63581064 - док станциясы LEITZ - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз 63581064 LEITZ PDF форматында.
Жиі қойылатын сұрақтар - 63581064 LEITZ
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз док станциясы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз 63581064 - LEITZ және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. 63581064 брендінің LEITZ.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 63581064 LEITZ
Пайдаланушы нұсқаулығы Үндеткіштің мүмкіндіктері
Ұялы телефон арқылы дыбыстық келіссөз байланыстарын жүргізуге арналған миркофон
"Алдыңғы жол/Дыбыс деңгейі –" түймешігі (<)
"Ойнату/Аялдату/Телефон" түймешігі
"Келесі жол/Дыбыс деңгейі +" түймешігі (>)
microSD картасының ұяшығы
Негізгі ауыстырып қосқыш (MP3/OFF/Bluetooth)
Күй индикаторы (жарық диодты сақина)
Зарядтауға арналған және берілген кабель арқылы дыбыс кірісі (AUX IN) ретіндегі шағын USB қосқыш
Маңызды қауіпсіздік ақпараты Келесі қауіпсіздік нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз. Барлық нұсқауларды орындаңыз. Бұл өрттің шығуын, жарылыстардың, электр тогының соғуын немесе бұйымның зақымдалуына және/ немесе қатты немесе өлім қаупі бар жарақаттарға себеп болуы мүмкін басқа қауіптерді болдырмайды. Өнімді пайдаланатын барлық адамдар осы ескертулерді және нұсқауларды оқығанына және орындағанына көз жеткізіңіз.
Өнімді осы нұсқаулықта сипатталған түрде ғана пайдаланыңыз.
Біріктірілген литий-полимер батареясы жанғыш болып келеді. Ашық жалыннан қашық сақтаңыз!
Өнімді ылғалдан алыс ұстаңыз. Егер құрылғыға ылғал зат кірген болса, құрылғыны қайта пайдаланудан бұрын құрамдас бөліктерінің қауіпсіздігін білікті маманға тексертіңіз.
Өнімді балалардың қолы жетпейтін жерде пайдаланыңыз және сақтаңыз.
Өнімді ашуға, өзгертуге немесе жөндеуге әрекет етпеңіз. Өнімді түсіріп алмаңыз, теспеңіз, сындырмаңыз немесе қатты қысым әсерін болдырмаңыз. Өнімді тез жанғыш материалдардың жанында немесе жарылу қаупі бар ортада пайдаланбаңыз.
Өнімді тазалаудан бұрын барлық қосылымдарды ажыратыңыз. Тазалау үшін су, тұрмыстық тазартқыштар, m140
бензин, спирт немесе еріткіш сияқты сұйық заттар пайдаланбаңыз. Дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Динамикті құлағыңыздан қауіпсіз аралықта ұстаңыз. Болмаған жағдайда есту қабілетінен айырылу қаупі бар. Ішкі батареяны зарядтау Алғашқы пайдаланудан бұрын батареяны толық зарядтау керек (шамамен 2 сағат).
1. Өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз (күй индикаторы
2. miniUSB қосқышын компьютердің USB портына немесе
қосымша USB қуат адаптеріне жалғау үшін берілген кабельді пайдаланыңыз. Зарядтау барысында күй индикаторы қызыл түсте жанады. Зарядтау үдерісі аяқталған кезде сөнеді. Күй индикаторының мағынасы Түсі Күйі Мағынасы
Жыпылықтайды MP3 ойнатуға арналған microSD
Тұрақты жанып тұр microSD картасындағы ойнату тоқтатылған немесе AUX IN белсенді Көк Жыпылықтайды Bluetooth қосылымы орнатылды Көк/қызыл Жыпылықтайды Bluetooth жұптасу режимі белсенді
Жыпылықтайды Батарея разрядталған Тұрақты жанып тұр Батарея зарядталу үстінде Өшірулі Батарея толық зарядталған141
Үндеткішті құрылғымен жұптастыру Егер үндеткішті құрылғымен жұптастырған болсаңыз, екі құрылғыны қосу жеткілікті болады. Әйтпегенде, келесі әрекеттерді орындаңыз.
1. Негізгі ажыратқышты Bluetooth күйіне сырғытыңыз.
Үндеткіш әлдеқашан жұптастырылған құрылғыны іздеу кезінде, күй индикаторы 6 рет көк түсте жыпылықтайды. Егер ешқандай құрылғы табылмаса, күй индикаторы қызыл және көк түсті болып жыпылықтайтын болады.
2. Басқа құрылғыдағы іздеу режимін іске қосыңыз. (Егер қажет
болса, мәлімет алу үшін басқа құрылғының нұсқаулығын
3. Үндеткіш табылған құрылғы ("Leitz 6358") болып пайда болса,
4. Егер сұралса, код немесе құпия сөз ретінде "0000" енгізіңі.
Қосылым орнатылған соң, жарық диодты сақина тұрақты көк түсті болып жанады да. Енді дыбысты үндеткіш арқылы шығаруға және басқаруға болады. Ескерім: Bluetooth арқылы жұптастырылған құрылғы қолдау көрсетілген протоколдарға сәйкес жұмыс істейді. Мысалы, смартфондар, әдетте HFP (Hands-free prole) және A2DP (Advanced Audio Distribution Prole) протоколын пайдаланады. Сондықтан, бұл жағдайда үндеткіш қоңырауларды да және дыбыстың шығуын да басқарады. A2DP протоколы ғана бар MP3 ойнатқыш тек дыбыс шығарады және қарапайым ұялы телефонмен тек қоңыраулар қабылданады.142
Дыбыс файлдарын microSD картасынан ойнату Сіз бұл өнімді MP3 және microSD картасында сақталған WAV пішімдегі дыбыс файлдарын ойнату мақсатында пайдалануыңызға болады.
1. microSD картасын карта ұяшығындағы өз орнына дұрыс
орналасқанша енгізіңіз. Картаны енгізу кезінде оның контактілері жоғары қарай қаратылып тұрғанын тексеріңіз.
2. Негізгі ажыратқышты MP3 күйіне сырғытыңыз.
Дыбыстың шығуын басқару үшін үндеткіштегі түймешіктерді пайдаланыңыз. Дыбыстың шығуын басқару Дыбыстың Bluetooth немесе microSD картасы арқылы шығуын келесі тәсілмен басқаруға болады: Тапсырма Әрекет Ойнатуды бастау/
“Ойнату/Аялдату/Телефон” түймешігін
Келесі жолға өткізу Оң жақ көрсеткі түймешігін басыңыз (>). Алдыңғы жолға өткізу Сол жақ көрсеткі түймешігін басыңыз (<). Дыбыс деңгейін реттеу Тисті көрсеткі түймешігін басып, ұстап тұрыңыз (< or >). microSD картасы мен AUX IN арасында
“Ойнату/Аялдату/Телефон” түймешігін басып, екі секунд шамасында ұстап тұрыңыз.143
Дыбысты сымды қосылым бойынша шығару Егер дыбыс көзінде Bluetooth болмаса немесе ешқандай Bluetooth қосылымы болмаса да, үндеткішті пайдалануға болады. Осы мақсатта берілген кабельді қолданыңыз.
1. 3.5-мм шағын ұяшығы бар кабельді құлаққапқа немесе
дыбыс көзінің желілік шығысына жалғаңыз.
2. Кабельдің шағын USB ашасын үндеткіштегі шағын USB
3. Негізгі ажыратқышты MP3 күйіне сырғытыңыз.
4. Ойнатуды басқару үшін дыбыс көзін әдеттегідей
пайдаланыңыз. Дыбыс деңгейін реттеу үшін, көрсеткі түймешіктерін төменде сипатталғандай пайдаланыңыз. Ескерім: Үндеткіш дыбыс көзін кабель қосылымы арқылы басқара алмайды. Ол тек кабель арқылы алынған дыбыс сигналын шығарады. Ұялы телефон қоңырауларын басқару Жұптастырылған ұялы телефонға кіріс қоңырауы келген кезде, үндеткіштен кіріс қоңырауының үні шығады. Ұялы телефоныңыздан кіріс қоңырауының параметрлеріне байланысты дыбыс шығуы мүмкін. Төмендегі кестеде үндеткішпен осы жағдайда не істеуге болатыны көрсетілген. Тапсырма Әрекет Кіріс қоңырауына
“Ойнату/Аялдату/Телефон” түймешігін
“Ойнату/Аялдату/Телефон” түймешігін басып, екі секунд шамасында ұстап тұрыңыз. Қоңырауды аяқтау “Ойнату/Аялдату/Телефон” түймешігін
Жылдам тізбектегі “Ойнату/Аялдату/Телефон” түймешігін басыңыз. Динамикте дыбыс ойнатылу барысында қоңырау келсе, ойнату дыбысы басылады. Дыбыс ойнату тоқтайды, тек қоңырау дыбысы шығады. Қоңырауды аяқтаған соң, ойнату жалғасады және ойнату дыбысы қайтадан шығады.144
Ақаулықтарды жою Ескерім: Үндеткіш соңғы жұптастырылған құрылғымен қосылымды қалпына келтіруге әрекеттенуде. Бұрынырақ жұптастырылған басқа құрылғыны жалғау үшін құрылғыны қайта жұптастырыңыз (141-беттегі «Үндеткішті құрылғымен жұптастыру» бөлімін қараңыз). Мәселе Шешімі Bluetooth
Ауқымынан асып кеткен болуы мүмкін. Екі құрылғыны жақынырақ орналастырыңыз. Үндеткішті өшіріп, қайтадан қосыңыз. Қосылым қайта орнатылуы тиіс. Аймақта қосылымға кедергі келтіруі мүмкін басқа Bluetooth құрылғылары, сымсыз құрылғылар немесе басқа құрылғылар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Құрылғыларды тиісінше өшіріңіз. Дыбыс анық емес немесе ешқандай
Үндеткішті өшіріп, қайтадан қосыңыз. Құрылғының эквалайзерін өшіріңіз. Үндеткіштің дыбыс деңгейі тым қатты емес екеніне көз жеткізіңіз. Үндеткіштен ешқандай дыбыс
Bluetooth құрылғыңыз A2DP қолдайтынына көз жеткізіңіз. Екі құрылғының жұптастырылғанына көз жеткізіңіз. Үндеткішті өшіріп, қайтадан қосыңыз. Қосылым қайта орнатылуы тиіс. Дыбыс деңгейі реттелмейді. Басқа құрылғыдағы дыбыс деңгейін өзгертіңіз. Ішкі батареяны зарядтаңыз. Ешқандай жарық
Ауыстырып қосқыштың MP3 немесе Bluetooth орнында екендігіне көз жеткізіңіз. Ішкі батареяны зарядтаңыз.
көрсетілмейді. Ұялы телефоныңызда HFP профилімен жабдықталғанына көз жеткізіңіз. Екі құрылғының жұптастырылғанына көз жеткізіңіз. Үндеткішті өшіріп, қайтадан қосыңыз. Қосылым қайта орнатылуы тиіс.
аяқтаған кезде дыбысты ойнату жалғаспайды. Ойнатуды жалғастыру үшін “Ойнату/Аялдату/ Телефон” түймешігін басыңыз.145
үндеткішпен басқару мүмкін
Ұялы телефоныңыз AVRCP профилімен жабдықталғанына көз жеткізіңіз. Техникалық деректері Орнатылған шығыс қуаты 2.5 Вт Максималды шығыс қуаты 3 Вт Дыбыстық қысым деңгейі (1 кГц) 86 дВ, ±3 дВ Жиілік ауқымы 100 Гц – 20 кГц Bluetooth үйлесімділігі Bluetooth v4.1 A2DP v1.2, AVRCP v1.0, HFP v1.6, HSP v1.2 Bluetooth пайдалану ауқымы макс. 10 м (2 класты) microSD картасының максималды сыйымдылығы 32 ГБ Қолдау көрсетілген дыбыс файлының пішімдері MP3, WAV Батарея қуаты 400 мАс Қолдану уақыты, батарея толық зарядталған шамамен 6 сағат Зарядтау уақыты шамамен 2 сағат Рұқсат етілетін қоршаған орта температурасы (жұмыс) 0–40 °C Рұқсат етілетін қоршаған орта температурасы (сақтау) 0–40 °C Өлшемдері (Б × Ø) 54 мм × 60 мм Салмағы 235 гр146
Электр магниттік үйлесімділік талаптары Бұл құрылғы Еуропа Қауымдастығының EMC 2004/108/ EC Директивасында көрсетілген шектік мәндерге сәйкестігі сынағынан өткен. Бұл шектік мәндер тұрғын үй аумақтарында зиянды кедергіден тиісті қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Егер бұл жабдық осы нұсқаулыққа сәйкес орнатылмаса және пайдаланылмаса, ол радио немесе теледидар қабылдауына зиянды кедергі келтіруі немесе басқа электрондық құрылғыларға әсер етуі мүмкін. Осындай кедергіні болдырмау мақсатында құрамдастарды жалғау үшін тек қапталған кабельді пайдаланыңыз. Орындамау осы жабдықты пайдалану рұқсатын жоққа шығарады.
Сызылған дөңгелек себеті өнімнің тұрмыстық қоқыспен (қалдық ластағыш заттар) бірге жоймау талабын білдіреді. Электр және электрондық құрылғыларды және бос батареяларды арнаулы белгіленген орындарда жою керек. Жою үшін ақы алынбайды. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті қала әкімшілігіне немесе аудан кеңесіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.147
Notice-Facile