GKE 18V40 Professional - Ара BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GKE 18V40 Professional BOSCH PDF форматында.
Жиі қойылатын сұрақтар - GKE 18V40 Professional BOSCH
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GKE 18V40 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GKE 18V40 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GKE 18V40 Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Bosch Power Tools F 016 L94 704 | (11.07.2024)246 | Қазақ Қауіпсіздік нұсқаулары Белгілердің мағынасы Қолдану нұсқаулығын оқыңыз. Қауіптер бойынша жалпы нұсқаулар. Жауын жауып тұрғанда қолданбаңыз. Шынжырлы араны әрқашан екі қолыңызбен бекем ұстап жүріңіз. Шынжырлы арадан кері соққы пайда бола алуын ескере отырып, шапқы ұшына тиіп кетуді болдырмаңыз. Жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) киіп жүріңіз, көзді, есту қабілетін және басты қорғау құралдарын пайдаланыңыз. Қорғаныс қолғаптарын киіп жүріңіз. САҚТАНДЫРУ: Құралда күту және жөндеу жұмыстарын өткізу алдынан алдымен құрал аккумуляторын шығарып алыңыз. Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін
Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр F 016 L94 704 | (11.07.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 247 құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе Bosch Power Tools F 016 L94 704 | (11.07.2024)248 | Қазақ дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Шынжырлы аралар бойынша жалпы қауіпсіздік нұсқаулар u Ара іске қосылып тұрғанда денеңіздің барлық бөлшектерін ара шынжырынан ұзақта ұстаңыз. Араны іске қосу алдынан ара шынжыры ешбір затқа тиіп тұрмағанын тексеріп алыңыз. Шынжырлы арамен жұмыс істеу барысында бір сәттік алаңғасарлық киім немесе дене бөлшектері ара шынжыры арқылы тартылып қалуына апаруы мүмкін. u Шынжырлы араны әрқашан оң қолыңызбен артқы тұтқасынан, ал сол қолыңызбен алдыңғы тұтқасынан ұстаңыз. Шынжырлы араның кері реттік жұмыс тұрыста ұсталуы жарақаттану қауібін арттырады, оны бұл ретпен қолдануға болмайды. u Шынжырлы араны тек қана оның оқшауланған тұтқаларынан ұстаңыз, себебі ара шынжыры көзге көрінбейтін электр кабелдеріне тиіп қалуы мүмкін. Ара шынжыры кезкелген электр тоқ өткізгіш кабелдеріне жанасып тиіп кетуі бұйымның металдан жасалған бөлшектерін кернеу астына қойып, электр соққысына апаруы мүмкін. u Көзді қорғайтын құралдарды киіп жүріңіз. Қорғаныс құлаққаптарын, бас, қолдар мен аяқтарды қорғайтын жеке қорғаныс құралдарын киіп жүріп жұмыс істеуіңіз лазым. Лайықты қорғаныс құралдарын киіп жүріп жұмыс істеу жұмыс барысында ұшып жататын жоңкалар арқылы мен ара шынжырын кездейсоқ түрде түртіп қалу арқылы пайда бола алатын жарақаттану қауібін азайтады. u Шынжырлы арамен ағашта, басқышта, шатырда немесе тұрақсыз тіреу құралы үстінде тұрып жұмыс істемеңіз. Шынжырлы араны осы түрде қолдану ауыр жарақаттануларға апара алады. u Тұрақты тұрып тұрғаныңызға әрқашан назар аударып, шынжырлы араны тек қана бекем, қауіпсіз және тегіс жер үстінде тұрғаныңызда қолданыңыз. Сырғанақ болған табан немесе тұрақты емес тұру жерлер теңгерімнің жоғалуына немесе құрал басқарылуының жоғалуына апаруы мүмкін. u Кернеу астында тұрған бұтақтарды кескенде осы бұтақ қатты қайтарым бере алатынына назар аударыңыз. Ағаш талшықтарындағы кернеу кедергісіз шыққан уақытта осы кернеу астында тұрған бұтақ араны қолданып тұрған адамға тиіп, және/ немесе осы адамның ара үстінен бақылауды жоғалтуына апара алуы мүмкін. u Әсіресе аласа ағаштар топтары мен жас ағаштарды арамен кескенде аса сақ болыңыз. Олардың жіңішке материалы ара шынжырында шатасып оралып қалып, шынжырды араның өзіңізге қарай жүре қалуы немесе өзіңізді тепе-теңдіктен шығарып жіберуі
u Шынжырлы араны өшіріліп қойылған қалыпта алдыңғы тұтқасынан ұстап жүріп тасуыңыз лазым, оны тасып жүргенде ара шынжыры алғы жаққа қарап тұруы керек. Бұтақтар қиюшыды тасымалдағанда немесе сақтағанда әрқашан оның үстінен қорғау жапқышын жауып қою қажет. Бұтақтар қиюшыны жұмыс барысында және тасымалдап сақтауда ұқыпты ұстау арқылы жұмыс істеп тұрған ара шынжырымен кездейсоқ жанасып тиіп қалуы мүмкіншілігі азайтылады. u Майлау, шынжырлар кернеуі мен толымдаушыларды ауыстыру бойынша нұсқауларды ұстана отырып әрекет етіңіз. Лайықсыз түрде керілген немесе майланған шынжырлар жыртылып кете алады немесе қайта соққы қауібін арттыра алады. u Тек қана ағаш кесу үшін. Шынжырлы араны мақсатталмаған жұмыстар үшін қолданбаңыз. Мысалы: Шынжырлы араны металл, пластмасса, тас қалаулары немесе ағаштан жасалмаған құрылыс материалдарын кесу үшін қолданбаңыз. Шынжырлы араны мақсатталмаған жұмыстар үшін қолдану қауіпті жағдайларға апаруы мүмкін. u Осы шынжырлы ара ағаштарды кесу үшін мақсатталмаған. Шынжырлы араны мақсатталмаған басқа жұмыстар үшін қолдану құрал қолданушысы немесе оның айналасында тұрған адамдардың ауыр түрде жарақаттанып қалуына апара алады. u Құралда жиналып қалған шөпті құралдан алып тастағанда, шынжырлы араны сақтауға қойғанда немесе оны тазалағанда не жөндегенде әрқашан осы құжат бойынша берілген нұсқауларға сай әрекет етіңіз. Алдымен құралдың Қосу/Өшіру түймешігі өшіріліп және батареясы шығарылып F 016 L94 704 | (11.07.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 249 қойылғанын тексеріп алыңыз. Құралда жиналып қалған шөпті алып тастаған уақытта немесе құралда тазалау не жөндеу жұмыстарын өткізіп жатқанда шынжырлы араның іске қосыпып қалуы ауыр жарақаттарға апара алады. u Кері соққының пайда болуы себептері мен оларды болдырмау жолдары: – Жүргізу шинасының ұшы кез келген бір затқа жанасып тигенде немесе ағаш бүгіліп, ара шыншыры кесілген жерде қысылып тұрып қалғанда кері соққының пайда болуы мүмкін. – Кейбір кездерде, жүргізуші шинасының ұшын түртіп қалу кездейсоқ артқа қарай бағытталған реакцияға апарып, осы реакция салдарынан жүргізу шинасы жоғарыға қарай және қолданушы бағытына қарай соғылып апарылуы мүмкін. Ара шынжыры жүргізу шинасының ұшында қысылып қалуы шинаны дереу қолданушы бағытына кері итеріп жіберуі мүмкін. – Осы реакциялардың әрқайсысы ара ұстау мен қолдану бойынша бақылауды жоғалтып, қатты жараланып қалуыңызға апаруы мүмкін. Тек қана шынжырлы ара ішіне құрастырылып орнатылған қауіпсіздік құрылғылар жүйесіне сүйенбеуіңіз лазым. Шынжырлы ара пайдаланушы ретінде өзіңіз, апаттар мен жарақаттануларға жол бермей жұмыс істей алу үшін түрлі сақтандыру шараларын қолданып жүруіңіз
Кері соққы шынжырлы араны қате немесе жаңылыс түрде пайдалану салдарынан пайда болады. Төменде көрсетілгендей, лайықты қауіпсіздік шараларын қолдану арқылы осы кері соққының пайда болуына жол берілмейтін болады: u Қолдарыңыздың басбармақтары мен бармақтары шынжырлы араның тұтқалары айналасынан бекем ұстап отыра, араны екі қолыңызбен бекем ұстаңыз. Денеңіз бен қолдарыңызды кері соққы күштеріне қарсы тұрып, төзе алатындай тұрысқа қойыңыз. Лайықты шаралары қолданылғанда құрал пайдаланушысы кері соққы күштеріне қарсы тұрып, төзе алады. Шынжырлы араны ешқашан қолдарыңыздан босатып шығарып жібермеңіз. u Денеңізді лайықсыз және қалыпсыз тұрыста ұстамаңыз және кесілетін өнімдерді иықтарыңыздан биігірек болғанда кеспеңіз. Осының арқасында жүргізуші шина ұшымен кездейсоқ түрде жанасып қалуына жол берілмей, шынжырлы араның кездейсок жағдайларда жақсырақ бақылап басқарылуы қамтамасыз етіле алынады. u Әрқашан шығарушы тарабынан талап етілетін қосалқы шиналары мен ара шынжырларын қолданыңыз. Лайықсыз қосалқы шиналары мен ара шынжырлары шынжырдың жыртылуына немесе кері соққыға апаруы мүмкін. u Ара шынжырын қайрау және күту үшін шығарушының нұсқауларына сай әрекет етіңіз. Тереңдікті шектеушінің мәні тым төмен болғаны соққыға бейімді болуын арттырады. Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары u Бұл құралдың құрамында магниттер бар - Магнитті ешбір имплантаттар және басқа медициналық құралдардың жанына, мысалы жүрекширатқыш (кардиостимулятор) немесе инсулин сорғысы, магниттік деректер тасығыштар және магниттік тұрғыдан сезімтал құралдардың жанына жақындатпаңыз. Магнит арқылы медициналық құралдарының жұмысына жағымсыз әсер ете алатын немесе деректердің қайтымсыз жоғалуына апара алатын өріс туындауы мүмкін. u Бұл электр құрал физикалық, сенсорлық немесе психикалық қабілеттері шектелген, немесе осы құралды қолдану үшін керекті тәжірибесі және/ немесе білімі болмаған адамдар арқылы (осылардың арасында балалар да) тек өздерінің бақылау астында болып, немесе осы құралды қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен танысып, мүмкін бола алатын тәуекелдермен танысқаннан кейін ғана қолданылуы тиіс. Балалардың электр құралымен ойнамауын қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз қажет. u Электр құралды пайдалану барысында оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарыла алынады. u Құралды қолдану алдынан алдымен оның қорғау құралдары мен тұтқыштарының барлығы лайықты түрде енгізіліп орнатылғанын тексеріп алыңыз. Құрал толығымен құрастырылып орнатылмаған қалыпта болғанда немесе құралда рұқсат етілмеген өзгертулер өткізілген жағдайларда құралды ешқашан іске қосып қолданбаңыз. u Электр құралын әрқашан оның шынжыры лайықты түрде реттеліп қойылып және керілген қалыпта болғанда ғана іске қосып қолданыңыз. Электр құралын қате реттелген немесе қате түрде кернелген шынжырмен қолдану шынжырдың үзіліп қалуына, кері соққыға және/немесе адамдардың жарақаттануына апара алады. Қауіпсіздік нұсқаулары мен аккумуляторды оңтайлы түрде пайдалану бойынша нұсқаулар u Аккумуляторды құралға енгізу алдынан құрал өшіріліп қойылған қалыпта болғанын тексеріп алыңыз. Аккумуляторды қосылып тұрған бақ электрбұйымына енгізу апаттарға апара алады. u Тек қана осы бақ электрбұйымы үшін арналған арнайы Bosch аккумуляторларын қолданыңыз. Басқа түрлі аккумуляторларды қолдану жаралану және өрт қауібіне апара алады. u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
Акумуляторды ыстықтан (мысалы, ұзақ уақыт бойы күн сәулеленуінен де), оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қауібі бар. Bosch Power Tools F 016 L94 704 | (11.07.2024)250 | Қазақ u Құралды пайдаланбаған уақытта пайдаланылмайтын аккумуляторды қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, бұрандалардан және түйіспелердің тұйықтауына апара алатын басқа ұсақ темір заттардан ұзақ жерде сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке апаруы мүмкін. u Аккумуляторда зақымданған жерлері бар болғанда немесе ол дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс аумағына таза ауа кіргізіп, шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Аккумулятордың қысқа тұйықталуын өткізбеңіз. Жарылу қауібі бар. u Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан қорғап жүріңіз. u Бақ электр бұйымын температура аумағы -20 °C және 50 °C аралығында болған жерлерде ғана сақтаңыз. Бақ электр бұйымын, мысалы, жазда көлікте қалдырмаңыз. u Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады. Белгі Мағына Балаларды, адамдарды және жануарларды құралға жақындатпаңыз. Қозғалыс бағыты Реакция бағыты
Белгі Мағына Рұқсат етілген қолдану әрекеттер Рұқсат етілмеген қолдану әрекеттер CLICK! Естілетін шуылдар Құрамдас бөлшектер/қосалқы
Өнім және қуат сипаттамасы Қауіпсіздік бойынша нұсқауларын және сақтандырулардың барлығын оқыңыз. Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтары мен сақтандыруларын ұстанбау не орындамау электр соққысына, өрт шығуына және/ немесе ауыр жарақаттануға апара алуы мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алдыңғы бөлшегінде берілген суреттерге назар аударыңыз. Тағайындалу бойынша қолдану Электр құрал ағаштар мен жер қыртысына жақын болған деңгейлердегі ағаш діңдерін арамен кесу үшін арналған. Электр құрал ағаш өнімдерін талшықтар бағытына қарай ұзындығынан және көлдеңінен кесу үшін қолданыла
Бұл құрал бұйым минералдық заттарды кесу үшін жарамды емес. Осы электр құрал ағаштарды арамен кесу үшін мақсатталмаған. Бейнеленген құрамдас бөлшектер (A суретін
Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1) Артқы тұтқасы (2) Қосқыш/Өшіргіш (3) Шынжырлы тісті дөңгелек (4) Алдыңғы тұтқасы (5) Қолдарды қорғау үшін қоршау бөлшегі/Кері соққыға қарсы тежегішін белсендіру иінтірегі (6) Май бүріккіш (7) Шынжырды керу бұрамасы (8) Бекіту бұрандамасы (9) Тісті таяныш (10) Қыспа штифт (11)
(12) Ара шынжыры (13) Монтаждау үшін аспап (14)
(15) Бекіту сомыны F 016 L94 704 | (11.07.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 251 (16) Шынжырдың қорғау бөлшегі (17) Май резервуарының қақпағы (18) Май көлемін бақылау саңылауы (19) Қосқыш/өшіргіштің іске қосылып кетуіне қарсы
(20) Аккумулятор (21) Қуаттандыру құралы (22) Аккумулятордың қуаттандырылу күйін көрсеткіш Техникалық мәліметтер Аккумулятормен жұмыс істейтін шынжырлы ара GKE 18V-40 Өнім нөмірі 3 600 HD3 0.. Атаулы кернеуі
В 18 Бос жүрісіндегі шынжыр жылдамдығы м/с 12,4 Пышақ ұзындығы см 40 Үйлесімді шапқы Oregon 144MLEA041 Bosch 1 600 A03 0J6 Ара шынжырының қадамы 3/8" төмен профилі Жүргізуші элементінің күші мм 1,1 (0,043") Жүргізуші элементтерінің саны 57 Кесу диаметрі, макс. см 36 Май резервуарының толтырылу көлемі мл 150 Шынжырларды автоматтық түрде майлау ● Аспаптық керу жүйесі ● Жетектелетін жұлдызша ● Кері соққы тежеуіші ● Жүріс тежегіші ● Тісті таяныш ● Құрал салмағы EN 62841-4-1 талаптарына сай
3,06 Сериялық нөмірі Құралдағы сериялық нөмірін қараңыз (зауыттық тақташасында) қуаттандыру кезіндегі ұйғарынды қоршаған орта температурасы °C 0 ... +35 Жұмыс кезіндегі
және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C -20 ... +50 Үйлесімді аккумуляторлар GBA 18V... ProCORE18V... 5.5Aсағ, 8.0Aсағ, 12Aсағ ұсынылатын аккумуляторлар ProCORE18V... ≥ 5.5Aсағ ұсынылатын қуаттандыру құралдары GAL 18... GAX 18... A) пайдаланған аккумуляторға байланысты B) температура * < 0 ° C болғанда жұмыс күші шектелген көлемде болады Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac. Bosch Power Tools F 016 L94 704 | (11.07.2024)252 | Қазақ Шуыл және дірілдеу бойынша мәліметтер GKE 18V-40 Шуыл эмиссия мәндері EN 62841-4-1:2020нормасына сай белгіленген. Құралдың “A” қылып белгіленген шуыл деңгейі келесілерге сай болады: – Дыбыс қысымы деңгейі дБ(A)
– Дыбыстық қуат деңгейі дБ(A)
– “K” өлшеу дәлсіздігі дБ 3,0 Құлақты қорғау құралдарын киіп жүріңіз! Аh жалпы тербелу мәні (үш бағыттың векторлық қосындысы) және “K” дәлсіздігі EN 62841-4-1:2020стандартына сай белгіленген. – a
4,5 – “K” өлшеу дәлсіздігі м/с
1,5 Құрал үшін белгіленген жалпы тербеліс мәні (мәндері) мен белгіленген шуыл эмиссия мәні (мәндері) стандартталған техникалық сынақтар әдісіне сай өлшеніп, электр бұйымды салыстыру арқылы басқа құралмен қолдана алынуына көз жеткізіңіз. Құрал үшін белгіленген жалпы тербеліс мәні (мәндері) мен белгіленген шуыл эмиссия мәнін (мәндерін) жүктеменің бастапқы мәнін бағалау үшін де қолдана алынуына назарыңызды аударамыз. Тербеліс және шуыл мәндері мен электр құралдың қолданып жатқан уақытында болған мәндері арасында ауытқу пайда болуы мүмкін, бұл осы құралдың қолдану түрі мен тәсіліне, әсіресе осы құралмен өңделетін өнімдердің түріне байланысты болады; керек болғанда, құрал пайдаланушыны қорғау үшін электр құрал пайдаланып жатқан уақытындағы тербеліс жүктемесін бағалау негізінде қарастырылған, лайықты шараларды белгілеп қолдану лазым (бұл үшін электр құралдың жұмыс циклдарының барлығын ескеріп жүру лазым, мысалы, электр құралдың өшіріліп қойған уақыттары және оның қайта іске қосып бірақ ешбір жүктемесіз тұрған уақыттары). Аккумулятор Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады. Аккумуляторды зарядтау u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз. Аккумуляторды енгізу Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз. Аккумуляторды шығару Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймесін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен қорғайтын 2құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады. Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады. Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді. Аккумулятор түрі GBA 18V... Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 3× жасыл 60–100% Үздіксіз жарық 2× жасыл 30–60% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–30% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% F 016 L94 704 | (11.07.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 253 Аккумулятор түрі ProCORE18V... Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 5× жасыл 80–100% Үздіксіз жарық 4× жасыл 60–80% Үздіксіз жарық 3× жасыл 40–60% Үздіксіз жарық 2× жасыл 20–40% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–20% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
Аккумуляторды тек –20°C...50°C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз. Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
Аккумуляторды күту Аккумулятордың оңтайлы түрде қолдануын қамтамасыз ету үшін төмендегі нұсқаулар мен шараларды ұстанып
– Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан қорғап жүріңіз. – Электр құралды және аккумуляторды температура аумағы -20°C және 50°C аралығында болған жерлерде ғана сақтаңыз. Аккумуляторды, мысалы, жазда көлікте қалдырмаңыз. – Аккумуляторды бақ электр бұйымнан шығарып алып, бақ электр бұйымнан бөлек сақтаңыз. – Тікелей күн сәулелері түсе алатын жағдайларда аккумуляторды бақ электр бұйым ішінде қалдырмаңыз. – Аккумуляторды сақтау үшін ең оңтайлы температура деңгейі болып 5°C саналады. – Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
Қуаттандырылғанынан кейін жұмыс циклдарының айтарлықтай қысқарып қалуы аккумулятордың тозып қалғанын және оны ауыстыру керектігін білдіреді. Құрастырып орнату Өз қауіпсіздігіңіз үшін u Ескерту! Электр құраллды күтіп жөндеу немесе тазалау бойынша жұмыстарын өткізу алдынан алдымен электр құралды өшіріп, оның ішіндегі аккумуляторын шығарып алыңыз. u Абай болыңыз! Шынжыр өткір. Шынжырмен жұмыс істегенде әрқашан қорғаныш қолғаптарын киіп жүріңіз. u Шынжырлы араны ешқашан адамдар, балалар немесе жануарлар жанында, сонымен қатар алкоголь, есірткі тартқаннан кейін немесе еліткіш дәрі-дәрмектерін ішкеннен кейін қолданбаңыз. u Шынжырлы араны тек қана оның жапқышы бекіту бұрандамасымен (8) дұрыс бекітіліп қойылғанда пайдаланыңыз. Шапқыны орнату және ара шынжырын керу (B1 – B4 суреттерін қараңыз) u Абай болыңыз! Ыстық қалыпта болған ара шынжырын кермеңіз. – Шынжырлы араны жапқышымен (14) лайықты төсем үстінен жоғарыға қарай қаратып қойыңыз. – Бекіту сомындарының (15) екеуін де жеткізілім көлемінде болған монтаждау аспабымен (13) алып, жапқышты (14) шығарып қойыңыз. – Шапқыны (11) оның шүмегімен жоғарыға қарай тік ұстай отырып, жаңа немесе қайралған ара шынжырын (12) шапқы үшін дұрыс бағытта бекітіңіз (B1 суретін
– Шынжырды керу бұрамасын (7) сағат тіліне қарсы бағытта бұра отырып, бағыттаушы бұранды (10) солға қарай реттеңіз. Назарыңызда болсын: Бағыттаушы бұран (10) дұрыс бағытталып қойылмаса, шапқы шынжырлы араға орнатыла алынбайды. – Ара шынжыры (12) бүкіл шапқы айналасындағы ұяшықта дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз. – Ара шынжырын шынжырлы тісті дөңгелек (3) айналасынан салып, шапқыны (11) бекіту бұрандамасы (8) үстінен итеріңіз. – Жапқышты (14) бекіту бұрандамасы (8) үстінен
– Бекіту сомындарын (15) бекіту бұрандамаларына (8) орнатып, бекіту сомындарын (15) абайлап қолмен тарта отырып, жапқышты (14) бекітіңіз. (B3 суретін
– Монтаждау аспабын (13) пайдалана отырып, шынжырды керу бұрамасын (7) сағат тілі бағытымен, шынжыр шапқы айналасынан керілгенше дейін бұраңыз. Ара шынжыры (12) шапқыдан (11) шамамен 6−7мм көтеріле алынса, бұл шынжырдың дұрыс керілгенін білдіреді. Осыны тексеру үшін, шынжырлы араны лайықты тегіс жер үстінен қойыңыз. Bosch Power Tools F 016 L94 704 | (11.07.2024)254 | Қазақ Ара шынжырын, лайықты қолғаптарды киіп, қолыңызбен шапқы (11) үстінен, кесілім ұзындығының ортасы жанынан ұстап, ара шынжырын (12) шынжырлы араның салмағына қарсы аздап
– Ара шынжыры тым қатты керілген болса, монтаждау аспабын (13) қолдана отырып, шынжырды керу бұрамасын (7) сағат тіліне қарсы бағытта, шынжырдың дұрыс керу мәні орнатылғанынша дейін, бұраңыз. Назарыңызда болсын: Ара шынжырын тым қатты кермеңіз - тым қатты керу ара шынжырының шамадан тыс тозуына және қызмет мерзімінің қысқартылуына апарып, шынжыр бағыттаушысын зақымдай алады. Назарыңызда болсын: Жаңа ара шынжырлары алғашқы пайдалануда айтарлықтай ұзаруы мүмкін. Алғашқы екі жұмыс сағаттарында құрал аккумуляторын шығарып алып, ара шынжырдың кернеуін тексеріңіз. – Бекіту сомындарын (15) монтаждау аспабымен (13) тартып, жапқышты (14) шынжырлы араға бекітіп
– Бекіту сомындарының (15) екеуі де жұмыс алдында орнатылып және бекітіліп қойылғанына көз жеткізіңіз. Ара шынжырын және шапқыны бөлшектеу – Шынжырлы араны жапқышымен (14) лайықты төсем үстінен жоғарыға қарай қаратып қойыңыз. – Бекіту сомындарын (15) жеткізілім көлемінде болған монтаждау аспабымен (13) алып, жапқышты (14) шығарып қойыңыз. – Шынжырды керу бұрамасын (7) монтаждау аспабымен (13) сағат тілі бағытына қарсы бұра отырып, ара шынжырын (12) босатыңыз. – Шапқыны (11) бекіту бұрандамаларынан (8) босатып
– Шынжырды жетекші шынжырлы доңғалақтан
Май резервуарын толтыру (C суретін
Нұсқау: Сатылғанда немесе жеткізіп берілгенде шынжырлы ара арнайы ара шынжыр майымен толтырылмаған. Шынжырлы араны қолдану алдынан оның маймен толтырылған болуы маңызды. Шынжырлы араны ара шынжыры үшін арналған арнайы майсыз қолдануы немесе бар болған май көлемі керекті деңгейден төмен болғаны ара шынжырдың бұзылуына
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
– Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен (17) лайықты төсем үстінен жоғарыға қарай қаратып
– Май резервуары қақпағы (17) айналасындағы аумақты тазалаңыз. Ласталған жерлерді тазалау үшін, таза шүберекті пайдаланыңыз. – Май резервуарының қақпағын (17) сағат тілі бағытына қарсы бұрыңыз. – Май резервуарын шынжырлы араларына арналған, биологиялық тұрғыдан ажырай алатын Bosch майымен толтырыңыз. (Тапсырыс беру нөмірі: F 016 800 642) – Шынжырлы араларға арналған майларын құю барысында май резервуарына ешбір лас немесе бөтен заттардың түсіп қалмауына көз жеткізіңіз. – Май резервуарының қақпағы (17) шынжырлы араға бекітілген. Маймен толтыру барысында май резервуарының қақпағы май резервуарының құю саңылауын бұғаттап тұрмауына көз жеткізіңіз. – Жұмыс уақыттағы май деңгейін май деңгейін бақылау терезі (18) арқылы бақылауыңызға болады. Май ең төмеңгі деңгейіге жеткенде, жаңа май құйып толтырыңыз. – Май резервуарының қақпағын (17) орнатып, нық тартып қойыңыз. Нұсқау: Шынжырлы араларына арналған Bosch майын немесе осыған ұқсас, шынжырлы араларға арналған шынжырлы майды пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген майларды қолдану май жүйесінің жұмысына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Рұқсат етілмеген майды пайдалану кепілдіктің жарамсыз болып қалуына апарады. Назарыңызда болсын: Ең оңтайлы жұмыс нәтижесіне қол жеткізу үшін, шынжырлы араларына арналған, биологиялық тұрғыдан ажырай алатын Bosch майын пайдалану лазым. Ара шынжырын майлау (E3 суретін қараңыз) Ара шынжырының қызмет ету мерзімі мен кесу өнімділігі оның майлану оңтайлығына байланысты болады. Сондықтан ара шынжыры май бүріккіші (6) арқылы іске қосылып қолданылған уақытта автоматты түрде ара шынжыры үшін арналған арнайы майымен майланып
Ара шынжырының дұрыс майлануын жүйелі түрде тексеріп жүріңіз: – Шынжырлы араны, оның май резервуары толтырылған қалыпта болғанда, шапқы ұшымен ашық түсті бір аумаққа бағытталған түрде ұстаңыз. – Электр құралды шамамен 1 минут бойы қосылған түрде істетіңіз немесе оны май ашық түсті аумақта көрілгенінше дейін істетіңіз. – Май көрілмесе, қателерді анықтауды “Ара шынжыры құрғақ” қатесін қараңыз. – Майлы жүйесі одан кейін де дұрыс істемей тұрса, Bosch компаниясының клиенттерге қызмет көрсету орталығына жүгініңіз. Назарыңызда болсын: Май фильтрі май резервуары ішіне кіріктірілген. Тазалау немесе қателерді жою сұрақтары бойынша Bosch компаниясының техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Назарыңызда болсын: Төмен температураларда май тұтқыр болып кетіп, осының салдарынан май өнімділігінің деңгейі төмендеп кетеді. F 016 L94 704 | (11.07.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 255
u Пайдалану алдынан әрқашан алдымен пайдалану бойынша нұсқаулығын және қауіпсздік бойынша нұсқауларды оқып шығыңыз. u Әрқашан лайықты киім мен жеке қорғаныс құралдарын киіп жүріңіз. u Құралды пайдалану алдынан алдымен талап етілетін күтім жұмыстарын өткізіңіз. u Пайдалану алдынан әрқашан алдымен құрал және шынжырдың күйін, май көлемін және құрал бөлшектерінің дұрыс құрастырылғанын тексеріп алыңыз. Шынжырлы араны, оңың күйі мінсіз түрде болғанда ғана пайдаланыңыз. u Әрқашан жұмыс айналасының құрғақ және ешбір кедергісіз болуын және құрал айналасында жұмысқа қатысы болмаған ешбір адамдар болмағанына көз жеткізіп жүріңіз. u Қауіпсіз түрде тұрып тұрғаныңызға әрқашан назар аударып, шынжырлы араны тек қана бекем, қауіпсіз және тегіс жер үстінде тұрғаныңызда қолданыңыз. u Шынжырлы араны ешқашан басқышта тұрып немесе иық биіктігінен жоғары ұстап қолданбаңыз. u Ешқашан арамен бірден тым құлаштап сермеу арқылы әрекет етпеңіз немесе қолдарыңызды жан-жаққа созып жұмыс істемеңіз. u Шынжырлы араны әрқашан екі қолыңызбен бекем ұстап жүріңіз. u Шынжырлы араны жерге жатқызып қойылған қалыпта қалдырмаңыз. Сүріну қаупі! u Жұмыс барысында темекі тартпаңыз және жұмыс аумағына ешбір түрде от немесе жалын түсуіне жол бермеңіз. Шынжырлы араның шаңы тез жаңғыш бола алады. u Құралдың автоматты түрде өшірілгенінен кейін Қосу/Өшіру түймесін баспаңыз. Басқаша әрекет еткеніңізде аккумулятор бұзылып қалуы мүмкін. Нұсқау: Шынжырлы ара маймен толтырылмаған қалыпта (F 016 800 642) жеткізіледі. Май резервуарын ара шынжырлары үшін арналған маймен толтырып алмағаныңызша дейін, шынжырлы араны пайдаланбаңыз (C суретін қараңыз). u Шынжырлы араны қате түрде тураланған немесе қате керілген шынжырмен пайдалану шынжырдың үзіліп қалуына, кері соққыға және/немесе жарақаттануға апара алады. u Жаңа ара шынжырлары алғашқы рет іске қосылуында айтарлықтай ұзаруы мүмкін. u Шынжыр кернеуін жұмыс барысында жүйелі түрде тексеріп жүріңіз. Дұрыс түрде құрастырып орнату үшін, (қараңыз „Шапқыны орнату және ара шынжырын керу (B1 – B4 суреттерін қараңыз)“, Бет253). Шынжырлы араны дұрыс пайдалану (H суретін қараңыз). Әрқашан осы тарауда сипатталған дұрыс пайдалану әдісін қолданыңыз: – Максималды тұрақтық және қорғау үшін, лайықты, тайғануға төзімді, шынжырлы аралармен жұмыс істеу үшін арналған қолғапшаларды киіп жүріңіз. – Арамен жұмыс істегеніңізде араны әрқашан екі қолыңызбен ұстаңыз. – Оң қолыңызды артқы тұтқаға, ал сол қолыңызды алдыңғы тұтқаға қойып, екі қолыңыздың басбармағыңызбен және бармақтарыңызбен шынжырлы араның екі жақтағы тұтқаларын айналасынан нық ұстаңыз. (E2 суретін қараңыз) – Салмағыңызды тепе-теңді түрде ұстап, аяғыңыздың екеуін де тұрақты жер үстінен қойып тұрыңыз. – Кез келген кері соққы күштеріне төзе алу үшін, сол жақ шынтағыңызды “тік” және шымыр түрде ұстаңыз. – Ешқашан қолыңызды созып немесе шамадан тыс ұзаққа созылып жұмыс істемеңіз. – Кері соққы пайда болған жағдайларда шынжырлы ара бойынша басқаруды жоғалтпау үшін, шынжырлы араны нық ұстап тұрып, сол жақ қолыңызды шымыр түрде ұстаңыз. – Шынжырлы араны денеңіздің оң жағынан ұстаңыз. – Денеңіздің ешбір бөлігі кесу сызығын кесіп өтпейтініне көз жеткізіңіз. Кері соққы шынжырлы ара Өзіңіздің денеңізге кері лақтыруы мүмкін. (H суретін қараңыз) Кері соққы арқылы шынжырлы ара Өзіңіздің денеңізге кері лақтырылуы мүмкін. (H суретін қараңыз) Қосу/Өшіру (E1 суретін қараңыз) u Максималды тұрақтық және қорғау үшін, лайықты, тайғануға төзімді, шынжырлы аралармен жұмыс істеу үшін арналған қолғапшаларды киіп жүріңіз. Құралды қосу алдынан: – Шынжырдың қорғау бөлшегін (16) шығарып алыңыз. – Аккумуляторын енгізіңіз. – Шынжырлы араны екі тұтқасынан нық түрде ұстап тұрып, денеңізді ара шынжырдың жету аумағынан ұзақ ұстаңыз. (H суретін қараңыз). Құралды қосу: – Кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру үшін тұтқасын (5) 2-позициядан алдыңғы тұтқа (4) бағытына қарай 1-позицияға тартыңыз. – Қосқыш/өшіргіштің іске қосылып кетуінен қорғайтын бұғаттаушы түймесін (19) басыңыз, одан кейін Қосу/ Өшіру түймесін (2) басып, басқан қалыпта ұстап
– Шынжырлы ара жұмыс істей бастағаннан сәтте іске қосылып кетуінен қорғайтын бұғаттаушы түймесін босатып жібере салыңыз. – Ағашта жұмыс істеу алдынан ара шынжыры толық жылдамдыққа жетуі тиіс. Bosch Power Tools F 016 L94 704 | (11.07.2024)256 | Қазақ Нұсқау: Кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру үшін тұтқа (5) құралды пайдалану алдынан дұрыс түрде белсенсіз етіліп қойылмаса, шынжырлы ара іске қосыла
– Қосу/Өшіру түймесін (2) босатып жіберіңіз. Іске қосылып кетуінен қорғайтын бұғаттаушы түймесі қауіпсіздік/бұғаттау қалпына кері оралады. – Құралды қолданғаннан кейін, кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру үшін тұтқасын (5) 1-позициядан, алға қарай, алдыңғы тұтқадан (4) жылжыта отырып, 2- позицияға итеріңіз. Кесу бойынша әрекеттенуге қатысты жалпы нұсқаулар (F суретін қараңыз) – Құралды алғашқы рет қолданатын пайдаланушылар ағаш діңгектерін кесуді алдымен діңгектерді тұғырық үстіне қойып үйреніп алуы тиіс. – Араны өшіріп, ағаш алдында лайықты тұрыс позицияға
– Шынжырлы араны іске қосып, ара шынжыры ағашқа жанасқанша дейін толық жылдамдықпен жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. – Кесуді тұрақтандыру үшін, тісті таяныш тірегін (9) ағашқа қарсы баса отырып, кесуді бастаңыз. – Қалыңырақ бөренелерді немесе ағаш діңгектерін арамен кескеніңізде, кесу барысында тісті таяныш тірегін қадамдап төменірек санға жеткізіп, тісті таяныш тірегін иінтірек ретінде пайдаланыңыз. Ол үшін шынжырлы араны сәл артқа қарай, тісті таяныш тірегі босатылғанша дейін тартып, арамен кесуді жалғастыру үшін, шынжырлы араны төменірек деңгейде қайта енгізіңіз. Шынжырлы араны кесік жасалған жерден толығымен шығармаңыз. – Шынжырлы араны бүкіл кесу барысында қосылған қалыпта ұстап, біркелкі жылдамдықпен жұмыс істеңіз. – Арамен жұмыс істегенде ара шынжырына күшпен баспаңыз, оны тек қана ұстап, өз-өзімен жұмыс
– Шынжырлы араны әрқашан ағаш кесіктен ара шынжыры жұмыс істеп тұрғанда шығарыңыз. – Арамен кесік жасау соңында сақ болыңыз. Шынжырлы ара өзінің тек қана бір негізгі кескіш жиегімен жұмыс істей бастаған сәттен бастап ауырлық күші кездейсоқ түрде өзгеріледі. Аяқтардың жарақаттанып қалу қаупі
– Кесу барысы аяқталған сәтте, Қосу/Өшіру түймесін босатып, шынжыр тоқтағанынша күтіңіз және кері соққыдан қорғау тежеуішін (5) лайықты түрде “O” позициясына қойыңыз (E1 суретін қараңыз). Араның кері соғуы (G суретін қараңыз) Кері соққы туралы негізгі ақпаратты білу арқасында жазатайым оқиғаларға апара алатын кері соққының ықтималдығын азайтуға болады. Әрқашан жерде тұрақты түрде тұрғаныңызға және тепе- теңдікті жоғалтпауыңызға көз жеткізіңіз. Араның кері соғуы деген ұғым жұмыс істеп тұрған араның, шапқы ұшы кесілетін өнімді түртіп қалғанда немесе ара қысылып ілініп қалғанда пайда болатын, жоғарыға және артқа қарай кездейсоқ соға бастауын
Араның кері соққысы пайда болғанда шынжырлы ара күтпеген түрде әрекеттене бастап, қолданушының немесе арамен кесу жұмысы өткізіліп жатқан аумақта тұрған басқа адамдардың ауыр жарақаттануына апара алады. Әсіресе арамен көлденең және қиғаш бағытта, сондай-ақ бойлық кесулерді арамен кескенде ерекше назар аударыңыз. Осындай кесулерді жасағанда әдетте тісті таяныш тірегі (9) қолданыла алынбайды. Кері соққы қаупін азайту үшін, келесі қауіпсіздік шараларын ұстаныңыз: – Әрқашан шынжырлы араның дұрыс пайдаланылуына назар аударыңыз. – Кері соққы пайда болған жағдайларда шынжырлы ара бойынша басқаруды жоғалтпау үшін, шынжырлы араны нық ұстап тұрып, сол жақ қолыңызды шымыр түрде ұстаңыз. – Арамен кесу жұмыстары өткізілетін аумақта ешбір бөгеттердің болмауына көз жеткізіңіз. Шапқының ұшы ешбір ағаш діңгегіне, бұтаққа, дуалға немесе Өзіңіз арамен жұмыс істеу барысында тиіп қалатындай басқа бір бөгетке жанасып қалмауына көз жеткізіңіз. Нұсқау: Шапқының ұшы кез келген бір бөгетпен жанасып қалуы кері соққының пайда болуына апаруы мүмкін. – Әрқашан шынжырлы араның толық жылдамдығымен кесіңіз. Қосу/Өшіру түймесін (2) толығымен басып, біркелкі кесу жылдамдықпен жұмыс істеңіз. – Тек қана Bosch арқылы ұсынылған қосалқы шапқыларын және кері соққы қаупі төмен болған шынжырларды пайдаланыңыз. Кері соққы тежеуіші Кері соққы тежеуіші - кері соққы пайда болғанда, кері соққы тежеуішін белсендіру үшін арналған иінтірек (5) арқылы қол білегімен белсендірілетін қауіпсіздік механизмі. Ара шынжыры дереу тоқтатылады. Осының арқасында кері соққы арқылы пайда болатын жарақаттану қаупі азайтылады. Кері соққы тежеуіштің функционалдығын жүйелі түрде тексеріп жүріңіз. – Шынжырлы араны екі қолыңызбен бекем ұстаңыз. – Шынжырлы араны іске қосыңыз. – Ара шынжыры айналып тұрса, кері соққы тежеуішін (5) белсендіру үшін, иінтіректі қол білегіңізбен алға қарай басыңыз. Осы тексеру барысында ара шынжыры дереу тоқтамаса, шынжырлы араны пайдаланбаңыз. Нұсқау: Қалыпты түрде пайдалану барысында, кері соққы тежеуіштің иінтірегін (5) әдейі басу арқылы шынжырлы араны тоқтатпаңыз. F 016 L94 704 | (11.07.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 257 Ағаш діңгектерін арамен кесу (H суретін
– Діңгектерді арамен кесу алдынан оларды әрқашан қауіпсздендеріп бекітіп алыңыз. – Діңгектің қысылып қалуына немесе ара шынжырының сыналануына жол бермеу үшін, діңгектерді әрқашан белгіленген қауіпсіздендіру нүктелері үстінен кесіңіз. – Ара шынжыры ешқашан жер немесе кесу жабдықтарына тиіп қалмауына көз жеткізіп жүріңіз. – Сүрініп қалу қауібіне апара алу себебінен ағаш түбірлеріне, бұтақтарға, тамырларға және т.б. назар
Ағашты кернеу астында арамен кесу (I суретті
– Кернеу астында тұратын ағаш өнімдерін, бұтақтарды және ағаштарды арамен кесу жұмыстары тек қана арнайы білімі және тәжірибесі бар мамандар арқылы өткізілуі тиіс. Аса сақ болуыңыз қажет. Жазатайым апаттардың қауібі артады. Бұтақта немесе ағашта бұтақшаларды кесу (J суретті қараңыз) – Бұтақшаларды кесу деген ұғым шабылып құлатылған ағаштан немесе ірі бұтақтан бұтақшаларды кесіп алуды
– Ағашты тіреп тұратын үлкенірек, төменге қарай бағытталған бұтақтарды жұмыс барысы басында кеспей ағашта қалдырыңыз. – Шағын бұтақшаларды бір кесу әрекетте кесіп алып
Қателерді белгілеу Электр бұйымыңыз қалыпты түрде жұмыс істемей тұрған жағдайларда төменде берілген қателер симптоматика бойынша кестесі мүмкін болған себептерін белгілей отырып, оларды шешу үшін жолдар мен шараларын көрсетеді. Қателер мен бөгеттерді осы кесте бойынша белгілеп жоя алмасаңыз, техникалық көмек беретін лайықты сервис орталығымен хабарласыңыз. Назар аударыңыз: Қателерді белгілеу бойынша жұмыстарды өткізу алдынан алдымен электр бұйымын өшіріп қойып, оның ішіндегі батареясын шығарып алыңыз. Симптомдар Ықтимал себептер Көмек Шынжырлы ара іске қосылмай не жұмыс істемей тұр Кері соққы тежеуіші қосылып кетті E1 суретін қараңыз Аккумулятор қуатсызданып қалған Аккумуляторды қуаттандырып алыңыз, “Қуаттандыру бойынша нұсқаулар” тарауын
Аккумулятор дұрыс енгізіліп орнатылмаған Бұғаттау сатылардың екеуі де толығымен енгізіліп орнатылуын тексеріңіз Қозғалтқыш қорғанысы қосылып кетті Қозғалтқышты суытып алыңыз Аккумулятор тым суық/тым қызып қалған Аккумуляторды жылытып/суытып алыңыз Электр құрал ақаулы Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Шынжырлы ара үзік- үзік жұмыс істеп тұр Аккумулятор қуатсызданып қалған Аккумуляторды қуаттандырып алыңыз, “Қуаттандыру бойынша нұсқаулар” тарауын
Электр құрал ақаулы Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Ара шынжыры құрғақ Май резервуарында май жоқ Май құйыңыз, “Ара шынжырын майлау” тарауын қараңыз Май бүріккіші (6) бітеліп қалған Май бүріккішін (6) тазалаңыз Май сүзгісі бітеліп қалған Май сүзгісін тазалаңыз / Қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Ара шынжыры/ Жүргізу шинасы қызып кеткен Май резервуарында май жоқ Май құйыңыз Шынжыр кернеуі тым жоғары Шынжыр кернеуін реттеңіз. Ара шынжыры дөкір Ара шынжырын алмастырыңыз Майды ағызып шығаратын каналы бітелген Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Bosch Power Tools F 016 L94 704 | (11.07.2024)258 | Қазақ Симптомдар Ықтимал себептер Көмек Шынжырлы ара жұлқына бастап, дірілдейді немесе дұрыс кеспейді Шынжыр кернеуі тым төмен Шынжыр кернеуін қосымша кернеп алыңыз Ара шынжыры дөкір Ара шынжырын алмастырыңыз Ара шынжыры тозып қалған Ара шынжырын алмастырыңыз Ара тістері қате бағытта қарап тұрады Ара шынжырын дұрыс орнатыңыз Шапқы зақымдалған немесе тозып қалған
Шапқыны алмастырыңыз немесе Bosch компаниясының техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Қатты вибрациялар/
Электр құрал ақаулы Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Шынжыр қате монтаждалған Шынжырдың дұрыс құрастырылуын тексеріңіз, “Шапқыны құрастырып орнату және ара шынжырын керу” тарауын қараңыз. Аккумулятордың бір қуаттандырылған көлеміндегі аралау уақыты тым төмен Жағармайдың жеткіліксіз жағылуы себебінен үйкелістің тым жоғары болуы Шынжырлардың қалыпты түрде майлануын қамтамасыз етіңіз (“Шынжырларды майлау” тармағын оқыңыз) Шынжырлы араны тазалауыңыз лазым Ара шынжырын тазалаңыз Арамен кесу әдісі нашар "Шынжырлы арамен жұмыс істеу" бөлімін
Аккумулятор тоқпен толық қуаттандырылмаған Аккумуляторды қуаттандырып алыңыз, “Қуаттандыру бойынша нұсқаулар” тарауын
Аккумулятор ұйғарынды температура дәрежесінен тыс аумақта Аккумуляторды лайықты бөлме температура дәрежесіне дейін жылытып алыңыз (0 – 45°C арасындағы ұйғарынды температура дәрежесінде) Шынжыр кернеуі тым жоғары Шынжыр кернеуін реттеңіз. Ара шынжыры дөкір Ара шынжырын алмастырыңыз Ара шынжыры тым бәсең ғана жылжып
Аккумулятор қуатсызданып қалған Аккумуляторды қуаттандырып алыңыз, “Қуаттандыру бойынша нұсқаулар” тарауын
Аккумулятор ұйғарынды температура дәрежесінен тыс аумақта Аккумуляторды лайықты бөлме температура дәрежесіне дейін жылытып алыңыз (0 – 45°C арасындағы ұйғарынды температура дәрежесінде) Аккумулятор тым қызып кеткен Аккумуляторды суытып алыңыз Техникалық күтім және қызмет
Күтім, тазалау және тасымалдау u Ескерту! Электр құраллды күтіп жөндеу немесе тазалау бойынша жұмыстарын өткізу алдынан алдымен электр құралды өшіріп, оның ішіндегі аккумуляторын шығарып алыңыз. u Әрқашан лайықты киім мен жеке қорғаныс құралдарын киіп жүріңіз. u Шынжырлы арада бос, ілініп тұрған не бөлініп қалған, немесе зақымданып бұзылған ара шынжыры, босап кеткен бекітулер мен тозып кеткен немесе зақымданып бұзылған құрастыру бөлшектері сияқты көзбен көрінетін ақаулықтары бар не жоқ болуын үнемі тексеріп жүруіңіз лазым. u Бақ құралында ешбір өзгерту жұмыстарын өткізбеңіз. Рұқсат етілмеген өзгерту жұмыстары бақ құралыңыздың қауіпсіздігіне жағымсыз әсер етіп, шуылдар мен вибрациялардың өсіп күшейтілуіне, сондай-ақ кепілдіктің жоғалуына апара алады. Күтім және тазалау – Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін, электр құралы мен желдеткіш саңылауларын таза қалыпта ұстаңыз. – Электр құралын тазалау үшін, су, еріткіш және тегістеу өнімдерін қолданбаңыз. – Электр құралынан ласты кетіру үшін, таза шүберекті немесе қатты қылшақты пайдаланыңыз. F 016 L94 704 | (11.07.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 259 – Май бүріккішінен (6) лас пен кірді абайлап кетіру үшін, таза бір шүберекті қолданыңыз. Май бүріккішіне (6) лас пен кірдің түсіп қалмауына көз жеткізіңіз, себебі бұл май бүріккіштің бітеліп қалуына апарып, құрал майлануына жағымсыз әсер ете алады. Ара шынжыры бойынша күтім – Құралды ұзақ уақыт үшін сақтауға қою алдынан, құрал бөлшектерінің сыналап қалуын болдырмау үшін, алдымен шапқы мен ара шынжырын тазалап алыңыз. Ара шынжырын келесідей тазалаңыз: – Жапқышты (14), шапқыны(11) және ара шынжырын(12) шынжырлы арадан шығарып алып, оларды қатты бір қылшақпен тазалаңыз. (қараңыз „Ара шынжырын және шапқыны бөлшектеу“, Бет254). – Ара шынжырында зақымдалған жерлердің бар не жоқ болуын тексеріп, ара шынжырын ауыстырыңыз немесе қайраңыз. Ара шынжырын алмастыру және қайрау u Құралдың оңтайлы жұмысын және құрал қауіпсіздігін қамтамасыз ете алу үшін, ара шынжыры өткір болуы тиіс. u Ара шынжырын қайрау бойынша тәжірибеңіз болмаған жағдайда ара шынжырын ешқашан Өзіңіз қайрамаңыз. Ара шынжыры өзінің ұзақ уақыт бойы пайдаланғанынан кейін немесе ағаштан басқа заттарға жанасып қалған жағдайда дөкір болып қалуы мүмкін. – Ара шынжырын ара шынжырлар үшін арналған Bosch құрамдас бөлшектерімен алмастырыңыз немесе ара шынжырын лайықты мамандар арқылы қайратып алыңыз, “Құрамдас бөлшектер” тарауын қараңыз. – Ара шынжырын құралда құрастырып орнату үшін, (қараңыз „Шапқыны орнату және ара шынжырын керу (B1 – B4 суреттерін қараңыз)“, Бет253). Шапқы бойынша күтім u Тек қана құрал мен нұсқауларды лайықты түрде түсініп және білгенде ғана шапқыны өз басыңызбен алмастырыңыз, басқаша болған жағдайда Bosch компаниясының техникалық қызмет көрсету орталығына жүгініңіз. u Тек Bosch арқылы ұсынылған қосалқы шапқыларын пайдаланыңыз. Шапқыда жарықтар немесе тозған жерлердің бар не жоқ болуын тексеріңіз. Шапқы зақымдалған жағдайда, оны алмастырыңыз. Шапқыны шығарып алу бойынша нұсқауларды(қараңыз „Ара шынжырын және шапқыны бөлшектеу“, Бет254) тарауында таба аласыз. Қосалқы және құрамдас бөлшектер (K суретін
www.bosch-pt.com сайтында құрастырмалық сызбасын және қосалқы бөлшектері бойынша деректерді таба
Шапқы 1 600 A03 0J6 Ара шынжыры F 016 800 647 Шынжырлы араны тасымалдау және сақтау Шынжарлы араны тасымалдау алдынан: – Әрқашан құралдың аккумуляторын шығарып алыңыз. – Жарақаттануларға жол бермеу үшін, шынжырлы ара пайдаланылмаған уақытта шынжырдың қорғау бөлшегін (16) шапқыда (11) орнатыңыз. – Қолды қорғау бөлшегін/шынжыр тежеуішін алға қарай итере отырып, шынжыр тежеуішін әрқашан бұғаттап
– Шынжырлы араны шапқысымен артқа қарай тасып жүру ұсынылады. Шынжырлы араны сақтауға қою алдынан, шынжырлы араны тасымалдау бойынша берілген қадамдарға қосымша келесі қадамдарды өткізіңіз: – Шынжырлы араны сақтауға қою алдынан, май резервуарын босатыңыз, және оны пайдалану алдынан жаңадан қайта толтырыңыз. – Шынжырлы араны әрқашан қауіпсіз, құрғақ және балалар қолы жете алмайтын жерде сақтаңыз. – Шынжырлы араның үстінен ешқашан ешбір басқа заттарды қоймаңыз. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Bosch Power Tools F 016 L94 704 | (11.07.2024)260 | Қазақ Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталық өнімді жөндеу және күтім, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы бөлшектер бойынша деректерді келесі сайтта таба аласыз: www.bosch-pt.com Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап беруге дайын. Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім нөмірін атаңыз. Бұл мәтін ең алдымен Bosch өнімдерін жасанды көшірмелерден қорғау үшін мақсатталған. [Seidel, Seitter, Merl арқылы 15.4.2010 күні шығарылған шешім] Мағыналы аударма: "Келесі елдер үшін: Ресей, Беларусь, Қазақстан Pts құралдары бойынша кепілдік шеңберіндегі қызметтер және жөндеу жұмыстары, өндірушінің талаптары мен стандарттары себептерінен, тек қана Bosch компаниясының өз фирмалық немесе авторизацияланған сервистік орталықтарында өткізіледі. Сақтандыру! Түпнұсқалы емес өнімдерді пайдалану қауіпті бола отырып, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Түпнұсқалы емес өнімдерге қарсы, Әкімшілік құқықтық заңдарға және Қылмыстық кодекске сай, тиісті шаралар қолданылады.”
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Сервистік орталықтардың мекенжайларын мұнда таба аласыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Ұсынылатын литий-иондық аккумуляторлар қауіпті өнімдерге қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады. Үшінші тараптар арқылы жіберілгенде (мысалы, әуе көлігімен немесе көлік-экспедициялық қызметтер арқылы) қаптамаға және таңбалауға қойылатын арнайы талаптарды ұстану керек. Мұндау жағдайларда, жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша арнайы маманымен хабарласу керек. Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз.Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз. Кәдеге жарату Өнімдер, аккумуляторлар, керек-жарақтар мен қаптамалар экологиялық тұрғыдан лайықты түрде қайта өңделуге тапсырылуы
Электр құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды тұрмыстық қалдықтар контейнерлеріне тастамаңыз! F 016 L94 704 | (11.07.2024) Bosch Power ToolsRomână | 261 Тек қана ЕО елдері үшін: Еуропа Одағының 2012/19/EU директивасы сай, қолдану үшін жарамсыз болып қалған өнімдер және, Еуропа Одағының 2006/66/EC директивасына сай, ақаулы немесе тозған аккумуляторлар/батареялар іріктеліп жиналып,экологиялық тұрғыдан лайықты түрде қайта өңделуге тапсырылуы тиіс. Лайықсыз түрде кәдеге жаратылған жағдайда, ескі электр және электрондық құралдар, оларда қауіпті заттардың бар болуы ықтималдығы себебінен, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына қауіпті түрде әсер етуі
Notice-Facile