупін төмендетеді. Адамдар қауіпсіздігі Сақ болып, не істеп жатқаныңызға айрықша көңіл

ліп, электр құралын ретімен пайдаланыңыз. Шаршаған жағдайда немесе еліткіш, алкоголь немесе дәрі әсері астында электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралды пайдалануда секундтық абайсыздық қатты жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию жарақаттану қаупін төмендетеді. Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр құралын тоққа және/немесе аккумуляторға қосуда, оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе құрылғыны қосулы күйде тоққа қосу, жазатайым оқиғалға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын реттейтін аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз.

йналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ бақылайсыз. Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты қозғалмалы бөлшектерден алыс ұ стаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге тиюі мүмкін. Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр

жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.

OBJ_BUCH-3414-001.book Page 126 Wednesday, December 20, 2017 8:15 AMҚaзақша | 127 Bosch Power Tools 1 609 92A 46N | (20.12.17) Электр құралдарын пайдалану және күту Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық

электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр

зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқаулар

пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. Тік ажарлауыш қауіпсіздік нұсқаулары Ажарлау және сымды қылшақпен жұмыс істеудегі жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары Бұл электр құралын ажарлау машинасы және сымды қылшақ ретінде пайдалану қажет. Электр құралымен бірге алған барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын, ескертпелерді, суреттер мен деректерді сақтаңыз. Төмендегі нұсқаулықтарды орындамау тоқ соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін. Бұл электр құралы егеуқұ м қағазымен ажарлау, жылтырату және ажарлап кесу үшін жарамайды. Электр құралына арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті және жарақаттар тудыруы мүмкін. Осы электр құралына арналмаған және өндірушімен ұсынылмаған жабдықтарды пайдаланбаңыз. Электр құралында берік бекіту мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді. Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген айналымдар саны кемінде электр құралында белгіленген максималды айналымдар санына сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам айналатын жабдық бұ зылып, шашылып кетуі мүмкін. Жұмыс құралының сыртқы диаметрі және қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне сәйкес болуы керек. Өлшемдері қате анықталған салынған бөлшек жеткілікті қорғалмайды және бақылаудан шығуы мүмкін. Ирек оймалы тесіктері бар тегістеу шеңберлері тегістеу шпинделінің ирек оймасына дәл келуі келек. Фланец көмегімен орнатылған құралдарды пайдаланғанда құрал тесігінің диаметрі фланец диаметріне сәйкес келуі керек. Электр құралда дұрыс тұрмаған жұмыс құралдары соғылып айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі

Бұзылған алмалы-салмалы аспапты пайдаланбаңыз. Жұмыс құралдарында, мысалы, тегістеу шеңберлерінде, әр пайдалану алдында сынықтар және жарықтар, тегістеу тәрелкелерінде сынықтар, өтпес болып қалу және қатты тозу бар- жоғын, сымды щеткаларда бекітілмеген және сынған сымдар бар-жоғын тексер іңіз. Электр құралын немесе алмалы-салмалы аспапты түсіріп алсаңыз, оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған алмалы-салмалы аспапты пайдаланыңыз. Алмалы- салмалы аспапты тексеріп пайдалану кезінде өзіңіздің және өзге адамдардың айналатын алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде тұрғанында ғана электр құралын бір минут ішінде максималды айналымдар санында қосыңыз. Зақымдалған алмалы-салмалы аспаптар осы тексеру кезінде бұзылады. Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз. Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш қолғапты, алжапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет. Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты шуылда көп болу есту қабілетіңізді тө мендетуі мүмкін. Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс кеңістігінен тыс жерде да зақым келтіруі мүмкін. OBJ_BUCH-3414-001.book Page 127 Wednesday, December 20, 2017 8:15 AM128 | Қaзақша 1 609 92A 46N | (20.12.17) Bosch Power Tools Алмалы-салмалы аспап жасырын тоқ сымына немесе өз қосу кабеліне тиюі мүмкін, сондықтан ықтимал жұмыс кезінде құрылғының оқшауланған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию металды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып келуі

Желі кабелін айнаталын алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде ұстаңыз. Құрылғыны бақылауды жоғалтсаңыз, желі кабелі кесіліп немесе ілініп, алақаныңыз немесе қолың ыз айналып тұрған алмалы- салмалы аспапқа түсіп қалуы мүмкін. Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша электр құралын босатушы болмаңыз. Айналып тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп, электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін. Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы болмаңыз. Кездейсоқ тиюі арқылы айналып тұрған алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді ауыр жарақаттауы мүмкін. Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турб инасы құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр қауіпін тудыруы мүмкін. Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл материалдарды жандыруы мүмкін. Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына әкелуі мүмкін. Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының

Кері соққы сыналанып, тұрып қалған немесе айналып жатқан орнатылған құралды ң, мысалы, тегістеу шеңберлерінің, тегістеу тәрелкелерінің, сымды щеткалардың және т.б. кенет реакциясының нәтижесі болып табылады. Тұрып қалу немесе сыналану айналып жатқан құралдың кенет тоқтап қалуына әкеледі. Бұл кезде бақыланбайтын құрал бұғатталу орнында жұмыс құралының айналу бағытына қарсы жылдамдайды. Тегістеушеңбері бұғатталса немесе дайындамада тұрып қалса, онда дайындамаға кіргізілген тегістеу шеңберінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде шеңбердің дайындамадан ыршуына немесе кері соққыға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бұғ атталу орнындағы шеңбердің бағытына байланысты тегістеу шеңбері операторға немесе одан ары қозғалады. Тегістеу шеңбері сынуы мүмкін. Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың немесе оператор қатесінің салдары болып табылады. Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын қолдану арқылы болдырмауға болады. Электр құралды берік ұстаңыз, денеңіз кері соққыларды ұстап қалатындай қалыпта болуы керек. Айналымдар артқан кезде кері соққыларға немесе реакциялық моменттерге мүмкіндігі

жақсы қарсы тұру үшін бар болса қосымша тұтқаны пайдаланыңыз. Оператор тиісті сақтық шараларының көмегімен кері соққыларға және реакциялық моменттерге қарсы тұра алады. Қолыңыз айналып жатқан құралдың жанында болмауы керек. Кері соққы кезінде құрал қолыңызға жылжуы мүмкін. Кері соққы кезінде электр құрал жылжитын аумақтан ары тұрыңыз. Кері соққы электр құралды бұғатталу орнындағы тегістеу шеңберінің қозғалысына кері бағытта жылжытады. Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т. б. әсіресе абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының дайындамадан ыршуын және сыналануын болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері соққыны тудырады. Аралау шынжырларын және аралау полотносын пайдаланбаңыз. Мұндай жұмыс құралдары жиі кері соққының немесе электр құралды бақылауды жоғалтудың себебіне айналады. Ажарлау үшін арнайы қауіпсіздік нұсқаулықтары Тек осы электр құралына арналған қорғағыш қаптамаларды ғана пайдаланыңыз. Электр құралыңызға арналмаған абразивті құралдар жеткілікті жабылмайды және қауіпті болуы мүмкін. Құрал қорғағыш қаптаманың деңгейінен шығып тұрмау үшін майысқан тегістеу дискісін электр құралға берік және м үмкіндігінше жоғары қауіпсіздік деңгейімен орнату керек. Қорғағыш қаптаманың деңгейінен шығып тұратын, дұрыс орнатылмаған тегістеу шеңберін жеткілікті қорғау мүмкін емес. Қорғаныш қаптамасы электр құралында берік бекітілген, ажарлауыш шарықтың ең кіші бөлшегі пайдаланушы үшін қауіпсіздік деңгейінің ең жоғары көрсеткішіне сай реттелген болуы қажет. Қорғаныш қаптамасы пайдаланушыны сынған бөлшектерден, ажарлауыш шарығының кездейсоқ тиюінен және киімді жағып жіберуі мүмкін ұшқындардан қорғайды. Абразивті құралдарды тек ұсынылатын жұмыстар үшін пайдалану керек. Мысалы: ешқашан кесу шеңберінің бетін тегістемеңіз. Кесу шеңберлері материалды жиекпен алуға арналған. Бүйірлік күштер әсер етсе осы абразивті құрал сынуы мүмкін. Әрқашан зақ ымдалмаған, таңдалған тегістеу шеңбері үшін өлшемдері және пішіні дұрыс қысқыш фланецтерді пайдаланыңыз. Дұрыс фланецтер тегістеу шеңбері үшін тірек болып табылады және оның сыну қаупін азайтады. Кесу шеңберлеріне арналған фланецтер тегістеу шеңберлеріне арналғаннан ерекшеленуі мүмкін. Үлкен электр құралдардың тозған тегістеу шеңберлерін пайдаланбаңыз. Үлкен электр құралдарға арналған тегістеу шеңберлері ша

OBJ_BUCH-3414-001.book Page 128 Wednesday, December 20, 2017 8:15 AMҚaзақша | 129 Bosch Power Tools 1 609 92A 46N | (20.12.17) құралдардың жоғары айналу жылдамдықтарына арналмаған және сынуы мүмкін. Сымды қылшақты (щетканы) пайдаланудағы арнайы қауіпсіздік нұсқаулықтары Сымды қылшақтың әдеттегі пайдалануда да сым жоғалтуын есте сақтаңыз. Сымдарды қатты басып артық жүктемеңіз. Шашылып тұрған сымдар киім және/немесе теріге қадалуы мүмкін. Қорғаныш қаптамасының сымды қылшақпен жанасуына жол бермеңіз. Тәрелке және тостаған

різді щеткалардың диаметрі басу қысымының және центрифугалық күштердің әсерінен артуы мүмкін. Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары Қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып, жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі

Қуат өшсе, мысалы, желіде қуат жоқ болып қалса немесе ашаны розеткадан суырғанда сөндіргіш бекіткішін алыңыз және өшірулі күйіне орнатыңыз. Суымаған ажарлау дискілеріне тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады. Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. Өнім және қызмет сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға апаруы мүмкін. Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз. Тағайындалу бойынша қолдану Электр құрал металды корунд ажарлау құралымен ажарлау және тегістеуге арналған. Электр құралы және сымды қылшақпен жұмыс істеуге

Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. 1 Қысқыш гайка (GGS 8 SH) 2 Ашық қорғағыш қаптама бекіткіш бұрандамен (GGS 8 SH) 3 Ажарлау шпинделі 4 Тірек фланеці (GGS 8 SH) 5 Ұстау аймағы (шпиндель мойыны) 6 Қосқыш/өшіргіш 7 Тез қысқыш гайка * 8 Қысқыш сомын (GGS 8 H) 9 Қысқыш фланец 10 Жабық қорғағыш қаптама бекіткіш сомындармен (GGS 8 H) 11 Тірек фланеці (GGS 8 H) 12 Тұтқа (беті оқшауландырылған) 13 Қорғайтын қаптаманың бекіту бұрандасы 14 Бекіткіш штифт 15 Қысатын сомынның екі тесікті кілті 16 Индекстік белгі 17 Серіппелі тоқтатқыш шығыршық 18 Қорғағыш қаптамаға арналған бекіткіш сомын 19 Айыр тәрізді кілт көлемі 24 мм* *Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат Шу эмиссиясының мәндері EN 60745-2-3 бойынша есептелген. A-мен белгіленген электр құралын шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс күші 87 дБ(A); дыбыс қуаты 98 дБ(A). Өлшеу дәлсіздігі K=3 дБ. Құлақты қорғау құралдарын киіңіз! Жиынтық діріл мәні a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі EN 60745-2-3 стандартына сай анықталған: Бетін ажарлау (бастапқы ажарлау): a

Осы ескертпелерде берілген дірілдеу пәрмені EN 60745 ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де жарамды. Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен басқа алмалы- салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл қуатын арттырады. Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және

болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру. OBJ_BUCH-3414-001.book Page 129 Wednesday, December 20, 2017 8:15 AM130 | Қaзақша 1 609 92A 46N | (20.12.17) Bosch Power Tools Техникалық мәліметтер

Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Қорғаныш жабдықтарын орнату Қорғағыш қаптамаларды ұшқындардың оператор жағына қарай ұшпайтындай етіп орнатыңыз. Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама (GGS 8 SH) (А суретін қараңыз) Қорғағыш қаптаманы 2 шпиндель мойынына орнатыңыз. Қорғағыш қаптаманың 2 күйін жұмыс барысының талаптарына сай орнатыңыз. Қорғағыш қаптаманы 2 бекіткіш бұрандамен 13 бұғаттап, бекіткіш бұранданы кемінде 10 Нм тартып қойыңыз. Тегістеуге арнал ған қорғағыш қаптама (GGS 8 H) (E суретін қараңыз) Қорғағыш қаптаманы 10 шпиндель мойынына орнатыңыз. Қорғағыш қаптаманың 10 күйін жұмыс барысының талаптарына сай орнатыңыз. Қорғағыш қаптаманы 10 екі бекіткіш сомынмен 18 бұғаттап, екі бекіткіш бұранданы кемінде 10 Нм менен тартып қойыңыз. Ажарлау құралын орнатудан соң қорғағыш қаптаманы 10 жауып, қатпарлы сомындарды тартып қойыңыз. Ажарлауыш құралдарын орнату Ажарлау құралдары кедергісіз айналуы керек. Домалақ болмаған ажарлау құралдарын пайдаланбай, оларды алмастырыңыз немесе ажарлау тасымен (жабдық) теңестіріңіз. Ажарлау тасымен кез келген арнайы пішіндерді ажарлау құралының негізгі пішіндерінен өңдеу мүмкін. Егер бұрандалы қоймалы ажарлау құралдарын пайдалансаңыз, ажарлау шпинделінің 3 ұшы ажарлау құралының тесік түбін тимеуіне көз жеткізіңіз. GGS 8 SH (В суретін қараңыз) – Ажарлау шпинделін 3 ажарлау шпинделінің 3 тесігі мен корпустың тесіктері бір дең гейде тұрғанша бұраңыз. Бекіткішті 14 корпустың тесіктерінен және ажарлау шпинделінің 3 тесігінен өткізіп салыңыз. –Қысқыш сомынды 1 жинақтағы екі тесікті кілтпен 15 босатып алып қойыңыз. – Тегістеу шпинделін 3 және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз. – Ажарлау құралын орнатып қысқыш сомынды 1 екі тесікті кілтпен 15 бекітіңіз. Ажарлау құралының қорғағыш қаптама 2 ішінде еркін айналуына көз жеткізіңіз. Конустық ажарлау денелерін тек ашық қорғау қаптамасымен 2 ж әне тисті тарту жүйесімен (тарту сомыны 1 немесе жылдам тарту сомыны 7 және қысқыш фланец 4) пайдаланыңыз. GGS 8 H (F суретін қараңыз) – Ажарлау шпинделін 3 ажарлау шпинделінің 3 тесігі мен корпустың тесіктері бір деңгейде тұрғанша бұраңыз. Бекіткішті 14 корпустың тесіктерінен және ажарлау шпинделінің 3 тесігінен өткізіп салыңыз. –Қысқыш сомынды 8 айыр тәрізді кілпен 19 (кілт ені 24 мм) сағат тіліне қарсы бұрап босатыңыз. –Қысқыш фланецты 9 шешіңіз. – Тегістеу шпинделін 3 және барлық орнатылатын

ұралдарды тазалаңыз. – Ажарлау құралы мен қысқыш фланецті 9 орнатып қысқыш сомынды 8 айыр тәрізді кілтпен 19 (кілт ені 24 мм) орнатыңыз. Ажарлау құралының қорғағыш қаптама 10 ішінде еркін айналуына көз жеткізіңіз. Тік ажарлау құралын тек жабық қорғағыш қаптама 10 және тиісті қысқыш жүйемен (қысқыш сомын 8, қысқыш фланец 9 және бекіткіш фланец 11) пайдаланыңыз. Бекіткіш фланецті алмастыру (D суретін

GGS 8 SH Конусты ажарлау құралдарын бекіту үшін бекіткіш фланецті 4, қысқыш сомынды 1 және ашық қорғағыш қаптаманы 2 пайдаланыңыз. Бұрауышпен тоқтатқыш сақинаны 17 ажарлау шпинделі 3 ойығынан шығарып бекіткіш фланецті 4 шешіңіз. Тиісті бекіткіш фланецті 4 керектігі бойынша орнатыңыз. GGS 8 H Тік ажарлау құралдарын бекіту үшін бекіткіш фланецті 11, қысқыш сомынды 8, қысқыш фланецті 9 және жабық қорғағыш қаптаманы 10 пайдаланы

Тік ажарлағыш GGS 8 SH Өнім нөмірі 3 601 B14 ... Кесімді қуатты пайдалану Вт 1200

Вт 700 макс. айналымдар саны

Тегістеу шпинделінің ирек

M 14 макс. шпиндель ұзындығы мм 31 Аспап пантроны мм 20 ажарлау дискісінің макс. қалыңдығы мм 32 ажарлау құралының макс.

мм 125 EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай салмағы кг 4,4 Қайта қозғалу сақтағышы

Сақтық сыныпы /II Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Берілістерді ауыстыру қысқа тоқ азаюын тудырады. Дұрыс емес желіде басқа құрылғылар зақымдануы мүмкін. Желі кедергісі 0,36 Омнан аз болса ешқандай ақаулық күтілмейді. OBJ_BUCH-3414-001.book Page 130 Wednesday, December 20, 2017 8:15 AMҚaзақша | 131 Bosch Power Tools 1 609 92A 46N | (20.12.17) Бұрауышпен тоқтатқыш сақинаны 17 ажарлау шпинделі 3 ойығынан шығарып бекіткіш фланецті 11 шешіңіз. Тиісті бекіткіш фланецті 11 керектігі бойынша орнатыңыз. Тез қысқыш гайка (GGS 8 SH) (C суретін қараңыз) Құралдарды пайдаланусыз тегістеу құралын оңай ауыстыру үшін қысқыш гайканың 1 орнына тез қысқыш гайканы 7 пайдалануға болады. Жылдам қысқыш сомынды 7 тазалау үшін пайдалану мүмкін емес. Тек дұрыс, зақымдалмаған тез қысқыш гайканы 7 пайдаланыңыз. Бұрап бекіту кезінде жазбасы бар тез қысқыш гайка 7 беті тегістеу шеңберіне қарап тұруын қадағалаңыз; көрсеткі индекстік белгіге 16 нұсқауы керек. Дұрыс бекітілген, зақымдалмаған тез қысқыш гайканы сақинаны са ғат тіліне кері бұру арқылы бұра алуға болады. Ешқашан қатты бекемделген тез қысқыш гайканы тістеуікпен бұрап алмаңыз, екі бүйірлік тесігі бар гайка кілтін 15 пайдаланыңыз. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. –P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Пайдалануға ендіру Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.

Электр құралын іске қосу үшін алдымен қосқыш/ өшіргішті 6 алға жылжытып сосын басып ұстаңыз. Басылған сөндіргішті 6 бекіту үшін сөндіргішті 6 одан әрі

Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті 6 жіберіңіз немесе бекітілсе, сөндіргішті 6 қысқа уақыт бойы басыңыз және жіберіңіз. Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұ зылған ажарлау құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін. Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек пайдаланарда қосыңыз. Қайта қозғалу сақтағышы Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды. Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 6 өшірілген күйге келтіріп электр құралды қайта қосыңыз. Пайдалану нұсқаулары Ажарлау құралын аздап басып жылжытып, оңтайлы жұмыс нәтижесіне жетіңіз. Қатты басу электр құралының қуатын төмендетіп, ажарлауыштың тез тозуына алып

Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті жиі үрлеп, тазартып артық тоқтан сақтайтын қосқышты (PRCD) қосыңыз. Металды өңдеуде тоқ өткізетін ша ң электр құралының ішінде жиналуы мүмкін. Электр құралының оқшаулағышы зақымдалуы

Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз. Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында орындаңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз: www.bosch-pt.com Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді. Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. OBJ_BUCH-3414-001.book Page 131 Wednesday, December 20, 2017 8:15 AM132 | Română 1 609 92A 46N | (20.12.17) Bosch Power Tools Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Товарний номер kk ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Тік ажарлағыш Өнім нөмірі ro Declaraţie de conformitate UE Declarăm pe proprie răspundere că produsele menţionate corespund tuturor dispoziţiilor relevante ale directivelor şi reglementărilor enumerate în cele ce urmează şi sunt în conformitate cu următoarele standarde. Documentaţie tehnică la: * Polizor drept Număr de identificare bg ЕС декларация за съответствие С пълна отговорност ние декларираме, че посочените продукти отговарят на всички валидни изисквания на директивите и разпоредбите по-долу и съответства на следните стандарти. Техническа документация при: * Права шлифоваща