GWS 18V125 PC - бұрыштық тегістеуші BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GWS 18V125 PC BOSCH PDF форматында.

BOSCH GWS 18V125 PC - бұрыштық тегістеуші
📄 381 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GWS 18V125 PC - page 248
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Бренд Bosch
Модель GWS 18V-125 PC
Санат Сымсыз бұрыштық тегістеуіш
Номиналды кернеу 18 В
Номиналды айналу жылдамдығы 9000 айн/мин
Дөңгелектің макс. диаметрі 125 мм
Шпиндель жіптері M14
Салмағы (EPTA бойынша) 2,4 - 2,8 кг (батарея мен тұтқаға байланысты)
Қоректену Литий-ионды 18 В батарея (Ұсынылатын GBA 18V... немесе ProCORE18V...)
Ұсынылатын зарядтағыштар AL 18.., GAL3680
Қорғаныс Кері соққы кезінде тоқтау, Күтпеген іске қосудан қорғау
Триггер көрсеткіші Құлыптан босату рычагімен Қосу/Өшіру ажыратқышы
Шпиндельді бұғаттау Иә, керек-жарақты ауыстыру үшін
Қосылу мүмкіндігі Bluetooth® Low Energy GCY 30-4 модулімен үйлесімді (қосымша)
Температура диапазоны (жұмыс) 0-ден +45 °C-қа дейін
Температура диапазоны (сақтау) -20-дан +50 °C-қа дейін
Қолдану аясы Металл мен тасты тегістеу, кесу, құмдау, щеткамен тазалау
Күтім Жұмсақ щеткамен желдету саңылауларын тазалау; кез келген күтім алдында батареяны алып тастау
Қосалқы бөлшектер www.bosch-pt.com сайтында қолжетімді
Жиынтыққа кіретін керек-жарақтар Қосымша тұтқа, тегістеуге арналған қорғаныс қақпағы, штифт кілті, қысу гайкасы
Кепілдік Bosch сатудан кейінгі қызметімен кеңесіңіз

Жиі қойылатын сұрақтар - GWS 18V125 PC BOSCH

Тегістеу дискісін қалай ауыстыруға болады?
Кез келген ауыстыру алдында құралдан батареяны алып тастаңыз. Білікті бұғаттау үшін шпиндельді бұғаттау құрылғысын басыңыз. Штифт кілтімен қысу гайкасын босатыңыз. Дискіні ауыстырыңыз, содан кейін гайканы мықтап бұраңыз. Қолданар алдында дискінің еркін айналатынын тексеріңіз.
Қандай батарея түрін қолдану керек?
Тек Bosch Литий-ионды 18 В GBA 18V... немесе ProCORE18V... сериясындағы батареяларды қолданыңыз. Ұсынылатын зарядтағыштар AL 18.. және GAL3680 үлгілері. Үйлесімсіз батареяларды ешқашан қолданбаңыз.
Күтпеген іске қосудан қорғауды қалай белсендіруге болады?
Күтпеген іске қосудан қорғау автоматты түрде жұмыс істейді. Қуат үзілсе (мысалы, батареяны ауыстыру), құрал өздігінен қайта іске қосылмайды. Оны қайта іске қосу үшін Қосу/Өшіру ажыратқышын өшіру күйіне қойып, содан кейін қайта қосыңыз.
Құрал қызып кеткенде не істеу керек?
Құрал қызып кетуден тоқтаса, шамадан тыс жүктелу көрсеткіші қызыл түске енеді. Құралды ашық ауада салқындатыңыз, қажет болса бірнеше минут бос жүрісте жұмыс істетіңіз. Қайталануын болдырмау үшін жүктемені азайтыңыз.
Бұрыштық тегістеуішті қалай тазалау керек?
Кез келген тазалау алдында батареяны алып тастаңыз. Желдету саңылауларын жұмсақ құрғақ щеткамен үнемі тазалаңыз. Су немесе еріткіштерді қолданбаңыз. Құралды құрғақ және таза жерде сақтаңыз.
Бұл тегістеуішті кесу стендімен қолдануға бола ма?
Жоқ, бұл үлгі үшін кесу стендін пайдалануға рұқсат етілмейді. Құрал қосымша тұтқамен қолда ұсталуы керек.
Bluetooth модулін қалай қосуға болады?
GWS 18V-125 PC үлгісі Bluetooth® Low Energy GCY 30-4 модулімен үйлесімді (бөлек сатылады). Орнату үшін қақпақты (9) алып, модульді салыңыз. Модуль нұсқаулығын орындап, ұялы терминалмен жұптастырыңыз.
Қандай кесу керек-жарақтарын қолдануға болады?
Ең жоғары диаметрі 125 мм, фланецке сәйкес саңылауы бар тегістеу және кесу дискілерін (M14) пайдалануға болады. Сондай-ақ тиісті қорғаныс қалқанын орнату шартымен құмдау табақтарын, металл щеткаларды және пластина щеткаларын қолдануға болады.
Айналу жылдамдығын қалай реттеуге болады?
GWS 18V-125 PC үлгісінде жылдамдықты таңдау мүмкіндігі жоқ. Номиналды жылдамдық тұрақты 9000 айн/мин. Айнымалы жылдамдық үшін GWS 18V-125 PSC үлгісін таңдаңыз.
Қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Қосалқы бөлшектер www.bosch-pt.com сайтында немесе Bosch сатудан кейінгі қызметінде қолжетімді. Тапсырыс беру үшін атау тақтайшасындағы 10 таңбалы бұйым нөмірін дайындаңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GWS 18V125 PC BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бұрыштық тегістеуші PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GWS 18V125 PC - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GWS 18V125 PC брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GWS 18V125 PC BOSCH

Пайдалану нұсқаулығының

ТҮПНҰСҚАСЫ

ro Instrucțiuni originale

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндіру мерзімі нұсқаулықтың соңғы бетінде көрсетілген. Импорттаушыға қатысты байланыс мәліметі қаптамада берілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.

Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі

  • Тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
  • Жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
  • Корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз
  • Көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
  • Қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз

Шекті күй белгілері

- ток сымының тозуы немесе зақымдануы - өнім корпусының зақымдалуы

Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сактау

  • Құрғақ жерде сақтау керек
  • Жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
  • Сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
  • Орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз

Тасымалдау

  • Тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
  • Тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.

BOSCH GWS 18V125 PC - Тасымалдау - 1

BOSCH GWS 18V125 PC - Тасымалдау - 2

250|Қазақша

Қауіпсіздік нұсқаулары

Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары

ЕСКЕРТУ Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған "Электр құрал" атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабельмен) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабельсіз) қатысы бар.

Жұмыс орнының қауіпсіздігі

Жұмыс орнын таза және жақсы жарықтандырылған күйде ұстаңыз. Тәртіпсіз немесе жарықсыз жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін. Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиналған жарылыс қаупі бар ортада электр құралын пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып, шаң немесе буларды тұтандыруы мүмкін. Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар мен басқа адамдарды қашық ұстаңыз. Жұмыс кезінде құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.

Электр қауіпсіздігі

Электр құралының штепсель айыры розеткаға сыйымды болуы керек. Айырды ешқандай өзгертуге болмайды. Жерге қосылған электр құралдарымен ешқандай адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр тогының соғу қаупін төмендетеді. ▶ Құбыр, жылытатын жабдық, плита және тоңазытқыш сияқты жерге қосылған құралдардың сыртына тимеңіз. Егер денеңіз жерге қосылған болса, электр тогының соғу қаупі артады. Электр құралдарын жаңбырдан, ылғалдан сақтаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тогының соғу қаупін арттырады. Электр құралын алып жүру, іліп қою немесе айырын розеткадан шығару үшін кабельді пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір жиектерден немесе құралдың қозғалатын бөліктерінен алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тогының соғу қаупін арттырады. Электр құралымен ашық жерде жұмыс істесеңіз, тек сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдалану электр тогының соғу қаупін төмендетеді. Электр құралын ылғалды ортада пайдалану қажет болса, автоматты ажыратқышты пайдаланыңыз. Автоматты

ажыратқышты пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.

Адамдар қауіпсіздігі

Сак болып, не істеп жатқаныңызға айрықша көңіл бөліп, электр құралын ретімен пайдаланыңыз. Шаршаған жағдайда немесе еліткіш, алкоголь немесе дәрі әсері астында электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралды пайдалануда секунттық абайсыздық қатты жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан сақтайтын бетенке, сақтайтын шлем немесе құлақ сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию жарақаттану қаупін төмендетеді. ► Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр құралын токқа және/немесе аккумляторға қосуда, оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе құрылғыны қосулы күйде токқа қосу, жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін. ▶ Электр құралын қосудан алдын реттейтін аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз. Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт жарақаттануларға алып келуі мүмкін. ▶ Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ бақылайсыз. Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге тиюі мүмкін. ▶ Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс пайдаланылуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.

Электр құралдарын пайдалану және күту

▶ Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз.

BOSCH GWS 18V125 PC - Электр құралдарын пайдалану және күту - 1

Қазақша | 251

Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.

Аккумуляторды пайдалану және күту

  • Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады. Электр құралдарына арналған аккумуляторларды ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін. Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.

Қызмет

Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.

Бұрыштық тегістеу машиналарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Терістей, ереуік қағазбен терістей, сымды щеткалармен жұмыс жасау және терістей шеңберін пайдаланудағы жалпы қауіпсіздік ережелері

Бұл электр құралы тегістеу машинасы ретінде, егеуқұм қағазымен, сымды щеткамен жұмыс істеуге және тегістеу-кесу машинасы ретінде пайдалануға арналған. Құрылғымен бірге алған барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын, ескертпелерді, суреттер мен деректерді сақтаңыз. Төмендегі нұсқаулықтарды орындамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін. ▶ Бұл электр құралы жылтыратуға арналмаған. Электр құралын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті және жарақаттар тудыруы мүмкін. ▶ Осы электр құралына арналмаған және өндірушімен ұсынылмаған жабдықтарды пайдаланбаңыз. Электр құралында берік бекіту мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді. ▶ Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген айналымдар саны кемінде электр құралында белгіленген максималды айналымдар санына сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін. Жұмыс құралының сыртқы диаметрі және қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне сәйкес болуы керек. Өлшемдері қате анықталған салынған бөлшек жеткілікті қорғалмайды және бақылаудан шығуы мүмкін. ▶ Ирек оймалы тесіктері бар тегістеу шеңберлері тегістеу шпинделінің ирек оймасына дәл келуі керек. Фланец көмегімен орнатылған құралдарды пайдаланғанда құрал тесігінің диаметрі фланец диаметріне сәйкес келуі керек. Электр құралда дұрыс тұрмаған жұмыс құралдары соғылып айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін. ▶ Бұзылған алмалы-салмалы аспапты пайдаланбаңыз. Жұмыс құралдарында, мысалы, тегістеу шеңберлерінде, әр пайдалану алдында сынықтар және жарықтар, тегістеу тәрелкелерінде сынықтар, өтпес болып қалу және қатты тозу бар-жоғын, сымды щеткаларда бекітілмеген және сынған сымдар бар-жоғын тексеріңіз. Электр құралын немесе алмалы-салмалы аспапты түсіріп алсаңыз, оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған алмалы-салмалы аспапты пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы аспапты тексеріп пайдалану кезінде өзіңіздің және өзге адамдардың айналатын алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде тұрғанында ғана электр құралын бір минут ішінде максималды айналымдар санында қосыңыз.

Зақымдалған алмалы-салмалы аспаптар осы тексеру кезінде бұзылады.

Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз. Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш қолғапты, алжапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет. Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс көзіңде пайда болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты шуылда көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін. Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс кеңістігінен тыс жерде де зақым келтіруі мүмкін. ▶ Алмалы-салмалы аспаптың жасырын ток сымына тию ықтимал жұмыстарды орындауда құралды тек оқшауландырылған тұтқасынан ұстаңыз. Ток өтетін сымға тию металлды құрал бөлшектеріне ток беріп, соғуына алып келуі мүмкін. ▶ Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша электр құралын босатушы болмаңыз. Айналып тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп, электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін. Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы болмаңыз. Кездейсоқ тию арқылы айналып тұрған алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді ауыр жарақаттауы мүмкін. Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр қауілін тудыруы мүмкін. Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл материалдарды жандыруы мүмкін. Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына әкелуі мүмкін.

Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының ережелері

▶ Кері соққы сыналанып, тұрып қалған немесе айналып жатқан орнатылған құралдың, мысалы, тегістеу шеңберлерінің, тегістеу тарелкаларының, сымды щеткалардың және т. б. кенет реакциясының нәтижесі болып табылады. Тұрып қалу немесе сыналану айналып жатқан құралдың кенет тоқтап қалуына әкеледі. Бұл кезде бақыланбайтын құрал бұғатталу орнында жұмыс құралының айналу бағытына қарсы жылдамдайды.

Тегістеу шеңбері бұғатталса немесе дайындамада тұрып қалса, онда дайындамаға кірізілген тегістеу шеңберінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде шеңбердің дайындамадан ыршуына немесе кері соққыға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бұғатталу орнындағы шеңбердің бағытына байланысты тегістеу шеңбері

операторға немесе одан әрі қозғалады. Тегістеу шеңбері сынуы мүмкін. Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың немесе оператор қатесінің салдары болып табылады. Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын қолдану арқылы болдырмауға болады.

Электр құралды берік ұстаңыз, денеңіз кері соққыларды ұстап қалатындай қалыпта болуы керек. Айналымдар артқан кезде кері соққыларға немесе реакциялық моменттерге мүмкіндігінше жақсы қарсы тұру үшін бар болса қосымша тұтқаны пайдаланыңыз. Оператор тиісті сақтық шараларының көмегімен кері соққыларға және реакциялық моменттерге қарсы тұра алады. ▶ Қолыңыз айналып жатқан құралдың жанында болмауы керек. Кері соққы кезінде құрал қолыңызға жылжуы мүмкін. ▶ Кері соққы кезінде электр құрал жылжитын аумақтан ары тұрыңыз. Кері соққы электр құралды бұғатталу орнындағы тегістеу шеңберінің қозғалысына кері бағытта жылжытады. ► Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т. б. әсіресе абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының дайындамадан ыршуын және сынапануын болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде сынапануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері соққыны тудырады. ▶ Аралау шынжырларын және аралау полотносын пайдаланбаңыз. Мұндай жұмыс құралдары жиі кері соққының немесе электр құралды бақылауды жоғалтудың себебіне айналады.

Тегістеу және кесу туралы арнайы нұсқаулар

▶ Тек осы электр құралына арналған қорғағыш қаптамаларды ғана пайдаланыңыз. Электр құралыңызға арналмаған абразивті құралдар жеткілікті жабылмайды және қауіпті болуы мүмкін. ▶ Қорғаныш қаптамасының диаметрі ұсынылған трамаға сәйкес келуі керек. Қорғаныш қаптамасы электр құралына берік бекітілген, ажарлауыш шарықтың ең кіші бөлшегі пайдалану тиіс үшін қауіпсіздік деңгейінің ең жоғары көрсеткішіне сай реттелген болуы керек. Қорғаныш қаптамасы пайдаланушыны сынған бөлшектерден, ажарлауыш шарығының кездейсоқ тиюінен және киімді жағып жіберуі мүмкін ұшқындардан қорғайды. Абразивті құралдарды тек ұсынылатын жұмыстар үшін пайдалану керек. Мысалы: ешқашан кесу шеңберінің бетін тегістемеңіз. Кесу шеңберлері материалды жиектеп алуға арналған. Бүйірлік күштер әсер етсе осы абразивті құрал сынуы мүмкін.

Әрқашан зақымдалмаған, таңдалған тегістеу шеңбері үшін өлшемдері және пішіні дұрыс қысқыш фланецтерді пайдаланыңыз. Дұрыс фланецтер тегістеу шеңбері үшін тірек болып табылады және оның сыну қаупін азайтады. Кесу шеңберлеріне арналған фланецтер тегістеу шеңберлеріне арналғаннан ерекшеленуі мүмкін. Үлкен электр құралдардың тозған тегістеу шеңберлерін пайдаланбаңыз. Үлкен электр құралдарға арналған тегістеу шеңберлері шағын электр құралдардың жоғары айналу жылдамдықтарына арналмаған және сынуы мүмкін.

Тегістеу шеңберімен кесуге қатысты қауіпсіздік техникасы туралы қосымша ерекше нұсқаулар

Кесу шеңберінің бұғатталуын немесе артық басу қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесулерді орындамаңыз. Кесу шеңберіне артық жүктеме түсіру оның еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және осылайша кері соққының немесе абразивті құралдың сынуы мүмкіндігін арттырады. Айналатын шеңбердің алдындағы және артындағы аймаққа жақындамаңыз. Кесу шеңберін дайындамада өзіңізден ары жүргізсеңіз, онда кері соққы жағдайында айналып жатқан шеңбер бар электр құрал сізге ыршуы мүмкін. Кесу шеңбері сыналанып қалса немесе жұмыс үзілісінде электр құралды өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан шеңберді кесілген жерден шығаруға ешқашан тырыспаңыз, бұл кері соққыға әкелуі мүмкін. Сыналану себебін анықтаңыз және жойыңыз. ▶ Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы, дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі мүмкін. Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу керек. ▶ Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Ендірілетін кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр сымдарына және басқа нысандарға тиюі, бұл кері соққыға әкелуі мүмкін.

Егеуқұм қағазымен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы арнайы нұсқаулар

▶ Өлшемі үлкенірек егеуқұм қағазын пайдаланбаңыз, өндірушінің егеуқұм қағазының өлшемдеріне қатысты нұсқауларын басшылыққа алыңыз. Тегістеу тәрелкесінің жиетінен шығып тұрған егеуқұм қағазы сыналанудың, жарықтардың, тегістеу шеңберлерінің сынуының себебі болуы мүмкін немесе кері соққыға әкелуі мүмкін.

Сымды қылшақты (щетканы) пайдаланудағы арнайы қауіпсіздік нұсқаулықтары

▶ Сымды қылшақтың әдеттегі пайдалануда да сым жоғалтуын есте сақтаңыз. Сымдарды қатты басып артық жүктемеңіз. Шашылып тұрған сымдар киім және/немесе теріге қадалуы мүмкін. Қорғаныш қаптамасының сымды қылшақпен жанасуына жол бермеңіз. Тәрелке және тостаған тәрізді щеткалардың диаметрі басу қысымының және центрифугалық күштердің әсерінен артуы мүмкін.

Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.BOSCH GWS 18V125 PC - Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары - 1

Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек ұйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. ▶ Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады. ▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.

BOSCH GWS 18V125 PC - Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары - 2

Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.

  • Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch өніміңізде пайдаланыңыз. Тек осы жағдайда аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден қорғалған болады. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. ▶ Абай болыңыз! Электр құралын Bluetooth® пен пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен жануарларға зиян келтіру қаупін толық жою мүмкін емес. Электр құралын Bluetooth® пен медициналық құралдар, бензин құю станциялары, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі

BOSCH GWS 18V125 PC - Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары - 3

бар аймақтар және жарылатын аймақтар жақынында пайдаланбаңыз. Bluetooth® бар электр құралын ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.

Bluetooth сөз белгісі сурет белгісімен (логотиптер) бірге Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген тауарлық белгісі және мүлігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісін Robert Bosch Power Tools GmbH арқылы пайдалану лицензия негізінде орындалады.

Өнім және қызмет сипаттамасы

BOSCH GWS 18V125 PC - Өнім және қызмет сипаттамасы - 1

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға апаруы мүмкін.

Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.

Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы суды пайдаланбай металдан және тастан жасалған материалдарды кесуге, сыдырып алуға және щеткамен өңдеуге арналған.

Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін кесуге арналған арнайы қорғағыш қаптаманы пайдалану керек. Тасты кесу үшін жеткілікті шаңды соруды қамтамасыз ету керек.

Арнайы тегістеу құралдарымен тіркесімде электр құралды егеуқұм қағазымен тегістеу үшін пайдалануға болады. Электр құралының деректері мен параметрлерін Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4 орнатылғанда Bluetooth® радиотехнологиясы электр құралы мен мобильді соңғы құрал арқылы тасымалдауға болады.

GWS 18V-125 PSC:

Осы электр құралының жарығы электр құралының тікелей жұмыс жайын жарықтандыруға арналған болып үйде бөлмені жарықтандыруға арналмаған.

Бейнеленген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.

1 Корғағыш қаптамаға арналған бұғаттаудан шығару ілгектігі

2 Корпустағы айналу көрсеткіші

3 Шпиндельді бекіту түймесі

4 Пайдаланушы интерфейсі (GWS 18V-125 PSC)

5 Қосқыш/өшіргіш

6 Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған)

7 Ажарлау шпинделі

8 Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама

14 Тегістеу шеңбері*

15 Қысқыш гайка

16 Тез қысқыш гайка SDS4elic

17 Кесуге арналған қорғағыш қаптама*

18 Кесу шеңбері*

19 Қолды қорғау қалқаны*

20 Резенке тірек тегістеу тәрелкесі*

21 Егеукум қағазы

22 Дөңгелек гайка*

23 Тостаған тәрізді қылшақ*

26 Тұтқа (беті оқшауландырылған)

27 Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш қаптама *

29 Аккумулятор зарядтау күйінің көрсеткіші (пайдаланушы интерфейсі)

30 Айналымдар санын алдын ала таңдау көрсеткіші (пайдаланушы интерфейсі)

32 Электр құралының күйі көрсеткіші (пайдаланушы интерфейсі)

33 Артық жүктемеден қорғау көрсеткіші (пайдаланушы интерфейсі)

34 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторының пернесі (GBA 18V 6.3Ah/ProCORE18V...)

35 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы (GBA 18V 6.3Ah/ProCORE18V...)

37 Алмасты бұрғы басы*

*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.

BOSCH GWS 18V125 PC - Бейнеленген құрамды бөлшектер - 1

BOSCH GWS 18V125 PC - Бейнеленген құрамды бөлшектер - 2

Қазақша|255

Техникалық мәліметтер

Бурыштык тегістеу машинасыGWS 18V-125 PCGWS 18V-125 PSC
Өнім нөмірі3 601 JG3 E.. 3 601 JG3 F..
Жұмыс кернеуіB=18
Номиналды айналым санымин -1 9000 9000
Бос айналу сатімин -1 -4500 - 9000
Тегістеу шенберінің ең үлікен диаметрімм 125 125
Тегістеу шпинделінің ирек оймасыM 14 M 14
Шлиндель ирек оймасының ең көп ұзындығымм 22 22
Кері сокқы кезіндегі өшіру жүйесі
Қайта қозғалу сақтағышы
Айналымдар санын таңдау- ●
EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай салмағы- вибрацияларды жоюға арналған қосымша түтқасы бар- стандартты қосымша түтқасы баркгкг2,6 - 2,8°2,4 - 2,6°2,6 - 2,8°2,4 - 2,6°
Руксат етілген қоршау температурасы- з а р я д т а у д а- п а й д а Лімен құқтауда°C°C0...+45-20...+500...+45-20...+50
ұсынылған аккумуляторлерGBA 18V...GBA 18V...WProCORE18V...GBA 18V...GBA 18V...WProCORE18V...
ұсынылатын зарядтау құралдарыAL 18..GAL 3680AL 18..GAL 3680
индукциялық аккумуляторлар үшін ұсынылған зарядтау құралдарыGAL 18... WGAL 18... W
Деректерді тасымалдау
Bluetooth®Bluetooth® 4.2(энергия кем)A)Bluetooth® 4.2(энергия кем)A)
Сигнал интервалы8 c8 c
Сигнал жететін қашықтықмаксималды 30 мB)максималды 30 мB)

* пайдаланылған аккумуляторға байланысты “<0°C” температураларда шектелген қуат. A) Мобильді соңғы құрылғылар Bluetooth® төмен қуат құрылғыларымен (4.1 нұсқасы) үйлесімді болуы және Generic Access Profile (GAP) қолдауы тиіс. B) Жететін қашықтық сыртқы шарттарға байланысты реттеледі, сонымен бірге пайдаланылған қабылдау құрылғысына байланысты қатты өзгеруі мүмкін. Жабық бөлмелер ішінде және металл кедергілер (мысалы, қабырғалар, сөрелер, чемодан т.б.) арқылы Bluetooth® жететін қашықтығы қатты қысқаруы мүмкін.

Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат

GWS 18V-125 PC GWS 18V-125 PSC
3 601 JG3 E.. 3 601 JG3 F..
Шу эмиссиясының мәндәрі EN 60745-2-3 бойынша есептелген.
А-мен белгіленген электр күралының дыбыс күші адетте теменdegіге тең болады
Дыбыс күші дөнгейідБ(А)7979
Дыбыстық куат деңгейідБ(А)9090
Өлшеу дәлсіздігі КдБ33
Кулақты корғау күралдарын киңіз!

Bosch Power Tools 1 609 92A 47G | (15.11.17)

256 | Қазақша

GWS 18V-125 PC GWS 18V-125 PSC
Жиынтык діріл мәні aн (уш бағыттың векторлық косындысы) және К дәлсіздігі EN 60745-2-3стандартына сай аныкталған:
Беттік ажарлау (дерекі ажарлау):
aн м/с2 5,05,0
К м/с2 1,51,5
Ажарлау дискімен ажарлау:
aн м/с2 3,53,5
К м/с2 1,51,5

Осы ескертпелерде берілген дірілдеу мәні EN 60745 ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша есептелген болып, электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де жарамды.

Берілген діріл мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін, түрлі керек-жарақтармен, басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтіммен пайдаланылса, дірілдеу мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл қуатын арттырады.

Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты төмендетеді.

Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.

Жинау

Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4 орнатыңыз

Ескертпе: GWS 18V-125 PC электр құралдарында Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4 керек-жарақ ретінде қолжетімді; GWS 18V-125 PSC электр құралдарында ол жинақта бар.

Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4 туралы мәлімет алу үшін жинақтағы пайдалану нұсқаулығын оқыңыз.

▶ Тек керек-жабдықтар бетінде көрсетілген зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішіндегі литий-иондық аккумулятормен сәйкес.

Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау құрылғысында толығымен зарядтаңыз.

Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.

Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.

Аккумулятор заряды жоқ болса, электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.

Электр құралы автоматты түрде өшкеннен соң қосқышты/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Аккумуляторды шешу

Аккумулятордың 7 екі бекіту басқышы бар, олар аккумуляторды ашу пернесі 8 кездейсоқ басылып, аккумулятор түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор электр құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында ұстап тұрады.

BOSCH GWS 18V125 PC - Аккумуляторды шешу - 1

BOSCH GWS 18V125 PC - Аккумуляторды шешу - 2

Аккумуляторды 7 шығару үшін ашу пернесін 8 басып, аккумуляторды электр құралынан алға тартып шығарыңыз. Тартқан кезде күш салмаңыз.

Аккумулятор зарядталу күйі индикаторы (аккумулятор түрі GBA 18V...) (А суретін қараңыз)

Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының 25 үш жасыл жарық диоды аккумулятор 7 зарядталу күйін көрсетеді. Қауіпсіздік салдарынан зарядталу күйін сұрау тек электр құралын тоқтатып орындау мүмкін.

Зарядталу күйін көрсету үшін 24 түймешесін басыңыз. Бұл алынған аккумулятор 7 менен де орындау мүмкін.

Жарық диоды Қуаты

Уздіксіз жарык 3 х жасыл ≥ 2/3
Уздіксіз жарык 2 х жасыл ≥ 1/3
Уздіксіз жарык 1 х жасыл < 1/3
Жыпылықтайтын жарык 1 х жасылРезерв

24 пернесін басқаннан соң ешбір жарық диоды жанбаса, оны алмастыру қажет.

Ескертпе: Аккумулятор зарядтау күйі пайдаланушы интерфейсінде 4 көрсетіледі ("Пайдаланушы интерфейсі" бөлімін қараңыз).

(Аккумулятор түрі GBA 18V 6.3Ah/ProCORE18V...) (В суретін қараңыз)

Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторының 35 бес жасыл жарық диоды аккумулятордың зарядталу күйін көрсетеді. Қауіпсіздік мақсатында зарядталу күйін электр құралын тоқтатып барып орындау мүмкін.

Зарядталу күйін көрсету үшін 34 түймесін басыңыз. Мұны алынған аккумулятормен де орындау мүмкін.

Жарық диоды Қуаты

Уздіксіз жарык 5 х жасыл>80 - 100 %
Уздіксіз жарык 4 х жасыл>60 - ≤80 %
Уздіксіз жарык 3 х жасыл>40 - ≤60 %
Уздіксіз жарык 2 х жасыл>20 - ≤40 %
Уздіксіз жарык 1 х жасыл>0 - ≤20 %
Жыпылыктайтын жарык 1 х жасыл0 %

Ескертпе: Аккумулятор зарядтау күйі пайдаланушы интерфейсінде 4 көрсетіледі ("Пайдаланушы интерфейсі" бөлімін қараңыз).

Қорғаныш жабдықтарын орнату

- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.

Ескертпе: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды "Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері" тарауынан қараңыз.

Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама

BOSCH GWS 18V125 PC - Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама - 1

Қорғағыш қаптаманы 12 электр құралының патронына қорғағыш қаптамасының кодтау жұдырықшалары патронға сәйкес келгенше салыңыз. Бұғаттаудан шығару ілгін 1 басып ұстаңыз.

Шпиндель мойнындағы қорғағыш қаптаманы 12 басып, қаптамадағы буртикті электр құралдың фланеціне отырғызыңыз және қорғағыш қаптаманы шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.

Қорғағыш қаптаманы 12 жұмыс процесінің талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудың шығару ілгін 1 жоғары басыңыз және қорғағыш қаптаманы 12 қажет күйге бұрыңыз.

► Қорғағыш қаптаманы 12 3 қызыл жұдырықша барлығы бұғаттаудан шығару ілгінде 1

қорғағыш қаптаманың 12 тиісті ойықтарына кіретін етіп орнатыңыз.

► Қорғағыш қаптаманы 12 оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз. ► Қорғағыш қаптама 12 бұғаттаудан шығару ілгіні 1 пайдаланғанда ғана бұрылуы керек! Әйтпесе құралды ары қарай пайдалану мүмкін емес және сервистік қызметке тапсыру керек.

Нұсқау: Қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары 12 тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды қамтамасыз етеді.

Кесуге арналған қорғағыш қаптама

▶ Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін әрқашан кесуге арналған қаптаманы 17 пайдаланыңыз.

▶ Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.

Қорғағыш қаптама 17 сонымен бірге тегістеуге арналған қорғағыш қаптама 12 ретінде де орнатылады.

Бағыттауыштар көмегімен кесуге арналған қорғағыш қаптама

Бағыттауыштары 27 бар қорғағыш қаптама тегістеуге арналған қорғағыш қаптама 12 ретінде де орнатылады.

Қосымша тұтқа

Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа 10 мен пайдаланыңыз.

Қосымша тұтқаны 10 редукторлық бастың оң жағында немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.

Дірілдеуді бәсендететін қосымша тұтқа

Дірілді бақылау

Дірілдеуді бәсендететін қосымша тұтқа дірілдеуі аз қолайлы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

▶ Қосымша тұтқаны өзгертпеңіз.

Зақымдалған қосымша тұтқаны пайдаланбаңыз.

Қол қорғағышы

Резеңке тегістеу тәрелкесімен 20 немесе тостаған тәрізді қылшықпен/дискілік щеткамен/жапырақ тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын 19 орнатыңыз.

Қол қорғағышын 19 қосымша тұтқа 10 көмегімен бекітіңіз.

Ажарлауыш құралдарын орнату

- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.

▶ Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.

Тегістеу шпинделін 11 және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.

Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін 3 басып, шпиндельді бекітіңіз.

▶ Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдау мүмкін.

Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері

Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.

Алмас кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмас кесу шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткісі электр құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редукторлық бастағы көрсеткіні қараңыз).

Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.

Тегістеу/кесу шеңберін бекіту үшін қысқыш гайканы 15 орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі бар дөңгелек гайкаларға арналған кілтпен бұрап бекітіңіз, "Тез қысқыш гайка" тарауын қараңыз.

Ажарлау аспабының қатты тұруына көз жеткізіңіз, осылай ол электр құралының шығысында шпиндельден шығып кетпейді.

▶ Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.

BOSCH GWS 18V125 PC - Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері - 1

Ортаға келтіретін буртиктің тірек фланецінде 13 пластмасса бөлішек (дөңгелек қимасы бар сақина) бар. Дөңгелек қимасы бар сақина жоқ немесе зақымдалған болса, әрі қарай пайдаланбай тұрып тірек фланецті 13 міндетті түрде ауыстыру керек.

Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері

Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстарда әрқашан қол қорғағышын 19 пайдаланыңыз.

Резеңке тегістеу тәрелкесі

▶ Резеңке тегістеу тәрелкесімен 20 жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын 19 киіңіз.

Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген. Дөңгелек гайканы 22 орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі бар дөңгелек гайкаларға арналған кілтпен бекемдеңіз.

Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақ

▶ Тостаған тәрізді қылшақтармен орындалатын жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын 19 орнатыңыз.

Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.

Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақты шпиндельге шпиндель фланеці шпиндель ирек оймасына тығыз тақалып тұратындай бұрап бекіту керек. Айыр тәрізді кілтпен тостаған тәрізді/дискілік қылшақты бекемдеңіз.

Тез қысқыш гайка SDS-clic (M14)

Құралдарды пайдаланусыз тегістеу құралын оңай ауыстыру үшін қысқыш гайканың 15 орнына тез қысқыш гайканы 16 пайдалануға болады.

▶ Тез қысқыш гайканы 16 тек тегістеу және кесу шеңберлері үшін пайдалануға рұқсат етіледі. ▶ Тек дұрыс, зақымдалмаған тез қысқыш гайканы 16 пайдаланыңыз. ▶ Бұрап бекіту кезінде жазбасы бар тез қысқыш гайка 16 беті тегістеу шеңберіне қарап тұруын қадағалаңыз; көрсеткі индекстік белгіге 38 нұсқауы керек.

38

Тегістеу шпинделін 3 бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін басыңыз. Тез қысқыш гайканы бекемдеу үшін тегістеу шеңберін күш салып сағат тілімен бұрыңыз.

BOSCH GWS 18V125 PC - Тез қысқыш гайка SDS-clic (M14) - 2

Дұрыс бекітілген, зақымдалмаған тез қысқыш гайканы сақинаны сағат тіліне кері бұру арқылы бұрап алуға болады.

Ешқашан қатты

бекемделген тез қысқыш гайканы тістеуікпен бұрап алмаңыз, екі бүйірлік тесігі бар гайка кілтін пайдаланыңыз. Гайка кілтін суретте

көрсетілгендей екі бүйірлік тесігімен орнатыңыз.

Жарамды тегістеу құралы

Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу құралдарын пайдалануға болады.

Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген айналымдар саны [мин 1 ] немесе айналу жылдамдығы [м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен болмауы керек.

Сондықтан тегістеу құралының жапсырмасында көрсетілген рұқсат етілген айналымдар санын немесе айналу жылдамдығын сақтаңыз.

Қазақша | 259

BOSCH GWS 18V125 PC - Жарамды тегістеу құралы - 1

BOSCH GWS 18V125 PC - Жарамды тегістеу құралы - 2

125722,2900080

BOSCH GWS 18V125 PC - Жарамды тегістеу құралы - 3

125--900080

BOSCH GWS 18V125 PC - Жарамды тегістеу құралы - 4

75 30 M 14 9000 45

BOSCH GWS 18V125 PC - Жарамды тегістеу құралы - 5

82-M14 900080

Редукторлық басты бұру (GWS 18V-125 PC)

- Аккумуляторды электр құралымен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралын тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.

BOSCH GWS 18V125 PC - Редукторлық басты бұру (GWS 18V-125 PC) - 1

Редукторлы бастиекті 90° қадаммен бұруға болады. Осылай қосқыш/өшіргішті арнайы жұмыс жағдайларына, мысалы солақайлар үшін оңтайлы басқару күйіне келтіруге болады. 4 бұранданы толығымен бұрап босатыңыз. Редукторлық басты

корпустан алмастан жаңа күйге жайлап бұрыңыз. 4 бұранданы берік бекітіңіз.

Шаңды және жоңқаларды сору

► Кейбір материалдардың шаңы, мысалы, бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металдар денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек. - Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз; - Р2 сүзгі сыныпандағы газқағарды пайдалану ұсынылады.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Пайдалану

Пайдалануға ендіру

Зарядталған аккумуляторды 7 алдынан электр құралының тұтқасына аккумулятор бекем бұғатталғанша салыңыз.

Қосу/өшіру

BOSCH GWS 18V125 PC - Қосу/өшіру - 1

Электр құралды іске қосу үшін 6 босату тұтқышын алға жылжытып, қосқыш/өшіргішті 5 жоғарыға басыңыз. Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 5 жіберіңіз.

Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек пайдаланарда қосыңыз.

▶ Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.

Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі

BOSCH GWS 18V125 PC - Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі - 1

Электр құралы кенет кері соқса, мысалы, кесетін жерде сыналану кезінде, қозғалтқышқа қуат беру тоқтатылады. Онда жарық диодтық жұмыс шамы 36 ақ түсте ал күй көрсеткіші 32 қызыл түсте жанады.

Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 5 өшірілген күйге келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.

Қайта қозғалу сақтағышы

Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.

Қайта іске қосылудан қорғаныс белсенді болса күй көрсеткіші 32 қызыл түсте жанады.

Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 5 өшірілген күйге келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.

Пайдаланушы интерфейсі (D суретін қараңыз)

Пайдаланушы интерфейсі 4 электр құралының

айналымдар санын алдын ала таңдауға және күйін көруге

көмектеседі.

Айналымдар санын алдын ала таңдау түймесімен 31 керекті айналымдар санын жұмыс істеген кезде де алдын ала таңдауға болады.

Төмендегі кестеде ұсынылған көлемдер берілген.

МатериалПайдалануЖумыс куралыАйналымдар санын алдын ала тандау басқышыGWS 18V-125 PSC [мин 1 ]
МеталҚылшакпен еңдеу, тотты кетіруТостаған тәрізді қылшақ14500
Тот баспайтын болатАжарлауФибралық шайба26000
МеталСыдырып тегістеуТегістеу шеңбері39000
МеталКесуКесу дискісі39000
ТасКесуАлмастық кесу шеңбері және бағыттауыштар (тау жыныстарын тек бағыттауыштармен бірге кесуге болады)39

Берілген айналымдар санының мәндері бағыттама мәндер болады.

▶ Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген айналымдар саны кемінде электр құралында

белгіленген максимальды айналымдар санына сәйкес болуы керек. Руксат етілгеннен жылдам айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.

Күй көрсеткіштері

Аккумулятор зарядтау куйнің көрсеткіші (пайдаланушы интерфейсі) 29Магынасы/себебіШешімі
жасылАккумулятор зарядталған
сарыАккумулятор босАккумуляторды жылдам алмастыру немесе зарядтау
қызылАккумулятор босАккумуляторды алмастыру немесе зарядтау
Артық жуктемеден корғау көрсеткіші (пайдаланушы интерфейсі) 33Магынасы/себебіШешімі
сарыШектік температура жетілді (мотор, электроника, аккумулятор)Электр күралын бос жүрісте істетіп, суытыңыз
қызылЭлектр күралы кызып кеткен болып өшедіЭлектр күралын суытыңыз
Электр күралының күйі көрсеткіші (пайдаланушы интерфейсі) 32Магынасы/себебіШешімі
жасылКүйі ОК –
сарыШектік температура жетілді немесе аккумулятор босЭлектр күралын бос жүрісте істетіп, суытыңыз немесе аккумуляторды жылдам алмастырыңыз не болмаса зарядтаңыз
қызыл түсте жанадыЭлектр күралы кызып кеткен немесе аккумулятор босЭлектр күралын суытыңыз немесе аккумуляторды алмастырыңыз не зарядтаңыз

Қазақша | 261

Электр куралының куйі керсеткіші (пайдаланушы интерфейсі) 32Магынасы/себебіШешімі
қызыл түсте жыпылыктайдыКері соғу өшүй немесе қайта іске қосылудан қорғау іске қосылдыЭлектр куралын өшіріп қайта қосу
кәк жыпылыктайдыЭлектр куралы мобильді соңғы құрылғымен байланыста немесе параметрлер еткізіліп түр

Байланыс функциялары

Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4 байланысты төмендегі байланыс функциялары электр құралы үшін қолжетімді болады:

- Тіркеу және даралау

- Күйді тексеру, ескерту хабарларын шығару

- Жалпы мәліметтер мен параметрлер

- Басқару

Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4 туралы мәлімет алу үшін жинақтағы пайдалану нұсқаулығын оқыңыз.

▶ Электр құралы орнатылған Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4 радиоинтерфейспен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз. ▶ Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз, "Статика туралы нұсқаулар" тарауын қараңыз. ▶ Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе, дайындаманы бекітіңіз. ▶ Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз. Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз. ▶ Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады. ▶ Электр құралды абразивті-кесу станинада пайдаланбаңыз.

Егер электр құралы электростатикалық ретте зарядталса, орнатылған электроника электр құралын өшіреді.

Электр құралды іске қосу үшін 6 босату тұтқышын алға жылжытып қосқыш/өшіргішті 5 жоғарыға басыңыз.

Сыдырып тегістеу

▶ Ешкашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін пайдаланбаңыз.

30° – 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және арналар пайда болмайды.

Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері

Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен (құрал) сонымен бірге дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге болады.

Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберлері әдеттегі тегістеу шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді.

азырақ шу шығарады және тегістеу температурасы азырақ болады.

Металдарды кесу

▶ Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін әрқашан кесуге арналған қаптаманы 17 пайдаланыңыз.

Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.

Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін тоқтатпаңыз.

BOSCH GWS 18V125 PC - Металдарды кесу - 1

бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі туындайды.

Профильдерді немесе төрт қырлы

құбырларды кесу кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.

Тасты кесу (С суретін қараңыз)

▶ Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз. ▶ Шаңтұтқыш маскасын киіңіз. ▶ Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу үшін пайдалануға болады.

Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн. Бағыттауыштары бар қорғағыш қаптаманы пайдалану үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты пайдалану керек. Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.

BOSCH GWS 18V125 PC - Тасты кесу (С суретін қараңыз) - 1

Электр құралды өшіріңіз және

бағыттауыштардың алдыңғы бөлігімен

бөлшекке орнатыңыз, электр құралды

біркелкі, материалға сай келетін берумен жылжытыңыз.

Құрамында қыршық тас өте көп аса қатты материалдарды, мысалы, бетонды, өңдеу кезінде алмас шеңбер қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас шеңбердегі ұшқындар осыны білдіреді. Бұл жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас шеңберді бос жүрісте, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт бойы салқындатыңыз.

Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және ұшқындар алмас кесу шеңбері өтпес болып қалғанын білдіреді. Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште, қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.

Статика туралы нұсқаулар

Тірек қабырғалардағы ойықтарға DIN 1053 нормасының 1 тармағы немесе сәйкес елдегі ереже қолданылады. Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен кеңесіңіз.

Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.

Аккумуляторды тек – 20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.

Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ щеткамен мұқият тазалаңыз.

Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.

Кокыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

  • Аккумуляторды электр құралымен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ электр құралын тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.

▶ Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралымен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:

www.bosch-pt.com

Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді.

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады.

ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:

"Роберт Бов" (Robert Bosch) ЖШС

Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы

050012

Мұратбаев к., 180 үй

"Гермес" БО, 7 қабат

Тел.: +7 (727) 331 31 00

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз

Тасымалдау

Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.

Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе кемесі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер маманына хабарласу керек.

Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.

Кәдеге жарату

BOSCH GWS 18V125 PC - Кәдеге жарату - 1

Электр құралдарын, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

BOSCH GWS 18V125 PC - Кәдеге жарату - 2

Электр құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Электр және электрондық ескі құралдар бойынша 2012/19/EU директивасына және 2006/66/EC

нормасына сай жарамсыз электр құралдарды, ақаулы немесе пайдаланылған аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинау керек және экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

Аккумуляторлар/батареялар:

Литий-иондық:

"Тасымалдау" тарауындағы, 262 бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.

Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GWS 18V125 PC

Санат : бұрыштық тегістеуші