GGS 30 LS Professional - ұнтақтағыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GGS 30 LS Professional BOSCH PDF форматында.

📄 253 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice BOSCH GGS 30 LS Professional - page 150

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ұнтақтағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GGS 30 LS Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GGS 30 LS Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GGS 30 LS Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз Bosch Power Tools 1 609 92A A6Z | (15.01.2025)150 | Қазақ – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Жалпы электр құралды қауіпсіздік

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

1 609 92A A6Z | (15.01.2025) Bosch Power ToolsҚазақ | 151 u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңызды, киімді және қолғапты жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектерге тартылып қалуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. u Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

Барлық жұмыстар бойынша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары Ажарлау, тегістеу немесе қажау үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары u Бұл электр құралы майдалағыш, сымдық қылшық, жылтыратқыш немесе қашағыш аспап ретінде пайдалануға арналған. Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A A6Z | (15.01.2025)152 | Қазақ u Құмқағазмен тегістеу немесе абразивті кесу осы электр құралымен орындалуға арналмаған. Электр құралына арналмаған әрекеттер зиян, қауіп келтіріп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Аспап өндірушімен жасалмаған немесе ұсынбаған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Керек-жарақ электр құралыңызға сай келсе де, қауіпсіз жұмыс істеу қамтамасыз етілмейді. u Тегістеу керек-жарақтардың есептелген жылдамдығы кемінде электр құралында белгіленген максималдық жылдамдыққа тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған тегістеу керек-жарақтары сынуы, ұшып кетуі мүмкін. u Пайдаланатын жұмыс құралының сыртқы диаметрі мен қалыңдығы электр құралының өлшемдеріне сай болуы керек. Қате өлшемде керек жарақтар дұрыс басқарылмайды. u Дөңгелектер мен құммен тазалау барабандарын қондыру орнының өлшемдері электр құралының шпинделіне немесе цангасына сай болуы тиіс. Электр құралының орнату аспаптарына сай болмаған керек-жарақтар теңгерімнен шығып, қатты тербеліп, бақылауды жоғалтуға әкеледі. u Құралбілікте орнатылған дөңгелектер, құммен тазалау барабаны, кескіштер немесе басқа керек- жарақтар төлке немесе патронға толығымен салынуы керек. Егер құралбілік дұрыс бекітілмесе және/немесе дөңгелек көп шығып тұрса, орнатылған дөңгелек босап, қатты жылдамдықта шығуы мүмкін. u Зақымдалған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Әр пайдаланудан алдын абразивті дөңгелек сияқты керек-жарақтарды сынық пен жарықтарға, құмман тазалау барабаын етек дискіні жарықтарға, тозу немесе артықшылықтарына, сым қылшақты бос немесе сынған сымдарға тексеріңіз. Егер электр құралы немесе керек-жарақтар түсіп кетсе, оның зақымдалмағанын тексеріңіз, қажет болса зақымдалмаған керек-жарақтарды орнатыңыз. Керек-жарақтарды тексеріп орнатудан соң, өзіңізді және басқа адамдарды айналып тұрған керек- жарақтар аймағынан алыстатып, электр құралын максималды жүктеусіз жылдамдықпен бір минут айналдырыңыз. Зақымдалған керек-жарақтар әдетте сынақ уақытында сынады. u Жеке қорғаныс құралдарын (қауіпсіздік көзілдірігін, қорғаныс қалқаны, бас киім және т.б.) пайдаланыңыз. Пайдалануға байланысты қорғағыш масканы, қауіпсіздік көзілдіріктерін қолданыңыз. Керек болғанда, шаң маскасын, құлақ қорғағыштарын, қолғап және кіші абразивті бөлшектерді немесе дайындама бөлшектерін ұстай алатын шеберхана алжапқышын пайдаланыңыз. Түрлі·жұмыстар барысында пайда болатын ұшатын·бөтен бөлшектерден қорғайтын қауіпсіздік көзілдірігін пайдаланыңыз. Шаң маскасы немесе респиратор ұсақ бөлшектерден, шаңнан қорғауы керек. Ұзақ шулар есту қабілетін жоғалтуға әкелуі

u Бөтен адамдардың жұмыс аймағынан қауіпсіз аймақта болуын қамтамасыз етіңіз. Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғағыш жабдықтарды киюі керек. Дайындама бөлшектері немесе сынған керек-жарақтар ұшып, әрекет аймағынан тыс жайда жақарат тигізуі мүмкін. u Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылғы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін. u Іске қосылғанда аспапты әрдайым қолда қатты ұстаңыз. Мотордың реакция бұрау моменті, толық жылдамдыққа көтерілгенде аспапты бұрап кетуі

u Оңай болғанда дайындаманы тіреу үшін қысқыштарды пайдаланыңыз. Кіші дайындаманы ешқашан бір қолда ұстап екінші қолмен аспапты ұстап істетпеңіз. Кіші дайындаманы қысып қолдарды аспапты бақылау үшін пайдалануға болады. Қада, құбыр немесе тюбинг сияқты домалақ материалдар кесіліп тұрғанда айналып кетіп қонырманы тартып кетуі немесе сізге қарай секріуіне алып келуі мүмкін. u Кабельді айналып тұрған аспаптардан алыс ұстаңыз. Бақылауды жоғалтсаңыз, кабель кесіліп немесе тартылып кетіп, қолыңыз айналып тұрған аспапқа тартылуы мүмкін. u Айналып тұрған аспап толық тоқтағанша электр құралын қоймаңыз. Айналып тұрған керек-жарақтар бетке тиіп, электр құралы бақылаудан шығуы мүмкін. u Қондырмаларды алмастырып немесе өзгертіп, цанка сомыны, ұстағыш немесе кез келген басқа сәйкестендір құрылғылары қатты тартылғанын қамтамасыз етіңіз. Бос сәйкестендіру құрылғылары күтілмегенде көтеріліп, бақылау жоғалтуына алып келіп, бос айналған бөлшектер күшті лақтырылуы

u Электр құралын қасыңызда көтеріп тұрғанда қоспаңыз. Айналып тұрған аспаптарға кездейсоқ тию киіміңізді ұстап, аспапты денеңізге жақын апаруы

u Электр құралының желдету саңылауларын жиі тазартыңыз. Қозғалтқыш желдеткіші шаңды корпус ішінде тартып, ұнтақталған металдың көп жиналуы электрленуге алып келі мүмкін. u Электр құралын жанатын материалдарға жақын пайдаланбаңыз. Ұшқындар осы материалдарды тұтандыруы мүмкін. u Суытқыш сұйықтықты қажет ететін жұмыс құралын пайдаланбаңыз. Су немесе басқа да суытқыш сұйықтықты пайдалану электр тоғының соғуына алып келуі мүмкін. 1 609 92A A6Z | (15.01.2025) Bosch Power ToolsҚазақ | 153 Кері соққы және тиісті·ескерту нұсқамалары Қайтарым бұл соғылған немесе ұсталған айналып тұрған дөңгелек, құммен тазалау барабаны, қылшақ немесе басқа керек-жараққа болатын реакция. Соғу немесе ұстау айналып тұрған аспаптың құлап кетуіне және электр құралының бақылаусыз айналуына, байланыс жайында қарсы бағытта айналуына алып келеді. Мысалы, егер кесу дөңгелегі дайындамада тұтылса немесе бұғатталса, сол жерде қысылып, дөңгелектің дайындамадан шығуына немесе кері соққыға алып кетуі мүмкін. .Дөңгелек пайдаланушыға тиюі немесе одан әрі ұшуы мүмкін, бұл дөңгелек әрекетінің бағытына байланысты. Абразивті дөңгелектер осы жағдайда сынып кетуі де мүмкін. Кері соққы электр·құралын дұрыс пайдаланбаудан немесе пайдаланушы қателігінен туындауы ықтимал. Төменде ұсынылған жағдайларды сақтау арқылы оның алдын алуға болады. u Электр құралын мықтап ұстаңыз, денеңіз бен қолыңыз кері соққыға қарсылық көрсете алатын күйде ұстаңыз. Сақтық шаралары сақталатын болса, пайдаланушы кері соққыны бақылауына ала алады. u Бұрыштарды, өткір шеттерді өңдегенде аса сақ болыңыз. Аспапты соқпаңыз немесе қыспаңыз. Бұрыштар, өткір шеттер немесе сырғу айналып тұрған аспаптарды қысып, бақылаудың жоғалтуына немесе қайтарымға алып келуі мүмкін. u Тісті ара полотносын бекітпеңіз. Мұндай·жұмыс құралдары кері соққыға немесе электр құралын бақылауды жоғалтуға·алып·келеді. u Әрдайым қондырманы материалға кесу жүзі материалдан шыққан бағытта апарыңыз (жоңқалар лақтырылатын бағытымен бірдей). Аспапты дұрыс емес бағытта апару қондырманың кесу жүзін дайындамаға шығарып аспапты апару бағытында тартуға алып келеді. u Борфрезаларды, жоғары жылдамдықты кескіштерді немесе вольфрам-карбидтік кескіштерді пайдаланғанда, бұйымды әрдайым берік бекітіп жұмыс істеңіз. Осы дөңгелектер ойықта сәл бүгілсе, тұрып қалып кері соққы жасауы мүмкін. Егер борфреза, жоғары жылдамдықты кескіш немесе вольфрам-карбидтік кескіш тұрып қалса, ол ойықтан секіріп, құралды ұстай алмай қалуыңыз мүмкін. Майдалану мен абразивті кесуге арналған қауіпсіздік

u Тек электр құралыңыз үшін ұсынылған дөңгелек түрлерін пайдаланыңыз және тек ұсынылған пайдалану түрлері үшін. Мысалы:ешқашан кесуші дөңгелектің шетімен тегістеуші болмаңыз. Кесуші дөңгелектер материалды шетімен кесуге арналған, Дөңгелектерге әсер ететін бүйірлік күштер ықпалынан олар сынуы мүмкін. u Ойықты абразивті конустар және тығыздағыштар үшін тек дұрыс өлшем және ұзындықты зақымдалмаған дөңгелек біліктерін босатылмаған фланецпен пайдаланыңыз. Дұрыс біліктер бұзылу мүмкіндігін кемейтеді. u Кесуші дөңгелекті "қыспаңыз" немесе оны қатты баспаңыз. Кесікті тереңдетуге әрекет жасамаңыз. Дөңгелекке қатты басу жүктемені және дөңгелекті кесікте бұрауға немесе зақымдануға сезімтал болуын және қайтарым немесе дөңгелек сынуының ықтималдығын арттырады. u Қолыңызды айналдырылған дөңгелектің бір сызыққа немесе артына орналастырмаңыз. Дөңгелек қолыңыздан ары жылжыса, ықтимал қайтарым айналып тұрған дөңгелек пен электр құралын денеңізге тікелей жылжытуы мүмкін. u Дөңгелек қысылса, тірелсе немесе кез келген себептен кесуді тоқтатса, электр құралын өшіріп, дөңгелек толығымен тоқтағанша электр құралына тимеңіз. Дөңгелек істеп тұрғанда кесу дөңгелегін алып қоюға әрекет жасамаңыз, әйтпесе қайтарым пайда болады. Дөңгелек қысылуының немесе соғылуының себебін жою үшін себебін іздеп дұрыстаңыз. u Құрал дайындамада тұрғанда электр құралын қайта қоспаңыз. Кесуді бастамас бұрын, алдымен·дөңгелекті·толық·айналым санына жеткізіп алыңыз. Әйтпесе, кескіш диск тұтылып, дайындамадан көтеріліп кетуі немесе·қері соққыға әкелуі мүмкін. u Тірек панельдері немесе кез келген тым үлкен дайындама дөңгелек қысылуы мен қайтарымның алдын алу үшін. Үлкен дайындамалар өз ауырлығынан иілуі мүмкін. Дайындама кесу сызығына жақын жəне дөңгелектің екі жағынан да тірелуі керек. u Бар қабырғаларда кіші кесікті немесе басқа көрінбейтін аймақтарда орындауда абайлаңыз. Шығып тұрған дөңгелек газ немесе су құбырларын, электр сымдарды немесе нысандарды кесуі мүмкін, ал бұл қайтарымға алып келуі мүмкін. Сым қылшықпен тазалау әрекеттері үшін қауіпсіздік

u Қылшықтың қарапайым әрекет етуі кезінде де қылшықтардың шашырайтындығын ескеріңіз. Қылшақты қатты басып, сымға күш түсірмеңіз. Сым қылшықтары жұқа киімге және/немесе теріге кіріп кетуі мүмкін. u Қылшықтарды пайдаланудан алдын бір минут жұмыс жылдамдығында істетіңіз. Осы уақыт ішінде қылшық алдында немесе қасында тұруы мүмкін емес. Бос қыл немесе сымдар іске қосылу уақытында бос тұрады. u Айналып тұран сымдық қылшықтың шығысын өзіңізден ары бағыттаңыз. Осы қылшықтарды пайдалануда кіші бөлшектер мен шағын сым бөлшектері жоғары жылдамдықпен атылып теріңізге қадалуы мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A A6Z | (15.01.2025)154 | Қазақ Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары u Суымаған ажарлау дискілеріне тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. u Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған. Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін

Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Мақсаты бойынша қолдану Электр құралы металды корунд ажарлағыш құралдармен ажарлау және тегістеуге, сондай-ақ ажарлағыш таспалармен жұмыс істеуге арналған. Оған қоса электр құралы металды қылшақпен тазалауға және жылтыратуға арналған. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1) Цангалы қысқыш (2) Қысқыш гайка (3) Ажарлау шпинделі (4) Шпиндель мойны (беті оқшауланған) (5) Ажыратқыш (GGS30LS / GGS30S) (6) Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған реттегіш дөңгелек (7) Тұтқа (беті оқшауланған) (8) Ажарлау шпинделіндегі айыр тәрізді кілт

(9) Қысқыш гайкадағы айыр тәрізді кілт

(10) Біліктің жарықтағы өлшемі L

(11) Ажыратқыш (GGS30LPS) (12) Ажыратқышқа арналған іске қосылудан қорғайтын құлып (GGS30LPS) (13) Шпиндель бекіткіші

Бейнеленген құрамдас бөлшектер стандарттық жеткізу көлеміне кірмейді. Техникалық мәліметтер Тік ажарлағыш GGS 30 LS GGS 30 LPS GGS 30 S Өнім нөмірі 3 601 BB5 0.. 3 601 BB5 2.. 3 601 BB5 1.. Номиналды тұтынылатын қуат Вт 750 750 750 Шығыс қуат Вт 400 400 400 Номиналды айналу жиілігі мин

Айналу жиілігін реттеу диапазоны мин

7000−33000 7000−33000 7000−33000 Цангалы қысқыштың макс. диаметрі мм 8 8 8 Төмендегінің кілт жазықтығы – Қысқыш гайка мм 17 17 17 – Ажарлау шпинделі мм 15 15 17 Шпиндель мойнының диаметрі мм 43 43 43 Ажарлағыш құралдың макс. диаметрі мм 50 50 45 Біліктің жарықтағы макс. өлшемі L

мм 10 10 10 Бекіткіш біліктің макс. ұзындығы мм 35 35 35 Тұрақты электроника ● ● ● Айналу жиілігін алдын ала таңдау ● ● ● Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі ● ● ● Қайта іске қосылудан қорғаныс ● ● ● 1 609 92A A6Z | (15.01.2025) Bosch Power ToolsҚазақ | 155 Тік ажарлағыш GGS 30 LS GGS 30 LPS GGS 30 S Бірқалыпты іске қосу ● ● ●

кг 1,7 1,8 1,5 Қорғаныс класы / II / II / II A) Желілік қуат сымынсыз және қуат ашасынсыз салмағы Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac. Шуыл және діріл туралы ақпарат

GGS 30 LS GGS 30 LPS GGS 30 S

3 601 BB5 0.. 3 601 BB5 2.. 3 601 BB5 1.. EN60745-2-23 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады Дыбыстық қысым деңгейі Дыбыстық қуат деңгейі Kдәлсіздігі Құлақ қорғанысын тағыңыз! дБ(A) дБ(A)

3,0 Жалпы діріл мәндері a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі,EN60745-2-23 бойынша есептелген: Үстіңгі беттерді ажарлау (25мм диаметрлі ажарлағыш құралмен дөрекі ажарлау):

6,0 1,5 6,6 1,5 3,0 1,5 Үстіңгі беттерді ажарлау (50 мм диаметрлі ажарлағыш құралмен дөрекі ажарлау):

Осы ескертпелерде берілген діріл көлемі нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де

Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл қуатын арттыруы мүмкін. Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Ажарлағыш құралдарды айыр тәрізді кілтпен және шпиндель бекіткішінің көмегімен монтаждау (Aсуретін қараңыз) u Тек жарамды және зақымдалмаған айыр тәрізді кілтті пайдаланыңыз ("Техникалық мәліметтер" бөлімін қараңыз). – Ажарлау шпинделін(3) және монтаждалатын барлық бөлшектерді тазалаңыз. – Шпиндель бекіткішін(13) басып, қысқыш гайканы(2) бұғатталғанша қолмен бұраңыз. – Шпиндель бекіткішін басып тұрып, қысқыш гайканы(2) айыр тәрізді кілтпен(9) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап босатыңыз. – Ажарлау құралының сағағын цангалы қысқышқа(1) тірелгенше енгізіңіз. – Шпиндель бекіткішін(13) басып, алмалы-салмалы аспапты кілт жазықтығынан айыр тәрізді кілтпен(9) сағат тілінің бағытымен бұрау арқылы қысыңыз. Ажарлау құралдары кедергісіз айналуы керек. Домалақ емес ажарлау құралдарын пайдаланбай, оларды алмастырыңыз. u Ажарлау құралы орнатылған болмаса, қысқышты қыспа гайкамен тартпаңыз. Әйтпесе қысқыш зақымдануы мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A A6Z | (15.01.2025)156 | Қазақ u Білік диаметрі сәйкес келетін ажарлау штифтерін ғана пайдаланыңыз. Ажарлау штифтінің диаметрі электр құралының бекіткішіне сәйкес болмаса ("Техникалық мәліметтер" бөлімін қараңыз), ажарлау штифті дұрыс ұсталмай қысқышты зақымдайды. u Алмалы-салмалы аспапты кемінде 10мм шамасына қысу керек. Тұтқаның жарықтағы L

өлшемімен алмалы-салмалы аспап өндірушісінің деректері бойынша алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген максималды айналу жиілігін есептеуге болады. Ол электр құралының максималды аналымдар санынан төмен жатуы мүмкін емес. Ажарлағыш құралдарды екі айыр тәрізді кілтпен монтаждау (Bсуретін қараңыз) u Тек жарамды және зақымдалмаған айыр тәрізді кілтті пайдаланыңыз ("Техникалық мәліметтер" бөлімін қараңыз). – Ажарлау шпинделін (3) және барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз. – Ажарлау шпинделін (3) айыр тәрізді кілтпен (8) кілт жазықтығында ұстаңыз. Қыспа гайканы (2) айыр тәрізді кілтпен (9) кілт жазықтығында сағат тілінің бағытына қарсы бұрап

– Ажарлау құралының қыспа білігін қысқышқа (1) тірелгенше салыңыз. – Ажарлау шпинделін (3) айыр тәрізді кілтпен (8) ұстап тұрып, алмалы-салмалы аспапты айыр тәрізді кілтпен (9) кілт жазықтығында сағат тілінің бағытымен бұрап

Ажарлау құралдары кедергісіз айналуы керек. Домалақ емес ажарлау құралдарын пайдаланбай, оларды алмастырыңыз. u Ажарлау құралы орнатылған болмаса, қысқышты қыспа гайкамен тартпаңыз. Әйтпесе қысқыш зақымдануы мүмкін. u Білік диаметрі сәйкес келетін ажарлау штифтерін ғана пайдаланыңыз. Ажарлау штифтінің диаметрі электр құралының бекіткішіне сәйкес болмаса ("Техникалық мәліметтер" бөлімін қараңыз), ажарлау штифті дұрыс ұсталмай қысқышты зақымдайды. u Алмалы-салмалы аспапты кемінде 10мм шамасына қысу керек. Тұтқаның жарықтағы L

өлшемімен алмалы-салмалы аспап өндірушісінің деректері бойынша алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген максималды айналу жиілігін есептеуге болады. Ол электр құралының максималды аналымдар санынан төмен жатуы мүмкін емес. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Пайдалануға ендіру u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. u Әр пайдаланбас бұрын цангалы қысқышта(1) және қысқыш гайкада(2) көрінетін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз.

Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (5) алға жылжытыңыз. Ажыратқышты (5) орнату үшін ажыратқышты (5) алдыңғы жағынан төмен қарай тірелгенше басыңыз. Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (5) артқы жағынан кішкене төмен басып, сонан соң жіберіңіз.

GGS 30 LPS Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылудан қорғайтын құлыпты (12) артқа жылжытып, содан кейін ажыратқышты (11) басып тұрыңыз. Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (11) жіберіңіз. Тұрақты электроника Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде айналу жиілігін тұрақты дерлік деңгейде сақтайды және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді. Айналу жиілігін алдын ала таңдау Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (6) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да реттеуге болады. Қажетті айналу жиілігі өңделетін материал мен алмалы- салмалы аспаптың диаметріне байланысты. Алмалы- салмалы аспаптың максималды рұқсат етілген айналу жиілігін сақтаңыз.

GGS 30 LS/GGS 30 LPS

Максималды айналу жиілігінде керек-жарақтың максималды рұқсат етілген диаметрі 40мм құрайды. 1 609 92A A6Z | (15.01.2025) Bosch Power ToolsҚазақ | 157 GGS 30 S Максималды айналу жиілігінде керек-жарақтың максималды рұқсат етілген диаметрі 45мм құрайды. Диаметрі 50мм керек-жарақ пайдаланылса, айналу жиілігінің 30000мин

шамасынан жоғары болмағанына көз жеткізіңіз. Айналмалы реттегіш күйі Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі (мин

Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі Электр құралы кенет кері соқса, мысалы, фрезерлеу кезінде бұғатталса, қозғалтқышқа қуат беру электроника арқылы тоқтатылады. Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5)/(11) өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз. Қайта қосылудан қорғаныс Қайта іске қосылудан қорғаныс, қуат берілуі үзілгеннен кейін, электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол

Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5)/(11) өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз. Нұсқау: тым жылдам өшіріп қайта қосу кезінде қайта қосылудан қорғаныс іске қосылып, электр құралы, ажыратқыш (5)/(11) қосулы болса да жұмыс істемеуі мүмкін. Ажыратқышты (5)/(11) өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз. Бірқалыпты іске қосу Электрондық бірқалыпты іске қосу құралы қосу кезінде айналу жиілігін шектеп, қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін ұзартады. Пайдалану нұсқаулары u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Ажарлау құралдарын соққыдан қорғап сақтаңыз. u Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз. u Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз. u Ажарлағыш дөңгелектер жұмыс кезінде қатты қызып кетеді. Оларды суымаған күйінде

Оңтайлы жұмыс нәтижесіне қол жеткізу үшін ажарлағыш дөңгелекті азғантай қысыммен біркелкі алға-артқа жылжытыңыз. Тым қатты басу электр құралының қуатын төмендетіп, ажарлағыш дөңгелектің жылдам тозуына апарып соғады. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін, электр құралды және желдету саңылауларын таза қалыпта ұстаңыз. u Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті жиі үрлеп, тазартып артық тоқтан сақтайтын қосқышты (PRCD) қосыңыз. Металды өңдеуде тоқ өткізетін шаң электр құралының ішінде жиналуы мүмкін. Электр құралының оқшаулағышы зақымдалуы

Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз. Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), Bosch Power Tools 1 609 92A A6Z | (15.01.2025)158 | Română міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталық өнімді жөндеу және күтім, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы бөлшектер бойынша деректерді келесі сайтта таба аласыз: www.bosch-pt.com Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап беруге дайын. Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім нөмірін атаңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Сервистік орталықтардың мекенжайларын мұнда таба аласыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.) Кәдеге жарату Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет. Электр құралдарды үй қоқысына тастамаңыз! Тек қана ЕО елдері үшін: Әрі қарай пайдалануға жарамайтын электр құралдарын бөлек кәдеге жарату керек. Арнайы қоқыс жинау жүйелерін пайдаланыңыз. Лайықсыз түрде кәдеге жаратылған жағдайда, ескі электр және электрондық құралдар, оларда қауіпті заттардың бар болуы ықтималдығы себебінен, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына қауіпті түрде әсер етуі

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Тік ажарлағыш Өнім нөмірі

Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GGS 30 LS Professional

Санат : ұнтақтағыш