YOUseries Vac - Шаңсорғыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз YOUseries Vac BOSCH PDF форматында.
| Бренд | Bosch |
| Модель | YOUseries Vac |
| Құрылғы түрі | Сымсыз шаңсорғыш |
| Шаң жинағыш ыдысының сыйымдылығы | 0,25 л (жалпы) |
| Максимальды вакуум | 4,2 кПа |
| Максимальды ауа ағыны | 1,1 м³/мин |
| Салмағы (аккумулятормен) | 0,61 кг (EPTA 01:2014 бойынша) |
| Қуат көзі | Литий-ионды аккумулятор (1 607 A35 08) |
| Желілік зарядтағыш | 1 600 A01 6A (елге байланысты өзгереді) |
| Зарядтауға рұқсат етілген температура | +10-дан +35 °C-қа дейін |
| Жұмыс және сақтау температурасы | -10-нан +50 °C-қа дейін |
| Сүзгілеу | Ірі сүзгі + ұсақ шаң сүзгісі |
| Зарядтау портының түрі | USB Type-C (қорғаныс қақпағы) |
| Заряд деңгейінің көрсеткіші | 4 жарықдиод (жасыл, сары, қызыл) – визуалды сигнал |
| Аккумуляторды қорғау | Толық разрядқа қарсы электрондық элемент қорғанысы (ECP) |
| Қолдану мақсаты | Құрғақ материалдарды сору, үй ішінде пайдалану |
| Шаң жинағыш ыдысын тазалау | Әр пайдаланудан кейін құлыпты ашу түймесі арқылы босату |
| Сүзгіні тазалау | Қағып немесе щеткамен тазалау; ұсақ шаң сүзгісін жууға болмайды |
| Жинақтағы керек-жарақтар | Тік сорғыш саптама, USB кабелі, желілік зарядтағыш (елге байланысты) |
| Өнім коды | 3 603 CD7 0.. |
Жиі қойылатын сұрақтар - YOUseries Vac BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы YOUseries Vac BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз YOUseries Vac - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. YOUseries Vac брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ YOUseries Vac BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі бұйым корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз – көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз - қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сактау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- Орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. - тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Сорғыш үшін қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
▶ Осы сорғыш балалар мен дене, сезім мен ақыл-ой қабілеттері шектеулі, тәжірибесі немесе білімі аз адамдардың тарапынан пайдалануға арналмаған. Осы сорғышты 8 жастан асқан балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі аз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты адамның бақылауында болған немесе сорғышпен қауіпсіз жұмыс істеу жөнінде нұсқау алып, қатысты тәуекелдерді түсінген жағдайда ғана пайдалана алады. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақат алу қаупі туындайды.
▶ Балаларға абай болыңыз. Балалардың шаңсорғышпен ойнамауына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ
Шаңсормаңыз. Бұл заттектер канцерогенді болып табылады. Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет алыңыз.
▶ Шаңсорғышты тек оны пайдалану туралы жетерлік мәлімет алғаннан соң ғана пайдаланыңыз. Нұсқаулықтарды дәл орындау орынсыз пайдалану мен жарақаттануларды азайтады.
ЕСКЕРТУ
Сорғыш құрғақ заттектерді соруға арналмаған.
Сұйықтықтар тиюі ток соғу қаупін арттырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаңсорғышты тек ішкі бөлмелерде пайдалану арқылы сақтауға болады. Шаңсорғыштың жоғарғы жағына жаңбырдың немесе ылғалдың тиюі ток соғу қаупін арттырады.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
▶ Шаңсорғышты тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы шаңсорғыш қауіпсіздігін сақтайсыз.
▶ Пайдалану алдында сорғыш шлангтың ақаусыз болуына көз жеткізіңіз. Шаң таралмауы үшін сорғыш шлангі шаңсорғышқа қосулы тұрсын. Шаңды жұтып жіберу мүмкін. ▶ Шаңсорғышты тікелей бағытталған су ағынымен тазаламаңыз. Шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.

Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.

▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. ▶ Ешқандай ыстық немесе жанатын шаңдарды және жарылыс қаупі бар бөлмелерде шаңсормаңыз. Шаң оңай тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Тағайындалу бойынша қолдану
Шаңсорғыш денсаулыққа зиянды емес және құрғақ заттектерді шаңсору және сорып алуға арналған.
184 | Қазақ
Шаңсорғыш тек үйде және тұрмыстық мақсатпен пайдалануға арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Суреттегі құрамдастар нөмірлері нұсқаулық басындағы графикалық беттердегі кескіндерге негізделген.
(1) Шаң жинағыш қапты құлыптан босату түймесі (2) Қосу-өшіру түймесі (3) Аккумулятор A) (4) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы A) (5) USB Type-C™ порты A)B) (6) USB Type-C™ портының қақпағы A) (7) Қозғалтқыш корпусы (8) Шаң жинағыш қап (9) Тесік кондырма (10) Штепсельдік қуат блогы A) (елге байланысты) (11) USB кабелі A) (12) Аккумулятор бөлімі (13) Аккумуляторды босату түймесі A) (14) Ірі қоқыс сүзгісі (15) Шағын қоқыс сүзгісі (16) Шығару істігі
A) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
B) USB Type-C™ және USB-C™ - USB Implementers Forum ұйымының сауда белгілері.
Техникалық мәліметтер
| Аккумуляторлық құрғақ сөрғыш Шаңсорғыш | |
| Өнім нөмірі | 3 603 CD7 0.. |
| Контейнер көлемі (брутто) л 0,25 | |
| макс. төменгі қысым (турбина) кПа 4,2 | |
| макс. өткізу көлемі (турбина) м | 3 /мин 1,1 |
| Салмағы ЕРТА-Procedure 01:2014 құжатына сай | кг 0,61 |
1 609 92A 4G2 | (19.12.2018) Bosch Power Tools
Аккумуляторлық құрғақ сорғыш Шаңсорғыш
руксат етілген қоршаған орта температурасы
- зарядтау кезінде °C +10...+35
- жұмыс кезінде A) және сақтау кезінде °C -10...+50
Ұсынылатын аккумуляторлар 1 607 А35 08.
Ұсынылатын штепсельдік қуат блогы 1 600 А01 6А.
A) <0 °C температураларында қуаты шектелген
Техникалық мәліметтер жинақтағы аккумулятормен жұмыс істеуге есептелген.
Жинау
▶ Шаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны тазалаудан, құрылғыны реттегеннен, жабдықтарды алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Аккумуляторды зарядтау (А суретін қараңыз)
▶ Тек техникалық деректерде белгіленген штепсельдік қуат блогын пайдаланыңыз. Тек қана осы штепсельдік қуат блогы электр шаңсорғышыңызда пайдаланылатын литий-иондық аккумуляторға жарамды болып келеді.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын штепсельдік қуат блогы арқылы толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартпай, кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" технологиясы арқылы қатты заряд таусылуынан қорғалған. Аккумулятор заряды таусылғанда, шаңсорғыш сақтандырғыш тізбек арқылы өшіріледі.
Сорғыш автоматты өшкеннен соң қосу-өшіру пернесін енді баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумулятор NTC температураны бақылау құралымен жабдықталған, ол тек 10°C және 35°C арасындағы температура диапазонында зарядтауға мүмкіндік береді. Осылайша аккумулятордың қызмет ету мерзімі ұзарады.
Аккумуляторды (3) бөлек немесе шаңсорғышта зарядтауға болады.
- Қақпақты (6) ашыңыз.
- Аккумуляторды (3) USB кабелі (11) арқылы штепсельдік қуат блогына (10) жалғаңыз. – Штепсельдік қуат блогын (10) розеткаға енгізіңіз. Зарядтау процесі басталады. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) заряд деңгейін көрсетеді.
Зарядтау кезінде шаңсорғыш ажыратылып, оны пайдалану мүмкін болмайды.
Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, штепсельдік қуат блогын (10) ток желісінен ажыратыңыз.
Аккумуляторды орнату және алу (В1-В2 суретін қараңыз)
▶ Аккумуляторды салуда күш салмаңыз. Аккумулятор сорғышқа тек дұрыс күйде салынатындай етіп құрылған.
– Аккумуляторды (3) бөліміне (12) соңына дейін салыңыз. Аккумуляторды (3) алу үшін аккумулятордағы босату түймелерін (13) басып, аккумулятор бөлімінен тартып шығарыңыз (12).
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Аккумулятордың заряд деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) аккумулятор (3) қозғалған кезде автоматты түрде іске қосылады. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) аккумулятор (3) бұдан былай қозғалмаған соң бірнеше минут ішінде сөнеді.
Шаңсорғышпен жұмыс істеген кезде аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) өшеді.
| Зарядтау Бөлек немесе шаңсорғышта (қозғалыс кезінде) | Зарядтау процесі (штепсельдік куат блогы жалғанған аккумулятор) | |
| 100% Жасыл | (тұрақты) | Жасыл (тұрақты) |
| 100%-50% Жасыл | (тұрақты) | Жасыл (жыпылықтайды) |
| 50%-20% Сары | (тұрақты) | Жасыл (жыпылықтайды) |
| 20%-5% Қызыл | (тұрақты) | Жасыл (жыпылықтайды) |
| 5%-0% Қызыл | (жыпылықтайды) | Жасыл (жыпылықтайды) |
Нұсқау: аккумулятор (3) ұзақ уақыт сақталып пайдаланылмаса, аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) іске қосылмауы мүмкін. Осы функция аккумуляторды (3) қатты заряд таусылуынан қорғайды. Аккумулятор (3) зарядталғаннан кейін, индикатор қайта іске қосылады. Осы жағдайда зарядтау уақыты ұзарады.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) аккумулятор (3) толық зарядталғаннан кейін бірнеше минут ішінде сөнеді.
Нұсқау: аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) ақ түспен жыпылықтаса, бұл температураның рұқсат етілген қоршаған орта температурасынан тыс болғанын білдіреді. Рұқсат етілген температура диапазонына қайтадан жеткенде зарядтау процесі автоматты түрде басталады. Зарядтау барысында аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) жасыл түспен жыпылықтайды.
Сору керек-жарақтарын тікелей шаң жинағышпен (8) бірге жалғауға болады.
– Сору керек-жарақтарын шаң жинағыштағы (8) жалғағышқа және бір-біріне енгізіңіз.
Пайдалану
▶ Шаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны тазалаудан, құрылғыны реттегеннен, жабдықтарды алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді. USB Type-C™ портының қақпағы (6) жұмыс кезінде жабық болғанына көз жеткізіңіз. Осылайша шаңның кіруіне жол бермейсіз.
Іске қосу
▶ Сорудан алдын сүзгі қатты орнатылғанын тексеріңіз. ▶ Тек зақымдалмаған сүзгіні (сызатсыз, тесіксіз және т.б.) пайдаланыңыз. Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз.
Ажыратқыш
– Шаңсорғышты қосу үшін қосу-өшіру түймесін (2) басыңыз. – Шаңсорғышты өшіру үшін қосу-өшіру түймесін (2) қайтадан басыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
▶ Шаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны тазалаудан, құрылғыны реттегеннен, жабдықтарды алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді. Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
– Шаңсорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
– Ластанған зарядтау контактілерін құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Шаң жинағышты тазалау (C1-C2 суреттерін қараңыз)
Шаң жинағышты (8) әр пайдаланудан соң тазалап, шаңсорғыштың оңтайлы қуатына қол жеткізіңіз.
– Шаңсорғышты ашқанда шаң жинағыштан түспеуі үшін шаңсорғышты азғантай төмен қаратып ұстаңыз. - Босату түймесін (1) басып, шаң жинағышты (8) қозғалтқыш корпусынан (7) алып тастаңыз. – Шаң жинағышты (8) арнайы қоқыс контейнерінің үстінен қағыңыз. – Қажет болса, сүзгіні тазалаңыз (қараңыз „Сүзгіні тазалау (D1-D5 суреттерін қараңыз)“, Бет 188). - Содан кейін қоқыс контейнерін (8) мотор корпусының (7) астына қойып, орнына сырт етіп бекітілгенше айналдырып салыңыз.
Сүзгіні тазалау (D1–D5 суреттерін қараңыз)
Шағын лас сүзгісін (15) тазалауға болмайды.
– Шаңсорғышты ашқанда шаң жинағыштан түспеуі үшін шаңсорғышты азғантай төмен қаратып ұстаңыз. - Босату түймесін (1) басып, шаң жинағышты (8) қозғалтқыш корпусынан (7) алып тастаңыз. - Дөрекі лас сүзгісін (14) қылшақпен тазалаңыз. - Сүзгі блогын (ірі заттар сүзгісі (14) және ұсақ заттар сүзгісі (15)) "құлыпы ашу" айналдыру бағытына қарай соңына дейін бұрап, мотор корпусынан алыңыз. - Ұсақ қоқыс сүзгісін (15) алу істігіндегі (16) ірі қоқыс сүзгісінен (14) алыңыз. – Ұсақ қоқыс сүзгісін (15) тиісті қоқыс контейнеріне ақырындап орнатыңыз. Қажет болса, шағын лас сүзгісін жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
– Жинау кері ретте орындалады.
Ақаулықтар
Сору қуаты жеткілікті болмаса, төмендегілерді тексеріңіз:
- Шаң жинағыш (8) толып кетті ме?
▷ (қараңыз „Шаң жинағышты тазалау (С1–С2 суреттерін қараңыз)“, Бет 188)
- Сүзгілер ((14), (15)) шаңмен қапталған ба?
▷ (қараңыз „Сүзгіні тазалау (D1-D5 суреттерін қараңыз)“, Бет 188)
– Аккумулятордың (3) заряд деңгейі тым төмен бе?
▷ (қараңыз „Аккумуляторды зарядтау (А суретін қараңыз)“, Бет 185)
Шаң жинағышты жүйелі түрде босату және сүзгіні тазалау онтайлы сору қуатын қамтамасыз етеді.
Егер сору қуаты жетілмесе, шаңсорғышты қызмет көрсету шеберханасына апару керек.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев к-сі, 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
190|Қазақ
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай етіп ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Шаңсорғыш, аккумуляторлар, жабдықтар мен орамалар қоршаған ортаны сақтайтын ретте кәдеге жаратуға апарылуы керек.
Аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропа 2012/19/ЕО ережесі бойынша жарамсыз сорғыштар және Еуропа 2006/66/ЕС ережесі бойынша зақымдалған немесе ескі аккумуляторлар/батареялар бөлек жиналып, кәдеге жаратылуы қажет.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 190).