GCM 350254 Professional - Ара BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GCM 350254 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GCM 350254 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GCM 350254 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GCM 350254 Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз Bosch Power Tools 1 609 92A 5UD | (01.10.2020)310 | Қазақ – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін
Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы 1 609 92A 5UD | (01.10.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 311 болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
Үстелдік аралар үшін қауіпсіздік нұсқаулары Қорғағыштар бойынша ескертулер u Қорғағыштар жайында тұруы тиіс. Қорғағыштар жұмыс тәртібінде және қатты бекітілген болуы тиіс. Бос, зақымдалған немесе дұрыс істемеген қорғағыштарды жөндеу немесе алмастыру керек. u Әрдайым диск қорғағышы мен тіреуіш пышақты әр кесу әдісінде пайдаланыңыз. Ара дискісі дайындаманы толығымен кесіп алатын кесу әдістерінде қорғағыш немесе басқа қауіпсіздік құрылғылары жарақаттану қауібін төмендетеді. u Қорғағышты және/немесе тіреуіш пышақты алып тастауды талап ететін әрекетті (мысалы, ою) аяқтағаннан кейін қорғау жүйесін дереу қайта бекітіңіз. Қорғағыш немесе тіреуіш пышақ жарақаттану қаупін азайтуға көмектеседі. u Қосудан алдын ара дискісін қорғағыш, тіреуіш пышақ немесе дайындамаға тимеуіне көз жеткізіңіз. Осы заттардың ара дискісіне бақылаусыз тиюі зиянды шарттарға алып келуі мүмкін. u Тіреуіш пышақты қолдану нұсқаулығында сипатталғандай реттеңіз. Дұрыс емес аралық, орнату, және теңестіру тіреуіш пышақтың қайтарымның алдын алуына жағымсыз әсер етуі
u тіреуіш пышақ жұмыс істеуі үшін ол дайындамаға кіруі керек. тіреуіш пышақ ол үшін жұмыс істеу үшін тым қысқа дайындамаларда тиімді болмайды. Бұл шарттарда тіреуіш пышақ қайтарымдың алдын ала
Bosch Power Tools 1 609 92A 5UD | (01.10.2020)312 | Қазақ u Тіреуіш пышақ үшін сай ара дискісін пайдаланыңыз. Тіреуіш пышақ дұрыс істеуі үшін, ара дискісінің диаметрі тиісті тіреуіш пышаққа сай болып ара дискісі тіреуіш пышақтаң қалың болуы тиіс және ара дискісінің кесу ені тіреуіш пышақ қалыңдығынан кеңірек болуы тиіс. Кесу әдісі үшін ескертулер u ҚАУІП: Саусақтарыңызды ешқашан ара дискісіне жақын немесе ол мен бір сызықта орнатпаңыз. Бақылаусыздық немесе сырғу қолыңызды ара дискісіне апарып қатаң жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Дайындаманы ара дискісіне айналу бағытында қарсы апарыңыз. Дайындаманы ара дискісін айналатын бағытта апару дайындаманы, қолды ара дискісіне тартып кетуі мүмкін. u Аралауда дайындаманы апару үшін бұрыштық тіреуішті пайдаланбаңыз және бұрыштық тіреуішпен көлденең кесу кезінде бағыттауыш планканы ұзындық шектегіші ретінде пайдаланбаңыз. Дайындаманы бағыттауыш планкамен және бұрыштық тіреуішпен бір уақытта апару ара тілеуі және қайтарым жасаудың ықтималдығын көтереді. u Аралауда дайындаманы әрдайым бағыттауыш пен ара дискісі арасында ітеріңіз. Егер бағыттауыш пен ара дискісі аралығы 150мм-ден кем болса, апару таяғын пайдаланыңыз және 50мм-ден кем болғанда апару блогын. Жұмыс көмегі құрылғылары қолыңызды ара дискісінен қауіпсіз қашықтықта
u Тек өндіруші жасаған немесе нұсқаулықтарды ескеріп жасалған апару таяғын пайдаланыңыз. Осы апару таяғы қол үшін ара дискісінен жетерлік қашықтықты қамтамасыз етеді. u Ешқашан зақымданған немесе кесілген апару таяғын пайдаланбаңыз. Зақымданған апару таяғы сынып қолыңыз ара дискісіне сырғуы мүмкін. u Әдекетті ешқашан бос қолмен жасамаңыз. Әрдайым дайындаманы орнату және апару үшін бағыттауыш планка немесе бұрыштық тіреуішті пайдаланыңыз. Бос қолмен ол дегені дайындаманы қолмен ұстау немесе апару, бағыттауыш планка немесе бұрыштық тіреуіш орнында. Бос қолмен аралау қате бағыттау, ұсталу және қайтарым жасауға алып келеді. u Айналып тұрған ара дискісін айналымында немесе жоғарысында қол ұстамаңыз. Дайындамаға тию әрекетте болған ара дискісіне кездейсоқ тиюге алып келуі мүмкін. u Ұзын және/немесе кең дайындамалар үшін ара үстелінің арқа және/немесе жан жақтарында дайындама үшін қосымша тіреуішті орнатыңыз. Ұзын және/немесе кең дайындама үстел шетіне қадалып, бақылау жолғалтуға, ара дискісі ұсталуына және қайтарым жасауға алып келуі мүмкін. u Дайындаманы тегіс жайда өңдеңіз. Дайындаманы қисайтпаңыз немесе бұрамаңыз. Егер қысылып қалса аспапты дереу өшіріп аспапты шешіп босатыңыз. Ара дискісінің дайындамада қайтарым жасауға немесе мотор тоқтауына алып келуі мүмкін. u Ара істеп тұрғанда кесілген материал бөлшектерін алып қоймаңыз. Материал бағыттауыштар арасында немесе ара дискісі қорғағышы ішінде қысылып саусақтарыңызды ара дискісіне тартуы мүмкін. Араны өшіріп материалды алып тастаудан алдын ара дискісі тоқтауын күтіңіз. u Қалыңдығы 2мм-ден кем болған дайындамаларды аралауда үстелде тұратын қосымша бағыттауышты пайдаланыңыз. Жұқа дайындама бағыттауын планка астында қысылып қайтарым жасауға алып келуі
Қайтарым себептері мен тиісті ескертпелер Қайтарым бұл ара дискісі қысылып қалған кезде немесе ара дискісі дайындамада аралаудың тегіс болмауы нәтижесінде немесе дайындама бөлігі ара дискісі мен бағыттауын планка немесе басқа бекітіліген зат арасында қысылғанда дайындаманың реакциясы. Қайтарым кезінде дайындама көбінше ара дискісінің арқа бөлігімен үстелден көтеріліп пайдаланушыға лақтырылады. Қайтарым араны қате пайдаланудан және/немесе қате пайдалану әдістерінің немесе шарттарының салдарынан болатын жарақаттардың алды алады. u Ара дискісімен бір сызықта ешқашан тұрмаңыз. Денеңізді бағыттауыш тұрған ара дискісінің жағында орналастырыңыз. Қайтарым дайындаманы ара дискісінің алдында немесе ол мен бір сызықта тұрған адамға жоғары жылдамдықта лақтыруы мүмкін. u Дайындаманы тарту немесе тіреу үшін ешқашан ара дискісінің жоғарысында немесе арқасында қол жеткізбеңіз. Кездейсоқ ара дискісіне тиіп қалу мүмкін немесе қайтарым саусақтарыңызды ара дискісіне тартуы мүмкін. u Ешқашан кесіліп тұрған дайындаманы ара дискісі айналуына қарсы ұстамаңыз я баспаңыз. Кесілетін дайындаманы ара дискісіне қарсы ұстау қажалу шартын және қайтарымды жасайды. u Бағыттауыш ара дискісіне параллельді болуы тиіс. Тегіс болмаған бағыттауыш дайындаманы ара дискісіне қарсы қысып қайтарымға алып келеді. u Дайындаманы ірек тісті тақтаны үстелге қарсы бағыттауы үшін пайдаланып ою сияқты толығымен кеспейтін кесіктерді жасауда бағыттауышты пайдаланыңыз. Ірек тісті тақта қайтарым кезінде дайындаманы басқылауға көмектеседі. u Үлкен панельдерді тіретіп дискінің қысылуын немесе қайтарым жасауының қауіпін минималдаңыз. Үлкен панельдер өз ауырлығынан иілуі мүмкін. Үстелдің жоғарысында асылып тұрған панельдің барлық бөліктерінің астында тіреуіштерді пайдалану керек. 1 609 92A 5UD | (01.10.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 313 u Бұралған, кедір-бұдырлы, қисық немесе бұрыштық тіреуішпен немесе бағыттауышпен бағыттау үшін тегіс шеті жоқ дайындаманы кесуде абайлаңыз. Қисық, кедір-бұдырлы немесе бұралған дайындама тұрақты болмай ойықты ара дискісіне тегіс болмауына, қажалуға және қайтарымге себеп болады. u Біреуден көп көлденең немесе тік тұрған дайындаманы кеспеңіз. Ара дискісі бір немесе бірнеше бөлікті алып қайтарым жасауы мүмкін. u Ара дайындама ішінде тұрғанда оны қайта іске қосуда, ара дискісін тістер материалда болмайтын етіп ойықта ортаға дәлдеңіз. Егер ара дискісі қажалса, ол қайта іске қосылғанда дайындаманы көтеріп қайтарым жасауы мүмкін. u Ара дискілерін таза, өткір және жетерлік санда сақтаңыз. Қисық ара дискілерін немесе тістері бүгілген немесе сынған ара дискілерін пайдаланбаңыз. Өткір және дұрыс орнатылған ара дискілері қажалу, тоқтау және қайтарымды кемейтеді. Үстелдік араны пайдалану бойынша ескертулер u Үстел кірістірмесін алып қоюда, ара дискісін алмастыруда немесе тіреуіш пышақты немесе ара дискісі қорғағышын реттеуде және мшина бақылаусыз қалғанда үстелдік араны өшіріп тоқ кабелін ажыратыңыз. Сақтау шаралары сәтсіз оқиғалардан сақтайды. u Ешқашан істеп тұрған үстелдік араны бақылаусыз қалдырмаңыз. Өшіріп толығымен тоқтағанша құрылғыны қалдырмаңыз. Бақылаусыз істеп тұрған ара бақылаусыз зиян болады. u Үстелдік араны аяқтарыңыз бекем және тең тұратын жарық және тегіс аймақта орналастырыңыз. Оны дайындамаңыздың өлшемдерін оңай өңдейтін аймақта орнату қажет. Қысық, жарық болмаған аймақтар мен тегіс емес сырғанақ едендер сәтсіз оқиғаларға алып келеді. u Ара үстелінің астында және/немесе шаң жинайтын құрылғыны аралау шаңынан тазалаңыз. Жиналған ара шаңы от алуы мүмкін. u Үстелдік араны бекіту қажет. Қатты бекітілмеген үстелдік ара жылжуы және аударылуы мүмкін. u Үстелдік араны қосудан алдын аспап, ағаш бөлшектерді т.б. алып тастаңыз. Кедерегі немесе мүмкін қажалу қауіпті болуы мүмкін. u Ілдірік тесіктері дұрыс пішімде (ромб) және өлшемде болатын жүздерді пайдаланыңыз. Араның орнату құралдарына сай болмаған дискілер теңерімде болмай, бақылау жоғалтуына алып келеді. u Фланец, ара дискі шайбаларын, бұрандама немесе гайкалар сияқты зақымдалған немесе дұрыс болмаған бекіту құралдарын пайдаланбаңыз. Бұл орнату құралдары араңыз үшін арнайы ретте жасалған, қауіпсіз пайдалану және тиімді жұмыс істеу
u Үстелік ара үстінде тұрмаңыз, оны басқыш ретінде пайдаланбаңыз. Егер аспап аударылса немесе кесу аспабына қол тигізсеңіз қатаң жарақаттану пайда болуы мүмкін. u Ара дискісі дұрыс бағытта айналу үшін орнатылғанына көз жеткізіңіз. Үстелдік арада тегістеу дискілерін, сымдық қылшықтарды немесе абразивті дискілерді пайдаланбаңыз. Ара дискісін дұрыс орнатпау немесе ұсынылмаған керек- жарақтарды пайдалану жарақаттануға алып келуі
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары u Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Жарақат алу қаупі бар. u Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін. u Электр құралын еш жағдайда үстел ендірмесінсіз пайдаланбаңыз. Ақаулы үстел ендірмесін ауыстырыңыз. Ақаусыз үстел ендірмесі болмаған жағдайда, ара дискісі сізге жарақат тигізуі мүмкін. u Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары өте қауіпті. Жеңіл метал шаңы жанып жарылуы мүмкін. u Өңдемекші болған материал үшін сәйкес ара дискісін таңдаңыз. u Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз. u Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз. u Дайындаманы тек айналып тұрған ара дискісіне жақындатыңыз. Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады.
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі. Белгілер мен олардың мағынасы Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Bosch Power Tools 1 609 92A 5UD | (01.10.2020)314 | Қазақ Белгілер мен олардың мағынасы Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы
Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз. 3 601 M30 402 3 601 M30 432 3 601 M30 462 3 601 M30 472 ø 30 mm
Ара дискісінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Саңылау диаметрі аспап шпинделіне бос қуыссыз сәйкес келуі тиіс. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына және саңылаулардың диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сәйкес болғанына көз жеткізіңіз. Ара дискісімен жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз. Ара дискісінің диаметрі белгідегі дерекке сәйкес келуі тиіс.
a Ара дискісінің диаметрі ең көбі 254 мм болуы тиіс. bСынаның қалыңдығы 2,3мм
c Тістердің кесу бағыты (ара дискісінің көрсеткі бағыты) сынадағы көрсеткі бағытына сай болуы тиіс. d Ара дискісін алмастыру кезінде кесік ені 2,4 мм-ден кем болмағанына және ара дискісінің қалыңдығы 2,2мм-ден артық болмағанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе сына дайындамаға ілінуі
Сынаның қалыңдығы 2,3 мм құрайды. Максималды ықтимал дайындама биіктігі 79мм құрайды. Ара дискісін түсіруге (тасымалдау күйі) және көтеруге (жұмыс күйі) арналған қос иіннің айналу бағытын
Ара дискісін бекіту үшін және тік еңіс бұрышын реттеген кезде бұғаттау иінтірегінің күйін көрсетеді (ара дискісі қайырылады). Белгілер мен олардың мағынасы Бұрыштық тіректі жылжымалы үстелде бекіту/босатуға арналған домалатпа бұранданың айналу бағыты. Қажет болса, электр құралының көрсетілген жерлерін майлаңыз. II қорғаныс класындағы электр құралдары нығайтылған немесе қос оқшауланған. Өндіруші CE белгісі арқылы электр құралының қолданыстағы ЕU директиваларына сәйкес келетіндігін
Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Мақсаты бойынша қолдану Электр құралы тік қойылатын құрылғы ретінде қатты және жұмсақ ағашта, сондай-ақ жоңқалық және талшықтық плиталарда кесудің түзу бағытымен бойлық және көлденең кесу жұмыстарын орындауға арналған. Бұл ретте −60° және +60° аралығындағы көлденең еңіс бұрышы және -1° және 47° аралығындағы тік еңіс бұрышы болуы мүмкін. Тиісті ара дискілері пайдаланылған кезде, алюминий профильдері мен пластикті аралауға болады. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. (1) Ара дискісі мен параллель тірек аралығының
(2) Жылжыма бөлшек (3) Бұрыштық тірек (4) Тасымалдау тұтқасы (5) Кесік сызығын белгілеуге арналған жапсырма (6) Қорғаныш қаптама (7)
(8) Параллель тірек (9) Бұрыштық тіректің бағыттауыш ойығы 1 609 92A 5UD | (01.10.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 315 (10) Аралау үстелінің ұзартқышы (11) Аралау үстелінің кеңейтімі (12) Ара дискісі ұяшығының қаптамасына және жылжыту таяғын ілуге арналған бекіткіш гайка (13) Жылжыту таяғы (14) Ара дискісі ұяшығының қаптамасы (15) Шеңберлік кілт (24мм; 23мм) (16) Монтаждық саңылаулар (17) Аралау үстелі (18) Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш
(20) Ара дискісін көтеруге және түсіруге арналған
(21) Ажыратқыштың сақтандырғыш қақпағы (22) Қорғаныш қаптаманы сақтауға арналған
(23) Бұрыштық тіректі сақтауға арналған ұстағыш
(24) Аралау үстелінің ұзартқышына арналған бағыттауыш планка (25) 45° еңіс бұрышына арналған тірек (тік) (26) Тік еңіс бұрышын реттеуге арналған бұғаттау
(27) Еңіс бұрышының шкаласы (тік) (28) 0° еңіс бұрышына арналған тірек (тік) (29) Жылжыма бөлшекке арналған қысқыш тұтқа (30) Параллель тірекке арналған аралау үстеліндегі V тәрізді бағыттауыш ойық (31) Параллель тіректің икемділігін реттеу
(32) Үстел ендірмесі (33) Ара дискісі (34) Профильдік тіреуіш (35) Параллель тірекке арналған бағыттауыш ойық (36) Параллель тіректің ұяшығы (37) Алты қырлы дөңбек кілт (5мм) (38) Аралау үстелінің ұзартқышына арналған бұғаттау бұрандасы (39) "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағы (40) Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (41) Сору адаптері (42) Кабель ұстағышы (43) "Аралау үстелінің ұзартқышы" бекіткіш жинағы (44) Параллель тіректің V тәрізді бағыттауышы (45) Төменгі плита (46) Сынаның қыспа иінтірегі (47) Сынаға арналған орналастыру штифтілері (48) Үстел ендірмесіне арналған ойықтар (49) Қорғаныш қаптаманың қыспа иінтірегі (50) Қорғаныш қаптаманың бағыттауыш болттары (51) Параллель тіректің қысқыш тұтқасы (52) Қосымша параллель тірек (53) Бұрыштық тіректің бағыттауыш шинасы (54) Бұрыштық тіректі бекітуге арналған домалатпа
(55) "Профильдік тіреуіш" бекіткіш жинағы (56) Профильдік тіреуішке арналған домалатпа
(57) Астыңғы ара дискісінің қаптамасы (58) Астыңғы ара дискісі қаптамасының бекіткіш
(59) Қысқыш гайка (60) Шпиндельді бұғаттау иінтірегі (61) Қысқыш фланец (62) Тірек фланеці (63) Құрал шпинделі (64) Бұрыш индикаторы (тік) (65) Кез келген еңіс бұрышын бекіткіш тетік
(66) Бұрыштық тіректегі бұрыш индикаторы
(67) Реттеу тақтасы (68)
(69) Аралау үстелінің арақашықтық индикаторы (70) Қосу түймесі (71) 0° тіректі реттеуге арналған крест ойықты
(72) Бұрыш индикаторының бұрандасы (тік) (73) 45° тіректі реттеуге арналған крест ойықты
(74) Ара дискісінің параллельдігін реттеуге арналған алдыңғы ішкі алты қырлы бұрандалар (5мм) (75) Ара дискісінің параллельдігін реттеуге арналған артқы ішкі алты қырлы бұрандалар (5мм) (76) Аралау үстелінің арақашықтық индикаторына арналған бұранда (77) Параллель тіректің параллельдігін реттеуге арналған ішкі алты қырлы бұрандалар (5мм) (78) Параллель тіректің арақашықтық индикаторына арналған бұранда (79) Үстел ендірмесіне арналған реттегіш
(80) "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағын сақтауға арналған ұстағыш (81) Сору адаптерін сақтауға арналған ұстағыш
(82) Ара дискісінің ұяшығы Bosch Power Tools 1 609 92A 5UD | (01.10.2020)316 | Қазақ (83) Алты қырлы дөңбек кілтті сақтауға арналған
(84) Қосымша параллель тіректі сақтауға арналған ұстағыш қапсырма Техникалық мәліметтер Үстелдік дискілі ара GTS 10 XC GTS 10 XC GTS 10 XC Өнім нөмірі 3 601 M30 402 3 601 M30 472 3 601 M30 432 3 601 M30 462 Номиналды тұтынылатын қуат Вт 2100 2000 1650 Номиналды кернеу В 220−240 230 110 Жиілік Гц 50/60 50/60 50/60 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі мин
Іске қосу тогының шектеулері ● ● ● Жүріс тежегіші ● ● ● Артық жүктемеден қорғаныс ● ● ● Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 35,0 35,0 35,0 Қорғаныс класы / II / II / II Өлшемдері (алынбалы құрылғы элементтерін қоса) Ені x қалыңдығы x биіктігі мм 810 x768 x343 810 x768 x343 810 x768 x343 Жарамды ара дискілерінің өлшемдері Ара дискісінің диаметрі мм 254 254 254 Орта диск қалындығы мм < 2,2 < 2,2 < 2,2 тістің мин. қалыңдығы/ауытқу ені мм > 2,4 > 2,4 > 2,4 Саңылау диаметрі мм 30 30 30 Үстелдік дискілі ара GTS 10 XC GTS 10 XC Өнім нөмірі 3 601 M30 442 3 601 M30 4B2 Номиналды тұтынылатын қуат Вт − 2100 Өлшенген ток A 9,1 − Номиналды кернеу В 220−240 220 Жиілік Гц 50/60 60 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі мин
Іске қосу тогының шектеулері ● ● Жүріс тежегіші ● ● Артық жүктемеден қорғаныс ● ● Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 35,0 35,0 Қорғаныс класы / II / II Өлшемдері (алынбалы құрылғы элементтерін қоса) Ені x қалыңдығы x биіктігі мм 810 x768 x343 810 x768 x343 Жарамды ара дискілерінің өлшемдері Ара дискісінің диаметрі мм 254 254 Орта диск қалындығы мм < 2,2 < 2,2 тістің мин. қалыңдығы/ауытқу ені мм > 2,4 > 2,4 Саңылау диаметрі мм 25,4 25,4 Макс. дайындама өлшемдері: (қараңыз „Макс. дайындама өлшемдері“, Бет322) 1 609 92A 5UD | (01.10.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 317 Шуыл бойынша ақпарат EN 62841-3-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі92дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі105дБ(А). K дәлсіздігі=3дБ. Құлақ қорғанысын тағыңыз! Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де
Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару мәнін арттырады. Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
u Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол бермеңіз. Орнату кезінде және электр құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры тоққа қосылмауы керек. Жеткізілім жиынтығы Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз: Жеткізілім жиынтығының тізімі – Ара дискісі(33) және сына(7) орнатылған үстелдік дискілі ара – Бұрыштық тірек (3) – Профильдік тіреуіш (34) – "Профильдік тіреуіш" бекіткіш жинағы (55) (бағыттауыш пластина, домалатпа гайка, бұранда, салмалы шайба) – Параллель тірек (8) – Қосымша параллель тірек (52) – "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағы(39) (3 бекіткіш бұранда, 3 салмалы шайба, 3 қатпарлы гайка) – Қорғаныш қаптама(6) – Үстел ұзартқышы (10) – "Үстел ұзартқышы" бекіткіш жинағы (43) (2 бекіткіш бұранда, 2 салмалы шайба, 1 айыр тәрізді кілт) – Алты қырлы дөңбек кілт (37) – Шеңберлік кілт (15) – Ара дискісі ұяшығының қаптамасы (14) – Жылжыту таяғы (13) – Үстел ендірмесі(32) – Сору адаптері (41) Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз. Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін және қысылмағанын немесе бөліктердің зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек. Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек. Жеткізілім жиынтығынан тыс қажетті құралдар: – Оймакілтекті бұранда бұрауышы – Крест ойықты бұрауыш – Бұрыштық калибр Құрамдас бөліктерді монтаждау – Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
– Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы жабдықтардан алып қойыңыз. – Еден торын (45) ашып, қозғалтқыш блогының астындағы орауыш материалын алып тастаңыз (a суретін қараңыз). Тікелей корпустың астына мына құрылғы элементтері бекітіледі: жылжыту таяғы (13), шеңберлік кілт (15), алты қырлы дөңбек кілт (37), параллель тірек (8), бұрыштық тірек (3), сору адаптері (41), қосымша параллель тірек (52) бекіткіш жинағымен (39), қорғаныш қаптама (6). – Осы құрылғы элементтерінің бірін қажет етсеңіз, оларды сақтау қорабынан абайлап шығарып алыңыз. Осы тақырып жөнінде R1 – R6 суреттерін де қараңыз. Сынаны орналастыру (b1–b2суреттерін қараңыз) Нұсқау: қажет болса, монтаждалатын барлық бөліктерді орналастырмас бұрын тазалап шығыңыз. – Қос иінді (20) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі (33) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз. – Қыспа иінтіректі (46) босатыңыз. – Сынаны (7) қыспа иінтірек (46) бағытымен жоғары қарай тартылғанша жылжытыңыз. – Сынаны ара дискісінің тура ортасынан жоғары орналасатындай етіп толығымен жоғары қарай
– Екі штифтті (47) сынаның астыңғы саңылауларына тіркеп, қыспа иінтіректі (46) қайтадан бекітіңіз. Үстел ендірмесін монтаждау (cсуретін қараңыз) – Үстел ендірмесін (32) аспап саңылауының артқы ойықтарына (48) іліңіз. – Үстел ендірмесін төмен қарай бағыттаңыз. – Үстел ендірмесін аспап саңылауының алдыңғы жағында тіркелгенше басыңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 5UD | (01.10.2020)318 | Қазақ Үстел ендірмесінің (32) алдыңғы жағы аралау үстеліне нық немесе одан сәл төмен болуы керек, ал артқы жағы аралау үстелінен сәл жоғары болуы керек. Қорғаныш қаптаманы монтаждау (d1–d2суреттерін
Нұсқау: қорғаныш қаптаманы сына ара дискісінің ортасынан тура жоғары, ең жоғарғы күйінде орналасқанда ғана монтаждаңыз (b2суретін қараңыз). Сына ең төменгі күйінде (жеткізілген кездегі күйде немесе ойықтарды аралауға арналған күйде) болғанда, қорғаныш қаптаманы монтаждамаңыз (b1суретін
– Қыспа иінтіректі (49) босатып, қорғаныш қаптаманы (6) ұстағыштан (22) шығарып алыңыз. – Бір қолмен қорғаныш қаптаманың (6) ара дискісінің қорғанысын (жоғарғы металл шинасын) ұстап, басқа қолмен қыспа иінтіректі (49) жоғары қарай тартыңыз. – Бағыттауыш болтты (50) артқа қарай сынадағы (7) ойыққа жылжытыңыз. – Қорғаныш қаптаманы (6) ара дискісінің қорғанысы (жоғарғы металл шинасы) аралау үстеліне (17) параллель болғанша төмен қарай бағыттаңыз. – Қыспа иінтіректі (49) төмен қарай итеріңіз. Қыспа иінтіректің тіркелуі сезіліп естілуі тиіс және қорғаныш қаптама (6) берік және сенімді түрде орнатылуы тиіс. u Әр пайдалану алдында қорғаныш қаптаманың кедергісіз жылжығанын тексеріңіз. Қорғаныш қаптама еркін қозғалмаса және бірден жабылмаса, электр құралын пайдаланбаңыз. Аралау үстелінің ұзартқышын монтаждау (e суретін
Монтаждау үшін "Аралау үстелінің ұзартқышы" бекіткіш жинағын (43) (2 бекіткіш бұранда, 2 салмалы шайба, 1 айыр тәрізді кілт) пайдаланыңыз. – Аралау үстелінің ұзартқышын (10) бағыттауыш таяқтармен (24) бұрап бекітіңіз. Бұл ретте бағыттауыш таяқтарды айыр тәрізді кілтпен бекітіңіз және дәл сол уақытта бекіткіш бұрандаларды алты қырлы дөңбек кілтпен тартыңыз. Бұл ретте аралау үстелі ұзартқышының ойықтары жоғары қарап тұруы тиіс. Параллель тіректі монтаждау (fсуретін қараңыз) Параллель тіректі (8) ара дискісінің сол немесе оң жағында орналастыруға болады. – Параллель тіректің (8) қысқыш тұтқасын (51) босатыңыз. Осылайша V тәрізді бағыттауыш (44) босатылады. – Алдымен параллель тіректі V тәрізді бағыттауышпен аралау үстелінің бағыттауыш ойығына (30) енгізіңіз. Содан кейін параллель тіректі аралау үстелінің алдыңғы бағыттауыш ойығына (35) орналастырыңыз. Параллель тіректі енді кез келген бағытпен жылжытуға
– Параллель тіректі бекіту үшін қысқыш тұтқаны (51) төмен қарай итеріңіз. Қосымша параллель тіректі монтаждау (gсуретін
Жұқа дайындамаларды аралау үшін және тік еңіс бұрышында аралау үшін қосымша параллель тіректі (52) параллель тірекке (8) орнату керек. Қосымша параллель тіректі қажет болған жағдайда параллель тіректің (8) сол немес оң жағына орнатуға
Монтаждау үшін "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағын (39) (2 бекіткіш бұранда, 2 салмалы шайба, 2 қатпарлы гайка) пайдаланыңыз. – Бекіткіш бұрандаларды параллель тіректегі (8) бүйірлік саңылаулар арқылы кіргізіңіз. – Бұл ретте бұрандалардың бастиектері қосымша параллель тірек үшін бағыттауыш ретінде қызмет
– Қосымша параллель тіректі (52) бекіткіш бұрандалар бастиектерінің үстінен жылжытыңыз. – Салмалы шайбаларды бекіткіш бұрандаларға қойып, бұрандаларды қатпарлы гайкалардың көмегімен тартып қойыңыз. Бұрыштық тіректі монтаждау (h1 − h2 суретін
– Бұрыштық тіректің (3) шинасын (53) аралау үстелінің арнайы бағыттауыш ойықтарына (9) өткізіңіз. Нұсқау: бұрыштық тіректің позициясын сол жақ бағыттауыш ойықта домалатпа бұранданы (54) жылжыма бөлшекте (2) тарту арқылы бекітуге болады. Ұзын дайындамаларды жақсырақ орнату үшін бұрыштық тіректі профильдік тіреуіш (34) арқылы кеңейтуге
– Қажет болса, профильдік тіреуішті (55) бекіткіш жинағының көмегімен бұрыштық тірекке орнатыңыз. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін. – Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін. 1 609 92A 5UD | (01.10.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 319 – Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз. – Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз. – Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін. u Алюминийді аралау кезінде өрт қаупіне жол бермеу үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды және астыңғы ара дискісінің қаптамасын босатыңыз және жоңқа сорғышты пайдаланбаңыз. Сыртқы сорғыш (iсуретін қараңыз) Жеткізілім жинағындағы сору адаптерін (41) шаңсорғышты жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (40) жалғау үшін пайдаланыңыз. – Сору адаптерін (41) және шаңсорғыш шлангісін мықтап енгізіңіз. Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Астыңғы ара дискісінің қаптамасын тазалау (j суретін
Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны шығару үшін астыңғы ара дискісінің қаптамасын (57) ашуға
– Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз. – Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз. – Электр құралын бүйіріне аударыңыз. – Төменгі плитаның (45) екі бекіткіш бұрандасын алты қырлы кілтпен (37) босатып, төменгі қақпақты
– Бекіткіш бұранданы (58) босатып, астыңғы ара дискісінің қаптамасын (57) ашыңыз. – Дайындаманың сынықтары мен жоңқаны шығарыңыз. – Астыңғы ара дискісінің қаптамасын жауып, қайтадан бұрап бекітіңіз. Төменгі плитаны қайтадан бұрап бекітіңіз. – Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. Қатты немесе икемді орнату u Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж. Жұмыс аймағында орнату (kсуретін қараңыз) – Электр құралын арнайы бұрандалы қосылыммен жұмыс аймағында бекітіңіз. Бұл ретте саңылаулар (16) пайдаланылады. Bosch жұмыс үстеліне орнату (lсуретін қараңыз) Bosch жұмыс үстелдері (мысалы, GTA 6000) биіктігі реттелетін аяқтары арқылы электр құралын кез келген бетте бекіте алады. u Жұмыс үстеліне қатысты барлық ескертулер мен нұсқауларды оқып шығыңыз. Ескерулер мен нұсқауларды орындамаудан ток соғуы, өрт пайда болуы және/немесе ауыр жарақат алу қаупі туындауы
u Электр құралын орнатпас бұрын жұмыс үстелін дұрыстап құрастырыңыз. Бұзылу қаупін болдырмау үшін мінсіз құрастыру маңызды болып табылады. – Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
Ара дискісін алмастыру(m1−m4суреттерін
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Жарақат алу қаупі бар. u Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз. u Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз. u Осы электр құралының өндірушісі ұсынған және өңдегіңіз келетін материал үшін жарамды ара дискілерін ғана пайдаланыңыз. Осылайша ара тістері ұштарының қатты қызуына және өңделетін пластмассаның балқуына жол бермейсіз. u Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз. u Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін. Ара дискісін алып тастау – Қос иінді (20) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі (33) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз. – Қыспа иінтіректі (49) ашып, қорғаныш қаптаманы (6) сынадағы (7) ойықтан шығарыңыз. – Үстел ендірмесін (32) бұрауыштың көмегімен алға көтеріп, оны аспап саңылауынан шығарып алыңыз. – Қысқыш гайканы (59) шеңберлік кілтпен (15) бұрап, бір уақытта шпиндельді бекіту иінтірегін (60) тірелгенше тартыңыз. – Шпиндельді бекіту иінтірегін тартып тұрып, қысқыш гайканы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
– Қысқыш фланецті (61) алып тастаңыз. – Ара дискісін (33) алып тастаңыз. Ара дискісін орнату Қажет болса, барлық монтаждалатын бөліктерді орнатпас бұрын тазалаңыз. – Жаңа ара дискісін аспап шпинделінің (63) қысқыш фланеціне (62) орнатыңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 5UD | (01.10.2020)320 | Қазақ Нұсқау: тым кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі 3−8мм құрауы қажет. u Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты) сынаның көрсеткі бағытына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз! – Қысқыш фланецті (61) және қысқыш гайканы (59)
– Қысқыш гайканы (59) шеңберлік кілтпен (15) бұрап, бір уақытта шпиндельді бекіту иінтірегін (60) тірелгенше тартыңыз. – Қысқыш гайканы сағат тілінің бағытымен мықтап
– Үстел ендірмесін (32) қайтадан орнатыңыз. – Қорғаныш қаптаманы (6) қайтадан монтаждаңыз.
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Ара дискісінің тасымалдау және жұмыс күйі Тасымалдау күйі – Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастап, үстел ендірмесін (32) алып тастаңыз және сынаны (7) ең төменгі күйге орналастырыңыз. Үстел ендірмесін (32) қайтадан орнатыңыз. – Қос иінді (20) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісінің (33) тістері аралау үстелінің (17) астында тұрғанша бұраңыз. – Аралау үстелінің кеңейтімін (11) толығымен ішке қарай жылжытыңыз. Қысқыш тұтқаны (18) төмен қарай итеріңіз. Сонда аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
– Сынаны (7) ара дискісі ортасының тура үстінен ең жоғарғы күйде орналастырыңыз, үстел ендірмесін (32) орнатыңыз және қорғаныш қаптаманы (6) монтаждаңыз. – Қос иінді (20) ара дискісінің (33) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3−6мм-ге жоғары болғанша сағат тілінің бағытымен бұраңыз. Аралау үстелін үлкейту Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек. Аралау үстелінің кеңейтімі (A суретін қараңыз) Аралау үстелінің кеңейтімі (11) аралау үстелін (17) оңға қарай кеңейтеді. – Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш тұтқаны (18) толығымен жоғары қарай тартыңыз. – Аралау үстелінің кеңейтімін (11) қажетті ұзындыққа дейін сыртқа қарай тартыңыз. – Қысқыш тұтқаны (18) төмен қарай итеріңіз. Сонда аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі. Аралау үстелінің ұзартқышы (B суретін қараңыз) Аралау үстелінің ұзартқышы (10) аралау үстелін (17) артқа қарай ұзартады. – Сол жақ бағыттауыш қарнақтағы бұғаттау бұрандасын (38) босатыңыз. – Аралау үстелінің ұзартқышын (10) қажетті ұзындыққа шейін сыртқа тартыңыз. – Орнын бекіту үшін бұғаттау бұрандасын (38) тартып
Ауыр дайындамалар үшін аралау үстелінің ұзартқышын қажетінше тіреу қажет. Жылжыма бөлшек (C суретін қараңыз) Жылжыма бөлшек (2) ені ең көбі 350мм құрайтын дайындамаларды аралауға мүмкіндік береді. Оған қоса аралау кезінде бұрыштық тірекпен (3) бірге ең бастысы жоғары дәлдікке қол жеткізіледі (қараңыз „Көлденең еңіс бұрыштарын жылжыма бөлшек көмегімен аралау“, Бет323). – Жылжыма бөлшекке арналған қысқыш тұтқаны (29) толығымен жоғары қарай тартыңыз. Осылайша жылжыма бөлшекті алға және артқа тірелгенше жылжытуға болады. Тік және көлденең еңіс бұрышын реттеу Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады. Тік еңіс бұрышын реттеу (ара дискісі) (D суретін
Тік еңіс бұрышын -1° және 47° аралығындағы диапазонда реттеуге болады. – Бекіткіш иінтіректі (26) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап босатыңыз. Нұсқау: бекіткіш иінтірек толық босатылғанда, ара дискісі тарту күшінің арқасында шамамен 30°-қа тең күйге аударылады. – Сермерді (19) бұрыш индикаторы (64) қажетті тік еңіс бұрышын көрсеткенше кулиса бойымен тартыңыз. – Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі (26) қайтадан бекітіңіз. 0° және 45° стандартты бұрыштарды жылдам әрі дәл реттеу үшін зауытта орнатылған тіректер ((28), (25)) қолданылады. Көлденең еңіс бұрышын реттеу (бұрыштық тірек) (Eсуретін қараңыз) Нұсқау: қысқарту кесіктері үшін (ұзын сыналар) тиісті жабдықтарды пайдаланыңыз. Көлденең еңіс бұрышын 60° (сол жақ) және 60° (оң жақ) аралығындағы диапазонда реттеуге болады. – Бекіткіш бастиек (65) тартылған болса, оны
– Бұрыштық тіректі бұрыш индикаторы (66) қажетті көлденең еңіс бұрышын көрсеткенше бұраңыз. – Бекіткіш бастиекті (65) қайтадан тартыңыз. 1 609 92A 5UD | (01.10.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 321 Жиі пайдаланылатын көлденең еңіс бұрыштарын жылдам және дәл реттеу үшін бұрыштық тіректе (3) 45° (сол мен оң жақ) және 0° бұрыштары үшін тежегіш бұрандалар бар. – Бекіткіш бастиек (65) тартылған болса, оны
– Реттеу тақтасын (67) сыртқа қайырыңыз. – Бұрыштық тіректі қажетті тежегіш бұрандасының оймасы реттеу тақтасының оң жағында тұратындай етіп
– Реттеу тақтасын (67) ішке қайырып, бұрыштық тіректі тежегіш бұранданың оймасы реттеу тақтасында тұрғанша бұраңыз. – Бекіткіш бастиекті (65) қайтадан тартыңыз. Параллель тіректі реттеу Параллель тіректі(8) ара дискісінің сол (қара түсті шкала) немесе оң (күміс түсті шкала) жағында орналастыруға болады. Лупадағы (68) белгі шкаладағы (1) параллель тірек пен ара дискісінің арақашықтығын
Параллель тіректі ара дискісінің қажетті жағына орналастырыңыз. Параллель тіректі тартылмаған аралау үстелінде реттеу – Параллель тіректің (8) қысқыш тұтқасын (51) босатыңыз. Параллелль тіректі лупадағы (68) белгі ара дискісіне дейінгі қажетті арақашықтықты көрсеткенше жылжытыңыз. Аралау үстелі тартылмаған жағдайда, күміс түсті шкаланың (1) астыңғы жазбасы жарамды болады. – Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (51) қайтадан төмен қарай итеріңіз. Параллель тіректі тартылған аралау үстелінде реттеу (Fсуретін қараңыз) – Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында орналастырыңыз. Параллель тіректі лупадағы (68) белгі астыңғы шкалада 33см көрсеткенше жылжытыңыз. Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (51) қайтадан төмен қарай итеріңіз. – Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш тұтқаны (18) толығымен жоғары қарай тартыңыз. – Аралау үстелінің кеңейтімін (11) арақашықтық индикаторы (69) жоғарғы шкаладағы ара дискісіне дейінгі қажетті арақашықтықты көрсеткенше сыртқа
– Қысқыш тұтқаны (18) төмен қарай итеріңіз. Сонда аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі. Қосымша параллель тіректі реттеу (Gсуретін
Жұқа дайындамаларды аралау үшін және тік еңіс бұрышында аралау үшін қосымша параллель тіректі (52) параллель тірекке (8) орнату керек. Қосымша параллель тіректі қажет болған жағдайда параллель тіректің (8) сол немес оң жағына орнатуға
Дайындамалар аралау кезінде параллель тірек пен ара дискісінің арасында қысылып, көтерілетін ара дискісімен ұсталуы және лақтырылуы мүмкін. Сондықтан қосымша параллель тіректі бағыттауыш ұшы ара дискісінің ең алдынғы тісі мен сынаның алдыңғы жиегі аралығында аяқталатындай етіп реттеңіз. – Ол үшін (39) бекіткіш жинағышының барлық қатпарлы гайкаларын босатып, қосымша параллель тіректі екі ғана алдыңғы бұранда бекітуге қызмет еткенше жылжытыңыз. – Қатпарлы гайкаларды қайтадан бекітіңіз. Сынаны реттеу Сына (7) ара дискісінің (33) кесікте қысылуына жол бермейді. Кері жағдайда ара дискісінің дайындамаға ілініп, кері соққы қаупі пайда болады. Сондықтан сынаның дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз: – Ара дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі 3−8мм құрауы қажет. – Сына қалындығы кесік енінен кіші және орта диск қалындығынан үлкен болуы керек. – Сына әрдайым ара дискісімен бір сызықта болуы
– Қалыпты кесіктер үшін сынаны әрдайым ең жоғары күйде ұстау керек. Сынаның биіктігін реттеу(Hсуретін қараңыз) Ойықтарды аралау үшін сынаның биіктігін реттеу керек. u Ою немесе тесу кезінде электр құралын тек тиісті қорғаныш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама, тартқыш тарақ) бірге пайдаланыңыз. – Қыспа иінтіректі(49) ашып, қорғаныш қаптаманы(6) сынадағы(7) ойықтан шығарыңыз. Қорғаныш қаптаманы зақымдалудан қорғау үшін оны корпустағы арнайы ұстағышта(22) сақтаңыз(R1 суретін де қараңыз). – Қос иінді(20) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі(33) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз. – Қыспа иінтіректі (46) босатыңыз. – Сынаны штифттерден(47) тартып (қыспа иінтіректі(46) сәл сыртқа тартыңыз), сынаны(7) төмен қарай тірелгенше жылжытыңыз. – Екі штифтті (47) сынаның жоғарғы саңылауларына тіркеп, қыспа иінтіректі (46) қайтадан бекітіңіз. Қолданысқа енгізу u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. Қосу (I1 суретін қараңыз) – Сақтандырғыш қақпақты (21) жоғары қарай
Bosch Power Tools 1 609 92A 5UD | (01.10.2020)322 | Қазақ – Қолданысқа енгізу үшін жасыл түсті қосу түймесін (70)
Өшіру (I2суретін қараңыз) – Сақтандырғыш қақпақты (21) басыңыз.
Ажыратқыш ток үзілуінен кейін (мысалы, пайдалану кезінде желілік ашаны суырғаннан) электр құралының қайта іске қосылуына жол бермейтін нөлдік кернеу ажыратқышы болып табылады. Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін, жасыл түсті қосу түймесін (70) қайтадан басуыңыз керек. Пайдалану нұсқаулары Жалпы аралау нұсқаулары u Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіректерге немесе басқа аспап бөліктеріне тимегеніне көз жеткізуіңіз керек. u Ою немесе тесу кезінде электр құралын тек тиісті қорғаныш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама, тартқыш тарақ) бірге пайдаланыңыз. u Электр құралын кесу үшін пайдаланбаңыз (дайындамада аяқталатын ойық). Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз. Дайындаманың қысылып қалуына жол бермеу үшін сынаны ара дискісімен бір сызықта орналастырыңыз. Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындаманың жиегі әрдайым параллель тірекке қою үшін тік болуы керек. Жылжыту таяғын әрдайым электр құралында сақтаңыз. Оператордың күйі (Jсуретін қараңыз) u Ара дискісімен бір сызықта ешқашан тұрмаңыз. Денеңізді бағыттауыш тұрған ара дискісінің жағында орналастырыңыз. Қайтарым дайындаманы ара дискісінің алдында немесе ол мен бір сызықта тұрған адамға жоғары жылдамдықта лақтыруы мүмкін. – Алақан, саусақ пен қолыңызды айналатын ара дискісінен алшақ ұстаңыз. Бұл ретте төмендегі нұсқауларға назар аударыңыз: – Дайындаманы екі қолмен қатты ұстап аралау үстеліне
– Жіңішке дайындамалар үшін және тік еңіс бұрышында аралау кезінде әрдайым жеткізілім жиынтығындағы жылжыту таяғын(13) және қосымша параллель тіректі(52) пайдаланыңыз. Кесік сызығын белгілеу (K суретін қараңыз) – Сары түсті домалақ жапсырмада (5) ара дискісінің қалындығын белгілеңіз. Осылайша дайындаманы аралау үшін қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға болады. Макс. дайындама өлшемдері тік еңіс бұрышы дайындаманың макс. биіктігі [мм]
тік еңіс бұрышы дайындаманың макс. биіктігі [мм] 45°
Түзу кесіктерді аралау – Параллель тіректі (8) қажетті кесік еніне реттеп
– Дайындаманы аралау үстеліне қорғаныш қаптаманың (6) алдына қойыңыз. – Ара дискісін қос иіннің (20) көмегімен ара дискісінің (33) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3−6мм- ге жоғары болғанша көтеріңіз немесе түсіріңіз. – Электр құралын қосыңыз. – Дайындаманы бірқалыпты жылжытып аралаңыз. Тым көп қысым қолданған жағдайда, ара дискісінің ұштықтары қатты қызып, дайындамға зақым келтіруі
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз. Тік еңіс бұрышында аралау – Ара дискісінің қажетті тік еңіс бұрышын орнатыңыз. Ара дискісі солға еңкейтілген жағдайда, параллель тірек(8) ара дискісінен оң жақта орналасуы тиіс. – Жұмыс қадамдарын сәйкесінше орындаңыз: (қараңыз „Түзу кесіктерді аралау“, Бет322) Көлденең еңіс бұрышында аралау (Lсуретін
– Қажетті көлденең еңіс бұрышын бұрыштық тіректе (3)
– Дайындаманы профильдік тіреуішке (34) қойыңыз. Профиль кесік сызығында болмауы тиіс. Осы жағдайда домалатпа гайканы (56) босатып, профильдік тіреуішті жылжытыңыз. – Ара дискісін қос иіннің (20) көмегімен ара дискісінің (33) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3−6мм- ге жоғары болғанша көтеріңіз немесе түсіріңіз. – Электр құралын қосыңыз. – Дайындаманы бір қолмен профильдік тіреуішке (34) қарай итеріп, бұрыштық тіректі басқа қолмен реттегіш бастиегінен (65) бағыттауыш ойық (9) ішіне баяу алға қарай жылжытыңыз. – Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз. Көлденең еңіс бұрыштарын бұғатталған жылжыма бөлшектермен аралау – Қажетті көлденең еңіс бұрышын бұрыштық тіректе (3)
– Бұрыштық тірек (3) бағыттауыш ойықта (9) (сол немесе оң жақ) еркін қозғалуы тиіс. Бұл ретте қажет болса, домалатпа бұранданы (54) босатыңыз. – Жұмыс қадамдарын сәйкесінше орындаңыз: (қараңыз „Түзу кесіктерді аралау“, Бет322) 1 609 92A 5UD | (01.10.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 323 Көлденең еңіс бұрыштарын жылжыма бөлшек көмегімен аралау – Қажетті көлденең еңіс бұрышын бұрыштық тіректе (3)
– Жылжыма бөлшектің қысқыш тұтқасын (29) толығымен жоғары тартып, жылжыма бөлшекті (2) алға тартыңыз. – Дайындаманы аралау үстеліне қорғаныш қаптаманың (6) алдына қойыңыз. – Бұрыштық тіректі (3) дайындама алдында сол жақ бағыттауыш ойығында (9) орналастырыңыз. Домалатпа бұранданы (54) берік тартып қою арқылы осы күйді бұғаттаңыз. – Жұмыс қадамдарын сәйкесінше орындаңыз: (қараңыз „Түзу кесіктерді аралау“, Бет322) Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады. Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді. 0°/45° тік стандартты еңіс бұрышына арналған тіректерді реттеу – Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Ара дискісінің 0° шамасындағы тік еңіс бұрышын
– Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастаңыз. Тексеру (M1суретін қараңыз) – Бір бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны аралау үстеліне (17) қойыңыз. Бұрыштық калибрдің бір жағы бүтін ұзындығымен ара дискісінде (33) жатуы керек. Реттеу (M2суретін қараңыз) – Бұранданы (71) босатыңыз. Осылайша 0° тіректі (28) жылжытуға болады. – Бекіткіш иінтіректі (26) босатыңыз. – Сермерді (19) бұрыштық калибрдің иіні ара дискісімен бүкіл ұзыдығы бойынша бірге тұрғанша 0° тірекке қарай жылжытыңыз. – Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі (26) қайтадан бекітіңіз. – Бұранданы (71) қайтадан бұрап бекітіңіз. Егер бұрыш индикаторы (64) реттегеннен кейін шкаланың (27) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, бұранданы (72) стандартты крест ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз. Жоғарыдағы жұмыс қадамдарын 45° шамасындағы тік еңіс бұрышы үшін сәйкесінше қайталаңыз (бұранданы (73) босату; 45° тіректі (25) жылжыту). Бұл ретте бұрыш индикаторын (64) қайтадан реттеу мүмкін емес. Ара дискісінің бұрыштық тіректің бағыттауыш ойықтарымен параллельдігі (Nсуретін қараңыз) – Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастаңыз.
– Қарындашпен үстел ендірмесі арқылы артта көрінетін бірінші сол жақ ара тісін белгілеңіз. – Бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны бағыттауыш ойықтың (9) шетіне қойыңыз. – Бұрыштық калибр иінін белгіленген ара тісіне тигенше жылжытыңыз да, ара дискісі мен бағыттауыш ойық арақашықтығын оқып алыңыз. – Ара дискісін белгіленген тіс үстел ендірмесінің алдында тұрғанша бұраңыз. – Бұрыштық калибрді бағыттауыш ойық бойымен белгіленген ара тісіне дейін жылжытыңыз. – Ара дискісі мен бағыттауыш ойық арақашықтығын
Өлшенген арақашықтықтардың екеуі де бірдей болуы
– Аралау үстелінің астындағы алдыңғы ішкі алты қырлы бұрандаларды (74) және аралау үстелінің астындағы артқы ішкі алты қырлы бұрандаларды (75) жеткізілім жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (37)
– Ара дискісін бағыттауыш ойықпен (9) параллель тұрғанша мұқият жылжытыңыз. – Барлық (74) және (75) бұрандаларын қайтадан берік
Аралау үстелінің арақашықтық индикаторын реттеу (Oсуретін қараңыз) – Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында орналастырыңыз. Параллель тіректі лупадағы(68) белгі астыңғы шкалада33см көрсеткенше жылжытыңыз. Бекіту үшін қысқыш тұтқаны(51) қайтадан төмен қарай итеріңіз. – Қысқыш тұтқаны(18) толығымен жоғары қарай тартып, аралау үстелінің кеңейтімін(11) тірелгенше сыртқа қарай тартыңыз.
Арақашықтық индикаторы (69) жоғарғы шкалада (1) төменгі шкаладағы (1) лупадағы (68) белгімен бірдей мәнді көрсетуі тиіс.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (11) тірелгенше сыртқа
– Бұранданы (76) крест ойықты бұрауышпен босатып, арақашықтық индикаторын (69) жоғарғы шкаланың (1) 33 cм белгісінің бойымен туралаңыз. Параллель тіректің параллельдігін реттеу (Pсуретін
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастаңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 5UD | (01.10.2020)324 | Қазақ – Параллель тіректің қысқыш тұтқасын (51) босатып, ара дискісіне тигенше жылжытыңыз.
Параллель тірек (8) ара дискісіне бүкіл ұзындығы бойынша тиіп тұруы керек.
– Ішкі алты қырлы бұрандаларды (77) жеткізілім жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (37)
– Параллель тіректі (8) бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісіне тигенше мұқият жылжытыңыз. – Параллель тіректі осы күйде ұстап тұрып, қысқыш тұтқаны (51) қайтадан төмен қарай итеріңіз. – Ішкі алты қырлы бұрандаларды (77) қайтадан берік
Параллель тіректің икемділігін реттеу Параллель тіректің (8) икемділігі жиі пайдаланғаннан нашарлауы мүмкін. – Реттегіш бұранданы (31) параллель тіректі аралау үстелінде қайтадан бекіту мүмкін болғанша тартыңыз. Параллель тіректің лупасын реттеу (Pсуретін
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Қорғаныш қаптаманы(6) алып тастаңыз. – Параллель тіректі(8) ара дискісіне тигенше оң жақтан жылжытыңыз.
Лупаның (68) белгісі шкаланың (1) 0 мм белгісімен бір сызықта болуы керек.
– Бұранданы (78) жеткізілім жиынтығындағы крест ойықты бұрауышпен босатып, белгіні 0 мм белгісімен
Үстел ендірмесінің деңгейін реттеу (Qсуретін
Үстел ендірмесінің (32) алдыңғы жағы аралау үстеліне нық немесе одан сәл төмен болуы керек, ал артқы жағы аралау үстелінен сәл жоғары болуы керек.
– Үстел ендірмесін (32) алып тастаңыз. – Алты қырлы дөңбек кілттің (37) көмегімен төрт реттегіш бұранданың (79) дұрыс деңгейін реттеңіз. Сақтау және тасымалдау Құрылғы элементтерін сақтау (R1−R6 суреттерін
Сақтау үшін электр құралы белгілі бір құрылғы элементтерін нық бекітуге мүмкіндік береді. – Қосымша параллель тіректі (52) параллель тіректен (8) босатыңыз. – Барлық бос құрылғы бөліктерін олардың корпустағы сақтау ұяшықтарына салыңыз (төмендегі кестені
Құрылғы элементі Сақтау ұяшығы
қаптама(6) ұстағыштың (22) ойығына ілу және қыспа иінтірекпен (49) бұрап бекіту
"Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағы (39) ұстағыштарға (80) қысу R2 Сору адаптері (41) ұстағыш қапсырмаларға (81) кіргізу
пайдаланылмаған ара дискілері ара дискісінің ұяшығына (82) ілу және қаптаманы (14) үстінен бекіткіш гайкамен (12) бекіту R3 Шеңберлік кілт (15) ара дискісінің ұяшығына (82) ілу және қаптаманы (14) үстінен бекіткіш гайкамен (12) бекіту R3 Жылжыту таяғы (13) бекіткіш гайкамен (12)
Алты қырлы дөңбек кілт (37) ұстағыштарға (83) кіргізу R4 Параллель тірек (8) параллель тірек ұяшығына (36) енгізу R5 Бұрыштық тірек (3) ұстағыш қапсырмаларға (23) кіргізу
Қосымша параллель тірек (52) қосымша параллель тірек ұяшығына енгізу және ұстағыш қапсырмамен (84)
Электр құралын тасымалдау Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі қадамдарды орындау керек: – Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз. – Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық керек-жарақтарды алып тастаңыз. Пайдаланылмаған ара дискілерін тасымалдау үшін мүмкіндігінше жабық контейнерге салыңыз. – Аралау үстелінің кеңейтімін(11) толығымен ішке жылжытып, қысқыш тұтқаны(18) бекіту үшін төмен қарай итеріңіз. – Аралау үстелінің ұзартқышын (10) толығымен ішке жылжытып, бұғаттау бұрандаларын (38) бағыттауыш таяқтарға (24) бекітіңіз. – Желілік кабельді кабель ұстағышына (42) ораңыз. – Көтеру немесе тасымалдау үшін тасымалдау тұтқаларын(4) пайдаланыңыз. u Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш аспаптарды пайдаланбаңыз. 1 609 92A 5UD | (01.10.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 325 Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
Әрбір жұмыс қадамынан кейін сығылған ауамен үрлеп шығару немесе қылшақтың көмегімен шаңды және жоңқаны кетіріңіз. Электр құралын майлау
SAE 10/SAE 20 мотор майы – Қажет болса, электр құралының көрсетілген жерлерін майлаңыз (Sсуретін қараңыз). Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды жылдам әрі сенімді түрде өткізеді. u Майлағыш және тазалағыш заттарды қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату қажет. Заңдық нұсқамаларды орындаңыз. Шуылды төмендетуге арналған шаралар Өндіруші шаралары: – Жұмысты бірқалыпты бастау – Шуылды төмендету үшін арнайы құрастырылған ара дискісімен жеткізу Пайдаланушы шаралары: – Тұрақты жұмыс аймағында дірілсіз орнату – Шуылды төмендету функциялары бар ара дискілерін
– Ара дискісі мен электр құралын жүйелі түрде тазалау Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
- Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Керек-жарақтар Өнім нөмірі Шаң жинағыш 2 605 411 205 Бұрыштық тірек 2 610 015 508 Жылжыту таяғы 2 610 015 022 GTA6000 жұмыс үстелі 0 601 B24 100 Ағаш пен плиталық материалдар, панельдер мен планкаларға арналған ара дискілері Мына түрлерге жарамды: 3 601 M30 402/ p. 432
- Ара дискісі 254x 30 мм, 40 тісті 2 608 640 443 Ара дискісі 254x 30 мм, 60 тісті 2 608 640 444 Мына түрлерге жарамды: 3 601 M30 442/ B2 Ара дискісі 254 x 25,4 мм, 40 тісті 2 608 640 901 Ара дискісі 254x 25,4 мм, 60 тісті 2 608 640 902 Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану p. 4
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету Bosch Power Tools 1 609 92A 5UD | (01.10.2020)326 | Română барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Үстелдік дискілі
Notice-Facile