Complete - док станциясы LEITZ - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Complete LEITZ PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз док станциясы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Complete - LEITZ және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Complete брендінің LEITZ.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Complete LEITZ
Пайдаланушы нұсқаулығы Үндеткіштің мүмкіндіктері
Негізгі ажыратқыш (ҚОСУ/ӨШІРУ)
USB зарядтау қосқышы
Қосымша дыбыс кірісі (AUX IN)
"Алдыңғы жол/артқа жылдам айналдыру" түймешігі
"Келесі жол/алға жылдам айналдыру" түймешігі
"Дыбыс деңгейі –" түймешігі
"Дыбыс деңгейі +" түймешігі
Екі жарық диодты шам (үндеткіш
USB қуат адаптері ЕСКЕРТУ! Маңызды қауіпсіздік ақпараты Келесі қауіпсіздік нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз. Барлық нұсқауларды орындаңыз. Бұл өрттің шығуын, жарылыстардың, электр тогының соғуын немесе бұйымның зақымдалуына және/немесе қатты немесе өлім қаупі бар жарақаттарға себеп болуы мүмкін басқа қауіптерді болдырмайды. Өнімді пайдаланатын барлық адамдар осы ескертулерді және нұсқауларды оқығанына және орындағанына көз жеткізіңіз.
Өнімді осы нұсқаулықта сипатталған түрде ғана пайдаланыңыз.
Бекітілген литий-полимер батареясы жанғыш. Ашық алаудан алыс ұстаңыз!
Өнімді және қосымша адаптерді ылғалға тигізбеңіз. Ылғал қолыңызбен ұстамаңыз. Электр тогының соғу қаупі бар! Егер құрылғыға ылғал зат кірген болса, құрылғыны қайта пайдаланудан бұрын құрамдас бөліктерінің қауіпсіздігін білікті маманға тексертіңіз. m208
Өнімді найзағай кезінде немесе пайдаланылмаған кезде ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрғанда ішкі батарея ыстық болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Шамадан көп қызып кетуін болдырмау үшін құрылғының жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз. Өнімнің үстіне заттар қоймаңыз. Жылу көздерінің, жылыту аспаптарының жанында немесе тікелей күн сәулесінде пайдаланбаңыз, тек 0 °C және 40 °C қоршаған орта температураларында пайдаланыңыз.
Пайдаланудан бұрын өнімді және кабельдерді зақымдарға қарсы тексеріңіз. Егер зақымды, күшті иісті немесе құрамдастардың шамадан көп қызып кеткенін байқасаңыз, дереу барлық жалғамаларды ажыратып, өнімді пайдалануды тоқтатыңыз.
Өнімді балалардың қолы жетпейтін жерде пайдаланыңыз және
Өнімді ашуға, өзгертуге немесе жөндеуге әрекет етпеңіз. Өнімді түсіріп алмаңыз, теспеңіз, сындырмаңыз немесе қатты қысым әсерін болдырмаңыз. Өнімді тез жанғыш материалдардың жанында немесе жарылу қаупі бар ортада пайдаланбаңыз.
Өнімді тазалаудан бұрын барлық қосылымдарды ажыратыңыз. Тазалау үшін су, тұрмыстық тазартқыштар, бензин, спирт немесе еріткіш сияқты сұйық заттар пайдаланбаңыз. Дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Маңызды қауіпсіздік ақпараты (жалғасы бар) m209
Ішкі батареяны зарядтау Алғашқы пайдаланудан бұрын батареяны толық зарядтау керек (3 – 4 сағат).
1. Негізгі ажыратқышты ON (Қосу)
2. USB қуат адаптерінің ашасын
үндеткіштің артқы жағындағы USB зарядтау қосқышына жалғаңыз.
3. Берілген USB қуат адаптерін жақын
жердегі розеткаға қосыңыз. Батареяны зарядтау кезінде екі жарық диодты шам көк түсті болып жанады. Жарық диодты шамдар зарядтау аяқталған кезде сөнеді. Үндеткіш өшіріледі. Жарық диодты шамдардың мағынасы: Түсі Күйі Мағынасы
Тұрақты жанып тұр Bluetooth қосылымы орнатылды Жыпылықтайды Bluetooth қосылымы жоғалды немесе өнім зарядталуда
Тұрақты жанып тұр Bluetooth қосылым орнатылды, бірақ батарея разрядталған Жыпылықтайды Bluetooth қосылымы жоғалды және батарея разрядталған Көк/қызыл Жыпылықтайды Жұптастыру режимі белсенді Көк/қызыл Өшірулі Үндеткіш өшірулі210
Үндеткішті құрылғымен жұптастыру Егер үндеткішті құрылғымен жұптастырған болсаңыз, екі құрылғыны қосу жеткілікті болады. Мұны орындау үшін қосу/өшіру тетігін қосылу дыбысы естілгенге дейін басып тұрыңыз. Қосылым автоматты түрде қайта орнатылуы тиіс (үн естіледі). Әйтпегенде, келесі әрекеттерді орындаңыз.
1. Негізгі ажыратқышты ON (Қосу)
2. Қосу/өшіру тетігін екі жарық
диодты шам қызыл және көк түсті болып жыпылықтағанға дейін басып тұрыңыз (шамамен 10
3. Басқа құрылғыдағы іздеу режимін
іске қосыңыз. Егер қажет болса, мәлімет алу үшін басқа құрылғының нұсқаулығын
4. Үндеткіш табылған құрылғы болып
5. Егер сұралса, код немесе құпия сөз
ретінде "0000" енгізіңі. Қосылым орнатылған соң, екі жарық диодты шам тұрақты көк түсті болып жанып тұрады. Енді дыбысты үндеткіш арқылы шығаруға және басқаруға болады.
6. Үндеткішті өшіру үшін қосу/өшіру
тетігін қуаттың өшірілу дыбысы естілгенге дейін басып тұрыңыз. Ескерім: Bluetooth арқылы жұптастырылған құрылғы қолдау көрсетілген протоколдарға сәйкес жұмыс істейді. Мысалы, смартфондар, әдетте HFP (Hands-free prole) және A2DP (Advanced Audio Distribution Prole) протоколын пайдаланады. Сондықтан, бұл жағдайда үндеткіш қоңырауларды да және дыбыстың шығуын да басқарады. A2DP протоколы ғана бар MP3 ойнатқыш тек дыбыс шығарады және қарапайым ұялы телефонмен тек қоңыраулар қабылданады.211
Дыбыстың шығуын басқару Үндеткішті дыбыс ойнатқышпен жұптастырған кезде, дыбыстың шығуын басқару үшін үндеткішті пайдалануға болады. Тапсырма Әрекет Ойнатуды бастау/тоқтату „Телефон“ түймешігін басыңыз . Келесі жолға өткізу „Келесі жол/алға жылдам айналдыру“ түймешігін
Алға жылдам айналдыру „Келесі жол/алға жылдам айналдыру“ түймешігін басып тұрыңыз . Алдыңғы жолға өткізу „Алдыңғы жол/артқа жылдам айналдыру“ түймешігін басыңыз . Алға жылдам айналдыру „Алдыңғы жол/артқа жылдам айналдыру“ түймешігін басып тұрыңыз . Дыбыс деңгейін реттеу және түймешіктерін басыңыз.212
Дыбысты сымды қосылым бойынша шығару Егер дыбыс көзінде Bluetooth болмаса немесе ешқандай Bluetooth қосылымы болмаса да, үндеткішті пайдалануға болады. Бұл үшін 3,5-мм шағын ұяшығы бар дыбыс кабелін (жинаққа кірмейді) пайдаланыңыз.
1. Кабельдің бір ұшын құлаққапқа немесе дыбыс көзінің желілік шығысына
2. Кабельдің екінші ұшын үндеткіштің артқы жағындағы қосымша дыбыс кірісіне
3. Ойнатуды және дыбыс деңгейін басқару үшін дыбыс көзін әдеттегідей
Егер Bluetooth және кабель қосылымы да болса, Bluetooth қосылымының басымдылығы болады.
Үндеткіш дыбыс көзін кабель қосылымы арқылы басқара алмайды. Ол тек кабель арқылы алынған дыбыс сигналын шығарады.213
Ұялы телефон қоңырауларын басқару Жұптастырылған ұялы телефонға кіріс қоңырауы келген кезде, үндеткіштен кіріс қоңырауының үні шығады. Ұялы телефоныңыздан кіріс қоңырауының параметрлеріне байланысты дыбыс шығуы мүмкін. Төмендегі кестеде үндеткішпен осы жағдайда не істеуге болатыны көрсетілген. Тапсырма Әрекет Кіріс қоңырауына жауап беру Ұялы телефондағы тиісті пернені басыңыз. Кіріс қоңырауына қабылдамау „Телефон“ түймешігін басып тұрыңыз . Қоңырауды аяқтау „Телефон“ түймешігін басыңыз . Үндеткіш пен ұялы телефон арасында ауысу Қоңырау барысында „Телефон“ түймешігін басып
Динамикте дыбыс ойнатылу барысында қоңырау келсе, ойнату дыбысы басылады. Дыбыс ойнату тоқтайды, тек қоңырау дыбысы шығады. Қоңырауды аяқтаған соң, ойнату жалғасады және ойнату дыбысы қайтадан шығады.214
Ақаулықтарды жою Ескерім: Үндеткіш соңғы жұптастырылған құрылғымен қосылымды қалпына келтіруге әрекеттенуде. Бұрынырақ жұптастырылған басқа құрылғыны жалғау үшін құрылғыны қайта жұптастырыңыз (210-беттегі "Үндеткішті құрылғымен жұптастыру" бөлімін қараңыз). Мәселе Шешімі Bluetooth қосылымы
Ауқымынан асып кеткен болуы мүмкін. Екі құрылғыны жақынырақ орналастырыңыз. Үндеткішті өшіріп, қайтадан қосыңыз. Қосылым қайта орнатылуы тиіс. Аймақта қосылымға кедергі келтіруі мүмкін басқа Bluetooth құрылғылары, сымсыз құрылғылар немесе басқа құрылғылар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Құрылғыларды тиісінше өшіріңіз. Дыбыс анық емес немесе ешқандай дыбыс жоқ. Үндеткішті өшіріп, қайтадан қосыңыз. Құрылғының эквалайзерін өшіріңіз. Үндеткіштің дыбыс деңгейі тым қатты емес екеніне көз жеткізіңіз. Үндеткіштен ешқандай дыбыс шықпайды. Bluetooth құрылғыңыз A2DP қолдайтынына көз жеткізіңіз. Екі құрылғының жұптастырылғанына көз жеткізіңіз. Үндеткішті өшіріп, қайтадан қосыңыз. Қосылым қайта орнатылуы тиіс. Дыбыс деңгейі реттелмейді. Басқа құрылғыдағы дыбыс деңгейін өзгертіңіз. Егер үндеткіш дыбыс көзіне кабель қосылымы арқылы жалғанса, және түймешіктері ажыратылады. Ішкі батареяны зарядтаңыз. Ешқандай жарық диодты шам жанбайды. Негізгі ажыратқыш ON (Қосу) күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Ішкі батареяны зарядтаңыз.215
Мәселе Шешімі Үндеткіште қоңырау көрсетілмейді. Ұялы телефоныңызда HFP профилімен жабдықталғанына көз жеткізіңіз. Екі құрылғының жұптастырылғанына көз жеткізіңіз. Үндеткішті өшіріп, қайтадан қосыңыз. Қосылым қайта орнатылуы тиіс. Қоңырауды аяқтаған кезде дыбысты ойнату жалғаспайды. Ойнатуды жалғастыру үшін „Телефон“ түймешігін
Ойнатуды үндеткішпен басқару мүмкін емес. Ұялы телефоныңыз AVRCP профилімен жабдықталғанына көз жеткізіңіз.216
Техникалық деректері Шығыс қуаты 4 Вт (2 Вт/арна) Түрлендіргіштер 35-мм үндеткіш шассиі + енжар сәуле таратушы Батарея қуаты 1150 мАс Зарядтау уақыты 3–4 сағат Қолдану уақыты, батарея толық зарядталған шамамен 4 сағат Ауқымы 2 класты (10 м-ге дейін) Үйлесімділік Bluetooth 2.0 немесе жоғары A2DP, AVRCP, HFP, HSP профилімен Рұқсат етілетін қоршаған орта температурасы (жұмыс) 0–40 °C Рұқсат етілетін қоршаған орта температурасы (сақтау) 0–40 °C Өлшемдері (Б x Е x Қ) 127 мм × 61 мм × 64 мм Салмағы 276 г217
Электр магниттік үйлесімділік талаптары Бұл құрылғы Еуропа Қауымдастығының EMC 2004/108/EC Директивасында көрсетілген шектік мәндерге сәйкестігі сынағынан өткен. Бұл шектік мәндер тұрғын үй аумақтарында зиянды кедергіден тиісті қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Егер бұл жабдық осы нұсқаулыққа сәйкес орнатылмаса және пайдаланылмаса, ол радио немесе теледидар қабылдауына зиянды кедергі келтіруі немесе басқа электрондық құрылғыларға әсер етуі мүмкін. Осындай кедергіні болдырмау мақсатында құрамдастарды жалғау үшін тек қапталған кабельді пайдаланыңыз. Орындамау осы жабдықты пайдалану рұқсатын жоққа шығарады.
Сызылған дөңгелек себеті өнімнің тұрмыстық қоқыспен (қалдық ластағыш заттар) бірге жоймау талабын білдіреді. Электр және электрондық құрылғыларды және бос батареяларды арнаулы белгіленген орындарда жою керек. Жою үшін ақы алынбайды. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті қала әкімшілігіне немесе аудан кеңесіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.218 KK219
Notice-Facile