GKS 12V26 Professional - Ара BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GKS 12V26 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GKS 12V26 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GKS 12V26 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GKS 12V26 Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.Сақтау – құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ. u Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі
Өлшеу құралы ескерту тақтасымен бірге жеткізілген (өлшеу құралының суретінде графика бетінде (14) нөмірімен белгіленген). u Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіз тіліде болмаса, алғашқы пайдаланудан алдын оның орнына сіздің еліңіз тілінде болған жапсырманы жабыстрыңыз. Лазер сәулесін адам немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылған лазер сәулесіне қарамаңыз. Осылай адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға алып келуі және көзді зақымдауы мүмкін. u Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек. u Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. u Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол лазер сәулесінен қорғамайды. u Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық қорғамай рең көру қабилетін азайтады. u Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. u Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдаланбасын. Олар білмей адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. u Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. u Өлшеу құралын тек салынған USB кабелімен пайдаланыңыз. u Өлшеу құралын сыртқы USB сақтағышы ретінде пайдаланыңыз. u Өлшеу құралымен адам не жануарларды суретке түсірмеңіз, себебі лазер сәулесі тұрақты ретте қосылған болуы мүмкін. Лазер сәулесі қосулы болғанда адамдардың көзін шағылыстыру немесе көзді зақымдау мүмкін. u Дисплей әйнегінің зақымдары анық болса, өлшеу құралын пайдаланбаңыз (мысалы, беттегі сызаттар және т.б.). Жарақат алу қаупі бар. u Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth ® құрылғысымен бірге пайдаланғанда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралынBluetooth® құрылғысымен бірге медициналық құралдар, жанармай бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар және жарылғыш аймақтардың жанында пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын Bluetooth® құрылғысымен бірге ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз. Bluetooth
сөз белгісі сурет белгісімен (логотиптер) бірге Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген тауарлық белгісі және мүлігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісін Robert Bosch Power Tools GmbH арқылы пайдалану лицензия негізінде орындалады. Қазақ | 241 Bosch Power Tools 1 609 92A 4F4 | (22.10.2018)242 | Қазақ 1 609 92A 4F4 | (22.10.2018) Bosch Power Tools Зарядтау құралдары үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары u Бұл зарядтау құралы балалардың, дене немесе ой қабілеттері шектелген, тәжирібесі және білімі аз адамдардың пайдалануына арналмаған. Осы зарядтау құралымен 8 жастан асқан балалардың және дене, сезім, ойлау қабілеттері шектелген не тәжірибесі мен білімі аз адамдардың жүйені қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаусыз және жауапты адамның бақылауынсыз пайдалануы аса қауіпті. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақаттанулар қаупі пайда болады. u Пайдалану, тазалау және қызмет көрсету кезінде балаларға мұқият болыңыз. Балалардың зарядтау құралымен ойнамауына көз жеткізіңіз. Зарядтау құралын жаңбырдан немесе ылғалдықтан қорғаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады. u Өлшеу құралын тек жинақтағы зарядтау құралымен зарядтаңыз. u Зарядтау құралын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы тоқ соғуы қауіпін туындатады. u Әр пайдаланудан алдын зарядтау құралын, кабельді және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз зарядтау құралын пайдаланбаңыз. Зарядтау құралын өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған зарядтау құралы, кабель және айыр электр тоғының соғу қаупін арттырады. u Зарядтау құралын қосулы күйде оңай жанатын беттердің (мысалы, қағаз, мата және т.б.) үстіне қоймаңыз немесе жанғыш заттардың жанында пайдаланбаңыз. Зарядтау кезінде зарядтау құралының қызуы себебінен өрт қаупі пайда болады. u Аккумулятор зақымданған немесе оны дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Өнім және қуат сипаттамасы Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз. Мақсаты бойынша қолдану Өлшеу құралы қашықтықтарды, ұзындықтарды, биіктіктерді, аралықтарды, көлбеулерді өлшеуге және аудан мен аумақтарды есептеуге арналған. Өлшеу нәтижелерін Bluetooth® және USB порты арқылы басқа құрылғыларға тасымалдауға болады. Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға
Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты. (1)
(2) Өлшеу түймесі [ ] (алдында немесе бүйірде пайдалануға болады) (3) Сенсорлық түйме [ ] (4) Плюс түймесі[+] / оңға қарай таңдау (5) Үлкейту пернесі (6) Бау қысқышы (7) Өлшеу штифтін іске қосу пернесі (8) Өлшеу штифті (9) Қосу-өшіру-жою түймесі [ ] (10) Камера пернесі (11) Минус түймесі[−] / солға қарай таңдау (12) Сенсорлық түйме [ ] (13) Функция түйме[Func] (14) Лазер ескерту тақтасы (15) Сериялық нөмір (16) Микро USB төлкесі (17) 1/4" штатив бұрандасы (18) Лазер сәулесінің шығысы (19)
(20) Қабылдау линзасы (21)
(22) Микро-USB кабелі (23) Зарядтау құрылғысы
(24) Қорғайтын қалта (25) Лазер нысандық тақтасы A)(26) Лазер көру көзілдірігі
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Индикатор элементтері (a) Нәтижелер жолағы (b) Нысан көрсеткіші (қиылысу) (c) Еңіс бұрышының көрсеткіші (d)
(e) Өлшеу негізгі жазықтығы (f) Байланыс күйі Bluetooth® іске қосылмаған Bluetooth® іске қосылған, байланыс
(g) Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы (h) Өлшеу көлемдері жолағы (i) Реттеулер (сенсорлық түйме) (j) Таңдалған өлшеу функциясы (k) Ішкі сақтағыш (сенсорлық перне) (l) Кірістірілген анықтама функциясы (сенсорлық
(m) Арқаға (сенсорлық перне) (n) Бастапқы экран (сенсорлық перне) (o) Құрылғы реттеулері Техникалық мәліметтер Сандық лазер қашықтық
GLM 120 C Өнім нөмірі 3 601 K72 F.. Өлшеу аймағы (әдеттегі) 0,08–120 м
Өлшеу аймағы (әдеттегі, қолайсыз жағдай) 0,08–60 м
Өлшеу анықтығы (әдеттегі) ±1,5 мм
Өлшеу дәлдігі (әдеттегі, қолайсыз жағдайда) ±3,0 мм
Ең кіші көрсетілетін
0,5 мм Жанама қашықтық өлшеу мен деңгей Өлшеу диапазоны 0°–360° (4x90°) Көлбеуді өлшеу Өлшеу диапазоны 0°–360° (4x90°) Өлшеу анықтығы (әдеттегі) ±0,2° C)D)E) Ең кіші көрсетілетін
Жұмыс температурасы –10 °C ...+45°C
Сақтау температурасы –20 °C ... +70 °C Сандық лазер қашықтық
GLM 120 C Рұқсат етілген зарядтау температурасы аймағы +5°C ... +40°C Салыстырмалы ауа ылғалдығы макс. 90 % Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000 м дейін Ластану дәрежесі IEC61010-1 бойынша
Лазер класы 2 Лазер түрі 650нм, < 1 мВт Лазер сәулесінің диаметрі (25°C-та) шамамен. – 10м қашықтықта 9мм – 100м қашықтықта 90мм Өшіру автоматикасы шамамен төмендегіден соң – Лазер 20 с – Өлшеу құралы
Салмағы EPTA- Procedure01:2014 құжатына сай 0,21 кг Көлемдер 142 (176) x 64 x 28 мм Қорғаныс түрі IP 54 (шаң және шашырайтын судан
Деректерді тасымалдау Bluetooth® Bluetooth® (4.2 төмен
Жұмыс жиілік амағы 2402 – 2480 МГц Макс. жіберу қуаты 8 мВт Микро-USB кабелі USB 2.0 – Зарядтау кернеуі 5,0 В – Зарядтау тоғы 1000 мА Аккумулятор Li-Ion Жұмыс кернеуі 3,6 В Қуаты 3120 мА-сағ Аккумулятор көздерінің
Зарядталу құралы Өнім нөмірі
Зарядтау уақыты шамамен 5,5 сағ
5,0 В Зарядтау тоғы 1000 мА Қазақ | 243 Bosch Power Tools 1 609 92A 4F4 | (22.10.2018)244 | Қазақ 1 609 92A 4F4 | (22.10.2018) Bosch Power Tools Сандық лазер қашықтық
GLM 120 C Қорғаныс класы / II A) Өлшеу құралының алдыңғы жиегінен өлшегенде, нысананың жоғары шағылысу дәрежесі (мысалы, ақ түспен боялған қабырға), әлсіз фондық жарықтандыру және 25°C жұмыс температурасы үшін қолданылады. Қосымша ±0,05мм/м ауытқуды есепке алу керек. B) Өлшеу құралының алдыңғы жиегінен өлшегенде, нысананың жоғары шағылысу дәрежесі (мысалы, ақ түспен боялған қабырға) және қатты фондық жарықтандыру үшін қолданылады. Қосымша ± 0,15 мм/м ауытқуды есепке алу
C) 0° және 90° шамасында калибрлеген соң. Қосымша көтерілу қателігі макс. ±0,01°/градус және 45° аралығында. Өлшеу дәлдігі еңіс өлшеуді калибрлеудің үш бағытына негізделген, H суретін қараңыз D) 25°C жұмыс температурасында. 1 А USB зарядтау құрылғысымен зарядтау уақыты. Өлшеу құралы өшірулі кезінде жылдамырақ зарядтау. E) Еңісті өлшеу үшін анықтамалық жазықтық ретінде өлшеу құралының сол жағы пайдаланылады. F) Үздіксіз өлшеу режимінде макс. жұмыс температурасы +40°C құрайды. G) тоқ өткізетін ластар үшін емес, бірақ кейде еру арқылы пайда болатын төқ өткізу қабілеті күтіледі H) Автоматты түрде өшу уақытын реттеуге болады (2, 5, 10 минут немесе ешқашан).
I) Bluetooth® төмен энергиялы аспаптарында модель мен
операциялық жүйеге қарай байланыс орнату мүмкін болмайды. Bluetooth® аспаптары GATT профилін қолдауы
Аккумулятордың ұзақ уақыт жұмыс істеуіне қуат үнемдейтін шаралар арқылы қол жеткізуге болады, мысалы, Bluetooth® функциясын қажет болмағанда өшіру немесе дисплей жарықтығын төмендету және т.б. Өлшеу құралының зауыттық тақтайшасындағы сериялық нөмірі (15) оны дұрыс анықтауға көмектеседі. Алғашқы іске қосу Аккумуляторды зарядтау u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. u Басқа өндірушілер зарядтау құралдарын пайдалану өлшеу құралында ақаулықтарға алып келуі мүмкін; жүк көлігінен жоғарырақ кернеу да (мысалы, 12В) осы өлшеу құралын зарядтауға арналмаған. Орындалмаса кепілдік жойылады. u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты зарядтау құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін, оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз. Нұсқау:: Микро USB ұяшығы (16) (микро USB кабелін (22) жалғауға арналған) өлшеу штифті (8) қақпағының астында орналасқан. Қақпақты ашу үшін босату түймесін (7) басыңыз. Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
Аккумулятор заряд деңгейі индикаторының (g) төменгі сегменті жыпылықтаса, тек бірнеше өлшеуді орындау мүмкін болады. Аккумуляторды зарядтаңыз. Аккумулятор заряд деңгейі индикаторының (g) сегментіндегі жақтау жыпылықтап тұрса, ешқандай өлшеуді орындау мүмкін болмайды. Өлшеу құралын тек қысқа уақыт пайдалануға болады (мысалы, өлшеу көлемі тізімінің жазбасын тексеру үшін). Аккумуляторды зарядтаңыз. Өлшеу құралын жинақтағы микро USB кабелі (22) арқылы зарядтау құрылғысына (23) жалғаңыз. Зарядтау құрылғысын (23) розеткаға салыңыз. Зарядтау әрекеті
Аккумулятор заряд деңгейінің индикаторы (g) зарядтау барысын көрсетеді. Зарядтау күйінде сегменттер дәйекті түрде жыпылықтайды. Аккумулятор заряд деңгейі индикаторының (g) барлық сегменттері көрсетілсе, бұл аккумулятордың толық зарядталғанын білдіреді. Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз зарядтау құралын тоқ желісінен ажыратыңыз. Қосымша аккумуляторды USB портында да зарядтауға болады. Ол үшін өлшеу құралын микро USB кабелі арқылы USB портына жалғаңыз. USB пайдалануда (зарядтау, деректерді тасымалдау) зарядтау уақыты тыс ұзақ болуы мүмкін. Өлшеу құралын зарядтау кезінде пайдалану мүмкін емес. Bluetooth® зарядтау кезінде өшеді. Басқа құралдармен бар байланыстар тоқтайды. Бұл жағдайда деректер жоғалуы мүмкін. Өлшеу құралындағы аккумуляторды оңтайлы түрде қолдану бойынша нұсқаулар Өлшеу құралын тек рұқсат етілген температура диапазонында сақтаңыз, (қараңыз „Техникалық мәліметтер“, Бет243). Өлшеу құралын жаз кезінде көлікте қалдырмаңыз. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың тозығанын және Bosch клиенттік қызмет арқылы ауыстыру керектігін білдіреді. Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
Пайдалануға ендіру u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. u Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.u Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулары жағдайында алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін. u Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек Өлшеу құралының дәлдігін тексеру. u Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
Жұмыс кезінде қабылдау линзасы (20), шығыс лазер сәулесінің (18) және камера (19) жабылмағанына немесе қапталмағанына көз жеткізіңіз, әйтпесе өлшеу дұрыс орындалмайды. – Өлшеу құралы мен лазерді қосу үшін алдыңғы немесе бүйірлік өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді
– Өлшеу құралын лазерсіз қосу үшін қосу-өшіру-жою түймесін (9) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Лазерді өшіру үшін қосу-өшіру-жою түймесін (9) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. Камераны өшіру үшін камера түймесін (10) басыңыз. Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру-жою түймесін (9) [ ] басып тұрыңыз. Өлшеу құралын өшіргенде жадта тұрған мәндер мен құрылғы реттеулері сақталады.
Өлшеу құралын қосқанда камера (19) автоматты түрде қосылады. Өшіру үшін камера түймесін (10) басыңыз. Арақашықтық үлкен (шамамен > 5м) болғанда өлшеу нүктесін белгілеу үшін қосымша мақсатты белгі жанады. Лазер нүктесінің көрінісін оңтайландыру Өлшеу құралын пайдалануда, әсіресе бос жерде, күн сәулесінде және ішкі аймақтағы ұзақ қашықтықтарда лазер нүктесі көрінбеуі мүмкін. Лазер нүктесінің/өлшеу нысанының көрінісін камераны қосумен бірге осы шаралар арқылы жақсартуға болады: – Дисплей жарықтығын реттеу (құрылғы реттеулері) – (5) түймесімен масштабтауды пайдалану. Өлшеу әдісі Қосудан соң өлшеу құралы ұзындық өлшеу функциясында тұрады. Басқа өлшеу функциясы үшін (13)[Func] түймесін басыңыз. Қалаулы өлшеу функциясын(4)[+] немесе(11)[–] түймесі арқылы (қараңыз „Өлшеу функциялары“, Бет247) тармағынан таңдаңыз. Өлшеу функциясын(13)[Func] түймесімен немесе өлшеу түймесімен (2) [ ] іске қосыңыз. Өлшеудің негізгі жазықтығы қосудан соң өлшеу құралының артқы қыры таңдалады. Анықтамалық жазықтықты ауыстыру үшін (қараңыз „Анықтамалық жазықтықты таңдау (A суретін қараңыз)“, Бет245). Өлшеу құралын өлшеудің қажетті бастапқы нүктесіне (мысалы, қабырға) қойыңыз. Нұсқау: егер өлшеу құралы қосу-өшіру-жою түймесінің (9) [ ] көмегімен қосылған болса, лазерді қосу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. Өлшеуді босату үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. Сосын лазер сәулесі өшеді. Басқа өлшеу үшін осы әдісті қайталаңыз. Үздіксіз лазер сәулесі өшірулі болғанда және үздіксіз өлшеу функциясы қосылғанда өлшеу түймесі (2) [ ] алғаш рет басылған соң өлшеу басталады. u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Нұсқау: өлшеу мәні әдетте 0,5сек пен ең ұзағы шамамен 4сек ішінде көрсетіледі. Өлшеу ұзақтығы қашықтықтан, жарықтық жағдайы мен нысандық аймақтың қайтару қасиеттеріне байланысты. Өлшеуді аяқтағаннан соң лазер сәулесі автоматты ретте өшеді. Қосылған үздіксіз лазер сәулесі өлшеу аяқталған соң өшірілмейді (қараңыз „Үздіксіз лазер сәулесі“, Бет246). Анықтамалық жазықтықты таңдау (A суретін
Өлшеу үшін төрт түрлі негізгі жазықтықтардың арасынан таңдауға болады: – өлшеу құралының артқы жиегі (мысалы, қабырғаға орналастырғанда), – 180° шамасына ашылған өлшеу штифтінің (8) ұшы (мысалы, бұрыштардан өлшегенде), – өлшеу құралының алдыңғы жиегі (мысалы, үстел жиегінен өлшегенде), – бұранданың (17) ортасы (мысалы, штативпен
Өлшеу штифтін (8) 180°-қа жаю немесе жабу автоматты түрде анықталып, тиісті анықтамалық жазықтық ұсынылады. Реттеуді өлшеу түймесімен (2) [ ]
Сенсорлық түйменің (3)[ ] көмегімен өлшеу құралының реттеулерін таңдаңыз. (4)[+] немесе(11)[–] түймесі арқылы анықтамалық жазықтықты таңдап, оны (13)[Func] түймесімен растаңыз. Өлшеу құралының әрбір қосылуында өлшеу құралының артқы қыры негізгі жазықтық ретінде автоматты алдынан реттелген болады. Қазақ | 245 Bosch Power Tools 1 609 92A 4F4 | (22.10.2018)246 | Қазақ 1 609 92A 4F4 | (22.10.2018) Bosch Power Tools Үздіксіз лазер сәулесі Керек болғанда өлшеу құралын үздіксіз лазер сәулесіне өткізу мүмкін. Ол үшін сенсорлық түйменің (3) [ ] көмегімен өлшеу құралының реттеулерін таңдаңыз. (4)[+] немесе (11)[–] түймесі арқылы үздіксіз лазер сәулесін таңдап, оны (13)[Func] түймесімен растаңыз. u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Лазер сәулесі осы реттеу орнатылғанда өлшемдер арасында да қосулы болып қалады, өлшеу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] бір рет қысқа мерзімді басқан жеткілікті
Үздіксіз лазер сәулесін өшіру реттеулерде немесе автоматты өлшеу құралы өшкенде қайта орындалады. "Реттеулер" мәзірі "Реттеулер" (i) мәзірінде қалу үшін, сенсорлық түймені(3) [ ] қысқа мерзімді басыңыз немесе(13)[Func] түймесін басып тұрыңыз. (4)[+] немесе (11)[–]түймесі арқылы қалаулы реттеуді таңдап, оны(13)[Func] түймесімен растаңыз. Қалаулы реттеуді таңдаңыз. "Реттеулер" мәзірінен шығу үшін, қосу-өшіру-жою түймесін (9)[ ] немесе сенсорлық түймені (12) [ ]
Bluetooth® Негізгі деңгей Таймер функциясы Үздіксіз лазер сәулесі Көлбеуді өлшеуді калибрлеу Нысан көрчеткішін калибрлеу Ішкі сақтағыш (жою және пішімдеу) Құрылғы реттеулері Таймер функциясы Таймер функциясы, мысалы, қиын қол жеткізілетін жерлерде өлшеу кезінде немесе өлшеу құралының жылжуына кедергі келтірілгенде көмектеседі. Таймер функциясының парметрлерін таңдаңыз. Іске қосудан өлшеуге дейінгі қажетті уақыт аралығын таңдап, өлшеу түймесімен (2) [ ] немесе (13)[Func] түймесімен растаңыз. Содан кейін лазер сәулесін қосу және мақсатты нүктені көздеу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] басыңыз. Өлшеуді іске қосу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қайта басыңыз. Өлшеу таңдалған уақыт аралығында орындалады. Өлшеу мәні нәтижелер жолағында (a) көрсетіледі. Күй жолағында іске қосудан өлшеуге дейін уақыт аралығы көрсетіледі. Таймер функциясы реттелгенде үздіксіз өлшеу және минималдық/максималдық өлшеу мүмкін болмайды. Таймер өлшеу құралы өшкенше немесе "Реттеулер" мәзіріндегі таймер өшкенше реттелген болып тұрады. "Құрылғы реттеулері" мәзірі "Реттеулер" мәзірінде "Құрылғы реттеулері" мәзірін
(4)[+] немесе (11)[–]түймесі арқылы қалаулы құрылғы реттеуін таңдап, оны(13)[Func] түймесімен растаңыз. Қалаулы құрылғы реттеуін таңдаңыз. "Құрылғы реттеулері" (o) мәзірінен шығу үшін, қосу- өшіру-жою түймесін (9) [ ] немесе сенсорлық түймені (12) [ ] басыңыз. Құрылғы реттеулері
Уақыт және күн ft/m Өлшеу бірлігі Бұрыш бірлігі TrackMyTools Құрылғы туралы ақпарат Дыбыстық сигналдар Өшіру уақыты Жарық реттеушісі Дисплей жарықтығы Дисплей бағыты Тілді реттеу Құрылғы реттеулерінде "Тіл" тармағын таңдаңыз. Қажетті тілді орнатып,(13)[Func] түймесімен растаңыз. Күн және уақытты реттеу Құрылғы реттеулерінде "Уақыт және күн" тармағын таңдаңыз. Күн мен уақытты дисплейдегі нұсқаулар бойынша реттеп, сенсорлық түймемен (12) [ ]
Өлшем бірлігін ауыстыру Құрылғы реттеулерінде "Өлшем бірлігі" тармағын таңдаңыз. Негзігі реттеу "m" (метр) өлшем бірлігі болып
Қажетті өлшем бірлігін орнатып,(13)[Func] түймесімен
Мәзір тармағынан шығу үшін қосу-өшіру-жою түймесін (9) [ ] немесе сенсорлық түймені (3) [ ] басыңыз. Өлшеу құралын өшіргеннен кейін таңдалған құрылғы реттеуі сақталады. Бұрыш бірлігін алмастыру Құрылғы реттеулерінде "Бұрыш бірлігі" тармағын таңдаңыз. Негізгі реттеу „°“ (градус) бұрыш бірлігі болып табылады.Қажетті бұрыш бірлігін орнатып,(13)[Func] түймесімен
Мәзір тармағынан шығу үшін қосу-өшіру-жою түймесін (9) [ ] немесе сенсорлық түймені (3) [ ] басыңыз. Өлшеу құралын өшіргеннен кейін таңдалған құрылғы реттеуі сақталады. TrackMyTools Құрылғы реттеулерінде "TrackMyTools" тармағын таңдаңыз. Реттеуді(13)[Func] түймесі арқылы растаңыз. Алғашқы белсендіру талап етіледі. Деректерді тасымалдау тек қана тиісті бағдарлама немесе тиісті ДК бағдарламасымен мүмкін болады. TrackMyTools әрқашан өшіруге болады. Дисплей жарығы Құрылғы реттеулерінде "Жарық реттеушісі" тармағын
Дисплей жарығын ұзақ уақытқа қосылған. Түйме басылмаса, дисплей жарығы шам. 30 секундтан кейін аккумуляторды үнемдеу үшін күңгірттеледі. Қараңғылатуға дейінгі уақытты реттеуге болады (құрылғы реттеулері). Дисплей жарықтығын бірнеше басқышта қоршау температураларына сәйкестеніруге болады (құрылғы реттеулері). Өлшеу функциялары Нұсқау: кіріктірілген анықтама функциясы Өлшеу құралында әрбір өлшеу функциясы үшін анимация түрінде анықтама беріледі. Ол үшін (13)[Func] түймесін, (4)[+] немесе(11)[−] түймесін және сонан соң сенсорлық түймені (3) [ ] таңдаңыз. Анимация таңдалған өлшеу функциясы арналған толық әдісін көрсетеді. Анимацияны әрдайым (3) [ ] түймесімен тоқтатып, қайта іске қосуға болады. (4)[+] немесе (11)[−] түймелерімен алға немесе артқа айналдырып өтуге
Ұзындықты өлшеу Ұзындықты өлшеу функциясын таңдаңыз. Лазер сәулесін қосу үшін өлшеу түймесін (2)[ ] қысқа мерзімді басыңыз. Өлшеу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. Өлшеу мәні төменде дисплейде көрсетіледі.
Жоғарыдағы көрсетілген қадамдарды әр кейінгі өлшеу үшін қайталаңыз. Соңғы өлшеу мәні дисплейдің төменгі жағында тұрады, соңғының алдындағы өлшеу мәні жоғарысында тұрады т.б. Үздіксіз өлшеу Үздіксіз өлшеуде өлшеу құралын нысанға жылжытуға болады, онда өлшеу көлемі шам. әр 0,5 секунд сайын жаңарады. Мысалы, қабырғадан керекті қашықтыққа өтуіңіз мүмкін, қашықтықты әрдайым көруге болады. Үздіксіз өлшеуді таңдаңыз. Лазер сәулесін қосу үшін өлшеу түймесін (2)[ ] қысқа мерзімді басыңыз. Өлшеу құралын керекті қашықтық дисплейдің төменгі бөлігінде көрсетілгенше жылжытыңыз.
Үздіксіз өлшеуді аяқтау үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді басыңыз. Ағымдық өлшеу мәні төменде дисплейде көрсетіледі. Максималды мен минималды өлшеу мәндері оның үстінде тұр. Өлшеу түймесін (2) [ ] қайта басқанда үздіксіз өлшеу қайта іске
Үздіксіз өлшеу 5минуттан кейін автоматты түрде өшеді. Ауданды өлшеу Ауданды өлшеу функциясын таңдаңыз. Сонан соң ені мен ұзындығын дәйекті түрде ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Екі өлшеу арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. Өлшенетін қашықтық ауданды өлшеу индикаторында жыпылықтайды ((j) индикатор элементін қараңыз).
Алғашқы өлшеу мәні дисплей жоғарысында көрсетіледі. Екінші өлшеуді аяқтағаннан соң аудан автоматты есептеліп көрсетіледі. Соңғы нәтиже дисплей төменгі жағында көрсетіледі, ал бөлек өлшеу мәндері жоғарысында. Көлемді өлшеу Көлем өлшеуді таңдаңыз. Сонан соң енін, ұзындығын және тереңдігін дәйекті түрде ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Үш өлшеу арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. Өлшенетін қашықтық көлемді өлшеу индикаторында жыпылықтайды ((j) индикатор элементін қараңыз).
Алғашқы өлшеу мәні дисплей жоғарысында көрсетіледі. Үшінші өлшеуді аяқтағаннан соң көлемі автоматты есептеліп көрсетіледі. Соңғы нәтиже дисплей төменгі жағында көрсетіледі, ал бөлек өлшеу мәндері жоғарысында. Жанама қашықтықыт өлшеу Жанама қашықтықты өлшеу функциясын таңдаңыз. Жанама қашықты өлшеу үшін үш өлшеу функциясы бар, олар арқылы түрлі қашықтықтарды өлшеуге болады. Жанама қашықтықты өлшеу сәуле жолында кедергі тұруы немесе нысандық аймақ қайтаратын жер ретінде қолжетімді болмауы себебінен тікелей өлшенбейтін қашықтықтарды өлшеуге қызмет етеді. Осы өлшеу әдісін тек тік бағытта пайдалану мүмкін. Көлденең бағыттағы ауытқу өлшеу қателіктеріне алып келеді. Нұсқау: жанама қашықтықты өлшеудің дәлдігі әрдайым тікелей қашықтықты өлшеуден төменірек болады. Пайдалану жағдайына байланысты ретте өлшеу қателігі тікелей қашықтықты өлшеу қателігінен үлкен болады. Қазақ | 247 Bosch Power Tools 1 609 92A 4F4 | (22.10.2018)248 | Қазақ 1 609 92A 4F4 | (22.10.2018) Bosch Power Tools Өлшеу дәлдігін жақсарту үшін тағанды пайдалануды ұсынамыз (жабдықтар). Бөлек өлшеулер арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады a) Жанама биіктікті өлшеу (B суретін қараңыз) Жанама биіктікті өлшеу функциясын таңдаңыз. Өлшеу құралының төменгі өлшеу нүктесімен бір биіктікте болуына көз жеткізіңіз. Өлшеу құралын анықтамалық жазықтықтан қайырып, қашықтықты "1" ұзындықты өлшегендей өлшеңіз (дисплейде қызыл сызық ретінде көрсетілген).
Өлшеу аяқталғаннан кейін қажетті "X" қашықтығын өлшеу нәтижесі нәтижелер жолағында (a) көрсетіледі. "1" қашықтығы мен "α" бұрышының өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің (h) жолағында тұрады. b) Қос жанама биіктікті өлшеу (C суретін қараңыз) Өлшеу құралы оның вертикалды деңгейінде жататын барлық қашықтықтарды жанама өлшеуі мүмкін. Қос жанама биіктікті өлшеу функциясын таңдаңыз. Ұзындықты өлшегендей "1" және "2" қашықтықтарын осы реттілік бойынша өлшеңіз.
Өлшеу аяқталғаннан кейін қажетті "X" қашықтығын өлшеу нәтижесі нәтижелер жолағында (a) көрсетіледі. "1", "2" қашықтықтары мен "α" бұрышының өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің (h) жолағында
Өлшеудің анықтамалық жазықтығы (мысалы, өлшеу құралының артқы жиегі) барлық өлшеу әрекеттеріндегідей өлшеу әдісінде бір жайда болады. c) Жанама ұзындықты өлшеу (D суретін қараңыз) Жанама ұзындықты өлшеу функциясын таңдаңыз. Өлшеу құралының ізделген өлшеу нүктесімен бір биіктікте болуына көз жеткізіңіз. Содан кейін өлшеу құралын анықтамалық жазықтықтан қайырып, "1" қашықтығын ұзындықты өлшегендей өлшеңіз.
Өлшеу аяқталғаннан кейін қажетті "X" қашықтығын өлшеу нәтижесі нәтижелер жолағында (a) көрсетіледі. "1" қашықтығы мен "α" бұрышының өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің (h) жолағында тұрады. d) Трапециялық өлшеу (E суретін қараңыз) Трапециялық өлшеуді, мысалы, шатыр көлбеуінің ұзындығын есептеу үшін пайдалануға болады. Трапециялық өлшеу функциясын таңдаңыз. Ұзындықты өлшегендей "1", "2" және "3" қашықтықтарын осы реттілік бойынша өлшеңіз. "3" қашықтығын өлшеу әрекеті "1" қашықтығының дәл соңғы нүктесінде басталатынын және "1" мен "2" қашықтықтары арасында және "1" мен "3" қашықтықтары арасында тік бұрыштың болуын ескеріңіз.
Соңғы өлшеу аяқталғаннан кейін қажетті "X" қашықтығын өлшеу нәтижесі нәтижелер жолағында (a) көрсетіледі. Бөлек өлшем мәндері өлшем мәндерінің жолақтарында (h) тұрады. Қабырға ауданын өлшеу (F суретін қараңыз) Қабырға ауданын өлшеу бірнеше жалпы биіктікті бөлек аудандардың қосындысын есептеуге қызмет етеді. Көрсетілген мысалда бірнеше H биіктігі бірдей, бірақ L ұзындығы әртүрлі қабырғалардың жалпы ауданы есептеледі. Қабырға ауданын өлшеу функциясын таңдаңыз. H бөлме биіктігін ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Өлшеу мәні жоғарғы өлшеу мәні жолағында көрсетіледі. Лазер қосылған болып қалады.
Содан кейін бірінші қабырғаның L
ұзындығын өлшеңіз. Ауданы автоматты түрде есептеліп, нәтижелер жолағында (a) көрсетіледі. Соңғы ұзындықты өлшеу мәні астыңғы өлшеу мәндері жолағында (h) тұрады. Лазер қосылған болып қалады. Енді екінші қабырғаның L
ұзындығын өлшеңіз. Өлшеу мәні жолағында (h)көрсетілген өлшеу мәні L
ұзындығына қосылады. Екі ұзындықтың (ортаңғы өлшеу мәні жолағында (h) көрсетілген) қосындысы сақталған H биіктігіне көбейтіледі. Жалпы аудан мәні нәтижелер жолағында (a) көрсетіледі. Кез келген басқа L
ұзындықтарын өлшеуге болады, олар автоматты түрде қосылып, H биіктігіне көбейтіледі. Дұрыс ауданды есептеудің алғышарты - бірінші өлшенген ұзындықтың (мысалы, H бөлме биіктігі) барлық бөлек аудандар үшін бірдей болуы. Трассирлеу функциясы (G суретін қараңыз) Трассирлеу функциясы анықталған ұзындықты (қашықтықты) өлшейді. Осы ұзындықтарды беттерге көшіріп, материалды бірдей өлшем бөліктеріне кесуге немесе каркастық гипскартон қабырғаларды орнатуға болады. Реттеуге болатын минималды ұзындық 0,1 м құрайды, максималды ұзындық 50 м құрайды. Нұсқау: трассирлеу функциясында белгілеуге дейінгі қашықтық дисплейде көрсетіледі. Анықтамалық нүкте өлшеу құралының жиегі болып табылмайды. Трассирлеу функциясын таңдаңыз. Қажетті ұзындықты(4)[+] немесе(11)[–] түймесімен
Трассирлеу функциясын өлшеу түймесін (2) [ ] басу арқылы іске қосып, бастапқы нүктеден баяу алыстаңыз. m0.483 0.500m
0.81x Өлшеу құралы үздіксіз бастау нүктесіне дейін қашықтықты өлшейді. Онда анықталған ұзындықтар мен ағымдық өлшемдер көрсетіледі. Төменгі немесе жоғарғы көрсеткі жақындап жатқан немесе соңғы белгіге дейін ең қысқа қашықтықты көрсетеді.Нұсқау: үздіксіз өлшеу кезінде өлшеу түймесін (2) [ ] басып тұру арқылы өлшенген мәнді де белгіленген ұзындық ретінде белгілеуге болады. m0.500 0.500m1x Сол жақтық фактор белгіленген ұзындық неше рет жетілгенін көрсетеді. Жасыл көрсеткілер дисплейде белгілеу мақсатында ұзындыққа жетуді көрсетеді. Қызыл көрсеткі немесе қызыл тақырып нақты мәнде көрсетеді, негізгі мән дисплей сыртында
Еңісті өлшеу/сандық деңгей Еңісті өлшеу/сандық деңгей функциясын таңдаңыз. Өлшеу құралы екі күй арасында өзгертеді. 1° 2° 3° Сандық деңгей нысанның горизонталды немесе вертикалды бағытталуына қызмет етеді (мысалы, кір жуғыш машина, суытқыш және т.б.). Егер 3° еңістен асып кетсе, дисплейде қызыл түсті шар жанады. Сандық деңгей үшін негізгі жазықтық ретінде өлшеу құралының тқменгі жағы қызмет етеді. 88.0° Көлбеуді өлшеу көтерілісті немесе еңісті (мысалы, саты, таяныштарды, жиһаздарды кірістіруде, құбырларды салуда т.б.) өлшеуге қызмет етеді. Еңісті өлшеу үшін анықтамалық жазықтық ретінде өлшеу құралының сол жағы пайдаланылады. Өлшеу әдісінде көрсеткіш жыпылықтаса, өлшеу құралы жанына көп қисайтылған
Сақтау функциялары Әр орындалған өлшеудің мәні мен соңғы нәтижесі автоматты сақталады. Кеңес: егер камера қосылған болса, фотосурет автоматты түрде өлшеу нәтижесімен бірге сақталады. Төмендегі ақпараттар суретте басылады: – Өлшеу нәтижесі – бөлек өлшемдер (өлшеу нәтижесін есептеу үшін талап
– пайдаланған өлшеу функциясы – Негізгі нүкте – Күн және уақыт – Көлбеу бұрышы (тек уровень қосулы болғанда). Егер сурет құжаттау мақсатында пайдаланылып микро USB кабелі арқылы тасымалданса, үлкейтуді белсендірбеуді ұсынамыз. Егер өлшеу құралы сикро USB кабелі арқылы құрылғымен байланысқан болса, қосымша csv файлы барлық сақталған өлшеу мәндерімен сақталады. Сақталаған мән көрсеткіші Ең көбі 50 мәнді (өлшеу мәндері немесе фотосуреттер мен өлшеу мәндері) шақыруға болады. Сақтау функциясын сенсорлық түйменің(12) [ ] көмегімен таңдаңыз.
Дисплейдің жоғарғы жағында сақталған мәннің нөмірі, ал төменде тиісті сақталған мән мен тиісті өлшеу функциясы көрсетіледі Сақталған мәндерді алға өткізу үшін(4)[+] түймесін басыңыз. Сақталған мәндерді артқа өткізу үшін(11)[–] түймесін басыңыз. Жадта мән жоқ болса, дисплейдің төменгі жағында "0,000", ал жоғарғы жағында "0" көрсетіледі. Ең ескі мән жадта 1-орында тұрады, ең соңғы мән 50- орында (50 сақталған мән қолжетімді болса). Кейінгі мәнді сақтағанда жадта әрдайым ең ескі мән жойылады. Сақтағыштағыны өшіру Жадты ашу үшін сенсорлық түймені(12) [ ] басыңыз. Жад ішіндегісін жою үшін сенсорлық түймені(3) [ ] қажетінше жиі басыңыз. Жадтан барлық мәндерді жою үшін "Реттеулер" мәзірінен " " функциясын пайдалануға болады. Сонан соң сенсорлық түймемен(12) [ ] растаңыз. Жадты пішімдеу USB жадын қайта пішімдеуге болады (мысалы, жадта проблемалар бар болса). Ол үшін "Реттеулер" мәзірінен " " функциясын таңдап, сенсорлық түйменің (12) [ ] көмегімен растаңыз. Пішімдеу кезінде жадтағы барлық деректер жойылады. USB жадын басқа құрылғылардан пішімдеуге болмайды (мысалы, сыртқы ДК). Мәндерді қосу/алу Өлшеу мәндері немесе соңғы нәтижелерді қосу немесе алу мүмкін. Мәндерді қосу Төмендегі мысалда жазықтықтарды қосу процедурасы сипатталады: жазықтықты "Жазықтықты өлшеу" (қараңыз „Ауданды өлшеу“, Бет247) бөлімі бойынша анықтаңыз.
(4)[+]түймесін басыңыз. Есептелген аудан мен"+" белгісі көрсетіледі. Өлшеу түймесін (2) [ ] басып, кейінгі ауданды өлшеу әрекетін бастаңыз. Жазықтықты "Жазықтықты өлшеу" (қараңыз „Ауданды өлшеу“, Бет247) бөлімі бойынша анықтаңыз. Екінші өлшеу орындалғаннан соң, екінші аудан өлшеудің нәтижесі дисплейдің төменгі жағында көрсетіледі. Соңғы нәтижені көрсету үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қайта басыңыз. Нұсқау: ұзындықты өлшеу кезінде соңғы нәтиже дереу көрсетіледі. Мәндерді алу Мәндерді алу үшін (11)[–] түймесін басыңыз. Кейінгі әрекеттер "Мәндер қосу" әдісіне ұқсас. Өлшеу нәтижелерін жою Қосу-өшіру-жою түймесін (9) [ ] қысқа мерзімді басу арқылы барлық өлшеу функцияларында соңғы есептелген өлшеу мәнін жойыңыз. Қазақ | 249 Bosch Power Tools 1 609 92A 4F4 | (22.10.2018)250 | Қазақ 1 609 92A 4F4 | (22.10.2018) Bosch Power Tools Bluetooth ® интерфейсі Басқа құралдарға дерек тасымалдау Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол белгілі мобильді терминалдарға Bluetooth® интерфейсімен (мысалы, смартфон, планшет) радиотехника арқылы деректерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Bluetooth® байланысы үшін талап етілетін жүйелік алғышарттар туралы www.bosch‑professional.com Bosch интернет торабында табасыз u Басқа мәліметтерді Bosch өнім вебсайтында
Bluetooth® арқылы деректерді тасымалдау кезінде мобильді терминал мен өлшеу құралы арасында уақыт кідірістері пайда болуы мүмкін. Себебі екі құралдың бір- біріне қашықтығына немесе өлшеу нысанында болуы
Мобильді терминалға деректерді тасымалдау үшін Bluetooth ® интерфейсін іске қосу Bluetooth® интерфейсі реттеулер ішінде іске қосылады. Bluetooth® сигналын белсендіру үшін(4)[+] түймесін басыңыз. Мобильді терминалда Bluetooth® интерфейсінің белсенді болуын қамтамасыз етіңіз. Мобильді терминал функцияларын кеңейту және деректердің өңделуін оңтайландыру үшін "Measuring Master" атты арнайы Bosch қолданбасы қолжетімді. Оны қабылдаушы құралға байланысты тиісті дүкендерде сатып алуға болады. Bosch бағдарламаларын бастаудан соң мобильді құралмен өлшеу құралы арасында байланыс жасалады. Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса, керекті өлшеу құралын сериялық нөмірі негізінде таңдаңыз. Сериялық нөмірді (15) өлшеу құралының зауыттық тақтайшасында табуға болады. Байланыс күйі мен белсенді байланыс (f) өлшеу құралының дисплейінде (1) көрсетіледі. Bluetooth ® интерфейсін ажырату Bluetooth® интерфейсі реттеулер ішінде ажыратылады. Bluetooth® сигналын ажырату үшін (11)[–] түймесін басыңыз немесе өлшеу құралын өшіріңіз. USB интерфейсі USB интерфейсі арқылы деректерді тасымалдау Өлшеу құралының микро USB порты арқылы USB интерфейсі бар белгілі бір құрылғыларға деректерді тасымалдауға болады (мысалы, компьютер, ноутбук). Өлшеу құралын микро USB кабелі арқылы компьютермен немесе ноутбукпен байланыстырыңыз. Компьютеріңіздегі немесе ноутбукіңіздегі жұмыс жүйесі өлшеу құралын диск ретінде автоматты айқындайды. Нұсқау: өлшеу құралы микро USB кабелі арқылы компьютерге немесе ноутбукке жалғанған соң Li-Ion аккумуляторы зарядталады. Зарядтау тогының қуатына байланысты зарядтау уақыты өзгеруі мүмкін. Пайдалану нұсқаулары u Басқа мәліметтерді Bosch өнім вебсайтында u Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз. Жалпы нұсқаулықтар Қабылдау линзасын (20), лазер сәулесінің шығысын (18) және камераны (19) өлшеу кезінде жабуға болмайды. Өлшеу құралы өлшеуде қозғалуы мүмкін емес. Сол үшін өлшеу құралын тұрақты тірек аймағына қойыңыз. Өлшеу аймағына әсерлер Өлшеу аймағы жарықтық жағдайы мен нысандық аймақтың қайтару қасиеттеріне байланысты. Қатты бөгде жарық жағдайында лазер сәулесінің жақсы қөрінуі үшін кіріктірілген камераны (19), лазер көру көзілдірігін (26) (жабдық) және лазер нысандық тақтасын (25) (жабдық) пайдаланыңыз немесе мақсатты жазықтықты өшіріңіз. Өлшеу нәтижесіне әсер ету Физикалық әсерлерден түрлі беттердегі өлшеулер дұрыс орындалмауы мүмкін. Мұндай беттерге жатады: – мөлдір беттер (мысалы әйнек, су), – шағылысатын беттер (мысалы, жылтыраған метал,
– борқылдақ беттер (мысалы, оқшаулау материалдары), – құрылымдық беттер (мысалы, сылақ, табиғи тас). Осы беттерде лазер нысандық тақтасын (25) (жабдық) қажетінше пайдаланыңыз. Қате өлшеулерді қисық көзделген насандық аймақтарда да орындау мүмкін. Температурасы әр түрлі ауа қабаттары немесе көлбеу шағылысулар өлшеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін. Дәлдікті тексеру және еңіс өлшеуді калибрлеу (H суретін қараңыз) Жүйелік түрде көлбеуді өлшеу дәлдігін тексеріңіз. Оны кері өлшеу арқылы орындау мүмкін. Өлшеу құралын үстелге қойып көлбеуді қлшеңіз. Өлшеу құралын 180° шамасына бұрап, еңісті қайта өлшеңіз. Көрсетілген санның айырмашылығы макс. 0,3° құрауы тиіс. Үлкен ауытқуларда өлшеу құралын қайта калибрлеу керек. Ол үшін реттеулер ішінде таңдаңыз. Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз. Үлкен температура ауысуынан немесе соққылардан соң дәлдікті тексеруді және керек болса өлшеу құралын калибрлеуді ұсынамыз. Температура ауысуынан соң калибрлеуден алдын өлшеу құралы температурсын дұрыстауы керек. Арақашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру Өлшеу құралының дәлдігін төмендегідей тексеріңіз:– Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, ұзақ уақыт өзгермейтін шам. 3-10м өлшеу қашықтығын таңдаңыз, (мысалы, бөлме ені, есік ойығы). Өлшеуді қолайлы жағдайларда өткізу керек, өлшенетін қашықтық бөлме ішінде аз фондық жарықтықпен жатуы керек және мақсатты аймақ тегіс және жақсы шағылысатын болуы керек (мысалы, ақ боялған қабырға). – Қашықтықты 10 рет өлшеңіз. Жеке өлшемдердің ауытқуы орташа көлемнен максималдық ±2 мм аспауы керек, толық өлшеу ортасы қолайлы жағдайда өтуі керек. Өлшеулерді жазып, дәлдігін тексеріңіз. Нысандық көрсеткіш дәлдігін тексеру және калибрлеу (қиылысу) Лазер мен насындық көрсеткіштің дәлдігін жүйелік ретте тексеріңіз. – Ашық, мүмкіндігінше аз жарықталған аймақты (мысалы, ақ қабырға) мин. 5 м қашықтықта нысан ретінде таңдаңыз. – Лазер нүктесі дисплейдегі нысан көрсеткішінің ішінде жатуын тексеріңіз. Егер лазер нүктесі нысан көрсетішінің ішінде жатпаса, нысан көрсетішін қайта калибрлеу керек болады. Ол үшін реттеулер ішінде таңдаңыз. Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз. Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ) Тағанды әсіресе үлкен қашықтарды өлшеуде пайдалану керек. Өлшеу құралын 1/4" бұрандамен (17) штативтің (27) жылдам алмастыру табанына немесе стандартты фото штативке орнатыңыз. Бекіту бұрандасымен жылдам алмастыру табанын бекітіңіз. Штативпен өлшеу үшін анықтамалық жазықтықты реттеулерде реттеңіз (штативтің анықтамалық жазықтығы). Ақаулар - Себептері және
Себебі Шешімі Температура ескертуі жыпылықтайды, өлшеу мүмкін емес Өлшеу құралы –10°C және +45°C аралығындағы жұмыс температурасынан тыс (үздіксіз өлшеу функциясында +40°C шамасына дейін). Өлшеу құралы жұмыс температурасына жеткенше күтіңіз. Дисплейдегі "ERROR" индикаторы Әртүрлі өлшем бірліктеріне ие мәндерді қосу/алу Тек бірдей өлшем бірліктеріне ие мәндерді
Себебі Шешімі Лазер сәулесімен нысан арасындағы бұрыш өте
Лазер сәулесі мен нысан арасындағы бұрышты үлкейтіңіз. Мақсатты жазықтық өте қатты (мысалы, айна) немесе өте нашар (мысалы, қара заттек) қайтарылады немесе қоршаған орта жарығы өте қатты. Лазер нысандық тақтасын (25) (жабдық) пайдаланыңыз Лазер сәулесінің шығысы (18), қабылдау линзасы (20) немесе камера (19) буланды (мысалы, температураның күрт өзгеруінен). Лазер сәулесінің шығысын (18), қабылдау линзасын (20) немесе камераны (19) сүртіп кептіріңіз Есептелген мән 1 999 999 шамасынан артық немесе – 999 999 м/м
шамасынан кем. Өлшеуді аралық басқыштарға бөліңіз. Дисплейдегі "CAL" немесе "ERROR" индикаторы Көлбеуді өлшеуді калибрлеу дұрыс дәйекте немесе дұрыс күйде орындалмады. Калибрлеуді дисплейдегі нұсқаулар немесе пайдалану нұсқаулығы бойынша қайталаңыз. Калибрлеу үшін қолданған аймақтар тік және көлденең сызықтар бойынша дұрыс бағытталмады. Калибрлеуді көлденең және тік аймақта қайталап аймақтарды уровеньмен тексеріңіз. Өлшеу құралы түймені басыда жылжытылды немесе құлатылды. Калибрлеуді қайталап өлшеу құралын түймені басу кезінде аймақта
Дисплейдегі аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (g), температура ескертуі және "ERROR"
Өлшеу құралының температурасы рұқсат етілген зарядтау темпратурасы диапазонынан тыс. Зарядтау температурасы аймағына жеткенше күте
Дисплейдегі аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (g) және "ERROR" индикаторы Аккумуляттордың зарядтау кернеуі дұрыс емес. Ажыратқыш байланысы дұрыс жасалғанын және зарядтау құралы дүрыс істеуін тексеріңіз. Жыпылықтаған құрылғы белгісінде аккумулятор дұрыс емес болып оны Bosch сервистік қызметінде алмастыру мүмкін. Өлшеу нәтижесі түсініксіз Қазақ | 251 Bosch Power Tools 1 609 92A 4F4 | (22.10.2018)252 | Қазақ 1 609 92A 4F4 | (22.10.2018) Bosch Power Tools Себебі Шешімі Өлшеу аймағы анық емес (мысалы су, әйнек). Мақсатты жазықтықты
Лазер сәулесінің шығысы (18), қабылдау линзасы (20) немесе камера (19)
Лазер сәулесінің шығысын (18), қабылдау линзасын (20) немесе камераны (19)
Қате анықтамалық жазықтық орнатылды. Өлшеуге сәйкес анықтамалық жазықтықты
Лазер жолында кедергі бар. Лазер нүктесі толықтай өлшеу аймағында болуы
Bluetooth® іске қосу мүмкін емес Аккумулятор өте нашар. Өлшеу құралы аккумуляторын зарядтаңыз. Bluetooth® байланысы жоқ Bluetooth® байланысының
Өлшеу құралында және мобильді терминалда Bluetooth® өшіріп қайта
Мобильді терминалда қолданбаны тексеріңіз. Өлшеу құралыңыз бен мобильді терминалда Bluetooth® белсенді болуын тексеріңіз. Мобильді құрал жүктелуі артып кеткенін тексеріңіз. Өлшеу құралымен мобильді құрал арасындағы қашықты қысқартыңыз. Өлшеу құралы мен мобильді терминал арасында кедергілердің (мысалы, болаттық бетон, металл есіктер) болуына жол бермеңіз. Электрмагниттік ақау көздерінен (мысалы, WLAN таратқыштары) алыс
USB ұяшығы арқылы деректерді тасымалдау мүмкін
Микро-USB кабелі Микро-USB кабелі дұрыс және бекем орнатылғанын тексеріңіз. Микро USB кабелінде зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз. Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Ақаулық айқындалса, дисплейде тек жана белгі көрсетіледі. Бұл жағдайда жоғарыда сипатталған көмек шаралары қатені түземесе, өлшеу құралын сатушы арқылы Bosch сервистік қызметіне жіберіңіз. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Өлшеу құралын таза ұстаңыз. Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Әсіресе қабылдау линзасын (20), лазер сәулесінің шығысын (18) және камераны (19) мұқият тазалаңыз: қабылдау линзасында, лазер сәулесінің шығысында және камерада ешқандай түктер болмауына көз жеткізіңіз. Қабылдау линзасын, лазер шығыс тесігін және камераны тек фотоаппарат линзаларына арналған құралдармен тазалаңыз. Өткір затпен қабылдау линзасынан, лазер шығын тесігінен немесе камерадан ласты жоюға әрекет жасамаңыз, және сүртпеңіз (қыру қауіпі). Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында (24)
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы 050012Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Кәдеге жарату Өлшеу құралын, оның жабдықтары мен қаптамасын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру қажет. Өлшеу құралдарын үй қоқысына тастамаңыз! Тек қана ЕО елдері үшін: Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша жарамсыз өлшеу құралдары және Еуропа 2006/66/EC ережесі бойынша зақымдалған немесе ескі аккумулятор/батареялар бөлек жиналып кәдеге жаратылуы қажет. Аккумуляторлар/батареялар: u Кіріктірілген аккумуляторларды кәдеге жарату үшін мамандар ғана шығара алады. Корпус қаптамасын ашып өлшеу құралын бұзу мүмкін. Аккумуляторды шығаруда алдын ол толығымен зарядсызданғанына көз жеткізіңіз. Аккумуляторды шығаруда алдын ол толығымен зарядсызданғанына көз жеткізіңіз. Зауыттық тақтайша алып тастап, өлшеу инесін ашып құрылғы арқасындағы барлық бұрандаларды алып тастаңыз. Құрылғы қабығын алып, барлық кабельдерді платадан алып барлық бұрандамаларды босатыңыз. Енді платаны алып тастауға болады, аккумулятор көрінеді. Екі бұрандаманы босатып аккумуляторды тиісті ретте таста үшін алып қойыңыз. Толығымен зарядсыздандыруда аккумулятор ішінде қысқа тұйықталуға алып келуі мүмкін заряд болса әлі бар
Notice-Facile