BOSCH GCM 8 SDE Professional - Ара

GCM 8 SDE Professional - Ара BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GCM 8 SDE Professional BOSCH PDF форматында.

📄 439 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice BOSCH GCM 8 SDE Professional - page 262
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GCM 8 SDE Professional

Санат : Ара

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GCM 8 SDE Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GCM 8 SDE Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GCM 8 SDE Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, 1 609 92A 7NA | (26.04.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 263 нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Bosch Power Tools 1 609 92A 7NA | (26.04.2022)264 | Қазақ u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

Бұрыштық ара үшін қауіпсіздік нұсқаулары u Бұрыштық ара ағаш немесе ағаш сияқты өнімдерді аралауға арналған, оларды абразивті кесу дөңгелектерімен брус, шыбық, шеге және т.б. сияқты темір материалдарды аралауға пайдалану мүмкін емес. Абразивті аралаудағы ұшқындар төменгі тіреуішті, ішпек және басқа бөлшектерді жандырады. u Дайындаманы ұстау үшін мүмкін болса қысқыштарды пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен ұстасаңыз, қолыңызды ара дискісінен кемінде 100мм қашықтықта ұстаңыз. Қысу үшін немесе қолмен ұстау үшін тым кіші бөлшектерді кесу үшін бұл араны пайдаланбаңыз. Егер қолыңыз ара дискісіне тым жақын болса, дискіге тиюден шығатын ұшқындардан жарақаттану қауіпі жоғары

u Дайындама тұрақты болып тіреуіш пен үстелге қысылуы немесе тірелуі керек. Дайындаманы дискіге жылжытпаңыз немесе қолмен апармаңыз. Қысылмаған немесе жылжымалы дайындамалар жоғары жылдамдықта лақтырылып жарақаттауы

u Араны дайындамаға басыңыз. Араны дайындамадан тартпаңыз. Кесік істеу үшін ара басын көтеріп, дайындама жоғарысынан кеспей өткізіңіз, қозғалтқышты іске қосыңыз, ара басын төмен басып, араны дайындамаға басыңыз. Тартып аралау ара дискісін дайындама үстіне шығарып, дискіні операторға қарай лақтыруы мүмкін. u Қолыңызды ешқашан ара дискісінің алдында немесе артында кесу сызығына қоймаңыз. Басқа қолмен дайындаманы ұстау, мысалы, дайындаманы ара дискісінің оң жағында сол қолмен ұстау немесе терісі өте қауіпті. u Ешқашан қолыңызды ағаш жоңқаларын немесе басқа себептен дискі айналып тұрғанда ара дискісіне 100 мм-ден жақын тіреуіш арқасына апармаңыз. Айналып тұрған араның жақындығы дұрыс айқындалмай сіз қатты жарақаттануыңыз

u Кесуден алдын дайындаманы тексеріңіз. Егер дайындама қисайтылған немесе деформацияланған болса, оны сыртқы қисайтылған жағымен тіреуішке қысыңыз. Әрдайым кесік бойы дайындама, тіреуіш және үстел арасында аралық болмауына көз жеткізіңіз. Бұрылған немесе қисайған дайындамалар ширап, жылжып не айналып тұрған ара дискісін қысып қалуы мүмкін. Дайындамада шеге немесе басқа бөгде денелер болмауы тис. 1 609 92A 7NA | (26.04.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 265 u Үстел барлық аспаптар, ағаш жоңқалары т.б. бос болмағанша араны пайдаланбаңыз. Кіші сынықтар немесе бос ағаш бөлшектері не басқа нысандар айналып тұрған дискіге тисе, олар жоғары жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін. u Бір уақытта тек бір ғана дайындаманы аралаңыз. Жинап қойылған бірнеше дайындамалар дұрыс қысылмай не бекітілмей аралау кезінде дискіні қысуы немесе жылжуы мүмкін. u Пайдаланудан алдын бұрыштық араның тегіс, тұрақты жұмыс аймағына бекітілуін немесе орналастырылуын қамтамасыз етіңіз. Тегіс және тұрақты жұмыс аймағы бұрыштық араның қимылдап кету қауіпін кемітеді. u Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Еңіс немесе көлбеу бұрышының параметрін өзгерткеніңізде, реттелетін тіреуіш дайындаманы ұстауға дұрыс реттелгенін және дискіні немесе қорғау жүйесіне тимеуіне көз жеткізіңіз. Аспапты “ҚОСУ”дан алдын және үстелде дайындама болмағанда ара дискісін бүтін симуляциялық кесіктен өткізіп, кедергі болмауына және тіреуіш кесілмеуіне көз жеткізіңіз. u Үстелден үлкен дайындамалар үшін үстел кеңейткіші, аралау сандалы, т.б. сияқты көмекші аспаптар арқылы дұрыс ұстауды қамтамасыз етіңіз. Бұрыштық ара үстелінен ұзын немесе кең дайындамалар сенімді ұсталмаса аударылуы мүмкін. Егер кесілген бөлшек немесе дайындама аударылса, ол төменгі тіреуішті көтеруі немесе айналып тұрған дискімен лақтырылуы мүмкін. u Үстел кеңейткіші немесе қосымша тіреуі орнына басқа адамды пайдаланбаңыз. Дайындама тұрақты бекітілмесе дискі қысылуы немесе дайындама кесу кезінде жылжып, сізді не көмекшіңізді айналып тұрған дискіге жақындатуы мүмкін. u Кесілген бөлшек тұрып қалмауы немесе айналып тұрған ара дискісіне басылмауы тиіс. Шектелген болса, мысалы, ұзындық шектеулері арқылы, кесілген бөлшек дискіге қысылып қатты лақтырылуы мүмкін. u Шыбық немесе құбыр сияқты домалақ материалдар үшін әрдайым қысқыш немесе бекіткішті пайдаланыңыз. Шыбықтар кесілгеннен соң домалап кетуі мүмкін, мұнда дискі тістеп дайындаманы қолыңызбен бірге дискіге тартуы

u Дайындамаға тиюден алдын дискі толық жылдамдығына жетуі керек. Бұл дайындама лақтырылу қауіпін кемітеді. u Егер дайындама немесе дискі тұрып қалса, бұрыштық араны өшіріңіз. Барлық істеп тұрған бөлшектердің тоқтағанын күтіп, ашаны қуат көзінен шығарыңыз /немесе батарея жинағын шығарыңыз. Сосын тұрып қалған материалды шығарыңыз. Дайындама тұрып қалған кезде аралауды жалғастыру бұрыштық араның бақылауы жоғалуына немесе зақымдалуына алып келуі мүмкін. u Аралауды аяқтағаннан соң өшіргішті жіберіп, ара басын төмен ұстап, кесілген бөлшекті шығарар алдын дискінің тоқтауын күтіңіз. Дискі айналып тұрған кезде оған қолды жақындату өте қауіпті. u Толық емес кесікті орындағанда немесе өшіргішті жібергенде тұтқаны ара басы толығымен төменгі күйге түскенше қатты ұстаңыз . Араның тоқтау әрекеті ара басын кездейсоқ төменгі тартып жарақаттану қауіпіне алып келуі мүмкін. u Ара бастиегі ең астыңғы күйге жеткен кезде, тұтқаны жібермеңіз. Ара бастиегін әрдайым қолмен ең жоғарғы күйге қайтарыңыз. Егер ара бастиегі бақылаусыз жылжыса, бұл жарақат алу қаупін тудыра алады. u Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары өте қауіпті. Жеңіл метал шаңы жанып жарылуы мүмкін. u Өтпес, жарылған, қисатылған немесе зақымдалған аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау дискілері немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске, тұрып қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін. u Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін. u Ілдірік тесіктері дұрыс пішімде (ромб) және өлшемде болатын жүздерді пайдаланыңыз. Араның орнату құралдарына сай болмаған дискілер теңерімде болмай, бақылау жоғалтуына алып келеді. u Электр құралы істеп тұрғанда кесу қалдықтарын, ағаш жоңқаларын т.б. кесу аймағынан алыстатпаңыз. Манипуляторды әрдайым алдымен тоқтау күйіне келтіріп, электр құралын өшіріңіз. u Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз. Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады. u Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін

u Электр құралы лазер ескерту белгісімен бірге жеткізіледі ("Белгілер және олардың мағанасы" кестесін қараңыз). Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. u Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек. u Сәулелену көзін көру үшін ешқандай оптикалық жинайтын саймандарды пайдаланбаңыз, мысалы дүрбі т.б. Онымен көзді зақымдау мүмкін. u Лазер сәулесін дүрбі немесе ұқсасынан қарап тұрған адамдарға бағыттамаңыз. Онымен көзін зақымдау мүмкін. u Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. Осы пайдалану нұсқаулығында Bosch Power Tools 1 609 92A 7NA | (26.04.2022)266 | Қазақ сипатталған реттеу мүмкіндіктерін қауіпсіз пайдалану

u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. u Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі

u Орнатылған лазерді басқа түрдегі лазерге алмастырмаңыз. Осы электр құралына сай болмаған лазер адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін.

Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі. Белгілер мен олардың мағынасы IEC 60825-1:2014<0.39mW, 650 nmLASER RADIATIONDO NOT EXPOSE USERS OFTELESCOPIC OPTICSCLASS 1M LASER PRODUCT Лазер сәулесі Телескоптық оптикамен тікелей

1M лазер класы Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін

Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз. Қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы

Белгілер мен олардың мағынасы Қауіпті аймақ! Алақан, бармақ немесе қолды осы аймақтан мүмкіндігінше алшақ ұстаңыз.

Кестеде ұсынылған айналу жиілігінің деңгейі өңделетін дайындамаға байланысты көрсетіледі: алюминий, пластмасса, ағаш. Тік еңіс бұрыштарын аралау кезінде реттелмелі тіреуіш планкаларды сыртқа тарту немесе толықтай алып тастау керек. 3601M192.. 3601M192B. 25,4 Ара дискісінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Саңылау диаметрі аспап шпинделіне бос қуыссыз сәйкес келуі тиіс. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына және саңылаулардың диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сәйкес болғанына көз жеткізіңіз. Ара дискісімен жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз. Ара дискісінің диаметрі белгідегі дерекке сәйкес келуі тиіс. SDS болтының айналу бағыты ара дискісін тартуға (сағат тілінің бағытына қарсы) және ара дискісін босатуға (сағат тілінің бағытымен) көрсетеді. Қыспа иінтірек жабық: Манипулятордың реттелген тік еңіс бұрышы сақталады. Қыспа иінтірек ашық: Тік еңіс бұрыштарын реттеуге болады. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Тағайындалу бойынша қолдану Электр құрал қозғалмайтын тіректе бойлай және көлденеңінен, ағашты кесудің түзу бағытымен жұмыс істеуге арналған. Осылайша –52° және +60° 1 609 92A 7NA | (26.04.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 267 аралығындағы көлденең еңіс бұрыштарын және 47° (сол жақ) және 47° (оң жақ) аралығындағы тік еңіс бұрыштары мүмкін болады. Электр құралының қуаты қатты және жұмсақ ағашты және ағаш-жоңқалы плита мен ағаш-талшықты плиталарға

Тиісті ара дискілерін пайдаланған кезде алюминий профильдері мен пластикті аралауға болады. Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. (1) Тарту аспабы (2) Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (3) Тасымалдау тұтқасы (4) Тереңдік шектегішінің дәлдеу бұрандасы (5) Лазер қорғаныш қалпақша (6) Бағыттауыш ролик (7) Ажыратқышты іске қосылудан қорғайтын құлып (8)

(10) Қорғаныш қаптама (11) Маятниктік қорғаныш қаптама (12)

(13) Аралау үстелінің ұзартқышы (14) Тіреуіш планка (15) Жылжымалы тіреуіш планка (16) Аралау үстелі (17) Аралау үстелі ұзартқышының қыспа иінтірегі (18) Еңіс бұрышының шкаласы (көлденең) (19)

(20) Бұғаттау қапсырмасы (21) Кез келген еңіс бұрышын бекіткіш тетік

(22) Еңіс бұрышын алдын ала реттеу иінтірегі

(23) Аударылудан қорғаныс (24) Еңіс бұрышына арналған бұрыш индикаторы

(25) Стандартты еңіс бұрышына арналған ойықтар

(26) Монтаждық саңылаулар (27) Ұстау ойықтары (28) Бұрандалы қысқыш (29) 45°, 22,5° және 33,9° стандартты еңіс бұрыштарына арналған тірек (тік) (30) Еңіс бұрышының шкаласы (тік) (31) Оң жақ еңіс бұрышы аймағына арналған бұрыш индикаторы (тік) (32) Тереңдік шектегіші (33) Тарту аспабының бекіткіш бұрандасы (34) Алты қырлы дөңбек кілт (5мм) (35) Бұрандалы қысқыш саңылаулары (36) Ұзындық шектегіші

(37) Тасымалдауға арналған бекіткіш (38) Айналу жиілігін реттегіш (39) Лазер ескерту тақтасы (40) Лазерге арналған ажыратқыш (кесік сызығының қиылысу белгісі) (41) Кез келген еңіс бұрышына арналған қыспа иінтірек (тік) (42) Сол жақ еңіс бұрышы аймағына арналған бұрыш индикаторы (тік) (43) Жоңқа бағыттауышы (44) 0° стандартты еңіс бұрышына арналған тірек

(45) Шпиндель бекіткіші (46) Ара дискісін бекітуге арналған алты қырлы дөңбек бұранда (47) Қысқыш фланец (48) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы (49) Ішкі қысқыш фланец (50) SDS болттары (51) Жылжымалы тіреуіш планканы бұғаттау

(52) Бұрандалы қарнақ (53) Ұзындық шектегішінің бұғаттау бұрандасы

(54) Ұзындық шектегішінің қысқыш бұрандасы

(55) Ішпек бұрандалары (56) Лазерді орналастыруға арналған реттегіш бұранда (параллельдік) (57) Бұрыш индикаторының бұрандасы (тік) (58) 0° еңіс бұрышына арналған тіреуіш бұранда

(59) Сол жақ еңіс бұрышы аймағына арналған тіреуіш бұранда (тік) (60) Оң жақ еңіс бұрышы аймағына арналған тіреуіш бұранда (тік) (61) Еңіс бұрышы шкаласының реттегіш бұрандалары (көлденең) (62) Бұрыш индикаторының бұрандасы (көлденең) (63) Жабысқақ таспа (64) Лазер линзасының қаптамасы

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 7NA | (26.04.2022)268 | Қазақ Техникалық мәліметтер Панельдік ара GCM 8 SDE GCM 8 SDE Өнім нөмірі 3601M192.. 3601M192B. Номиналды тұтынылатын қуат Вт 1600 1400 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі мин

3500–5300 3500–5300 Іске қосу тогының шектеулері ● ● Лазер түрі нм 650 650 мВт <0,39 <0,39 Лазер класы 1M 1M Лазер сызығының айырмашылығы мрад (толық бұрыш) 1,0 1,0 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 18,9 18,9 Қорғаныс класы / II / II Жарамды ара дискілерінің өлшемдері Ара төсемінің диаметрі мм 216 216 Орта диск қалыңдығы мм 1,3–1,8 1,3–1,8 Макс. кесік ені мм 3,3 3,3 Саңылау диаметрі мм 30 25,4 Рұқсат етілген дайындама өлшемдері (қараңыз „Рұқсат етілген дайындама өлшемдері“, Бет273) Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Шуыл бойынша ақпарат EN62841-3-9 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 98дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 108дБ(А). K дәлсіздігі=3дБ. Құлақ қорғанысын тағыңыз! Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де

Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару мәнін арттырады. Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.

u Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол бермеңіз. Орнату кезінде және электр құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры тоққа қосылмауы керек. Жеткізу көлемі Ол үшін пайдалану нұсқаулығының басындағы жинақ құрамының сипаттамасын қараңыз. Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз: – Ара дискісі орнатылған панельдік ара – Бұрандалы қысқыш (28) – Алты қырлы дөңбек кілт (34) – SDS болттары (50) Нұсқау: Электр құралын зақымданулар барлығына тексеріңіз. Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер кедергісіз істеуін және қысылмауын немесе бөліктер зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек. Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек. Жеткізілім жиынтығынан тыс қажетті құралдар: – Крест ойықты бұрауыш – Дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілт (өлшемі: 10 мм) Қатты немесе икемді орнату u Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж. 1 609 92A 7NA | (26.04.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 269 Жұмыс аймағында орнату (A1−A2суретін қараңыз) – Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен жұмыс аймағына бекітіңіз. Ол үшін саңылаулар (26) пайдаланылады.

– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы қысқыштармен жұмыс аймағына бекітіңіз. Bosch жұмыс үстелінде монтаждау Bosch ұсынған GTA жұмыс үстелдері электр құралдарын биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген бетте бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын дайындамаларды тіреуге арналған. u Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. u Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін мінсіз құру маңызды болып қалады. – Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне

Иілмелі орнату (ұсынылмаған!) (A3 суретін қараңыз) Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде құлаудан сақтағышты орнату керек. u Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты тұрмай, максималдық горизонтальды және/ немесе вертикальды еңіс бұрышындағы аралау кезінде құлауы мүмкін. – Құлаудан сақтауды (23) электр құрал жұмыс аймағында тура тұрғанша бұраңыз. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін. – Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін. Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін. – Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз. – Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз. – Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз. Сыртқы сорғыш Шаң сору үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (2) шаңсорғыш шлангісін (диаметрі 35 мм) де жалғауға болады. – Шаңсорғыш шлангісін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (2) жалғаңыз. Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Ара дискісін алмастыру u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі

Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз. Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге сәй және EN847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз. Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді. Алты қырлы дөңбек кілтпен орнату (B1−B4 суретін

Аралау дискісін шешу – Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Ішкі алты қырлы бұранданы (46) жинақтағы алты қырлы гайка кілтімен (34) бұрап, бір уақытта шпиндель бекіткішін (45) тірелгенше басыңыз. – Шпиндель бекіткішін (45) басып тұрып, бұранданы (46) сағат тілінің бағытымен бұрап шығарыңыз (сол жақ бұранда!). – Қысқыш фланецті (47) шешіңіз. – Тербелуден қорғайтын қаптаманы (11) тірелгенше артқа қисайтыңыз. – Тербелуден қорғайтын қаптаманы осы күйде ұстап, ара дискісін (12) шығарып алыңыз. – Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта

Аралау дискісін орнату u Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз! Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас бұрын тазалап шығыңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 7NA | (26.04.2022)270 | Қазақ – Маятниктік қорғаныш қаптаманы(11) артқа қайырып, маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз. – Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (49)

– Қысқыш фланецті (47) және ішкі алты қырлы бұранданы (46) орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (45) тірелгенше басып, ішкі алты қырлы бұранданы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап бекітіңіз. – Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу артқа қарай қайта апарыңыз. SDS болттарымен орнату (C суретін қараңыз) u Тік көлбеу кесіктер жасаған және SDS болтын (50) пайдаланған кезде аралау алдында тереңдік шектегішін (32) тиісінше реттеу арқылы SDS болтының дайындама бетіне қысқа уақыт жанаса алатындығына көз жеткізу керек. Бұл SDS болтының және/немесе дайындаманың зақымдалуына жол бермейді. Аралау дискісін шешу – Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Шпиндель бұғаттауышын (45) басып ұстап, SDS болтын (50) сағат тілімен бұрап алыңыз (сол жақты

– Қысқыш фланецті (47) шешіңіз. – Тербелуден сақтау қаптамасын (11) тірелгенше артқа қисайтыңыз. – Тербелуден сақтау қаптамасын осы күйде ұстап ара полотносын (12) алып қойыңыз. – Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта

Аралау дискісін орнату u Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз! Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз. – тербелістен қорғау қаптамасын (11) арқаға қайырыңыз. Тербелуден сақтайтын қаптаманы осы күйде ұстаңыз. – Жаңа аралау дискісін қысқыш фланецке (49)

– Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта

– Қысқыш фланец (47) пен SDS болтын (50) орнатыңыз. Шпиндель бұғаттауышын (45) тірелгенше басып, SDS болтын сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (Dсуретінқараңыз) Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (37) электр құралын әртүрлі жұмыс орындарына тасымалдау кезінде қолайлы пайдалануға көмектеседі. Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі) – Манипуляторды тұтқасында (9) аз төмен басып тасымалдау қорағауышын (37) босатыңыз. – Тасымалдау қорғағышын (37) толық сыртқа тартыңыз. – Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз. Электр құралын қорғауышын орнату (тасымалдау

– Бекіткіш бұранда (33) тарту аспабын (1) қысса, оны босатыңыз. Манипуляторды толығымен алға тартып тарту аспабын бұғаттау үшін бекіткіш бұраманы қайта бұрап қойыңыз. – Дәлдеу бұрандасын (4) жоғарыға бұрап қойыңыз. – Аралау үстелін (16) бұғаттау үшін бекіту басын (21) тартып қойыңыз. – Манипуляторды тұтқасынан (9) төмен қарай қайырып, тасымалдау сақтағышы (37) толығымен басылуы тиіс. Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып бұғатталған. Жұмыс істеуге дайындау Аралау үстелін ұзарту (E суретін қараңыз) Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек. Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (13) көмегімен солға немесе оңға үлкейту мүмкін. – Қысу тұтқышын (17) жоғарыға қайырыңыз. – Қосымша аралау үстелін (13) керекті ұзындыққа шейін сыртқа тартыңыз. – Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысу тұтқышын (17) қайта төменге басыңыз. Тіреуіш планканы жылжыту (Fсуретін қараңыз) Көлденең және/немесе тік еңіс бұрыштарын аралау кезінде кесу бағытына байланысты сол немесе оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы(15) сыртқа тарту немесе толықтай алып тастау керек.

≤44° (оң/сол жақ) – Бұғаттау бұрандасын(51) босатыңыз. – Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы(15) толық сыртқа тартыңыз. 0°–47°

≥45° (оң/сол жақ) – Бұғаттау бұрандасын(51) босатыңыз. – Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы(15) толық сыртқа тартыңыз. 1 609 92A 7NA | (26.04.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 271

– Жылжымалы тіреуіш планканы жоғары көтеріп қойыңыз. – Бұғаттау бұрандасын(51) алып тастаңыз. 0°–47°

≤44° (оң/сол жақ) – Бұғаттау бұрандасын(51) босатыңыз. – Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы(15) толық сыртқа тартыңыз. – Жылжымалы тіреуіш планканы жоғары көтеріп қойыңыз. 0°–47°

≥45° (оң/сол жақ) Дайындаманы бекіту (Gсуретін қараңыз) Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек. Мықтап қысу үшін тым кішкентай болатын дайындамаларды өңдемеңіз. – Дайындаманы (15) және (14) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз. – Жинақтағы бұрандалы қысқышты (28) арнайы саңылауларға (35) енгізіңіз. – Бұрандалы қысқыштың бұрандалы өзегін (52) дайындама биіктігіне бейімдеңіз. – Бұрандалы өзекті (52) тартып, осылайша дайындаманы бекітіңіз. Көлденең және тік еңіс бұрышын реттеу Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады. Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет

Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді. u Бекіткіш тетікті (21) және қысқыш иінтіректі (41) аралаудан бұрын әрдайым мықтап тартыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін. 45° шамасынан артық көлденең еңіс бұрышын реттеу бойынша нұсқау: Еңіс бұрышын реттеуден бұрын аралау үстелінің ұзартқышын (13) және жылжымалы тіреуіш планканы(15) толықтай сыртқа тартыңыз. u Тік көлбеу кесіктер жасаған және SDS болтын (50) пайдаланған кезде аралау алдында тереңдік шектегішін (32) тиісінше реттеу арқылы SDS болтының дайындама бетіне қысқа уақыт жанаса алатындығына көз жеткізу керек. Бұл SDS болтының және/немесе дайындаманың зақымдалуына жол бермейді. Горизонтальды стандартты еңіс бұрышын реттеу (H суретін қараңыз) Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар (25)

45°; 31,6°; 22,5°; 15° 15°; 22,5°; 31,6°; 45°; 60° – Бекіту басы (21) тартылған болса оны босатыңыз. – Тұтқышты (22) тартып аралау үстелін (16) керекті ойыққа дейін солға немесе оңға бұраңыз. – Тұтқышты жіберіңіз. Тұтқыш сезімді ретте ойыққа кіруі

– Бекіту басын (21) қайта тартыңыз. Горизонтальды стандартты еңіс бұрышын реттеу (I суретін қараңыз) Көлденең қисайту бұрышын 52° (сол жақтық) мен 60° (оң жақтық) аралығында реттеу мүмкін. – Бекіту басы (21) тартылған болса оны босатыңыз. – (22) тұтқышын тартып бір уақытта бұғаттау қапсырмасын (20) оған арналған ойыққа тірелгенше басыңыз. Осылай аралау үстелі бос жылжытылады. – Аралау үстелін (16) бекіту басында солға немесе оңға бұрыш көрсеткіші (24) керекті еңіс бұрышын көрсеткенше бұраңыз. – Бекіту басын (21) қайта тартыңыз. – Тұтқышты (22) қайта босату үшін (горизонтальды стандартты еңіс бұрышын реттеу үшін), тұтқышты жоғарыға тартыңыз. Бұғаттау қысқышы (20) бастапқы күйіне оралып тұтқыш (22) ойықтарына (25) қайта түсуі мүмкін. Толық тік еңіс бұрышының аймағын реттеу (J суретін

Тік еңіс бұрышын 47° (сол жақ) және 47° (оң жақ) аралығында реттеуге болады. – (44) тірегін толығымен алға тартыңыз. Осылайша еңіс бұрышының аймағы толығымен (сол және оң жақ) пайдаланылуы мүмкін. – Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (15) толығымен сыртқа тартыңыз немесе толықтай алып тастаңыз. Егер толық еңіс бұрышының аймағын пайдаланбақшы болсаңыз, сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (15) да толығымен сыртқа тарту немесе толықтай алып тастау қажет болады. – Қыспа иінтіректі (41) босатыңыз. – Манипуляторды, тұтқасынан (9) ұстап, (42) немесе (31) бұрыш индикаторы қалаулы тік еңіс бұрышын көрсеткенше, солға немесе оңға қайырыңыз. – Қыспа иінтіректі (41) қайтадан мықтап тартыңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 7NA | (26.04.2022)272 | Қазақ Тік стандартты еңіс бұрышын реттеу (K суретін

Жиі қолданылатын тік еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін 0°, 45°, 22,5° және 33,9° бұрыштарына арналған тіректер қолданылады. – 0° стандартты еңіс бұрышы: Манипуляторды, тұтқасынан(9) ұстап, аздап солға қайырып, тіректі(44) толығымен артқа жылжытыңыз. 45°, 33,9° және 22,5° стандартты еңіс бұрышы: Сол немесе оң жақ тіректі(29) қалаулы стандартты тік еңіс бұрышы көрсеткі белгісіне тірелгенше бұраңыз. Пайдалануға ендіру u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс істеуге болады. Іске қосу (Lсуретінқараңыз) – Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау тетігін (7) ортаға жылжытып, содан кейін ажыратқышты (8) басып тұрыңыз. Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (8) құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет.

– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (8) жіберіңіз. Іске қосу тогының шектеулері Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр құралын қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16Асақтандырғышта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Нұсқау: Егер электр құрал қосудан кейін бірден толық айналымдар санымен айналса, онда іске қосу тогын шектеу керек емес. Электр құралын қызмет көрсету орталығына жіберу керек.

Жалпы аралау нұсқаулары u Бекіткіш тетікті (21) және қысқыш иінтіректі (41) аралаудан бұрын әрдайым мықтап тартыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін. u Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе оларды лайықтаңыз. Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз. Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді пайдаланыңыз. Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек. Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек. Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп, еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы күйінде бекітілуі керек. Айналу моментін орнату Айналу жиілігі реттегішінің (38) көмегімен электр құралының айналу жиілігін жұмыс істеу кезінде де бірелкі реттеуге болады. Нұсқау: әрдайым өңделетін заттек үшін жарамды айналу жиілігін реттеңіз (төмендегі кестені қараңыз). Бұл аралау кезінде ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.

Оператордың күйін (M суретін қараңыз) u Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз. Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады. – Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын аралау дискісінен алыстатыңыз. – Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз. Жүріспен аралау – Тарту аспабының (1) көмегімен (ені үлкен дайындамалар) кесу үшін реттегіш бұранда (33) тарту аспабын қысып тұрса, оны босатыңыз. – Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз. – Қажетті көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын

– Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында тұрғанша, (15) және тіреуіш планкаларынан ары

– Электр құралын қосыңыз. – Манипуляторды тұтқамен (9) баяу төмен қарай баяу бағыттаңыз. – Енді манипуляторды (15) және тіреуіш планкалары бағытымен басып, дайындаманы бірқалыпты қозғалыспен аралаңыз. – Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз. – Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз. Тарту әрекетінсіз аралау (қыршу) (Nсуретін қараңыз) – Тарту әрекетінсіз кесіктер жасау үшін (шағын дайындамалар) бекіткіш бұранданы (33) ол тарту аспабын (1) қысып қалған жағдайда босатыңыз. 1 609 92A 7NA | (26.04.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 273 Манипуляторды (15) тіреуіш планкаларға қарай тірелгенше жылжытып, тарту аспабын бұғаттау үшін реттегіш бұранданы (33) қайтадан тартыңыз. – Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз. – Қажетті көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын

– Электр құралын қосыңыз. – Манипуляторды тұтқамен (9) төмен қарай баяу бағыттаңыз. – Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз. – Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз. – Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз. Пайдалану нұсқаулары Кесік сызығын белгілеу (Oсуретін қараңыз) Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді. Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға

– Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен (40) қосыңыз. – Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ жиегіне бағыттаңыз. Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс көрсетілгенін тексеріп шығыңыз. Лазер сәулесі, мысалы, қарқынды пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы

Рұқсат етілген дайындама өлшемдері Максималдық дайындамалар: Горизонтальды еңіс бұрышы Вертикальды еңіс бұрышы Биіктігі x Ені

30 x 225 Минималдық дайындамалар (= барлық дайындамалар, оларды жинақтағы қысқашпен (28) ара полотносынан оң немесе сол жақта қысуға болады): 100 x 40 мм (Ұзындығы x Ені) макс. кесік тереңдігі (0°/0°): 70 мм Тереңдік планкасын реттеу (ойықты аралау) (P суретін қараңыз) Егер ойықты аралау керек болса тереңдік тіреуішін жылжыту керек. – Тереңдік тіреуішін (32) сыртқа қайырыңыз. – Манипуляторды қол тұтқасынан (9) керекті күйіне қисайтыңыз. – Дәлдеу бұрандасын (4) бұранда ұшы тереңдік тіреуішіне (32) тигенше бұраңыз. – Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз. Ұзындығы бірдей дайындамаларды аралау (Qсуретінқараңыз) Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін ұзындық шектегішін (36) (керек-жарақ) пайдалануға

Ұзындық шектегішін аралау үстелі ұзартқышының (13) екі жағында да орнатуға болады. – Бұғаттау бұрандасын (53) босатып, ұзындық шектегішін (36) қысқыш бұранда (54) үстінен

– Бұғаттау бұрандасын (53) қайта бұрап қойыңыз. – Аралау үстелінің ұзартқышын (13) қажетті ұзындыққа

Арнайы дайындамалар Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде, оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің арасында бос орын пайда болмауы тиіс. Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет. Ішпектерді алмастыру (R суретін қараңыз) Қызыл ішпектер (19) электр құралды ұзақ пайдаланғаннан соң тозуы мүмкін. Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз. – Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – (55) бұрандаларын алты қырлы дөңбек кілтпен (4мм) (34) бұрап шығарып, ескі ішпектерді шешіңіз. – Жаңа оң ішпекті салыңыз. – Ішпекті (55) бұрандаларымен оң жағында бұрап қойыңыз, ара дискісі мүмкін әрекетінің бүтін жолында ішпекке тимейтін болуы керек. – Жұмыс басқыштарын бірдей жаңа сол ішпек үшін де қайталаңыз. Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады. Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет

Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді. Лазерді реттеу Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын ток көзіне жалғау керек. u Лазерді реттеген кезде (мысалы, манипуляторды жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін. – Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Аралау үстелін (16) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз. Иінтірек (22) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс. Bosch Power Tools 1 609 92A 7NA | (26.04.2022)274 | Қазақ Тексеру (S1суретін қараңыз) – Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз. – Манипуляторды қол тұтқасымен (9) баяу төмен қарай бағыттаңыз. – Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз. – Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз. – Дайындаманы қысып қойыңыз. – Лазер сәулесін қосқышпен (40) қосыңыз. Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік сызығының бүкіл ұзындығы бойынша дайындама үстінде орналасуы керек. Реттеу (S2суретін қараңыз) – Реттегіш бұранданы (56) жинақтағы арнайы бұрауышпен лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша дайындамадағы кесік сызығына параллель болғанша

Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады. Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 0° реттеңіз – Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз. – Аралау үстелін (16) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз. Тұтқыш (22) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек. Тексеріңіз (T1 суретін қараңыз) – Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне (16) қойыңыз. Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (12) жатуы керек. Реттеу (T2 суретін қараңыз) – Қысқыш иінтіректі (41) босатыңыз. – Тіректі (44) толығымен артқа жылжытыңыз. – Тіреуіш бұранданың (58) контргайкасын стандартты дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10мм)

– Тіреуіш бұранданы бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша ішке немесе сыртқа бұраңыз. – Қысқыш иінтіректі (41) қайтадан мықтап тартыңыз. – Содан кейін тіреуіш бұранданың (58) контргайкасын қайтадан мықтап тартыңыз. Егер бұрыш индикаторы реттегеннен кейін шкаланың (30) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, бұранданы (57) стандартты крест ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз. Вертикальды стандартты еңіс бұрышын 45° (солда)

– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Аралау үстелін (16) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз. Иінтірек (22) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс. – Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (15) алып

– Сол жақ тіректі (29) 45° стандартты еңіс бұрышы көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз. – Қыспа иінтіректі (41) босатыңыз. – Манипуляторды, тұтқасынан (9) ұстап, тіреуіш бұранда (59) тіректе (29) жатқанша, солға қайырыңыз. Тексеріңіз (U1 суретін қараңыз) – Бір бұрышты калибрді 45° реттеп, оны аралау үстеліне (16) қойыңыз. Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (12) жатуы керек. Реттеу (U2 суретін қараңыз) – Тіреуіш бұранданың (59) контргайкасын стандартты дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10мм)

– Тіреуіш бұранданы (59) бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша ішке немесе сыртқа бұраңыз. – Қыспа иінтіректі (41) қайтадан мықтап тартыңыз. – Содан кейін тіреуіш бұранданың (59) контргайкасын қайтадан бұрап бекітіңіз. Егер (42) және (31) бұрыш индикаторлары реттеу жасалғаннан кейін шкаланың (30) 45° белгілерімен бір сызықта тұрмаса, алдымен бір рет тік еңіс бұрышының 0° реттеуін және бұрыш индикаторын тексеріп шығыңыз. Содан кейін тік 45° еңіс бұрышының реттеуін тексеріп

Стандартты 45° тік еңіс бұрышын (оң жақ) реттеу – Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Аралау үстелін (16) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз. Иінтірек (22) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс. – Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (15) алып

– (44) тірегін толығымен алға тартыңыз. – Оң жақ тіректі (29) 45° стандартты еңіс бұрышы көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз. – Қыспа иінтіректі (41) босатыңыз. – Манипуляторды, тұтқасынан (9) ұстап, тіреуіш бұранда (60) тіректе (29) жатқанша, солға қайырыңыз. Тексеріңіз (V1 суретін қараңыз) – Бір бұрышты калибрді 135° реттеп, оны аралау үстеліне (16) қойыңыз. Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (12) жатуы керек. Реттеу (V2 суретін қараңыз) – Тіреуіш бұранданың (60) контргайкасын стандартты дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10мм)

– Тіреуіш бұранданы (60) бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша ішке немесе сыртқа бұраңыз. – Қыспа иінтіректі (41) қайтадан мықтап тартыңыз. – Содан кейін тіреуіш бұранданың (60) контргайкасын қайтадан мықтап тартыңыз. 1 609 92A 7NA | (26.04.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 275 Егер (42) және (31) бұрыш индикаторлары реттеу жасалғаннан кейін шкаланың (30) 45° белгілерімен бір сызықта тұрмаса, алдымен бір рет тік еңіс бұрышының 0° реттеуін және бұрыш индикаторын тексеріп шығыңыз. Содан кейін тік 45° еңіс бұрышының реттеуін қайтадан реттеп шығыңыз. Горизонталды еңіс бұрышының шкаласын бағыттау – Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Аралау үстелін (16) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз. Тұтқыш (22) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек. Тексеріңіз (W1 суретін қараңыз) – Бұрышты калибрді 90° реттеп тіреуіш планка (14) мен аралау дискісі (12) арасында аралау үстеліне (16)

Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (12) жатуы керек. Реттеу: (W2 суретін қараңыз) – Барлық төрт реттегіш бұранданы (61) крест тәрізді бұрауышпен босатып, аралау үстелін (16) шкаламен (18) бірге бұрыштық калибрдің бір жағы ара дискісімен бүтін ұзындығында бірдей болғанша

– Бұрандаларды қайтадан мықтап тартыңыз. Егер бұрыш индикаторы (24) реттегеннен кейін шкаланың (18) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, бұранданы (62) стандартты крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісінің бойымен

Тасымалдау (X суретін қараңыз) Электр құралын тасымалдаудан алдын төмендегі басқыштарды орындау керек: – Бекіткіш бұранданы (33) тартылған болса, оны босатыңыз. Манипуляторды толық алға тарта отырып, бекіту бұрандасын қайта тартып бекітіңіз. – Тереңдік тіреуішінің (32) толығымен ішке басылуын және дәлдеу бұрандасы (4) манипуляторды жылжытуда тереңдік тіреуішіне тимей тесікке кіруін қамтамасыз етіңіз. – Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз. – Электр құралында бекітілмейтін барлық жабдықтар бөліктерін алыстатыңыз. Пайдаланылмаған аралау дискілерін тасымалдау үшін жабық контейнерлерге

– Желі кабелін жабысқақпен (63) жинаңыз. – Электр құралын тасымалдау тұтқасынан (3) ұстап тасыңыз немесе аралау үстелінің жанындағы ұстау ойықтарынан (27) ұстаңыз. u Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш аспаптарды пайдаланбаңыз. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс. Тербелу қорғағыш қаптамасы әрдайым бос жылжып өзі жабылатын болуы керек. Сондықтан маятниктік қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза ұстаңыз. Әрбір жұмыс қадамынан кейін сығылған ауамен үрлеп шығару немесе қылшақтың көмегімен шаңды және жоңқаны кетіріңіз. Сырғанақ дөңгелекті (6) жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Лазер блогын тазалау үшін лазер қаптамасын (64) сыртқа бұрап, шаңды жаққышпен тазартыңыз (Y суретін

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), Bosch Power Tools 1 609 92A 7NA | (26.04.2022)276 | Қазақ міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Керек-жарақтар Өнім нөмірі Бұрандалы қысқыш 1 609 B04 224 Ішпектер 1 609 B03 717 Шаң қабы 1 609 B05 010 Ұзындық тіреуіші 1 609 B02 365 Ұзындық тіреуішінің бұғаттау

1 609 B00 263 Ағаш пен плиталық материалдар, панельдер мен планкалар үшін ара дискілері Ара полотносын 216 x 30 мм, 48

Түрлі ламинат еден түрлеріне арналған ара дискілері Ара полотносын 216 x 30 мм, 60

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Панельдік ара Өнім нөмірі