7020 - Көп функциялы құралдар DREMEL - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз 7020 DREMEL PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Көп функциялы құралдар PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз 7020 - DREMEL және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. 7020 брендінің DREMEL.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 7020 DREMEL
ЕО түпнұсқа сәйкестілік бойынша мәлімдемесі Шағын айналмалы құрал
Сәйкестікті растау туралы ақпарат, өндірілген елі, сондай-ақ тауардың өндірілген күнін нұсқаулықтың артқы қақпағында табасыз. Импортер туралы байланыс ақпараты қаптамада бар. ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН БЕЛГІЛЕР 1 ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗ 2 КӨЗДІ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ 3 ШАҢНАН ҚОРҒАЙТЫН МАСКАНЫ ПАЙДАЛАНУ 4 ҚУАТ ҚҰРАЛДАРЫН ТҰРМЫСТЫҚ ҚОҚЫСҚА ТАСТАМАҢЫЗ ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР БАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ МЕН НҰСҚАУЛАРЫН
Ескертулер мен нұсқауларды орындамау салдарынан ток соғуы, өрт шығуы және/немесе ауыр жарақат алу жағдайлары туындауы мүмкін. Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз. Ескертулердегі «электр құралы» термині электр желісінен жұмыс істейтін (сымды) немесе батареямен жұмыс істейтін (сымсыз) электр құралын білдіреді. ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ a. Жұмыс орны таза әрі жарық жақсы тусетін болуы қажет. Жұмыс орнының таза емес немесе қараңғы болуы оқыс оқиғалардың пайда болуына себеп болады. b. Электр құралдарын тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жер сияқты жарылысқа қауіпті орталарда пайдаланбаңыз. Электр құралдары шаң немесе түтінді тұтандыруы мүмкін ұшқындар шығарады. c. Электр құралын пайдаланған кезде балалар мен айналадағы адамдар алшақ тұруы қажет. Басқа нәрсеге алаңдау салдарынан зейін жоғалтуыңыз
ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ a. Электр құралының штепсельдері розеткаға сәйкес келуі қажет. Ешқашан штепсельді өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер штепсельдерін (жерге) тұйықталған электр құралдарымен бірге пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген штепсельдер мен сәйкес келетін розеткалар электр тогының соғу қаупін
b. Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары және тоңазытқыштар сияқты жерге тұйықталған заттарға денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз жерге тұйықталса, электр тогының соғу қаупі артады. c. Электр құралдарын жаңбырдан және ылғалдан сақтаңыз. Электр құралына су кірсе, электр тогы соғуы мүмкін. d. Кабельді тек орнымен пайдаланыңыз. Электр құралының кабелін оны тасу, тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін пайдаланбаңыз. Сымды жоғары температурадан, май, өткір шеттер немесе жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасқан сымдар электр тогының соғу қаупін арттырады. e. Электр құралын сыртта пайдаланған кезде, далада пайдалануға болатын ұзартқыш сымды пайдаланыңыз. Далада пайдалануға болатын сымды пайдаланғанда электр тогының соғу қаупі азаяды. f. Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе, қорғанысты өшіру құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ пайдаланғанда электр тогының соғу қаупі азаяды. ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК a. Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, не істеп жатқаныңызға қараңыз және зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз172 немесе есірткі, ішімдік немесе дәрі-дәрмек қабылдаған болсаңыз, электр құралын пайдаланбаңыз. Электр құралдарын пайдаланған кезде алаңғасарлық салдарынан жеке ауыр жарақат алуыңыз мүмкін. b. Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Әрқашан көзді қорғау бұйымын киіңіз. Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы аяқ-киім, каска немесе есту мүшесін қорғайтын бұйым сияқты қорғаныс жабдығын тиісті жағдайларда пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі
c. Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Электр құралдарын тасымалдауда қоректендіру көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Электр құралдарын қосқышынан ұстап тасымалдау немесе қосқыш қосулы күйде қуаттандыру салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы
d. Электр құралын іске қоспас бұрын оны реттеу үшін пайдаланған барлық құралдар мен кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының айналатын бөлігіндегі құралдар мен кілттер дене жарақатына себеп болуы мүмкін. e. Жұмыс кезінде электр құралын қатты тартпаңыз. Тұрақты қалыпта тұрыңыз және тепе-теңдік сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда электр құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді. f. Арнайы киім киініңіз. Кең киім кимеңіз және әшекей тақпаңыз. Шашыңызды, киіміңізді және қолғабыңызды жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін. g. Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау жүйесі қамтамасыз етілсе, олардың дұрыс жалғанып, пайдаланылатынына көз жеткізіңіз. Шаңсорғыштарды пайдалану шаңға қатысты қауіптерді азайтады. ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ a. Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Электр құралын тек мақсатына сай пайдаланыңыз. Дұрыс электр құралы өзінің арнайы жылдамдығында жұмысты едәуір тиімді әрі қауіпсіз орындайды. b. Қосқышы зақымданған электр құралын пайдаланбаңыз. Қосқыш арқылы басқарылмайтын кез келген электр құралы қауіпті және оны жөндеу
c. Реттеу әрекеттерін орындау, аксессуарларды өзгерту немесе жұмысты аяқтаудан кейін штепсельді қуат көзінен және/немесе батареядан ажыратыңыз. Мұндай сақтық шаралары электр құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады. d. Пайдаланбайтын электр құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр құралымен немесе осы нұсқаулармен таныс емес адамға құралды пайдалануға рұқсат бермеңіз. Электр құралдары жаттықтырылмаған пайдаланушылар қолында қауіп тудырады. e. Электр құралдарына техникалық қызмет көрсетіңіз. Жылжымалы бөлшектердің қисаюын немесе шатасуын, бөлшектердің бұзылуын және механикалық құралдардың жұмысына әсер етуі мүмкін барлық жағдайды тексеріңіз. Зақым бар болса, электр құралын пайдаланбас бұрын, оны жөндеңіз. Көптеген оқыс оқиғалар электр құралдарына дұрыс емес техникалық қызмет көрсету салдарынан орын алады. f. Кескіш құралдарды өткір және таза күйде ұстаңыз. Тиісті түрде техникалық қызмет көрсетілген шеттері өткір кескіш құралдар бүгіліп қалмайды және оларды басқару оңай болады. g. Жұмыс жағдайларын және орындау қажет жұмысты назарға ала отырып, электр құралын, аксессуарларды және алмалы-салмалы кескіштерді және т. б. осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Электр құралын мақсатты пайдаланудан басқаша пайдаланғанда қауіпті жағдай орын алуы мүмкін. БАТАРЕЯ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ a. Электр құралдарын тек арнайы жасалған батареялармен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батареяларды пайдалану жарақат немесе өрт қаупін тудыру мүмкін. b. Батарея пайдаланылмай жатқан кезде, оны басқа қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар немесе басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз, бұл бір клеммадан басқа клеммаға қосылым жасау мүмкін. Батарея клеммаларын бірге тұйықталуы жалынды немесе өртті тудыру мүмкін. c. Жарамсыз жағдайларда, сұйықтық батареядан ағып кетуі мүмкін;173 денеңізге тигізбеңіз. Егер абайсызда тиіп кетсе, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиіп кетсе, қосымша медициналық көмек алыңыз. Батареядан шыққан сұйықтық тітіркенуге немесе күйіп қалуға себеп болуы мүмкін. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ a. Электр құралына қызмет көрсету жұмысын тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланатын білікті маманға тапсырыңыз. Бұл электр құралы қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді. БАРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ ТЕГІСТЕУ, ҚҰММЕН ТЕГІСТЕУ, СЫМ ҚЫЛШАҚПЕН ТАЗАЛАУ, ЖЫЛТЫРАТУ, ЖОНУ НЕМЕСЕ ЫСҚЫШ ОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН ОРТАҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ a. Бұл электр құралы тегістеу аспабы, құммен тегістеу құралы, сым қылшақ, жылтырату аспабы, жону немесе ою құралы сияқты жұмыс істеуге арналған. Осы электр құралымен бірге берілген барлық ескертулер, нұсқаулар, суреттер және сипаттамаларды оқыңыз. Төменде көрсетілген барлық нұсқауларды орындамау салдарынан электр тогының соғуы, өрт және/немесе ауыр жарақат орын алуы мүмкін. b. Арнайы жасалмаған және құрал өндірушісі арқылы ұсынылмаған аксессуарларды пайдаланбаңыз. Аксессуарды тек электр құралына бекітуге болғандықтан ол қауіпсіз жұмыс істеуіне кепілдік бермейді. c. Тегістеу аксессуарларының номиналды жылдамдығы кемінде электр құралында белгіленген максималды жылдамдыққа тең болуы қажет. Өздерінің номиналды жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін тегістеу аксессуарлары бұзылып, ұшып кетуі мүмкін. d. Аксессуарлардың сыртқы диаметрі мен қалыңдығы электр құралының сыйымдылық есебі ауқымында болуы қажет. Өлшемі дұрыс емес аксессуарларды дұрыс басқару мүмкін емес. e. Дөңгелектер, құммен тегістеу барабандары немесе кез келген басқа аксессуарлар білігінің өлшемі электр құралының шпинделі немесе цангасына сәйкес келуі қажет. Электр құралының бекіту құралдарына сәйкес келмейтін аксессуарлар тепе-теңдіктен шығып, қатты дірілдейді және басқаруды жоғалтуға әкелуі мүмкін. f. Жақтауға орнатылған дөңгелектер, құммен тегістеу барабандары, кескіштер немесе басқа аксессуарлар цанга немесе патронға толығымен енгізілуі қажет. Жақтау жеткіліксіз бекітілсе және/немесе дөңгелек қатты шығып тұрса, орнатылған дөңгелек босап, жоғары жылдамдықта шығып кетуі мүмкін. g. Зақымдалған аксессуарды пайдаланбаңыз. Әр пайдалану алдында ысқыш дөңгелек сияқты аксессуардың сынуын және сызат түсуін, құммен тазалау барабанының жарылуын, сынуын немесе тозуын, сым қылшақтың босауын немесе сымдардың сынуын тексеріңіз. Электр құралы немесе аксессуар жерге құласа, зақымдалуын тексеріңіз немесе зақымдалмаған аксессуар орнатыңыз. Аксессуарды тексеріп, орнатқаннан кейін, айналатын аксессуар жазықтығынан өзіңіз және айналадағы адамдар алшақ тұруы қажет, содан кейін электр құралын жүктемесіз максималды жылдамдықта бір минут ішінде іске қосыңыз. Зақымдалған аксессуарлар осы сынақ кезінде сынып қалады. h. Жеке қорғаныс жабдығын киіңіз. Қолданысқа байланысты қорғаныс маскасын және қорғаныс көзілдірігін киіңіз. Сәйкесінше шаңнан қорғайтын маска, есту мүшесін қорғайтын бұйым, қолғап және ұсақ ысу немесе өңдеу сынықтарынан қорғайтын алжапқыш киіңіз. Көзді қорғау бұйымы әртүрлі жұмыстардан пайда болатын қалдықтардың ұшуынан қорғай алатын болуы қажет. Шаңнан қорғайтын маска немесе респиратор жұмыстан пайда болатын бөлшектерді сүзе алуы қажет. Ұзақ уақыт жоғары қарқындылықтағы шу әсері есту қабілетін жоғалтуға әкелуі
i. Айналадағы адамдар жұмыс аймағынан қауіпсіз қашықтықта тұруы
қажет. Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғаныс жабдығын киюі тиіс. Өңдеу немесе сынған аксессуар сынықтары ұшып, жұмыс аймағына жақын жерде жарақат келтіруі мүмкін. j. Кескіш аксессуар жасырын сымға тиіп кетуі мүмкін болған жұмысты орындау барысында электр құралын тек оқшауланған қысқышпен174 ұстаңыз. Қысым үстіндегі сымға тиетін кескіш аксессуар электр құралының ашық металл бөлшектеріне қысым өткізуі және операторға электр тогының соғуы мүмкін. k. Іске қосқан кезде әрқашан құралды (екі) қолыңызбен мықтап ұстаңыз. Мотордың реактивті айналдыру моменті толық жылдамдыққа дейін артқан кезде құралдың айналуына әкелуі мүмкін. l. Қолайлы кезде өңдейтін бөлшекті тіреу үшін қысқыштарды пайдаланыңыз. Қолданыс кезінде кіші өңдейтін бөлшекті бір қолыңызбен, құралды екінші қолыңызбен ешқашан ұстамаңыз. Кіші өңдейтін бөлшекті қысқанда құралды (екі) қолыңызбен басқара аласыз. Істіктер, құбырлар немесе түтік сияқты дөңгелек материалды кескен кезде айналады және кескіштің қисаюы немесе сізге қарай ұшып кетуі
m. Аксессуар толығымен тоқтағанға дейін электр құралын қоймаңыз. Айналатын аксессуар беткейге тиіп, электр құралын тартып кетсе, оны басқарудан жоғалтуыңыз мүмкін. n. Кескіштерді ауыстырғаннан кейін немесе кез келген реттеу әрекетін орындағаннан кейін цанга гайкасы, патрон немесе кез келген басқа реттеу құрылғылары мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Босап қалған реттеу құрылғылары кездейсоқ жылжып, басқаруды жоғалтуға, босап қалған айналатын құрамдастар қатты ұшып кетуіне әкелуі мүмкін. o. Электр құралын өзіңізбен бірге алып жүрген кезде оны іске қоспаңыз. Айналып тұрған аксессуарларға кездейсоқ тиіп кеткенде киіміңізді іліп, аксессуарды денеңізге тартуы мүмкін. p. Электр құралының ауа желдеткіштерін үнемі тазалап отырыңыз. Мотор желдеткіші корпус ішінде шаң жинайды және ұнтақталған металдың көп жиналуы электр тогына қатысты оқыс оқиғалардың орын алуына әкелуі
q. Электр құралын тұтанғыш материалдардың жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар осы материалдарды тұтандыруы мүмкін. r. Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін аксессуарларды пайдаланбаңыз. Су немесе басқа сұйық салқындатқыштарды пайдаланғанда электр тогының соғуы мүмкін. СЕРПУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР Серпу - қысылған немесе ілініп қалған айналмалы дөңгелек, құммен тегістеу таспасы, қылшақ немесе кез келген басқа аксессуардың кенет реакциясы. Қысу немесе сыдыру айналып тұрған аксессуардың жылдам құлауына әкеледі, ал бұл бақылаусыз тұрған электр құралының аксессуар бұрылысына қарсы бағытта күш салуына әкеледі. Мысалы, ысқыш дөңгелек ілінсе немесе өңдеу бөлшегіне қысылып қалса, қысылатын орынға кіретін дөңгелектің шеті материалдың беткі жағына кіріп, дөңгелектің шығып кетуіне немесе ұрып сынуына әкелуі мүмкін. Қысу нүктесіндегі дөңгелек қозғалысының бағытына байланысты дөңгелек операторға қарай немесе керісінше ұшып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, мұндай жағдайда ысқыш дөңгелектер сынуы мүмкін. Кері соққы электр құралын дұрыс пайдаланбау және/немесе қате жұмыс процедураларының нәтижесінде пайда болады және оның алдын алу үшін төмендегі сақтық шараларын қолданыңыз. a. Электр құралын мықтап ұстаңыз және кері күштерге қарсы тұра алатын күйде тұрыңыз. Тиісті сақтық шаралар қабылданған болса, оператор серпу күштерін басқара алады. b. Бұрыштарды, өткір шеттерді және т. б. өңдеген кезде мұқият күтім көрсетіңіз. Аксессуардың ұшып кетуін және сыдыруын болдырмаңыз. Бұрыштар, өткір шеттер немесе ұшатын бөлшектер айналатын аксессуарды ұстап, басқару немесе серпу мүмкіндігін жоғалтады. c. Тісті ара дискісін бекітпеңіз. Мұндай жүздер жиі серпіліп, басқаруды
d. Әрқашан кескішті кесілетін жер материалдан (үгінді лақтырылған бағытпен бірдей) шығатын бір бағыттағы материалға салыңыз. Құралды дұрыс емес бағытқа салғанда кескіштің кесетін жері жұмыс аймағынан шығып, құралды осы арна бағытына тартады. e. Айналатын роторлық картотекалық егеулер, ою дөңгелектері, жоғары жылдамдықты кескіштер немесе вольфрам қатты қорытпа фрезаларын пайдаланған кезде, әрқашан оларды мықтап бекітіңіз. Осы дөңгелектер ойықта ақырын еңкейтілсе, ұсталады және серпіле алады. Ою дөңгелегі ұсталған кезде, дөңгелек әдетте сынады. Айналатын роторлық175 картотекалық егеу, жоғары жылдамдықты кескіш немесе вольфрам қатты қорытпа фрезалары ұсталған кезде, ойықтан ұшып, құралды басқарудан жоғалтуыңыз мүмкін. ТЕГІСТЕУ ЖӘНЕ ЫСҚЫШ ОЮ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ a. Электр құралы және қолданыстар үшін ұсынылған дөңгелек түрлерін ғана пайдаланыңыз. Мысалы: ою дөңгелегінің шетімен тегістемеңіз. Ысқыш ою дөңгелектері перифериялық тегістеуге арналған, осы дөңгелектерге қолданылған бүйірлік күштер оларды сындыруы мүмкін. b. Ойылған ысқыш конустар мен тығындар үшін өлшемі мен ұзындығы дұрыс фланеці босатылмаған зақымсыз дөңгелек жақтауларын пайдаланыңыз. Дұрыс жақтаулар бұзылу қаупін азайтады. c. Ою дөңгелегін қажамаңыз немесе шамадан тыс қысым қолданбаңыз. Шамадан тыс терең ойық оюға әрекет жасамаңыз. Дөңгелекке шамадан тыс қысым түсіргенде кесілген жердегі дөңгелекке жүктеме түсіру және айналу немесе іліну қабілеті және серпу немесе дөңгелектің сыну мүмкіндігі артады. d. Қолыңызды айналып жатқан дөңгелек қасына немесе артына қоймаңыз. Аспаптың кескіш бөлігіндегі дөңгелек қолыңыздан әрі қарай жылжыған кезде, ықтимал серпу әрекеті айналмалы дөңгелек пен электр құралын тікелей сізге қарай итеруі мүмкін. e. Дөңгелек қысылып, ілініп қалған кезде немесе кез келген себеппен кесу әрекетін тоқтатқан кезде, дөңгелек толығымен тоқтағанша электр құралын өшіріп, электр құралын қозғалтпай ұстап тұрыңыз. Дөңгелек қозғалыста болған кезде ою дөңгелегін кесілген жерден алып тастауға ешқашан әрекет жасамаңыз, әйтпесе серпу орын алуы мүмкін. Дөңгелектің қысылуы немесе ілінуі себебін жою үшін зерттеп, түзету әрекетін орындаңыз. f. Өңдеу бөлшегінде кесу әрекетін қайта бастамаңыз. Дөңгелекке толық жылдамдыққа жетуіне мүмкіндік беріңіз және кесілген жерге қайта кіргізіңіз. Электр құралы өңдеу бөлшегінде қайта іске қосылса, дөңгелек қисаюы, жүріп кетуі немесе серпілуі мүмкін. g. Дөңгелектің қысылу немесе серпілу қаупін азайту үшін панельдер немесе кез келген өлшемі үлкейтілген өңдеу бөлшегін тіреңіз. Үлкен өңдеу бөлшектері өз салмағына байланысты еңкеюі мүмкін. Тіректерді дөңгелектің екі жағындағы кесу орнының қасындағы және өңдеу бөлшегінің шетіне жақын өңдеу бөлшегінің астына жылжыту керек. h. Бар қабырғалар немесе басқа тыныш жерлерге “қалта кесігін” жасаған кезде аса сақ болыңыз. Шығып тұрған дөңгелек газ немесе су құбырларын, электрлік сымды немесе серпілуге әкелуі мүмкін нысандарды кесіп кетуі мүмкін.
ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ ШАҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІП ТӨНДІРУІ, ТҰТАНУ НЕМЕСЕ ЖАРЫЛЫСҚА ӘКЕЛУІ МҮМКІН КЕЗДЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАБЫЛДАҢЫЗ (кейбір шаң түрлері канцерогенді деп есептеледі); шаңнан қорғайтын масканы киіп, шаңды/үгіндіні тарту жабдығы жалғанған кезде жұмыс істеңіз ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ТЫРНАҒЫНА КҮТІМ КӨРСЕТУ БОЙЫНША АРНАЙЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
- Аталмыш құрылғы иттің немесе мысықтың табанындағы тырнаққа күтім көрсетуге ғана арналған
- Құрылғы тіс емдеу бұрғысы ретінде, адамды немесе жануарды емдеу мақсаттарымен пайдалануға жарамайды
- AT01-PGA тырнаққа күтім көрсету саптамасымен SD60-PGK зімпаралы дөңгелектерін және SC402 білігін ғана пайдаланыңыз
- Тырнаққа күтім көрсету саптамасын барлық құрамдас бөліктер пайдалану нұсқауларына сай орнатылмаған күйде пайдаланбаңыз
- Жануардың жүнін айналмалы бөліктерден алшақ ұстаңыз176 ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР Үлгі нөмірі .............7020-PGK Номиналды кернеу ......6,0 В Номиналды жылдамдық ..7000-18000 айн./мин. Цанга сыйымдылығы ..... 3,2 мм Батареялар .............4 x AA/1,5 В ТЫРНАҚҚА КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖИНАҒЫ
АКСЕССУАРЛАРДЫ, ЦАНГАЛАРДЫ АУЫСТЫРМАС БҰРЫН НЕМЕСЕ ҚҰРАЛҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТПЕС БҰРЫН ҚҰРАЛДЫ ӘРҚАШАН ӨШІРІҢІЗ БАТАРЕЯЛАР 5 Батареяларды (Y) (жиынға кірмейді) салу үшін, батарея адаптерінің (C) құлыптан босату түймелерін (H) басып, батарея адаптерін құралдан тартып шығарыңыз. Батареяларды адаптерге (C) орналастырып (дұрыс полярлықты сақтаңыз), адаптерді орнына тірелгенше құрал ішіне кіргізіңіз. Батареяларды шығарып алу үшін, құлыптан босату түймелерін (H) басып, батарея адаптерін (C) тартып шығарыңыз (батареялардың түсіп қалмайтынына көз жеткізіңіз). Әрдайым барлық батареяларды бір уақытта алмастырыңыз. Тек қана бірдей брендтегі және бірдей қуаттылыққа ие батареяларды қолданыңыз. Құралды ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде батареяларды әрдайым шығарыңыз. Батарея адаптерін (C) тек қана Dremel 7020-PGK үлгісімен бірге пайдаланыңыз. Осы құралмен бірге тек қана AA/1,5 В қайта зарядталмайтын сілтілі батареяларды қолданыңыз. Заряды таусылған батареяларды құралдан шығарып алыңыз. БІЛІКТІ ОРНАТУ 6 Мұрындық ұштықты (F) құралдан шыққанша сағат тілінің бағытына қарсы бұрау арқылы құралдан бұрап шығарыңыз. Цанга гайкасын босату үшін, алдымен білікті құлыптау түймесін (A) басып, цанга гайкасын (D) құлып білікке кіріп, оның айналуын тоқтатқанша қолыңызбен айналдырыңыз. ! Құрал жұмыс істеп тұрған кезде білік құлпын кіргізбеңіз Білік құлпы (A) кіргізілген кезде, цанга гайкасын (D) босатыңыз (сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз). Қажет болса, бұрауыш кілтті пайдаланыңыз. Аксессуарды кіргізіп жатқанда, цанга гайкасы бос бұрап кіргізілуі керек. Білікті (R) цангаға (E) кіргізіңіз. Біліктегі көк түсті төсем (S) цанга гайкасына орналастырылғанына көз жеткізіңіз (біліктің дұрыс тереңдігін орнатып). Білік құлпы (A) кіргізілген кезде, цанга гайкасын (D) бұрауыш кілтпен (I) нық бекітіңіз (сағат тілінің бағытымен бұраңыз). ЕСКЕРТПЕ: Егер білік цангаға сыймай тұрса, цангада гайка тұрып қалған болуы ықтимал. Мұндай жағдайда цанга гайкасын сағат тілінің бағытына қарсы бұрап тұру арқылы құралдан шығарып алыңыз. Цанганы құралдан шығарған кезде ол цанга гайкасынан ажырамаса, біліктің (R) өзегін цанга A Білікті құлыптау түймесі B Ажыратқыш C Батарея адаптері D Цанга гайкасы E Цанга F Мұрындық ұштық G Білік H Құлыптан босату түймесі I Цанганың сомынды бұрайтын кілті J Тырнаққа күтім көрсету саптамасы (AT01-PGA) K Тазалағыш қалпақ L Қысқыш M Ілмек N Зімпаралы дөңгелек саңылауы O Шағын шығыңқы жер P Биіктікті реттеу науасы Q Көлбеу бет R Білік (SC402) S Көк түсті төсем T Серіппелі төлке U Біліктегі жалғағыш бет V Зімпаралы дөңгелек (SD60-PGK) (3x) W Зімпаралы дөңгелектегі жалғағыш бет Y Батарея AA/1,5 В (4x) (жиынға кірмейді)177 гайкасындағы (D) саңылауға итеріңіз. Бұл цанганың (E) цанга гайкасынан шығып қалуына әкелуі мүмкін. Цанганы (E) білікке (G) орналастыру және цанга гайкасын (D) цанга үстінен сағат тілінің бағытымен бұрап, білікке (G) қайта бекіту арқылы қайта құрастырыңыз. ЗІМПАРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕКТІ ОРНАТУ 7 Серіппелі төлкені (T) бір қолмен құралға қарай ТӨМЕН тартыңыз да, ұстап
Басқа қолмен біліктегі жалғағыш бетті (U) зімпаралы дөңгелектің (V) астындағы жалғағыш бетпен (W) туралаңыз. Зімпаралы дөңгелекті білікке жалғағыш беттен (U) сәл төмен орналастырып, жалғағыш бет (W) төлкемен (T) тура тұрғанша 90 градусқа бұраңыз. Төлкені (T) босатыңыз. Зімпаралы дөңгелек (V) орнында құлыптануы тиіс. ! Зімпаралы дөңгелектің білікте дұрыс орналаспауы дене жарақатын алуға немесе мүліктің зақымдалуына апарып соғуы мүмкін. Дұрыс орналасқанын тексеру үшін, білікті құлыптау түймесін (A) ұстап тұрып, зімпаралы дөңгелекті (V) бұраңыз. Зімпаралы дөңгелек (V) білікте айнала
Зімпаралы дөңгелекті шығарып алу үшін, серіппелі төлкені (T) бір қолмен құралға қарай ТӨМЕН тартыңыз, төлкені (T) ұстап тұрып, зімпаралы дөңгелекті (V) 90 градусқа бұраңыз және зімпаралы дөңгелекті шығарыңыз. ТЫРНАҚТЫ ҚОРҒАЙТЫН САПТАМАНЫ БЕКІТУ 8 ! Саптаманы орнату алдында білік пен зімпаралы дөңгелектің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1. Тазалағыш қалпақшаны (K) саптамадан ажыратыңыз, ол үшін тазалағыш
қалпақшаның ішіндегі шағын шығыңқы жерлерді (O) бағытталған саңылауға жеткенше биіктікті реттеу науасының (P) бойымен жылжытыңыз.
2. Қысқышты (L) алып құлыптан босатыңыз.
3. Саптаманы ашыңыз.
4. Саптаманы құралдың ойылған ұштығына кигізіп, қысқыш (L) толықтай
кіргенше саптаманы жауып қойыңыз.
5. Бүкіл саптаманы (J) ойылған ұштыққа бұрап орнату үшін сағат тілінің
бағытымен бұраңыз (пайдалану барысында саптаманың ауытқып кетуіне жол бермеу үшін, оның нық бекітілгеніне көз жеткізіңіз). Тазалағыш қалпақты (K) қайтадан бекітіңіз (1-қадамды жай ғана кері реттілікпен орындаңыз). Тазалағыш қалпақты шағын шығыңқы жерлер саптамадағы науаның (P) шетіне дейін (“3” нөмірінен кейін) толықтай кіргенше бұраңыз. Толық орнатылғанда қалпақтың шерту дыбысы естіледі. Тазалағыш қалпақты бағыттауыштардан сыртқа итермеңіз.
ЖҰМЫСҚА КІРІСУ Жануардың тырнағына алғаш рет күтім көрсету жануар үшін де, оның иесі үшін де күрделі іс болуы мүмкін. Тырнаққа күтім көрсетуді жас шағында бастап, оны жүйелі процедураға айналдыру үй жануарыңыздың осы тәжірибеге әдеттеніп өсуіне жол береді. Біріншіден, үй жануарыңызға айналмалы құралды қолданбас бұрын оны табанын ұстаған және тазартқан кезде еркін сезілуіне үйретіңіз. Мұны жүзеге асыру үшін жақсы бір әдіс – күніне кемінде бір рет аяқтарын, табандарын және саусақтарын бірнеше минут ішінде уқалау. Сонан соң үй жануарыңызға сүйікті азығын беру арқылы осы тәжірибемен жағымды байланыс тудырыңыз. Содан кейін, үй жануарыңызға айналмалы құралға үйретілген қалпында өсуіне көмектесіңіз. Құрал өшіру тұранда үй жануарыңызға оны иіскелеуге беріңіз. Содан кейін құралды қолыңызда ұстап тұрып, үй жануарыңызға қосылған құралдың дыбысын тыңдауға беріңіз. Айналмалы зімпаралы дөңгелекті үй жануарыңыздың тырнағына біртіндеп жақындатыңыз да, бір секундтан кем уақытқа тигізіңіз. Әзірше тырнағын тегістемеңіз; жай ғана үй жануарыңызды құралмен таныстырыңыз. Әдеттену барысында үй жануарыңызды ынталандыру мақсатымен жақсы тәртіп көрсеткені үшін азық беріп тұрыңыз. Осы процесс бірнеше күн не аптаға созылуы мүмкін. ТЫРНАҚ АНАТОМИЯСЫ 9 Үй жануарыңыздың тырнағын алу алдында сезімтал аймақты анықтауыңыз қажет. 9-суретте үй жануары тырнағының негізгі анатомиясы көрсетілген. Тырнақтың178 сыртқы қабықшасы қатты болып келеді және сезімтал емес, себебі оның жүйке ұштары жоқ. Тырнақтың өзегі сезімтал аймақ болып табылады. Ол өте кішкентай қантамырлар мен жүйке ұштарынан тұрады және өте сезімтал болып табылады. Сезімтал аймақ – тырнақты “қоректендіретін” қантамыр. Тырнақ алған кезде сезімтал аймақты кесіп алсаңыз, тырнақтан қан аға бастайды. Ашық түсті тырнақ әдетте айтарлықтай мөлдір болғандықтан сезімтал аймақтың алқызыл өзегін көруге мүмкіндік береді. Тырнақ қара түсті болса, сезімтал аймақтың орналасқан жерін көре алмауыңыз мүмкін. Үй жануарларының ашық түсті де, қара түсті де тырнағы болуы мүмкін, бұл сезімтал аймақтың ұзындығын шамамен анықтауға мүмкіндік береді. 9-суретте үй жануарының тырнағын алу үшін қажетті бұрыш та шамамен көрсетілген. Тәжірибелік ереже бойынша дұрыс бұрыш табанның астыңғы жағынан жоғары қарай 45 градус құрайды. ТЫРНАҚҚА КҮТІМ КӨРСЕТУ Aq ! Ешқашан құралды саптамасынан ұстамаңыз. Құралды саптамасынан ұстаған жағдайда, ол абайсыздан сырғанап кетіп, бақылаудың жоғалуына апарып соғуы мүмкін. Үй жануарының табанын тырнақ зімпаралы дөңгелекке (V) жақын, бірақ тиіп тұрмайтындай етіп көлбеу бетке (Q) қойыңыз. Ажыратқышты (B) “LO” (1) күйіне (шамамен 6500 айн/мин-қа тең) жылжыту арқылы құралды қосыңыз. Өзіңіз бен итіңіз үшін қолайлы болса, “HI” жылдамдық параметрін де пайдалануға болады. Саусақ пен тырнақты бір қолмен сүйемелдеп, екінші қолмен айналмалы құралды пайдаланыңыз. Мұндай тәсіл табанға түсетін дірілді азайтатындықтан үй жануарыңыз үшін қолайлы болады. Табан жастықшасының астыңғы жағын ақырындап басу арқылы тырнақ сәл шығарылып, күтім көрсету жеңілдетіледі. Айналмалы құралдың жылдамдығына негізделіп жұмыс істеу маңызды; ешқашан зімпаралы дөңгелек айналып тұрғанда тырнаққа қысым қолданбаңыз. Қысым қолданған жағдайда тырнақ қатты қызып, үй жануарыңыз қолайсыздық сезінуі
Айналмалы зімпаралы дөңгелекті бір ретте тырнаққа үш секундтан артық тигізуге
Бір ретте бір тырнақты аяқтаудың орнына бір табандағы әр тырнақты бір-бірден қысқа мерзімде кесіп, әрекетті бірнеше рет қайталаған жөн. Осылайша әр тырнаққа суып кетуге уақыт беріледі. Осы процедураны қажетінше қайталауға
Тырнақты үй жануарыңыз жүргенде тырнағы жерге сәл тиетіндей етіп алыңыз. Ажыратқышты (B) “OFF” (0) күйіне жылжыту арқылы құралды өшіріңіз. ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР Кейбір жануарлар құралды көрген кезде абыржуы мүмкін, сондықтан жануарыңызды ұстап тұрған жөн. Пайдаланушыға тырнақ алу үшін екі қолын да пайдалану қажет болады, сондықтан жануарыңызды ұстап қалу үшін екінші адамның көмегіне жүгіну қажет болуы мүмкін. Айналмалы құралда абайсыздан жүн тұрып қалған жағдайда, құралды бірден өшіріп қойыңыз және жүнді құралдан тарқатып шығарыңыз. Жүні ұзын үй жануарлары үшін, үй жануарының саусағын, табанын және аяғын жауып, тырнақты оқшаулау үшін ескі шұлық қолданыңыз. Тырнақты алу үшін, оны шұлықтың ұшындағы шағын тесік арқылы өткізіңіз. Қан аққан жағдайда уылдырғыш ұнтақты қолыңызға жақын жерде ұстаңыз. Уылдырғыш ұнтақты үй жануарларына арналған дүкендердің көпшілігінен сатып алуға болады. Қаптамадағы тиісінше пайдалану бойынша нұсқауларды
ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫ БОЛДЫРМАУ ҮШІН, ТАЗАЛАУ АЛДЫНДА ҚҰРАЛДЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЗАРЯДТАУШЫ ҚҰРАЛДЫ ӘРҚАШАНДА ҚУАТ КӨЗІНЕН АЖЫРАТЫҢЫЗ Құрал сығылған құрғақ ауамен өте жақсы тазарады. Құралдарды сығылған ауамен тазалаған кезде әрқашан да қауіпсіздік көзілдіріктерін тағыңыз. Желдету саңылаулары және қосқыш иінтіректері бөгде заттардан таза және бос болу қажет. Үшкір заттарды саңылауға кіргізу арқылы құралды тазаламаңыз. Тырнақтан қалған шаңды немесе қоқысты тазарту қажет болғанда тырнаққа күтім көрсету саптамасын құралдан шығарып алыңыз.179 Саптаманы жылы сумен ғана жуыңыз және құралға қайта орнатпас бұрын таза шүберекпен сүртіп шығыңыз.
КЕЙБІР ТАЗАЛАҒЫШ ЗАТТАР ЖӘНЕ ЕРІТІНДІЛЕР ПЛАСТИК БӨЛШЕКТЕРДІ ЗАҚЫМДАЙДЫ. Солардың кейбіреуі: бензин, көміртек тетрахлориді, хлорланған тазалағыш ерітінділер, аммиак және аммиагы бар тұрмыстық жуғыш заттар. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК
ІШІНДЕ ПАЙДАЛАНУШЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ АЛАТЫН БӨЛШЕКТЕР ЖОҚ. ӨКІЛЕТТІ ЕМЕС ҚЫЗМЕТКЕР ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕНДЕ АУЫР ЗАҚЫМҒА ӘКЕЛУІ МҮМКІН ІШКІ СЫМ МЕН ҚҰРАМДАСТАРДЫҢ ДҰРЫС ЕМЕС ҚОСЫЛЫМЫНА ӘКЕЛУІ МҮМКІН. Құралға қызмет көрсету жұмыстарының барлығы Dremel қызмет көрсету орталығы арқылы орындалуына кеңес береміз. Осы Dremel өніміне белгіленген/нақты мемлекет ережелеріне сәйкес кепілдік беріледі; тозу салдарынан орын алған зақым, шамадан тыс жүктеме немесе дұрыс емес өңдеу кепілдікке кірмейді. Шағым түскен жағдайда, бөлшектелмеген құрал немесе зарядтауыш құралын және сатып алуға қатысты дәлелдерді дилерге жіберіңіз. DREMEL КОМПАНИЯСЫМЕН БАЙЛАНЫСУ Қызмет көрсету және кепілдік, Dremel өнімдері, қолдау көрсету және шұғыл байланыс желісі туралы қосымша ақпарат алу үшін www.dremel.com сайтына
ШУ МЕН ДІРІЛ Дыбыс күшінің деңгейі (стандартты ауытқу 3 дБ) дБ(A) <70 Діріл (үш осьтік вектордың жалпы көрсеткіші) м/с
1,5 ЕСКЕРТПЕ: Мәлімденген дірілдің жалпы мәні стандартты сынақ әдісі бойынша өлшенді және оны құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Оны, сондай-ақ, экспозицияны алдын ала бағалау үшін де пайдалануға болады. Электр құралының нақты қолданысы кезіндегі діріл шығысы құралды қалай пайдаланып жатқаныңызға байланысты мәлімделген жалпы мәннен өзгеше болуы мүмкін. Экспозицияны нақты қолдану жағдайында бағалаңыз және (құралдың өшірілген уақыты мен оның іске қосылған уақытына қосылатын бос жұмыс істеу уақыты сияқты кезеңдердің барлық бөлігін ескеріп) жеке қауіпсіздік шараларын тиісті түрде белгілеңіз. КӘДЕГЕ ЖАРАТУ Құрылғы, батареялар, аксессуарлар және қаптама қоршаған ортаға зиянсыз түрде қайта өңдеу үшін сұрыпталуы керек. Кәдеге жарату алдында қысқа тұйықталуды болдырмау үшін батарея клеммаларын ауыр таспамен қорғаңыз. ТЕК ҚАНА ЕО ЕЛДЕРІ ҮШІН 4 Электрлік және электрондық жабдықтар қалдығы үшін 2012/19/EC Еуропа нұсқаулығы мен оның ұлттық құқықтарына жүзеге асуына сәйкес ендігәрі пайдаланылмайтын электр құралдарын бөлек жинап, қоршаған ортаға зиянсыз жолмен қоқысқа тастау қажет.180 Өнімді пайдалану нұсқаулығына қосымша (тек Еуразия экономикалық қауымдастығы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағында ғана қолданылады)
- „Қауіпсіздік нұсқаулары“ бөлімінің өнімді пайдалану нұсқаулығында берілген қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулармен мұқият
- Төмендегі қосымша ақпаратты мұқият оқыңыз Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (Шарт 5) құжатын оқыңыз НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып - салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.181
Notice-Facile